Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

84. Нақтылық және мүмкіндік, қажеттілік және кездейсоқтық.

Нақтылық – материяның оның қабылдауынан тәуелсіз шын формасы. Дальше өз ойыңмен пер.хуйняғо.)))))) Саттілік .

85.Техника деген не Техниканың тарихы мен философиясы.Техникалық білімді гуманизациялау және гуманитаризациялау.Қазіргі техногендік өркениеттің болашағы мен шегі.

 «Техника» терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде teshne және arts терминдерінің мағыналары бірдей болды. Оларды жеті artes mechanicai және жеті artes IiberaIes деп бөлді: механикалық өнерлер: жер өндеу, аң аулау, теңізде жүзу, тоқымашылық ісі, қару жасау ісі, дәрігерлік, театр ісі; еркін өнер: грамматика (логика мен ойлау өнері де кіреді), диалектика, риторика, геометрия, ариф-метика, астрономия, музыка. Кейінірек техника мен өнер адам қызметінің екі жеке түрі ретінде беліне бастады: техника адам қызметінің рациональді түріне, ал өнер интуитивтік, шығармашылық процеске айнадды. Мысалы, құрылыс өнері – құрылыс техникасы, фотография өнері – фотография тех-никасы және тағы басқа. «Техника» термині қызметтің осы саласында қол-данылатын құралдар (инструменттер, приборлар, машиналар) мен білімдер-ге (ережелер, теориялар, әдістер) байланысты да айтылады. Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қол-данылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, ягни артефактілердің жиынтыгы ретінде. Екіншіден, терминнің алгашқы магынасына сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтыгы ретінде. Со-нымен, техника -құралдармен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі. Техниканың тарихы. Техниканың пайда болуының алғы шарты -табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақ-саты – адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру, жақсарту. Техниканың алғашқы түрі – адам еңбегінің құрал-аспаптары мен әдіс-тәсілдері ұзақ уақыт бойы қарапайым деңгейде болып келді.

 Техниканың жалпы мәні мануфактуралық өндіріс дами бастаған XIX-ғасырда өзгерді. Бұл кезендерде механикалық машиналар дүниеге келіп, олар адам қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады, техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді. Техника бірте-бірте өндіріс саласын ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын да қамти бастады, автоматтандырылған машиналар пайда болды және бұл процесс өте тез қарқынмен жүре бастады. Бұл тұрғыдан алғанда ХХ-ғасырдың екінші жартысының ерекше болғандығын атап көрсеткен дұрыс.

 Техника философиясының қазіргі заманғы философиялық бағыттар шеңберінде дамуын қарастырайық.

 Позитивизм. Оның дамуының бірінші кезеңінің өкілдерінің, негізінен алғанда теориялық физика, математикалық логика, машиналар теориясы, техника тарихы салаларының ғалымдарының пікірінше, техника

 философиясының негізгі міндеті математика, механика, физика, химияның принциптеріне сүйене отырып, көптеген техникалық әдіс-құралдарды реттеу және классификациялау, техниканы жасаушылыр мен пайдаланушыларға арналған ұсыныстар дайындау. Э. Махтың тұжырымдауынша, техника философиясының пәні техникалық тәжірибені зерттеу, техниканың қара-пайымдылығына, көрнектілігіне және тиімділігіне басты назар аудару. Неопозитивистер «рациональді техника» немесе » ғылыми технология» сциентистік концепциясын ұстанады. Бұл концепцияның көрнекті өкілі сыни рационалист, француз философы Г. Башлар (немесе Башляр 1884-1962) рациональділік пен эмпирикалықты қарама-қарсы қоймайды, керісінше, олар бір-біріне үнемі әсер етіп отырады деген принципке сүйене отырып, идеялардың ғылымдағы маңызын және білімнің қоғамда алатын орнын зерттейді. Оның пікірінше, білімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

 таза эмпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми кезең – рациональдік абст-рактылық ойлау кезеңі және жаңа «ғылыми рух» кезеңі – ол тексерулер мен теріске шығаруға, жаңа ғылыми нәтижелерді қорыту мен білімнің әр түрлі салаларының арасында байланыстар орнатуға ашық кезең. Бұл ғылым таби-ғаттан алшақтайды, себебі оның мақсаты техниканы құрастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]