Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом дайын.docx
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

5.2 Нұсқаулықтар

Әр кәсіпорында тұрақты немесе уақытша жұмыскерлерге жарақат алу және кәсіби аурулар пайда болу қаупі бар болса, нұсқау беру жүйесін қалыптастыру керек.

Жұмысқа қайта кірген жұмысшылар жалпыға бірдей нұсқаулықпен, өнеркәсіптік санитария және техника қауіпсіздігі ережесінен өткеннен соң ғана жұмысқа жіберіледі.

Жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі ережесі нұсқаулығының бастапқы өтуі жұмыс жағдайының өзгеруіне және басқа жұмысқа ауысуына қажет.

Нұсқаулықпен қайталап танысу 6 айдан жиі болмауы тиіс, жоспарланбаған түрі еңбек қорғау ережесінің өзгеруімен, технологиялық үрдістер, құрал-жабдықтарды ауыстыру, саймандарға бейімделу, сонымен қатар жұмысшылардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жүргізіледі.

Қайта жүргізілген нұсқаулықтар ҚР СНжЕ 1.03-05-2001 сәйкес техника қауіпсіздігі инженерінің қолдауымен және өндіріс сипатымен нақты іс-әрекет нормативтері жағдайына қарай ереже бойынша іске асырылады.

Жұмысшыларға объектінің жалпы жағдайымен, ішкі тәртіп ережесімен, жарақат алудың басты себептерімен, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің әдістері жүргізіледі. Өнеркәсіп аумағында және бөлмелердегі жылжу ережесімен, жүктерді тиеп-тасудағы қауіпсіздік шаралары, қол саймандары жұмыстарында, станок пен механизммен жұмыс істегенде, электр қауіпсіздігі шарасында, тұрмыстық құрылу талаптары, арнайы аяқ киім мен арнайы киімдерді пайдалану ережелері, негізгі өртке қарсы іс-әрекеттер, еңбек қорғау инспекторларының рөлі және техника қауіпсіздігі бұзылуына жауап берулері жайлы айту өте маңызды.

5.3 Кәсіпорын жарақаттарын тексеру

Ресейде ең бірінші рет 1903 жылы жазатайым жағдайлар, оның ішінде жарақаттану заңға кіргізілді. 1913 жылы XII Пирогов съезінде арнайы «жарақаттану» ауруханаларын, ал медицина университеттерінде жарақаттану кафедрасын ашуға ұсыныс жасалды. 1912 жылы Мәскеуде емдеу-протез институты (1940 жылдан бастап орталық жарақаттану және ортопедия институты) құрылды. 1927 жылы Наркомздрав РСФСР емдеу мекемелері өнеркәсіп жарақаттары және оны емдеу шараларымен міндеттелді. 1952 жылы ДС КСРО әріптестері жарақаттанудың негізгі үш түрін ажыратты: кәсіпорындық, кәсіпорындық емес және қасақана. 1970 жылы КСРО Әлемдік статистикалық жіктелулерге ауруларды, жарақаттарды және өлім себептерін, XVII класқа жарақаттарды енгізді. Жарақаттың бастапқы өлім себептерін жіктеу қосымша Е кодты айдарында қолданылады.

Жарақат (Trauma жарақат, зақымдану) – қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсер етуінен туындаған тіндердің анатомиялық бұзылуы немесе мүшелердің функцияларының бұзылуы.

Зақымдануына қарай жарақаттарды механикалық, химиялық, термикалық, акустикалық, психиатриялық, т.б. бөлуге болады. Дене зақымдануының ауырлылықтары өмірге қауіптілігімен жіктеледі.

Өмірге қауіпті бөліміне 1 – бас сүйектің, омыртқаның, іштің, кеуденің зақымдануы; 2 – ашық және жабық сүйектердің жиынтығы және бас сүйектің зақымдануы; 3 – бас мишықтың ауыр соққысы; 4 – бас сүйек ішінің қан құйылуынан өмірге қауіпті жағдайы; 5 – мойын омыртқаның зақымдануы жатады.

Дене жарақатының ауыр қауіпті зақымдануының шегі: жанарынан айырылу, кереңдік, бір мүшенің функциясының бұзылуы, психикалық аурулар, денсаулықтың 3 аптадан асқан (21 күннен астам) ұзақтығымен немесе еңбекке қабілеттіліктің 10–33% құрайды.

Жеңіл дене зақымдануы денсаулықтың аз уақыттық (ұзақтығы 6 күннен астам, бірақ та 3 аптадан аспауы керек) немесе еңбекке қабілеттіліктің 10% құрайды. Өнеркәсіппен байланысты қайғылы жағдайларды тіркеу және тізімдеу, хаттау тәртібі «Қайғылы жағдайларды тіркеу және тексеру ережелері» ҚР үкіметінің 3.03.2001ж. №326 бұйрығымен сәйкес анықталады.

Әр қайғылы жағдайда зардап шеккен немесе көрген адам көп кешіктірмей жұмыс ұсынушыға немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабарлау керек.

Қайғылы жағдайларды тексеруге кәсіби дайындықтан өткен жеке адамдар, оқу орындарындағы жалпылама мамандандырылған бағдарламадан өткен жеке адамдар, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби жұмыс ұсынушының жұмыстарын орындауымен және кәсіби тәжірибеден өткендер, жұмыс орындауға міндеттелген әскери қызметтегілер, сот үкімі бойынша еңбекке тартылғандар, әскери жасақтағы апатты-құтқарушылар бөлімінің жеке құрамы, әскери жасақтағы күзет, стихиялық апат салдарынан адам өмірі мен мүлкін құтқарудағы еркін топ мүшелері қатыса алады.

Жұмысшының денсаулығының зақымдануы оның еңбек іс-әрекет байланысы уақытша бірер күнге және одан да көп немесе үнемі еңбекке жарамсыздығы өндірістегі қайғылы жағдай ретінде қаралады.

Жұмыс беруші зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға және оны денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізуге, сонымен қатар апат болған жерді тексеру басталғанға дейін сол қалпында сақтауға міндетті. Жұмыс ұсынушы қайғылы жағдай немесе жұмысшының денсаулығы зақымдануы жайлы: 1) аймақтық мемлекеттік еңбек органының өкілетті бөлімдеріне, кәсіпорын объектісіндегі қауіпті жағдайдың орын алғанын жергілікті апатты жағдайлар органдарына, 2) кәсіпорын жұмысшылары өкілдеріне (профсоюз), 3) сақтандыру ұйымдарымен келісімшартына тұрған болса, 4) жергілікті Мемсанэпидем қызметі органын кәсіби аурулар немесе улану болу қаупімен тез арада хабарлау керек.

Өндіріске қатысты қайғылы жағдайларды тексерушінің тіркеу және хаттау жасау тәртібі ҚР 3.03.2001 ж. №326 үкіметі қаулысының талабына сәйкес жасалынады.

Ауыр және өлу шегі бар қайғылы жағдайларда топтың, екі және одан да көп жұмысшылардың, топтық өткір кәсіби аурулар болғанда жұмыс ұсынушы апат болған аймақ бойынша заң орындарына, өнеркәсіптік және өкілетті бақылау органдарына тез арада хабарлайды.

Қайғылы жағдайды тексеруді комиссия мүшелері 24 сағат ішіндегі кәсіпорын басшыларының құрамға кіру уақытынан бастап: төраға-кәсіпорын басшылары немесе орынбасарлары, мүшелері, кәсіпорын басшысы қызметі, жұмысшылардың өкілетті органдарының уәкілдері немесе зардап шегушінің сенімді адамдарымен іске асырылады.

Жарақаттану статистикалық, топтық, монографиялық, топографиялық және экономикалық әдістермен талданады.