Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

УДК:82.09

Беркенова Р.А.,

филол.ғ.канд.,

Архабаева Г.Е.

магистр, аға оқытушы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Тараз қ., Қазақстан agabekkyzy.rabiga@mail.ru, arkabaeya1980@mail.ru

НЕСІПБЕК ДƏУІТАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ МЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМ

Түйіндеме: Мақалада жазушы, журналист, публицист – Н.Дəуітайұлының шығармашылығы жан-жақты қарастырылған. Қаламгер туындыларындағы заман шындығы мен көркемдік шешім мəселесі зерделенген.

Кілт сөздер: редактор, сатира, роман, фельетон, журналист, жанр, орден, грамота, медаль.

Резюме: В статье подробно рассматривается творчество писателя, журналиста, публициста Н.Дауитайулы. Исследована проблема современной реальности и художественного решения в произведениях писателя.

Ключевые слова: редактор, сатира, роман, фельетон, журналист, жанр, орден, грамота, медаль.

Summary: The article discusses in detail the work of the writer, journalist, and publicist N.Dauitayuly. The problem of modern reality and artistic solutions in the works of the writer is investigated.

Key words: editor, satire, novel, feuilleton, journalist, genre, professor, medal, diploma, medal.

ЕліміздіңТəуелсіздікалуынабайланыстыхалқымыздың мəдени, тарихи, рухани, ұлттық құндылықтары қайта қарастырылып жатыр. Қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі өзгерістер əлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Қазіргі қазақ əдебиетіне көркем туынды əкелуші ақын-жазушылар да уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батылкіріскенінзерттеунəтижелерікөрсетіпотыр. Ұшқырдаоңтайлыжанр– поэзияныбылай қойғанда, шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың сюжеттерді алып келді.

Жаңа тақырып, тың сюжеттерді қалт жібермейтін жазушылардың бірі жəне бірегейі қазіргі қазақ əдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланып жүрген жазушы – Несіпбек Дəутайұлы. «Алма ағашының бұтағы», «Ақ көгершін» жəне «Жол» хикаяттары əр жылдары таңдаулы көркем шығармаларға арналған республикалық бəйгелердің жүлделерін иемденген. «Көкмойнақтан шыққан көкжал» əңгімесі Ғ.Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай өткізген республикалық конкурста ең үздік шығарма атанып, бас жүлдені алды. «Құдірет пен қасірет» романы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Ең үздік роман» байқауында жүлдегер атанды. Ол «Əнім сен едің», «Алма ағашының бұтағы», «Көгілдір көйлекті келіншек» (2006 ж.), «Ойынды еті он бөлек» (2008 ж.) жəне де басқа кітаптардың авторы.

2000 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрген Несіпбектің «Құдірет пен қасірет» романы Мұхтар Мағауин, Шерхан Мұртаза жəне басқа да көрнекті жазушылар мен белгілі сыншылардан жоғары бағасын алды.

Мемлекеттік сұраныспен «Жазушы» баспасынан жарық көрген Н.Дəутайұлының «Көгілдір көйлекті келіншек» (2006 ж.) атты кітабы негізінен əлеуметтік əңгімелерінен тұрады. Кітаптағы осы аттас əңгімені СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Əбдіжəміл Нұрпейісов ерекше жоғары бағалады. «Сөйлемдері шымыр, шебердің қолымен өрген кірпіштей мінсіз. Бұл, əрине, талантқа тəн қасиет» деп жазды. Кітаптағы «Мəкеңдер, Малсекеңдер» заман əңгімесімен жазушы «Қазақ əдебиеті» газетінің проза жанры бойынша

81

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

2007 жылғы лауреаты атанды. Ал 2008 жылы қазақ ұлттық əдебиетіндегі ерекше жетістіктері үшін Н.Дəутайұлы Халықаралық «Алаш» сыйлығына ие болды. 2010 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді. Мұндай жетістік əркімнің басына келіп қона бермейтін бақыт, сый-абырой!

Бір байқағанымыз, Несіпбек əрбір шығармаларына бүгінгі заман үрдісіне сай, уақыт шындығына таза суреткер көзімен қарап, көркем зерделеп, одан белгілі ой түйіп, бір мерзім аясында туындайтын əлеуметтік астарын дəл байқайтын бүгінгі күннің білгір сарапшысына айналғанына көз жеткіземіз. Басты мəселе шығарманың көлемінде емес, оның көркемдік салмағы мен өмір, дəуір шындығын ұтымды, тартымды, əсерлі баяндауында ғой. Қаламгердің қай шығармасын алмаңыз, олардан туындайтын ой-тұжырымдар бүгінгі оқырмандар үшін өзекті болып қала береді.

2009 жылыҚазақстанЖазушылародағының«Ан-Арыс» баспасынанекітомдық(бірінші кітабы «Айғыркісі», екіншісі «Мінез» деген атпен шықты) таңдамалысы жарық көрді» [1.]. Көпшілік бұрын-соңды əдебиетте кездеспеген тың детальдар мен сюжеттерге мол роман мен қызықты əңгімелер, хикаялармен ұшырасып, оқушысын еріксіз басқа бір сырлы əлемге жетелеп кете береді. Мысалы, оның таңдамалысының бірінші кітабында «Ақкүшік» дейтін хикаят бар. Əлеуметтік-психологиялық шығарма. Жаңа тыныспен өрілген. Кейіпкерлерінің жан əлемін өткір диалогтармен таспадай өріп шығарады. Ең бастысы – көркем шындығында. Шығарманы жинақтау тəсілінің, яғни шешімінің өзгешелігінде. Тағдыр тəлкегімен екі айырылған ерлі-зайыптының арасында дəнекер болып жүрген Ақкүшік суға кетті. Аналар екі жағалауда қалды. Ары қарай не болады? Оны оқырманның үлесіне қалдырған. Көркем шығарма бəрін өзі айтып, аяқтап беретін ертегі емес. Өйтсе, концептуалды жетістігінен айырылады.

Қаламгердің қолтаңба ерекшелігі сол, оның кез келген шығармасы қоғамда болып жатқан кесір, кесапаттың құбылыстарын көлденең тартып, оқырманды содан ескертеді. Айталық, жазушының «Репетиция» деген əңгімесі былай басталады: «Жаңа сайланған үкімет басшысы келеді дегелі Жербай орынбасардың есі екеу, түсі төртеу. Біріншінің: «Байқаймын, қылтың-селтеңің көп, тапсырған шаруаның басын шаң-тозаңдатып, аяғын шатқаяқтандырып жіберетін берекесіздеусің бе, немене…. Мына жолы соның байқалса, шляпаң теріс айналып кетеді» дегенінен кейінгі жерде көрген күні əлгі. Жазушының көркем туындыларында замана шындығы мен замандас бейнесі шынайы түрде жымдасып оқырманын баурап, шығарманың əсерін көтере түседі. Заман шындығын көркем шындыққа айналдыру үшін, жазушы ауқымды мəселелерге мəн берген. «Үлкенді-кішілі биліктің қашан да мысы басым, сесі өзгеше, айбары айрықша ғой. Қазақ деген, жалпы, дəнеңеден қорықпайды. Құдайдан да. Ал биліктен… Төбесі көрінгеннен қол қусырып, тағзым етіп, аяғының ұшымен жорғалап шыға келеді. Жербай қазақты осысы үшін жақсы көреді. Əуелде, анабір жылдары ішінде жалғыз костюм-шалбары бар ескі чемоданмен өкшесі жылтырап келіп қызметке кіріскен кездері қазақтың əлгісіне «бұлары несі?» деп таңырқап, өзінен-өзі қысылып қарайтын. Оған еті үйренді: «Жерке, Жерке» деген сайын қомпия бастады. Айналаңдағылардың қу жандарының қуырдақ болып тұрғаны бір ғанибет екен. Құрақ ұшып қарсы алады, құйындап жүріп шығарып салады. Төр сенікі. Тамағыңды салып береді. «Мынадан алыңызшы. Анадан көріңізші…». Бастапқыда бұл алдына келген тағамды дым көрмегендей қидай сыпырып, қиқым қалдырмай жеуші еді, келекеле онысын қойды, əр неден бір-бірден ғана шұқиды: «Жерке, анадан салайын ба, мынадан құяйын ба, Жерке, Жеркенің» өзіне-ақ тыңқия тойып отыратын болған. Болғанда, «Жеркелегендердің» безекқаққанынақарадайқарынтоядыекен. Тойғанда, ас-мəзіріміздəмсіз бе, əлде мұның бізге қабағы теріс пе деп тызалақтайды ғой. Жұрт тызалақтаған сайын жаның кіреді, рахаттанасың, елтисің, жер айдалада қалып, аспанға ұшып бара жатасың ба?..».

«Кабинетіне кісі кірсе, Жербайдың қарадан қарап кісімсіп қалатыны бар-тұғын, сол жыны қанша қысса да: «Əй, сен үкімет басшысымен кездесуге баратын адамдарды қабылдап отырсың» дегенойеріксізорнынантұрғызып, келгендерменкезек-кезекқолалыстырып, терісі ет пен майға толы торсық бетіне күлкі үйірді. Сосын шағын топпен мəжіліс жасайтын столының төріндегі креслоға домалана келіп отырып сөйлеп кетті. Сондағысы: «Үкімет

82

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

басшысының келу бағдарламасы өте ауқымды. Бұлармен кездесуге бір сағаты арналған. Ал енді не айтып, не қою керек? Əңгіме дұрыс, оң болуға тиіс. Пықы-тықи сұрақтар қоюға, қу далаға лағуға, жаппай жамырап кетуге, нельзя… Қарабет болып жүрмейік. Осыған дейін төрт жолы ма… Бағыт бердім. Қане, қайсыңыз қалай дайындалдыңыздар? Қазір осы жерде тыңдаймыз. Қысылмай еркін сөйлеңіздер. Мысалы, міне, мына мені үкімет басшысы деп приставить етіңіздер. Міні…».

Отырғандар біртүрлі аңырайысып қалды. Жербай қиялымен үкімет басшысының кейпіне еніп отыр.

Мені, сөйтіп, үкімет басшысының өзі ретінде көріп, сөйлей беріңіздер. Қане? Ары қарай көбімізге белгілі репетиция басталады.

Сонда сіздіңше қалай сөйлеу керек? Қане, сөйлеңізші өзіңіз. Көрелік.

Не деуім керек сонда?

Ойбай, құдай! Сізді білдей қаламгер деп отырған жоқпыз ба?

Деп отырсаңдар, не айтып, не қоятынымды өзім де білетін шығармын. Маған репетицияларыңның қажеті қанша?

Жо… жоқ. Так нельзя. Болмайды. Не айтып, не қоятыныңызды біз алдын ала білуіміз, необходимо. Тут вопрос политический. Для нас случай особый, ағайын.

Мен қазір айтқанымды ертең басқаша айтуым мүмкін ғой, – деді Анау.

Өйтуге категорический болмайды. Самодеятельность исключено.

Сонда сен мені жаттап алып сөйлейтін жалдамалы тамада деп отырсың ба?

Жербай күмілжіді:

Сіз дұрыс түсініңізші…

Түсінетін түгі де жоқ. Мынауың ұят. Сонда қашан кісі боламыз?

Сізше кісі емес екенбіз ғой. Өңшең ит отыр екенбіз, ə, мұнда, – деп Жербай кекесін үнмен кегежесі кері тартты. – Жарай…д.».

«Солай деп қымбат сигареттің бір талын езуіне қыстырып, өзін үкімет басшысының орнына қойып отырғаны есіне түсіп, ар жағынан «Шіркін-ай! Құдайдың құдіретімен үкімет басшысының өзіне… тіпті Президентке айналып кетсем ғой» қайта гөй-гөйледі. Қолдан келмейтіндей не сонша… Əңгіме бақта. Бақ қонса, немене… Анау, əлгі, Абылай… Əуелде бидің түйесін баққан құл еді. Бақ қонды… Бірақ, осы бақ дегенің қай тұста, кімнің айналасында жүретін құдірет?.. Бұл ғой əлі күнге бір аймақтың біріншісі бола алмай қор. Жоғарыдағы екі туысының болдырамыз десіп сендіруі сұмдық еді, осы күні шығып жүрген сөзге қарағанда, олардың өздерінің жағдайы мəз емес»[2,201б.].

«…Айтып, айтпай не керек, Жербайдың репетициясы сөресіне жетті-ау деген кезінде, үкімет басшысы да кеп қалар күн есік қақты. Жербайдың біріншіге жасаған баяндауында – кездесуге іріктелген адамдар суытқан аттай. Тек… Тек дегенде, əлгі Анау соңғы күндері дайындыққа келмей қойған. Оны Жербай ішінен бүгіп қалды. Себебі деген сұраққа қайдағы бір бəлесіне қаламын ба деп сескенген. Оған қарсы қолданған шаралары – сөз кезегін жеткізбеу. Олүшінұлттықмəдениорталықтардыңүстіненқарайтынешкісирақескіқатынмен оңаша сөйлескен. Сөйлескендегі тапсырмасы: орталық жетекшілері сөзді бірінен кейін бірі дереу жалғап кетіп отырсын… Сонда анаған уақыт жетпей қалады. Билік пен комсомолдан тақымдасып, компартияда қилы-қилы бүгерлеп қалыптасқан қара қатын күлмеңдеп, «Əрқашан да дайынбыздың!» кейпін көрсетті».

«Үкімет басшысы дəл уақтысында келді. Ғимарат алды дүркіреп қарсы алды. Кездесуге арналған арнайы столдың төрінде үкімет басшысы. Екі қапталында зиялы

қауым өкілдері мен ұлттық мəдени орталықтың жетекшілері, зал іспеттес бөлікте өзге арнайы адамдар. Жербай соның орта тұсында. Жүрегі аузына тығылады.

…Есінауруханадажиған. Ақхалаттыбірнешеадамбетінеүңіліптұрекен. Дəнеңетүсіне алмады. Қайда, неге жатыр? Кездесу… Үкімет басшысымен…

Ұмтылып тұрмақ еді, ақ халатты еркектің біреуі иығынан басты.

Тынышталыңыз. Сізге қозғалуға болмайды.

Не болды?

83

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

– Жүрегіңіз… Жербай көзін жұмды. Кездесу… Ұлттық мəдени орталықтың жетекшісінің екеуі сөйлеп,

үшіншісі ыңғайлана бастағанда, Анау… Қоңыр дауысы құлағында… «Сіз өркениетті басшысыз. Амал не, жергілікті биліктің əр деңгейіндегі сол өнегені сөзсіз жалғастыруға міндетті кейбіреулер əлі қалтаң-селтең, көрбай-жербай». Осы əңгімені оқып отырып, бүгінгі кейбір басшылардың, батыраштар мен қотыраштардың «шаш ал десе бас алатын» іс-əрекеті мен талғамының төмендігін мо-йындап, олардың өздерінен қызметі сəл жоғары адамдардың алдында жапалақтай жорғалап, жағымпаздық бейшара кейпін, мансапқорлық пиғылдарын, ал басқа жерде елден өздерін алшақ, биік ұстайтын тəкаппарлығын көз алдыңызға елестетіп, шығарманың шындығына риза боласыз. Байқағандарыңыздай, Несіпбек диалог құрудың нағыз шебері.

Ал енді «Айғыркісі» атты əңгімесінің жөні бөлек, бұрын-соңды жазылмаған тақырып. Жазушы-драматург Сұлтанəлі Балғабаев: «Мен өз басым, бұл əңгімені əдебиетімізге келген соңғы жылдардағы үлкен жаңалықтың бірі деп есептеймін», – деп ағынан жарылады [3: 6]. Келесі бір қаламгер, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Тұрсынəлі Рыскелдиев «Жас Қазақ» (2009) газетінде: «…Жылқы баласында дəл осындай ақыл-естің кездескені тек Несіпбек Дəутайұлының жасампаздығы дегім келеді», – деп жазды [4]. Жазушының еңбегіне берілген орынды баға. Жылқы образында берілген қаратөбел «Айғыркісі» қасиетті, киелі адам символы деп айтуға болады. Шығарманың лейтмотиві – қазіргі қитұрқы заманның жетегіне ілесіп кейбір пенделердің адамдық кейпін жоғалтып алу алдында тұрғаны. Автор өз кейіпкерлері Жалғас пен «Айғыркісі» арқылы заманның ащы запыранын, қазіргі өмір шындығын алдымызға жайып салады. Қаратөбел жылқы образына оқушы алғашқыда сенімсіздікпен, базбірі күдікпен қараса, бірте-бірте əңгіме желісіне еніп, ондағы келтірілген сюжет пен детальдар тайталас, тартыс оқиғалармен күрделеніп, жүрегіңді жаулап алады. Азғындау мен мəңгүрттену алдында тұрған болашақ ұрпақ жайлы ой тастап, оқырманын қатты ойландырады. Шығармада селкеулік, солғындық жоқ. Замана ауқымына, уақыт мүддесіне орай тіршілік етіп жатқан ортада, қоғамда адами қасиеттер де өзгеріске ұшырап, адамның бет-бейнесі, ой-өрісі де өзгеруге ұшырайды екен. Тəсілқой, жаңашыл автордың бұл шығармасы бұрынғы туындыларынан ерекше дүние екенін атап өткен жөн.

Мойындауымыз керек, бұл екі кітапқа енген əрбір əңгіме шағын-шағын романдар жүгін көтеріп тұр. «Шал», «Көрбай», «Қанқызыл жалқын», «Дударай», «Мінез», «Архитектор», «Аты жоқ əңгіме» сияқты əлеуметтік-психологиялық əңгімелері уақыт шындығын шебер суреттеген, ұйқыдағы көңіл-күйді жұлқып оятатын, сананы сілкитін, сөйтіп, оқушыға ой салатын, ерекше əсер ететін, тағылымы мол, кесек-кесек дүниелер. Ізгілік пен зұлымдықтың арасында ғұмыр кешетін пендені əр қырынан – шым-шытырық оқиға ортасындағы пейілі, мінезі, іс-əрекеттері тамаша суреттелген ойлы, астарлы, қатпарлы туындылар. Оларды қиялойдан шығарылған, қолдан жасалған хикаяттар деуге аузың бармайды. Түгелдей алғанда, олардың əрбірінде шындық, ақиқат оты маздап тұр.

Оның «Жалғызілік» деген əңгімесінің басты кейіпкері – барлығын ұмытып, өмірін тек дүние жинауға, қорасындағы малының санын өсіруге арнаған жан. Сол үшін бүкіл саналы өмірінелдіңшетінде, желдіңөтінде, жырақтажалғыздықпенөткізіп, бірмалынекеу, екімалын үшеу қылам деп күнді түнге ұрып, қысы-жазы малдың соңында жүрген пенде. Алдындағы мыңғырған малдың еш рахатын көрмей, əйтеуір, бұлыңғыр, тү-сініксіз тіршіліктің құлына айналып, дүниеқоңыздықтың қызығына белшесінен батып кеткен мүсəпір. Тіпті, əбден өсіп, киізболыпкеткеншашынанбасыбөртіп, тыр-тырқасығаннанжараболыпкеткеншеалдыруға уақыты да, мүмкіндігі де жоқтықтан мүсəпір халге жетеді. Ашыған айранды басына жағып, өтпейтін ұстарамен ен далада кезіккен адамға шашын алдырғандағы суреттелген сəттерін оқып отырып, оның бас кейіпкерін шынымен аяйсың, мүсіркейсің, жаның ашиды. Əлгінің жанын қинап, тірнек-теп жинаған малы, еш рахатын көрмеген байлығы кімге керек? Не үшін, кім үшін тірлік етіп жүр? Қалың ойға қаласың…

«Мінез» деген əңгімесі де қызықты жазылған. Ағайынды екі жігіт қу тірліктің жегуінде жүріп, бірін-бірі көрмегендеріне 4-5 жылдың жүзі болып барып кездеседі. Дастарқан басында

84

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

екеуінің арасындағы əңгіме желісі əр адамның жеке мінезі жайлы өрбіп, «біздің түбімізге сол… мінез жетеді» деген ағасына інісі Хакімжан өзінше ақыл қоспақ болып, əңгімені одан əрі тарқатып əкетеді. Мінездің өмірде пайдасы мен зияндылығы жайлы пікір алмасады, өткен күндерді еске алады. Ымыраға, яғни келісімге келмей қисайып, кертартпалыққа бой ұру – кейдеадамныңболашағынаедəуірəсерететіні, «иə, жарайды» дейсалудыңорнынақырсығып, қасарысып алатын мінез, оның кесірі жайлы, шындықты айтам деп ағайынға жақпай, енді пəленбай уақыт жұмыссыз, сорлы күйде сенделіп жүрген ағасы туралы сөз болады.

«Тұрып терезеден сыртқа көз салып еді, ағасы қораның алдында қаздың жүнін бұр-қыратып жұлып жатыр. «Біздің ана өлген қаздан қанша айырмамыз бар?» деп ойлады Хакімжан. Жабыла жүндей түтіп, жалаңаштап жатыр ғой. Құдайдың құдіреті: қия баспа, дауысыңды шығарма. Демек, көрсетпе кім екеніңді. Бұғасың ба, қашасың ба, əйтеуір өзіңді өзіңе тығып қой. Сонда өзіне-өзі тығып қойып та өмір сүре ала ма адам? Ол қандай өмір? Несі тірлік? «Емес!» – деп күбірлеп қалды Хакімжан. – Емес! Біздің сырымыз сол еместі айдай əлемге айғай салып айта алмай өзімізді өзімізге тығып тастап, тірі жүре беретін мінезсіздігімізде. Солай…», – дейді жазушы кейіпкері [5]. Иə, мінезсіздік, ойлап отырсаң, адамға – қасірет. Адам болғаннан кейін əркімнің өз ойы, өз пікірі, байламы, түйсігі болғаны жөн. Егеролайболмаса, өзойы, пікіріжоқ, аузындасөзіжоқадамайдаудажүргенпендегетең. Біреудің аузына қарап, айтқанын орындап, жалпақтап, жігерсіз тіршілік ету – бейшаралық, мүсəпірлік.

Соңғы жылдары жазылған оның тағы бір шығармасы «Өнеш, Комбинатор жəне алжапқыш» əңгімесі. Заман ағымына байланысты өмірде болып жатқан қулық пен сұмдықты, жақсылық пен жамандықты барынша бадырайтып көрсеткен, уақыт тынысын тамыршыдай тапбасқан, қоғамныңəлеуметтікөміріндегіөзгерістерді, кеселдіқұбылыстышеберсуреттеген шығарма. Əңгімені оқып болғаннан кейін жүрегің тарсылдап, бойыңды үрей билейді. Тіпті, аяныш пайда болады. Мұнда жазушы кез келген фактыға əдеби сын беру арқылы өмірдің де, əдебиеттің де шындығын айту мүмкіндігін көрсеткен[1]. Қашанда жүзінен жымиыс кетпейтін жазушының «Жаны ауырып тұратын жазушы ғана ұлтына ең керектілерді іздейді, ең керектілерді айту үшін ғұмыр кешеді» – деп Алаш айнасы газетіне сұхбат береді. Жүзіндегі жымиыстың астарында қандай алып жүрек жатыр десеңші! Себебі, жазушының көркем дүниелерінде халықтың қаншама қайғысы мен мұңы, уайымы мен зары жатыр.

Қорыта айтқанда, Несіпбектің бір шығармасы емес, бар шығармасы шебер ұстаның қолынан шыққан қымбат, бояуы қанық зергерлік бұйымдай жарқырып, көңіл түбінде қара домбырадан төгілген керемет сырлы, қоңыр үндей күмбірлеп тұр. Мінез мүсіндеу, ой толғау, сөз саралау, оқиға өрбіту, сөйлем құрау мен сюжет түзуге шеберлігі мол бірегей жазушы.

Əдебиеттер:

1 Дəутаев Н. Мінез. Екі томдық таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009,

Т.2. – 336 б.

2 Дəутаев Н. Айғыркісі. Екі томдық таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2008, Т.1. – 272 б.

3Даутайұлы Н. Айғыркісі (проза)/ Қазақ əдебиеті.– 2008. – 14 наурыз. – 8 б.

4Даутайұлы Н. «Мəкеңдер, Малсекеңдер, заман» əңгімесі/ Қазақ əдебиеті. – 2005. – 26 тамыз.

5Даутайұлы Н. Лениннің мойнына мінген адам. – 64 б. Бейғам дүние. – 80б./ «Жамбыл» журналы. – 2005. – № 2.

85

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

УДК 81`1

Елубаева Р.С.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Тараз қ., Қазақстан

ERS40@mail.ru

ШАЛ АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ САТИРАНЫҢ СИПАТЫ

Түйіндеме: Баяндамада ХІХ ғасырдың Шал Құлекеұлының шығармашылығында сатираның көріністері кеңінен орын алғандығы сөз болады.

Резюме: В данной статье в широком аспекте рассмотрено сатирическое творчество известного поэта XIX века Шал Кулеке Улы.

Summary: In the present article there is given full attention to the satirical creations of XIX century prominent poet Shаl Kuleke Uly.

Кез-келген дəуірден сатираның үлгісін табуға болады. Əрине, оның нысанасы, бейнелеу əдіс-тəсілдері, көркемдік жетістігі мен ізденісі, көрінісі əр келкі, əр түрлі дəрежеде келуі мүмкін. Қалай дегенде де, əдебиет бар жерде - сатира бар. Өйткені адам санасы төңірегіндегі жайларғаөзбағасынбереалмай, көңілінежақпағанкөріністергеқатысынбілдірмейтұрмайды. Адам санасының осы бір сыншылдық өрісі қаласын-қаламасын əдебиет өнерінің бір саласы сатираның дамуына белгілі дəрежеде ықпалын жасайды.

Жыраулар поэзиясынан да сатира белгілері айқын танылады. Суреттеу нысанасында, амал-тəсілдерінде өзгешелік болғанмен, сыншылдық ой, əшкерелеу, мінеу кездеседі. Қазақ поэзиясында сатира жанрының кең көрінуі, тың өріс ашуы ХІХ ғасыр əдебиетіне қатысты деп есептейміз.

Ұлттықəдебиеттануғылымындасатиражанрынжан-жақтызерттегенғалымТ.Қожакеев бұл кезеңдегі сатираның дамуын «Абай дəуіріне дейінгі қазақ сатирасы жəне қоғамдық жағдай» жəне «Абай дəуіріндегі қоғамдық өзгерістер жəне қазақ сатирасы» деп қарастырады [1]. Əдебиетті дəуірлеу жөнінде қазір көптеген пікірлер айтылуда. ХҮІІІ-ХІХ ғасыр əдебиетін «Отаршылдықкезеңəдебиеті» депатаудаұсынылды[1]. Ғасырмендəуірлеудеəлікүнгедейін қолданылып келеді.

Біз ХІХ ғасыр əдебиетіндегі сатираның тақырыптық-идеялық, жанрлық дамуын, көркемдік ізденісін ғалым Т.Қожакеев зерттеуін негізге ала отырып айтуды жөн санаймыз. Өйткені ғылыми этика осыған міндеттейді. Зерттеу нысанасына бармас бұрын ол туралы кімнің не айтқанын білу жəне оны жүйелеу аса маңызды. Мұның жақсы бір ықпалы ғылыми нысананы танумен бірге, оның ішкі мəселелеріне қатысты ой туындайды. Өзіңе дейінгі ғылыми ой-пікір, зерттеуді білу болашақ ізденіске жол ашады.

АбайғадейінгіқазақсатирасыныңдамуындаБұқаржырау, ШалҚұлекеұлы, Көтешақын, Махамбет пен Шернияз, Дулат Бабатайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Шөже Қаржаубайұлы ақындары аталады. Əрине, бұл арқалы өнер иелерінің шығармаларының барлығы сатираға арналған жоқ. Бірақ қоғамдық-əлеуметтік мəселелер алғатартқан өткір жайларға бұл тұлғалар бітіспес көзқарасын, əшкерелеушілік үнін, халықтың наразылығын, жиренішін білдіретін жекелеген туындыларын арнады.

ХІХ ғасырда қазақ елі тұс-тұстан қыспақ көріп, патшалық отаршылдық езгі мен ішкі феодалдық езгінің тақсіретін бірдей тартты. Азаттық аңсаған ұлт-азаттық қозғалыстар, шаруалар көтерілісі күшейді. Бұл сатираның дамуына жол ашты.

Қазақ əдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан, заманының белді ақындарының бірі – Шал Күлекеұлы. Он бес жасында-ақ даңқы шығып, өткір, ұшқыр ақын аталған – Шал (шын атыТілеуке) əлеуметтік тұрмыстық дерттерді, келеңсіз іс-амалдардысынаған, мінеп-шенеген. Ол – ақыл, өсиет-өнегені толғайтын дидактикалық поэзияның да өкілі. Жеке адамдарға арналған эпиграммалары, дін иелеріне арналған сатиралық шумақ, миниатуралары мен

86

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

шешендік сатира, юморлық шумақтары тағы бар. Шал мұраларындағы сатира көріністері туралы ғалым Т.Кожекеев: «Бұл дəуірде сатира, юмор өз көркі, өз сипатымен Шал Күлекеұлының творчествасынан да көрінеді» деп тұжырымдаған. [1]

15 жасар Тілеуке өзінің ақындық жолын ханнан өз атын сұрай келген əкесіне ханның бермеген қиянатын жəне оның малжандылығын сынға ала:

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің, Қойға пана болмайды тал дегенің, Жалаң аяқ, жалаң бас тоқты арқалап, Хан ата қалай екен мал дегенің? Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші, Біреудің қақын жемес жақсы кісі, Тақтағы хан, таптағы биді еңкейткен – Хан ата, қалай екен малдың күші! – деген өлеңімен бастаған [2].

Мал керексіз болса, жалаң аяқ, жалаң бас тоқты арқалап нең бар. Өз атын сұрай келген əкемнің кінəсі не, басқаның қақын жегенше, кісілігіңді сақтасаң, ашқарақтанбай, асқақтамай сыйыңды сақта деген зілді сын бар.

Малымбардепмастанып, байлықтыңбуынаісіп-кеуіп, асқақтап, мақтанғабойалдырған Беспай бай бірде ақынға мені жамандашы депті.Сонда ақын:

Басеке, мал -жануар басқа бітер, Қына шөп секілді ол тасқа бітер. Үйінен ит жаланып шықпайтұғын Өзіңдей жатып ішер насқа бітер, –

деп қағытып, Беспай байдың дым татырмас қатты, сараң, жатып ішер нас екендігін жеріне жеткізе бір шумақты эпиграмамен ащы əшкерелеген [2].

Дəулетіне сеніп көкірегін көтерген бай-билер мен қараша халық қамын ойламай асқақтаған хандарды да сын садағына алған ақын:

Байды құдай атқаны – Дəулетіне мас болар Ханды құдай атқаны – Қонысымен қас болар,

деп халықтық нақыл үлгісінде шешендік сатира жасайды [2]. Сықақты үстем тап өкілдеріне жұмсар қару деп түсінген Шал ақын Күлен сияқты əділетсіз, парақор, дүниеқоңыз, қиянатшыл биді:

Төрт ауылдың бір биі Күлен шешен, Төреңізді тура бер құдай десең Өлсең қабіріңде тек жатпайсың, Пара беріп, біреуден пара жесең, -

деп айыбын бетіне баса, ескерте ашық сатира үлгісін жасады [2]. Ол ел əкімдері мен биболыстарының зорлықшыл, қанағатсыз, əділетсіз, парақорлығын, қулықпен мал тапқан алаяқтығы мен сараң, ел-жұртына қайыры тимейтін ашкөздігін, екіжүзді, зұлымдығын шығармаларында сынап, əжуалап, уытты өлеңді шебер пайдаланған.

Ақын өмірде кездесетін жайларға терең үңіліп, жамандықты, жеке адам бойындағы ұнамсыз мінез-қасиеттерді сынап келеке, сықақ етіп, адамгершілік – мораль мəселесіне көп тоқталды.

Айта берсе таусылмас Шал кеңесі, Мешкейдің жіліншік өтер-кең өңеші. Алдына келген асқа жайдай шабар, Басқаның болса-дағы несібесі, немесе:

Нəпсің бір көкжал бөрідей Иманың бағылан қозыдай

87

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Егер жыю салмасаң Иманыңды жеп кетер, –

деп нəпсінің құлын, жат мінез, əдепсіздікті өзі тойса да көзі тоймайтын ашқарақ, сұғанақтықты, арыңды төгіп, ұятқа қалдырар қомағайлықты сынап, əжуа етеді [2].

Құл менен дуадақ шөлді білер, Қарға мен құзғын елді білер. Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң, Қорқау қасқыр секілді жеуді білер, –

депашкөз, қорқаулықсияқтыжаманəдеттерденжирендіресынап, нысапсыздыққақарсы шығады [2]. Ақын ел бүлдіргіш даукес, арызқойлардың берекесіз істері мен теріс қылықтарын да сынға алып, олардан халықты сақтандырады.

Екі арыстан жабылса дəуді өлтірер, Ажал жетсе аурусыз сауды өлтірер. Қаныпезер бұзақы жігіт болса, Тыныш жатқан еліне дау келтірер [2].

Сараң байларды мал қызығын көрудің орнына өзінен аяп, жоққа қарасып, бөлісе күн көрудің орнына, малжандылыққа салынып, қор болған пейілін сынап, берекелі өмір сүруге үндейді.

Жаман бай кімді оңдырар өзі оңбаған, Жанын қорғап суыққа бір тоңбаған. Ішпей-жемей, киместен кетеді өмір, Кей жаман мал бітсе де бақ қонбаған [2].

Жаманның ісі де, пейілі де, мейірімсіз, орнықсыз, опасыз қасиеттерін де сынға алып, одан жирендіреді.

Жаманға дəулет бітсе ауа айналар Жақсыға дəулет бітсе бақ байланар Басыңа жазатайым бір іс түссе.

Арасы дос пен дұшпан абайланар [2].

Мұндағы сатираның нысанасы – жаманды əшкерелеу, жақсына дəріптеу. Шал дін туралы өлеңінде:

Мекке менен Мəдине жолдың ұшы, Иман таба алар ма барған кісі? Ата-ананы, мейманды құрметтесең, Меккеден де нұрлы ғой үйдің іші! –

деп, алдымен «ғибадат қыл», намаз оқы, алланы ойыңа ал, дінге құлшылығыңды жаса, ата-анаңды сыйла, нағыз имандылық осы, ал оны істемей, алыстағы Мекке, Мəдинаға бару ғана имандылық па деп иманшыл, діншілдерді сықақтайды [2]. Дін өкілдерінің діннің тура жолын өздері ұстанбайтын теріс іс-əрекеттерін сатиралық шумақтар арқылы түйреген.

Шал ақынның көбірек сөз еткен тақырыбы - əйел мəселесі, жанұя берекесі. Бақытыңа кез бопты долы қатын, Мұны алған ер жанжалға молығатын, Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас, Бір үй түгел бір ауыл торығатын.

Өзінің кесепаты бастан асып, Ері де бір пəлеге жолығатын. Албастыдан дəу дию қашты дейді

Бұл үйге қона алмаймын, періқатын.

деген шумақтарында ұрысқа бейім, долы, үй-ішінің береке-бірлігін, тыныштығын ойламайтын кесірлі, кесепатты əйелдердің бейнесін ащы мысқылмен шенеп-мінейді [2].

Салақ əйел ауыда болар тесік, Қолын тығып қасуға оңай десіп, Тағдырда маңдайыңа жазған болса,

88

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Табиғаттың ісіне амал нешік. Жаман əйел байымен ұрысады, Мейман келсе қабағы тырысады.

Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп, Мейман байғұс басқа үйге жылысады [2].

Бұл шумақтарда да үй-ішін таза, сəнді, берекелі етіп ұстай алмайтын, тіпті, өз басының киім киісіне, жүріс-тұрысына қарай алмайтын салдыр-салақ, бейпілауыз, қолынан іс келмейтін, от басы шырқын бұзатын, өмірлік жолдасына күн бермей көкбеттенетін, ағайынтуыстарымен араздастыратын, ұрысқақ, жаман əйелдердің бейнесін келемеждеп, небір теңеулермен суреттеп сынайды. Жирендіре күлкі етеді.

Ақын енді бірде:

Келін шайпау болғаны оңбағаны, Көрмеді шыбын құрлы келін мені, Жұрт сыйлаған басымды күлге теңеп, Жаярмын талай жерге келін сені, -

деп келіндердің ішіндегі тəрбиесіз, шайпау, сый-құрметке мəн бермейтін, аяр, ақымақтарын сықақтап, ашық сынға алады [2]. Үй-ішінің берекелі де махаббаты болуына кедергікелтірержаманəдеттердіаяусызəшкерелеп, оныменымырасызкүрескеүндейді, қазақ əйелдерін жібектей мінез, алғыр ой, терең ақыл иесі болуға уағыздайды.

Жалпы ақын мирасы жайындағы Ғалым Молдыбаевтың: «Ол (Шал ) əсіресе сынау, мінеу, өсиет-ақыл өлеңдерін, көбірек айтқан» - деген пікірі дəл айтылған [1].

Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырда сатира кеңінен дамыды. Түр, көркемдік амал-тəсіл алуандығы айқын көрінді. Тұрмыстық эпиграммалар, сатиралық портреттік суреттемелер мен шолу бұрынғыдан да гөрі кемелденді. Сюжетті сықақ өлең, уытты арнау мен айтыс өлеңдері, зілді шумақтар сатираның əлеуметтік мəнін күшейтті.

Əдебиеттер:

1.Қожакеев Т. Сатира негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1996. – 464 б.

2.Бес ғасыр жырлайды. 2 том. – Алматы: Жазушы, 1989. – 466 б.

УДК 81`1

Калбирова Т.Н.

1-курс PhD докторанты Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ., Қазақстан e-mail: kalbirovatol@mail.ru

Ғылыми жетекші: Мəмбетова М.Қ.

филол.ғ.к., доцент м.а. e-mail: mmanshuk@gmail.com

ҚАЗАҚ ЖƏНЕ ФРАНЦУЗ ӨЛШЕМ СЫН ЕСІМДЕРІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Түйіндеме: Мақаланыңмақсатықазақжəнефранцузтілдеріндегісынесімдердіңфункционалдысемантикалық ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Осы жұмысты талдау кезінде салыстырмалы талдаудың құрылымды-семантикалық əдісі қолданылды, сондай-ақ материалды іріктеу кезінде зерттеу үшін кездейсоқ таңдау əдісі қолданылды. Мысалдардың алынған корпусын өңдеу барысында сын есімдерді функционалдық-семантикалық талдау, сондай-ақ оларды салыстыру жəне жіктеу жүргізілді. Зерттеудің жаңалығы автор француз мəдениетімен байланысты семантиканы зерттеуге алғаш рет жүгінеді.

Кілт сөздер: семантика, функционалды грамматика, сын есім, өлшем сын есім, морфология, аффикс, жұрнақ.

89

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Резюме: Цель статьи заключается в рассмотрении функционально-семантических особенностей имен прилагательных измерения в казахском и французском языках. При анализе данной работы использовались структурно-семантический метод сопоставительного анализа, а также, при отборе материала для исследования использован метод случайной выборки. Входе обработки полученного корпуса примеров проводились функционально-семантический анализ имен прилагательных измерения, а также их сопоставления и классификация. Новизна исследования заключается в том, что автор впервые обращается к исследованию семантики связанного с французской культурой.

Ключевые слова: семантика, функциональная грамматика, прилагательные измерения, морфология, аффикс, суффикс.

Summary. The purpose of the article is to consider the functional and semantic features of adjectives of measurement in the Kazakh and French languages. The structural and semantic method of comparative analysis was used in the analysis of this work, as well as the method of random sampling was used in the selection of material for the study. During the processing of the resulting corpus of examples, functionalsemantic analysis of adjectives of measurement, as well as their comparison and classification were carried out. The novelty of the study is that the author for the first time refers to the study of semantics associated with French culture.

Key words: semantics, functional grammar, adjectives of measurement, morphology, affix, suffix.

ƏлемдікқауымдастықдеңгейіндеҚазақстанРеспубликасыныңтəуелсіздігіхалықаралық байланыстарға жол ашты. Осыған орай Франция елімен арадағы мемлекетаралық қатынастардың, өзара саяси-экономикалық, əлеуметтік-мəдени байланыстардың дамуына мүмкіндік туып отыр. Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани жəне мəдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Бұның себебі, əр тіл – өз бойында ұлт тарихын, мəдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кəсібі мен салтын, дəстүрі мен даналығын тұтастықта сақтай білген таңбалық жүйе. Бүгінде жоғары оқу орындарында француз тілі пəні оқытылуда. Ғылыми-əдістемелік еңбектердің, екітілді сөздіктердің тапшылығы, күнделікті туғызып отырған қажеттілігі қазақ жəне француз тілдерін салыстыра жəне салғастыра зерттеуді талап етеді.

Соныменқатар, соңғыкездерітуысеместілдердіңқұрылымын, олардыңмаңыздылығын білдіру жолдарын, тіл құрылымының ұқсас элементтерінің қызметіндегі айырмашылықтарды анықтау үшін салыстырмалы тұрғыда зерттеу біздің еліміздегі жəне шет елдердегі көптеген лингвистердің назарын аудартты. Мұндай қызығушылық, сөзсіз, теориялық құндылықтар мен лексикография, шет тілін оқыту, аударма үшін осындай салыстырмалы зерттеулердің үлкен практикалық маңыздылығымен байланысты.

Əрбір халықтың өмірінің рухани қазынасын, мəдениетін сол халықтың тілі арқылы білуге болады. “Əрбір халықтың тілі тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар, рухани болмысыменмəденибайлығыныңкүзгерібарлықболмысыменөміртіршілігін, дүниетанымы мен əдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратынқасиетібар” дептілгебұлжөніндеакадемикƏ. Қайдарованықтамаберген. [1, 34].

Бұл мақала екі туыс емес тілдердің сын есімдерін функционалды-семантикалық тұрғыдан ерекшеліктерін айқындауға бағытталады.

Сын есімдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі жəне жеке еңбектерде, мақалаларда айтылғаны белгілі. Жалпы сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады жəне сын есім жеке қарастырылмағандығын да айта кеткен жөн. “Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы” атты М.А. Казембектің еңбегінен сын есімнің зерттелуі бастау алады, профессор Н.К. Дмитриевтің сын есімнің морфологиялық жақтарын сөз етеді жəне түркі тілдеріндегі сын есім тұлға жағынан негізгі жəне туынды деп бөлінеді деп көрсетті.

М. Терентьевтеалғашқылардыңбіріболыпсынесімдердісөзеткенғалым. Олсынесімді жан жақты қарастырмағанымен, сын есімді өз алдына сөз табы деп, оның салыстырмалы таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолдарына тоқтай келе, осы сияқты кейбір жеке мəселелері туралы құнды пікірлер айтқан [2, 91].

90

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]