Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом дайын.docx
Скачиваний:
205
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

4. 2 С. М. Киров атындағы машина жасау зауытының тарихы

С. М. Киров атындағы машина жасау зауытының тарихы 1932 жылы Украина мемлекетінің Запорож облысының Үлкен Токмак қаласынан бастау алады. Ауылшаруашылық материалдарының базасында ауыл шаруашылығына қажетті дизельдi моторлардың жасалуы бойынша шағын зауыт ұйымдастырылды.

1934 жылдан бастап зауыт ауылшаруашылық техникасын дайындайтын кең профильді кәсіпорынға айналды, 1934 жылы желтоқсан айында оған С. М. Киров атауы берілді.

Ұлы Отан соғысы басталысымен 1941 жылы зауыт әскери өнiм дайындау үшін жедел түрде қайта бағдарланды, атап айтқанда миномет, снаряд және атқыш қару.

Үлкен Токмак қаласына соғыс қимылдары жақындауына байланысты зауыт Махачкала(Дағыстан) қаласына эвакуацияланды, Каспий теңізінің жағасындағы Теңіз-Әскери флотына қажетті теңіз қару-жарақтарын дайындау үшін тағы да жедел түрде қайта бағдарланды.1942 жылы желтоқсан айында Махачкала қаласынан Алматы қаласына эвакуацияланды.

Сонымен қатар зауыт теңiз флотының соттары үшiн механизмдер мен «гидравликаның» бұйымдар түйiндері және «Жану атоматикасының» түйіндерін шығарды.

Соңғы кезде зауыт «Темiр-жол» темiр жолы үшiн өнiмдi ойдағыдай игеріп жатыр, сондай-ақ мұнай өндiру салалары үшiн де.

Қазіргі уақытта зауыт Қазақстан Республикасының өнеркәсiбi үшiн «импорт алмастыратын өнiмдер» шығара және игере бастады.

4. 3 Кәсіпорынның негізгі қорлары

Өндіріс орынында соңғы жылдары көптеген жаңғыртулар жүргізілуде, әрине бұл өзгерістер өнімділікке және өнім сапасына оң әсерін тигізді. Сонымен қатар барлық өнімдер сапасы мемлекеттік стандарттарға сай жасалған және осы өзгертулер материал мен шикізаттар шығынын азайтуға да өз септігін тигізді. Қазіргі кезде қолданылатын жабдықтар: МР-71, ЕМ288, DS-3, 8A344, 1К62, 1К20Ф3С1, 3М151Н280, 2А125, 5С27П, 5Б525, 5350А, 3Б151, 3А228, 5725М.

2000 – шы жылдан бастап зауытта төмендегідей өнімдер өндірген:

  • гидравликалық жүйелердің агрегаты;

  • гидрожабдықтарға арналған гидроүлестірулер;

  • гидроцилиндрлер;

  • пневмосорғылар;

  • гидравликалық жүйелер және сорғылар;

  • автокөтергіш техникаға арналған гидроцилиндрлер;

  • мұнай-газ кешеніне арналған қосалқы бөлшектер

1-кесте

Құрылғы атауы

Шығарушы ел

Пайдалану мерзімі

Бағасы, тг.

МР-71

Ресей

15 жыл

1600000

DS-3

Ресей

5 жыл

20000

1К62

Словакия

17 жыл

6000000

2А125

Ресей

15 жыл

50000

5С27П

Ресей

16 жыл

4500000

5Б525

Ресей

17 жыл

4700000

5350А

Ресей

17 жыл

5500000

3Б151

Ресей

16 жыл

6000000

4. 4 Негізгі қорлардың амортизациясы бойынша есебі

Амортизация - негізгі қорлар құнының бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу. Содан, амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларын ақшалай көрсету. Аммортизациялық қор келесі формуламен есептеледі.

Амортизация үрдісі – бұл негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыруы және осы құнды пайдаланылған негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін қолдану деп түсіндіруге болады. Өнім құрамына ауыстырылған негізгі қорлар құны өндіріс сферасынан өтіп, айналым сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен кейін негізгі қордың ауыстырылған құнына сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға түседі. Амортизациялық қор тозған негізгі қорлардың орнына жаңа негізгі қорларды сатып алу үшін пайдаланылады.

Амортизация шығындарын мына формуламен есептейміз:

Аа =(Кб ∙ На ∙ ti ) / (Fж ∙ kз ∙ kв ∙100)=(38 ∙ 0,15 ∙ 4060)/(4060 ∙ 0,56 ∙ 1,2 ∙100)= 84,8

мұнда Fж – жабдықтар жұмысының тиімді қоры, сағат;

Кб – жабдықтардың баланстық құны, теңге;

На– амортизация нормасы,На= 15%;

kз– жабдықтардың жүктелу коэффициенті;

kв– норманы орындау коэффициенті.

Есептеу нәтижелерін 2-кестеде келтіреміз.

Ar=Б·Бп/100

Кесте 2

Амортизациялық аударымдарды есептеу

Жабдық

ti, сағ

Кб, млн тг

На

Fж, сағ

kз

kв

Аа

1

2

3

4

5

6

7

8

Базалық процесс

МР-71

4060

38

0,15

4060

0,56

1,2

84,8

ЕМ288

8120

10

0,15

4060

0,68

1,2

36,8

DS-3

7780

12

0,15

3890

0,69

1,2

52,2

8A344

12180

16

0,15

4060

0,49

1,2

122,4

1К62

8120

10

0,15

4060

0,48

1,2

52,1

1К20Ф3С1

7780

11

0,15

3890

0,49

1,2

67,3

3М151Н280

20300

16

0,15

4060

0,76

1,2

131,6

2А125

4060

10

0,15

4060

0,84

1,2

14,9

5С27П

12180

25

0,15

4060

0,61

1,2

153,7

5Б525

12180

25

0,15

4060

0,62

1,2

151,2

5350А

8120

11

0,15

4060

0,47

1,2

58,5

3Б151

12180

12

0,15

4060

0,33

1,2

136,4

3А228

8120

14

0,15

4060

0,42

1,2

83,3

5725М

4060

11

0,15

4060

0,67

1,2

20,5

Жобалық процесс

МР-71

4060

38

0,15

4060

0,40

1,2

118,8

16К20Ф3

8120

11

0,15

3890

0,93

1,2

37,0

3К152ВФ20

11670

15

0,15

3890

0,90

1,2

75,0

2А125

4060

10

0,15

4060

0,50

1,2

25,0

5С27П

8120

25

0,15

4060

0,83

1,2

75,3

5Б525

8120

25

0,15

4060

0,33

1,2

189,4

5Б725

4060

10

0,15

4060

0,96

1,2

13,0

5350А

7780

11

0,15

4060

0,60

1,2

43,9