Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

отырды дей алмаймын, алайда қытай мұрағаттарына, деректеріне, кітап, жылнамаларына мойын сұқсақ көптеген тың дерек, мəліметтерге, айғақтарға жолығарымыз анық. Сол себепті де Алтай Сəрсенұлы Қытай еліндегі түркітанумен ортақ зерттеулер жасап, бірігіп жұмыс жасау нəтижелі болатын еді деген жоғарыдағы пікірін білдірген болатын.

Түрік еліне, түрік жеріне ризамын деген мақаласында автор Түркия елінде болған сапарларынан түйген ойларын жазған. Тоқ етерін айтқанда Түркияда бастауыш сыныптарда бүлдіршіндерге көне түркі əліпбиін жаттатқызады, ол кəдімгі мектеп бағдарламасында бар екендігін жазған. Бұл шынымен үлгі аларлық іс. Балаларға жас басынан ата-бабалары қалдырған мұраны насихаттап өсірер болса, жас баланың Отанға деген сүйіспеншілігі тереңнен тамыр тартып, ол жас есейгенде жүрегіндегі сол отансүйгіштік жапырағын жайып, жемісін берер еді. Біздің елімізде де орта сыныптардан бастап Күлтегін, Білге қаған (ОрхонЕнисей) ескерткіштері туралы алғашқы мағлұматтар берілуде. Болашақта біздің елде көне түркі əліпбиі, жазуы жеткілікті дəрежеде насихатталады дегенге сенемін.

Екінші тіл жəне этнос, атаулар сыры деген тарауда көне түркі этногенезі проблемасы; атауда алуан сыр бар; XV ғасыр қазақ шипагерінің сөз байлығы; шежіре мəліметтері; «Албан атауы» жөнінде; «Қазақ атауы» жөнінде секілді тақырыптар қамтылған.

Түркітану ғылымының аса маңызды да күрделі саласы көне түркі этногенезі мен алғашқытүркітілініңдамуынакеліптірелетінпроблемаларыболыптабылады. Бұлмəселені шешпейінше қазіргі түркіхалықтарының ата-баба, үрім-бұтақзəузатыныңбасынан кешкен өмір өткелдерін де, арғы тарихын да, көне түркі тілінің қалыптасып, дамуының жөнжосығын да, сала-саламен тармақтана өрбуін де, өркені өсе келіп бүгінгі тілімізбен жалғасуын да, халықтардың бір тамырдан нəр алған тарихи-мəдени ортақтығын да, көне түркіэтногенезінде, басқасынбылайқойғанда, қазіргітүркітілдесхалықтардыңшығутегін де ашып көрсету əрине, қиын (Түркі филологиясына кіріспе, 40 б.). Түркітанудың ең өзекті мəселелерінің бірі көне түркі этногенезі проблемасының маңыздылығын Алтай Сəрсенұлы осылай бағамдайды. Ғалымның осы ойына пікір қосудың өзі артық. Бəрі айқын. Осы орайда ғалым көне түрік тілінің шығуын ежелгі шумерлермен байланыстырып айтқан пікірін келтірмекпін. Түрік тілі жөніндегі ең алғашқы мəлімет Шумерден табылған б.д.д. IV-III мыңжылдықтарды меңзейтін идеографиялық жазба ескерткіштерінен байқалатындығын айтады. Шумер тілінің ескерткіштерінен көне түркі тіліне тəн ортақ лексикалар кездескен. Осыған қатыстынеміс ғалым Ф.Хоммель шумер тіліменалтай тілдерінің туыстастығытуралы пікір айтқан болатын. Бұл пікір дəлелденбесе де, көне түркі тілі мен шумер тіліндегі лексикалық ортақ элементтер шынымен ойлантады. Осы тұрғыда Алтай Сəрсенұлы Шумер атауын сарыарқадағы Кеңгір өзені, Кеңгер жерімен байланыстырады. Шумердіңөз аты аккад

(семит) тілінде бұрмаланып айтылғанығын, шын аты Кенгер немесе Кеңер болғандығын белгілі шумеролог А.Фалькенштейн дəлелдеп көрсетті (Түркі филологиясына кіріспе, 45 б.).

Ғалымның пікірінше Кеңгір өзені мен Шумер атауының сəйкес келуі тегін емес, тілдік жақындық мен тайпалардың араласып байланысуынан пайда болады.

Үшінші Төркіні бір тіл өрісі тарауында тілдік туыстастық жəне түркі тілдері; Көне түркі тілі жəне оның диалектілері секілді тақырыптар қамтылған. Бұл тарауда да ғалым осы мəселелер төңірегіндегі өзінің ғылыми пікірлерін дəлелді келтіреді. Көне түркі тілін, ескерткіштерін зерттеген В.В. Радлов бастаған, С.Е. Малов, А.Н. Кононов, А. Габен секілді көптеген түркітанушы ғалымдар көне түркі тілдеірінің диалектілері туралы жазды, зерттеді. Əсіресе В.В. Радлов ұсынған көне түркі тілдерінің солтүстік, оңтүстік жəне аралас диалектілері болған деген пікірін келтіреді. Сонымен қатар ғалым А.Н. Кононов ашина жəне ашиде диалектісі деп бөліп алып, Күлтегін ескерткішін ашина, Тоныкөк жазуын ашиде тайпасының диалектісімен жазылған дейтін пікірін де айтқан болатын. Түркітанушы ғалымдардың айтқан пікірлерін жоққа шығармай, олармен санаса отырып Алтай Сəрсенұлы түркі тілдерін алғашқы болып жіктеген, зерттеген Махмұд Қашқаридің еңбегіне осы көне түркі тілдерінің диалектілері мəселесеі төңірігенде де жүгіну керектігін айтады. М. Қашқари арғу тайпасыоғлансөзіноғладепайтатындығын, дж-йджоғ– йоғқұбылысыоғызбенқыпшақ

51

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

тілдеріне тəн екендігін жазып кеткен болатын. Ғалымның сөзімен қорытсақ көне түркі диалектілерінің ерекшеліктерін жан-жақты айқындау түркі тілдерінің тарихи дамуын терең тануға мүмкіндік береді.

Төртінші тарау – түрік тілі. Тілдік үлгіле де түрік тілі туралы ғалымның тілші маман ретіндегі пікірі, түрікше-қазақша мақал-мəтелдер, түрік тіліндегі мəтіндер, олардың қазақша аудармалары берілген. Атап айтар болсақ, Қорқыт ата аңызы аудармасымен, Мехмет Емин, Решат Нури, Назым Хикмет, Əзиз Несин, сынды авторлардың таңдаулы шығармаларынан үзінділер аудармаларымен қоса берілген. Сонымен қатар түрікше-қазақша фразеологиялық сөздік, сөздіктің құрылысы мен жасалу тəсілдеріне де осы тараудан орын берілген.

Бесінші тарау – көне түркі руникасында еңбектің ең негізгі бөлігі берілген. Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері, жазудың алғашқы түрлеріне көз салғанда, Орхон жазба ескерткіштерінің текстологиясы жайында, Енисей жазба ескерткіштерінің жинағы туралы, Талас руникасының түрлері, Енисей руникасының түрлері, Орхон руникасының түрлері, Күлтегін ескеркіші, Тұнйұқұқ ескерткіші, Онгин ескерткіші деп аталатын бөлімдерінен ғалымның көне түркі тіліндегі ескерткіштерге жасаған талдауымен қоса аудармасын, ғылыми көзқарасымен таныса аласыз. Көне түркі ескерткіштерінің ең маңызды, үлкендері болып саналатын Орхон, Талас, Енисей ескерткіштеріне қайыра тоқталып, олардың ең үлкен ескерткіштері дегендерінің көне түркіше мəтініне өзінің жасаған аудармасын ұсынған. Басқа зерттеушілер тарапынан болған біраз қателіктерге көзжұмбай, орынды көрсетіп кетіп отырған. Көне түркі жазуының жұмбағы толық шешілген кезде дүниежүзіндегі алғашқы алфавиттің пайда болу проблемасы шешіледі. Көне түркі жазуы

əріптік жазу екендігі шындық. Алайда кез келген жазудың қалыптасу тарихына қарар болсақ бірден əріптік жазу болып пайда бола салмайды. Жазу өзінің даму кезеңдерінен өтіп барып қажеттлігі арта түспек. Сол секілді көне түркі жазуы əріптік жазу болып қалыптасудан бұрын пиктографиялық, идеографиялық жазулар кезеңін басынан өткерді. Оған дəлел Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей территорияларынан табылған тасқа қашалған, мерзімі жағынан өте көне таутеке, күнқұдай, түйе, балық, аңшы, жылқылар бейнеленген суреттерді айтсақ болады. Көне түркілік мəдениеттің алғашқы бастамалары осылар болатын. Жазудың алғашқы түрлері деген тараушада ғалым осы мəселе төңірегінде көп соны пікірлер білдірген болатын. Толығырақ еңбектен танысыңыздар.

Алтыншы – көне түркі графикасының өзге түрлері деп аталатын тарауда ата-бабамыз көнегрекалфавитінбілген, Манихейжəнеұйғыржазуындағыкөнтүркіескерткіштері, Араб жазуындағыортағасыртүркіескерткіштеріменескіжазбатілімізжөніндедегенбірқатар өзектімəселелерсөзболған. 1962 жылыЖетісужеріндегіТайғақшатқалынантибетжазуымен қатар грек жазуы жазылған тас табылған болатын. Осындағы грек жазуын зерттеп, аударып алғаш жариялаған – ғалым Алтай Сəрсенұлы болатын. Осыған байланысты ғалымның пікірін толық келтірсем: Біздің ойымызша, көне грек жазуы Ескендір патшаның заманында, я одан бір-екі ғасыр бұрын таралып, Орта Азия мен Қазақстан жерінде əлдебір құпия «өнер» есебінде, буддалықмонастырьлердеұзақуақытөткенінеқарамастан, өзгерілмегенқалпында қолданылған. Көне түркі алфавиті мен ертедегі грек алфавиттерінің арасында генетикалық байланыс, туыстық байқалып отыр. Көне грек графикасына негізделген көне түркі жазуы 1964 жылыКетпентаужотасыныңТаңбалытасдегенжерінентабылды. Бұлжазутаутеке бейнесіме бірге үлкен жартасқа қашалған. Табылған жазудың құрамында жеті əріп бар (негізінен, көнегректікі, біреуі– көнетүркіруникалықQ Қəрпі, алB Бəрпіосыекіалфавитке де тəн). Бұл жазу көне түркі тілінде оңнан солға қарай оқылады: ақ бапам «ақ бабам, қасиетті бабам, ардақты арғы атам» (Түркі филологиясына кіріспе, 228 б.).

Жетінші тарау – көне түркі ескерткіштерін зерттеу жолында тарауында көне таңбалар сырына үңілгенде, Кеңгерес – Кеңгір (руникалық ескерткіштерді оқу методикасы турлалы), Батыс Қазақстаннан табылған қола айнадағы көне жазу, Шығыс Қазақстаннан табылған көне түркі руникалық ойма жазуларысыр шертеді, Ақыртас кешенінен табылған руникалық жазу, Киелі Меркідегі руникалық жазулар, Орхон мəтіндерінің қазақша аудармасына қатыстыбірқатар ескертпелер деген тақырыптарсөз болады. Көне түркі бітігі

52

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

(жазуы) тек тасқа қашалып жазылған жоқ, сонымен қатар қағазға, ағашқа, тұрмыстық бұйымдарға да ойылып жазылған болатын. Соның дəлелі айнаға жəне Есік қорғанынан табылғанкүмістостағаншаға(түркітанушыҚ.Сартқожаұлыныңпікіріншікүмісожау) ойылып жазылған жазуларға Алтай Сəрсенұлы талдау, аударма жасаған болатын. Сол мұралардың аудармалары мен текстологиясымен еңбектен толық таныса аласыздар.

Сегізінші тарау – «Құтадғу біліг» дастанынан үзінділер, дастанның Ұйғыр жазуындағы Герат жəне Араб жазуындағы Наманган нұсқасына орын берілген.

Тоғызыншы – араб, латын, орыс графикасы негізіндегі қазақ жазуының үлгілерінде

дейтін тарауында Араб-қазақ алфавитінің реформаланған жаңа түрі, орыс графикасына негізделген қазіргі қазақ алфавиті, араб-қазақ көркем жазуының түрлері, С. Аманжолов оның өнегелі өмір жолы мен ғылыми көзқарастары, ханзуша-қазақша сауаттық сөздік, ханзушақазақша диалог, А.С. Аманжолов, Сызықтардан сыр тартсақ, Өшпес өмір үні секілді мақалаларға орын берілген.

Ең соңғы петроглифтер əлеміне саяхат дейтін тарауда Қалба бейнелері, Көне бейне, жұмбақ мирас, Буырлыбұлақ қазынасы, Жармадағы таңбалы тастар, Көненің көзі атамекенде, Шыңғыстау петроглифтері секілді тақырыптағы зерттеулері бірлген.

Аманжолов афоризмдері.

Ғалымныңболашақжасғалымдардығылымныңтазалығына, адалдыққа, Отандысүйіп, ол үшін қызмет етуге, талмай еңбектенуге шақырған өсиеттерін ұсынамын. Ғалымның осы айтқандарына қосымша талдаудың өзі артық секілді. Өздеріңіз көңіл көзімен оқып, бағамдарсыздар.

***

Ғылыми шығармашылық, əдетте, ғылыми əдебиеттерді оқу барысында тақырып бойынша мəліметтер жинаудан басталады. Одан соң зерттеудің бағдарламасы

белгіленеді. Ғылыми болжамды жасап, тоқтамға келген соң, зерттеудің нəтижелері жинақталады. Сонымен бірге дарынсыз жұмыстарда кездесетін қолданбауға тиістіамалдарға, теріс бағыттарға əділ сын айтылып, ғылымның шынайы дамуы үшін

керексіз нəрселерді жою жолдары ұсынылады.

***

Болашақ зерттеуші-маман, ең алдымен, жарқын ой-мақсатын көздеп, Отанына берілгендік, адалдық, табандылық, азаматтық ерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық сияқты нағыз ғалымға тəн қасиеттерді бойына сіңіруі қажет.

***

Түркі филологиясы түркітану ғылымының іргетасы болғандықтан,жас ұрпақтың биік ұлттық санасын тəрбиелейді.

***

Егер де жауырды жаба тоқып, қыңырлық пен өзімшілдіктің шашбауын көтерсек, ғылымның отын сөндіріп, күліне ғана ие болып қалуымыз ықтимал. Моральдық тазалықты көздің қарашығындай сақтап, рухани байлықты шын жанашырлықпен, қырағылықпен қорғау – азаматтық міндет екенін ұмытпауға тиістіміз.

***

Өмірдің дамуына бөгет жасайтын келеңсіз көріністермен батыл күресу – заман талабы деп түсінсек, оған үн қосу əрбір адал адамның адамгершілік парызына айналып отырғаны ақиқат. Олай болса, ғылымның өркендеуіне кедергі келтіретін кертартпалық пен пайдакүнемдікті, жалған дақпырт, жасанды дəрежені абырой тұтқан жандайшаптармен батыл күресіп, ескінің сарқыншақтары меңдеген теріс пиғылдарға соққы беретін мезгіл əлдеқашан жеткен. Өйткені ғылым күнкөрістің қамы үшін жасалған сауынды сиырдың сүмесіні де емес, кəсіпқордың қалыпқа құя салатын бұйымы да емес, жалынына жанын күйдіріп, ақыл азабын кешіп қана жасалатын бейне бір түпсіз терең мұхит қой. Əрине мұхиттың суы ащы, дауылы үрейлі, толқыны асау, қауіп пен қатері де мол. Сыры да тұңғиық. Ғылым жолы да осы іспетті. Білім кемесіне мінген адамға туар қиындықтың

53

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

түрі көп, тек оның азабына қасқая қарсы тұрып, төтеп беру үшін қайсарлық пен батылдыққа, тапқырлық пен шыдамдылыққа белін бекем буса ғана мерейлі болмақ. Тіл мен этностың бірегейлігін ескерсек, этностың өз ана тілін қадірлеуі əбден заңды болары хақ. Ана тіліне деген шынайы сүйіспеншілік пен құрмет халықтың сана-сезімі неғұрлым дамыған сайын, соғұрлым кемелденіп өсіп, өркендей түсудің нышаны болып

табылады.

***

Естен кетпес ел тірлігін, халықтың өмір салты мен тіршілік тынысын жан-жақты аңғартатын жер-су атауларының дұрыс аталып, орынсыз өзгерістерге түспей байырғы мəнін сақтауға мəн беру – əрбір ұрпақтың тарих алдындағы борышы. Ал оның ғылыми, қоғамдық мəн-мазмұнын ашу бұл саладағы ғалымдармен ар-ұждан алдындағы азматтық жауапкершілік пен саналықты талап етеді.

Талай ғалымдарды тамсандырып, сырын ішке бүккен асыл мұраның əлі де айтары көп екені даусыз. Көне түркі руникалық жазуы дүниежүзілік мəдениетпен ұштасып, тамыры тереңде жатқан ғажайып асыл қазына деп білеміз.

***

Жан-жақты үңіліп, түпнұсқамен мұқият салыстырып, көне түркі руникалық ескерткіштерінің бұрынғы басылымдарында кеткен мəтіндегі кемшіліктерін түзетіп, ғылыми талаптарға сай жаңа басылымын шығарудың кезеңі жеткен сияқты. Оның ыждағатты жүзеге асуын түркітанушы ғалымдардың абыройлы міндеті деп білеміз. Жалпы алғанда, көне түркі руникасының жиынтығы жеке адамдардың еншісі емес, оны зерттеуші барлық ғалымдарға ортақ дүние болғандықтан, олардың жан-жақты талқысына түсіп, бұл саладағы қол жеткен тəжірибелер мен анықталған заңдылықтар ескеріліп, түркі руникалық жазуларының оқылуы мен аударылуы бірлікте берілсе нұр үстіне нұр болар еді.

***

Еліміздегі ежелгі мəдени қордың қалтарыста қалып жатқан мұраларына көңіл бөліп Қазақстанның түпкір-түпкірлеріне зерттеу жүргізілсе, əлі де сыры ашылмаған ғажап дүниелер кездесетіні аян.

***

Халқымыздың бұдан мыңдаған жылдар бұрынғы тарихын баяндайтын ескерткіштердің ішінде – тастарға салынған суреттер мен таңбалардың орны ерекше. Бұл мұра осыдан 2-3 мың жыл бұрын, алғашқы көшпенділер дəуірінде, кейбіреуі одан да бұрын пайда болған. Оны рухани байлықтың көзі деп танып, алғашқы адамдар өмір тіршілігінен хабар беретін, ғасырлар қойнауында жатқан олардың ісі мен əрекетінің, түсінік-нанымдарының ізі деп қарап, ғылыми зерттеп игі мұраға айналдыруға тиіспіз.

***

Осынша сырды шертетін атамекен – көненің көзі, рухани дем беретін қолдаушымыз да, қорғаушымыз да екені аян. Оның бедерлі белгілері мен қойнауы толған қазына ескерткіштерін қорғап, зерттеп, біліп, жанымызды жадыратар кеніштеріне ізгілікпен қарау – парыз.

***

Көңіліңмен көп бақсаң ғана елес берер небір ғажап сырға толы петроглифтер Абай жеріндегі ашық аспан астындағы пиктографиялық, идеографиялық мұражай іспетті. Сан ғасырды артқа тастап, бізге жетіп отырған алғашқы жазу түрлері таным-түйсігімізге əсер етумен ғана тынбай, бабаларымыздың ой-қиялымен сұхбаттасып, тілдесуге мүмкіндік туғызушы бір ғанибет.

***

Ғылыммен шұғылдану қоғамға қажет болмаса, нəтижесі шамалы. Менің қызметімнің қос қанаты бар. Бірі – ғылыми ізденістер, екіншісі – жастарға білім беру, шəкірт тəрбиелеу. Түркі филологиясы мен түркологияның маңызды мəселелерін ойдағыдай бірігіп шешу – кейінгі буын ғалымдардың ардақты міндеті.

54

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

***

«Асыл – тастан, өнер – жастан» демей ме, бүгінгі жастардан үміттіміз. Жас ғалымдарға ерінбей-жалықпай көп іздену қажет.

***

Міне ғалым өмірінің соңғы жылдарында осылай қазіргі түркітанудағы өзекті мəселелердітізіп, зерттеп, болашақтүркітанушымамандарғажолкөрсетушіболарлықтамаша ғылыми зерттеу еңбегін сонлай бір үмітпен, сеніммен қалдырып кетті. Əрине, Алтай Сəрсенұлының бұдан да басқа ғылыми еңбектері, зерттеу монографиялары, мақалалары баршылық. Алайда жоғарыда атап өткеніміздей ғалымның көз жұмарынан біраз ғана уақыт бұрын қолынан туындаған осы еңбегінің маңызы зор. Əйгілі түркітанушы Алтай Сəрсенұлының қазіргі Қазақстан түркологиясы отансүйгіш, еліне шын берілген жас маманға ауадай зəру екендігін кітаптың өн бойында ескертіп, үміт күтумен болған. Үмітіңді ақтармыз, құрметті Алтай Сəрсенұлы!

УДК 81`1

Жамбылқызы М.

аға оқытушы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ. Қазақстан e-mail: marina_719@mail.ru

ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ДАРА ТҰЛҒА!

Профессор Көбей Шахметұлы Хұсайыновтың есімі отандық тіл біліміне ғана емес, шетелге де танымал. Бүкіл күш-қайратын А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты үшін жұмсаған. Тұғыры биік тұлғасын еліміз ғана емес, əлем лингвистері де таныды. Бірталай шəкірттің бойына сенімділік орнатып, нағыз ұстаз жəне ғалым болған.

ТəуелсіздіккезіндеА. БайтұрсыноватындағыТілбіліміинститутындақазақтілбілімінің жаңа деңгейде дамуын басқарып, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыруда белгілі ғалым К.Ш. Хұсайынның еңбегі ғылыми-көпшілік қауымға жақсы белгілі.

Көбей Шахметұлы тамырынан жалғасқан тектілік пен намысшыл, ержүректі, өр мінезді тұлғаның қалада туып, еуропалық білім алған, алайда өз ана тілінде таза еркін сөйлей білді. Оған себепші болған əкесі көрнекті жазушы, драматург Шахмет Хұсайыновпен, анасы ҚР халықартистіБикенРимоваданалғантəлім-тəрбиесініңəсеріболукерек. АнасыБикенРимова қазақтың көрнекті актриса ғана емес, «Абай-Əйгерім», «Қос мұңлық» сияқты пьессалардың авторы, жазушы, драматург те болды.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің романгерман бөлімінде оқып, оны 1968 жылы ойдағыдай тамамдап, Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтына аспирантураға қабылданады.

1971 жылы аспирантураны бітіріп, Ғылым академиясының корреспондент - мүшесі, профессор Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен “В.В. Радлов еңбектеріндегі қазақ тілінің лексикасы мен фонетикасы мəселелері” атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесіне ие болады да əрі фонетика, əрі лексика саласы бойынша білікті маман болып қалыптасты.

Осыдан кейін араға біраз уақыт салып 1988 жылы “Қазақ тіліндегі дыбыс бейнелеуіштік сөздер номинациясы” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы дəрежесін алды. Жаңалыққа толы, тың да мазмұнды бұл жұмысы қазақ тілі деректерін дүние жүзіндегі 90-нан астам тілмен салыстырыла əрі салғастырыла, типологиялық тұрғыдан зерттелген түркітану іліміндегі ғана емес, жалпы тіл білімі деңгейіндегі кең ауқымды, бай теориялық тұжырымдарға негізделген байыпты еңбек болды.

55

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Көбей Шахметұлы көп жыл қызмет атқарған ортасы – Қазақ тілінің қара шаңырағы қазіргі А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы. Ол кісі бұл институтта кіші ғылыми қызметкерден институт директорына дейінгі жауапты қызметтерді атқарып, жемісті еңбек етті. Көп уақыты басқарумен, ұйымдастырумен кетті. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтын он бес жылдай басқарған. Институттың жабылып қалмауына, керісінше, Институттың жандануына, қазақ тіл білімінің жаңа салаларының қалыптасуына мұрындық болған. Көбей Шахметұлы директорлық қызметінде Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, елімізде экономикалық қиындықтар жайлаған уақытта институттың жұмысы тоқырап қалмауына, тіл білімі мамандарының кетіп қалмай, ұстап қалуына, ғылыми жұмыстардың тоқтаусыз жалғасуын ұйымдастыруда көп еңбек атқарған. Əсіресе институттың халықаралық деңгейге шығуына, Еуропа мемлекеттерінің тіл білімі ғалымдарымен, Шығыс елдері ғалымдарымен, Түрік тілдес елдердің ғалымдарымен əріптестік орнатып, институттың ғылыми жұмыстарының жандануына көп еңбек сіңірген екен. Бұл жұмыстарды атқаруда Көбей Шахметұлына ағылшын тілін өте терең біліп, еркін меңгеруі, барлық шет елдердің ғалымдарымен тілмашсыз сөйлесе алып, шет елдердегі конференция, жиналыстарда өз баяндамаларын таза ағылшын тілінде жасауы көп көмегін тигізген болар. Ана тілінен басқа ағылшын, француз, орыс тілдерінде еркін сөйлеп, сауатты жазатынына көзі жеткен отандық əрі шетелдік ғалымдардың дəн риза болған. Институтта директорболғандажұмысқабаркүшінсарпыды. Ұйымдастыражүріп, жақсыеңбектержазған.

Көбей Шахметұлы тіл білімі саласында өзіндік қолтаңбасымен дараланған тұлға. Ғалым

«В.В. Радлов и казахский язык», «Звукоизобразительные слова в казахском языке» атты іргелі зерттеулерімен, қазақ тіл білімінің тарихы, лексикология, лексикография, фонетика, фоносемантика салаларының мəселелеріне арналған ғылыми еңбектерімен танымал. Сондайақ «Қазақ грамматикасы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», «Қазақша-орысша сөздік» тəрізді көлемді еңбектерді жариялауға ат салысты. Автордың көлемді де мазмұнды монографиясы – «Звукоизобразительность в казахском языке». Бұл еңбекте “Еліктеуіш сөздердің морфологиялық құрылымы мен дыбыс бейнелегіш кызметі”, “Дыбыс еліктеуіштердің типологиясы”, “Қазақ тіліндегі дыбыс символы”, “Дыбыс еліктеуіш сөздердің этимологиясы” т.б. мəселелер жан-жақты қарастырылып, көптеген материалдарды тарихи-салыстыру, тарихи-типологиялық тұрғыдан талдау барысында тың да жаңа пікірлер мен теориялық пайымдауларға қол жеткізген. Автор бұл монографиясында, 90 тілдің лексикалық материалын салыстыра келіп, көптеген тілде дыбыс еліктеуіштердің əмбебап құбылыс екенін дəлелдеді. Профессор К.Ш. Хұсайыновтың ғылыми еңбектерінің ішіндегі іргелі де тыңғылықты саналатын - соңғы жылдары жарық көрген үлкен “Қазақшаорысша сөздік” (2008 ж. 126 б.т., 50 000 сөз қамтылған). Бұл сөздік академик Р.Ғ. Сыздық пен К.Ш. Хұсайынның жауапты редакторлығымен шыққан. Мұнда Көбей Шахметұлы – көптеген сөздік мақаланың да авторы. Қазақ тілінің байлығын орыс тілінде көрсететін елу мың сөзді қамтыған бұл сөздік тұңғыш еңбек болып есептеліп, қазақ тіл біліміне, мəдениетіміз бен тарихымызды тануға қосылған үлкен үлес боп саналады.

Көбей Шахметұлы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі Институтымыздағы диссертациялық кеңес жұмысын да басқарды. Республикамыздың ғана емес, туыстас түркі мемлекеттерден алыс-жақын шетелден келген, қазақ тілін, түркі тілдерін зерттеуші мамандардың көбі институттың диссертациялық кеңесінде қорғады. Ғылымға қолынан келгенше жағдайды да жасады.

Уақытының көбі басқару, басшылық жұмыстарымен өтіп жатса да, 3 монография, 2 сөздік жəне 50-ге жуық лексикология, лексикография, фонетика, терминология, мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданылуы, қазақ тілінің тарихы бойынша теориялық əрі қолданбалық мəні жоғары мақалалар жариялады.

Мен А. Байтұрсынұлы Тіл білімі институтының табалдырығын алғаш 2014 жылы ортақ интеграция жобасымен докторантураға түскенде аттаған екенмін. Профессор Көбей Шахметұлыүшжылбойығылымижетекшімболды, қазақжəнеағылшынтіліндегіетістіктерді салғастыру бағытында бірге жұмыс жасадық. Əсіресе, алғашқы жылдары көп нəрсені білмей,

56

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

түсінбей қиналғанда, Көбей Шахметұлы сырқаттанып жүргеніне қарамастан, ақыл-кеңесін беріп, көмегін аямайтын. Көбей Шахметұлымен əңгімелесу, сұбхаттасу бір ғанибет еді, өзінің терең энциклопедиялық білімімен кез келген тақырыпта əңгіме қозғап, біз білмейтін көптеген мəселелерді айтып, бəрін таң қалдыратын.

Көбей Шахметұлы Тіл білімі Институтына жарты ғасыр өмірін арнап, көптеген үлкен жұмыстар атқарды. Кезінде Институт кітапханасының ашылуына ықпалын тигізген. Ғылыми жұмыс жасау барысында сол кітапханада біраз уақыт бірге жұмыс жасадық. Талай жас ғалымдарға кеңесін беріп, жол ашты. Жақында Тіл білімі Институтында «Ұлы дала тұлғасы: тілдік реформа жəне профессор Көбей Шахметұлы Хұсайынның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Профессор К.Ш. Хұсайын атындағы зерхана ашылып, ғалым туралы естеліктер кітабының тұсаукесері болды. Артында қалған ғылыми еңбектері, кітаптары, халқына ұдайы қызмет атқара береді дегенге сенімдіміз.

Өмірдің қиындығын мойымай көтере білген мейірімді, кең пейілді, ардақты ұстазымыз өмірден тым ерте озады деген ой келмепті. Қаралы хабар бауырлары, туған туыстары тұрмақ, өзімізге де өте ауыр тиді. Себебі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, қиналғанда ешкімді бөліп-жармай, əрдайым жəрдемдесетін, адамгершілігі мол, парасатты жан бұл өмірде көп болар, бірақ мен үшін санаулы, солардың бірі – аяулы ұстазым Көбей Шахметұлы Хұсайынов.

Көбей Шахметұлы өзінің бар үміті, жұбанышы, əулетінің жалғасы немересі Хорланды өте жақсы көріп тəрбиеледі. Корлашым деп, əрдайым немересін ерекше еркелететін. Қорлан ақылдылығымен, мектепте жақсы жетістіктерімен атасын қуантып жүретін. Қорланның тəтті сөздерін, тапқыр əңгімелерін айтып, бізбен сүйсініп бөлісетін. Қорлашкаға зор денсаулық, ұзақ өмір, таудай талап, қайтпас жігер жəне болашақта үлкен жетістіктер тілеймін!

Көбей Шахметұлының қайтыс болуымен Қазақстан ғылымының тіл білімі саласы мол тəжірибелі, білімді, мəдениетті үлкен ғалымынан, азаматынан айырылды. Көбей Шахметұлының жарқын бейнесі əріптестерінің, достарының, шəкірттерінің есінде ұзақ уақыт сақталады деп ойлаймын. Рəбиға Сыздық апайымыз айтқандай, Көбей ағайымыз шын мəнінде кісілігі мол жан еді. Ардақты Ұстазым Көбей Шахметұлы адамзатқа берері əлі де мол еді. Менің жүрегімде парасаттылығымен, қарапайымдылығымен қала бермек!

57

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕР НАУЧНЫЕ ИЗЫСКАНИЯ

УДК 372.8:81 А - 92

Атабаева М.Т.

преподаватель Ассоциированной ЮНЕСКО школы при Казахско-Американском университете г. Алматы, Казахстан e-mail: madina.atabayeva@mail.ru

ТЮРКСКИЙ МИР, ВОЗРОЖДЕННАЯ ИДЕЯ

Түйіндеме: Ата-бабаларымыздан жер бетінде мұраға қалған жəне түркі əлемінің киіз үйінің құнды байлығы сақталған бүгінгі күні «Мəңгілік Ел» - «Мəңгілік халық», «Мəңгілік мемлекет» идеясын жандандырады. Ол бізге ғасырлар бойына созылған түркі қағандарының тастардан ойып салынған ежелгі дəуірден келді. Түркі тайпаларының жинаушыларының бұл өсиеті ұлттың гүлденуі мен бірлігі кепілі ретінде күшті мемлекеттіліктің жəне біртұтастықты қалыптастыру идеясына толы.

Кілт сөздер: Кілт сөздер: мəңгілік Ел, мəдениет, орта ғасыр, ғылым, өркениет, жұмыстар, түрік, тəлімгер.

Summary: The people who inherited and preserved the great paternal yurt of the Turkic world on their ancestors’ earth, today revive the idea of “Mangilik El” – “Eternal People”, “Eternal State”. It came to us from hoary antiquity carved on stone steles of Turkic kagans that were beyond the centuries of stone. This testament of collectors of Turkic tribes is permeated with the idea of building strong statehood and cohesion as a pledge of prosperity and unity of the nation.

Key words: еternal People, culture, middle ages, the science, civilization, works, turk, mentor.

Резюме: Народ, унаследовавший и сохранивший на земле предков большую отчую юрту Тюркского мира, возрождает сегодня идею «Мəңгілік Ел» – «Вечного Народа», «Вечного Государства». Она пришла к нам из седой древности, высеченная на оказавшихся неподвластным векам каменных стелах тюркских каганов. Это завещание собирателей тюркских племен пронизано идеей построения сильной государственности и сплоченности как залога процветания и единства нации.

Ключевые слова: вечный народ, культура, средневековье, наука, цивилизация, произведения, тюрк, наставник.

Мəңгілік Ел

– Вечный народ

- Eternal People

Культура

– мəдениет

– culture

Средневековье

- Middle Ages

– Орта ғасыр

Наука

– The science

– Ғылым

Цивилизация

- civilization

– өркениет

Произведения

– works

– жұмыстар

Тюрк

– Turk

– Түрік

Наставник

– Mentor

– Тəлімгер

Казахстан – степная колыбель цивилизации. «Сформировавшуюся на земле Казахстана древнюю и самобытную цивилизацию мы начали открывать для себя с чувством гордости и неподдельного восхищения», – эти слова принадлежат Первому Президенту Республики Казахстан – Лидеру нации Нурсултану Абишевичу Назарбаеву, который в своей масштабной работе, «В потоке истории», особо подчеркнул величайшее историческое значение цивилизации кочевников, прямыми потомками которой являются современные казахи.

Великое прошлое кочевой цивилизации служит вдохновением для современного Казахстана. Народ, унаследовавший и сохранивший на земле предков большую отчую юрту Тюркского мира, возрождает сегодня идею «Мəңгілік Ел» – «Вечного Народа», «Вечного

58

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Государства». Она пришла к нам из седой древности, высеченная на оказавшихся неподвластным векам каменных стелах тюркских каганов. Это завещание собирателей тюркских племен пронизано идеей построения сильной государственности и сплоченности как залога процветания и единства нации.

Интересен и вывод ученных «Для нас важно то, что тюркские народы должны знать и помнить о том, что все, что достигнуто, сегодня цивилизованным миром, в значительной степени было основано на той базе, которая было создана туранским народом. На наш взгляд, важно не забывать и помнить, что у каждого народа, как и у каждой личности, своя судьба, своя история. Но всемирная история должна сохранять в своей памяти вклад народа, который когда бы, то, ни было, был внесен в мировую сокровищницу, тем самым обогатив и создав основу для дальнейшего развития и процветания общечеловеческой культуры! Связанная с Космосом, судьба тюркской цивилизации, как никакой другой, зависела от природы Вселенной, ее дыхания и ритмов – чередования статики и динамики, движения и покоя. И этот ритм свидетельствует о том, что жизнь тюркской цивилизации не завершилась. На протяжении тысячелетий мифология, религия, быт, ремесла, обычаи и традиции казахов подчинялись ритму Великой кочевой цивилизации. Одним из выдающихся ее изобретений является юрта – походное жилище степняков. Ее легкая универсальная конструкция – настоящее чудо инженерной мысли. Юрта – отражение космогонических представлений кочевников, где шанырак – это солнце, которое катится по небу, сменяя день и ночь. Купол юрты – небо, разделенное уыками, купольными жердями, на части света. Кереге, раздвижные решетчатые стены, – дольний человеческий мир. Юрта у казахов строго ориентирована по сторонам света, причем с входом на восточную сторону. Украшением юрты служат декоративные ленты – бау, соединяющие деревянные и войлочные части юрты. Ремесла казахов также тесно взаимосвязаны с кочевым хозяйством. Скотоводство служило основным поставщиком сырья – кожи, шерсти, рогов крупного рогатого скота.

Сегодня, глядя на происходящие политические, макроэкономические процессы, как никогда важна духовная составляющая. Именно она придает силу, веру, нерушимость и незыблемость всех основ мировых цивилизаций. А для нашего молодого государства в этом и кроется основа всех основ. Казахстан вступил в новый исторический период.

С 2004 года была реализована программа «Мəдени мұра», направленная на восстановление историко-культурных памятников и объектов на территории Казахстана. В 2013 году мы приняли программу «Халық тарих толқынында», позволившую нам системно собрать и изучить документы из ведущих мировых архивов, посвященные истории нашей страны. А сегодня мы должны приступить к более масштабной и фундаментальной работе, сделать шаг навстречу будущему, изменить общественное сознание, чтобы стать единой Нацией сильных и ответственных людей.

Сегодня не только отдельный человек, но и нация в целом имеет шанс на успех, только развивая свою конкурентоспособность. Особенность завтрашнего дня в том, что именно конкурентоспособность человека, а не наличие минеральных ресурсов, становится фактором успеха нации. Поэтому любому казахстанцу, как и нации в целом, необходимо обладать набором качеств, достойных XXI века. И среди безусловных предпосылок этого выступают такие факторы, как компьютерная грамотность, знание иностранных языков, культурная открытость. Поэтому и программа «Цифровой Казахстан», и программа трехъязычия, и программа культурного и конфессионального согласия – это часть подготовки нации (всех казахстанцев) к жизни в XXI веке. Это часть нашей конкурентоспособности.

Напротяжениистолетийнашипредкисохранилиуникальныйэкологическиправильный уклад жизни, сохраняя среду обитания, ресурсы земли, очень прагматично и экономно расходуя ее ресурсы. И только за несколько лет в середине прошлого века нерациональное использование ресурсов привело к исчезновению Аральского моря, превращению тысяч гектаров плодородных земель в зоны экологического бедствия. И это пример крайне непрагматичного отношения к окружающей среде. Так, прежний национальный прагматизм обратился в расточительность. На пути модернизации нам стоит вспомнить навыки предков.

59

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Прагматизм означает точное знание своих национальных и личных ресурсов, их экономное расходование, умение планировать свое будущее. Само понятие духовной модернизации предполагает изменения в национальном сознании. Наши национальные традиции и обычаи, язык и музыка, литература и свадебные обряды, одним словом, национальный дух, должны вечно оставаться с нами. Мудрость Абая, перо Ауэзова, проникновенные строки Джамбула, волшебные звуки Курмангазы, вечный зов аруаха – это только часть нашей духовной культуры.

Но модернизация состоит и в том, что ряд архаических и не вписывающихся в глобальный мир привычек и пристрастий нужно оставить в прошлом. Это касается и такой особенности нашего сознания, как региональное разделение единой нации. Знать и гордиться историей своего края – дело нужное и полезное. Вот только забывать о гораздо большем – о принадлежности к единой и великой нации – нельзя.

Стремление к образованию всегда было характерно для нашего народа. Многое было сделано за годы Независимости. Были подготовлены десятки тысяч молодых специалистов в лучших университетах мира. Начало, как известно, было положено программой «Болашак» ещевначале90-хгодовпрошлоговека. Былсозданрядуниверситетовоченьвысокогоуровня, система интеллектуальных школ и многое другое. Поэтому Казахстан сегодня в числе самых передовых стран мира по доле бюджетных расходов на образование. Каждый казахстанец должен понимать, что образование - самый фундаментальный фактор успеха в будущем. В системе приоритетов молодежи образование должно стоять первым номером. Каждый народ извлекает свои уроки из истории. А уроки ХХ века для нашего народа во многом трагические.

Во-первых, был сломан естественный путь национального развития и навязаны чуждые формы общественного устройства. Во-вторых, нанесен страшный демографический удар по нации. В-третьих, едванебылиутраченыказахскийязыкикультура. В-четвертых, территория Казахстана превратилась во многих регионах в территорию экологического бедствия. XX век принес и немало позитивного Казахстану. Это индустриализация, создание социальной и производственной инфраструктуры, формирование новой интеллигенции.

Серьезное переосмысление того, что происходит в мире, – это часть огромной мировоззренческой, идеологической работы, которую должны провести и общество в целом,

иполитические партии и движения, и система образования. Открытость сознания – это готовность к переменам, способность перенимать чужой опыт, учиться у других. Открытость

ивосприимчивость к лучшим достижениям, а не заведомое отталкивание всего «не своего» – вот залог успеха и один из показателей открытого сознания. Государство и нация – не статичная конструкция, а живой развивающийся организм. Чтобы жить, нужно обладать способностью к осмысленной адаптации. Новая глобальная реальность пришла без стука и разрешения ко всем – именно поэтому задачи модернизации стоят сегодня практически перед всеми странами. Время не останавливается, а значит, модернизация, как и сама история, – продолжающийся процесс. На новом разломе эпох у Казахстана есть уникальный исторический шанс через обновление и новые идеи самим построить свое лучшее будущее. казахстанцы, особенно молодое поколение, понимают важность предложения нашей модернизации.

Благодаря политике государства, достигнуто многое, и для того, чтобы войти в 30-ку развитых стран мира, необходимо преумножать духовное богатство. сохранение исторического наследия, осознания целостности, идентичности, нерушимости нашего государства, которое создали и отстояли наши предки. И сегодня от каждого из нас требуется вносить сильный вклад в его дальнейшее развитие.

Литература:

1.Образование в многоязычном мире: Установочный документ ЮНЕСКО. – Париж, 2003. – 38

с. – [ЭР]

2.Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан 2016 – 2019 годы. Астана, 2016 год. [ЭР]

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]