Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анара тарих шпоры.doc
Скачиваний:
166
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
329.22 Кб
Скачать

51Алаш автономиясы

  1. 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...

Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады.

  1. Қазақ. Территор. Азамат соғысы 1918 - 1920ж. Әскери коммунизм. Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашыларымен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. 1918ж. мамырдың аяғында Антанта елдерінің көмегімен Чехославак корпусы Солт. Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. Оларға ақ гвардияшылармен бірге әскерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді. 1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы еді. 1918ж. аяғы мен 1919ж. басында Жангелдин мен Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын құрды. 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солт. Жетісу майданы жойылды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1920жж. Оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, кеңес өкіметіне қарсы да заңды болса керек». 1918-1919 жылдары елімізде ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды.

53,Түркістан АКСР мен Қазақ АКСР-ң құрылуы.Қ/н мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу: Қазақ жерл. Қазақ Аксрнің құрамына бірігуі. 1920-24жж. 1918-1920 жылдары Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1919 жылғы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. Сонымен бірге Қазақ АКСР-ын құру ісі де өте қиындықпен жүрді. Бұрын бөлшектеніп кеткен қазақ жерлерін « Сібір Ревкомы» сияқты кейбір аймақ басшылары Қазақстанға бергісі келмеді. Ертістің оң жағалауы, кенді Алтай аймағы, Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер үшін қатты тартыс болды. Сол кездегі халқымыздың көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейхановтар Лениннің қабылдауында бірнеше реет болып, бұл жерлердің ежелгі қазақ екенін дәлелдеді. Соның арқасында бұл жерлер Қазақстанға берілді. 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты. Орталық Атқару Комитеті төрағасы Мендешов және Халком Кеңесі төрағасы Радус-зенькович сайланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]