Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

ҚАЗАҚТЫҢ МАЛ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Сүлеймен Асанәлі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті1 курс ақпараттық технология мамандығы

Ғылыми жетекшісі: Ахантаева Ә.Ж. - т.ғ.к., қауымд. профессор

Көшпелі қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік мал ежелден-ақ шешуші орын алып келгендіктен, материалдықжәнеруханимәдениеттіңдамуынадакөңілбөлінген. Соләсердіңбіркөрінісітөрттүлікте кездесетін індеттер мен алуан түрлі басқа да ауруларды емдеудегі халық тәсілдері туралы қозғалады.

Алайда олар малдың түрлі ауруын ажырату, оған сәйкес індетке қарсы сақтық шараларын жасауда да елеулі еңбек сіңірген. Төрт түлікке бірдей келетін өте ауыр жұқпалы індет - топалаң ауруы. Бұл індет жылқыда «жамандат», түйеде «қарабез», «ақшелек», ірі қарада «қараталақ», «ылаң», қойда «топалаң» деп аталатын. Жылқыда топалаң көбінесе жалқаяқ ісік түрінде байқалады. Топалаңмен ауырған мал сойылса жазатайым жарақаттанған қолға аурудың жұғатынын біліп халық оны – түйнеме, күйдіргі деп атаған. Жамандат көп жылқыға бірден жаппай келмей, бірен – саран жылқыға ісік ретінде шығатын індет . Бұған ұшыраған мал дереу оттан қалады, ішін соғып қырылдай бастайды (ісік іштен болса), тісін қайрап, тынысы тарылады да діріл пайда болады. Негізгі белгісі – сыртқы ісік барған сайын ұлғая береді. Ісік кішірек болса, одан әрі ұлғаймас үшін, қыздырылған темірмен айналдыра қариды да, ісіктің сарысулы жалқаяғын ағызу үшін оның әр жерінен қыздырылған жуан бізбен сұққылап, шабақтайды. Пышақпен тіліп жіберіп, жалқаяқтанған ісікті түгелдей сылып тастайды да, тұзды сумен жуып алып, ісіктің орнына қараткен тұздың (кесек тұз) майда үгіндісін себеді, сосын терісінтарамыспентігіпқояды. Кейдеісіктісылымай-ақ, терініңастынпышақұшыменаздапкеулейтін де бұршақтай апиын тығып қоятын.

Қарабез індеті түйеде болады. Сона мен бөгелек жұқтырады деп есептейді. Түйедегі қарабез ауруына еш шара қолданылмайтын. Тіпті, емдеуге үлгермей де қалатын, өйткені түйе жылқыға қарағанда ауруға осал келеді де тез өледі.

Ірі қарада болатын қараталаққа ұшыраған мал оттаудан қалып, бүйірін соғып өкіре береді де 2-3 күн ішінде өледі. Егер індет іштен келсе (қараталақ) талағы қарайып, ісініп, мал тіпті тез өліп қалатын.

Топалаң көбінесе жаздыгүні қойға жаппай келетін өте зілді індет. Бұл ауруға шалдыққан мал дереу оттан қалады да, қабағын салбыратын, басын шайқай береді, бір нәрседен шошынғандай, оқтын-оқтын жоғары қарай секіріп түсіп құлайтын кезі де болады. Топалаңнан өлген қойдың алды артынан қан кетеді, буындары қатпай, талағы ісіп, еті қанталап қараяды.

Ірі қарада сирек кездесетін ауыр індеттердің бірі – қарасан (эмкар). Бұған ұшыраған малдың көбіне бір саныісінедідеаяғынбасаалмай, жатыпқалады. Санеті қанталап, қарайыпкетеді. Қарасанғақарсы қазақ ешбір емдеу шарасын қолданбаған. Шын мәнісінде бұл жағдай қарасан індетінің себептері белгісіз.

Қойдағы жиі кездесетін жұқпалы індеттердің бірі – күл ауруы, ең алдымен езуден, құлақ түбінен, көздіңайналасынан, қолтықтан, шаптан және басқажерлерден сулыақ бөріккендер шығабастайды, ол жарылған уақытта қойдың денесінде тұтасқан сулы жаралар пайда болады да, 4-5 күн ішінде мал өліп те кетеді. Халықтың бұл ауруға қарсы қолданатын шаралары, сау қойға күл ауруын қолдан егу арқылы алдын-ала індеттен сақтандыру әрекетіне негізделген. Бұл үшін күлден өлген қойдың өкпесін алып ұсақтап турайды, сосын қойлардың әрқайсысының бір құлағының үстіңгі жағынан терісін тіліп жіберіп, шеміршекпен терісініңарасын пышақұшымен аздап кеулейдідетуралған өкпеніңбір түйірін тығып қояды, егілген кесел мал бойына тез жайылып жедел шығады (иммунитет пайда болу мағынасында) деп топшылайтын.

Жұқпалы аурулардың аса ауыры – мәлік ауруына (чума) шалдыққан мал ең алдымен оттан қалып, жүдей бастайды, көзі бозарып, қабағы салыңқы тартады да жас парлайды, аузынан сілекей ағып, жиі жүреді. Ауырғандығы сезілгеннен соң бір жетінің ішінде өледі. Мысалы, мал дәрігері А.И.Добромысловтың мәліметіне қарағанда, тек 1892 жылы Торғай облысының екі уезінде ғана мәлік ауруына шалдыққан. 1820 ірі қара малдың 180 басы өліп, қалғаны түгелдей сойылған. Бұл ауру қысыжазы бірдей бола береді. Мәлік індетінің шығу себебін бұрын көбінесе құдай әмірінен көрген қазақ елі оған қарсы басқадай ем қолданбай, малдың ауырғанын сойып алып етін жей беретінде, қанын көміп тастайтын. Кейбір деректерге қарағанда мәлік індеті түйеге жұғатыны байқалады. Ғылыми мал дәрігерінде – бұл аурудан өлген малды сойғызбай, терісімен көмдіреді.

Тері аурулары. Халық әр түліктің ауруына басқаша ат қойып, «қотыр», «көнтек», «көңқотыр», «қыршаңқы» дейтін. Сайып келгенде, осылардың бәрінде қотыр деуге болады. Қотыр негізінен, қыстыгүні басталатын да, көктемге қарай күшейе түсетін. Халық арасындағы түсінікке қарағанда

201

қыстыгүні өрістен үсті су болып келген қойдың жүнін кептірмей, қиы ойылмаған кішкене жабық қораға тығыздап, ерте қамағандықтан жүн үстіндегі ылғал дереу жүннің түбіне жетіп, күйсіз қойлар, әсіресе тоқтылар қотыр яғни көнтек болады деп есептейтін. Ғылыми тұрғыдан қойдың қотыр болуы оның үстіне өте ұсақ кенелердің ұялауына байланысты. Өкпе аурулары – әр түрлі өкпе аурулары төрт түлікте де қысы жазы бірдей кездесе береді. Ірі қарада «алаөкпе», жылқы мен түйеде «қараөкпе», қой мен ешкіде «өкпеқұрт» деп аталатын аурулар болады.

Сынық пен буынды шыққанда сынықты салу халық тәжірибесінде жылқы мен қойда сынықты емдеугеболады, аліріқара, түйежәнеешкісынықтыда, буыншығудыдакөпкөтереалмайды. Сынған жіліншіктің сүйектерін қолмен орын – орындарына келтіріп алады да, сыртынан ши тігілген киізбен жіліншікті орап, қозғалмайтындай етіп таңып тастайды.. Дұрыс, салынған сынық орта есеппен 20-30 күн ішінде жазылатын.

Қорытындылай келе халқымыздың сан ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа қалдыра отырып жинаған байтәжірибелерініңғылымғажанасатынұнамды жағын қажетімізгежаратуғаболады. Ғылым мен тәжірибе – егіз, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Халық тәжірибесіне талдау жасап және оны бағалағанда да осы тұрғыдан қарау қажет. Халық тәжірибесінің пайдалы жақтарын бүкіл жұрттың игілігіне ұсыну керек те, ал зияндысын пайдаланудан мүлде шығаруға тиіспіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Ахмет Тоқтабай, Жанна Сейтқұлова Төрт түліктің қасиеті. – Алматы: 2005. – 192с Х. Арғынбаев Қазақтың мал ауруларын емдеудегі халықтық тәжірибесі. А. 1963. – 191 б.

Добромыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. – Оренбург Изд-Тург. Обл.Стат. Комитета,1895. – 360 с.

РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ӨЛКЕТАНУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Советхан Р.А

Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 4 курс студенті әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Ғылыми жетекшісі: профессор Қалыш А.Б

Жетісу – бұл жер жәннаты аталған өңір, әрі бай өлке. Асқар таулары мен жазық дала, көк айдынды көлдер мен буырқана аққан өзендер, жеміс-жидекке толы тау беткейі мен көлбеп жатқан жасыл жайлау. Сонымен қатар Жетісу өлкесінде ата – бабаларымыздың өмір жолын айғақтайтын тарихи – мәденимұралар, руханижәдігерліктерменежлгіескерткіштержиікездеседі. Райымбекауданы, Жетісу өлкесінің басқа да аудандары сияқты, сан тараулы қатпар-қатпар тарихы бар шежірелі мекен. Ол өз ғұмырында көптеген айтулы оқиғаларды тудырып, тарихтың қозғаушы күші, куәгері болып келеді. Ауданның осындай тұнған тарихы мен сан сипатты табиғатын көпшілікке таныту жолында бүгінде аудандық тарихи өлкетану музейі жұмыс жасап келеді. Барлығымызға белгілі өлкетанулық сипаттағы музейлер белгілі өлке тарихын зерттеуде, оны халыққа дәріптеуде маңызды орынға ие. Қазақстанда алғашқы музейлер ашылу барысында түрлі ғылыми экспедициялар, жергілікті статистикалық комиттертер және өлкетанушылар қоғамы көптеген материалдар жинақтаған еді. Аталмыш мәліметтерді өңдейтін, сақтайтын, бір жүйеге келтіретін, көпшілікке көрсететін орынның қажет болғандығыбелгілі. Ондайорынәринемузейдептанылды. ДәлсолсебептіРайымбекаудандықтарихи өлкетану музейі сол өлкені зерттеуде маңызды орынға ие.

Райымбек аудандық тарихи өлкетану музейі Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылында орналасқан. Музейдің орналасқан ғимараты 1933-1934 жылдары Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ораз Жандосовқа салынған үй болатын. Музей 1987 жылы алғашында тарихи этнографиялық музей болып құрылды. Ал, 2011 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің №18 қаулысымен музейдің атауы «Райымбек аудандық тарихи өлкетану музейі» болып өзгертілді. Музейде барлығы – 2000 ға жуық музейлік маңызы бар заттар мен материалдар бар. Музей ғимаратының үстіңгі қабатына 4 экспозициялық зал орналасқан. Олар: Өлке табиғаты залы, көне және ортағасырлық тарих залы, этнографиялық бөлім, кеңес дәуірі жылдарындағы өлке тарихы залы, тәуелсіздік залы.

Райымбек ауданы – Жетісу жерінің көркем аймақтарының бірі. Талайды ерекше табиғатымен тамсандырған бұл аймақтың мол байлығын көрсету мақсатында келген қонақтарға бірінші Табиғат залы таныстырылады. Экспозицияда ең алғашқы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуынан көрініс беретін: полеозой эрасының Силур және Перм кезеңдері, мезозой эрасының Юра кезеңі, кайнозой эрасының Палеоген кезеңіндегі тіршілікті көрсетуге арналған мини-диорамалар көрсетілген. Аудан

202

жеріндекайнозойкезеңіндеөмірсүргеналыпсүтқоректіжануарлардыңболғандығыныңдәлеліретінде кездейсоқ табылған мамонттың азу тісі мен алып жануардың жілік сүйегінің жартысы ұсынылған. Жәнедеаудандаөсірілетіндақылтүрлеріменаңқұстардыңқатырылғанденелеріқойылғанэкспозиция да ерекше көзге түседі.

Өлкенің ғасырлар қойнауынан басталатын тарихының түп тамыры тереңде жатыр. Көне және ортағасырлық тарихымен келесі 2- залда танысуға болады. Бұнда сонау тас ғасырынан бастап Қазақ хандығының құрылуына дейінгі уақыт аралығындағы тарихтың негізгі оқиғалары қамтылады.Тас ғасырының неолит және палеолит дәуіріне жататын, өлке территориясынан табылған тас еңбек құралдары экспозицияға қойылған. Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – мүсін тастар. Ғылымға «Кеген жазбасы» деген атпен енген Қарқара өзенінің маңынантабылғанмүсінтасөлкеніңбастықұндымұрасыретіндемузейқорындасақталған. 1988 жылы Райымбек ауданы, Жалаулы ауылының маңынан табылған алтын бұйымдар да музей қорынан орын алған. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытуда зор үлес қосқан, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Карл Байпақовқа арналған эскпозиция ерекше маңызға ие.

КелесізалдаКеңесдәуіріжылдарындағыөлкетарихыбаяндалады. БұлзалэкспозициясыРайымбек ауданыҚарқаражайлауындағы ҚарқараөзенініңбойындаорналасқанҚарқаражәрмеңкесінеарналған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс ошақтарының жетекшілері Т. Бокин, Ұ. Саурықов, қарқара көтерілісінің басшылары Ж. Мәмбетов, Қ. Шорманов жайлы мәліметтер экспозицияға қойылған. Экспозицияда көтеріліс кезінде қолданыста болған қару-жарақтар басты назарға ұсынылған.

Келесі экспозициялық кешенде өлкеде Кеңес үкіметінің орнауы, ауылшаруашылық ұйымдарын құру, қазақхалқынаорнытолмасқасіретәкелген ашаршылықжылдарыжәне1938 жылдардағықуғынсүргін жайлы баяндалады. Қ. Байғабылов, М. Орманов т.б. ұлт зиялылары қуғын-сүргін құрбандары болды. Мұнда репрессияға қатысты құжаттар мен фотосуреттер орын алған. Сонымен қатар бұл бөлімдегі үлкен эқспозициялық кешен Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға және нығайтуға белсене атсалысқан, мемлекет және партия қайраткері О.Қ.Жандосовтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған.

1941 жылғы қазақ халқы үшін күтпеген жерден ҰОС-ы басталады. Бұл соғыс шын мәнінде «халықтық, қасиеттісоғыс» болды. Еңірітарихиалтыұрысжәнетарихқаенген40 шақтыстратегиялық шабуылоперацияларыныңбәрінеде қазақстандықтар тікелей қатысты. Райымбекауданынан майданға 7000 мыңнан аса адам аттанып, оның 4000 мыңға майдан даласында ерлікпен қаза тапты. ҰОС-ндағы көрсеткенерліктеріүшін2 адамБ. ДембаевменЫ.Қалдыбаев«Даңқ» орденініңтолықкавалеріатанды. Ал Ә.Мейірбеков, С.Шотбаев, Ы.Сығаев, М.Манекеев, Ш.Мұсаев және басқа көптеген батырлар І дәрежелі «Отан» соғысы, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және басқа да жауынгерлік, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Экпозицияда аталмыш мадақтардың барлығы көрсетілген.

Аспантаулар өлкесінен небір таланттар мен өнер саңлақтары дүниеге келді. «Поэзия! Менімен егізбе едің? Сен мені сезесіңбе, неге іздедің?!», - деп, тебіренетін ақиық ақын Мұқағали да осы өлкенің тумасы еді. Ол бүкіл ғұмырын өлең жолына арнады. Таланты бай, ішкі рухани қуаты берік ақын небір тамаша лирикалық жырларын халқына тарту етті. Экспозицияда Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы толығымен баяндалған. Оның еңбектері мен М.Мақатаевқа арналған шығармалар мен фотосуреттер ұсынылған.

Келесітанысатынбөлім«ТәуелсізҚазақстан» депаталады.Ғасырларбойыаңсағантәуелсіздігімізге 28 жыл. Осы аз ғана мерзім ішінде Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміз талай жетістіктерге қол жеткізуде. Мұнда тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған экспозициялық кешен ұйымдастырылды. Экспозицияда Елбасының ауданға іс-сапарлармен келген кезіндегі фотосуреттері және жазған еңбектері қойылған.

Байқағанымыздай, барлықтарихиөлкетану музейлерісекілдібұлмузейдіңдежалпыэкспозициясы өлкенің бай табиғаты мен көне тарихынан қазіргі уақытқа дейінгі тарихын қамтиды. Музей алғаш ашылған уақытта 1500 экспонатпен басталған, қазіргі уақытта жалпы экспонат саны 2150 ге жетті. Музей қызметкерлері осындай үлкен қордың жинақталуына сол ауданнан шыққан ақын, жазушылар, ғалымдар, өнер қайратеркерлері мен спортшылардың қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бүгінді Райымбек аудандық тарихи өлкетану музейі сол өлкенің тарихи ескерткіштерін, мәдени құндылықтарын, мұраларын сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқарып отырған аудандағы бірден бір мекеме ретінде өзіндік маңызы бар. Сонымен бірге музейдің қоғам өмірінде алатын орны да ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы «ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау – қазіргі негізгі мақсат болуы тиіс». Сондықтан да музейге бару, музейді тану, музейді бағалау мәдениетін қалыптастыру біздің әрқайсымыздың өз қолымызда. Сондықтан өз ауылымыздың, өз қаламыздың, өз отанымыздың

203

тарихын тануды музейден бастауды жолға қою қажет. Дәл сол салада Райымбек аудандық тарихи өлкетану музейі өз жұмысын тиісті деңгейде орындап келеді. «Ағашы тұнған жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен» деп Асан Қайғы сүйсінген Жетісудың жомарт жері, берекелі елінің тарихы мен мәдениетін зерттеп, насихаттауда бұл өлкетанулық музей маңызын жоғалтпайды деген сенімдемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

К.М.Байпақов. Алматы мен Жетісудың көне қазыналары. – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты: Изд. Дом

«CREDO» – Алматы, 2004. 171б.

Жетісу: Энциклопедия/ Бас ред. Әбдуәли Қайдар. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. 701б.

Мұражай-тарихтан сыр шертеді. Ердесбаева Айман, аудандық тарихи өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі. //Райымбек. Алматы облыстық қоғамдық газеті.

Музейдің жеке ақпараты

КВОПРОСУ ОБ АНТРОПОЛОГИЧЕСКОМ ИЗУЧЕНИИ КАЗАХОВ

ВСОВЕТСКИЙ ПЕРИОД

А.Ж. Абилхамит

магистрант 1 курса КазНУ имени аль-Фараби

Среди скудных исследований антропологии древнего и современного населения Казахстана наибольшеезначениеимеюттрудыГ.Ф. Дебеца(1948), В.В. Гинзбурга, М.Г. Левина. Н.Н. Чебоксарова

(1962), В.П. Алексеева (1967, 1974), О. Исмагулова (1970, 1382) и др.

Наиболее системно и последовательно эта проблема разрабатывается в исследованиях ведущего отечественного антрополога, академика НАН РК О. Исмагулова, которому принадлежит огромная заслуга в организации и проведении всестороннего антропологического изучения населения республики. Результаты этих интенсивных исследовании обобщены ученым в виде нескольких монографии. В них, помимо палеоантропологического краниологического материала, анализируется обширный расово-соматологический и изосерологический материал. В начальный период им были приведены лишь отрывочные данные дерматоглифики и одонтологии казахов. Тем не менее, результаты палеоантропологических, соматологических и изосерологических работ ученого показали ряд отличительных особенностей коренного населения Казахстана. Например, казахи западных регионов республики заметно отличаются от казахов остальной части республики. Это свидетельствует о том, что их изучение приобретает особую важность для решения проблем, связанных с этногенетическими процессами на этой территории.

Отметим, что с другой стороны, система признаков кожных узоров кисти и строения зубных коронок являются весьма важным источником информации по населеьникам древности, средневековья, нового и новейшего времени, так как они обладают высокой таксономической ценностью, будучи генетически обусловленными и не зависящими от окружающей среды. Именно с этим фактором связано проведение дерматоглифического и одонтологического изучения казахов и сравнительных этноконтактных групп на территории Казахстана с тем, чтобы соотнести его результаты с итогами расово-соматологического и серологического анализа коренного населения нашей республики. Это, в свою очередь, представляет самостоятельную научную ценность, так как данные дерматоглифики и одонтологии существенно дополняют и обогащают антропологическую характеристику современных казахов, позволяя проследить основные линии их генетических связей.

Итогиантропологическогоизучениядревнейшего населенияКазахстанасовпадаютсрезультатами анализа палеоантропологических и краниологических материалов на территории Казахстана с эпохи бронзы до современности. К ним, в первую очередь, следует отнести исследования В.П. Алексеева

(1967), В.В. Гинзбурга (1954, 1956, 1959, 1972), Г.Ф. Дебеца (1948), О. Исмагулова (1963, 1965, 1970).

Материалы этих публикаций показали, что начиная с эпохи бронзы, когда аборигенное население Казахстана принадлежало к европеоидному типу, происходило постепенное увеличение монголоидного компонента, который наиболее зримым становится с эпохи тюркских каганатов и монгольской экспансии, когда удельный вес монголоидного компонента возроса от 0 до 70% Исмагулов, 1970].

Начальные сведения о дерматоглифике и одонтологии казахов были опубликованы в 1960-1970 годах. По комплексу дерматоглифических признаков было выявлено, что казахи сближаются с многочисленной группой монголоидных по расовому типу народов, населявших Южную и Западную Сибирь, особенно тесно с теми из них, у которых монголоидные черты были ослаблены [Хить, 1983]. По основным расово-диагностическим признакам одонтологии казахи относятся к монголоидноевропеоидным метисным популяциям [Зубов, 1972]. Они показывают, что палеоантропология Казахстана, а также краниология, расовая соматология и распределение генных частот среди

204

современных казахов изучены с достаточной полнотой. В то же время материалы по дерматоглифике и одонтологии невелики по объему и не охватывают и основные территориальные группы казахов.

Материалы и методы исследования по дерматоглифике и одонтологии казахов были всесторонне исследованы О. Исмагуловым в течение 1972-1985 гг. Так, в соответствии с поставленными задачами, основную часть материала у ученого составляют жители Западного Казахстана. Так, из изученных 18 локальныхказахскихгрупп, 10 – относятсяктерриторииотмеченногорегионареспублики. Всегобыло обследовано 3 450 человек по дерматоглифике и 2 798 человек по одонтологии. Оразаком Исмагуловичем были изучены также с целью сопоставления четыре этнические группы Казахстана и Калмыкии: уйгуры Уйгурского района Алматинской области, дунгане Курдайского района Жамбылской области, корейцы Каратальского района бывшей Талды-Корганской области и калмыки Яшкульского района Калмыцкой АССР (766 человек по дерматоглифике и 634 по одонтологии). Всего им были обследованы 22 этнотерриториальные группы. Обработка всего материала проводилась автором. В качестве сравнительно-сопоставительного материала были привлечены специальные исследования по ряду этнических групп Средней Азии, Европейской части СССР и Сибири.

Оттиски ладоней и пальцев были проведены О. Исмагуловым методом типографической краски, а коллекции были обработаны по стандартной методике Камминса и Милдо. Одновременно положение радиусов осевых ладоней определялось по схеме А. Шармы. Для анализа данных использовались следующие методические приемы: а) выявление картографирования признаков путем разбивки размаха вариации в казахских группах на пять равных интервалов; б) проведение корреляционного анализа, где показатели связи вычислялись методом ранговой корреляции по Спирмену и по способу Бравэ; в) анализ сравнительной дифференциации по методу Г.Л. Хить (1983); г) в качестве генерализованного показателя межгрупповых различии по комплексу признаков применялось обобщенное дерматоглифического расстояния (ОДР). Величина ОДР оценивалась количественно на разных уровнях исследования (территориальном и этническом) с использованием сигмальной рубрикации. Достоверность различии между группами (значимость ОДР) определялись по величине критерия Стьюдента, с использованием стандартного квадратического уклонения суммарного ряда ОДР для территориальных групп сибирских монголоидов. Матрицы ОДР были подвергнуты кластерному анализу.

Таким образом, краткоерассмотрениепоставленнойпроблемы всоветский периодпоказывает, что в антропологическом исследовании казахов и других этнических групп на территории Казахстана во многом стали возможными и реализованными благодаря вкладу российских ученых Института этнографии и антропологии имени Н.Н. Миклухо-Маклая АН СССР, а также огромному вкладу О.И. Исмагулова из Института истории, археологии и этнографии имени Ч.Ч. Валиханова АН Казахской ССР.

Список литературы:

Исмагулов О. Дерматоглифика локальных групп западных казахов // Вопросы антропологии. – Тарту, 1985. – С. 87-88. Исмагулов О. Одонтология и дерматоглифика трех групп казахов западной периферии этнического ареала // Этнокультурная динамика в центре и на периферии этнического ареала. Сборник Института этнографии и антропологии

имени Н.Н. Миклухо-Маклая. – М., 1986. – С. 89-95*.

Исмагулов О. Дерматоглифика локальных групп западных казахов // Полевые исследования Института этнографии и антропологии имени Н.Н. Миклухо-Маклая. 1983. – М., 1984.

МЕНДІҚҰЛОВТЫҢ ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Жұмағұл Балнұр

Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының 4-курс студенті.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., проф., Қалыш А.Б.

Малбағар Меңдіқұлов қазақ халқынан шыққан ең алғашқы кәсіби архитектор. Ол 1909 жылы Орынбор облысы , Адамов ауданы 11ауылда дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының бас архитекторы, КСРО құрылыс және архитектура академиясының корреспондент мүшесі болған.Оның мазмұнды,шығармашылық шабытқа толы өмір жолы 1936 жылы Орта Азия Политехника институтының архитектура бөлімін бітіргеннен кейін басталған еді.

Жас архитектор алған білімін сәулеттік тәжірибемен ұштастырады. Еңбексүйгіштік аз демей, көп демей архитектураның барлық мәселелеріне көңіл бөлу, жаңалықты іздеу қасиеттері, сәулетшінің алғашқы қадамдарынан біліне бастаған еді.1937 жылдан 1941 жылға дейін «Узлегпром», «Ташгопроект» жобалау институттарында архитектор, топ жетекшісі, кейін Ташкент қаласының бас архитекторы болып істейді.Соңғы жұмыста жас сәулетшінің ұйымдастыру қабілеті байқалады. Осы жылдарыжасалғанірігидротехникалықзорқұрылыстар: ӨзбекстандағыТашкентжәнеҮлкенФерғана

205

,Қырғыстандағы Шу каналдары еді.Бұлар соғыс алдындағы атақты ірі өнеркәсіптік құрылыстар болатын.

1942 жылдың мамырынан бастап 1945-тің тамызына дейін М.Меңдіқұлов қан майданның қақ ортасында болады. Соғыстағы ерлігі үшін Малбағар Меңдіқұлов жауынгерлік Қызыл ту ордені, Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі орденімен, Қызыл жүлдыз ордені және көптеген медальдармен наградталған. Соғыс біткен соң өзі сүйетінсәулет өнеріне қайта оралады. Ташкент қаласындағы Науаи даңғылындағы газет журнал комбинаты бас үйінің жобасын жасайды. Қала салу тұрғысынан алып қарағанда, комбинаттың үйлері сәтті орналасып,Өзбекстан астанасының көрікті бір бұрышына айналады.

1947жылы Қазақстан Үкіметінің шақыртуымен Алматыға келеді. Келе сала сәулет өнерінің келелі мәселелерімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Алдымен, архитектра секторының меңгерушісі, кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылыс және құрылыс материалдары институтыныңдиректоры болып істейді. Қазақ КСР Министрлер Советі жанындағы архитектурабасқармасының бастығы болып тағайындалады.

Алматыға көшіп келу ғалым үшін үлкен өщгерістерге толы кезең. Ол Қазақ совет архитектурасының даму мәселелерімен шұғылданады, әсіресе астанамыз Алматының сәулетіне қатты назар аудадарады. Ол кездері Алматы шағын қала еді, көбіне екі-үш қабатты үйлер болатын, ірі қалаға лайықты нышан білінбейтін.

Малбағар Меңдіқұлов өзіне тән жігермен қаланың пайда болу, салыну, өсу жолдарын зерттейді.Қазақ архитектурасының даму бағытына ,күрделі мәселелеріне көңіл бөледі. 1948-1949 жылдары «Алматы қаласының сәулетінің даму барысы» , «Қазақстандағы ұлттық архитектураның проблемалары» атты және басқа да мақалалар жазады.1949 жылы Семей қаласындағы Абай музейінің реконструкциясын жасайды, Алматыдағы шарап зауытының әкімшілік ғимаратын салады, Мәскеу қаласындағы бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіндегі қазақ павильонының (Ш.Бапышов деген архитектормен бирге) нұсқасын жасайды.

М.Меңдіқұлов 1951-1952 жылдары Маңғыстау түбегі мен Батыс Үстіртке аттанған ғылыми экспедицияны басқарады.Бұл кең-байтақ Қазақстан жеріндегі шашылып жатқан халық сәулет өнерінің ескерткіштері зерттеле қоймаған кез еді. Осы сапарда Қазақстан тарихының әр кезіне жататын сәулет туындылары зерттелді, оларды салудағы ерекшеліктер ашылды, көптеген мазарлардың, ғимараттардыңкескін-келбетіалғаш ретқағазғатүсті. Осығанорай1950-53 жылдарМ.Меңдіқұловтың «Қазақстандағы тарихи архитектураның кейбір ерекшеліктері», «Қазақстандағы күмбезді мазарлар», «Ұшқан құлпытастары» т.б мақалалры басылды. 1953 жылы «Алматы архитектурасы» атты монографиясы жарық көрді. Бұл жұмысы үшін оған Архитектура кандидаты деген ғылыми атақ берілді. 50 жылдардың ортасында КОКП Орталық комитеті мен КСРО Министрлер Советінің «Құрылысты арзандату мен сапасын арттыру, оны әрі қарай индустрияландыру», «Құрылыс пен жобалаудағыысырыпшылдықтыжою» қаулыларышықты. ОсыкездеМ.Меңдіқұловтағыбірқырынан танылды. Құрылыстағы өнімсіз қол жұмыстарын азайтып, техниканы көп пайдалануды, индустрияландыру ісін дамытуды уағыздады. Бұл кезде ол ҚАЗАҚСТАН архитекторлар одағы басқармасының төрағасы болатын. Өзінің көптеген сөздерінде жаңа бағытты қолдайды, түрлі кемістіктердің бетін ашады.

1957 жылы ғылыми-творчествалық еңбегі үшің М.Меңдіқұлов КСРО құрылыс және архитектура академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады. Сол академияның қазақ фиалиалының тұңғыш төрағасы болады.

1960жылы бірнеше академиктермен бірге Америкаға творчестволық іс-сапарға барып қайтады. Жазған мақалаларында сәулет өнеріндегі жаңа ізденістерді қолдайды.Жобалау ісінде де қарап жатпайды. Басқа сәулетшілермен бірге Талдықорған облысының Шұбар селосындағы мәдениет үйінің жобасын жасайды.

М.Меңдіқұлов 1964-1971 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы болып қызмет атқарады. Ол тек сәулет өнерінің мүддесін көздейтін, көлденең келген көк аттының сөзіне көнбейтін, принципі мол, әр жақты білімді маман еді. Алматы қаласының түрленуі М.Меңдіқұловтың тұсында басталды. Астана орталығы күрт өзгерді, қаланың жаңа бас жоспары жасалды. Сәулетшінің басшылығы және ұсынысымен ірі-ірі алаңдардың негізі қаланды, көз тартар ірі ғимараттарға лайықты орын беріліп, салынып та қады. Осы еңбегінің арқасына архитектор екі рет «Құрмет белгісі»орденімен наградталды. Ғалым 1974 жылы «Өзгерген Сарыарқа» кітабын жазды. Онда Орталық Қазақстанның: Қарағанды, Теміртау, Балқаш т.б қалалары сипатталды.

«Батыс Қазақстандағы халық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты М.Меңдіқұловтың кітабы ,өкінішке орай ол кісі қайтыс болғаннан кейін шықты.Кітапта көптеген белгісіз болып келген тың ескерткіштер айтылып , ғылым дүниесінен орын алды.Халық шеьерлерінің күні бүгінге дейін өлмеген дәстүрлі шеберліктері сөз болып , еңбектері сөз болып айтылды.

206

Пайдалылған әдебиеттер:

1.Акмурзаулы К. Наследие Великой Степи // Актюбинский вестник. – 2015. – 1 октября.

2.Малбагар Мендикулович Мендикулов // Құрылыс және Сәулет= Строительство и архитектура. – 2009. – 28 қазан.

3.Мендикулов М.М. Архитектура города Алма-Аты. –Алма-Ата: Изд-во Акад. наук КазССР, 1953. – 95 с., 128 л. ил.

4.Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана. – Алма-Ата: Онер, 1987. – 156,[3] с. : ил.;

22 см.

АЛМАТЫ МУЗЕЙЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫ: ҚАЗІРГІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИІМДЕРМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Ахванова Арай Талғатқызы

Археология және этнология мамандығы, 3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі : т.ғ.к., доцент Егізбаева М.Қ.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «жаңа үлгідегі жаңғырудың басты шарты – өз мәдениетімізді, өзіндік ұлттық кодты сақтау» деп атап көрсетті. Қай халықтың болсын өзге ешбір ұлтқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын жәдігерлер екені белгілі. Бұндай құндылықтардың ұлт рухының тірегі, халықтық болмысы саналатыны да сондықтан. Әсіресе, ұлттық киімдердің алуан түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде (ҚР МОМ) сақталған.

Сондықтандабізжобамыздааталмыш музейдің жәдігерлерін негізге алдық. Осытұрғыдан алғанда Алматы қаласы музейлерінде, әсіресе ҚР МОМ қорында сақтаулы тұрған киім коллекцияларын зерттеп, зерделеу және қазіргі кездегі ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен салыстырып анализ жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің қатарына жатады. Қазіргі Қазақстан сәнгерлерінің тігіп жүрген ұлттық нақыштағы киімдерінің дәстүрлі киімммен қаншалықты сәйкес екендігіне осы күнге дейін ешқандай саралау жасалмаған десек те болады. Осы орайда, Аида Кауменова, Құралай Нұрқадилова, Нұржамал Нұрпейсова (Нур-Шах компаниясы) сынды отандық дизайнерлер де ұлттық киім үлгілерін тігуде. Біз жұмысымызда өзінің көркемдігімен ерекшеленген аталмыш дизайнерлердің киім топтамасын қарастырдық.

Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз!

Бағзы заманда аттың жалы - түйенің қомында көшпенді тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыстакиетінкиімгеайрықшаназараударған. Қазақхалқыныңкиiмi басқаұлттарданөзгешеөзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде - ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. [ 2,25б.]

Халқымыздың ұлттық киімдері - заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік.

Қазақ халқының ұлттық киімдері көптеген түрлерге бөлінеді. Сыртқы киімдері

Ішік - сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терілерінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі, жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, зорман ішік, пұшпақ ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілетін ішік сирек кездеседі. Басқа ішікке қарағанда ол жылы болады.

Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.

Қазақтың әдет-ғұрпында ішіктің алатын өзіндік орны бар. Мысалы, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастарға киюге болмайды, себебі жастық жалыны мен тері қызуы жігіттің күшін қайтарады немесе ауруға ұшыратады. Сл сияқты екі адам боранды күнде адасып, қасқыр ішікті адамның жанындағы кісі үсіп өлсе, онда өлген кісінің туыстары қасқыр ішікті кісіден құн даулауға хақысы бар, өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді. Дала заңы осылай.

207

Жоғарғы фотосуреттерде көрсетілген ХІХ ғ. аяғында жасалған ҚР МОМ қорында сақтаулы әйел бешпенттерінің бірінің тысы күрең қызыл түсті барқыттан, жасыл түсті шытпен астарланған әйелдің бешпентіАқтөбеоблысындаХІХғ. соңындатігілген. Трапецияпошымдыетіпбеліненқынайпішілген. Етегінің екі жанына шабу салынған. Ойма жағалы, ұзын қондырма жеңі қусырылып тігілген. Жағасы бір, жеңі мен өңіріне екі қатар етіп айналдыра қызылсары зертаспа бастырған. [ 1,52 б.]

Ал қазіргі кезде тігілген бешпенттердің айырмашылығы көзге көрініп тұр. Жағасы ойма жаға, өңірі де ойылған. Жеңі ұшына қарай кеңейе түседі. Белі қатты қынамаланған. Екі өңірі, жеңі, қолтығының асты, етегінің шалғайы алтын түстес зерден жасалған өсімдік тектес оюлармен көп мөлшерде өрнектелген.

Ертедегі дәстүрлі қазақ бешпенттері кең етіп пішілген, етегі, жеңі кең болған әйел денесіне жабысып тұрмаған. Етек, жеңі мен өңіріне айналдыра салынған оқа да қатты ерекшеленбеген.

Музейде камзол түрлері де көптеп кездеседі. Соның бірі 1900 жылы Шығыс Қазақстан (Семей) облысында тігілген.Тысы көгілдір қалың барқыттан, астары қара көк түсті сәтеннен тігілген әйелдің жеңіл сырт киімі. Пішімі трапеция пошымды. Жағасы жоқ, ойма жең. Етегіне екі жағынан үшкіл шабылған. Екі өңірі мен етегі айналдыра оқамен көмкерілген.

Бас киімдер ішіндегі ең бір салтанатты түрлеріне сәукелені жатқызуға болад Сәукеле – әйелдің баскиімі, оныұзатылғанқыздаржәнеоныңжанынаеріпжүретінқұрбыларкиген. Сәукеленіңнегізгі бөліктері — тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады.

Музейде сақталған сәукеле конусқа ұқсас пішінді, тәжісі қызыл мауытымен тысталып тігілген. Тәжінің жоғарғы бөлігінің алдыңғы бетіне төртқұлақ пішінді құйма шытыралар қондырылған. Оның үстіне маржан және перуза тастар мен қатырғы бергек орнатылған. Төбесіне шашақ төгіп, шоқ үкі қалаған. Тәждің бел ортасын айналдыра бастырған және тамшы тәрізді қоза салпыншақтар мен шытыралар үш қатар етіп айналдыра қадаған. Онан төменде маңдай бөлігіне қызыл маржаннан тізіліп жасалған (ені 4,5 см) торша тігілген. Милығы құндыз терісімен жұрындалған, оның үстіңгі жағына тағы бір қатар күміс салпыншақтар тізілген. [3,65б.]

Ал ХХ ғ. тігілген сәукеле конус пішінді, қызыл барқытпен қапталып, өн бойына өсімдік тектес өрнектермен кестеленген. Төбесіне үкі қадалған және құндыз терісімен жұрындалған. ХХІ ғ. тігілген сәукеленің формасы өзгеше, төменгі бөлігі дөңгелек пішінді, жоғарғы бөлігі сүйірленген. Өн бойы тастармен көмкерілген. ХІХ ғ. тігілген сәукелелер салмағы ауыр болса, қазіргі кезде тігіліп жүрген сәукелелердің салмағы жеңіл болып келеді. Ертеде қазақ әйелдері бір жыл бойына жиын-тойларда сәукелені киіп жүретін болған. Қазіргі кезде сәукеле тойда ғана киіледі.

Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шырайналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі .ҚР МОМ қорындағы аяқ-киім түрлеріне айтатын болсақ, мұнда жалпы саны 225 жұп болатын, ерлер, әйелдер және балалардың етік, кебіс, мәсі, мұйық, байпақсияқтытүрлерісақтаулытұр. Жобажұмысындаолардыңбәрінсипаттапжазу мүмкін емес болғандықтан, олардың кейбір түрлеріне ғана тоқталудык. [ 3,76 б.]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1.Райымхан К.Н. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2010. - 136 бет.

2.Егізбаева М.Қ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті. – Алматы. 2012.

3.Қазақтың киім-кешек каталогы. Ғылыми каталог (Қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде). Ғылыми редакторы және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009. – 344 бет.

208

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МҰРЖАЙЫНДАҒЫ КІЛЕМ КОЛЛЕКЦИЯСЫ

Қанат Әйгерім

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4 курс студенті,

ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Г.А. Мейрманова

Қазақ халқының қолөнері деп, халық тұрмысында жиі қолданатын шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Осындай шығармашылық өнер жиынтығының бірі-кілем өнері. Кілем өнеріқолданбалы сәндік өнерінің бірі бола тұра, оның түрлі – түсті өрнек салып тоқылған жиһаздық үлесі мол. Кілемді жайғанда төсеніш, ілгенде сән болып үйге әр береді. Сонымен қатар кілем бөлме жылылығын сақтап, дыбысты бәсеңдету үшін де маңызы зор болған.Осындай қасиеттерімен үнемі елдің көңілінде жүретін кілем өнері біздің заманымызға сонау көне дәуірден келген тілсіз хат секілді, өзінің ерекше нақышымен, келбетімен басқа халықтардың кілем өнерінен ерекшеленіп тұрады. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді өрнектерге зер сала қарасаңыз, тұнық халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Ол,сірә, тарихи ескерткіш сияқты, бір кезде өмір сүрген халықтың тұрмысы,олардың қандай іспен айналысқандығы жайлы көптеген маңызды элементтер кілем бетінде баяндалған. Ондағы суреттер қаншама өрнектеліп бейнеленсе де,одан өмір шындығын аңғарту қиын емес. Сондай-ақ бізге келіп жеткен кілемдерден ежелгі атабабамыздың тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен мол ақпарат алаалатынымызанық. Шығыселдеріндекілемтоқуөнерікеңінентаралды. Түркіелдеріндетоқылатын кілемдер ішінен түркімен, әзербайжан, қазақ, өзбек, қырғыз кілемдері көрнектілігі жағынан ерекшеленеді. Ұлттық кілемдер сол түркі тілдес халықтар арасындағы қолөнердің негізгі түрі бола тұра,кілемдердің тоқылу мәнері, материалы, көлемі,ою-өрнегі және бояу үйлесімі әр түрлі болып келеді.[1.154 б]

Қазақ халқының түкті кілемдерінің көркемделуі басқа халықтарға қарағанда, өзгешілігі ортанғы ширегінде тек үлкен төрт немесе бес,кейде алты табақшалардан тұрады. Ал кілемнің табақшаларын қоршап тұратын қаймалары көп дегенде алты шет-ою тоқылып көркемделеді.Көркемдеуде халық шеберлері ою-өрнектердің мағыналық мазмұнына қарай бояу түстерінде нышандық белгілеріне қарай жинастырып байыптаған.Сондай-ақ әрбір бояу түстерінің өзін ерекшеленетін өз нұсқалы түсініктерін ашуға болады. Мысалы : Ақ түсшындық,нәзіктік, бейкүнә нышанын білдіреді, ал ислам дінінде қаралы күнді білдіреді. Қызыл түсөмір жалғасы мен, оттың нышанын білдіреді Сары түс - ақыл парасатты, уайымды білдіреді Жасыл түскөктемнің, көкмайсаңды жасақтың нышанын білдіреді Көк түс-аспан әлемін, көк аспанды бейбітшіліктің нышандық белгісі Қоңыр түс - терең ойды,мұңды білдіреді (арман, тілек, аңсау) Қошқыл қызыл түс-ізеттілікті танытады. Негізінен, бояу түстерді жәй бір нәрсені әшәкейлеу ғана емес, бұл адам баласының әлеуметтік өмір тіршілігінің баяндылығын бір арман мен табиғаттың арасындағы қызу өмірдің эмоциялық сезімін,эстетикалық тәрбиесін білдіру және ашылмаған,айтылмаған сырды идеялық әуенде жинастыруда үлкен даналықты танытады.

Қазақ тіліндегі ғылыми-этнографиялық және этнографиялық желіске құрылған ғылыми-көпшілік басылымдарда «кілем» атауы орыстың «ковер» терминінің мағыналық баламасы ретінде орнықса да, оның қолданысының (осыған орай семантикасының да) өзіндік ерекшеліктері бар. Орыс тілді әдебиетте«ковер» ұғымыүйдіңішкіқабырғасынаұсталынатынжәнееденінетөселетінкиізбентоқыма бұйымдарының бәріне қатысты қолданыла береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайында қазіргі таңда қазақтың төл туындыларына жататын кілем өнерінің ең озық үлгілері сақталған. Кілем коллекциясында тек қазақ халқының кілемдері ғана емес, сондай-ақ алыс жақын шығыс елдерінің дәстүрлі кілем өнерінің керемет туындылары сақталған. Сонымен қоса қазақ халқы кілемдерінің 10-нан аса түрі Орталық музейдің кілем коллекциясында өз орнын алып тұр. Қазақ кілемдерінің түрлеріне тоқталатын болсақ, пайдалану мақсаты мен өрнектері мен бедері және тоқылу тәсілдері төмендегідей түрлерге бөлінеді:

Қалы кілем – қымбат бағалы түкті кілем. С.Маловтың пікірінше, бұл сөз парсы тілінен енген. Парсының үлкен, жауһарлы кілем мағынасындағы ғалы сөзі қазақша – қалы, қырғызша – ғалы, әзербайжанша – хали, түрікменше – халы деген өзгеріске түскен. Бағалы кілемді білдіретін Қалы кілем сөзі уақыт өте келе түкті кілем сөзіне ауысқан. Соған қарамастан Қалы кілем ұғымы халық арасында әлікүнгедейінқолданылады. Қалыкілемдәстүрліқазақыортадақымбатмүліктердіңбіріболды. Оның көшпелі ортада құндылығына ғана емес, ғұрыптық мәніне де байланысты ерекше бағаланған «бесжақсының» құрамына кіргендігі сондықтан.

ҚР МОМ қорындағы кілем коллекцияларының ауқымды бөлігі болып табылатын қалы кілемдер 91 сақтам бірлікті құрайды. Коллекциялар ішінен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде сақталған XVIII-XIX

209

ғасырларға жататын кілем жұрнағының үлгісі бойынша Алматы кілемтоқыма фабрикасында жаңартылған КП 15392 тіркеу нөмірімен сақталған. Музей коллекциясындағы бұл кілемді кейбір мамандар XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңіндегі «Орда кілем» деп аталатын кілемнің ерекше түрі болып табылады деп есептейді.[2.35-37бб]

ҚР МОМ қорында (КП 21365) гүлкүмбезді қалы кілем бар. Оның ұзындығы 300 см., ені 200 см. Көліне (ортасына) гүлкүмбезді алты табақша тоқылып, жиегі қармақ өрнектерімен жалғасып тұйықталған. Кілемнің жиегіне аралықтары иттабан өрнегінен тұратын сумен ажыратылған қара түсті жіңішке қорғанына көп түсті (сары, жасыл, қызыл, ақ) гүл, көгеріс өрнегі, жалпақтау қорғанына сыңарөкше өрнегі айналдырыла тізбектелген. Кенересі айнала қара түсті жүн жіптен түкті етіп тоқылып, екі шетіне сұр түсті желі жібінен шашақ шығарылған. .[2.40-43бб]

Түксіз кілем (тақыр кілем) – атынан көрініп тұрғандай, түксіз, яғни, беті тықыр, әрі тығыз тоқылатын кілем түрі. Халық арасында бұл кілем түрі «тықыр кілем» немесе «таз кілем» деп те аталады. Әдетте, бұл кілемді еденге жылылық үшін төсеуге пайдаланған. Алайда, қабырғаға сәндік, жылулық үшін де тоқылғаны кездескен. Ол көлбеу немесе тік құрылған өрмектің көмеген тоқылады. Бояуы қанық, нақышты тоқылған түкті кілемдерден кем түспейді. [3.73б]

Тақыр кілем тоқу өнері Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Тоқылған аймағына байланысты түксіз кілемдердің «жетісу кілемдері», «торғай түрі», «сыр кілемі»; тайпалық «адай кілем», «қоңырат кілем» сияқты атаулары кездеседі. Мемлекеттік Орталық мұражай қорында Әліби Жангелдиннің жұмыс кабинетінде төсеніш ретінде қолданған тақыр кілемі (КП 9719\4) және танымал ғалым-этнолог Халел Арғынбаевтың әкесі Арғынбайдың тұрмыста қолданған кілемі (КП 26649\7) де сақталған. [2.150-153бб]

Тұскілемқатипа, күдері, мауыты жіне тері сияқты материалдардың бетіне әр түрлі ою-өнректі бізкесте, ілме кесте жіне бедерлеу тәсілімен көркемдеп түсірген бұйымдардың ортақ атауы. Ол үйдің қабырғасына ұстауға арналған. 1957 жылы ҚР МОМ-ң қорына 1890 жылы қазіргі Алматы облысының Көксу ауданында жасалған тері тұскілем қабылданды. Бұл тұскілемді жасаған шебер жалайыр руынан болғандықтан, «жалайыркілем» деп те аталады. Бұндай тері тұскілем Қазақстанның басқа мұражайларынан кездеспейді.[2. 168-171бб]

ҚазіргітаңдаҚазақстанМемлекеттікОрталықмұражайында265тенастамқазақтыңкілемөнерін танытатын коллекция сақталған. Коллекцияда еш жерде кездеспейтін, сирек, құнды кілемдер де бар. Дегенмен қазақтың кілем тоқу өнерімен көпшілік таныс емес. Қазақ қолөнерінің маңызды бір бағыты болып табылатын кілем тоқу өнерін қайта жандандыру, халыққа насихаттау және тоқыма ісін қолға алу мақсатында әртүрлі көрмелер, арнайы бейнероликтер, танымдық мақсатта бағдарламалар дайындау арқылы іске асыруға болады. Қазіргі нарықты қамтып отырған шығыс елдерінің, соның ішендеИран сияқтымемлекеттерменқатарбатыстықүлгідегікілемдерқолданысқаенгізілген. Ұлттық үлгідегі кілем үлгілерін қайта жаңғырту арқылы қазақы нақыштағы бүйымдардың пайдаланылу мүмкіндігін арттыруға болады. Сол арқылы отандық өнімдердің пайдалануына сұраныс арта түспек. Мәселен қазақтың ою өнерімен тоқыма өнерін бірге ұштастыра отырып ұлттық бедерлермен көмкерілгентамашатуындыларындайындауғаболады. Ұлттықөнердіқолдаудыкілемөнеріненбастап ұлттық сананы жаңғыртуға дейінгі барлық мемлекеттік және қоғамдық бағдарламаларды іске асыруға болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Ажигали С.Е. Архитектура кочевников: феномен истории и культкуры Евразии. Алматы: Ғылым, 2002. 654 с.

2.Қазақ кілемдері мен тоқыма бұйымдары. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі коллекциясынан (ғылыми каталог) – Алматы: ICOS, 2012ж.

3.Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата: Казгосиздат, 1957. 320 с.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САНДЫҚ ЖАСАУ ӨНЕРІ.

Аятов Қанағат

5В041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1 курс студенті. т.ғ.к., қауымд., проф., Т.Е. Қартаева

Сандық Киім ¬¬¬– Кешек,мата,зергерлік бұйымдар,т.б.заттар салуға арналған киіз үй жиһаздар– дарының бірі, оның киіз үйдің ішкі жабдықтары мен саны мен оның үстіне жиналған тең шаңырақ иесінің байлығы мен әлеуметтік жағдайынан мәлімет береді.

210

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]