Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арман еркебулан д.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
583.16 Кб
Скачать

3 Экономикалық бөлім

3.1 Кен орнын игерудің технико-экономикалық көрсеткіштері

«Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының ұйымдастыру сипаттамасы

Мұнай кен орындарын игергенде қолданылатын негізгі шаруашылық бірлігі мұнайгаз өндіру басқармасы, онда мұнай мен газды өндірудің толық өндірістік циклі өтеді, сондай – ақ оларды басқа кәсіпорындарға дайын өнім ретінде беру үшін дайындық жасалады.

Қазіргі кездегі «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының құрамы МӨГБ – 1,МӨГБ – 2, ҒТӨБ –ан тұрады.

«Қаражнбасмұнай» акционерлік қоғамы құрамында жеті мұнай мен газ өндіру, үш жерасты жөндеу, төрт қабат қысымын көтеру, бір өндірістік процестерді химияландыру, бір өндірісті автоматтандыру цехы және т.б. қызметтер бар. Өндірістік процесс сипаты бойынша цехтар негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Мұнайгаз өндіру басқармасының негізгі өндірісі былайша топталады: мұнай кәсіпшіліктері – аудандық инженерлік–техникалық қызмет (РИТС) – мұнай және газ өндіру цехы (ЦДНГ), ҚҚК цехы (ЦППД), мұнайды дайындау және айдау цехы (ЦППН). Қосалқы өндіріс мұнайгаз өнеркәсібінің кәсіпорындарында негізгі өндірістік процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.

«Қаражанбасмұнай» МГӨБ-на келесі негізгі бөлімшелер кіреді: бес мұнай өндіру цехы, алты ҚҚҰ бригадасы, мұнайды кешенді түрде дайындайтын алты бригада, механикалық-жөндеу цехы, сегіз ұңғыны жерасты жөндеу бригадасы.

Мұнай мен газды өндіруде негізгі өндірістік звеносы ретінде, мұнай газды өндірудің барлық кешенді жұмысының басқару функциясы бар, МГӨБ болып танылады. МГӨБ басқару аппаратына барлық бөлімшелердің басшылары кіреді.

– Мұнайгаз өндіру басқармасының басшысы болып, МГӨБ бастығы табылады. Ол кәсіпорынның бүкіл өндірістік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, басқарады және мұнай мен газдың өндірілуінің жоспарының орындалуына толық жауап береді. МГӨБ бастығының бірінші орынбасары болып бас инженер табылады. Ол өндірісті техникалық жөнінен басқарады.

– Бас геолог кәсіпорынның геологиялық қызмет етуінің жұмысын басқарады жөне кен орнының игерілуінің жетілуіне жауап береді. Оның басқаруымен геологиялық-техникалық құжаттар жетілдіріледі және ұңғының өнімділігі мен геологиялық зерттелуі қадағаланады.

– Бастықтың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары кәсіпорынды қажетті бүкіл ресурстармен қамтамасыз етіп, оның дұрыс жұмсалуын қадағалайды. Онымен қоса ол бүкіл әкімшілік–шаруашылық жұмыстарға, тұрмыстық-үймен қамту мәселелеріне және жол қүрылыстарына жауап береді.

– Экономикалық–жоспарлау бөлімі алдыңғы қатарлы жоспарды құрып, оның орындалуын қадағалайды. Шаруашылық есептеуді 1 ұйымдастырады, кәсіпорынның өндірістік–шаруашылық жұмысын талдайды және статистикалық есеп беруді жасайды.

– Еңбек пен жалақы төлеу бөлімі еңбекті ұйыдастырудың жаңа түрлерін енгізіп, жалақы төлеу жүйесін жақсартып, өндірудің өсуші нормасын материалды ынталандыру мен қызмет етеуді ұйымдастырады.

– Кадрлар бөлімі жұмысшыларды алу, орналастыру және біліктілігін жоғарылатумен айналысады.

– Техникалық бөлімі жаңа техника мен технологияны енгізу мұнай мен газ өндіруді және бұрғылауды механизациялау мен автоматтандырудың жоспарын жасап, олардың орындалуын бақылайды. Бөлімге машиналар мен жабдықтардың жұмысының техникалық нормасы, режимдерінің жетілдіруі, жаңа ойлап табулар мен тәсіл табуды басқару жүктеледі.

– Есепшілер кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметін есепке алу және есеп берумен айналысады. Материалды және ақша ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалайды.

Материалдық – техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

Қаражанбасмұнай акционерлік қоғамының материалдық – техникалық жабдықталуы – бұл кәсіпорынның қалыпты өндірістік іс – қимылына

қажетті құрал – жабдықтармен (материалдар, отын, жабдықтар) жоспарлы қамтамасыз ету процесі.

Материалдық – техникалық жабдықтаумен материалдық техникалық жабдықтау бөлімі айналысады, ол акционерлік қоғамның материалдық ресурстарға мұқтажын анықтайды, тапсырыстар жасайды, материалдық қорлардың дұрыс алынуын және сақталуын ұйымдастырады, өндірісті керекті құралдармен үзіліссіз қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын транспортын ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жаңа шаруашылық жағдайларға өту кезеңінде транспорт салаларының алдында тұрған жауапкершілік үлкен. Мұнай өнеркәсібі транспорт құралдарының ірі тұтынушысы болып табылады. Транспорт шығындарының өсіуінің өзіндік себептері бар, айталық, пайдаланудағы кен орындарының өнімділігінің төмендеуі, мұнайдың сулануы мен физика – химиялық қасиеттері күрделі көлемдерінің артуы, өндірудің негізгі көлемдерінің климаттық жағдайы күрделі аудандарға ауысуы және т.с.с.

Мұнай кәсіпшіліктерінің жолсыз және жан – жаққа таралған жағдайында технологиялық транспортқа үлкен жүк түседі. Осы және басқа да қиындықтармен күресу үшін өндірістік бірлестіктердің транспорт басқармасы келесі бағыттарды жұмыс жүргізеді:

-технологиялық транспорт және арнайы техника (ТТ және АТ) басқармасының ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;

-техникалық жабдықтауды, ТТ сенімді жұмыс қабілетін индустрияландыру;

-табиғи – климаттық жағдайы күрделі аудандарда паидаланудың рационалды қорлары мен автотраспорттық құралдардың техника–экономикалық талаптарын негіздеу.

Транспорттық шығындар кәсіпорын есеп қағаздарында жеке бапта көрсетілмеген, ол басқа да шығындарың қатарына кіреді, бірақ оған қарамастан транспорттық шығындар мұнай өндірудің өзіндік құнының бестен бір бөлігін құрайды.