Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Kazakhi_v_Rossii_Istoria_i_sovremennost_tom-1_Omsk_2010

.pdf
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2024
Размер:
6.12 Mб
Скачать

қайырусыз үйреншiктi ескi жолмен 3 июнь Г. Думасыз шықты. Əй, законнан аспағаның қалай, мұның қалай дейсiң бе, оқушылар? Германия жұртының шешенi марқұм Лассал айтқан: бiр тайпа жұртқа ескi ғұмыр, ескi жол жақсы, бiр тайпа жұртқа жаңа ғұмыр, жаңа жол жақсы. Осы екеуi таласар, тартысар, дауласар, жұлысар. Осы екеуiнiң күресiнiң шарты – ғұмыр законы. Қағазға жазған закон мына таластартыс, күш-қуат мiнген закон келсе, сыпырылып шыға беретiн: «3 июнь» келгенде «17 октябрь» мойнына су құйылып шыға берген»21. Əлихан сөзiнен мəлiм болғанындай, құқықты белiнен басу Ресейге ыңғайлы едi. Бұл – күрделi Ресей империясының шындығы болатын.

Рас, 1905 ж. 17 қазанда жарияланған патша манифесiне алаш азаматтары үмiтпен қарады. Ақын Мəшһүр Жүсiп:

Биылғы үмiттi едiк өткен күзден, Октябрь он жетiншi деген сөзден, –

деп жазса22, Петерборда шығатын «Новая жизнь» газетi: «17 қазан кезеңiнде жəне одан кейiн Ə. Бөкейхан қазақ тiлiнде газет шығармақ болып елiне кеттi»,-деп хабарлапты (мұны «Семипалатинский листок» газетi көшiрiп басқан)23. Ал, өкiнiшке қарай, Əлихан бұл жолы газет шығара алмаған. Дегенмен, ертеде баспасөзде қатталған деректер 1906 ж. 28 мамырда Торғай облысына қатысты зиялылар Ақтөбе шаһарында Думаға байланысты бiр жиын өткiзiп, газет бастырмақ болып пəтуаласқанына, осы үшiн 5000 сом ортадан шығарғанына куəлiк бередi24. Сөйте тұра «ғұмыр законы» мұндай бастамашылықтың меселiн қайтарды. Мəшһүр-Жүсiп:

Түңiлдi естiген жұрт мұнан таза, Дəнеңе жоқ бiлмегенге, бiлгенге аза. «Манифест бар» деушiлер тұтқын болып, Кесiлдi еш себепсiз оған жаза.

Бiр құдай, бiзге жарық таңыңды атыр, Болар ек, атса таңың, бiз де батыр. Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер, Тұтқында бiлесiз бе, неден жатыр, –

деп жазған едi осы шақта25. Дiндар-қайраткер Ш. Қосшығұлұлының империя астанасында «Серке» газетiн шығаруға байланысты iс-əрекетiн алдыңғы бөлiмде айтқан болатынбыз. Бұл iзденiстiң бəрi 1905–1907 жж. аралығында жүрдi. «Серке» 3 июньдегi патша жарлығынан соң алты күннен кейiн күштеп жабылғаны белгiлi болып отыр.

91

Сонымен ХХ ғ. басындағы қазақ қауымының хал-ахуалы ел тұтқасы iспеттес зиялылардың бетiн күрескерлiкке бұрды. Бұл шақта халықтың рухани сұранымын қанағаттандырып жатқан жəдитшiлдiк алаш баласына бiраз нəрсенi үйреттi. Əсiресе, оның Батыс пен Шығыс тəжiрибесi мысалында ұлттық ояну мен жетiлудi түсiндiрген iзденiсi қазақ сынды қаймана болып қалған миллəтке төтеннен олжа салды. Осы уақыттың шындығы туралы қайраткер Тұрар Рысқұлұлы былай деп жазады: «Ол кездегi саны аса көп емес қазақ зиялыларының талпынысы мен ағымы мəдениетшiлiк сипатта болды. Олардың саяси бағыты мен мақсаты тұманды едi. Сондықтан бұлар орыстың либералдық қозғалысынан да, мұсылмандық ағымынан да көмек қолын күттi»26. Бұл дəйексөздегi «мəдениетшiлiк» («культурничество») деген ұғымнан ғасыр басындағы жалпы руханияттың бағыты анық байқалады. Егер бұл ұғымға Шығыс елдерi – өркениет, ал Батыс елдерi – ағарту атаулыны сыйдырса, зиялылар миссиясы дəл аңғарылған болып шығады. Саясат мəселесiнде Алашқа дейiн, шындығында, қазақ оқығандары бiр жағынан Ресейдiң кадет (конституциялықдемократиялық) партиясына, екiншi жағынан мұсылман қозғалысына иек артты. Əлихан: «I жəне II Думада қазақ депутаттары (соңғысында өзi де бар. – Д.Қ.) «Халық еркiндiгi» (Народная свобода) партиясының мұсылман фракциясына кiрдi», – деп жазады27.

Мұсылман қозғалысы ХХ ғ. басында саяси тұрғыдан əжептəуiр салмаққа ие болды. Бұған 1905 ж. 15 тамызда Нижний-Новгородта (Ока өзенi үстiндегi «Густав Струве» кемесiнде) өткен I съезi, 1906 ж. 13–23 қаңтарда Петерборда өткен II съезi, 1906 ж. 16 тамызда бiрiншi жиын болған Нижегородта өткен III съезi материалдары куəлiк бередi28. Осы тарихи жиындарды өткiзуге ұлы тұлға И. Гаспринский мен қазақтың тұңғыш ұлттық газетi – «Серкенi» шығаруға қолғабыс еткен Р. Ибрагимов мұрындық болғаны мəлiм. «Иттифак» (бiзше ынтымақ) ұйымын құрған бiрiншi съезд қарарында: мемлекетте бар ұлттың хұқы тең болсын, қоғамдық-мəдени, саяси сұраным қанағаттандырылсын, газет-журнал ашуға, ағарту жұмысын жүргiзуге еркiндiк берiлсiн деген секiлдi ұсыныстар жасайды28. II съезд Ресей мұсылмандарын бiртұтас күш ету мақсатында 16 ауданға бөледi. Осының iшiнде алты аудан (Ташкент, Орал, Омбы, Семей, Верный, Петропавл) алаш жұртына қатысты аумақтар едi. Осы съезд Мемлекеттiк Думаға сайлауға қатысу барысында кадет партиясымен бiрiгу қажет деп шештi (Ə. Бөкейхан 1917 ж. дейiн осы партияда болды). III съезде де ынтымақ жайы қарастырылды. Сонымен бiрге мұнда ұлттық негiзде

92

партия құру мəселесi талқыланды. Ең бастысы мұнда Мемлекеттiк Думаға сайлау кезiнде ұлттың санына қарай тепе-теңдiк принципiн ұстау мəселесi жан-жақты сөз болды. Осы съездiң төралқасында И. Гаспринскийлермен бiрге қазақ Ш. Қосшығұлұлы мен Сəлiмгерей Жантөрин қатар отырып жұмыс жасағанын ескергенiмiз жөн29.

Сондай-ақ 1906 ж. Қазанда мұсылман мұғалiмдерiнiң съезi өттi. Мұнда бiлiм саласын жүйелеу, мұсылман оқуын жалпы еуропалық стандартқа сəйкестендiру мəселесi қаралды30. Бұл да «17 октябрь Манифесiнiң» «жылымық» сəт туғызғанын дəлелдейдi. Алайда ресми өкiмет ұлттарды оятатын оқу саласына аса жiтi назар аударды. «Қазақ» газетiнiң сараптамасына қарағанда31, патша 1906 ж. 14 қаңтарда «бастауыш мектеп əрбiр ұлттың ана тiлiнде жүргiзiлсiн» деген бұйрық жариялаған («17 октябрь» инерциясымен – Д.Қ.), ал Оқу министрi осының негiзiнде сол жылы 31 наурызда «харпi жоқ ұлттар үшiн оқулық орыс харпiнде басылсын» деген құйтұрқы Ереже шығарады (мысалы, ол кезде қазақтың қалың жұрты үшiн кириллица қара тұман екенi түсiнiктi). Бiрақ бұған қарсы ұлт зиялылары өре түрегеледi. Алаштың газетi жазғанындай, «1907 ж. Оқу министерствосының мекемесiнде осы 31 март Правиласын түзету туралы кеңес болды. Кеңеске мұсылмандардан адамдар шақырылды, бiздiң қазақтан Ғабдолғали Балғымбаев пен Отыншы Əлжанов барды». Əйтсе де бұл кеңес ұсыныстарды белiнен сызып, тағы да империя үкiметiнiң ұпайын түгендейдi. 1907 ж. 1 қарашадағы Ереже бойынша ана тiлi бастауыш сыныптардың екi жылында ғана тек жеке пəн ретiнде жүруге мүмкiндiк алды. Сөз жоқ, қалған пəндер орыс тiлiнде оқытылатын болып шешiлдi. Бұл да ұлт хұқының аяққа тапталғанын көрсетсе керек.

Сөйтiп, 1907 ж. маусым айында жарияланған əдiлетсiз жарлықтан соң, жиырма миллионнан астам Ресей мұсылмандарынан сол жылы 1 қарашада шақырылған III Думаға он-ақ депутат (Қазаннан – 2, Уфадан – 4, Орынбордан – 1, Қапқаздан – 2, Қырымнан – 1) сайланды32. Мұндай сорақылық Еуропаның бiрде-бiр елiнде жоқ едi.

Қазақтан депутат сайланбауы, ресми ана тiлiн пайдалануға тиым салынуы алаш қауымының заңды түрде ашу-ызасын тудырды. Осы кездi Мiржақып Дулатұлы:

Аяқ асты болып қазақ қалды ғой, Құр əншейiн рухы қалып, жан кетiп. Шаһбазлар басшы болған миллəтке, Аяғына қан түстi ғой мəн кетiп.

93

Əлi де болса, ояналық «аллалап», Жалыналық жаратқан хаққа бəнде етiп. Мезгiлiнде қару қылмай қимылдап,

Бұл уақытта тұрмыз ендi хəл кетiп, –

деп суреттейдi «Оян, қазағында»33. Бұл қиын ахуал А. Байтұрсынұлының 1911 ж. шыққан «Маса» жинағында да сөз болады. Ахмет «Жиған-терген» өлеңiнде:

Ұйқышыл жұртты Түксиген мұртты Обыр обып, сорып тұр. Түн етiп күнiн, Көрсетпей мiнiн, Оятқызбай қорып тұр. Обыр болса қамқорың, Қайнағаның сол сорың! –

деп жазады34. Ал ендi осы қиындықтан халықты қалай алып шығуға болады деп iзденген азаматтарға елдiң құлақ аспай жатқаны, бұйығы тiрлiгiн, аңқау қалпын салтқа айналдырып жiбергенi А. Байтұрсынұлын аз қамықтырмаған. Ағартушы ақын осы ретте:

Оянған ерге, Ұмтылған жерде Ерушi аз да, серiк кем, Қас бiлген досты, Дос бiлген қасты;

Мұндай елдi көрiп пе ең? Қыс iшiнде бiрер қаз Келгенменен қайда жаз? –

дейдi35. Қазақ сынды ұлт үшiн империя «қақаған қыс» едi. Алаш ұғымындағы алты ай қыс емес, жыл он екi ай қыс болатын. Бірақ бұл жағдай өмірден баз кешуге емес, ояну мен бірігуге себеп еді.

___________________

1Байтұрсынұлы А., Бөкейхан Ə., Жəнiбеков Ж., Дулатов М., Қадiрбаев С., Ғұмаров Е., Əлiмбеков И., Бегiмбетов Н.Шора-и ислам // Қазақ. 1917. 11 июня.

2Кемеңгерұлы Қ. Қазақ тарихынан. М., 1924. Б. 123

3Асфендиаров С. История Казахстана (с древнейших времени). Алматы, 1993. Б. 271.

4М.Д. (Дулатұлы М.) Айқап журналы // Қазақ. 1914. 21 февраля.

5«Айқап» тоқталуы // Қазақ. 1915. 8 сентября.

6Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, 1988. Б. 146.

94

7Ғабдылрахман Ғ. Орынборда шығашақ «Қазақ» туралы // Айқап. 1913.

2. Б. 43.

8Ынтымақшыл. Үлкен кiсiлерiмiзде кiшкене мiнез // Айқап. 1914. № 9.

Б. 145.

9Садуақасұлы С. Қазақ… тарихынан?! // Еңбекшiл қазақ. 1925. 24–31 январь.

10Сералин М. Шаһар Тұрайск, ғинуар 10-iнде, 1911-iншi жыл // Айқап. 1911. № 1. Б. 3–4.

11Құрметлу оқушылар! // Қазақ. 1913. 2 февраля.

12М.С. (Сералин М.). Бiздiң дертiмiз // Айқап. 1911. № 3. Б. 4.

13Қыр баласы (Бөкейхан Ə.). Ұят-ай // Қазақ. 1914. 16 марта.

14Жұмабаев М. Шығармалар. Алматы, 1989. Б. 61.

15Садуақасұлы С. Қазақ… тарихынан?!

161905 год. Материалы и документы. М., 1905.

17Семипалатинский листок. 1905. 8 декабря.

18Бөкейхан Ə. Таңдамалы – Избранное. Алматы, 1995.

19Қыр баласы. Үшiншi Дума һəм қазақ // Қазақ. 1913. 6 апреля.

20Оренбурғ, 31 октəбр // Қазақ. 1913. 31 октября.

21Қыр баласы. Сусағанның түсiне су кiредi // Қазақ. 1913. 30 ноября.

22Көпеев М-Ж. Таңдамалы. Екi томдық. Т.1. Алматы, 1990. Б. 56.

23Семипалатинский листок. 1906. 5 декабря.

24Құрметлу Ысмайыл қажы // Айқап. 1911. № 11.

25Көпеев М-Ж. Таңдамалы. Б. 59–60.

26Советская степь. 1926. 2 июня.

27Бөкейхан Ə. Таңдамалы – Избранное. Б. 77.

28Аршаруни А., Ғабидуллин Х. Очерки панисламизма и пантюркизма в России // Общество исследования Средней Азии. Лондон: репринт. Серия

18. С. 45–46.

29Политическая жизнь русских мусульман до февральской революции. Общество исследования Средней Азии. Оксфорд: репринт. Серия № 13. 1987. С. 31.

30Мусульманская печать России в 1910 году. Составлено по распоряжению г. Начальника Главного Управления по делам печати под ред. В. Гольмстрем // Общество исследования Средней Азии. Оксфорд: репринт. Серия

12. 1987. С. 22.

31Школдарда ана тiлiмен оқу // Қазақ. 1915. 4 апреля.

32Аршаруни А., Ғабидуллин Х. Очерки панисламизма и пантюркизма в России. С. 69.

33Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991. Б. 40–41.

34Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989. Б. 29.

35Сонда. Б. 30.

95

Қ. Кемеңгер

Қазақстан, Көкшетау, Ш.Ш. Уəлиханов атындағы мемлекеттік университеті

АЙДАРХАН ТҰРЛЫБАЙҰЛЫ ӨМІРІНІҢ ОМБЫ КЕЗЕҢІ

Бүгінгі таңда алаш арыстарына қатысты тың зерттеулер, жаңа кітаптар жарық көруде. Ол үрдісті біз заман сұранысы деп бағалаймыз. Десек те, осы мəселеде ашылмаған аралдар бар екені аян. Көп еңбектің ішінде Алашорда көсемінің бірі болған Айдархан Тұрлыбайұлы жайында жалпы айтылады, есімі үлкен тізімдерде беріледі, ал оның өмір жолы мен нақты істері жөнінде дерек жұтаң. Бұл ретте бізді қызықтырған сұрақтарға Айдархан ұрпағының естелігі жауап береді. Қайраткердің өмір тарихына қатысты біршама жүйелі мəліметті біз оның жиені Алдан Берденовтың естелігінен табамыз1. Естелік авторы А. Берденовтың əкесі Тайжан білікті, көзі ашық, адам болады. Отызыншы жылдары «Қазақстан» баспасы директорының орынбасары қызметін атқарады. Тайжан Берденов – отыз жетінің қанды шеңгеліне іліккен зиялы азамат.

Айдархан соңғы рет қамауға алынған кезде Берденовтар отбасы Алматы қаласында тұрады. 1936 ж. Айдархан Алматыдағы қызына қонаққа барады. Ұрпақтарының естелігі бойынша аталары жан-жақты білім иесі, терең эрудит болған. Ол бірнеше шет тілдерін білген, соның ішінде «Марсельеза» əнін французша əсем орындаған, өлі латын мен грек тілдерін де таныған. Берденовтар отбасына кейде Ленинградта Фрунзе атындағы жоғарғы Əскери-Теңіз училищесінде оқитын Айдарханның баласы Мұрат та қонаққа келіп тұрған. Үйлеріне журналист, əртіс, жазушылар жиі қатынаған. Келген қонақ алдында əкелері сыйлаған роялде ағайынды София мен Мұрат əсем əуендер ойнаған. 1937 ж. оларға Омбыдан Алданның нағашы əжесі қонаққа келіп жатады. Осы келген сапарында Айдарханның жұбайына Омбыдан суық хабар жетеді. Жолдасы қамауға алынғанын естіген кезде Айдарханның жұбайы ауыр дертке шалдығады. Абзал жан екі жыл бойы ауырып, ақыры есі ауысып кетеді. Бір кездегі қонақтан босамаған думанды Берденовтар шаңырағына енді ешкім ат ізін салмай қояды. Тек бір жолы олардың үйіне алып денелі адам келіп, Айдархан туралы естелік айтады. Қонақ əңгімесін қозғағанда көзіне жас алып отырады. Ол – атақты Қажымұқан Мұңайтпасұлы

© Қ. Кемеңгер, 2010

96

болатын. Əйгілі балуан өзінің баласының атын да жолдасының құрметіне Айдархан деп қойған екен.

А. Берденовтың естелігі бойынша А. Тұрлыбайұлы 1879 ж. (архивте – 1877) Ақмола облысы Көкшетау уезі Шалқар болысында қоңыр тіршілік кешкен Тұрлыбай малшының отбасында туады. Жеті баласының ішінде Айдарханның зеректігін байқаған əкесі оны алдымен Көкшетаудағы орыс-қазақ мектеп-интернатына оқуға береді. Талапты ұлы бұл оқуын ойдағыдай бітірген соң, əкесі оны Омбы қаласына алып келеді. Қарапайым ауылдан шыққан қазақтың қара домалақ баласы ХІХ ғ. аяғында мəдениет ошағы саналған шалғайдағы Омбы қаласына оқу іздеп барады. Бұл уақытта қазақ баспасөзі алғашқы қарлығаштарының бірі «Дала уалаятының газеті» шығып тұратын, ілгеріде Шоқанның өзі оқыған ол қаланың қыр қазағына ұсынар қызығы мол болатын.

Іргетасы 1716 ж. қаланып, қазақ даласына сұқтана салынған Омбы шаһары ХІХ ғ. аяғында империяның ірі əкімшілік жəне мəдениағартушылық орталықтарының біріне айналды. Қала тұрғындарының саны 1858 ж. – 18457 болса, 1897 ж. – 37470, 1917 ж. – 113680

жетеді2. Оқу іздеп келген қазақтарға бұл жерде білім нəрінен сусындауға бірнеше арнаулы оқу орындары болды. А. Тұрлыбайұлы Омбы гимназиясына шəкірт ретінде қабылданады. 1894 ж. СанктПетербордың Орман институтын орман экономисі мамандығы бойынша бітіріп келген Əлихан Бөкейхан бір кезде өзі оқыған Омбы қаласына қайтып оралады. Дəл осы жылдары қалаға Айдархан да келеді. Əлихандай білімді қазақтың төңірегіне Омбыда оқитын, қызмет істейтін Отыншы Əлжанұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы сынды талапты жастар топтасты деуге негіз бар. «Дала уалаятының газетінде» аталған қайраткерлердің еңбектері бір кезеңде жарияланып тұрды. Мүдделері бір, мақсаттары ортақ бұл қазақ оқығандары кейін, 1917 ж. Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады.

Омбы облысының мемлекеттік архивіндегі қымбат құжаттар қазақ елі тарихының əр кезеңінен сыр ақтарады. Құнды материалдар əсіресе Омбы қаласы Далалық аймақ пен Ақмола облысының орталығы болған уақытта көп жиналған. А. Тұрлыбайұлы өмірінің əр кезеңінен сыр шертетін құжаттар да осы архивте тиянақты түптелген. 1911 ж. қараша айында басталған Айдарханның жеке іс қағазында төмендегідей мəлімет беріледі: «Мировой Судья 3 участка г. Омска, округа Омского Окружного Суда, надворный Советник Айдархан Турлыбаевич Турлыбаев родился 25 августа 1877 г. вероисповедания

97

магометанского, знаков отличия не имеет. Содержание получает в год: жалования 1200 р., добавочных 300 р., квартирных 500 р., столовых 500 р. И того 2500 р.»3. Императорлық əйгілі оқу орнын үздік бітіріп келген А. Тұрлыбайұлы 1902 ж. бастап Омбы, Тобыл аймақтық соты саласында түрлі лауазымды қызметтер атқарады: сот қызметіне кіші кандидат, азаматтық департамент хатшысының көмекшісі, колледждік хатшы, сот қызметіне жоғарғы кандидат, дəрежелі кеңесші, сот, коллеждік ассесор, алқа кеңесшісі, Омбы аймақтық сотының мүшесі. Мұрағат көзінде Омбы қаласында Айдарханның іргетасы тастан қаланған бір қабатты ағаш үйі бар екендігі, оның бағасы 6000 рубль тұратындығы да көрсетілген.

Осы құжаттан біз А. Тұрлыбайұлының отбасылық жағдайына қатысты да мəлімет табамыз. Айдарханның жұбайы – Сағида МұхаметРахымқызы деген адам. Сағида 1888 ж. Петропавл қаласында дүниеге келген. Тізімде сондай-ақ Айдарханның 1902 ж. екінші қазан күні туған Бибі-Сапия есімді қызы, 1912 ж. 14 шілдесінде туған Ризахан атты ұлы көрсетілген. Қалың құжаттардың ішінен Ризахан туғанда Омбының мешіті берген метіркені тапқанымызда, шағын қағаз көзімізге оттай басылды. Құжат 1913 ж. 21 қаңтар күні Омбыдағы екінші мешіттен алыныпты. Онда Ризаханның туған күні, ата-анасының аты-жөні, қызметі толық көрсетілген. Құжатқа Сүлеймен атты имам қол қояды.

1903 ж. Императорлық Петербор университетінің заң факультетін тағы бір қазақ бітіріп, қолына заңгер деген диплом алады. Ол Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі – Жақып Ақпайұлы. Оқуын үздік тамамдаған Жақып кешікпей Омбы сот палатасына қызметке тұрады. Осы тұста болашақ маманның саяси сенімділігін анықтамақ үшін Омбы сот палатасы Петерборға хат жолдайды. Университеттен қазақ азаматының саяси сенімділігіне қатысты хабарлар келеді. Солардың біреуінің түпнұсқасы төмендегідей:

М.Н.П.

Господину Старшему Председателю

Ректор Императорского

Омской Судебной Палаты

С-Петербургского университета

18 июля 1903 г. № 3501

Вследствии отношения от 2 июля за № 453 имею честь уведомить Ваше Превосходительство, что просимое вышеозначенным отношением Вашим удостоверение о благонадежности окончившего курс в С-Петербургском университете по юридическому факульте-

98

ту Якупа Акпаева отослано 26 июня сего года в г. Омск, во вверенную Вам Палату, на имя г. Турлыбаева4.

Іргелі оқу орнының ректоры қол қойған хат Омбы сот палатасында қызмет істейтін А. Тұрлыбайұлы атына жіберіледі. Ректор Айдарханды жеке тануы да мүмкін, алайда біздің пікірімізше, хабар Жақыптың мəлімет беруімен жіберілген. Бұл құжат Петербор университетінде қатар білім алған қазақтың екі біртуар азаматының дос, аса жақын болғандарын, Жақыптың Омбыға қызметке Айдарханның тілегімен орналасқандығын айғақтайды. Дəл осындай қамқорлық пен достар арасындағы ниеттестіктің үлгісін біз 1928 ж. С. Садуақасұлы мен М. Əуезұлы арасында байқаймыз. Смағұл Ленинградтағы оқуын бітірген Мұхтар досына болашақ қызметке келетін орнын, тіпті тұратын пəтерін алдын-ала белгілеп береді.

А. Тұрлыбайұлы есімі Омбы архивінің 1917–1920 жж. қатысты құжаттарында көп кездесті. 1917 ж. ақпан айында патша тақтан құлағаннан кейін қазақ оқығандары жер-жерде басқосу, түрлі деңгейде құрылтайлар өткізе бастағаны тарихтан мəлім. Олардың мақсаты енді қандай тірлік жасаймыз, кімнің етегінен ұстаймыз, əлде өзіміз дербес автономия жариялаймыз ба деген сұрақтарға жауап іздеу болды. Осы жылдың 25 сəуір күні Омбы қаласында «Ақмола облысының қазақ сиезі» деген үлкен жиын өтті. Оған облыстың барлық уездерінен, яғни Омбы, Қызылжар, Көкшетау, Атбасар, Ақмоладан өкілдер жиналды. Ақмоладан белгілі қайраткер, көрнекті ақын Олжабай Нұралыұлы, Торғай облысынан Міржақып Дулатұлы келді. Жиналған қауым сиездің төрағалығына Айдархан Тұрлыбайұлын, хатшылыққа Асылбек Сейітұлын, Мұхтар Саматұлын, Ермұхамет Тоқпайұлдарын сайлайды. Сиезде кім сөз алғанын, оның қалай өткені туралы хабар Бірмұхамет Айбасұлының «Қазақ» газетінің 230 санында жарияланған мақаласында жақсы айтылады. Осы мақалада: «Құттықтай келгендерге сиез атынан Айдархан Тұрлыбаев тəңір жарылқасын айтып, бостандық, теңдік туы мəңгілік жиылмасын, əрқашан ұйымшылық болсын, Руссиядағы тап-тап халықтардың араларында алалық болмасын деп шын сиезге жиылған қазақ тілегі, көңілі осы екенін айтты»5,- деген хабар келтіріледі.

Омбыдағы сиезден кейін араға екі ай салып тарихи маңызы жоғары Бірінші Жалпықазақ сиезі Орынбор қаласында өтеді. Аласапыран уақытта автономияға қол жеткіземіз деп талап қылған Əлихан, Ахмет, Міржақып сынды алаш арыстарының тілектестері мен нақты қолдаушылары қазақ ішінен мол шықты. Сондай азаматтың бірі

99

Ақмола облысы қазақтары атынан сиезге сайланған Айдархан болды. Терең білімі бар заң саласының ірі маманы, əрі қайсар мінезді Айдархан Тұрлыбайұлының іскерлігі мен қазақ ішіндегі беделі күрделі кезеңде елді бастауға қажет болды. Ұлт тағдыры сынға түскен сағатта Айдархан да тайсалып қалмады. Қазақ ішінде есімі төңкеріске дейін-ақ кең мəлім болған Айдархан өзінің табанды пікірінен қайтпайтын. Ұрпақтарының естелігі бойынша төңкеріске дейін Дала генерал-губернаторына тіл тигізгені үшін Айдархан Томск темір жолының Тайга бекетіне жер аударылады. Қазақтың құқығы мен теңдігі бұзылатынын, заң көп жағдайда белден басылып, ұлт мүддесін қорғамайтынын сот саласының маманы Айдархан өз тəжірибесінен жақсы білетін.

Билікке большевиктер үкіметі келген соң, алғашқы кезде олар Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді жаңа қоғамды ұйымдастыруға жан-жақты пайдаланды. Білімі мен білігі терең зиялылар жиырмасыншы жылдары оқу-ағарту, баспасөз, мəдениет ұйымдары төңірегінде топтасты. Жас мемлекеттің қадам басып кетуіне олар үлкен үлес қосты. Алаш арыстары аз жылдың ішінде ұлттық ғылымның көптеген саласы бойынша сүбелі еңбектер қалдырып кетті. Алайда қай істі қолдарына алса да, ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын оқыған зиялы қауымнан сталиндіктоталитарлық үкімет қаймықты. Оларды еркіне қоя берсе, марғау тірлік кешкен момын қазақ ұлтының рухы оянып кететерін, санасезіміне азаттық идеясы ұялайтынын білді. Ақыры елді жуасыту мақсатында алдымен дəулеті бар қауымды кəмпескелеу, одан кейін оқыған зиялыны қуғынға ұшырату науқаны басталды. Қызыл қырғынның қанды шеңгелінен Айдархандай Алаштың көсемі аман қалмайтыны айдай анық ақиқат еді.

2007 ж. Айгүл Бескемпирова есімді омбылық журналистің редакторлығымен «Боль и память. Книга памяти казахов – жертв политических репрессий Омской области» деген кітабы баспа бетін көрді6. Еңбекте сталиндік зұлмат жылдары Омбы облысында қуғын көрген қазақтардың толық тізімі берілген. Автор кітапта жеке қайраткерлер жайында да көлемді зерттеулер, өмірбаяндық деректерді біршама ұсынған. Солардың ішінде НКВД (бүгінгі ФСБ) архивінен тапқан Айдархан Тұрлыбайұлының 1937 ж. жеке ісі де бар. А. Тұрлыбайұлының алғашқы тергеуі 21 маусымда өтеді, соңғысы – 13 қараша күні болады деп көрсетілген сол кітапта. Арада азап пен қорлыққа толы, азамат намысын таптаған жəне адамдықты жоғалтқан

100