Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом дайын.docx
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

1.1.3 Бір тіректі қосиінді баспақтар

Бір тіректі қосиінді баспақтар суықтай қалыптаудың əртүрлі операцияларына арналған ашық типті баспақтарға жатады, оларды МЕСТ 9408-77 бойынша қозғалмалы үстелмен, қозғалмайтын үстелмен, негізгі өлшемдер жəне параметрлермен жасайды. Көптеген баспақтардың тұғыры – бір тірекпен, шойыннан құйылған. Сонғы кездері болат қаңылтырлардын пісірілген тұғыры бар баспақ моделдері пайда болды (1.2 сурет). Қосиінді білік, екі сырғанау тіректерінде баспақ фронтына перпендикуляр орналасқан. Баспақты, сырғақтың жүрісі реттелетіндей етіп, қосиіндегі эксцентрикті төлкені бұру арқылы орындайды. МЕСТ 9408-77 бойынша баспақтар құрылымы (жылжымалы үстелі бар баспақтардан басқалары) дайындаманы автоматты түрде беру механизмін жəне қысу жастықтарын орнату мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

1.1.4 Ашық типті екі тіректі қосиінді баспақтар мыналардан тұрады

Ашық типті екі тіректі қосиінді баспақтар мыналардан тұрады а) енкейтілетін жəне енкейтілмейтін бір қосиінді баспақтар; б) енкейтілетін жəне енкейтілмейтін екі қосиінді баспақтар.

Ашық типті екі тіректі бір қосиінді баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері (1.3 сурет) МЕСТ 9408-77 бойынша ережеленген, номиналды күші 25 кН - нан 2,5 МН дейін. Бұл типтегі баспақтардың тұғырлары — С- тəрізді, екі тіректі, шойыннан үстелмен бірге құйылған. Баспақтың қатаңдығын арттыру үшін тұғырды ашасы (зеву) бойынша болттармен тартады. Баспақ тұғырын енкейтуді көтеру механизмі арқылы қолмен жүргізеді, арнайы болттармен тартады. Əдетте қатаң бекітуге тұғырдың үш жағдайы сəйкескеледі: тік 15° бұрышпен жəне 30...35° бұрышпен енкейтілген. Бірқалыпты жүрісті баспақтарда қосиінді жетекші білікті бірқосиінді білік түрінде, жүрісі реттелетін баспақтарда, екі сырғанау тіректерінде мандайалды бойымен орналасқан эксцентрикті білік түрінде орындайды. Ашық баспақтардың құрылымын салыстыра отырып, олардың артықшылығы мен кемшілігін атап айтуға болады. Мысалға, біртіректі баспақтарда қосиінді біліктердің көлденең орналасуы беріліс механизмінің жетегі үшін қуат таңдауды қиындатады, ал екі тіректілерді бұл кемшілік жойылған. Бір жағынан, үстелді ауыстыру арқылы жабық биіктікті өзгерту, бір тіректі баспақтарда олардың технологиялық мүмкіндігін арттырады жəне ірігабаритті қалыптаудың жекелеген бөліктерін өңдеуде қолдануға мүмкіндік береді. Енкейтілетін тұғыр баспақтың құрылымын біршама қиындатқанымен, ауырлық күшінің əсерінен үстелдің еңіс жазықтығымен ыдысқа түсетін дайын қалыптар мен қалдықтарды алуды жеңілдетеді. Өндірісте бірқосиінді баспақтармен бірге ашық типті екі қосиінді баспақтарды қолданады (МЕСТ 9222—74). Олардың негізгі ерекшелігі үлкейтілген өлшемді столы мен сырғақтың болуы, яғни үлкейтілген қалыптау кеңістігі. Жабық типті қосиінді екі тіректі баспақтар бір, екі жəне төртқосиінді баспақтарды қоса кеңейтілген топтар болып табылады.

1.2 Сурет-Болат қаңылтырдан пісірілген

1.3 Сурет-Ашық типті бірқосиінді тұғыры бар баспақ екі тіректі баспақ

Бұл топтағы баспақтардың басты ерекшелігі жабық тұғырлы қаңқалы (заманауи баспақтар) немесе аркалы (ескірген баспақтар) типті қалыптау кеңістігіне шектеулі мүмкіндігі бар. Жабық типті тұғырлардың құрылымының жоғары қатаңдығы жəне симметриялы серпімді деформациясы дəлірек қалыптауды ғана емес сонымен бірге құралдың тұрақтылығын жоғарылатуға ықпал етеді. Ашық типті қосиінді екі тіректі баспақтарды екі түрлі модификациямен жасайды:

1) жоғары жүріс саны жəне жүрістің орташа шамасымен — тез жүрісті баспақтар;

2) орташа жүріс саны жəне көбейтілген жүріспен — баяу жүрісті баспақтар.

Барлық типөлшемді тұғырлардың құрылымы қысу жастықтарын қондыру мүмкіндігін қарастырады. Бірқосиінді жабық баспақтардың негізгі параметрлері жəне өлшемдері МЕСТ 10026—75 номинальды күші 1,6- 25 МН ережеленген. Екі қосиінді баспақтар, қаңылтырдан ірі тетіктерді жасау кезінде, қалыптау жұмыстарына арналған. Олар бір қосиінді баспақтардан, қалаптау аралығының өлшемімен ерекшеленеді. Номиналды күші 1 ден 31,5 МН дейінгі, екі қосиінді жабық баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері МЕСТ 7766 – 73 ережеленген.