Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арман еркебулан д.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
583.16 Кб
Скачать

2.2.3 Ұңғыны пайдалану кезінде кездесетін қиыншылықтардың алдын- алушаралары және олармен күрес

Су көрінісімен күрес

Игерудің бастапқы кезеңінде бу мен су айдау көрсеткіштерінің күрт жоғарылауы жүрді. 1995 жылдан бері өндіруші ұңғылардың сулануы баяурақ өсуі байқалады. Бұл қабатқа айдалатын ығыстырушы агент көлемінің азаюына байланысты.

Суланумен күресу үшін Қаражанбас кен орнында келесі әдістер қолданылды: тұтқыр серпімді құрам айдау, тұтқыр серпімді құрамды «КазНИПИнефть» әдістемесімен айдау, гипан айдау, мұнай-күкіртқышқыл қоспасын айдау, этилсиликатты шайыр айдау, полимерлі-негізді ерітінді айдау, ауыспалы айдау.

Әдістерді талдау кезінде олардың ең тиімдісі полиакриламид негізіндегі тұтқыр-серпімді құрамды айдау екені анықталды. Бұл жүйе гель тәрізді масса, төмен қозғалғыштыққа, жоғары қарсыласу қасиетіне, тұтқыр-серпімді қасиеттерге және кеуектерге, жарықшақтарға орнығу қасиеттеріне ие.

Тұтқыр серпімді құрамды дайындау жөніндегі технологиялық үрдісті жүргізу кезінде заттар келесі массалық үлесте қолданылады:

-полиакриламид – 1,0 пайыз;

-жалғаушы(сшивающий) агент – 0,03-0,04 пайыз;

-су-қалған масса

Технология бойынша өңдеуден 24 сағат бұрын дайындалатын полиакриламидтің 1 пайызды ерітіндісін пайдалану қарастырылған. жалғаушы(сшивающий) агент стационарлы ыдыста дәл ұңғыны өңдеу алдында дайындалады.

Тұтқыр-серпімді құрамды айдау мұнай өнеркәсібінде қолданыста жүрген ЦА-320, ЦА-400 сорапты агрегатарымен және АЦН-8, АЦН-16 автоцистерналарымен жүргізіледі. Айдау үрдісі ұңғыда циркуляция бар жағдайда келесі тәртіппен жүргізіледі: 1.Жуу аяталған соң тұтқыр-серпімді құрамның есептелген көлемі ұңғыға айдалады 2.Жүйені қабатқа енгізу үшін технологиялық сұйық( беттік әрекеттік заттардың судағы ерітіндісі) пайдаланылады 3.Қабатқа енгізу аяқталған соң ұңғы гель түзілу үшін 24 сағатқа жабылып, содан соң пайдалануға жіберіледі. Осы операциялардан кейін ұңғы өнімінің тәуліктік шығымын өлшеу және сулануын анықтау жолымен ұңғының жұмысы бақыланып отырады.

Құм көрінісімен күрес

Құм көрінісімен күресу мәселесі кен орынды пайдалана бастаған уақыттан бері бар. Литологиялық жағынан өнімді қабаттар саз, алевролит және әлсіз цементтелген құмтастардан құралған. Коллекторларға термиялық әдістермен әсер етуге байланысты олардың бұзылу иүмкіндігі артады. Кенішке жылулық әсер ету мұнайдың тұтқырлығын төмендетеді және аққыштығын арттырады. Бірақ, бұл жағдайда борпылдақ коллекторлар цементтеуші зат болып табылатын тұтқыр мұнайды жоғалтады. Ылғалдылық айтарлықтай болғандықтан жыныс бөлшектері арасында ілінісу шамасы өте аз. Сондықтан қабат сұйығының ұңғыға жылжуы бұзылу өнімдерінің шығуына алып келеді. Құм тығындары ұңғы өнімділігіне үлкен кері әсерін тигізеді.

Құм көрінісінің алдын алу екі бағытта жүргізілді:

-түптік құмұстағыш сүзгілерді орнату;

-ұңғының түп аймағын химиялық әдіспен бекіту;

Қазіргі кезде ұңғы өнімділігін қалпына келтіру үшін механикалық әдіс(гидрожелонкамен тазалау) және ыстық сумен жуу әдісі қолданылады. әр ұңғыны өңдеудің тиімділігін бақылау үшін тазалау аралық кезең(ТАК) қолданылады.

ТАК шамасы 5 топқа бөлінген: 30 тәулікке дейін, 31-50 тәулік, 51-100 тәулік, 101-200 тәулік және 200 тәуліктен артық.

Құм көрінісімен күресу үшін ыстық сумен өңдеу және гидрожелонкамен тазалаумен қатар химиялық әдісті де қолданып көру ұсынылады. Құмдық жыныстарды бекітудің ең үлкен тиімділігіне акриламид негізіндегі жоғары молекулярлы полимерлер ие екені тәжірибеден белгілі. Жалғаушы агент ретінде негіздік металдардың хроматтары қолданылады. Мұндай химиялық жүйелер жыныстың тұрақты беріктігін оның коллекторлық қасиеттеріне зиян тигізбей қамтамасыз ететін гельтәрізді масса түзеді. Химиялық әдісті қолданбай тұрып арнайы бөлінген аумақта сынақтан өткізу қажет.

Коррозиямен күрес

Қаражанбас кен орнында объектілердің тұрақты жұмысына кері әсерін тигізетін фактордың бірі-ұңғы өнімінде құмның болуы. Осыған байланысты кен орнында периодты түрде жүргізілген ингибиторлық қорғаныстың тиімділігі айтарлықтай дәрежеде төмендеп отырған. Механикалық қоспалардың(құм) шығуынан пайда болатын коррозиялық эрозия агрессивті ортада ұңғы жабдықтарының және өнімді жинау жүйесі құбырларының тозуына әкеледі. Қабатқа су және бу айдау үрдістері құм шығымын көбейтеді, эрозиялық факторды жоғарылатады және коррозиялық үрдістерді жылдамдатады, құм тығындарын пайда қылады. Соның нәтижесінде ұңғыны пайдаланудың сенімділік дәрежесі төмендейді.

Қаражанбас кен орнында қорғаныстың технологиялық және арнайы әдістері енгізілді және меңгерілді: мұнай жинау коллекторларының ингибиторлық қорғанысы, ағынды диспергирлеу, лифтік және шлейфтік құбырларды эмальмен қаптау, резервуарлардың катодты қорғанысы.

Мұнай жинау коллекторларының ингибиторлық қорғанысы жақсы нәтиже берді.

Диспергаторларды кәсіптік-тәжірибелік сынау жұмыстары оң нәтиже берді, коррозия жылдамдығы 10 және одан көп есе төмендеді.

Ингибирлеу мен басқа да қорғаныс түрлері еңбекті көп қажет ететін немесе мүмкін емес болғандықтан лифттік және шлейфтік желілер үшін қорғаныс ретінде құбырларды эмальмен қаптау қолданды. Шыныэмальмен қапталған құбырлар пайдалану кезеңінде бүлінген жоқ дерлік, бұл коррозиядан қорғаныс дәрежесінің айтарлықтай жоғары екенін және эмальдалған құбырларды кеңірек қолдану қажеттігін көрсетеді.

Электрохимиялық(протекторлы) қорғаныс металл резервуарлардың ішкі бетін қорғау үшін қолданылды. Бірақ ішкі беттің қорғаныш қабықшасымен қапталмағанын және ортаның жоғары агрессивтілігін ескерсек мұндай қорғаныстың тиімділігі төмендейді.