Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

шығыстанушысы В.Л. Котвич сынды түркітанушылар айналысты10. Д.Г. Мессершмидт Хакасияда осы үлгідегі жазбаларды тапкан соң, оқымыстылар көне жазулардың кұпиясын ашуға талпынды. 1818 жылы Г.И. Спасский бұл сынды жазулардың Алтайдағы Чарыш өзенінің бойындағы жартастарда бар екенін мəлімдеді, ал 1879 жылы ең бірінші руна жазуының Тувада да бар екенін алғаш болып Г.Н. Потанин айтқан еді. 1889 жылы Н.М. Ядринцевтің тапқан ескерткіштерден соң ғылыми ізденістер Саян-Алтай таулы аймағының шеңберінен де артты. XVIII-XIX ғт. көне сібір жазуларының табылуы мен зерделенуі Енисей бойында өткендіктен бұл жазу енисей руна жазуы деп атады.

Н.М. Ядринцев тапкан екі ірі ұстындағы қытайша жəне руна жазуы ғылымға бұл ескерткіштердің түрікі тілінде жазылғандығын дəледдеді. 1890 жылы, содан кейін 1891 жылы бұлұстындарфинжəнеорысэкспедицияларытарапынанзерттеліпкөшірмесіалынды, ал1892 жылғы басылымы Дат профессоры В. Томсенге 1893 жылы ұзақ уақыт үнсіз жатқан жазбалардың кұпиясын ашуға мүмкіндік берді.

Тувада жəне Хакасиядағы ұстындар Енисей өзенінің арнасының төменгі ағысы тұсына, одан тармақталған өзендердің бойына, не болмаса тау жотасына бір, екі тіпті үш-төрт ұстыннан топтастырыла көне қорымдардың маңына орнатылған. Ескерткіштердің алғашқы

табылған орындары

мен археологиялық

қазба

жұмыстарының нəтижелері жөнінде

А.В. Адриановтың1,

А.О. Гейкельдің2,

С.В.

Киселевтің3, Л.А. Евтюхованың4,

С.И. Вайнштейннің5, Л.И. Кзыласовтың6 еңбектеріңде жан-жақты сипатталынады.

Руна жазуларының түпнұсқалары негізінен Ресейде (Саян-Алтай), Монголия мен Қытайда (Синьцзян провинциясыңда) орналасқан.

Енисей жазбаларының көпшілігі эпитафиялық сипатта. Жазылуында белгілі бір дəстүр сақталынады, яғни, қайтысболғанадамөзатынтаныстырып, өмірін, жорықтарын, соғыстарын сипаттай келе, өзінің тіршілікті қимай армаңда кеткенін білдіріп, жақын-жақпайларынан айырылганына кайғырады. Мазмұнына қарай олар қарапайым болып келгендіктер, текстологиялық жағынан ғалымдардың қызығушылығын көп туғызбаған. Шын мəнінде, бұл эпитафиялардың мазмұндық сипаты көне түркі дүниетанымы мен дəстүрінен, өмір мен өлімге деген көзқарастарынан хабар беретін этнолингвистика мен лингвомəдениеттанудың таптырмас нысаңдары.

Зерттеуде қолданылған əдіс-əсілдер мен зерттеуші ғалымдар

Енисей жазбаларын палеофафиялық жағынан Орхон жəне Талас жазбаларымен салыстыра зерттеген ғалымдар В.В. Радлов пен С.В. Киселев еді. В.В. Радлов жəне тағы да бірқатарғалымдарЕнисейменОрхонжазуларыныңарасындаайтарлықтайайырмашылықбар екенін айта бастады. В.В. Радлов бір-бірінен дербес, катар уақытта дамыған руна жазуларының екі түрі бар екенін айта келе, кезінде бір негізден тараган əліппенің айырылған тұсы Қара Ертіске түйісетін территорияда дей келе, одан Хемчік өзені алыс емес, ары қарай Орхон бассейніне өтіп кетуге болады деп түйіңдеді7.

С.В. Киселев8 руна жазуларының төл бесігі, оның таралу көзі Жетісу өлкесі десе, А.Табен9 рунажазуыныңдамуыментаралуаймағы: 1.Талас, 2. Енисей, 3. Орхондепкөрсетеді. Осы үш жазудың таңбаларын таблицамен көрсете келе АМ. Щербак10 Талас пен Енисей жазуларының Орхон жазуына қарағанда графикалық варианттарының молдығын айтады.

Д.Г. Мессершмидт Енисей жазуын əлемге əйгілесе, Н.М. Ядринцев дешифровка жасауға мүмкіндік туғызды, В. Томсен жазудың əрпі мен тілін анықтады, В.В. Радлов мəтіндердің мазмұнын ашса, С.Е. Малов қордаланған материалдардың негізінде кеңес рунатанушыфилологтардың мектебінің негізін салды. Енисей мəтіндерінің тарихи негізділігі мен руна палеографиясының бастамасына Л.Р. Кызласов орасан зор үлес қосты.

В.В. Радлов негізін салған рунография бағыты отандық мұражайлардағы жəне табылған жерлердегі руникалық түпнұсқаларды филологтар тарапынан оқып нақтылай түсуде біршама

10 Осы тұстакөне үйғыр ксилографтарын(ағаштағыгравюрасын) К.Г.Залеман жүйелегенін де айта кету керек.

41

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

дамыды. (С.Е. Малов, А.М. ІЦербак, Д.М. Насилов, И.А. Батманов, А.С. Аманжолов, И.В. Кормушин, К. Сейдақматов, В.М. Наделяев).

Түркі рунологиясы тек қана филология емес екенін ескерген жөн. Кейде түркі сына жазуы деп жүрген бұл зерттеу алаңы сонымен қатар таңбатану, петроглифика сияқты салаларды да қамтиды. Бұл алаңның зерттеу əдістемелері көп жағдайда эпиграфикаға (қатты материалдарға түскен жазуларды зерттеу) кейбір тұста – археографияға (қолжазбаларды зерттеу) тəн болып келеді. Бұл ғылымның зерттеу нысаны тек жазба тіл емес, дыбыстардың əріптік бейнесін таңбаларға түсіруден бастап, оларды кою орнының ерекшеліктеріне дейінгі үрдісті қамтитын кешенді жазбатану, яғни уақыт пен адамдардың тезінен өткен көне мəтіндердің нақты, дəл көрінісі.

Бұны анықтау əдістері археологтарға, көне суреттерді зерттеушілерге кең танымал. Бұндай жұмыс тас пен металл бойынша жұмыс істеуде аса ептілікті талап етеді, қатты заттардың бетіндегі, сүйек немесе ағаштағы таңба мен белгілерді кездейсоқ түскен табиғи зақым іздерінен ажырата білу аса маңызды.

Жазба ескерткіштердің негізгі, алғашқы бейнесін, əріптік құрамын алғаш эпиграфика ғылымы қолға алды. Бұл кезеңде жоғарыда аталған тəсілдерден хабарсыз адамдар тарапынан жіберілетін сəйкессіздіктер мəтіннің мазмұнын ашуда үлкен қателіктерге ұрындырды. Бір жазбаны əркімнің өз ыңғайынша оқуы осы қателіктердің қайталануына əкеп соқтырып жататыны түрік жазу тарихы мен оның эволюциясына арналған зерттеулердегі интерпретацияларда да ұшырасады.

Жазбалардың таралу аймағы мен олардың эволюциясы

Эпиграфика — тарихи-филологиялық ғылым. Бұнда археологтың тəжірибесі жəне лингвисттің интуициясы мен кəсіби біліміндегі жазу зандылықтары ұштасып жатуы керек.

Түркітану ғылымы соңғы 200 жылдың ішінде руникалық ескерткіштермен байыды, олардың географиясы кеңіді, мəтіндерді оқу мен ингерпретациялаудың да белгілі бір лингвистикалық негіздері анықталды. Ескерткіш мəтіндері анықталған соң-ақ тілшімəтінтанушылар олардың графикасы мен тілінде өзіңдік ерекшеліктерін анықтады.

Алайда, руникалық ескерткіштерді зерттеудің палеографиялық жағы қашанда қалыс қалып келе жатқаны белгілі. Палеографияның негізі қандай жазуда болмасын белгілі бір дыбыстық таңбаның əр дəуірлерде өзгеріске ұшырағанын, түрленіп отыруын қадағалауда болып табылады. Осының негізіңде дыбыстық таңбаның жазылу ерекшелігінің дəуірі анықталады. Əдетте дыбыстық таңбалардыңбарлығытарих барысында өзгеріске бейім болып келмейді, өзгеріске ұшырағандары болса олардың сызылуындағы неғұрлым табандысы даталанушы ерекшелік ретінде қабылданады. Негізге сүйене отырып белгіленген даталарды анықтаушы ерекше белгілер жиынтығы олардың палеографиялық негізі ретіңде қабылданып, əлі датасы анықталмаған жазулардың уақытын белгілеуге жəрдем етеді. Палеография уақыт ерекшеліктерімен қатар жеке таңбалардың жергілікті сызылу ерекшелігіне тəн ішкі өзгерістерін де зерттейді. Бір таңбаның даму өзгерісі əр ареалда əр түрлі дамуы да мүмкін.

Түркі рунологиясында бірнеше нақты даталанған ескерткіштер белгілі. Олардың датировкасы мен əріптердің даму эволюциясын жан-жақты зерттеген көрнекті ғалым И.В.Кормушин орхон жəне енисей графикаларының хронологиясын анықтаудың əдістəсілдерінің əлі жолға қойылмағанын ескерте келе, оларды палеографиялық тəсіл жүргізу арқылы іске асырудың бірнеше жолдарын көрсетеді:

И.В. Кормушин негізгі жəне қосымша графалар деген бағытта, негізгі графа разрядын:

1.Он алты таңбаға негіз болған дің бейнесі;

2.Шеңбер немесе түйіспеген шеңбер бейнесі;

3.Доға;

4.Бұтақша (древко);

5.Жарым дің (полуствол);

6.Кертпе таңба (острийко);

7.Ілгек сызық (стяжок);

8.Жақша (скоба);

42

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

9.Ирек (змейка);

10.Жарты доғашық (полудужье);

11.Доғашық (дужка);

12.Нүкте (точка);

13.Дөңгелек (кружок); деп 13 негізге саралайды.

И.В. Кормушиннің таблицасында көрсетілген түркі руналарының эволюциясын сынай келе А.Аманжолов олардын палеографиялық жағынан осал тұстарын атайды.

Рунажазбаларынзерттеудеғалымдарназарыннегізіненекімəселеге, яғни, орхон-енисей жазуларының шығу тегі мен олардың хронологиялық сипаттарына аударады, нақты айтқанда Орхон мен Енисей жазуларының хронологаясы мəселесін жиі алға тартты. Соңдай-ақ түркі рунасыныңшығу тегі де, яғни ол өзгеден енген бе, əлде түріктіңтөл жазуы мадеген мəселенің басы ашық калып тұр. Дж.Клоссон руна əліппесінің негізі ретінде иран алфавиттері, ягаи палатальды дауыссыздар қатары үшін грек əріптері, ал велярлы дауыссыздар үшін иран əріптері кабылданған соғды жəне пехлевий графикасы алынған дейді13.

Талас жазбаларының датировкасы И.Л. Кзыласов палегорафиялық жағынан Енисей жазбаларының үлгілерімен салыстыра қараған. И.Л. Кзыласов Тувадан табылған Чиктердің эпиграфикалық материалдарын зерттей келе енисей жазуының оларға VIII ғасырдың екінші жартысына дейін-ақ ерекше ықпал еткенін, ал шығыс Орта Азия мен Жетісу аймағына IX ғасырдыңортасынансəлертерекдəуірденəсеретебастағандегенболжамұсынады. Ғалымның пікірінше жазбаларының даталануы ІХ-Х ғасырларға сəйкес келеді. Азиядағы руникалық жазуларды палеографиялық жағынан талдай келе И.В. Кормушин Талас жазбаларын IX ғасыр кезеңінен кейініректе болган деп батыл тұжырым айтады14

Қойтас беттеріндегі Талас жазуларының жасын анықтауда ғалымдар 1898 жылы қомақталған материалдардың негізінде V ғасырға тəн деп келген Г. Гейкеддің қазба материалдарына сүйенеді. (С.Е. Малов, датаны V - VІІІ гт. дейді)15. Бірақ археолог өзінің қазған қорғандарын жазумен көмкерілген тастармен еш жерде байланыстырмаған. Дмитриевскіден 7 шақырым жерде жатқан қорғандар сақ дəуіріне жазылған. Біршама ертеректегі Алта-Бай сайындағы 6 қорғанның материалдарын (28 қорған, I камера) И.Л. Қызласов ІХ-Х ғасырларға жатқызады.

1960-1961 жылдары Талас ескерткіштерінің шоғырланған бұл орнын археолог П.Н. Кожемяко мен Д.Ф. Винник зерттеген еді. Қоныс орнының Х-ХІІ ғасырларға жататын дəлелдейтін мəдени қабаттан жазуы бар тағы да бес тас табылған болатын. Даладағы жүргізілген бақылаулар нəтижесіне сүйене келе зерттеушілер бұл жазулардың қала пайда болғанға дейін, яғни X ғасырға дейін пайдаболғанын болжады16. Жазулықойтастың біреуі(М 9) құрылыска қайта пайдаланылған болса, екеуі (Н 10, 11) мəдени қабаттан тыс, материктік топырақтан табылған. Қырғызстанның руникалық жазбалары ІХ-Х ғасырларға жатады деген пікірді Л.Р. Кызласов та қолдаған17.

Сонда, мəдени ареалдың таралуына қарайтын болсақ, ғалымдар пікірінше енисей жазбалары ашықтас жазуларымен қатар дəуірде шықкан, жəне олардың палеографиялық ерекшелігі талас жазуына ықпал еткен.

Қазіргі танда мамандар мен руна жазуына қызығушылық танытушылар табылған жазуларды түпнұсқа — тас бетінен емес, эстампаж немесе көшірме материалдарынан оқуы, сонымен қатар руна жазуларының барлығының таралу ерекшеліктерін, палеографиясын ескермей, бір қалыпқа салып оқуы мəтінді дешифровкалауда айтарлықтай қателіктерге ұрыңдырып жүргені белгілі.

Орхон жазбаларының ашылуы мен оның ғалымдар назарына ілігуі Сібір өлкесінің тумасыН.М. Ядринцевтіңесіміменбайланысты. 1889 жылыГеографиялықҚоғамныңШығысСібір бөлімінің бағыттауымен Шыңғыс ұрпақтарының астанасы Карақорымның жатқан жерін анықтау үшін шыққан экспедиция Кошо-Цайдам сайының маңында, Эрдени-цзу монастырының жанынан қытайша жəне белгісіз жазуы бар, бас жағында бедерлі айдаһардың суреті ойылған ұстын тастарды тапқанын хабарлады. Руна жазуының 40 жолын көшірімеге түсірген зерттеуші экспедициясымен асығыс Ресейге оралады.

43

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

1891 жылдың жазыңда Монголияға Радловтың экспедициясы барынша дайындықпен шығады. Экспедиция мүшелері ретінде Сібірдің ежелгі мəдениегін зерттеуші, Минусинск мүражайының қызметкері Д.А. Клеменц, Н.М. Ядринцев, сондай-ақ фотограф-суретші С.М. Дудин, топограф И.И. Щеголев, жəне натуралист Н.П. Левин қатысты. Келесі жылында фин экспедициясымен бірге дайыңдалған "Атлас древности Монголии" атты экспедиция материалдарының топтамасы шығарылды.

Түркітанушы-ғалым Сартқожа Қаржаубай Орхон ескерткіштеріне əр жылдары жүргізілген зерттеулерді хронологиялық жағынан сипаттап, оларға өзіндік талдаулар береді18. "Орхон мұралары" атты еңбекте, автор Орхон ескерткіштерінің əр дəуірде əр жағынан бөлекбөлек зерттелгендігін айта келе, олардың кешенді дүние екенін жəне бұларды зерттеудегі кемшілік – тұтастықтың болмауының бірнеше себептерін көрсетеді. Солардың ішіңде көңіл аударарлық мəселелер: палеоэтнографияның дамымауы, көне мұралардың Қазіргі түркілерменжəнесақ, ғұн, үйсінсияқтыежелгітайпаларменсабақтастырылазерттелмегендігі.

Айтылған мəселелер қазіргі кезеңде Қазақстан зерттеуішлерінің тарапынан жүргізіліп жатқанғылымиізденістергедеқатысыбар. Этнология, мəдениеттану, тарих, этнолингвистика мен лингвомəдениеттану салаларын зерттеушілер бұларды бір-бірімен байланыстыра қарастырмайды, сондай-ақ материалдың руникалық эпиграфика мен палеографияға қатысты қырларын назарға алмауы, зерттеуде көптеген жаңсақтықтарға ұрындырып жататыны белгілі.

Руна таңбаларының эпиграфикасын негізге алып, жазуды жергілікті тілдің дыбыстық ерекшелігіне байланысты палеографиялық жағынан бейімдеп қолдану, заман өте əр аймақта дербес руналық графикаларды қалыптастырғаны белгілі. Олардың қатарына дон-кубан руникасы, Ашықташ таяқшаларындағы руна үлгісі, талас рунасы, орхон, енисей руналары сияқты дербес графикалар жатады.

Рунажазуыныңэпиграфикалықжəнепалеографиялықжағынзерттеушікейбірғалымдар түркі рунасы соғды əліппесінің трансформациялануынан келіп шықкан деген пікірді ұстанады11. Яғни С.И. Киселев VI-VII ғасырларда орхон үлгісіндегі жазулар ұшыраспайтындығын алға тарта отырып, руна жазуы Жетісудан Шығыс Түркістандағы яғма тайпасына жеткен, яғмадан қарлықтар, ал олардан енисей қырғыздары алған, орхон түркілері руна жазуын тікелей батыс түркілерінен қабылдаған деппайымдайды. С.Г.Кляшторный болса руна жазуы яғмалар арқылы емес, IX ғасырда Шығыс Түркістанға қоныс аударған руна жазу дəстүрін сақтаған үйғырлар арқылы енген, руна жазуынын үлгісін түркілер Орта Азиядағы иран тілдес көршілерінен алған деп батыл тұжырым жасайды.

А.М. Щербак руна Жетісу алқабында, Талас аумағының бір жерінде, қоныс аударып келген басқа тайпалардан қабылданып, оны өздеріне бейімдеу арқылы қалыптасып, сол жерден екі бағьггта: шығысқа (орхон, енисей жəне жазудың басқа түрлері), жəне батысқа (пешенек рунасы) болып таралған дейді.

В.А. Лившицтің12 пікірінше руна жазуы соғды əліппесшің трансформациялануынан емес, оны белгілі бір мақсатта өңдеуден пайда болған.

1896-1897 жылдары Əулие ата (Тараз) каласының жанында жүргізілген қазба жұмыстары барысында В.А.Каллаур мен фин археологы Гейккел, Мунк, О.Доннерлер руна жазуы бар бес тас тапқан еді. Кейбір əріптердің орхон жазуынан өзгешелігін жəне кейбірінің мүлдем баламасы жоқ екенін байқаған ғалымдар оны орхоннан да ертеректе пайда болған дей келе, шығуын шамамен V-VІ ғасырлар деп тұспалдайды. Бірақ тас бетіндегі əріптердің

11Если не подлежит сомнению арамейская основа болынинства таласо-енисейских литер, проникшей на восток через Среднюю Азию, через Согдийское и Хорезмийское письмо, то Семиречье, связанное с Хорезмом, колонизованноевзначительнойчастисогдийцамиивтожевремяVI-VII вв. занятоезападнымитюго, становится наиболее вероятным местом первого применения рунической письменности, приспособиыней арамейский алфавит ктюркской речи. С.И.Киселев

12"Графические морфемы служили для тюрцов руники лищь исходными прототипами, формы которьж были существенно изменены,... Количесгво и состав рунических графем определялись в первую очередь избранными принщшами обозначения гласных и отражения в системе письма сингармонизма"

44

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

материалдың ерекшелігіне байланысты нашар, не қате түсуі олардың ерекше жаңа əріп екенін көп жағдайда дəлелдеп бере алмайтынын ескергеніміз жөн.

Қалыптасқан принциптерге сəйкес, ғалымдар Еуразияның əр жерінен табылған руна жазу үлгілерін Монголиядағы Күлтегін жазуынын VIII ғасырда жазылғандығын назарға ала отыра, сол дəуірден бірнеше ғасыр жоғары не кейінгі кезеңдерге жылжытын отыруды əдіске айналдырған.

Рунатанудағы жіберіліп жүрген олқылықтардың бəрі түркі рунасының палеографияда өзініңбағасыналаалмауында, өзіндікбіререкшежазумектебіретіндеқабылданбауында, яғни оны арамей, парсы жазбаларының негізінен таратып əкеп, түріктер арасында V-VI ғасырлардан бастауында.

Түрік мəдениетін Доннер, Каллаур, Гейккелдің этимографиялық терең талдаусыз қабылданған датировкасынан бастау біздің ғұңдармен одан əрідегі сақтармен мəдениетте де дəстүрде де жалғасып жатқан байланысымыздың арасына жік салатынын ескергеніміз жөн. Мəселен О. Доннер13 орхон-енисей жазуы ұйғыр, түркі, қырғыздар арасында IV ғасырда үңдібактрия жазуының негізінде пайда болған деген пайымдауын ұсынған.

Түркі рунасының шығу тарихы жөнінде белгілі түркі рунатанушысы А.М. Щербак осы күнге дейін түркі сына жазуының қашан жəне нақты қай жерде пайда болғаны туралы əлі бірізді пікірдің қалыптаспағаны туралы айтқан.

Рун жазбаларының көне дəуірлерден тамыр тартып келе жатқанын əр жылдары жүргізілген археологаялық жұмыстың барысыңда табылған материалдар да дəлелдеп отыр. Мəселен, 1960 жылы археолог Ф.Х. Арсланова Павлодар облысының Бобровка ауылының маңындағы б.д.д. V-VІ ғғ. қорғаннан бетінде əртүрлі сызбалары бар сүйек айылбас тапқан болатын. СүйекайылбастағытаңбалардызерттегенғалымА.С. Аманжоловсызбалардыңтүркі рунасына ұқсайтынын, жəне онда елік суретінің көрініс беретінін байқап, ондағы жазуды "ақ сығун" деп оқығаны белгілі. Яғни түрік рунасының сонау ескі замандардан қолданылғаны осындай фрагментарлы элементтермен дəлелденіп жатса да, түркі руна жазуының тарихын белгілі кезеңмен шектеуші ғалымдар тарапынан күмəнмен қараушылар да болды14

А.С. Аманжолов бұл жөніндегі өз пайымдауын этимографиялық талдаулармен дəлелдей келе руна жазуының тарихының шығуын мың жылға ары апарады, жəне бұл жазулардың өзге де ірі графикалармен байланысы бар екенін айтады15 (А. Аманжолов таблицасын қараңыз).

13О. Donner. Sur l’origine de l’alphabet turc du nord de l’Asie. Helsingfors, 1896.

14"Древнетюркское руническое письмо возникло не ранее У-ҮІ вв. н.э. ...появление там бляхи с рунической надписью кажется весьма тайнственным" М.П.Грязнов, С.Г.Кляшторный

15"Как позволяет судить предложенная расшифровка, надпись на серебрянной чашечке относится к давольно ранней разновидности тюркской руники, тесно связанной с алфавитными письменностями Среднеземнорья середины I тысячалетия до н.э. Данная надпись сделана на древнетюркском языке, на котором, по видемому говорили ранние кочевники Семиречья.

45

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазудың сырын аша келе, ғалым руна жазуларының шығу тарихының тереңде жатқаны туралы тұщымды пікірін білдірген.

Тян-Шань түрік тайпалары тек қана руна жазуларын емес, көне грек алфавитін де пайдаланғанын (оңнан солға қарай жазу) Іле өзенінің бойындағы жазықтан табылған эпиграфикалық материалдар дəлелдеп отыр. Бір-біріңе өте жақын келетін бұл екі графика, б.д.д. I мыңжылдықты қамтиды. Көне сақ дəуірі мəдениетінен хабар беретін археологиялық материаддар дерегіне сүйенетін болсақ, сүйек айылбастағы, күміс тостағандағы руна типтес жазулар түркі рунасының арамей, парсы графикасынан дамып шықканын емес, сол жазбалармен иықтас келетін, ежелгі адамзатқа ортақ болған жазу дəстүрінен тарайтынын көрсетеді. Сонда жоғарыда аталған ғалымдардың руна жазуын парсы, арамей графикаларына апарып телуі, солардың өңделген, түркі тіліне лайықталған, трансформацияланған тəуелді бір нұсқасы деп қарауы, түркі эпиграфикасы мен палеографикасының табиғатын ашуға кедергі келтіріп отыр.

Түркі руникалық жазуының шығу тегі əріде жатса да оны ірі қағандықтарда ресми мемлекеттік жазу ретінде графикаға жүйелеп, кеңінен қолдану бірден жүзеге асырылмағаны белгілі. Мəселен Бірінші Түркі Қағанатының алғашқы қалыптасу кезеңінде ресми құжаттарда соғды тілі мен графикасы ресми жазу ретінде қолданылған. Оған Бұғыт16 ұстыны куə. Бұл бүгінге дейін сақталып жеткен Алғашқы Түрік қағанаты территориясынан табылған жалғыз ескерткіш сол замандардың ресми тарихнамасынан хабар беретін құнды дереккөз.

Көне түрік мемлекеттерінің қалыптасуы мен мəдени дамуында, ішкі жəне сыртқы саясаттарының жетілуіне соғдылардың үлкен көмегі болғаны тарихтан белгілі. Соғды жазуының түрік мəдениетінде дамуын жалғастырғаны туралы, түрік-соғды симбиозы жөнінде көрнекті түркітанушы С.Г. Кляшторный кеңінен зерттеген17. Осының негізінде С.Г. Кляшторныйдың түрік жазуын Соғды «əліпбиінің негізінде қалыптасқан деген пікірін көрнекті зерттеуші А.С. Аманжолов теріске шығарды18.

Профессор Алтай Аманжоловтың пікірінің дұрыстығын Еуразия кеңістігіндегі жазулардың ортақ генезисі де растайды. Мəселен, прототүркілік сызбалар, Орхон, Енисей жазулары, Шығыс Европадағы протобұлғар жазулары, скандинавия руникалары арасында генетикалық байланыс болғанын олардың стильдік ерекшеліктері мен кескін келбеттері де дəлелдейтінін көреміз. Ортақ негізден шыққан бұл жазулар жəне олардың кескіндеріндегі таңғаларлық жақындықтар мəдени қолданылу ортасы мен даму жолдарына байланысты əр түрлі кескін мен таңбалық мағыналарына дейін айырылған. Əрине келешекте, кешенді текстологиялық терең зерттеулер олардың генезисініндегі ақтаңдақтарды анықтап берері сөзсіз. Мəселен скандинав футарктарының жазу функциясынан басқа тағы да магиялық

161956 жылы монғолиялық археолог Ц. Доржсурэн Бугут (Бұғы ойпаңы) деген жерден, Тамир сомонның солтүстік-шығысына қарай 27 шақырым, Хойт Тамир өзені жағасынан солтүстікке қарай 5 шақырымдай жердегі Байн Цаган өзенінің бойынан түрік заманының жерлеукешенін табады. Кешен тасбақаның арқасына орнатылған ұстыннан тұрады. Ұстынның үш жағы соғды курсив жазуымен көмкерілген.

17Великая центральноазиатская эстафета письменности, начаная согдийцами, была подхвачена тюрками, уйгурами и, позднее, монголами: от уйгурского берет свое начало монгольское письмо, монголы передали письменность манчьжурам. Примечательно, что уже на первом этапе этой эстафеты тюрки выступали не только в роли учеников: согдийский алфавит, заимствованный тюрками, был дополнен буквой I (палеографически – согд. г с диакритикой), и в таком – модифицированном – виде его применяли (вероятно, уже со второй половины VIII в.) и сами согдийцы. Этот вариант курсивного согдийского письма принято именовать «уйгурскосогдийским», он известен по согдийским рукописям из Дуньхуана и Турфана, а также по Карабалгасунской надписи, открытой H. М. Ядринцевым в 1889 г. в Северной Монголии, на левом берегу р. Орхон, среди развалин древней столицы уйгуров.

18Богатый арсенал графических знаков тюркской руники мог быть выработан только за длительный период развития… Тесная генетическая связь тюркских рунических знаков с ранними семитскими, древнегреческими, италийскими и малоазийскими буквами объясняется тем, что тюркский рунический алфавит, прошедший весьма длительный путь развития, непосредственно восходит к древнейшему общему источнику алфавитных письменностей. Тюркский рунический алфавит выступает как очень богатая и самостоятельно сложившаяся графическая система.

46

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

мағынасы басым болуы əрбір таңбаның əріптік мағынасымен қатар семантикасы да тылсым күштермен байланыстырылу нəтижесінде байытылған.

Ерте қолданыстағы графикалардың негізінен консонантты не жартылай консонантты болып келуі белгілі бір тілдердің ішіндегі диалектілік дыбыс ерекшеліктерін ескеруде өте қолайлы болғаны белгілі. Фонема, тонемаларды беруде көне түрік руникасында дауысты дыбыстардың белгілі позицияда ашық келуі, немесе көрсетілмеуі, дауыссыздардың бірнеше тондық таңбаларға сəйкес бірнеше қатаң не ұяң нұсқаларда берілуі ортақ мəтіннің əр диалектіде оқылуын үйлестіріп отырған. Тарихи даму барысында аталарымыздың сына жазуын, көнесоғдыұйғыржазуынпайдалануы, ортағасырдардаисламменкелгенарабжазуын тіл ерекшелігімізге үйлестіре мың жылдар бойы пайдаланып келу мақсаты да түрік тілдері арасындағыдыбыстық, əуездікерекшеліктерінескеруіндеболды. Қазіргітаңдағытүріктілдері қолданып жүрген латын, кирилл жазуларының графикалық ерекшеліктерінің тілдерімізге сəйкес келмеуінен түркілік үндестік заңы бұзылды. Осының кесірінен жазуда да белгілі бір дауысты, дауыссыз дыбыстардың жоғалуы, не қате таңбалануы қазіргі туыстас түрік тілдерінің арасын алшақтатқаны белгілі. Қазіргі кездегі түрік тілдерінде жіберілген жазудың графикалық олқылықтарына қарайтын болсақ, тарихта аталарымыз тілдің табиғатын тануда, оныңсөйлеуменжазуарасындағыжақындығынаасаүлкенмəнбергенінекөзімізжетеді, жəне де ана тілінің əліпбиін қалыптастыру мен жазу реформасын жасауда аса ыждағаттылық танытқанына куə боламыз.

Əдебиеттер:

1Адрианов А.В. Выборки из дневников курганых раскопок в Минусинском крае. – Минусинск, 1902-1924.

2Неікеl А.О. Die grabuntersuchungen und finde bei Tascheba, – “Zeitschrift der Finnischen Altertumsgesellschaft” Неlsinki, 1912, XXVI.

3Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. – М., 1951, с. 598-604.

4Евтюхова Л.А., Киселев С.В. Девятый сезон раскопок Саяно-Алтайской экспедиции ИИМК и ГИМ. – КСИИМК, 1940, III, с. 39-42.

5Вайнштейн С.И. Курганы и стелла древнетюркской надписью в урочище Хербис-Баары, – "Уч.

Зап. ТНИИЯЛИ". – Кызыл, 1963, X, с.264-267.

6 Кзыласов Л.Р. Новая датировка памятников енисейской писменности. СА., 1965, №3, с.38-49.

7Radloff W. Die alturkkischen Insriften der Mongolei, Dritte Lieferung. St. - Pbg., 1895, с.301.

8Киселев С.В. Краткий очерк древней истории Хакасов. Абакан, 1951. с. 70-73.

9А von Gabain. Alt-tturisches Schrifftum6 – “Sitzungberichte der Deutschhen Akademie der Wissenschafen zu Berlin”, phil. –hist. KI., Jg. 1948,III, Вегlіn, 1950, с.12.

10Щербак А.М. Енисейские рунические надписи. М.,1987.

11Кормушин И.В. Косновным понятиям тюркской рунической палеографии. Советская тюркология, Баку, 1975 с. 27 N 2.

12Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, Мектеп", 2003. с.293.

13Rlauson G. The origin of the Turkish "runic" alphabet. — "Acta orientalia", XXXII, Copenhagen. 1970, c.71.

14Кормушин И.В. К основным понятиям тюркской рунической палеографии // СТ. 1975. N 2

с.57.

15Малов С.Е. Памятники древнатюркской письменности Монголии и Киргизии. - М; Л.: Изд-во АН СССР, 1959.

16Винник Д.Ф., Кожамяко П.Н. Памятники древнетюркской письменности из урочища АйртамОй // Новые эпиграфические находки в Киргизии. - Фрунзе: Изд-во АН КиргССР, 1962. с. 5-10.

17КызласовД.Р. Одатировкепамятниковенисейскойписьменности// СА. 1965. N 3 с. 44, прим.

3.

18Сарткожа. Орхон муралары. Астана, 2003, 5-91 бб.

19Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. М., 1951 с. 604-610.

20 Кляшторный С.Г. История Центральной азии и памятники рунического письма. Спб. 2003.

с.38.

21 Щербак А.М. Знаки на керамике, с 338.

47

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

22 Лившиц В.А. О происхождении древнетюркской рунической письменности. СТ. 1978, N 4 с.

93.

23 Donner.O. Sur l'origine de l'alphabet turc du nord de L’ Asie, 'Journal de la Socete Finno-Ougrienne" (JSFOu), XIV,1, Helsinfors, 1896, pp 17, 21, 70.

24Щербак А.М. О рунической письменностив юго-восточной Европе. "Совтеская тюркология" N4, 1971, с.81.

25Грязнов М.П., Кляшторный С.Г. Надпись или олень? (по поводу одной публикации). "Народы Азии и Африки", N 2, 1966 с.131. * Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма.

Алматы, "Мектеп", 2003. с.293.

УДК 81`1

Бектемірова С.Б.

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы e-mail: saule.bektemirova77@gmail.com

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАРАБОЗ ҰЛЫ

Сендер мені іздеңдер: Талаптардан, Талап іздеп талмаған қанаттардан. Ғылым қуып, ой қуып жалықпаған, Арасынан іздеңдер санатты арман.

Ғалым туралы сөз – қашанда ғылым туралы толғану:

Академик А.С. Аманжолов қазақстандағы көне түркілік жазба мұрағаттар тілін зерттеуші санаулы ғалымдардың бірі. Жарты ғасыр ғұмырын түркі филологиясына, жалпы түркітану, ата-баба жазуының этногенезі мəселелеріне, түркі халықтарының көне жазуының тарихына, оны оқудың тəсілдеріне, сөздердің мəн-мағынасына көңіл бөлген, олардың жазу мəдениетінің құпия сырын ашуға еңбектенген Алтай Сарсенұлы өзінің ғылымдағы өмірін ешқашанөзгерткенемес. Ғалымныңдəрістерінтыңдаған, ұлағаттысөздерінестігеншəкірттері бүгінгі таңда Қазақ елінің түкпір-түкпірінде қызмет атқаруда. Сол шəкірттерінің ішінде ағайдыңдəрістерінтыңдап, біркафедрадақызметатқарып, дəріссабақтарыныңсеминарларын жүргізу мен үшін үлкен бақыт. Асыл байлықтың алтын қоры халықта екендігін, ондағы мəдени қордың əлі де қалтарысты қалып келе жатқан салаларына мəн беріп, зер сала қарап, ғылымның көкжиегін кеңейтетін деректер табыла беретіндігін «осынша сырды шертетін атамекен – көненің көзі, рухани дем беретін қолдаушымыз да, қорғаушымыз да екені аян. Оның бедерлі белгілері мен қойнауы толған қазына ескерткіштерін қорғап, зерттеп, біліп, жанымызды жадыратар кеніштеріне ізгілікпен қарау парыз», – дейді Ұлы Қазақ елінің перзенті, патриот ғалым, филология ғылымдарының докторы профессор, «Еңбек Ардагері» медальнің иегері (1988), «Қазақтың тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының құрметті мүшесі» (1990), Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі (1995), Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Құрмет» орденінің иегері, (1999), Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық сыйлығы мен Алтын медаль иегері (2000), Қазақстан Республикасы Өнер академиясының академиігі (2007), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009) – Алтай Сарсенұлы Аманжолов.

А.С. Аманжоловтың ғылыми зерттеулері тіл мен жазу тарихының көптеген мəселелерін қамтитын түркі филологиясы мен тіл білімі бойынша 200-ге тарта еңбегі жарық көрді. Ғалым филология ғылымдарының төрт докторын, жиырмаға жуық ғылым кандидатын дайындады.

А.С. Аманжоловтың Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер, Түркі филологиясыменжазутарихы, Көнетүркіжазуының тарихыментеориясы(Алматы, 2003, 2010 жж.) мен өмірінің соңғы уақыттарында жазып қалдырған Опыт изучения тюркских

48

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

языков (Алматы, 2012 қазан) атты сүбелі еңбектерінде көне түркі руникалық графикасына түбегейлі талдау жасалған, Қазақстан бойынша бірнеше эпиграфикалық материал берілген, түркі руникалық алфавитінің қалыптасу тарихына қатысты маңызды теориялық тұжырымдар айтылған. СоныменқатартүркіруникалықграфикасынақтыдəйектемелерменжəнеҚазақстан аймағынан табылған эпиграфикалық материалдарға жан-жақты талдаулар жасау негізінде түркі руникалық əліпбиі генезисі жаңа көзқарастармен зерттелінген.

Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың «Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Ақ теңізге дейінгі Ұлы далада өз билігін жүргізді. Бізге өшпес қаһармандық эпос жəне мол рухани қазына қалдырды. Тұңғыш рет əлемге өнеге болған ортақ шаңырақ – киіз үйді, темірді, шалбарды,

жебені, етікті жəне үзеңгіні ойлап тапты» – деген қанатты сөздеріне тоқталсақ, Қазақ жерінің əлемдік өркениеттен аулақ болмағандығын тереңнен таныған ғалым зерттеулерінің маңызын түсініп, оның құндылығын бағалауымыз кейінгі тəуелсіз ұрпақтың парызы деп білеміз.

А.С. Аманжолов көне түркі жазуы ескерткіштеріне ғылыми талдау жасай отырып, бұл жазудың аса бір құндылығы, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі де көне түркі тілі болғанын дəлелдей келе, түркі руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыз 1500 жыл бойы қолданған төл жазуы екенін дəлелдеген. А.С. Аманжолов көне түркі тілінің лексикалық, дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеп, түркология ғылымына мол үлес қосқан тұлға. Түркі халықтарының мəдениеті дүниежүзі мəдениетімен ұштасып, бүгінгі жəне болашақ ұрпақтың асыл қазынасы болып отыр. Ғалым бүкіл өмірін, сарқылмас қазынасын көк түркінің баға жетпес мол байлығын зерттеу негізінде кейінгі ұрпақтың болмыс бітімі мен ой-санасына түрткі болатындай ұшан-теңіз еңбек қалдырды.

Көне түркі руникалық ескерткіштерінің Қазақстандағы бірегей маманы, ардақты ұстаз, ғалым А.С. Аманжолов бүгін арамызда болғанда 85 жасқа толар еді. Əйтседе «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзінің артынан қалдырып кеткен ғалым мұралары қазақтың рухын оятатын, қасиетті атамекеннің тылсым тарихын жаңғыртқан еңбектері жас буын өкілдерін өзінің ата-бабасының жазуы арқылы өз халқының тарихын тереңнен тануға, əрі сол кезеңдегі, яғни көне түркі дəуіріндегі ескерткіштер мен сол заманнан бізге жеткен рухани-мəдени құндылықтары мен мол жəдігерлері толықтай дереккөз бола алады. Сөзімнің соңын Алтай ағайдың өзінің мынадай жыр шумақтарымен аяқтағым келеді: Елжіреп елге жүрегім, Еркелеп мəңгі жүремін. Көзіндей ата-бабаның, Көріндің маған, өр елім!

Өмірдегі басты жетістік өз өміріңде тындырған ісің.

Белгілі түркітанушы, ғалым Алтай Сəрсенұлы Аманжоловтың өр тұлғасы, теңдессіз ғалым бейнесі біздің санамыздан ешуақытта да өшпейді. Ғалымның хаты өлмейді демей ме, дана халқымыз. Артына мол мұра қалдырған Алтай Сəрсенұлының жарқын бейнесі əрдайым жадымызда қалады. Ғалымның ғылымға берілгені соншалықты орта ғасырда өмір сүріп, таза ғылыми шығармашылықпен айналысқан ата-бабаларамыз Əл-Фараби, Махмұд Қашқариларды еске салады. Сол ғұламалар ғылым тазалығына қалай көңіл бөлсе, Алтай Сəрсенұлы да ғылымға сондай құрметпен, таза жүрекпен қараған. Ғалымның соңғы жарық көрген кітаптарының бірі «Түркі филологиясының негіздерін» оқып отырсаңыз, ғалымның ғылымға деген тазалығына, өз ұлты деп соққан жүрегінің ақтығына қайран қаласыз. Еңбек күрделі, түркологиялық ғылыми зерттеу болсадағы, əдеби шығарма секілді бас алмай оқисыз. Оқығансайынтереңінебойлап, қайтараоқысаңызқайтаракөпбайламдартүйесіз. Оныңсебебі еңбектің жүйелілігі, сондай ыждаһатпен жазылғандығы, автордың жүрегін жарып шыққан сөздерден тізілгендігі, жəне де ғалымның келешек ұрпаққа айтқан өсиеті екендігінде. Иə өсиеті секілді, өйткені еңбектің əр бір тарауынан кейін өз ойын қорытып, сол мəселе бойынша жастарға жол сілтеп отырған. Ғылымға қалай келу керек, ғылыммен қалай айналысу керек, ғылым жолы қандай болады деген секілді сұрақтардың жауабын осы еңбектен таба аласыз.

Енді еңбектің мазмұнына тоқталсақ, кітап он тараудан тұрады. Əр бір тарауға автор лайықты ат беріп отырған. Бірінші тарау – түркі филологиясының өзекті мəселелері, зерттеуші толғаныстары; екінші тарау – тіл жəне этнос, атаулар сыры; үшінші тарау – төркіні бір тіл өрісі; төртінші тарау – түрік тілі. Тілдік үлгілер; бесінші тарау – көне түркі

49

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

руникасы; алтыншы тарау – көне түркі графикасының өзге түрлері; жетінші тарау – көне түркі ескерткіштерін зерттеу жолында; сегізінші тарау – «Құтадғу біліг» дастанынан үзінділер; тоғызыншы тарау – араб, латын, орыс графикасы негізіндегі қазақ жазуының үлгілері; оныншы соңғы тарау – петроглифтер əлеміне саяхат. Ары қарай қорытынды сөз, «Түркі филологиясына кіріспе» пəнінің типтік бағдарламасы берілген.

Кітапты ғалым өзінің ардақты əкесі қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың бірі Сəрсен Аманжоловтың жарқын бейнесіне арнаған болатын. «Түркі филологиясы мен тіл ғылымының кемеңгері, ардақты əкемнің жарқын бейнесіне арнаймын».

Еңбек жалпы түркі филологиясына, түркітанудың өзекті мəселелеріне, түркі тілдері мен халықтарының қалыптасу тарихына, жекелеген түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне, көне түркі жазуының тарихына, жазба ескерткіштерді талдауға арналған. Түркітануға келем деуші, осы салаға қызығатын жас мамандарға, студенттерге, түркітануға қызығатын жалпы қауымға арналған тамаша еңбек. Еңбектің ғылымилығы да, көркемдік тілі де толыққанды. Автордыңосыеңбегінқайтараоқуданешжалыққанемеспін. Оқығансайынтанымкөкжиегіңіз кеңейе түседі. Түркі филологиясының өзекті мəселелері, зерттеуші толғаныстары деп аталатын бірінші тарау – жазба дəстүр жəне əдеби тіл; сөз Қазақстан эпиграфикасы жайында; өнегелі өмір, нұсқалы жол; Қытайдағы түркітану жəне жазу туралы ойлар; Бауырлас елдің бауырмал құшағы; Түрік еліне, Түрік жеріне ризамын; Əке туралы толғаныс

деп аталатын шағын тараушалардан тұрады. Мұндағы əр бір тараушалардың не жөнінде екендігін аттары айтып тұр. Жазба дəстүр жəне əдеби тіл тармақшасында көне түркі ескерткіштері көне түркі əдеби тілдерінің болғандығы дəлелдейді деген пікірді басшылыққа алған. Көне түркі жазба тілдері тарихи даму барысымен, манихей, соғды араб жазуларындағы жазбадəстүрескітүркіжазбаəдебитілдерініңдамуынажолашып, солбастауданөзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қазақ, түрікмен жазба тілдері тарағаныбелгілі. Жазба тілдіңбірден бір көрсеткіші жазба ескерткіштер екендігі анық. Олай болса көне түркі тіліндегі ескерткіштер, ескерткіштер тілі қазіргі түркі тілдерінің жазбалық сипатын тым тереңнен алатындығын Алтай Сəрсенұлы дəлелді етіп айтқан.

Сөз Қазақстан Эпиграфикасы жайында тараушасында Қазақстаннан табылған тас, металл, сүйек, сазбалшықтарға ойылып жазылған таңбалар, олардағы мəтін, аударамалары туралы жазған. Өнегелі өмір, нұсқалы жол деп аталатын шағын мақала түркітану ғылымындағы елеулі еңбек атқарған лингвист, этнограф, археолог, түрколог, ғалым, қоғам қайраткері В.В. Радловқа арналған. Алғашқы табылған көне түркі ескеткіштерінің қомақтылары болып саналатын Күлтегін, Білге қағанға арналған ескерткіштерді Н.Ядринцевтің тапқаны белгілі. Көне түркі жазуының құпиясын дат ғалым В.Томсен ашқаны тағы белгілі. Алайда аталмыш ескерткіштердің алғашқы болып аудармасын жасап, жариялаған ғалым В.В. Радлов болатын. Көне түркі ескерткішетрінің мəтініне аударма жасау барысында алғашқыда қателіктер жіберсе де, (В.Тосмен тарапынан түзетілген) кейін сол қателіктерді түзеп, түркітану ғылымына білікті мамандар даярлап, түркі халықтарының фольклорын жинап, тілдерін зерттеп көп еңбек сіңірген тұлға екендігін еш естен шығармаймыз.

Қытайдағы түркітану жəне жазу туралы ойлар. Мұнда ғалым Қытай елінің астанасы Пекинге барған сапарын жазған. Осы мақаласында лингвист ретінде қытай тілінің ерекшеліктерін көрсетеді. «Тəуелсіз Қазақстан мен Қытай елінің ғылыми, мəдени байланыстары кеңейе түсуімен түркітану саласында ортақ зерттеулер жүргізілсе, қомақты табыс пен игі нəтижеге қол жеткізуіміз сөзсіз»,- дейді ғалым. Тарихи жазба деректердің ең ескілері, ең көнесі қытай жылнамалары екендігі белгілі. Көне түркі жазуының жұмбағы шешілмей тұрған кезде Күлтегінге арналған тас ұстынның төртінші бетіндегі қытай иероглифтерімен жазылған мəтіннен түріктердің ханына арналып орнатылған ескерткіш екендігі белгілі болған болатын. Жалпы көне түркілік болсын, орта ғасысрлық болсын біздің тарихымыз Қытай деректерімен тығыз байланысты. Оған себеп жазу сызуы бізден əлдеқайда ерте дамыған қытайлықтар тарихты қағазға жазып қалдырып отырған. Əрине Қытай жылнамалары немесе Қытай деректері тарихтың өңін бұзбай сол қалпында хатқа түсіріп

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]