Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анара тарих шпоры.doc
Скачиваний:
166
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
329.22 Кб
Скачать

6. Ғұн тайпалық одағы. Ұлы қоңыс аудару.

Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан, қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, ассимиляцияғв түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды. Енді Хунну емес Ғұн дейміз, олай батыс деректер де айтады. 55 жылы аса құдіретті ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екі елге бөлінеді. Ғұндардың қаһармандықпен қарсы тұрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға басып кіреді де, ішкі қамалды алады. ЧЖичжи төңірегінлегі көптеген ағайын туыстарымен, бала шаға, қатын қалашымен, текті бекзаттарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынып, өлтірілді. Ғұндардың қоңыс аударуының екінші толқыны б.з. 93 ж. басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. IV ғас. Олар Европадан бой көрсетеді. Ғұндар қоғамындағы өкіметтің тұрпаты туралы мәліметте. Елді шанью басқарған, ол шексіз билеуші болған, оған іле шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді.

7. Үйсін және қаңлы тайпалық одақтары.

Үйсіндердің мемлекеттік құрылыс б.з.д. І мың. Аяғында Жетісу, Тянь Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде Үйсін елі аталды. Алғашында олар Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан моңғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында Күнбек титулы бар билеушісі тұрды. Үйсін мем. Құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемл. Айналды. Үйсін этнонимі бүгінгі күнге жетті, Қаз.дың Ұлы жүзінің бір руы аталады.Кангюй атауы, қытайша Канцзюй алғашқы рет деректерде б.з.д ІІ ғ. Кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді,ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемл. Сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар. Халқының этникалық сипаты әлі де күрделі сұрақ, қай тілде сөйлеген туралы жоқ мәлімет. Бернштамның пікірінше, олар түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з. І ғ. Ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпал. Келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен.

8. Түрік және Батыс түрік қағанаты.

Қаз. Жерінде YI ғасырда құдіретті держава билеушілері ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этнонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында. Қытайдың Вэй князьдігіне солт. Бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап, жайлы жазылған. 546ж. тирек тайпалары қазіргі Монголияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерде үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемл. Орнында олар Түрік мемл. Құрады. Бұл этникалық әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 ж. көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасайды, күйретеді. Анағұй өзін өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш құатын да, барлық иелектерін алады. 553 ж. Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара Еске отырады. Оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға тусуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы, Түрік қағ. Екі дербес қағанатқа Шығыс, Батыс бөлінуі 603 ж. аяқталады.

Батыс т. Қағ. Шығыс түрік қағанатының біршама саяси тәуелділікте болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған. Орталығы Суяб, террит. Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алған. Қатар Түрік қаған. Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған.Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар Ябғу, шад және елтебер қаған руының өкілдері тиеселі еді. Сот қызметтерін атқарған. Бектер тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті ақсүйектер сословиесінің басты тірегі.

9. Қазақстан тер.ғы алғашқы феодалдық мемлекеттер YIII-XОғыз мемл-ті. Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғари(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді.10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.

Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ертіске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды.ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.

Қарлұқ мемлекеті.Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды. Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті.9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді.Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]