Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арман еркебулан д.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
583.16 Кб
Скачать

Мұнай қабаттарына бу айдау әсерінің жалпы схемасы

Қаражанбас кен орнында жұмыс агентін бері және дайындаудың келесі схемасы қабылданған.

су 1 2 3 4 5

1 – бастапқы өзен суын алдын ала өңдеу құрылғысы.

2 – пайдаланатын суды дайындау құрылғысы.(онда ион ауыстыру және деаэрация әдісімен суды жұмсартады).

3 – бу генераторлы құрылғы, онда суды қайнатып, бу алады.

4 – буды айдау ұңғыларына апаратын құбырлар.

5 – айдау ұңғылары.

2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу

Мұнай кен орны жетінүктелік тормен бұрғыланған, өндіру және айдау ұңғыларының арасында арақашықтық 2σ = 144 м; кеніш ауданы Г Sз = 17837 мың. м2 = 36,03 · 106 м2, үлгі үшін №№ 2396, 1146, 1176, 1151, Г-12, 2398 және №2410 айдау ұңғысы бар жетінүктелік тордың мәліметтері қолданылған. Игерілетін горизонт Ю-2 (Г пачкасы); № 2396 ұңғының қабат қалыңдығы – 6,8 м; № 1146 ұңғының – 3 м; № 1176 ұңғының – 13,4 м; № 1551 ұңғының – 17,6 м; № Г-12 ұңғының – 5 м; № 2398 ұңғының – 4 м; № 2410 ұңғының қабат қалыңдығы – 11 м; ұңғы торымен қамтылған кеніш шеңберіндегі қабаттың орташа қалыңдығы h = 9 м; қалыңдық бойынша қабаттың үрдіспен қамтылу коэффициенті η2 = 0,40; аудан бойынша қабаттың үрдіспен қамтылу коэффициенті η2п = 0,50; кеніштің бұрғылану уақы t* = 5 года; қабат кеуектілігі m = 0,30; қабаттың бастапқы мұнайға қанығушылығы sн = 0,75; қабаттың бастапқы суға қанығушылығы sсв = 0,25; қабаттың бастапқы температурасы То = 27 оС; қабат пен оны қоршаған жыныстардың тығыздығы ρпл = ρоп = 2600 кг\м3; теплопроводность пласта и окружающих его пород λпл = λоп = 8,0 Вт/(м·К); қабат пен оны қоршаған жыныстардың температура өткізгіштігі ­пл = оп = 3,0 · 10-6 м2/с; қабат пен оны қоршаған жыныстардың жылу сыйымдылығы спл = соп = 1,0 кДж/(кг·К); қабаттың жату тереңдігі Н = 290 м; кеніште бұрғыланған айдау ұңғыларының диаметрі dс = 0,168 м; ұңғыдағы орташа бастапқы температура Тср = 20 оС; газсыздалған мұнайдың тығыздығы ρн = 914 кг/м3; мұнайдың көлемдік коэффициенті βо = 1,0345; бір айдау ұңғысына бу айдаудың темпі qп = 60 м3/сут; айдалатын будың температурасы Тп = 270 о­­С; айдау ұңғысының сағасындағы құрғақтылық дәрежесі Xу = 0,6; будың жылусыйымдылығы i” = 2800 кДж/кг; бу түзілудің құпия жылуы rп = 1750 кДж/кг; судың жылусыйымдылығы св = 4,2 кДж/(кг·К); мұнайды салқын сумен ығыстыру коэффициенті ηв = 0,4; мұнайды бумен ығыстыру коэффициенті η1 = 0,66.

Кенішке бужылулық әсер етуге әр қайсысының өнімділігі 1000т/тәу 3 бугенераторы бөлінген. Кенішті игерудің көрсеткіштерін анықтау керек.

Есептеу:

Бір жеті нүктелік элементтің ауданы құрайды:

Sэ = 8σ2, (1.1)

Sэ = 8 · 722 = 41472 м2.

Кеніштегі элементтер саны:

(1.2)

мұндағы Sз – кеніш ауданы;

Бу генераторынан бу 0,6 құрғақтылық дәрежесімен айдау ұңғысының сағасына беріледі. Қаражанбас кен орнында SQ23/14 түріндегі бугенераторлық қондырғылар қолданылады.

SQ23/14 бугенераторлық қондырғысы мұнай кен орындарын термиялық тәсілдермен игеру кезінде су буын жасауға арналған. Номиналды өнімділігі 50 т/сағ, қысымы 5.88 МПа, құрғақтылық дәрежесі 60 %. Қондырғы газды немесе сұйық отынмен жұмыс істеуі мүмкін. Қондырғының құрамына, жер бетіндегі немесе артезианды қайнарлардан суды қолдануға мүмкіндік беретін химдайындау және термиялық деаэрация жабдығы, электрсораптары, қосымша жабдығы, құбырлары, сақтандырушы және реттеуші арматурасы бар бугенераторы, отындық жүйенің жабдығы, автоматика және БӨҚ жүйесі, жылыту және вентиляция жүйесі, электрқамту және жарықтандыру жүйесі кіреді.

Ұңғы оқпанымен будың қозғалысы кезінде жылу жоғалуына байланысты будың бір бөлігі конденсацияланады. Айдау ұңғысының сағасында будың құрғақтылық дәрежесін мына формуламен анықтауға болады:

(1.3)

мұндағы

XЗ - t уақытынан кейін айдау ұңғысының сағасындағы будың құрғақтылық дәрежесі.

Онда

оС;

t = 5 жылы кезінде

.

(1) формуласына сәйкес мәндерді қойып, аламыз:

,

Әрі қарайғы есептеулер үшін будың құрғақтылық дәрежесін 0,6 тең деп алайық, өйткені ол уақыт бойынша аз өзгереді.

Игеру мерзімін анықтау үшін Маркс – Лангенхейм формуласы бойынша қабаттың жылыну динамикасын есептейміз. Қабатқа баратын жылу көлемі:

(1.4)

qт=60·0,6·2800+60(1 - 0,6)4,2(27-20) = 10,15·104 кДж/с.

Элементті игеру конденсация фронты өндіруші ұңғыларға жеткен кезде, яғни келесі шарт орындалғанда аяқталады:

Sпз=Sэ·η2п, (1.5)

мұндағы Sпз – қабаттың жылытылған аумағының ауданы, м2.

қабаттың жылытылған

аумағының ауданы:

Sпз = 41472 · 0,5 = 20736 м2.

Бір элементті игеру

уақытын табамыз:

сурет 2. Sпз -ның t-ға тәуелділігі

tэ = 2,376 · 107 с = 0,852 жыл

Бұл уақытта элементтен мұнайдың келесі саны өндіріледі:

(1.6)

Бүкіл кеніш бойынша мұнайдың жалпы шығымы:

Qн = Qнэ · nэ; (1.7)

Qн = 9,794 · 107 · 215 = 2,1 · 109 кг = 2,1 · 106 т.

Игерудің бүкіл уақыты бойы кенішке айдалған бу көлемі:

Qп = qпtэnэ, (1.8)

мұндағы Qп – кенішке айдалған будың жалпы саны, кг; tз – бір элементті игеру уақыты, с.

Qп = 60 · 2,376 · 107 · 215 = 30,65 · 109 кг = 30,65 · 106 т.

Мұнайдың 1000 кг-мын өндіруге будың меншікті шығыны:

(1.9)

.

Бугенераторларының жалпы өнімділігі 3000 т және бір ұңғының жалпы қабылдағыштығы 100т/тәу кезінде бір уақытта 30 элемент қана пайдаланыла алады. Кенішті бұрғылау мерзімі 6 жыл, сондықтан 215 айдау ұңғысының алғашқы 50 ұңғысы бірінші 0,697 жыл ішінде іске қосылады.