Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом дайын.docx
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

4 Экономикалық бөлім

4.1 Кәсіпорын экономикасы

Қазіргі таңда күрделі экономикалық процестерді талдай білу, өндірістердің ең бір алдыңғы қатарлы дамыуын дұрыс айыра білу болашақ инженер мен міндетті жаңа техникалық немесе прогрессивтік технологиялық жобалау жұмыстарын өткізген кезде олардың базалық варианттармен салыстарып, экономикалық тиімділігін анықтау мен есептеу әдістермен анықтауға арналған.

Машинаның жабдықтың үлгісін өндірісте пайдаланған кезде экономикалық тиімділігін есептеу керек.

Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.

Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы. Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің көпшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.

Өндіріс тиімділігін аныктау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты бслгісін анықтаудан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлшемінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша көбейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қарай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мұндай мақсаттар ретінде өмір сүруді және тұракты өсуді камтамасыз ету, құрылымдықты қайта кұру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол келемін табуға ұмтылу максаттары үстем болып табылады.

Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзак мерзімді даму болашағын қамтамасыз ететін нарықтык іс-әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың арақатынасы өндірістіц тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.

Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу аркасында көруге болады. Демек, еңбек өнмділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі - нақты еңбск шығындарының көрсеткіші. Оны өндірілген өнім көлемін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне (бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы аңықталады. Экономикалық тиімділікті күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділіп аркылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уакытының пайдаланылуына себептердің әсері әр түрлі болғандықтан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады.