Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

"Шебердің қолы ортақ" демекші, он саусағынан өнер тамған небір зергерлер (қазіргінің дизайнерлері) әшекейдіңтүр-түрінжасаған. Сондықтанбір-бірінеұқсамайтынсаналуанбұйымбүгінге дейін жеткен. Бұл тек әсемдік бұйымдары ғана емес, әшекейлердің тәрбиелік мәні де зор. Қазақ қыздары бет-жүзін бүркемей, ашық ұстаған. Алайда бойжетіп келе жатқан қызына шолпы тағу арқылы "қырық үйден тыю" жасай білген, яғни, шолпысы сылдырлап, қыздың қайда жүргенінен хабар беріп отырған. Шолпы сылдырынан жасқанған қыз бала бейсауат жүрмеген. Асыл аналарымыз бұйымдарды қыздарына, келіндеріне мұраға қалдырып отырғандықтан, олар бүгінге дейін жетіп отыр. Солардың біріне назар салайық. Бұл бұйымның барлығы да күмістен соғылған.

Асыл аналарымыз бұйымдарды қыздарына, келіндеріне мұраға қалдырып отырғандықтан, олар бүгінге дейін жетіп отыр. Солардың біріне назар салайық. Бұл бұйымның барлығы да күмістен соғылған.

Қазақ қыздары күміс салпыншақтарды кеңінен пайдаланған. Оларды киімге, жазғы және қысқы бескиімге, шашбауға қадаған. Шағын күміс шытыра киімінің кез келген жеріне, оның ішінде кимешекке, былғары, тері, парша, мақпал аяқ киімдерге тағылған. Бұл элементтер түрлі түсті тастардың жарқылымен үйлесіп, киімнің сәнін келтіреді.

Қамзол, шапан сияқты сырт киімдерді қаусырып кию үшін қадалатын зат қапсырма, қаптырма, ілгек деп аталады. Қолданымдықмаңызы зор қапсырмабалалар менәйелдер киімініңміндеттібөлшегі болып табылады. Ол қамзолдың белін қынап тұрады, кейде әдемілік үшін бірінің астынан бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Қапсырма өзара топсалы немесе ілгекті ілмек арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Зергерлер қапсырманы күміс теңгеден, қондырылған әрлеуіш тастардан, құлпырма шытырлар мен мен металдардан жасайды. Күміс ілгектер гүл түйнегі, гүл шоғы, жапырақша, тостағанша, бадам, үшбұрыш, төртбұрыш, ромб, шаршы, балық (оның басы мен құйрығы), қошқар, мүйіз, құс, күн, жұлдыз, ай және басқа да алуан түрлі күрделі пішінде болады. Пішін ерекшелігімен көз тартатын бұйымдар жасалу тәсілінің сан қы Қапсырма – әйел киімінің алдыңғы екі өңірін және белбеудің екі басын өзара қаусырып, ілуге арналған әшекей бұйым. Халық арасында оны қаптырма, кейде қаусырма деп те атай береді. Жалпы, Қапсырма атқаратын қызметіне қарай қаусыру сөзінен туындаса керек. Себебі, Қапсырма көбінесе камзол, шапан, кеудешенің алдын қапсырып киюге пайдаланылады. Негізінен, Қаусырма екі бөліктен тұрады. Бірі қапсырма, екіншісі қаптырма деп аталады. Бөліктердің беті тұтас болып бітеді, өзара ілгек арқылы бекітіледі. Қапсырмалар жасалатын материалына қарай: алтын қапсырма (алтынмен апталған қапсырма), күміс қапсырма (таза күмістен соғып, ою-өрнек жүргізілген қапсырма), ақық көзді қапсырма(қапсырманың ақық қондырып безендірген түрі), шытырмалықапсырма(кішкентайшытырақондырылғанқапсырма) т.б депаталады.

Дәстүрлі ортада зергерлер күмісті үнемдеу мақсатында Қапсырманың ішкі жағын темірден жасап, үстінен күміспен күптеген. Қапсырманы күрделі, жапырақша, конус, жартышар, дөңгелек, жұмыр, сопақша теңге тәрізді пішінде жасаған. Бетін қымбат бағалы металдардан әшекейлеп, бағдарлап, лажылап, сіркелеп, асыл тастардан көз орнатқан.

Қыз-келіншектердің беліне тағатын бұйымы – белдік олардың мүсінін сымбатты етіп тұрады. Үзбелішынжырларқатарыөріпбіріктірілгенбұйымширатпабелдік, алтастанкөзқондырылғанбелдік

– тасты белдік деп аталады. Былғары, тері, мақпал, жібек маталардан жасалып, күміс шытырамен сәнделген белдікті шытыралы белдік, қамар белдік деп атайды. Кейбір белдік алтын жіппен кестеленген. Бұрынғы кезде өте ауқатты үйдің қыздарында жарқыраған күміс және алтын сымдардан өрілген датқалық белдік болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Оразов Н. А.Әбішева Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің түбірден даму жолдары // Тілтаным. 2001, №1, 52 б.

2.Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Ғылыми анықтамалық басылым. Алматы: Ғылым,1991

3.Қасимова С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Қазақстан,1995

4.Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007; ҚР МОМ – материалдарынан, ОМЭЭ - материалдарынан

191

ҚАЗАҚТАРДАҒЫ КӨРІКТІҢ ҚАСИЕТІ, ҚОЛДАНУ АЯСЫ

Нұртай Күнбек

5В020800 – Археология және этнология» мамандығы 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымд., проф., Т.Е. Қартаева

Адамзат қоғамының дамуының өзі көптеген даму сатыларынан тұрады. Жалпы алғашқы қоғамдық кезеңнен бастап адамдар табиғатпен күресе отырып, өндірісті, шаруашылықты, рухани мәдениеттерді де дамыта түсті.Айталық, тұрмыс және өмір сүру қағидаларына байланысты мыс-тас дәуірінен бастады. Метал өңдеуді қолға алды, қол өнерде үлкен өзгерістер болды. Мыстан, Қоладан және темірден жасалған еңбек құралдар мен соғыс қарулары адамзат өркениетін тіпті де байыта түсті. осы түсті металдарды қортуда, балқытуда көріктің ролы ерекше болды.

Әлем өркениетінің ерекше бір саласы болатын Евразияның апай түс алып даласында ат тұияғымен сан ғасырлар бойы дүбірлеткен көшпелілер өркениеті болды. Онда бабалар, көшпелі мал шаруашылығыменбіргеегінжәнеқаласалу, қолөнермендежеттік, әрітереңайналысқанынабұлкүнде архиялогиялық зерттеулер мен этнографиялық зерттеулер жауап береді.

Қас дұспанын қиып түсер алмас қылыш пен сұлулардың көркіне сән қосқан. небір сәндік бұйымдардың барлығы, Қолы алтын шеберлердің қолынан шығып отырған. пеште қып-қызыл балқыған болатты қамырша илеген небір мықты ұсталар мен теміршілер олған. Бүгін сол шебердің атын асқақтатқан қарапайым да тілсім бір дүние туралы сөз болмақ.

Көрік – металды қыздыру, балқыту үшін оттыққа жел беріп тұратын ұстаның үрлегіш құралы. Халық көрікті киелі аспап ретінде қастерлеген. Себебі шеберлердің жақсы бұйым жасауы осы көріктің жұмысына байланысты болған. Еңбектің тәтижесі, өнімділігі осы көрікке байланысты. Сондықтан, қазақта ''Көрігің желді, көйлегің жеңді" болсын деген тілекте айтылады.

Оның көптеген түрлері бар. Дәстүрлі қазақы ортада көрктің көлемі мен қолдану тәсілдеріне қарай бірнеше түрі болады.

Қол көрік арнайы құрылған күрделі тетіктерсіз, қолмен жұмыс істейтін тасымалға қолайлы шағындау көрік. Бұл көшпелі өмірге, көшіп-қонуға, арнайы тапсырыспен барып жұмыс істегенге өте қолайлы болып келеді. мұндай көрік көбінесе зергерлер пайдаланатындықтан Зергер көрік деп те аталып кеткен. Қақпақтың үстіңгі бетіне қолмен ұстауға ыңғайлы болу үшін тұтқа орнатылады.

Мес көрік – бітеу сыпырылған ешкі терісінен жасалған көріктің байырғы түрі. Атақты шебер Дәркембай шоқпарұлының тәжірибесіне қарағанда Мес көрікті жасаудың өзіндік жолдары бар. Бітеу сыпырып иленген терінің пушпақтарын ағашпен тығындап тастайды, бөксе жағына қолмен ашып жауып отыратын екі ағашты бекітеді, ол екі ағаштың ішкі жағына кигіз, сырыт жағына саусақтар сұғындыратындай қайыс тағады, саусақты осы бүлдіргілерге сұғындыра кигізіп жоғары көтергенде саусақтар көмегімен екі ағашты ашып, түсіргенде жауып тұрады. Осылайша мес ішіндегі ауаны отқа қарай үрлейді. мұндағы мес көріктің екеуін қатар қолдануы мүмкін, мұндай көрк тез жиналады әрі көшіп қонуға ыңғайлы көп орын алмаған.

Қос көрік – көмейлерін бір оттыққа бағыттап орнатқан екі көріктің жалпылама атауы. бір-бірін қарама-қарсы немесе қатарластыра орналастырған екі көрік бүйірді жылдамырақ қыздыру үшін қажет көлемді бұйым соққанда үлкен көрік болмай жане шағын көріктің әлі келмегенде де екі қол көрікті немесе мес көрікті қолданған.

Жел көрік – ұсталар пайдаланатын үлкен көрік неғұрлым көбірек жел беру үшін көлемін әркім өз жұмысының мөлшеріне орай үлкендеу етіп жасалған. ол арнайы тетіктер арқылы жұмыс жасайтындықтан белгілі бір орынға орнатылатын болған. Ел арасында көлемінің үлкендігіне байланысты Қау көрік, Нар көрік сияқты атаулармен кездеседі.

Осы киелі аспаптың жасалу техникасы мен әдісі әр райондаа әрқалай, деседе, құрылымдары тым өзгеріп кетпейді. Алдымен көріктің негізгі алғашқы құрылымдарын дайындайды. Алғашқы бөлігін жасауға қайың, бал қарағай, самырсын сияқты ағаштар таңдалады. Әуелі көрктіңекі қақпағына қажетті ағаш тақтайды жұқа етіп сүргілейді. Одан әдетте бір жағын доғалап, екінші бір жағын сүйірлі келген алмұрт пішінде көлемдері бірдей екі қақпақ пен бел ағаш(немесе арсы) құрастырылады астыңғы қақпақтың доғал жағынан терең ортасына тұтқа шығарады және ауаны сырттан сорып алу үшін ортасынанжелбезектесігіойылады. Оныңішкіжағынаоныбітейалатындайкөледе"Ніл" депаталатын шағын кигіз, тері қағылады(былғары). Бұл ауа кіргізуге арналған тетік желбезек деп аталады. дәл осындай желбезек бел ағашқа да жасалып, екі бүйірінен шығыңқы келген көлденең ағаш бекітіледі. Бұларды құрастырып болғаннан кейін ішкі беттері тері немесе кигізбен қапталады. Дайындалған екі қақпақпен олардың арасына салынған бел ағаш арасын иленген терімен айналдыра шегелеп қосады.

192

Көріктің шанағын қаптауға иленген қой, ешкі, түйе немесе сиыр терісін пайдаланады. "Тесік көрік желгетолмас" депкөріктіңтесіліпкетпейтіндейнеғұрлымсапалыжасауғатырысқан. Еңсапалыжақсы иленген өгіз немесе атан терісі олар қалың болғандықтан ұзақ уақыт бойы қолданыс береді.

Серкештің терісі және түйе мойнағы мес көрік және қол көрік жасауға пайдаланады. Ауа шықпас үшін көбінде екі ағашқа темірмен қорсаулай отырып, шегені жиы қағады, осылайша бел ағаштың астыңғыжәнеүстіңгіжағынанекішанақпайдаболыполарауаныжинапүлрептұзу міндетінатқарады.

Шанақтың астыңғысының көлемі үлкен болып келеді. Дайындалған шанақтардың сүйір жағы іші қуысталып жасалған мойынына(мойын ағаш) бекітіледі. Мойнын жуан қайың немесеқарағайдан ойып жасап, берік болу үшін оның сыртын кейде темір қаңылтырмен қурсаулап тастайды. Жанып жатқан көмірге желді бағыттайтын көрік мойнының ең ұшындағы(көмей) темірден ұзын құбыр тәрізді етіп жасалады. Көріктің қақпағын көтеріп тұруыға қайыс бау тағылады. "Ұш бастырық"деп аталатын ағаш сырыққа бекітіледі.

Көрікті жасаумен бірге оның өзінің орнатылу қағидасы болған екі қолмен қысып қозғалысқа келтіретін көлемі шағын қол көрік. Бітеу теріден жасалған мес көрік сияқты түрлеріне арнайы тетіктер қажет емес. Олар тек жерге қалған қазыққа байлануы мүмкін. сонымен қатар өзнің арнайы бекітілген тұғыршасы, қолменбасатыннұсқасыбартасымалдауғақолайлыорташакөріктерменарнайыорнатуды қажет етпейді.

Қазақтың ежелгі түсінігінде, ұсталық өнерді, теміршілерді жебеуші рух, иесі, ұсталардың пірі – Дәуіт ұста немесе Дәуіт пайғамбар саналған, оған байланысты аңыз әңгімелерде көп . Ал осы дәуттің теміршілікке байланысты қазақта көптеген ырымдар мен тиымдар қалыптасқан болатын, әр аимақта әрқалай , Осы себептен де қазақ көрікті ерекше қастерлеген.

Ұсталық өнерді дамытып, оның қыр сырын меңгеріп отырған бүгінгі күннің ұсталары да байырғы үсталар ұстанған наным сенімді берік ұстайды. Көрікті, төсті қасиетті санаудың бұл күні де мәні жоғары.

Ұсталық пен зергерлік өнер атадан балаға мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған. Олардың отбасы, әйелі, бала-шағасы, бауырлары, балқыту, ысу, көрік басу, шоқ қыздыру ісіне араласқан.

Қазақ ұсталарының көптеген ырымдарды байырғы кезеңнен осы күнге дейін бұлжытпай орындап отырулары ата дәстүрін сақтағандықты, оны орындау міндетті деп санағандықтары, оны қазіргі және кейінгі ұрпаққа жеткізуге дәнекер болғандықтарын дәлел-дейді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек. – Алматы: «Өнер» баспасы, 1987. – 128 б.

2.Картаева Т.Е. Сыр өңірі қазақтары: тарихи-этнографиялық зерттеу. ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы. 2 том. - Алматы, Қазақ университеті, 2014. – 325 б.

3.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 1 том. – Алматы: DSP, 2011, 735 б; 5 том. – Алматы: Азия Арна, 2014. – 812 б.

4.Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ –нач ХХ вв.) – Алма-Ата:

Ғылым, 1991. – 214 с.

5.ЭМ – Экспедициялық материалдар (ӘлФараби атындағы ҚазҰУ, Археология, этнология және музеология кафедрасының далалық этнографиялық материалдарынан).

«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЖЫРЫНДАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

Бірлесбек С.

«6М020800-Археология және этнология»

мамандығының 1 курс магистранты Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Егізбаева М.К

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры қазақ лиро-эпостық жырларының ішіндегі ең көнесіне жатады. Тарихшы ғалым Ә.Марғұлан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын Ғұн, Сақтармен байланыстыра қарастырып, «Шоқ терек» мотивіне тоқталады[1]. М.Ақынжанов бұл жырды VIII-IX ғ. Қарлық мемлекетіненқалғанмұрадепсанайды[2]. ӘдебиеттанушығалымР.Бердібайжырдықазақтыңтұрмыстіршілігенен туған төл туындысы деп бағалаған[3]. Демек бұл жырдың қазақ халқының ең көне этнографиялық деректерін беруде үлкен маңызы бар екені анық. Қай дәуірдің туындысы болса да, шығармада айтылған салт-дәстүрлері әлі күнге қазақ халқының арасында сақталып келе жатыр.

Қ.Жұмалиевтің: «…қаһармандық және тарихи жырларға қарағанда лиро-эпостық жырларда халықтың тұрмыс-салты,наным-сенімдері көбірек көрінеді» деген тұжырымының шындық екенін

193

лиро-эпостық жырларды оқу барысында байқайсыз[4]. Шығарманың сюжеті Ноғайлы жұртында (Балталы, Бағаналы елдерініңішінде) ҚарабайменСарыбайдейтінекі байболады. Екеуідеперзентсіз. Екі бай елсіз тауда аңда жүріп дос болады, мұңдарын айтысады. «Үйдегі кісіміз жүкті» деп екеуі де буаз маралды атпайды. Әйелдері жүкті екенін біліскен соң бала тумастан бұрын іштегі балаға ежеқабыл ретімен белқұда болысады. Ұзамай сүйіншіге екі адам келіп, Сарыбайдың әйелі Мамабикеден ұл туғанын, Қарабайдың әйелі Қаракөзден қыз туғанын хабарлайды. Екі әке серттесіп, ұл мен қызды қоспақ болады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қарабай мен Сарыбайдың серттесу анты былай деп суреттеледі:

Алланың әміріне көніселік, Мөлшер ғып бала берсе көріселік. Ұл туып қыз туғандай заман болса, Қалыңмалсыз уәдемен беріселік[5].

Бұл дәстүрді қазақ «Бел құда» деп атаған. Бел құда - байырғы ортаның неке салтындағы құдаласу түрі, әйелдердің аяғы ауыр кезінде әлі дүние есігін ашпаған нәрестелерді атастыру жорасының бірі. Кей өңірлерде бұл жораны «Ежеғабыл құда» деп те атайды. Көршілес, жапсарлас отырған дос-тамыр адамдар арасында Бел құда болу үрдісі кең өріс алған. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындагы Қарабай мен Сарыбайдың құда болуы – осы жораның көрінісі. Бұл жөнінде Арғынбаев Х: «…тағдырлары ұштасып достасқан екі адамның әйелдері екіқабат болса, олар босанбай тұрып – кімде ұл, кімде қыз боларын білмей-ақ – ниет қосып құда болатын. Мұны «Бел құда» дейді»,-деп жазады[6].

Буаз маралды атқан Сарыбай үйіне жетпей аттан құлап өледі. Қарабай антты бұзып, «қызымды жетім ұлға бермеймін» деп, Өлеңтінің аяғын өрлей Аягөзге көшеді. Екі жастың трагедиясы Қарабайдың «жетім ұлға қыз бермей-мін», «мені жұтатын жалмауыз туыпты», «тумай жатып әкесін жалмады» деп айнуынан басталады. Осының бәрін сұмдық белгілердей танып құдалықтың, батаның, анттың бұзылуы жыр ішінде құрылатын ең алғашқы үлкен тартыс, түйін болады. Қарабай құдайдан тілепалған жалғыз қызынжетімгеайналғанСарыбайдыңұлынабергісікелмейді. Бұлқызыныңбарған жері толық отбасынан болсын, құдам өзімнің тереземе тең болсын «тең-теңімен, тезек-қабымен» деген қазақ мақалына дөп келеді.

Этнографиялық деректерге үңілетін болсақ күрделі қайшылықтардың бірі – Қарабай мен Сарыбай арасындағы «құдалық» шартына байланысты тартыс. Тартыстың басталу себептері іштегі балаға ежеқабыл ретімен екі байдың (Қарабай мен Сарыбай) атастыруы. Сарыбайдың өліміне байланысты бұрынғы батаның бұзылуы. Бұл фольклорлық мәтіннен шын мәнінде этнографиялық болмыстың белгілері туындайды, этнографиялық болмыс шындығынан дерек береді. Дәлірек айтқанда, Қарабайдың құдалықты бұзуынан феодалдық қоғамда жастардың тағдыры аталар қолында болғандығын және олардың қатал болғандығын танытады. Қарабайдың басындағы қайшылықтар феодалдық қоғамның ішкі қайшылықтарына байланысты. Негізгі қайшылықтардың бірі – феодалдық қоғамдағы әйелге деген көзқарастан туындайды. Себебі, феодалдық қоғамның үйлену құқы қалыңмал мен әмеңгерлік жүйесіне негізделген. Құда түсу және құдалықтың жөн-жоралғылары, кәде алымдары әлеуметтік адамдар арасындағы келісім шартқа байланысты. Екіншіден, құдалық заңды болу үшін феодалдық қоғамда екі жақтың бірдей дәулеті және әлеуметтік халі тең болуға тиіс. Ал Қарабай мен Сарыбайқұдатүскендебір-біріне«Бауыздауқұда» аталып, дәулетіде, әлеуметтікхалідетеңбай-сығай болатын. Үшіншіден, Сарыбай өлген соң, жетім қалған Қозы кедейленіп, дәулет теңдігі жойылады. Қарабайдың байлығы барған сайын асып-тасып, қазақтың көне салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптың қаймағынбұзбайкедейге қызбермеу тәртібінқолданады. Қарабайдыңақ батаныбұзуынажолберетін жағдайлардың бірі – осы дәулет теңсіздігі болып табылады. Мұның таңбасы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының сюжетінде анық көрінеді.

Этнографиялықболмысжағынаналыпқарағандақұдалықшарттыңбұзылуы– біржағынаналғанда Сарыбайдың мезгілсіз қазасы болса, екінші жағынан дәулет теңсіздігі. Аңшылыққа қатысты осы оқиға ҚарабайменСарыбайарасындағыосыәрекеттернегізіндеэтнографиялықболмыспенұштасыпжатқан өмір материалы жатыр. Қарабай характерінің даму логикасы бәсеке есепті қулық айланы жоққа шығармайды. Керісінше, осындай қалтарыс, бұралаңдармен күрделене түседі. Ал аңшылар Қарабай мен Сарыбай арасындаы іс-әрекеттерге негіз болып отырған оқиғалардың шындыққа қатысатынына көңіл аударар болсақ, онда жырдың бұл жерде де тарихи-этнографиялық фактіге сүйенетіндігіне көз жеткізер едік.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: Өнер,1994. –22б. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. – Алматы: Қазақ мемлекет,1957. – 145б.

Бердібаев Р. Қазақ эпосы (жанрлық және сатиралық мәселелері). – Алматы: Ғылым, 1982. – 187б.

194

Жұмалиев Қ. «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» – Алматы , 1958, 1-том, 154-б. Қозы Көрпеш – Баян сұлу. – Алматы: Жазушы, 1988. –14б.

Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: Қайнар,2005. – 107б.

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ШАШҚА ТАҒАТЫН ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ

Сайлыбай Нұрай

"Археология және этнология" мамандығының 1 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бейсегулова Айнұр

Қазіргі заманның қыздарына ата-бабаларымыздың дәстүрін жалғастырушы насихаттай отырып,ұзын шаш қазақ қыздары үшін нағыз сұлулықтың белгісі болып табылады."Таудың көркітас,қыздың көркі-шаш " демекші,қазіргі күні көрікті қыздарымыз көп болса да,ұзын шаштыларымыз сирек.Шашқатағатынәшекей-бұйымдарэстетикалықсұранысқаиеболаотырып, әдет-ғұрыптық, салтұлттық әрі пәле-жаладан сақтайтын тылсым күшті қасиеттері бар деп танылған. Шаш-әйелдерге Хауа Анамыз бен Бибі Фатима анамыздан берілген Аллах Тағаланың ғажайып сыйы, құрметі, сәні, еншісі, сұлулығы. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап, жәмелек-әйелдің әсем табиғатына сай шаштың сәні.Шашқа тағылатын әшекей бұйымдарының түрлері: шашбау, шашкерме, шашқап, шашқап, шашмоншақ, шашсипатар, шаштеңге.

Қазақ қыздарының әшекей-бұйымдары жайлы қазақтың ақындары да лирикалық өлеңдерін арнап кеткен.Солардың бірі Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңі. Мағжанның өлеңінде қазақ қызының өн бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірішолпыны өте таза шынайы суреттеуі байқалады.

Сылдыр,сылдыр,сылдыр...

Қанымды қайнатты құрғыр Шық-шық жүрекке тиеді.

Құлпыра талқан боп сыңғыр. [1,49 б. ].

Мағжан Жұмабаевтың таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы-аса көрке мұра.Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде ғажап шеберлік танытады.Өлеңде ақынның қазақ қызының бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі - шолпының дыбысына көңіл бөліп,таза шынайы суреттеуі байқалады. Ескінің көзін жаңарту мақсатымен, қыз баланың тәрбиесін жоғары ұстау көзделеді.

Шолпы - қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да,ортасына асыл тас орнатылады. Тұмаршасының етегіне бірнеше салпыншақ тағылады. Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шолпының - көзді Шолпы, қозалы Шолпы, қоңыраулы Шолпы, қос Шолпы, ақықты Шолпы түрлері мен атаулары кездеседі. Шолпы жас қазақ қыздарының жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау мақсатында таққан [2,677 б.].

Қазақ қоғамындатағы дабір ерекшеөзіндікорын алатынолШашбау болыптабылады. Бұрымға тағуға арналған сәндік бұйым. Шашбауды бұрыммен қоса өре отырып, бұрымны ұшына қақталып бір шалып байлайды. Ол көбінесе күмістен қақталып соғылады да, ұшына сәнді зер шашақтар немесе алтын, күміс теңгелерден әшекей , шұбыртпа тағылады. Шашбауды ызып тігілген бауға маржан, меруерт сынды зер шашақтар немесе алтын, күміс теңгелерден әшекей, шұбыртпа тағылады. Кейде шашбауды бір - біріне сым үзбелер арқылы жалғасатын, теңгенің тізбегінен тұрады. Осы теңгелер, тастарөзаратөгіліп, шылдырлағандыбыстаршығарады. СолсебептіШашбаудытаққанбойжеткенмен жаскеліншектеноқыс қимылдамау, селтеңдеп, жүгірмеу, талапетіледі. Халықтық ортадаШашбаудың сыңғырынақарапиесініңмінезқұлқын, әдептілігінаңғаратынболған. СондықтанШашбаубұрымның ұшын бекіте отырып, өсуіне септігін тигізумен қатар, қыз баланың бойын тік ұстап, дұрыс өсуіне де ықпал етеді. Ерте заманда Шашбауды тақса, шаш арасындағы жан-шайтандар қашады деген түсінік болған. [2, 681 б. ].

Қазіргі таңда Шашбауды, Шолпыны тағатын күнделікті әшекей бұйымына айналдырған аруларжоқтыңқасы. Ұзыншашқазақтүсінігінде айрықшакиелінәрсеболған. Шашбау менШолпыны тағу әшекей бұйымнан бөлек, өзіндік ерекшелігі, мақсаты болған. Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, оқыс қимылдарға тосқауыл болған. Шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруді үйрететін

195

модель мектебінің рөлін атқарған. Шолпының ауыр салмағы басты ауыртпай, емдік қасиетке ие болған. Шолпы мен Шашбау сыңғыры қыз баланың үйге қарай келе жатқанына хабар беріп, үлкендер жинақтала бастаған. Шолпы салмағының әсерінен шаш ұзын боп өскен. Шолпыны да, Шашбауды да бұрым тарқатылмай жинақы болып тұру үшін таққан.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мағжан Жұмабаев. Жан сөзі. Алматы, Раритет 2005 ж. 122 б.

2.Қазақтың этнографиялық категориялық ұғымдар атауларының дәстүрлі жүйесі энциклопедия. V том. 840 б. – Алматы: «Азия Арна» баспасы, 2014ж.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҰЛТАРАЛАС НЕКЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Есенаманова А.С.

«6М020800 – Археология және этнология» 1 курс магисранты

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Егізбаева М.К.

Отбасыныңбірұлттыжәнеұлтаралассияқтытүрлеріментиптерікүнделіктіөміргеөзәсерінтигізіп отыратыны белгілі. Сондықтан отбасын этникалық үрдістердің ықшам ортасы ретінде зерттеуде ұлтаралас некенің аймағы, этникалық құрылымы қызығушылық тудырады. Полиэтникалық құрылым жағдайында этностың дамуы үшін отбасының рөлі ерекше орын алады. Сондықтан Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте отбасының даму заңдылығын зерттеу маңызды мәселе болып табылады.

Отбасы және неке, неке-отбасылық қатынас көптеген қоғамдық ғылымдардың – этнология, демография, әлеуметтану, құқық (заң), экономика, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу нысаны. Отбасы және некеге байланысты қызығушылықтың тууы отбасының өміршеңдігіне байланысты. Бала туылуына, яғни демографияға қатысты неке тұрақтылығы және неке құрылымының жақсару мәселесі мемлекеттік маңызға ие болып отыр. Ұлтаралас некені зерттеу барысында кең көлемде этнодемографиялық және этноәлеуметтік процестерге шығуға болады.

Тарихнамалық талдау нәтижесінде Батыс Қазақстан облысындағы неке - отбасылық қатынастың ерекшелігін ашатын ғылыми жұмыстардың аздығын көрсетті. Бұл ең бірінші, моноэтникалық және полиэтникалық аудандардағы бірұлтты және ұлтаралас некелердің тұрақтылығына әсер ететін факторларға байланысты. Бұл мәселені ашып көрсету мақсатында нақты аймақты таңдау арқылы Батыс Қазақстан облысын мысалға алып отырмыз. Хронологиялық шеңбері 1985 жылдар мен 2018 жылдар аралығын қамтиды.

1985 жылы Қазақстан КСРО құрамында болды. Бұл кезең яғни 1985 жылдан бері қарай өте қысқа уақыт аралығын қамтығанымен, тарихи оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде баршылық болды. Атап айтқанда, М.С.Горбачевтің реформалары мен қайта құрулары, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, империялық репрессия саясатының жаңғыруы, ұлт-азаттық сананың қайта оянуы, Кеңес одағының ыдырауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру жолындағы қиыншылықтар, қайшылықтар, мемлекеттіліктің қалыптасуы, ұлттық саясат пен мемлекеттік идеологияны қалыптастыру, діни сауаттылықтың қажеттілігі, тіл мәселесі және т.б. нақ осы жылдары жоғарыда көрсетілген оқиғаларға байланысты неке-отбасылық қатынаста біршама өзгерістер болды. [1, 7-б.].

Нақты тарихи-этнологиялық, тарихи-демографиялық, статистикалық, оның ішінде этноәлеуметтік материалдар мен ел арасынан жиналған деректерге сүйене отырып, Батыс Қазақстандағы бірұлтты жәнеұлтаралас некені зерттеу – ұлтаралықнекеніңжиілігі, тенденциясы, некетұрақтылығын анықтау, осы некеден туылған балалардың өзінің ұлтын анықтау (идентификация) жағдайы, ұлт аралас некенің мемлекет болашағына, оның тұрақтылығына әсері, қазақ тілінің осы өңірдегі басым рөлде болуы жолындағы мүмкіндіктері болып табылады. Көтерілген мәселелер тарихи-әлеуметтік тұрғыда қаралады. Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді қарастыруымыз қажет:

отбасыныңнегізгіміндеттерінталдау, ұлттықжәнежаңасипаттықбайланысынанықтау, қазіргі кездегі отбасы мазмұнын ашу;

ұлтаралас некелесудің тарихи-әлеуметтік себептері, оған қазіргі жастардың көзқарасы, көзқарастың қалыптасу себебі;

ұлтаралас қатынаста және ұлтаралас неке дамуында жаңа бағыттарды көрсету;

нақты статистикалық мәліметтерге, АХАЖ құжаттарына талдау жасай отырып, бірұлтты некеге қарағанда ұлтаралас неке ерекшелігіне тоқталу;

196

ұлтаралас некелердің статистикасының нақтылығын анықтау;

ұлт аралас некенің тіл мәселесіндегі орны;

дәстүрдің сақталуына әсері, діни сенім ортақтығына әсері;

ұлтаралық неке мәселесінің мемлекеттің ұлтаралық қатынас саясатындағы орны;

Жалпы ғылымдық (анализ, синтез, жүйелі әдіс) тарихи, этнографиялық және этносоциологиялық әдістерге, статистикалықақпарлардыталдауғанегізделеді. МақаланыңтеориялықнегізінеА.Г. Харчев, Ю.В. Арутюнян, Л.М.Дробижеваның, В.С.Кондратьевтің, А.Б.Қалыштың, т.б. ғалымдардың теориялық ойлары мен тұжырымдары алынды. Методологиялық негізі Ю.В. Бромлейдің жалпы этнология мәселесіне арналған іргелі ғылыми зерттеулері мен жеке ғылыми мақалаларындағы әдістергесүйенеді. Сондай-ақ Х.А. Арғынбаев, У.Х. Шәлекенов, Ә.Т.Төлеубаев, С.Е.Әжіғали жәнет.б. отандық этнографтардың еңбектеріндегі дәстүрлі әдістертерді атап қарастыруға болады.

Негізгі дереккөздері ретінде облыс тұрғындары арасынан жиналған этнологиялық, этноәлеуметтік материалдар, БҚО мұрағаттар мен құжаттар басқармасының материалдары, БҚО статистика департаментінің мәліметтері, Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің жанындағы АХАЖ мұрағатының құжаттары, Орал қалалық Әділет басқармасының жанындағы АХАЖ мұрағатының құжаттары, арнайы статистикалық-демографиялық мерзімді басылымдарды пайдалануға болады.

Отбасы тұрақтылығын анықтауда ішкі отбасылық қатынаспен қатар, экономикалық және тұрмыстық аспектілерді, жұбайлардың туыстарымен, көршілерімен, әлеуметтік ортамен қарымқатынасын қарастыру да маңызды.

Батыс Қазақстан тәуелсіз республикамыздың тарихи, мәдени, этносаяси аймағы ретінде ерекше орын алады. Батыс Қазақстан облысының территориясы — 151 339 км², яғни республиканың 5,6 % көлемін алып жатыр. Облысты солтүстіктен оңтүстікке қарай транзитті Жайық өзені кесіп өтеді, ол солтүстікте Орынбор облысымен, оңтүстікте Атырау облысы және Каспий теңізімен шектеседі. Республикамыздың екі облысымен және Ресейдің бес облысымен шекаралас орналасқан: солтүстікте - Ресейдің Орынбор облысымен, шығыста – Ақтөбе облысымен, оңтүстікте – Атырау облысымен және Ресейдің Астрахань облысымен, батыста - Волгаград және Саратов облысымен, солтүстік-батыста – Самара облысымен шектеседі. Географиялық орналасуы облыстың экономикалық өрлеуіне қолайлы.

1999 жылғы санақ мәліметі бойынша, облыс тұрғындарының саны – 616 800 адамды, ал 2009 жылғы санақ мәліметі бойынша 598 880 адамды құрайды. Қала халқының саны 277 751 мың адам немесе облыс халқының 46,4 %, ал ауыл тұрғындарының саны — 321 129 адам немесе53,6 % құрайды. [3, 12-б.].

Ұлтаралас некеге қарсылықтың болуының негізгі себебі – бұл некеге түскендер мен одан туылғандардың тілді жоғалтуы, ұлттық некедегі әдепті, сыйластықты жоғалту, онсыз-ақ нарықтық заман қиындығымен трансформацияға ұшырап жатқан туысқандық әдептің, демек қандастық-туыстық байланыстың дағдару жағдайында ұлтаралық неке салдарынан туысқандық байланыстың үзілуі, өз ұлтыныңдәстүрінұмытуқаупі. Ұлтаралықнекегеқарсылықұлттыңөзін-өзісақтапқалуғатырысуынан туындайды. Бірақ қай ұлттың тарихын алсаңыз да аралас некелер белгілі бір деңгейде болған, қазіргі таңдағы көрсеткіштері Ю.В.Арутюнян, Л.М.Дробижева, А.А.Сусокулов және т.б. сияқты этноәлеуметтік саламен бірге экономика саласының мамандарының еңбектерінен табуға болады. Бұқаралық ақпарат және ғаламторда жарияланған қазақстандық мамандар, саясаттанушылардың мақалаларында Қазақстандағы неміс ұлтының көзқарасы мен осы мәселедегі ұстанымын пайымдаған авторлар аралас некеге көп түспеуінің себебін неміс халқының Кеңес кезінде Қазақстан жеріне департация салдарынан келгендігін, яғни өз еркімен келмеген ұлттың өз болмысын сақтау жолындағы ұстанымы дейді. Бұл пайымдаудың да жаны бар. Корейлердің қазақ жерінде орналасуы, олардың бейбіт өсіп-өнуі себепті, олар қазақпен некелесуді дұрыс көретіні, тіпті өз ішінде қолдау табатынын жазады [1, 18-б.].

XX ғасырдың басынан бастап қазақтардың ұлтаралас некеге көзқарасының қалыптасуына себеп болған әрине, кеңестік саясат, кеңес үкіметінің интернационалдық саясаты үлкен ықпал етті. Ал енді тәуелсіздік алған кезден бері сол саясаттың салдарынан, біртұтас тарихи тағдырымыздың қалыптасуына байланысты қазіргі аға ұрпақ, орта буын, өскелең ұрпақ көзқарасы да сол интернационалдықсаясаттыңсалдарыдеседеболады. Қазіргіуақыттадаұлтараласнекелеркөрсеткіші Ресей Федерациясында 15% береді. Қазіргі Ресей Федерациясы азаматтарының төлқұжатында «ұлты» деген бөлім алынып тасталған. Әрине Ресей мемлекеті бұны азаматтардың құқығын шектемеу, толық еркіндік мақсатында деп жоғарғы адамзаттық көзқарас білдіріп отыр. Ұлтаралық қатынаста, конфессияаралық толеранттылықты қалыптастыруда бұл уақыт қажеттілігі. Құрамында 170-тен астам ұлт өкілі тұратын Ресей жағдайында бұл келісті де үйлесімді болар.

197

Пайдаланылған әдебиеттер:

Аман А.Б. Батыс Қазақстанның ауыл халқы: тарихи-демографиялық аспект (ХХ ғасырдың 20-80 жылдары): Тар. ғыл. канд.. дис.. … авторефераты. – Орал, 2009. – 24 б.

Западно-Казахстанская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 года. Статистический сборник. Том 2. – Астана: Агентство РК по статистике, 2011. – 124 с.

Население Западно-Казахстанской области в 1989-2009 годах: демографическая ситуация и тенденции развития. Отв. ред. М.Н. Сдыков. – Уральск: Полиграфсервис, 2009. 00000000

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ САЯТШЫЛЫҚ ӨНЕРІ ЖАЙЫНДА

Қасым Әділет

«Археология және этнология» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., проф., Б.К. Қалшабаева

«Құсбегісі келіссе, Күйкентай құс қаз алар»

Халық мақалы

Қазақ халқының ғажайып өнерінің бірі – саятшылық, яғни құс салу арқылы аңшылық құру. Бұл өнертіршілікқамығанаемес, көңілкөтеру, бойғакүшалу, қызықтауәріспортретіндеқазақдаласында тым ерте дамыған. Халықтың үлкен бөлігі аңшылықпен, саятшылықпен сирек айналысты. Ауқатты қазақтар үшін аң аулау, құс салу көңіл көтеру түрі болды. Саятшылық туралы белгілі ғалым Ә. Марғұлан: «Саятшылықты халық ежелден өнердің бір түрі ретінде бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс көзі деп санамаған. Саятшылық өнері арқылы халық табиғатпен араласып, оған жақындығын сезінетін» деген. Бұл кәсіп ерекшеліктері далалық табиғаттың ерекшелігімен де байланысты болды. Халқымыздың осынау 300 мың жылдық тарихы бар саятшылық өнерін қазіргі жас ұрпақ біле бермейді. Бұл жөнінде саясатшылық өнерімен айналысып жүрген Ж. Бабалықұлы: «... көптеген ежелгі мәдени ескерткіштерінің ішінде кейінгі кезде назарға көп аса ілінбей жүрген – ол саясатшылық өнері дейді [1, 3б.].

Негізінен қазақтар аңшылықты кәсіп емес, табиғат аясына шығып, табиғатпен тілдесіп, көңіл көтеріп, сергіп, саясатшылық құру деп есептеген. Аңшылықтың кәсіпке айналуы Ресейдің қазақ жерін отарлап, бағалы аң терілері мен тағы басқа да өнімдеріне тапсырыс беріп, жергілікті аңшыларды қызықтырса, екіншіден, езгіге түскен халықтың еріксізден аң аулауды кәсіпке айналдыруы еді [2, 117б.]. Аңшылықтың ішінде қазақ халқы үшін маңыздысының бірі – ау құстарымен саят құру. Аушы құстарды қолға үйретіп, оны қыран етіп тәрбиелеудің өзі асқан сабырлықты, тәжірибені, көрегендікті талап етеді. Ау құстарын үйретуде қазақ халқының ертеден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі әдістері бар. Түз құстарын қолға үйретіп, қыран етіп баптаудың, аңға салудың әртүрлі қазақы әдістері, қазақ халқының табиғатқа, саятшылыққа өте жақын екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, саятшылықтың ұлттық өнер ретінде ғана қалыптасып қоймай, қазақ халқының дүние танымына тигізген әсері, оларға байланыстынаным-сенімдерменырымдардаболған[3]. Саясатшылық күнкөріс көзіменқатар, уақыт өте келе сал-серіліктің салтанаты, ұлттық өнердің бір бұтағы болғаны мәлім.

Саятшылық негізінде аңды құс салу арқылы аулайды. Саят құстарына бүркіт, сұңқар, қаршыға, тұйғын, ителгі сияқты алғыр құстар жатады. Халқымыздың құсбегілік өнерінде жыртқыш құстардан басқа кез келген құстарды да үйрете берген. Осы жөнінде Жалайыр Шора туралы айтылатын:

«Аспанға ұшсам қанатым талады, Жерге түссем Жалайыр Шора алады», – дегенде әйгілі құсбегінің құс ұстаудың, үйретудің хас

шебері екені көрінеді [4,119б.].

Қазақ аңшы құстарды әуелі тор, екінші – қақпан, үшінші түрлі тұзақтар арқылы ұстаған. Бүркіт, қаршыға, лашын, ителгі, тұрымтай, қырғи, жағалтай бұлардың барлығын негізінен ұядан алады. Әсіресе бүркітті көп уақыт қолға қондырып, жұмсақ майда сипап, жалыққан заманда қалайда ұйықтамастай етіп қондырып қояды. Қазақ аңшылары бүркітті негізінен түлкіге, қоянға салады. Кейбіреулері абайсызда қасқырға да жіберіліп қалады. Бірақ қасқыр алу қатерлі. Түйғын, қаршығалардың алатын аңдары: аққу, тырна, , қоян, үйрек т.б. болып келеді [4, 24-25бб.]

Саят өнері ептілікті, білгірлікті, табиғат тылсымын жете білуді, сондай-ақ аталған құстарды ұстау, баулу сияқты «бір сырлы, сегіз қырлы» болуды талап етеді. Саятшылардың құстарды бағып, баптауы

198

өте қымбат бағаланды. Құстарды баптаумен халықтың ортаңғы буыны, яғни орта шенді мамандар айналысты. Олар өзтәжірибиелерін ұрпақтанұрпаққажалғастырып отырды. Мысалы: Бүркітті баптау

– 5-6 түйе, сұңқар – 2-3 түйе, тұйғын – арзан бағаланды [5, 48-49 бб.]. Саятшылар ел ішінде өте сыйлы, құрметті адамдар қатарына жатады. Құсбегі құсты сылап-сипап, томағасын кидіріп, аяқбауын тағып, тұғырға отырғызады, әуелі қолға, кейін атпен алып жүруге баулиды.

Құсбегілердің пайымдауынша құсты «...уақытында қолға қондырып, жұмсақ майда сипап, жалыққан заманда ұйықтамастай, шошымастай болғанша қай уақытта болсын шошытпауға ыждағат ету тиіс» әйтпесе, «...қолға түскен тағы құс адамнан зәресі ұшып жемсауындағы жемді қорыта алмай қалуымүмкін», сондықтаналғашқолғаүйретукезіндесақболғанабзал. Құстыбаулудыңқатыпқалған ережесі жоқ, әр құстың мінезі, тегі, күйі, жасына қарай және құсбегінің өзіндік тәжирбесі мен салатын аңына байланысты болады. Мәселен, кейбір асау құстарды үйреткенде суық су шашу әдісін пайдаланады. Бұл әдіс турасында Б. Хинаят: «... тәкаппар да, тағы түз құсы ішқұсаланып, күйініп өліп кетпес үшін сықпаланған қар, мұз береді» деп көрсетеді [6, 89],

Саятшылық қазақ халқының тірі табиғат пен өлі табиғаттың тыныс-тіршілігін, құпия сырын терең меңгергендігінің айғағы. Бұл зор өнердің қызығын саятшылардың өздері, ал игілігін халық көрген. Саятшылық – халықтың мұраттұтқан арманыәрі өнері болып саналған. Осынау кенжелеп бара жатқан ұлттық дәстүрімізді насихаттап, бүгінгі ұрпаққа киелі құс - қыран бүркіт жайында кеңінен мағлұмат беру біздің міндетіміз болмақ.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. ‒ Алматы: Жазушы, 2009. ‒ 224 б.

Тохтабай А. Қазақтардың аңшылыққа, құсбегілікке, балық аулауға бйланысты жора-жосындары. Қазақ халқының дстүрлері мен әдет-ғұрыптары. - Алматы: Арыс, 2005.– 328б.

Шәкен Б. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі ау құстарының маңызы «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1(09) 2017

Шорманов С. Аушы. – Алматы: Асыл қазына, 2017. – 56 б. Казахи. Историко-этнографическое исследование. - Алматы, 1995.

Хинаят Б., Исабеков К. Саятшылық. Қазақтың дәстүрлі аңшылығы. ‒ Алматы: Алматы кітап, 2007 ‒ 208 б.

ҚЫМЫЗ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СУСЫНЫ: ПАЙДАСЫ МЕН ҚАСИЕТІ

Тілеу Анель

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ветиринарлық медицина мамандығының 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауым. профессор Ахантаева Ә. Ж.

Қазақ халқы үшін төрт түліктің ішіндегі төресі де, төбесі де жылқы. Жылқы малы ұлтымыздың жанына жақын сенімді серегі, айбарлы айбыны, халқымыздың батырлығын әлемге әйгілі еткен асыл түлігі.

Қымыз – халқымыздың ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық сусыны. Ол тек тағам ғана емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі десе де болады. Өзге тағамдарға қарағанда, қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері, салт дәстүрлері, ырымдары мен кәде жол жоралғысы өте көп. Көктем туып, құлындағанбиебайланып, сауылады. Биеніңашымағансүтінсаумалдейді. Оғанарнайыашытқы қосылып, екі үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауызтигізіп, батасыналады. Мұны «Қымызмұрындық» дейді. Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі және олардың әр түрін жылқы жасының атауымен атайды. Зерттеушілер қымыздың екі түрін айқындаған, олар бұрынғы кезде: қысқы және жазғы қымыз деп бөлген. Қысқы қымыз көбіне бай манаптарға арналып дайындалған. Жазғы қымызды кедейлер де ішкен.Солардың негізгі түрлері мыналар:

Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз; Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;

Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;

Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады; Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;

199

Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады; Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз; Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;

Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз; Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;

Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше түрге бөлінеді.

Әдетте сауылатын биелер сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді. Жыл сайын алғаш бие байлаған күн «Бие байлар». «Желі майлар» деген дәстүрмен мереке сияқты өткізілген. Әдетте бұл күні сүр асып, мол табақ тартылады, желінің қазығына, айғырдың жалына май жағылады.

Қымыздың атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі - қазақтың қара сабасы тек қана жылқы терісінентігіледі. Бұлбұданбірнешеғасырбұрын, көшпелідәуірдеигерілгеныдысболсакерек. Сабаға ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, дәмді болса, екінші жағынан көші - қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы.

Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресеқұртауруынемдеу қасиетіжоғары. Оның адамағзасынәлсірететінсозылмалы ауруларғақарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Жақында ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Төрт түліктің ішінде биенің сүті ғана альбуминдік (сүттің ерекше түрі) қасиетке ие екен. Демек, бие сүті ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүтке қарағанда ерекше болып келеді. Бұл – бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның зерттелмеген, ашылмаған тұстары қаншамаЖылқы малының төрт түлік ішінде текті екендігін бұған дейін де айтқанбыз. Жануар судың тұнығын ішіп, шөптің асылын теріп жейтінін қайтерсіз?!

Қымыз құрамында 28 түрлі микроэлементтер, көптеген дәрумендер бар. Бұл элементтер бие құнарлы жерге жайылған сайын арта түсетіні бар. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт алуға болады. Кей биелер 15-17 литрге дейін сүт береді екен. Тағы бір ерекшелігі саумал биелерді 8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. “Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаса керек. Күтімі келіскен бие тіпті бір жылға дейін сүт береді екен. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Өткен ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді. Қымыздыңәсеріненасқазансөлініңбөлінуіжақсарады, тәбетіартады, астыңқорытылуыжүйесіжақсы жұмыс істейді. Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр.

Қорыта келе атамыз қазақ «жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы», - деп ерекше дәріптеген. Мүшелдік жыл санауымызда киелі жетінші жыл - жылқы. Жылқы жайында Қасиетті Құранда да арнайы Ғадият сүресі бар екен. Мұхаммед пайғамбарымыздың 399 – хадисінде «Қой - береке, түйеқадірлі, жылқыныңжолынақияметкешейінжақсылықтөселіпқойылған» - депайтылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

С. Кенжеахметұлы Қазақтың дарқан дастарқаны. А. 2007.

Қ. Бозымов Жылқы және түйе шаруашылығы. А. 1993. М.Г.Курамшина Қымыз. А. 1951. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов Қымыз. А. 1968.

Б.Садықов, И.Сарыев, А.Отарбаев Ақ дастарқан. А. 1987.

6.Л.В. Әлімжанова Сүт өнімі. Астана 1998.

7.Б.Барақбаев Сүт және сүт тағамдары. А. 1989.

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]