Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арман еркебулан д.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
583.16 Кб
Скачать

46

Кіріспе

Қаражанбас кен орны Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы территориясындағы Бозашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.

Облыстық орталығы Ақтау қаласы болып саналатын жерден 210 км қашықтықта орналасып, қаламен асфальтті жолмен байланыста тұр. 150 км қашықта орналасқан темір жол станцциясы бар ең жақын мекенді қоныс Шетпе ауылы болып саналады. Бозашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігі абсолюттік белгісі минус 19-дан плюс 28 м шектелген жазықтық жер болып келеді. Жергілікті ландшафттың аса танымал белгісі, автотранспорттың өтіп жүруне кедергі жасайтын көптеген сорлардың болуы. Рельеф пішіндері бархан және байырғы жыныстардан тұрады. Аудан климаты күрт континентальлды. Ауа температурасы қыста минус 30°-дан жазда плюс 45°-қа дейін жетеді. Атмосфералық жауын-шашындар күз және қыс мерзімдеріне сай келеді.

Қаражанбас кен орны Бозашы түбегінің солтүстік-батыс аймағында орналасқан. Қаражанбас кен орны Бозашы түбегінің солтүстік-батысында орналасқан. Түбектің ойпат жазығы аккумулятивті теңіз жазықтар типіне жатаы. Түбек Каспий маңы ойпатының бөлігіне кіреді де онымен геоструктуралық палеографиялық қатынас байланысында. Ойпаттың солтүстік бөлігі эол құмдар массиві және сор беткейі бар дефляциялық жағдайларда пайда болған ұсақ арынсыз ойыстары бар толқын тәріздес абразивті-аккумулятивті жазық болып келеді. Оңтүстік бөлігі ірі түйірлі-тізбекті денудациялы-еңісті, жыралармен қатты тілінген жазықтық ретінде көрсетілген. Құм массивтері дөңестерінің салыстырмалы биіктігі 3-6 м болатын кішкене дөңесті рельеф құрады.

1 Геологиялық бөлім

1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер

Кен орын Бозашы түбегінің солтүстік-батысында орналасып, ауданы 7777,48 га алқапты алып жатыр. Бұл адам қоныстарынан қашық орналасқан теңіз деңгейінен 22-27 м төмен орналасқан шөл дала. Жұмысшылардың мекенді қонысы кен орынның игеріліп жатқан орталық аймағынан жобалап 15 км қашықтықта орналасқан. Жұмысшылардың тұратын жерінде тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени комплекстер, қоймалар, жылыту кұрылғылары, т.б. көмекші кұрылыстар. Санитарлы қорғау бақылауы бар зоналар аймағында тұрғылықты мекенді қоныстар, одан басқа да арнайы табиғи қорғау жағдайларын талап ететін түрлі объектілер де кездеспейді. Негізгі өндіріс объектілерінің орналасуы негізінен өндірістің оңтүстік-шығыс бөлігіне келеді. Аудан климаты күрт қоңыржайлы, жауынсыз, өте құрғақ, ыстық, ұзақ жазымен және салқын, қысқа қары аз қысымен.

Шоғырлардың барлығы мұнайлы, тек бір блогында ғана газ-мұнайлы шоғыр орналасқан. Коллекторлар құмтастар мен алевролиттерден құралған, ашық кеуектері 27 – 29%, өткізгіштігі 0,0136 – 0,351 мкм2. қалыңдығы 2 – 126 м сазды жыныстар жаппа қызметін атқарады. Блоктардағы мұнай шоғырларының биіктіктері 3,9 – 75,4 м. Коллекторлардың жалпы Қалыңдығы 1,5 – 26,1 м, тиімді Қалыңдығы 4 – 18,6 м, мұнайға қаныққан Қалыңдығы 2 – 14,6 м. Газ-мұнай шоғырындағы коллекторлардың газға қаныққан Қалыңдығы 2,4 м. Мұнайға қаныққандық коэффициенті 0,63 – 0,75. Мұнайдың тығыздығы 0,939 – 0,944 г/см3, 1,6 – 2,2% күкірт, 0,7 – 1,4% парафин бар, шайырлығы жоғары. Блоктардағы бастапқы қабаттық қысымдар 3 – 5,75 МПа аралығында, температура 25°С-тан 37°С-қа дейін өзгереді. Мұнайлардың шығымы 1,2 – 76,8 м3/тәулік. Құрамында ванадий мен никель кездеседі. Қабат сулары химиялық құрамы жағынан хлоркальций типті, тығыздығы 1,03 г/см3, минералдары 40 – 76 г/л, бром, бор, йод микроэлементтері мол кездеседі. Кен орны 1980 жылдан игерілуде.