Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом дайын.docx
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

5.5 Электр қауіпсіздігінің жалпы мəселелері

жəне адам ағзасына əсері

Өндірістік мекемелердегі жұмыскерлердің электр тогымен жарақаттануының негізгі себептеріне мыналар жатады:

· кернеуден айырмай электр желілерін жəне электр жабдықтарын құрастыру жəне жөндеу;

· ток жүретін құрылғылардың ашық бөліктеріне тиіп кету мүмкіндігі;

· кернеуде тұрған жалаңаш сымдарға жəне оның үзілген шеттеріне кездейсоқ жанасу;

· қауіпсіздік техникасы ережелерімен белгіленген кернеуден жоғары болатын шамшырақтарды қолдану;

· жеке қорғау құралдарының түзу еместігін немесе электр қондырғыларында жұмыс істегенде оларды қолданудан бас тарту;

· қауіпсіздік техника ережелерін қызметкерлердің жеткіліксіз оқып білуі.

Электрлік жарақаттанумен күресудің негізгі мақсаты – электр жабдықтарын, электр қондырғыларын жəне құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру, жоғары өндірістік тəртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді, нормаларды жəне нұсқауларды бұлжытпай орындау болып табылады. Электр жабдықтарын жəне электр тогынан қорғау қондырғыларын күту жөніндегі жұмыстарды арнайы оқудан өткен жəне электр қондырғыларында жұмыс жасауға куəлігі бар тұлғалар ғана жүргізеді. Адам ағзасына электр тогының əсері əртүрлі болады: механикалық – ұлпалардың ажырауы жəне сүйектердің зақымдануы, жылулық – күю, химиялық – электролиз, биологиялық – тірі материяға тəн жəне онымен байланысты тіршілік қауіпсіздігінің электр процестерінен бұзылуы. Механикалық зақымданулар адамның кездейсоқ 1000 В артық кернеудегі екі ток жүретін сымдар арасына түсуі кезінде болады. Күюлер электр тогының əсерімен жəне электр доғасының пайда болуымен байланысты. Терінің металдануы – бұл металдың балқытылған доғасының ұсақ бөліктерінің сіңіруі. Электр соққысы – барлық ағза арқылы электр тогы өткенде байқалады. Адамдардың электр тогымен зақымдану қауіпсіздігін азайту үшін жоғары қауіпті жайларды, ерекше қауіпті жерлерде жəне ашық ауада пайдаланылатын электр жабдықтарының жəне қондырғыларының металл бөліктері жерлендірілуі тиіс. Электр тогымен зақымдану мынадай себептерден болуы мүмкін:

· кернеуі бар ток өткізетін бөліктерге адамның кездейсоқ жанасуы;

· кернеуі бар электр жабдығының ток өткізбейтін металл бөліктеріне адамның кездейсоқ жанасуы;

· фазаның жерге тұйықталуы кезінде токтың жайылу белдеміне адамның кездейсоқ түсуі;

· элкетр доғасының, атмосфералық жəне статикалық электрдің, электромагниттік өрістің əсері.

Электр тогының адам ағзасына əсері жылулық, механикалық, химиялық жəне биологиялық болуы мүмкін. Электр тогымен адамның зақымдануын екі түрге бөледі: электрлік соққы жəне электрлік жарақат. Электр күйігі үш дəрежелі болады: 1-терінің қызаруы; 2-теріде үлбіреуіктердің пайда болуы; 3-көмірлену жəне терінің жансыздануы. Электр тогы бұлшық еттердің тартылып қалуын жəне олардың салдануын қоздырып, орталық жүйке жүйесіне əсер етеді. Адамның электр тогымен зақымдануының сипаты мен салдары токтың күшіне, токтың түріне жəне жиілігіне, оның өту жолына, кернеуіне, адам денесінің кедергісіне, əсердің ұзақтығына байланысты болады. Адам денесі арқылы өтетін ток күші 0,010 А қауіпті болмайды, ал 0,05 А болса, оның салдарынан өлім де болуы мүмкін.

Элекр қауіпсіздігі электр қондырғыларының құрылмасымен, техникалық тəсілдермен жəне қорғау құралдармен, ұйымдастыру- шылық жəне техникалық шаралармен қамтамасыз етіледі. Электр қондырғыларының құрылмасы – оларды пайдалану жағдайына сəйкес болуы жəне қызмет істеушілерді ток жүргізетін жəне қозғалатын бөліктермен жанасудан қорғауды қамтамасыз етуі тиісті, ал жабдықты – бөтен қатты заттың жəне судың түсуінен қорғау қажет. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай техникалық тəсілдерді жəне қорғау құралдарын қолданады: қорғаныстық жерлендіру, нөлдеу, қорғаныстық ажырату, потенциалды деңгейлестіру, аз кернеу, ток жүргізетін бөліктерді оқшаулау, торапты электрден ажырату, қорғаулық құрылғылар, блокировкалау, ескерулік сигналдары, қауіпсіздік белгілері, сақтық плакаттары, электрден қорғау құралдары.

Қорғаныстық жерлендіру – деп жермен ниетті электрлік қосылуды айтады. Электр қондырғысының оқшауламасының бүлінуі нəтижесінде ток өткізетін металл бөліктері кернеулі болуы мүмкін. Қорғаныстық жерлендірудің жұмыс принципі корпусқа тұйықтанудан болған адам арқылы өтетін жанасу кернеуі мен ток күшін қауіпсіз шамаға дейін төмендетуден тұрады. Корпусты жерлендіргенде жерге тұйықтану болады да, жерленген корпусқа жанасу параллель тармақты пайда болдыртады, оның бойымен жерге тұйықтану бөлігі адамның денесі арқылы өтеді. Параллель

тармақтардағы ток күші тармақтардың кедергілеріне кері пропорционал болады, сондықтан адам арқылы өткен ток қауіпті емес. Қорғаныстық жерлендіруді қолдану ауқымы – оқшауламаланған бейтараптамасы бар кернеуі 1 кВ дейінгі жəне кез келген бейтараптама режимі бар кернеуі 1 кВ жоғары үш фазалық торап. Оқшауламаланған бейтараптамасы бар кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғысындағы электр жабдығында жерлендіру үшін қолданылатын жерлендіру құрылғысының кедергісі 4 Омнан артық болмауы қажет. Генераторлардың жəне трансформаторлардың қуаты 100 кВ жəне одан аз болған кезде жерлендіру құрылғыларының кедергісі 10 Ом-нан артық болмауы мүмкін. Электр қондырғыларындағы кернеуі 1 кВ жоғары жабық жерленген бейтараптамасы бар жерлендіру құрылғысының кедергісі 0,5 Ом-нан, ал оқшауламаланған бейтараптамасы бар электр қондырғыларында 10 Ом-нан артық болмауы тиіс. Нөлдік қорғаныстық сымға ток өткізбейтінін кернеуі бар металды электрге қосуды нөлдеу деп атаймыз. Нөлдеудің мақсаты: тұйықталу салдарынан кернеулі болып қалған корпусқа жəне электр қондырғысының басқа ток өткізбейтін бөліктеріне жанасқан кезде токпен

Токтың ағып таралуына жерлендіргіштердің кедергілерін есептейтін формулаларға жердің меншікті кедергісі кіреді. Ол жердің көлемін 1м3 деп аламыз. Меншікті кедергіні Ом.м немесе Ом.см-мен өлшейді. Неғұрлым ол кедергі мəні кіші болса, жерлендіргішті орналастыру жағдайлары соғұрлым жағымды болады. Түрлі жердің 10-20% ылғалдылықтағы меншікті кедергілерінің шамалас мəндері 12-кестеде көрсетілген. Жердің қасиеттері – оның күйі, ылғалдылығы, температурасына, т.б. байланысты өзгеруі мүмкін, сол себепті жердің меншікті кедергісі əртүрлі жыл мезгілінде, құрғауына, сулануына немесе жердің қатуына байланысты əртүрлі мəндерді қабылдауы мүмкін, сонымен қатар өлшеу кезеңіндегі жердің күйіне байланысты.