Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анара тарих шпоры.doc
Скачиваний:
166
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
329.22 Кб
Скачать

36. 19 Ғ бірінші жартысындағы қ/н саяси ж/е әлеуметтік, экон/қ жағдайы Сібір

Жауабы: 1817 ж Бөкей хан , ал екі жылдан соң Уәли хан қайтыс болды . Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны болмаған жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын ала келісөз жүргізбей , іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді. Жаңа реформаны әзірлеуді патша үкіметі граф сперанскийге жүктелді.

1822ж 22 маусымда Патша * Сібір губернияларына арналған мекемелер * , * Бұратаналарды басқару туралы жарғы* , * Қырғыз – қайсақтарды* басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы ,жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары , шаруалар мен * Бұратаналар араысндағы борышкерлік міндеттемелер * туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.

37. Бөкей ордасындағы и. Тайманұлының басшылығындағы халық көтерілісі.

Жауабы: Бұл көтеріліс 1836-1838 жаралығында болған Оны Бастағанда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы . Қазақ елінің ер жүрек батыры И. Тайманұлы өлгенен кейін халық қозғалысы жеңілді. Исатайдың досы Махамбет аман қалған достарымен Хиуа хандығына өтеді. Одан кейін Орынбор әкімшілігі қолға түсіріп Орынборда соттап, Атырау өңіріне жіберіледі. Орынбор сотынының үкіміне риза болмаған Баймұхамед жігіттері 1846 жыл қыркүйек айында Махамбетті үінде отырған жерінде қонақ болып өлтіріп кетеді.

Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.

Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.

1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.

Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.

Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады.

Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.

Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]