Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анара тарих шпоры.doc
Скачиваний:
166
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
329.22 Кб
Скачать

47. 1917 Ж. Ақпан револ. Патша құл. Кейінгі Қаз.Ғы саяси жағдай.

1917 жылдың басында Ресейдің төнкерістік жаңа толқыны көтерілді. Империялистік соғысты азамат соғысына айнплдыру ұраны кенінен насихатталды. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс женіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуліктер тұтқынға алынады. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияты да Қазақстанда да қос өкімет орнады. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төнкерісінің женіске жетуі өлкедегі еңбекшілердін саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанда кеңестер 1917ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Акмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар с»уір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Қазақстанда қазақ интилигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Бірак олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуліктері болғандықтан жергілікті қазақ хвлқының көкейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интилигенция өкілдері Ақпан төнкерісінен кейінгі қоғамдық саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша «Уақытша өкімет» жағына шығып кетті. Уақытша өкіметтін Қазақстандағы кулактарға, қазақтардың басшы топтарына , қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі зандар күшінде қалды. Большевиктік партияның қатарына Сейфуллин, Серікбаев, Рысқұлов, Арғыншиев және басқалары кірді. «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады.

    1. Алаш үш жүз партияларының құрылуы. 1917ж. 21-26 –шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Омаров, Шоқай, Тынышбаев, Досмұхамедов, Ғаббасов т.б кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы – Алашорда Үкіметі – ұлт кеңесі өқрылды. Алаш партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: 1. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2. қазақ ұлт автономиясын ұүру; 3. халықтар арасында тең құқықтар орнату; 4. дінді мемлекеттен ажырату; 5. елдегі билік және сот туралы; 6. әскер және халықтық милиция құру; 7. халықтың табысына қарай салық жасау; 8. жұмысшылар туралы; 9. ғылым және білім туралы; 10. жер мәселесі. Халық кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Большевиктер билікке келісімен-ақ, ұлттық мүддені негізгі мұраты санаған, Алаш партиясына пролетарлық төнкерістің салтанатты шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады.

    2. 49. 1917ж. қазан төңкерісі. Қаз.да Кеңес үкімет. Орнатуы. Қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүрсілкіндірді. Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт ұзамай-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрест те жүріп жаты. Соның нәтижесінде 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аударында Кеңес өкіметі орнады. Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аударында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

50,Түркістан (Қоқан) автономиясы және Алаш Орда автоном. Құрылуы және қызметі. Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды. 1917 жылы 26-28 қараша аралығында қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы «Қоқан автономиясы» деп аталған ұлттық үкімет құрылған болатын. Бірақ Кеңестік Ресейдің Түркістан майданындағы қолбасшы Фрунзе бұған келіспеді. Оны Ленин және Сталин қолдады. Түркістанды Ресейден бөлініп кетеді деп қорыққан олар, Тұрар Рысқұловты басқа жұмысқа ауыстырып жібереді.Автономиның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918ж. ақпан айында қызыл әскер Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді. Ал 1917ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық 2-съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез мынадай қаулы шығарды: 1. Қазақ автономиясы құрылсын; 2. Қазақ автономиясы Алаш деп аталсын; 3. Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын; 4. Халық кенесі құрылсын, оның аты Алашорда болсын. Съезде автономия төрағасы болып Бөкейханов сайланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]