Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

тəптіштеп дəлелдейді. Көне түркі алфавиті мен ертедегі грек алфавитінің арасында генетикалық байланыстың бар екенін жазады. Ғалым зерттеулерінің негізінде жасалған тұжырым қазақ жазуы тарихының көне бастауларын танытады.

Жазу - адам баласының қолымен жасалған əлемдік мəдени құндылық.

«Тоғыз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» демекші, түркілік мəдениеттің əлемдік деңгейдегі көрінетіні, маңыздысы, ерекшесі - көне түркілік жазбалар. Түркі халқы болып бағаларымыз, бағаланарымыз да – осы. Түркі халықтарының тарихи тектілігін, ұлық мəдениетінің болғандығын анықтайтын тарихи көрсеткіш, нақты тас дерек – осы. Осындай əлемдік деңгейдегі түркілік құндылықты іргелі ғылыми негізде зерттеуші Алтай Сəрсенұлы Саян-Алтай мен қарлы Алатау қатпарларынан табылған көне түркілік мұраларды түркі тайпаларының тарихымен бірге қарастырып, халық тарихының жаңа бір үлкен белесінде жатқан жазумен əдіптелген тағылымды танып, ел игілігіне жаратты. Бұл жолда ғалым негізінен əлемдік көрнекті ғұламалар еңбектеріне иек артады.

Əрине, ғылым тарихын, жазудың ежелгі ізін іздеу жолына түсуі де кездейсоқ болған нəрсеемес, қайсарғалымныңсаналытаңдауыболсакерек. Кімбілсін, кезінде, қазақхалқының этникалық құрамы туралы, көне қазақ ру-тайпаларының ежелгі тарихы туралы тереңнен сыр тартқан ғалым əкенің өзі іске асыра алмаған асыл арманына баласын жетелеген үміті жатыр маекен? Ішкісырынкөпкежариялайқоймайтын, жариялылығынангөріқалтарыссырыбасым ағаның ғылымдағы жолының басталуын өзімізше осылай топшыладық.

Ғалымның көне түркі ескерткіштерінің дыбыстық құрамы, көне түркі жазуының графикасы туралы еңбектері ғылыми ортада өз бағасын алған. Академик А.Н.Кононов А.С.Аманжоловтың «К генезису тюркских рун» атты мақаласын «Эта одна из лучших работ по фонетика ТРП» деп жоғары бағалап, өзінің «Грамматика языка тюркских рунических памятников VII-IX вв.» атты классикалық еңбегінде пайдаланып, сілтеме жасайды [2, 60].

Алтай Сəрсенұлы көне түркі жазуының дыбыстық құрамын жүйелеп, Орхон, Енисей, Талас бойынан табылған ескерткіштердегі таңбалардың нұсқаларын салыстырып, кесте құрастырады. Бүгінде ғалым құрастырған кестені түркітануға қатысты көптеген əдебиеттерден кездіре аламыз. Сонымен қатар, А.Аманжолов жекелеген таңбалардың дыбысталуына, мағынасына тоқталады. Мəселен, Енисей ескерткіштерінде кездесетін e таңбасын В.Томсен дауысты е дыбысын білдіретінін жəне алғашқы буында ғана келетінін жазады. Р.Жиро да В.Томсеннің пікіріне қосылған. Ал Алтай Аманжолов бұл туралы «Буква e енисейских надписей, как выявляется при тщательном обследовании, имеет собственное звуковое значение Ї, і (подобно букве I Ї, і)» дей келе, «Следовательно, звук е не имеет специального обозначения в тюркском руническом алфавите» деген қорытындыға келеді [3, 51]. Сонымен қатар, V таңбасын С.Е.Малов, В.Банг, Т.Текин сынды ғалымдар «baš» деп, И.Л.Кызласов «ïs» деп оқыса, А.Аманжолов «rt» деп оқиды [4, 36].

Алтай Аманжоловтың кандидаттық диссертациясы көне түркі ескерткішінің синтаксисінеқатыстыболғанынжоғарыдаатапөттік. Осыжөніндефилологияғылымдарының докторы, профессор А. Салқынбай: «Бұл тек өз кезі үшін ғана емес, қазіргі түркологиядағы тарихи синтаксистің ең аз қарастырылған бөліміне арналған тың зерттеу болатын. Шындығында осындай күрделі мəселеге Алтай ағадан кейін де батылы жетіп бара алған ғалымдар ілуде біреу ғана. Е. Ағмановтан өзге тарихи синтаксистің терең де күрделі теориялық мəселелеріне барып, зерделеп жүрген ғалымды біле бермейтініміз де рас» деп баға береді [5, 87].

А.Аманжолов Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық бойынан табылған эпиграфикалық ескерткіштер, сақ қорымдарынан табылған жазулар, Жетісу өңіріндегі тастағы жазбаларды ғылым айналымына енгізіп қана қоймай, қазақ даласын мекен еткен көне тайпалардың автохондығын дəлелдеген.

Мұражай қорларын аралап бұрын-соңды жарық көрмеген, оқылуын күтіп жатқан эпиграфикалық ескерткіштерді жариялаған да Алтай Аманжолов. Мəселен, ғалым Жамбыл облыстық өлкетану мұражайының қорында бауға тағылатын тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығындағы руникалық жазуды оқыған, сол сияқты ғалым 1906 жылы Елек өзенінің

31

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

алқабынанИ.А.Кастанье тапқан қола айнадағы руникалық жазуды оқығаны туралыбылайдеп жазады: «Сырткөзгешалынабермейтінмұражайқоры... Біздіңназарымыздыерекшеаударған жиырмаға жуық қола айна болды. Бүгінде бедері кетіп, белгісі өше бастаған ертедегі қола айнаның ең үлкені – дөңгелек шарайнаға (диаметрі 17 сантиметр) үлкейткіш шынымен (лупамен) тесіле көп қарауымызға тура келді» [6, 247].

1960 жылы археолог Ф.Х. Арсланова Павлодар облысының Бобровое селосының маңынан б.з.д. V-IV ғасырларға жататын бетінде руникалық жазуы бар сүйектен жасалған айылбасты табады. Алтай Сəрсенұлы бұл жазуды aq sïqïn деп оқып, «Между тем, для выяснения ритуального назначения предмета, на котором вырезана прототюркская руническая надпись «Белый Олень», необходимо рассмотреть культ оленя в ранней этнической традиции алтайских (протюркских) кочевых племен и народностей Центральной Азии» деп жазады [3, 197].

Ғалым түркі халықтарындағы бұғы, маралға қатысты наным-сенімдерді айта отырып, көне түркі тіліндегі sïqïn сөзін қазіргі түркі тілдерімен салыстырады.

АкадемикƏ.Х. МарғұландаөзеңбектеріндеРимжазушыларыныңғұндардыңортасынан жазып алған аңызы бойынша, ақмарал ғұндарға елес беріп, жол көрсетіп отыратындығын айтады. Сонымен қоса, академик «Ақмаралды осы күнге дейін қадірлейтін ғұндардың ұрпағы қазақ ұлысы. Жақсы туған қызын əрі ақылды, əрі сұлу болсын деп Ақмарал деп атайды...

Қытайдың ең ескі замандағы шежірелерінің суреттеуінше, ғұндардың арғы тектері (Ху, Жун, 722 ж) ылғи ақбөріменақмаралдытобыменқолдарынаұстайтынболған» депжазады[7, 198].

А. Аманжолов амулеттің қызметін «Чудотворная дарственная формула, начертанная древнейшими тюркскими рунами на иртышском амулете – «олене», призывала, таким образом, зооморфное солнечное божество озарить светом путь челевеческой душе в царстве теней» деп түсіндіреді [3, 199].

Алтай Сəрсенұлы Есік қорғанынан табылған 26 таңбалы күміс тостағаншадағы жазуды оқып, аудармасын жасайды. Ғалым жазу біріншіден, көне түркі руникалық жазбаларына, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға ұқсайтынын айтады. Жазудыкөнетүркітіліндеоңнансолғақарайбылайоқиды: Aγa, saηa očuq! Bez, čӧk! Boqun ičrӓ [r?] azuq! …i . Сонымен қатар ғалым мұны «Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» деп аударады [3, 223 б.]

А. Акишевтің: «К настоящему времени единственной достаточно аргументированной гипотезой и языковой принадлежности саков юга Казахстана и Средней Азии является гипотеза об из ираноязычии. Считается, что, по крайней мере, они были индоевропейцами. Этого мнения придерживается и автор данной работы, и поэтому в ней активно привлекаются индоевропейские, индоиранские и иранские материалы из сферы языка, мифологии и литературы» деген пікіріне қарсы шығады [8, 6 б.].

Өз кезінде Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дəндібай мəдениетін зерттеп жүріп Ə.Х.Марғұлан да ирантілдес деген еуроцентристік көзқарасқа қарсы шыққан еді. Профессор Д.И.Дулатова «Оба автора (Ə.Х.Марғұлан мен А.С.Аманжолов – Б.К.) выступает против миграционной теории по отнашению древних насельников Центрального Казахстана» деп Əлкей Хақанұлымен Алтай Аманжоловтың пікірлерініңүндестігінжақсыбағамдап кеткен [9, 99].

А.С. Аманжолов осы күміс тостағаншадағы жазуды жəне қазақ даласынан табылған өзге де эпиграфикалық жазбаларды оқи отырып мынандай қорытынды жасайды: «Тюркский рунический алфавит выступает как очень богатая и вполне самостоятельно сложившаяся графическая система. Тесная генетическая связь тюркских рунических знаков с ранними семитскими, древнегреческими, италийскими (этрусскими, пиценскими, мессапскими, венетскими, ретскими) ималоазийскими(карийскими, ликийскими, лидийскими, сидетскими) буквами объесняется тем, что тюркский рунический алфавит, прошедший весьма длительный путь развития, по-видимому, непосредственно восходит к древнейшему общему источнику алфавитных письменностей. Таким источником могло быть какое-то раннее логографическое или алфавитное письмо ІІІ-ІІ тысячелетий до н.э.» [10, 84 б.].

32

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Ғалым көне түркі ескерткіштерінің графикасын, синтаксисін зерттей келе, ұзақ жылдар бойы қазақ даласының түкпір-түкпірін шарлап, көзбен көріп, қолмен ұстап, баспасөз беттеріндежарықкөргенмəліметтердітексеріп, оқыпаударғанэпиграфикалықескерткіштерді негізге ала отырып көне түркі жазуының генезисі туралы батыл пікір білдіреді. Көне түркі жазуын ары кеткенде V-VII ғасырларда ғана пайда болған деп жүрген белгілі ғалымдардың пікірлерін жоққа шығарып, жоғарыда атаған айылбастағы жазуға, өзге де эпиграфиялық ескерткіштерге сүйене отырып б.з.б. V-IV ғасырларға, яғни 1000 жыл бұрын болғандығын жазады.

Шəкіртке ұстаз сыншы да, үлгі де

Ғалымның əлем ғалымдарының сілтеме жасайтын еңбектеріне эпиграфика саласында жазған сын-мақалаларын, шумерліктер мен түркі параллелдері туралы алғашқылардың бірі болып жазғандығын қосыңыз. Сонымен қатар, ғалымның «қос қанатымның бірі» деп санаған ұстаздық қызметін, методикалық құралдарды, түрлі пəндердің бағдарламасын жасағанын, 18 ғылым кандидатын, 4 ғылым докторын дайындап шығарғанын қосыңыз.

Алтай ағамен көп сырласқан шəкіртінің бірі болдым. Ағай кейде біздің кабинетімізге (326 -кабинет) келіп, көңілде жүрген əңгімелерін айтып, шынайы ақтарылатын, асықпай отырып түскі шəй ішетінбіз. «Қыз Жібек» фильмі үшін жасалған тасты ежелгі жазу деп танығысы келгендерге шындықтың көзін ашып, соны кино үшін ойып жазған кісілерді, режиссерді əкеліп, ақиқатқа көздерін қалай жеткізгені туралы баяндайтын. Қалайша нақты деректерді тапқанын əңгімелейтін. Қазіргідей фотоға түсіретін құралдардың жоқ уағында, суретке түсірудің қандай қиын болғанын жеткізетін.

Бала көңілді ұлық ғалым əңгіме айтқанда өзі де əсерленіп айтар еді, көңілінің, жүрегінің сəбидей таза екені əр сөзінен, үнінен сезілер еді.

Бірде ағайға: - Біраз шəкірттеріңіз бар ғой. Артыңыздан еріп, еңбегіңізді жалғастыратыны, көңіліңізден шығары кім? - деп тосын сұрақ қойғаным есімде. Ағай сəл ойланып барып: - Ораз Сапашев ғылымда көп еңбек етті, жақсы ғылыми жұмыс жазды. Əкемніңеңбектерінқайтабастырудадакөпкөмегінтигізгенеді. Оразжақсығалым, - депбіраз демін басып алып барып, - Сосын, əрине, Оразалиева Эльмираның кандидаттық диссертациясына ғылыми жетекшілік еттім. Қарапайым да, мəдениетті жан. Кейін Нұрсұлу Шаймерденовадан докторлық диссертациясын қорғағанда да қорғауына шақырған еді, Бардым, пікір айттым. Ғылыми еңбегі қазіргі жаңа тақырыпқа арналған еді, алайда бұрынғы тарихқа да жақсы талдау жасап, қазақ тіл білімінің тарихындағы А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов жəне С. Аманжолов еңбектерінің ғылымдағы орнын жақсы көрсеткенін ерекше атап өткен едім, - деп, қазіргі Н. Назарбаев университетінің профессоры Э. Оразалиева туралы жақсы пікірін білдіргені бүгінгідей есімде.

Əке кітаптарын шығарудағы Алтай ағайдың еңбегі де ерекше. Өзі де əсерленіп айтып, көңілдене отырып əңгімелейтін. Қуанатынбыз.

АлтайСəрсенұлыұлтмүддесіүшін, ортақтүркілікидеяүшінаянбайеңбекетті, жастарға үлкен үміт артты. Ғалым мұрасы ұлт үшін жазылды. Өкінішке орай, үлкен еңбекпен оқылған, ашылған, зерттелген қазақ даласындағы жазулар туралы тек кішігірім топ, ғылыми орта ғана хабардар. Ғылым ұлт үшін қызмет етуі керек. Соңғы кездері ғана мектепте 6 сыныптың бағдарламасында «Күміс тостағандағы жазу» туралы мəтіндер беріліп жүр. Білікті ұстаздар мектепте, оқытушылар университеттерде жүрекке мақтаныш ұялататын осындай фактілерді айту керек, пайдалану керек деп ойлаймыз. Жұбан ақын жырлаған «Қазақпын деп мақтанатын» күнге жеткізу, барымызды көрсетіп, құндылықтарымызды дəріптеп, бұқпалықтаншығып, еркінойлайтыназаматтəрбиелеубəріміздіңміндетімізгеайналуыкерек. Сонда ғана шын мəнінде «рухани жаңғырып», көне түркі бабаларымыз жазып кеткен «Мəңгілік ел» болуға жол ашылады.

Əдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Опыт изучения тюркских языков. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 с.

33

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

2.Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников VII-IX вв. – Ленинград:

Наука, 1980. – 255 с.

3.Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. – Алматы: Мектеп, 2010. – 368

с.

4.Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 252 б.

5.Салқынбай А.Б. Қазақ тіл білімі тарихы. – Алматы: Қазақ университеті: 2016. – 219 б.

6.Аманжолов А.С. Түркі филологиясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 2012. – 344 б.

7.Марғұлан Ə.Х. Шығармалары. 13-том. – Алматы. 2012. – 576 бет.

8.Акишев А. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 176 с.

9.Дулатова Д.И. Вопросы истории и культуры тюрков в трудах А.С.Аманжолова // Вестник КазГУ. Серия историческая. – 1996. - №3. – С. 96-102.

10.Аманжолов А.С. К генезису тюркских рун // Вопросы языкознания. – 1978. - № 2. – С. 76-87.

ƏОЖ 811.512

Саурықов Е.Б.,

ф.ғ.д., профессор,

Молгаждаров Қ.К.

ф.ғ.д., доцент Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ., Қазақстан е-mail: e_saurykov@mail.ru, kasiet_k@list.ru

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ ХАҚЫНДА

Түйіндеме: Мақалада ғылым жолындағы бар ғұмырын көне түркі руника жазуына арнаған, елеулі еңбек еткен ұлтының біртуар асыл да аяулы перзенті рунолог, түркітанушы, полиглот ғалым АлтайСəрсенұлыАманжоловтыңғылымиеңбектеріндегікөнекөзтарихижəдігерлерімізжайлыайтқан басты бастауларынан, қайнар көздерінен, түп тамырына қатысты зерттеулерінен танымдық бағытта мағлұматтар беріледі. Сонымен бірге сырын ішіне бүккен, құпиялы Орхон, Енесей, Талас жазба ескерткіштері мен əртүрлі заттардағы көне түркі руника жазуының кілтін тауып оқып, ғылым əлеміне айналдырған қазақ ұлтының алғашқы рунолог ғалымы екендігі сөз етіледі. Ғалымның ғылыми негіздерін, айтқан пікірлерін, келтірген мысалдарын қуаттайтын айтулы тарихшы, əдебиетші, тілші ғалымдарымыздың ғылыми еңбектерінен деректемелер келтіріледі. Кеңес дəуірі кезінде жалпы түркітанушығалымдардың арасынан əлемдіккеңістікте алғаш болып шумер тілі мен көне түркі тілінің сабақтастығы жайлы сөз қозғағанын жəне бүгінде шумертанушы ғалымдарымыздың еңбектерінен есімі мен зерттеу негіздемесі орын алып, жаңа деректемелермен толықтырылып жатқандығы мəлімделеді. Жалпы қорытынды түйіндемеде автордың ғылымдағы сүбелі орнына, ғұлама дəрежесіне қол жеткізудің факторлық жақтары мен себептері сараланады.

Кілт сөздер: рунолог, түркітанушы, көне түркі, руника, сақ дəуірі, күміс тостаған, жазу

Аннотация: В статье даны сведения позновательного характера об истоках и основах древних исторических памятников, изложенных в научных трудах выдающегося рунолога, тюрколога, полиглота Алтай Сарсеновича Аманжолова, посватившего всю свою жизнь исследованию древнетюркской рунической письменности. Также о нем говорится как о первом казахском ученом рунологе, нашедшего ключ к чтению письменных памятниках Орхона, Енесея, Таласа и древнетюркского рунического письма, который был введен им в научной оборот. Приводятся также факты из научных трудов известных историков, литературоведов, ученых-языковедов, подтверждающих значимость научных изысканий ученого-рунолога. Отмечается, что в Советскую эпоху он был первых ученым-тюркологом, начавший говорить в мировом пространстве о преемственности шумерского и древнетюркского языков, что легло в основу дальнейших исследований ученых-шумероведов, которые продолжают дополнять их новыми данными. В заключении анализируется весомое место ученого в науке, причины и факторы его выдающихся достижений.

34

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Ключевыеслова: рунолог, тюрколог, древнетюркскийязык, руника, сакскаяэпоха, серебристая чаша, письмо

Abstract: The article highlights the basics, main sources and researches related to the origins and roots in the scientific works of one of the most prominent people of our nation, runologist, Turkologist, polyglot scientist Altai Sarsenovich Amanzholov who devoted all his life to the ancient Turkic runic writing. It is also said that he is the first runologist of the Kazakh nation, who discovered the secret of the ancient Turkic runic inscriptions, including the mysterious Orkhon, Enissey, Talas monuments and different objects. It provides details on scientific works of outstanding historians, literary critics and linguists, who support the scientist's scientific foundations, his views and examples. It was claimed that during the Soviet era, he was the first among the turkologists in the world who was talking about the continuity of the Sumerian and ancient Turkic languages. Nowadays, his name and scientific basis take a special place among the scientists of Sumerian language and his works are being supplemented with new details. In general, the final summary summarizes the factors and causes of the author's achievement and exceptional position in science.

Key words: runologist, turkologist, ancient Turk, runic, Sachs epoch, silver cup, writing.

Бүгінде түркі əлемінде аты аңызға айналған қазақ ұлтының біртуар аяулы азаматы, асыл перзенті, көрнекті түркітанушы, рунолог, полиглот ғалым Алтай Сəрсенұлы Аманжоловтың ғұмырлы ғылымында өшпестей із қалдырған терең ойлы зерттеу негіздемелері, айтулы да сүбелі пікір-болжамдары ғылыми-танымдық жағынан қуатталып, тұғыры нық, тамыры тереңге тартып бара жатқандығына куəгерміз. Сонымен қатар ғылым жолында тынымсыз еңбек етудің арқасында жалпы көне түркі жазба мұраларына, əлемдік жазу мəдениетіне, қазақ жазуының тарихына қосқан қазыналы құнды еңбектерімен келешек кемел ұрпағымызға танылып, таразы басында əділ де шынайы бағаланып келеді.

Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері жайлы алғашқы мəлімет ХІІІ ғасырдың ІІжартысында (шығыс зерттеушісі Ата Мəлик Жувейни) мəлім болғанымен, зерттеу нысаны ретінде ХІХ-ғасырдың үлесіне тигені белгілі. Қасиетті Ұлы дала жерінде ата-бабаларымыздан мирас болып қалған көне жазба мұраларымыз тарих бедерінен айшықталып, бүгінгі таңда жаңаша бір көзқараста оң бағасын алып, əлемге танылып жатқандығына шүкіршілік етеміз. Асылында, еліміз тəуелсіздік алғаннан бері таным-өрісіміз бен кеңістігімізді кеңейтіп, мəдениетімізді, тарихымызды, салт-дəстүрімізді, тілімізді өз ұлтымыздың асыл перзенттері ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеп, жоғалтқанын тауып, ұмыт қалғанын жаңғыртып, барын қастерлеп жатқанына мақтан етеміз.

Қазақ тілінің қалыптасуы мен даму тарихы аса күрделі де терең екендігі лингвист ғалымдарға мəлім. Ана тіліміздің түпкі тамыры, қайнар көзі архидеректеме, этногенез тұрғысынан сақ, үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларынан бастау алып, көне түркі дəуірінде ТүркіҚыпшақ қағанатының ұйысқан ортақ тілі болып, XIV-XV-ғасырлар кезеңінде «Қазақ» атауын енші еткен халықтың дербес тілі ретінде даму жолын бастап, бүгінгі тəуелсіз күнде жалғасын тауып отырған Қазақ ұлтының, Қазақ елінің мемлекеттік тілі екендігін келешек ұрпаққа түсіндіріп, аманат етіп келеміз. Қасиетті де киелі Ана тіліміз, жазба мұраларымыз небір замандарда тауқымет шегіп, тағдырлы өткел жолдардан, тартысы көп дау-дамайдан, еңсесін түсірген езгіден аман-есен өтіп, халқымен бірге жасасып, өсіп-өніп, дамып, жетіліп келеді. Егеменді Ұлы даламыздың ғұлама перзенттерінің археологиялық, тарихи-лингвистикалық зерттеулерінің нəтижесінде ұлтымыздың, тіліміздің, мəдениетіміздің тарихына қатысты қатқабат тұстары ашылып, көлеңке тұстары айшықталып, көне жазба деректердің негізінде қазақ ғылымы жаңғырып, тамыры тереңге бойлап, жаңа белестерге қол жеткізіп жатқандығы қуантады. Осындай айтулы белестерге қол жеткізген, ғылымның көкжиегін ерте бағып, халқының жазба мұраларын мұрат еткен, түркі əлемінің нар жүгін арқалап, келешек ұрпаққа өсиететіпқалдырған, ұлтыныңмақтанышынаайналғанғалымдарымыздыңбірегейідепАлтай Сарсенұлы Аманжоловты айтсақ артық айтқандық болмас.

Алтай Сəрсенұлының 1996 жылы жарық көрген «Түркі филологиясыжəне жазу тарихы» атты бір ғана ғылыми еңбегінде ұлтымыздың жазба мəдениетіне қатысты тарихи қазынасы мол, тамыры терең, ғылыми танымға толы құнды мағлұматтар көптеп берілген. Жаһандану

35

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

тұрғысынан алып қарағанда, автор көне түркі дəуірінде түркі қағанаты мен жазба мұраларының ортақтылығын, қазіргі таңда айтылып жүрген Ұлы дала жері туыстас түркі халықтарының атамекені болғандығын тілге тиек ете отырып, түбі бір түркі елдерінің татулығы мен бірлігін нығайтуды көздегендігін анық байқауымызға болады. Ғалымның: «Алтай-Саян тау қойнауы жəне Ертістің жоғарғы сағасын көктей өтіп, Сарыарқа мен Жетісу өңіріне созыла жатқан кең аймақ көне түркі этногенезінің аялы алтын бесігі екендігіне ешбір күмəн жоқ, оны дəлелдерлік бұлтартпас деректер де жеткілікті-ақ, тек көреркөз, ізгіжүрекболсаигі» деп, арман-өсиетіменбіргеқазіргітүркіэтностарыныңатажұрт қонысы ортақ екендігіне назар аудартуы, бүгінгі таңда мемлекетіміздің өте маңызды мəселелерінің біріне айналып отырғандығын жақсы білеміз [1, 20]. Халқымыздың қалыптасу тарихына, жазба мұраларына қатысты ғылыми зерттеу негіздер жеткілікті, соның ішінде Алтай Сəрсенұлының жоғарыда айтылған пікір-ойын қоштайтын мəліметтер де жоқ емес. Мəселен, тарихшы ғалымдарымыз қытай деректеріне сүйене отырып, қазақ мемлекеттілігінің тірек негіздері «сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар» дей келе «түркілер ғұндардың бір тармағы, арғы аталары ғұндардың солтүстігіндегі Сақ елінен шықты. Күнбез пішінді кигіз үйде тұрады» деген деректерді жиі алға тартады. Ғалым Б.Тоекина: «Көшпелі өмір салтымен отырықшылықты, яғни қос мəдениетті сонау ықылым заманнан, біздің жыл санауымызға дейінгі дəуірлерде қалыптасты деуге негіз де, дəлел де бар. ...Алматыдан 50 шақырым жердегі Есік өзені бойындағы көне қорымнан алтын киімді сақ жауынгері мен жазуы бар күміс тостағанның табылғаны белгілі. Ыдыстағы 26 таңбадан тұратын екі жол жазу түркі жазбасының тамыры тым тереңде екенін нақты айғақтап берді. Демек, сақтардың төл жазуы б.д.д. Ү-ІҮ ғасырларда-ақ қалыптасып үлгерген» деп кесіп айтады [2, 3-6]. Бұл негіздіқуаттай түсетін, дəлелдейалатын жазу тарихында да деректер баршылық. Осы тұста да Алтай Сəрсенұлының зерттеуіне жүгінуге тура келеді. 1970 жылы аты əлемге əйгілі Алматы облысына қарасты Іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген (Алтын адам) жауынгер мəйіті жəне оның түрлі заттары, соның ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша (С:Қаржаубай «күміс ожау» деп таниды 11, 16 бетте) табылғаны баршамызға белгілі. Мұнда алтын адамнан да қымбат жəдігер күміс тостаған түбіндегі 2 жолға жазылған 26 таңбадан тұратын көне түркі жазу еді. Бұл жазуды А.Аманжолов, Ə.Əбіласан, Т.Сүлейменов, Ə.Хасенов т.б. сынды ғалымдарымыз оқыды. Алайда, осылардың ішінде рунолог Алтай Сəрсенұлының «Аға, саңа очуқ! Без, чөк! Буқун iчpe (р?) азуқ” – Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықта азық-түлік

(мол болғай!)» деп оқыған жəне түсінік аудармасы көңілге қонымды болып, көпшіліктің қолдауына ие болды [1, 43]. Зерттеу барысында археологтар Есік қорымынан табылған мұраны сақ дəуіріне, біздің жыл санауымызға дейінгі V-IV-ғасырға тиесілі екендігін анықтады. Яғни, біздің ата-бабаларымыздың жыл санауымызға дейінгі V-ғасырда-ақ көне түркі жазуы қалыптасқандығын жəне пайдаланғанын айғақтайды жəне өте жоғары дəрежеде қол өнер, тұрмыстық салт-дəстүр мəдениеті болғандығын дəлелдейді. Сонымен бірге Сақ дəуіріне жатқызылып жүрген бұдан да басқа жазба мұраларды атап өтсе болады. Мысалы: Алматы облысы Кеген ауданындағы Қарқора өзенінің солтүстік шығысында (3км) жəрменке болғанжердентабылғанмүсінтастыңсолжақбүйіріндегібіздіңзаманымызданҮғасырбұрын «Қаған алты түрік Алаша өрті» деп көне түркі əліпбиімен жазылған мəдени ескерткіштерді атаса болады [3, 79]. Ғалым келесі бір орыс тілінде жазылған ғылыми еңбегіндегі «Древняя алфавитная письменность тюркского мира» деп аталатын тақырыбында былай дейді: «Свои тысячелетние и безчисленнодневные (вечные) письмена и знаки я там велел врезать на полоском камне. Может быть, это и есть указание на очень давнюю, письменную традицию тюркского языкового мира. Так или иначе, существование алфавитной письменности у раннекочевых племен Южной Сибири и Казахстана документально подтверждается в ностоящиее время двумя прототюркскими руническими надписями из захоронений Ү-ІҮ вв до н.э.» [4, 7]. Осы деректерге жəне көне түркі этногенезін зерттеу негіздеріне сүйене отырып, Алтай Сарсенұлы көне түркі руника жазуының алғашқы бастауларын, яғни бұған дейінгі көрсетілген мерзімнен 1000 жыл артқа шегеріп, əріптік жазудың қалыптасу мерзімін біздің

36

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

дəуірімізге дейінгі Ү ғасырға жатқызады. Яғни, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін жəне осыдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың əліпбилік жазуы болғандығын ғылыми тұрғыдан дəлелдейді. Сонымен қасиетті ана тіліміз қаншама ғасырларды, небір қиындықтарды басынан өткеріп, дамуын тоқтатпай, толығып, жаңарып, жаңғырып, əдебиленіп классикалық тіл деңгейіне жетіп отыр деп айтуымызға болады.

М.Мағауинның: «...Егер арғы тамырымыз Орталық Азияны мекендеген көне тайпалар шежіресінен сөз қозғасақ, онда төрт мың, бес мың тереңге кетер едік» деген болжамын Алтай Сəрсенұлы шындыққа ұластырады (Шумеро-тюркские соответствия и изобразительные логограммы. // Spahe, Geschichte und Kultur der Altaischen Völker. Berlin, 1974. –S 65-71) [5, 6]. Ғалым Орталық Азияның түркі тектес халықтары (тайпалары) ежелден алтай тілдері шеңберінде ғана емес, үндіевропа тілдерімен де қарым-қатынаста болғандығын тілге тиек етеді жəне ата-бабаларымыздың түп тамырын тереңдетуде Сақ, Ғұн дəуірлерімен шектеліп қана қойған жоқ. Көне түркі жазу генезисін ежелгі Египет, Шумер, Үнді, Грек, Финикий, Арамей т.б. жазуларымен салыстыра отырып, сабақтастырып, көңілге қонымды, деректерідəлелді, тереңойлызерттеулерінұсынады. Мысалы, Шумертіліменкөнетүркітілін салыстырып, олардың ұқсас-ерекшеліктерін көрсете отырып, түркі тілінің сол дəуірде жасағандығына назар аудартады. Сонымен қатар түркі тілі жөніндегі ең алғашқы мəлімет Месопотамияныңоңтүстігінен(шумерден) табылғанб.д.д. ІҮ-ІІІмыңжылдықтардымеңзейтін идеографиялық жазба ескерткіштерінен байқалатындығын, көне түркі тілімен біршама лексикалық сəйкестіктері барын жəне шумер тілінің алтай тілдерімен (түркі, монғол, тұнғысманжұр) туыстығы жөнінде К.В.Керам, Ф.Хоммель, С.П.Толстовтардың ғылыми негізді пікірлерін сөз етеді. Осыған қатысты шумертанушы қазақ ғалымы Г.Қосымова былай дейді: «Мен шумерлер тілі мен көне түркі тілінің, яғни біздің ата-бабамыздың тілінің туыс тілдер қатарына жататынына жəне алтай тілдер тобына кіретін түркі тілдерінің шумерлер дəуіріненбұрын да болғанына ғалымдар зерттеулері арқылы көз жеткіздім. Сына жазуымен жазылған шумер кестелері, ойлап қарасақ түркі тілінің ең көне жазба ескерткіші болып шықты. Ғылыми негіздемелер мен зерттеулер нəтижесі қазақ тілінің жасын түркі тілдерімен бірге ұзартып, шумер дəуірімен байланыстырады. Мен ғалым, шумертанушы түрік ғалымы Осман Тунаның пікірін көпшілікке ұсына отырып, түркі тілдерінің бір тармағы – қазақ тілінің сан ғасырлық тарихы бар екенін жəне шумер тілімен сабақтаса дамығанынайрықшамақтанышпенайтқымкеледі. Сондықтансынажазуларындағытіл, сөз ұқсастықтарына қарай, сөзге шешендігі, зеректігі мен дарындылығына қарай отырып, шумерлер қазақтардың ежелгі ата-бабасы деген болжамды айтсақ, қателеспейміз ғой деп білеміз. Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас деп К.В.Керам, Ф.Хоммель кесіп айтады. Қазақстан ғалымдары арасында осындай пікірді түркітанушы ғалым А.Аманжолов 1969 жылы Германияда өткен конференцияда жасаған баяндамасында айтқан. Кейінгі зерттеулер А.С.Аманжоловтың келтірген деректерінің дəлдігі мен ақиқатын айқындай түсуде» деп мəлімдейді [6, 28-30]. Шыны керек, кеңес заманында мұндай батыл пікірді шетел түгіл өз еліміздің мінбесінде тұрып айту қауіпті болатын. Алайда көреген ұстазымыздың кезінде айтқан болжамы, бүгінде ғылыми тұрғыдан шындыққа ұласып, оң нəтиже беріп жатқандығы қуантарлық жағдай.

Академик Алтай Сəрсенұлы – жалпы жазудың 4 (пиктографиялық, идеографиялық, силлабикалық, дыбыстық-əріптік) түрін де толық зерттеген, зерделеп, құпия сырын ашып, түсінік сипаттамасын жасаған, көне, ескі жəне қазіргі түркі, көне қыпшақ, қытай, тибет, шумер, француз, венгр, араб, монғол, көне ұйғыр, шағатай т.б. тілдеріндегі материалдарды, жазуларды оқып меңгерген жəне қазақ, ағылшын, орыс, неміс, түрік тілдерінде ғылыми еңбектерін жаза білген, жариялаған алғашқы қазақтың дарынды ғұлама ғалымы. Сонымен бірге мектеп, колледж, жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдарын шығарған ұстаз-ғалым.

А.Аманжоловкөнеескерткіштертабылғанаймақтарғаарнайыбарып, көнемұралардыөз көзімен көріп, суретке түсіріп, жан-жақты талдап зерттеумен айналысқан. Мəселен, Павлодар

37

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

облысынан табылған түйреуіштің сыртындағы жазуды «Ақ сықын (суқын) – Ақ марал» деп оқыды. Елек өзені бойынан табылған қола айна сыртындағы жазуды жəне Ертіс өңірінен табылған мұраларды да оқуы күдік туғызбайды [1, 42-43, 90-96 беттер]. Көне түркі рунамен жазылған Орхон, Енисей, Талас, Лена, Байқал, Онгин, Селенгі, Сыр. Ертіс, Іле, Жайық, Шу т.б. өзендері мен қойнауларынан табылған жазба ескерткіштерді тілдің салалық (фонетика, лексика, грамматика) тұрғысынан кешенді түрде зерттеп, ұқсас-ерекшеліктерін ажыратып берген. Негізінен көне түркі руника жазуы оңнан солға қарай жазылғандығы түркітанушы ғалымдарғамəлім, алайдакейбірТаласжəнеЕнесейжазбаескерткіштерініңсолданоңғақарай жазылғандығын біле бермейміз. Мұны да алғаш байқағандардың бірі –Алтай Сəренұлы еді [7, 238]. Сонымен қатар көне түркі жазба ескерткіштерінің диалектілік ерекшеліктері барын анықтап береді жəне бүгінгі күнге дейінгі ғалымдарымыздың туыстас түркі тілдерін жіктеген кезде түркі тілдерінің диалектілері мен нақты даму тарихын ескермегендігін де орынды сынайды. Мұның бəрі өн бойындағы ғылымға деген тазалықтың, алғырлықтың, біліктіліктің, жауапкершіліктің, жанашырлықтың, мəдениеттіліктің нышаны екендігін байқатады.

Шұбартау бауырынан табылған қой тастар бетіндегі петроглифтерді зерттей келіп,

ғалым былай дейді: «Бұл тастардағы суреттердің мазмұн желісі – адамдардың жабайы аңдарды жаңа үйрете бастаған кезін бейнелеген. Демек, бұл кезеңді археологтардың топшылауына сүйенсек, жаңа тас дəуірі немесе неолит кезі деп білуіміз керек. Былайша айтқанда, осыдан 7-5 мың жыл бұрын болған дəуір. Қалба тауының қойнауынан табылған сондай бір петроглифті ғалым “абам” деп оқыған. Қазақша мағынасы – атам, үлкен ағаш»

[1, 103]. Яғни, Ұлы дала атанған қазақ жерінде пиктограммалармен қатар петроглифтер де кездесетінін жəне қазақ ру-тайпаларының таңбалары мен нумизматикалық таңбаларды да осы топқа жатқызуға болатындығын айғақтайды. Ертіс бойынан табылған идеографиялық жазудың үлгілері мен басқа да жазу түрлері барын білеміз. Осыған ұқсас көріністер Жетісу бойында, таңбалы сайда да сақталған. Ғалым мұны идеограммалардың сол заман адамдардың түсінік қабілетіне сəйкес болғандықтан, олар бұл жазуларды ажырата білген жəне жазудың бұл түрі Орталық Азия, Қазақстан жерінде ұзақ сақталып, оның символдық нұсқалары келекеле көне түркі жəне қазақтың ен-таңбаларына да айналған сыңайлы деген жорамалын жасайды. Қалай дегенмен де, көне түркі əліпбиі түркі халықтарының (ру-тайпалары, ұлыстары) төл таңбаларынан қалыптасқандығына ешбір күмəн жоқ. Түркітану ғылымында соңғы кездері «көне түркі жазуы өз этносының туындысы» деген пікір белең алып, басым түсуде. Мұндай пікірдің қалыптасуына да ғалым-ұстазымыздың зерттеулерінің ықпалы зор демекпіз.

Алтай Сəрсенұлы көне түркі руникалық жазба материалдары негізінде ономастика мəселесіне де аса көңіл аудартып, тың пікірлер ұсынып, келешектің талқысына қалдырып отырады. Мысалы: түркі, кеңерес, қырғыз, тоғыз оғыз, сегіз оғыз, кеңгер, үйсін, қаңлы, түргеш, қыпшақ, қазақ т.б. Осылардың ішінен екі-үшеуіне қысқаша тоқтала кетелік. Автор Сарыарқадағы Кеңгір өзенінің атауы Кеңгер (Шумер) жерінің атауымен үндес келуіне

(Шумердің өз аты аккад-семит тілінде бұрмаланып айтылғандығын, шын аты Кенгер немесе Кеңер болғандығын атақты шумеролог А.Фалькенштейн дəлелдеген), Моғойн Шинэ-

ус ескерткішінде кездесетін «қубчақ-қыпшақ» атауына, Енесей ескерткіштеріне жататын Ұйық-Тұран тасындағы жазуда бедерленген «қазғақ-қазақ» атауына байланысты өз көзқарасын білдірген. Мысалы: «Үч йетміш йашымқа адырылдым. Егук Қатун йерімке адырылдым. Теңрі елімке қазғақым оғлым не уз оғлым алты бің йунтым (бөкмедім). Аудармасы: Алпыс үшжасымда айырылдым. Егүк-Қатұн жерімненайырылдым. Тəңіріеліме олжалаушы ұлым, неткен шебер ұлым, алты мың жылқым (бөгіп тойынбадым)» деп оқып,

қазғақым оғлым «олжалаушы ұлым» тіркесіндегі қазғақ сөзі қазға(н) «олжалау, тауып алу» етістігінен жасалып, «олжалаушы» мағынасына ие болғаны, қазақ этнонимімен төркіндес екендігі байқалады (қазғақ-қазақ)» деп қазақ атауына қатысты пікір-болжамын білдіреді [8, 120]. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ХҮ-ғасырда жазып қалдырған «Шипагерлік баян» атты ескі қазақ шежіресінде «Қазғақ күнби қазақ халқының арғы атасы» деп көрсетілген. Мысалы: «Қазғақ төр иесі аға атанып, орнаулы тағына отырды. Халық бақытқа кенеліп, шаттық

38

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

мерейінде қуана биге басты. Сан-санақсыз жиналған адам Қазғақ елі атанып, «Қазғақ» атанусоданбасталады(ТілеуқабылұлыӨ. Шипагерлікбаян. Алматы, 1996.-405-б). Аталмыш еңбекте«ЕлҚазғаққаілесті, Қазғаққакүнбилікқондырды, Қазғақхалқы, Қазғақкүнби, Қазғақ атанған» т.б. тəріздіқазғақатауыкөптепкездеседім[8, 114-117]. А.АманжоловС.Е.Маловтың бұлсөзді«қызғақымоғлым– моихдочерей» депоқыпаударғанынбіледі[9, 19]. Алайда, автор көне түркі руника жазуының оқылу теориясына сүйене отырып жəне одан кейінгі жазба мұраларда жиі кездесетін «Қазғақ» атауын топшылай келе «қазғақым оғлым» деп оқығанды дұрыс деп тапқан. Қыпшақ этнониміне қатысты пікірін Қаржаубай Сартқожаұлының зерттеу негіздемесімен сабақтастырып бергенді жөн көрдік. Ғалымның зерттеу еңбегінде көңілге қонымды мынадай тұжырымдар жасалынған: «Үшінші түркі қағанатын орнатушы Ел-етміш БілігеТур-айынқағанның3-ескерткішінде(МШУ): Түрк қбчқлгйы(он)лолрмс– Түрүкқыбчақ еліг он йыл олурмыс». Ғалымның зерттеуі бойынша «Біріккен түркі қағанаты 744-жылы түркі қағанатын құлатып, тарих аренасына шықты. Бұған дейінгі билік жүргізушілер түркіқыпшақтар. Олай болса, 744-жылға дейінгі 500 жыл осы түркі-қыпшақтар билігінде болған екен. ...Ендеше байырғы түркі қағанатының тарапынан түркі тілінде жазылған Орхон ескерткіштері Қыпшақ тайпасының тілінде жазылғандығына куə боламыз. Өтсе, ҮІІ-ХІҮғғ аралығындағы «Түркі тілі» деп аталған жазба əдеби тілдің іргетасын қалаушы, ол тілді алып жүруші (носитель) қыпшақ тайпасы болмақ [10, 72-74]. Қыпшақ сөзін Г.Рамстедт, С.Кляшторныйлар дұрыс оқып жазады, бірақ елу мен жыл деген сөздің ортасындағы «он» деген сөздің назарларынан тыс қалғандығын (когда тюрки-кипчаки властвовали (над нами) пятьдесят лет) Қ.Сартқожаұлы ғылыми зерттеу еңбегінде жан-жақты талдап, деректермен дəлелдеп береді [11, 68-69].

Алтай Сəрсенұлы Орхон-Енесей, Талас жазба мұраларының дұрыс оқылуына байланысты заңдылықтарын, жүйесін, орын тəртібін, диалектісін, дауыссыздардың жуанжіңішкелігін т.б. ерекшеліктерін ескере отырып, мəтіндік ұғымдағы мазмұнына жəне сол кезеңдегіадамдардыңдүниетанымдықпсихологиясынасəйкесбіршамақатетаңбаланған, қате жазылған сөздерді дұрыс белгілеп, түсініктемелерін жасап отырған. Бұл өте үлкен ауқымдағы мəселе, сондықтан оған арнайы кейін жеке тақырыпта сөз ететін боламыз.

Сонымен аты аңызға айналған ғұлама ғалым Алтай Сəрсенұлының ғылымдағы биік шыңға көтерілуіне біріншіден, əкесінің ғылымға бейімдеуінің, тəрбиелеуінің жəне əкесінің қоршаған ортасының əсері болғанын білеміз. Əкесі Сəрсен Аманжоловтың қазақ жазу мəдениетіне, тіл тарихына қосқан үлесі ересен зор жəне қазақ халқының ру-тайпа таңбалары мен шежіресін, фольклорын, диалектісін зерттеген қайраткер ғалым. Оны өзінің «Əке тəлімі», «Мен əкемді пір тұтамын» атты естеліктерінде жазып, «Кейін менің өміріме де Əлкей аға көп əсер етті» деген пікірімен ғылымды таңдау себептерін түсіндіреді. Сонымен бірге С.Аманжолов айтулы алаштың арыстарымен, ұстаздарымен, ғылым жолындағы əріптестерімен достық қарым-қатынаста болды. Атап айтсақ: С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Ə.Марғұлан, М.Əуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, В.Бартольд, С.Малов т.б. Екіншіден, өзінің ғылыми ғұламалар ортасы мен ғылыми жетекшісі əрі досы əсер етсе, үшіншіден өзінің еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, алғырлығы, дарындылығы мен парасаттылығы деп білеміз. Ғұмыры аңызға айналған ғұлама ғалым – Алтай Сəрсенұлының келешек ұрпаққа жазып қалдырған ғылыми-танымдық еңбектері түркі əлемінде, қазақ ұлтының тілі мен жазу тарихында əлі талай қырларынан танылып, жемістерін беретіндігіне ешбір күмəніміз жоқ жəне қазақ ғылымында есімі алтын əріппен жазылып, жиі айтылатындығына, мəңгіге қалатындығына тарих куəландырады.

Əдебиеттер:

1 АманжоловА. Түркіфилологиясы жəнежазу тарихы. Алматы, 1996. -128 бет

2Əбілов М. Күміс тостағандағы жазу. Тараз, 2017. -53 бет.

3Қазақ тарихынан. Құрастырушы Е.Аққошқаров. Алматы, 1997. -544 бет

4Аманжолов А. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003. -368с.

5Мағауин М. Қазақ тарихының əліппесі. Алматы, 1994. -238 бет.

39

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

6Түркітануға кіріспе жəне салыстырмалы грамматикасы (оқу құралы). Құрастырушы: Молгаждаров Қ.К. Алматы, 2018. - 255 бет.

7Орхонские надписи. Кюль-тегин. Бильге-каган. Тоньюкук. Семей, 2001. Стр. 256

8Аманжолов А. Өнегелі өмір. Алматы, 2014. -364 бет

9МаловС.Е. Енисейскаяписьменностьтюрков. Изд-воАНСССР. М.,-Л.: 1952. С.116.

10СартқожаұлыҚ. Орхонмұралары. 1 кітап. Астана: Күлтегінбаспасы, 2003. -392 б.

11СартқожаұлыҚ. Байырғы түрік жазуының генезисі.Астана: Арыс, 2007.-304 б.

УДК 81`1

Сапашев Ораз

филология ғылымдарының кандидаты Əл-Фараби КазҰУ ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушысы Стамбул университеті

Қазіргі түркі тілдері кафедрасының лекторы Стамбул, Түркия

КӨНЕ ТҮРІК ЭПИГРАФИКАСЫ МЕН ПАЛЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТҰСТАРЫ

Резюме: Статья посвящена анализу и систематизации пути развития древнетюркских рунических письменностей. По некоторым накопленным сведениям исследователей-тюркологов, на основе сравнительного анализа, проведена линия эволюции, движения и распростронения тюркских рун в Евразии. По итогам анализа привлеченных материалов можно заключить, что принципы и методы текстологического изучения письмен еще не достаточно разработаны из за отсутствия корпуса эпиграфических и палеографических исследований.

Ключевые слова: эпиграфика, палеография, рунические тексты, тюркская руническая графика, письменность

Abstract: The article is devoted to the analysis and systematization of the development of the ancient Turkic runic scripts. On the basis of a comparative analysis of the according to some accumulated information of Türkologists, a line of evolution, movement and distribution of the Türkic runes in Eurasia has been drawn. Based on the analysis of the materials involved, it can be concluded that the principles and methods of textual study of scripts, we are see, what not yet sufficiently developed due to the lack of corpus of epigraphic and paleographic studies.

Key words: epıgraphıcs, paleography, runıc texts, turkıc runıc graphıcs, wrıtten

Түйіндеме: Мақала ежелгі түрік руникалық жазуларының даму жолдарын талдау жəне жүйеуге арналған. Зерттеушілер тарапынан қордаланған кейбір материалдарға салыстырмалы талдаулар жасау негізінде Еуразиядағы түрік руникаларының эволюциясы, қозғалысы жəне таралу аймақтары бағамдалды. Мəселеге қатысты материалдарды талдау негізінде, мəтін мен əріптік таңбаларды айқындау үшін қажет мəтіндік зерттеулердің кешендік эпиграфиялық жəне палеографиялық принциптері əлі де толығымен қалыптаспағанын көруімізге болады.

Кілт сөздер: эфиграфия, палатеграфия, руникалық мəтіндер, түркі руникалық графикасы, жазба

Кіріспе

Эпиграфика – көне жəне орта ғасырлардағы (тас бетіңдегі, керамикадағы, қыш, ағаш, темір, шыны заттарының бетіндегі) жазуларды зерттейтін, XIX ғасырдың ортасында пайда болған кешенді тарихи-филологиялық ғылым. Түркітануда эпиграфиканың негізі 1893 жылы, Дат скандинавтанушысы Вильгельм Томсен ең алгаш рет орхоно-енисей жазбаларының — Түркі кағаны Могилян (Білге-Қаған) мен бекзадасы Күлтегінге арналған ұстынындағы жазудың кілтін тапқан уақыттан басталады. Бұл дешифровканы Ресей түркітануының негізін салушы В.В. Радлов үстінен нақтылап өз зерттеулерінде толықтырғаны белгілі. Көне түркі эпиграфикасымен сондай-ақ П.М. Мелиоранский мен А.Н. Самойлович, поляк

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]