Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

6.Қазақ КСР тарихы. - Алматы, 1984

7.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы,2003

НЕИЗВЕСТНЫЕ ГЕРОИ ВОЙНЫ (ПО МАТЕРИАЛАМ ЭКСПЕДИЦИИ В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКУЮ ОБЛАСТЬ)

Сайн Эмир,

студент 1 курса факультета международных отношений КазНУ им.аль-Фараби, Научный руководитель: к.и.н., ассоц.проф. Уалтаева А.С.

Освободительная война советского народа против фашистской Германии и ее союзников важнейшая часть Второй мировой войны. Казахстанцы участвовали в этой войне, она является частью нашей истории. Сегодня существуют разные мнения о потерях казахстанцев в войне. Перед войной в Казахстане по переписи 1939 г. проживало 6151102 человека. В годы войны с оружием в руках отправились на фронт 1 366 164 казахстанцев, которые составили 22,2 % довоенного населения Казахстана. По предположениям Козыбаева М.К., Алдажуманова К.С. с фронта Отечественной войны из них не вернулось более 350 тыс. казахов. Тема войны всегда была и будет актуальна для казахстанцев, годы войны все дальше уходят от нас, и меняется наш взгляд на нее. Цель наших дней - сохранение правды о войне в сердцах молодого поколения.

Крупнейшими учеными занимавшиеся проблемой были историки Тулепбаев Б.А., Дахшлейгер Г.Ф., Козыбаев М.К., Белан П.С. Место и роль Восточно-Казахстанской области в Отечественной войне трудно оценить. Всего из области направлено на фронт около 200 тыс. человек. В августе 1941 года в Усть-Каменогорске были сформированы 375 истребительно-противотанковый артдивизион, 96 Гвардейский, 837, 237, 238 стрелковые полки. Через проводимый всеобуч в области подготовлены тысячи призывников. Звание Героя СССР получило 60 человек, награждено орденами и медалями 30 тыс. человек, в том числе 4000 казахов, 300 женщин. Более 72 000 человек получили медаль «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.». Десять стали полными кавалерами ордена Славы. Вопросы изучения истории тружеников тыла нашли отражения во многих научных трудах. За время войны восточноказахстанцы сдали в фонд обороны 500 тыс. пудов зерна, из своих личных сбережений пожертвовали денежных средств, теплых вещей и облигаций на 400 млн. рублей, каждая 9 пуля, выпущенная во врага, была отлита в г. Зыряновске. Эти сведения отложились в материалах Центрального архива ВКО фонда № 753, описи № 2 и 3 «Коллекция документов в период Великой Отечественной войны.

Цель работы: внести личный вклад в изучение истории Великой Отечественной войны 1941-1945 г. самого крупнейшего события XX столетия и участия в ней казахстанцев. Из поставленной цели вытекают следующие задачи:

-ознакомиться шире, чем это дает учебная программа с вопросами, связанными с предисторией, причинами, характером, периодизацией и итогами войны, которые должны способствовать развитию интереса к истории своей республики;

-если раньше ветераны войны сами могли сказать о войне, теперь они уже их почти не осталось, поэтому была поставлена задача узнать как можно больше информации об участниках Великой Отечественной войны проживающих в Восточно-Казахстанской области;

-показать, как отразилась война на детстве тех, кто работал в тылу, узнать, какую цену заплатили они, приближая победу.

Научная значимость работы заключается в выявлении условий жизни людей, их выживания в суровыегодывоенноголихолетья, тяжёлоготрудаввоенныегоды, жертвпринесённыхвоимяПобеды. Значимо сегодня особенно, знать людей, проживающих рядом с нами, проанализировать их жизнь и цену, которую они отдали ради свободы своего Отечества. Ведь в годы войны сплотились не только граждане одной республике, в эти годы были созданы условия межэтнического согласия и дружбы народов, эвакуированных и депортированных в Казахстан. Мой один прадедушка погиб в 1943 году в Полтавской области в Украине, другой пришел с войны в 1944 году тяжело раненым, разве они проливали кровь за Вторую мировую войну, нет, они воевали за свой дом, своих детей и родителей, свое село, а в общем за свою Отчизну. Так как же можно вычеркнуть жизнь наших дедов из истории?

71

МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЭМИГРАЦИЯДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Салимгереева Сабина,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және жоғары бизнес мектебінің 1 к. студенті, Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Байдаулетова М.Д.

Тарихын білмеген елдің болашағы жарқын боларына ешкім кепілдік бере алмас, себебі тарих – ғасырлар айнасы, болашақтың бастамасы болып табылады. Осы орайда бұл жұмыстың өзектілігі тәуелсіздік тұғырына қол жеткізіп, дамушы елдердің қатарында бой көрсетіп жүрген қазақ елінің тарихына көз жүгірту мен осы тәуелсіздік жолында атқарылған жұмыстарға тоқталып өту болып табылады. Соның ішінде Алаш зиялыларының бірі,елі үшін жанын беруге дайын болған азамат – Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы қызметтері мен еңбектері туралы болмақ. Бұл жұмыстың өзектілігі қазіргі таңда шетелдік зерттеушілердің Мұстафа Шоқайдың атқарған қызметіне қызығушылығымен бағаланады. Өз елімнің патриоты ретінде қазіргі ХХI ғасырдағы кейбір қазақ жастарының бұлыңғыр көз-қарастарымен келіспеушілігімнен бұл жұмысқа деген қызығушылығымның артуы байқалады. Себебі қазіргі таңдағы жастардың алға ұмтылуы, шетел көруге деген ынталарының жоғары болуы көңіл қуантады. Дегенмен, көпке топырақ шашқым келмейді, бірақ, жастардыңқазіргітаңдағыәлеуметтікжелілердегіеліміздеорыналыпжатқанөзгерістергенемғұрайлы қарауы, өздерінің көңілдерінен шықпаған жаңалықтарды ести сала, ашық түрде «Бұл елден тез арада көшу керек» деген пікірді ұстанып шығулары көңіл түсірерлік өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Еліміздің болашағы жастар деп кез-келген мерейтойларда жастарға сенім артып қараймыз.Бірақ сенім артып отырған жастарымыз елден қалай кетсем болады деген оймен өмір сүруде.Бұл орайда кінә қай жақтан кетіп жатқаны белгісіз.Белгілі болғанның өзінде де әркімнің өз шындығы бар.Албұл жұмыс керісіншееліненкеткісікелмеген,бірақ,кетугемәжбүр болған,тәуелсіздік таңын аңсаған,елінен жырақта жүрсе де,елі үшін қам жеген,қолынан келгенің аямаған,алыста жүріп те тәуелсіздікжолындакүрескенқазақелініңбіртуаразаматыМұстафаШоқайдыңэмиграциялыққызметі туралы.Екі ғасырды бір-бірімен байланыстыру арқылы бізге берілген жаңа мүмкіндік-Жастар жылындаөзқатарластарыма,жоғарыдаайтылыпөткенқатепікірдіұстанушыжастардыңой-елегінебір түйін жеткізу мақсатында бұл жұмысты қолға алдым.

Түркістан халықтарының XX ғасырда жүріп өткен жолы мен тарихи тәжірибесін қорыту ісінде Мұстафа Шоқай мұрасының алатын орны ерекше. Сондай-ақ бұл қайраткердің өмірі мен қызметін Түркістандағыжекебірхалықтыңмүддесіменғанабайланыстықараумүмкінемес. Мәселен, М. Шоқай өзінің туған елі қазақ халқының тәуелсіздігін Түркістанда көне замандардан бері тұрып келе жатқан туыс өзбек, қырғыз, түрікмен және басқа халықтардың тәуелсіздігінен бөліп алып қараған емес. М. Шоқай үшін Түркістан халықтарының тұтастығы мен Түркістан халықтарының еркіндігі бірінсіз бірі жоқ егіз ұғымдар. М. Шоқай Түркістанда XIX ғасырда әкімшілік басқару жүйесі ретінде орныққан орыс билігіне сын көзбен қарады. Ол өзінің «Ақ-қызыл» аталатын мақаласында «...патшалық Ресейдің жарты ғасырлық үстемдігі кезінде Түркістанға ешқандай бір жаңартқыш сипаттағы рухани ағым енген жоқ. Тіпті заман талабы тұрғысынан қарағанда атамекеніміз кері кетті», – деп жазды.

XХ ғасырдың тарих сахнасында өзінің еліне,туып өскен отанына деген сүйіспеншілігінің арқасында,көптегентілдердіжетікмеңгеріп,шарасыздықтыңшырайынатүспей,тәуелсіздіктаңынкөру жолында аянбай еңбек еткен,ұлт зиялысы,Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың қызметі қазіргі қазақ елінің болашағы үшін таптырмас мұра,көпшілік үшін үлгі болып табылады.Бірақ та,әттең қазіргі тойымсыздық заманына айналған XXI ғасырда екі заман зиялыларын салыстыруға келмейтіндей дәрежеге жеттік.Әрине,көпшілікке топырақ шашпаған дұрыс,дегенмен,шындықтың бетіне тура қарау заман талабы болып табылады.Өз пайдасын,өз мүддесін көздеген кейбір қазақ азаматтарының істері қарын аштыртып,көңіл түсірерлік үлкен мәселе болып табылады.Сананың уланғаны ма,әлде заман өзгерісі ме,бірақ та тарихқа толы өткенімізге назар аударып,өзімізге керектіні түйіп алудың орнына,елімізге кесірін тигізерлік іс-әрекеттердің құрбанына айналып жүргеніміз,әрине дұрыс емес.Тамырытереңгежайылыпбаражатқаносындайөзектіпроблемалардышешужолындажастардың да тигізер үлесі мол деп сенемін.Осы орайда,бұл жұмыстың мақсаты Мұстафа Шоқайдың эмиграциялық қызметін зерттеп қана қою емес,сонымен қатар,ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі туралы өз қатарластарыма,көпшілік қоғамға жеткізу.Қаншалықты қара күйе жағылса да Мұстафа Шоқайдың еш нәрсеге мән бермей,шет елде жүрсе де өз қызметін жалғастырып,отандастарына қол ұшын беруге аянбайеңбекетуінағызерлікболыптабылады. Қорытакеле, қаншалықтыелімізденжырақтажүрсекте, тигізерлік пайдамыз мол болсын!

72

КЕҢЕС НҰРПЕЙІСОВТЫҢ «АЛАШ ҺӘМ АЛАШОРОДА» ЕҢБЕГІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Қалиева Гүлден,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінің 1 курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Г.Е. Абикенова

Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі кеңес дәуірінде жете зерттелмегені белгілі. Себебі, тарихты жасаушылар халық бұқарасы деген ұстанымның негізінде жеке адамдарға, олардың қызметтеріне дұрыс көңіл бөлінбеді. Қоғам қайраткерлері мен ғалымдарымыз қуғынға ұшырап, есімдері көпке дейін тарихымызға белгісіз болып келді. Ол кезде қазақ зиялыларының революциялық және қоғамдық қызметтеріне ғана назар аударып келді және біржақты көзқараспен жазылды. Ал заман ағымы болса маркістік-лениндік және басқада біржақты әдіснаманың тар өрістілігін ескере келе, тарихилық, ақиқат өлшемін басшылыққа ала отырып ұлт тарихын әділ жазуға мүмкіндік берді. Ал еліміз жеке отау құрып, егемендік алған тұста тарихымызды қайта саралап, өткенімізге жаңаша баға беруге мүмікіндіктер туды. Осы орайда ғұмырын ұлттық Ғылым Академиясының Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтымен байланыстырған т.ғ.д., профессор, академик Кеңес Нұрпейіс ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын, 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістері мен Алаш жетекшілік еткен Қазақ автономиясының тарихын объективтік тұрғыдан зерттеумәселесінкөтерді. Бұлмәселегебайланыстыкөпжылғызерттеужұмысыныңнәтижесінде1995 жылы «Алаш һәм Алашорда» монографиясын жариалады. « Алаш һәм Алашорда» деп аталатын бұл кітапта, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихына байланысты нақты оқиғалар толығымен қарастырылады. Яғни, біріншіден, саясипартияретіндегіАлаштыңтарихсақнасынашығуыжәнеоның бағдарламалық мақсат-міндеттері қарастырылса, екіншіден, мемлекеттік құрылым ретіндегі Алаш автономиясының ұйымдасуы, үшіншіден, осы автономияны басқару үшін құрылған үкіметтіңАлашорданың іс-әрекеттері, оның таратылуы. Алғашқыда еңбек, ғылыми айналымға жаңадан қосылған түпнұсқалық мәні бар деректер мен зерттеушілерге бұрыннан мәлім құжаттарға сын көзбен қарау тұрғысында жазылған болатын. Қолжазбада 1913 жылдан бастап жалпыұлттық бейресми газет ретінде, ал 1917 жылы шілде айынан бастап-ақ «Қазақ», «Сарыарқа», «Жас азамат», «Бірлік туы», «Ұлы Түркістан» газеттері мен «Абай» деп аталатын журналдағы тақырыптар аясында мәліметтер бірімен-бірі салыстырыла зерттелді.Автор еңбегінде негізгі төрт тарауды қамтыған. Бірінші тарауды, мәселеніңтарихнамасымендеректікнегіздерінде; екіншітарау, Алашқозғалысыныңбастаукөздеріне; үшінші тарау, Монархия құлағаннан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруі және Алаш партиясының құрылуы; төртінші тарау, Алашорда және Кеңес өкіметі мәселелеріне арналған. Сонымен қатар қосымша ретінде Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі, Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және Алаш қозғалысы жетекшілерінің көзқарас эволюциясы мен Кеңес өкіметі жылдарындағы тағдырына байланысты кейбір құжаттар толықтай қарастырылады.

«Алаш қозғалысы тарихы 60-жылдан астам ресми өкімет тарапынан тыйым салынған тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» болып келгендіктен зерттеушілер Алаш пен алашордаға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алды» -, дейді Кеңес Нұрпейісұлы. Осыған байланысты Кеңес атамыз көптеген мақалалар жариялап, Республикамыздың Алматы, Жезқазған қалалары мен Түркия мемлекетінің Анкарақаласындағылыми-теориялық конференциялар менконгрестебаяндама жасады. «Алаш туралы сөз» атты деректі фильмге ғылыми кеңесші, студенттер қауымына «Алаш және Алашорда» тақырыбы бойынша арнаулы дәріс оқыды. Сөйтіп, ол Алаш ұлт-азаттық қозғалысы және «Алашорда» автономиясының тарихын зерттейтін ғылыми мектептің негізін салушылардың бірі ретінде Алаш қозғалысы көшбасшыларының шығармашылығын зерттеу арқылы олардың саяси бейнесін сомдады.

Өз кезегінде т.ғ.д., профессор О.Х.Мұхатова Кенес атамыздың «Алаш һәм Алашорда» еңбегіне талдау жасап, арнайы мақаласын ұсынған болатын. Тарихнаманы бастамас бұрын ғалым кеңестік кезеңде зерттеуге тыйым салынған «ақ», «қарасы» айқындалмаған мәселені зерделеудің бағыттарын анықтады», - деп пайымдай келе, - «Сол уақытқа дейін әлі де болса аражігі толық ашыла қоймаған күрделі ұғымды нақты атап көрсетті. Автор бұл тақырыптың «құпия», «жабық» болу себептерін түсіндіру барысында мәселенің методологиялық тұстарын қоса қозғады. Алаш қозғалысының тарихнамасы хронологиялық-проблемалық әдіс арқылы талдаған ғалым оның зерттелу деңгейін шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырған», деп түсіндіреді. Сондай-ақ, тарихнамалық мерзімдеменің алғашқы кезеңіндегі зерттеулерге А.Байтұрсыновтың, С.Сейфуллиннің, Ә.Әйтивтің, А.

73

КенжинніңмақалаларынжатқызғанғалымолардыңАлашқоғалысынабергенбағасынатоқталыпөткен болатын.

Көрнекті ғалым, ұстаз Кеңес Нұрпейісұліның жүрек соғысы тоқтағанмен, оның тарихи танымы әрбір адамның жүрегінен орын алды. Ғалым Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылымизерттеуинститутыменқатарҚазақмемлекеттікқыздарпедагогикалықУниверситетіндежартығасырға жуық еңбек етті. Аға буын өкілдерінің дәстүрін жалғастырды. К. Нұрпейісті алғаш алаштану негізін қалаған тарихшы, академик және Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Ораз Жандосов мұраларын жариялап, бағалауға ауқымды үлес қосқан ғалым ретінде де еліміз тарихында қалары сөссіз.

Кеңес Нұрпейістің Алаш тарихын зерттеудегі өзіндік орнын айтқанда, ең алдымен мұрағат қорларында жатқан беймәлім құжаттарды, деректерді тауып, зерттеуді жаңаша дәрежеге жеткізді. Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлерінің осы уақытқа дейінгі белгісіз болып келген белсенді әрекеттерін және біз біле бермейтін халқына адал қызмет еткен қайраткерлерді білуге мүмкіндік беруі үлкен мәнге ие.

Пайдаланған әдебиет:

1.«Алаш һәм Алашорда» кітабы. Авторы: Кеңес Нұрпейісов «Ататек» баспасы, 1995 жыл. -256-б

2.http://elib.kaznu.kz/book/1423

ИШАНДАР ІСІНІҢ РЕПРЕССИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚОЗҒАЛУЫ, СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЛАРЫ

Қасымбек Мөлдір,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінің 1 курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Г.Е. Абикенова

Ишан – Исламның сопылық ағымындағы Ақиқатты танып-білу жолында білімімен жоғары дәрежеге жеткен ұстаз. Орта Азия елдерінде «ишан» атағын басым түрде тегі қожа дінбасылары иемденген.

Тарихшы-ғалым М.Қ. Қойгелдиевтің «Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920 – 1940-х годов» атты еңбегінің «Ишандар ісі» деп аталатын 4-тарауында қазақ даласындағы ишандар әулетінің Кеңес үкіметі тұсындағы қилы тағдыры, қудалауға ұшырауы, оларға қарсы қозғалған сот процестері мұрағат деректерінегізіндебаяндалады. Осықұжаттықеңбеккеқарапотырып, 20-40 жылдардағықуғын-сүргін саясатының қожа-ишандар әулетін мықтап нысанаға алғанын аңғарамыз.

Қазақ халқының өмір сүру жүйесінде берік орнаған дәстүр – хан тұқымдарын әр ру өздеріне басшы ретінде сайлап алуы еді. «Төбесіз жер болмайды, төресіз ел болмайды» деген қанатты сөз содан қалса керек. Осындай үрдіс қожаларға да қатысты қалыптасты. Қазақтың ру басылар аттай қалап, Түркістаннан, Сыр өңірінен қожаларды алдыртып, пір тұтқан. Қожа-ишандар бір рулы елдің діниғұрпыменқатар, ағартушылықміндеттеріндеатқарды. Сондықтанқожалардыңхалықарасындабеделі аса зор болған. И.И. Гейердің пікірінше, қазақ даласында көшпелілер діни білімі бола тұрса да, қара қазақты пір санамаған. Яғни олардың шығу тегіне ерекше мән беріп, Мұхаммед пайғамбардың әулетінентарағанқожалардыпірсанауытектен-текболмасакерек. Қазақарасындаишанменқожасөзі қатар қолданылады. Себебі ірі ишандар қожалардың арасынан шыққан еді. Осылайша қожа бөлісу салты бүкіқазақ даласында таралды. Мысалы Арқа өңірінің қазақтары Қожақан қожаны, Алтай өңіріндегілер Керей ишанды, тобықтылар Әуез қожаны өздерінің піріміз деп санаған.

Қазақстандағы Кеңес өкіметінің түрлі реформалық және салық саясатына қарсы халықтың наразылық көтерілістері сол жылдары барынша өріс алды. Қазіргі тарих ғылымы 80 мыңдай адам қатысқанкөтерілістердіңсанын372-гежеткізді. Ашыпайтакететінбіржайтсолкөтерілістердіңбіразы мешіттерден, сондағы имамдар мен ишандар басқарған жиындардан басталған. Кеңес өкіметінің шектен шыққанастықжәнеетсалықтарыхалықтыңшымбайынаәбденбатты. Мысалы, Ақмырзаишан басқарған Қазалы көтерілісі, Мұқатай Саматовтың мешітінен өрбіген Ырғыз көтерілісі, Сұлтанбек Шолақов бастаған Созақ көтерілісі, және т.б. ишан, имам, молдалардың ықпалы мен рөлі күшті болғаны мәлім. Біздің қоғамда халықты имандылыққа тәрбиелеп, дін мәдениетін басты құндылықтардың бірі ретінде санаға сіңіруде имам, ишандардың ролі зор. Тарихымыздан алар орны да ерекше. Жалпы, атеистік бағытты ұстанған Кеңес өкіметінің олар үшін азық-түлік салығын салуы сылтауғана. Негізіненбольшевиктіксаясатынтездетіпіс-жүзегеасыруүшінжолындағыүшкедергінің

74

бірі – дін басыларын жою керек болды. Сол себептен ишандар мен молдаларды Кеңес өкіметі әртүрлі айып тағып, айдауға салып отырған.

Мұхаммед Пайғамбардың немере інісі Әзірет Әліден тарайтын Айқожа ишан Темірұлы 1773 жылы Жаңақорған өңірінде дүниеге келген. Ташкент, Бұхара шаһарларында медреседе оқып, білімін молайтқаннан кейін, Ауғанстандағы атақты ғұлама, қара суды теріс ағызған Ислам Шайхтың қолында төрт жыл білім алған Айқожа ишан Жаңақорған өңіріне «ишан» болып оралады. Елге оралған Айқожа ишан мешіт-медресе ашып, халыққа білім берумен, имандылық тәрбиесін дарытумен айналысады. Тіпті медресенің жанында арнайы жатақханасы (өжіре) болған екен. Халыққа адал қызмет етуді басты парызым деп санаған Айқожа ишанның жаны мен малы қатар өсіп, көзі тірісінде-ақ іргелі әулетке айналады. Бірде ел ішінде батырлығымен танымал Көкен батыр қымыз ішіп отырып, «ишанның малы Сырдың бойына симай кетті ғой» деп айтып қалады. Ел ішінде сөз жатқан ба, айтылған сөз Айқожа ишанның құлағына да жетеді. Батырдың сөзіне налыған ишан өзінің маңайындағы бес рулы елді ертіп, он бір баласының біреуін баласын қасына алып Қарасопыдан көшеді. «Елден әулие кетсе – береке кетеді» деп санаған елдің ақсақалдары Көкен батырды шақырып алып, «елден құт-береке кететін болды ғой, малдың көптігі кімге зиян еді, бір қауым елдің несібесі емеспе, ишанды қалай да болса елге қайтарасың» деген міндет жүктейді. «Аталы сөзге арсыз тоқтамас» деген сөз ол кезде әр қазақ үшін дала көшпелісінің өміріндегі ерекше қағидалардың бірі еді. Бір жағынан ел ақсақалдарының салмақты сөзін, екінші жағынан өзінің ағат әрекетін сезінген батыр көшті қуып жетіп, ишанның алдына барып, мойнына қыл арқан байлап «міне қыл арқан, қалаған жеріңізге дарға ассаңыз мен әзірмін, бірақ елден кетпеңіз» деп кешірім сұрайды. «Иілген басты қылыш кеспес» дегендей, сөзге тоқтаған ишан кешірім бере тұрып, «жолға шыққан көштің кері қайтуы әбестік» болар, кері де қайтпаймын, ары қарай да көшпеймін, осыжердеқаламындейді. БұлжербүгіндеБесарықдепаталады. «Елсіз, сусызжергеқалай тұрақтаймыз» деген халыққа қарап, ишан қолындағы таяғын жерге шаншығанда, жерден атқылап, мөлдір су шығабастайды. Бұлбұлақбүгінгедейін«Айқожаишанның» бұлағыдепаталады. Солжерге қоныстанған кейін Айқожа ишанның бастауымен ел болып мешіт салады. Бұл мешіт бүгінде «Ақтас» мешіті деп аталады. Алайда қазақ халқының басына қара бұлт үйірген Кеңес үкіметі орнаған жылдары тоталитарлық жүйенің салдарынан дін жанашырлары, қожа-ишандар қатты зардап шекті. ХХ ғасырдың 20 жылдары ел басына төнген апат салдарынан ишандар әулетінің ауқатты топтары жиналып, көшуге бет түзейді. Олар Өзбекстанның Қаршы, Ғұзар аймағына жетіп ары қарай Ауғанстанға өтпекші болады. Алайда құрығы ұзын Кеңес билігі (ОГПУ) құтқарсын ба, барлығын алдына салып елге әкеледі. Қазақ ауқаттыларын тәркілеу туралы қаулыға сәйкес, Айқожа ишаннан тараған ұрпақтары да атылып, түрмеге қамалады.

Зерттеуші З. Ибаддулаеваның 2008 жылы 11 қазанда Егемен Қазақстанда жарияланған «Ишандар» атты мақаласында: «Айқожа ишанның әулетінен дін уағыздаушысы, дін иелері деп айыпталып, 19371938 жылдары түрмеге жабылып атылып кеткендері де болған. Мысалы, Сейдахмет мағзұм, оның ұлы Бұрхан мағзұм, Сәруар ишан, Әззам ишан түрмеге қамалғанда да намаздарын қаза қылмаған. Олардың кереметі туралы туралы халық арасында: түрмеде отырғанда-ақ кешкі құтпан намазынан кейін Аллатағалаға жалбарынып, дұға оқыған. Сонда түрменің есігінің құлпы ашылып қала беретінін көнекөз қариялар айтып отырады» деген мәліметтер кездеседі. Сейдахмет мағзұм 1933 жылы ұсталып, сол жылы түрмеде көз жұмады. Ал ұлы Бұрхан мағзұм екінші мәрте көшуге қамданып жатқанда, 1936 жылы ұсталып, Алматы қаласының маңындағы Шамалған стансанының жанында орналасқан Жауғашты түрмесіне қамалып, 1943 жылы 7 қаңтарда түрмеде қайтыс болған. Ишандар ісі туралы мәселелер репрессия жылдарында қозғалғанымен түбегейлі ашыла қоймаған еді.

Бүгінде Қазақ елі қалыптасқан мемлекет. Сол себепті ол өткені мен бүгініне үңіле отырып, қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне оң баға беруге, жас ұрпақты «Мәңгілік ел» идеясымен сусындата отырып, Рухани жаңғыру жағдайында жас ұрпақты өткеннен сабақ алуға, еліне патриот болып, болашақ іргесін бірге қалаға шақыруда. Сол себепті де зайырлы қоғамда біз өткен тарихымыз, оның ішінде ишандардың ислам дініндегі рөлі мен халық арасындағы қызметін бағалауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Еңсенов Қ, Рахметуллин Е. Бір әулеттің тағдыры. //Егемен Қазақстан, мамыр 2012 жыл, 2 бет.

2.Қойгелдиев М.Қ. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. -Алматы, 1997. -195 б.

3.Қойгелдиев М.Қ. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. –Алматы; 2009. -448 с

75

ЕСІМІ ЕСКЕРІЛМЕЙ ЖҮРГЕН ТҰЛҒА – ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ

Бүркітбаева Ақбота,

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті. т.ғ.к., проф.м.а. Қозыбақова Ф.А.

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев Ақмола-Қараөткел өңірінің тумасы. Тарихи деректерде XIVXV ғасырлардан бастап Есіл-Нұра өңірін Арғын руы жайлағаны айтылады.

Жұмабектің әкесі Тәшен (азан шақырып қойған аты Тәшмұхамбет) қарапайым шаруа адамы болса да, ауылдастарына сөзі өтімді, беделді адам болыпты. Ағайынтуыстары тұрған мекенін «Тәшен ауылы» депатаған. ЖақсыбаевТәшенменГүлсімненҚасым, Қасен, Манап, Жұмабек, Бидан(Бибінұр), Сақыш (Сақыпжамал), деген балалар дүниеге келген. Саян және Қанат Тәшеневтердің айтуынша Тәшен ақсақалдың тұңғышы Қасым жастай шетінеп кеткен көрінеді. Жұмабек Ахметұлы 1915 жылы 20 наурызда Ақмола уезінің №7-ші ауылында (Танакөл) дүниеге келген.

Ж. Тәшенев өмірге Кеңес үкіметі орнағанға дейін Ресейді оған қоса қазақ елін патша билеген кезде өмірге келген. Бала Жұмабек даңқты жерлестеріне ұқсауға тырысты. Қара күшімен ерекшеленбесе де қайратты мығым денелі бозбала болып өсті. Жастайынан жүректі, батыл, намысшыл, тіке айтатын турашылдығымен көзге түсе бастады.

Жұмабек Ахметұлы еңбекке ерте араласады. Жасынан әкесіне көмектесіп мал бағады. Сол кездегі қазақ ауылдарын жайлаған ауыр тұрмыс, жоқшылық Жұмабекті еңбекке ерте араласуға мәжбүр етті. Әкесімен бірге 9 жасынан бастап Бабатай ауылшаруашылық фермасының, «Борьба с засухой» колхозының малдарын бағады.

Ж. Тәшеневөзініңөмірбаянында1928-1932 жылдарыБабатайколхозшыжастармектебінде(школа крестьянской молодежи) оқығанын жазады.

Жұмабек 1933-жылы Ақмола қаласындағы құрылыс техникумының (Петропавл қаласында 1930 жылыашылғантеміржолтехникумыныңбөлімшесінегізіндеашылған оқуорны) екіншікурсынаоқуға түседі. Жұмабекоқуменбіргетехникумныңқоғамдықжұмысынабелсенеқатысып, көзгетүседі. Оқуда алда, белсенді болып өз ортасында алымдылығымен ерекшеленеді.

Мектепті тәмәмдаған соң Ж. Тәшенев 1933-1934 жылдары Ақмола қаласындағы құрылыс техникумында білім алады. Қызметтері:

1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі

1939 – 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал

шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары,

төрағасы (1948 – 1952)

1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы

1961-1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары [2]. Ұлтжанды азаматтың ерліктерінің ішінде Қазақстанның солтүстіктегі облыстарын аман алып

қалғаны ерекше тоқталуға тұратын оқиға. Кеңес елінің басшысы Н.Хрущев еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп «Тың өлкесі» деген аймақ құрып оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Мәскеуден Т.И.Соколов деген өз адамын жібереді. Ол «Тың өлкесін» Ресейге өткізуге бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Бұл әрекетті білген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж.Тәшенов 1960 жылы күзде «Тың өлкесінің» орталығы болған Целиноград қаласына шұғыл түрде ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін Т.Соколовты қызметінен алып 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және «Тың өлкесі» ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады [3].

Тура осы оқиғадан соң Қазақ елі тәуелсіздігін алған болатын. Біз тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастыққа қандай күйде енер едік деген сұрақ туады. Сондай-ақ біз неден айырылып, неден ұтылар едік?

Біріншіден, Қазақ елі аумақтық тұрғыдан алғанда 9 орын емес 15-ші орында болушы еді. Екіншіден, Халық санында да елеулі өзгерістер болар еді. Қазіргі таңда халық саны бойынша 46-шы орында болсақ, егер аумақтық бөлшектенудің зардабынан халық саны кеміп кетіп,71-72 орында болар

76

ма едік?! Үшіншіден, Қазақстан табиғи ресурстың барлық түріне бай мемлекет. Дүние жүзі бойынша 5-6 орында яғни Бразилиямен теңеседі екеміз. (Қостанай облысы. Темір кен орындары, СоколовСарыбай, Лисаковск, Торғай алюминий кен орны)

Тың игеру кезінде Көкшетау облысында совхоз директоры болған Ф.Моргун «Астық және адамдар» деген еңбегінде, 1957 жылы совхоз тұрғындары жер астында тұщы су болса да қажетті құралдыңболмағандығынан20 шақырымжерденсудытасыпішіпқиналыпжатқандаЖ. Тәшеневкеліп бір аптаның ішіндеАрмениядан скважина арқылысу тартатынкомпрессор алғызыпберіпсу мәселесін шешіп бергенін ризалықпен жазады [4].

Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. 14 жыл осы облыста еңбек етіп, әйгілі Желтоқсанға бір-ақ ай қалғанда, 1986 жылы 18 қарашада өмірден озады. Сүйегі Шымкент қаласында жерленген.» [5].

Ж. Тәшенев соңына жасанған жасақ ертпей, қарсыластарына қарсы бір оқ атпай, бір тамшы қан төгуге жол бермей, қазақ жерінің бестен бір бөлігін қорғап қалды.

Елімізден шыққан халықтың осындай қайсар ұлдарының атын жаңғыртып, елдігімізді нықтай түсуіміз үшін мынадай мәселелерді де ескергеніміз жөн:

1.Ж. Тәшенев атындағы «Патриот» ордені тағайындалса. Ол ұлттық құндылықтарды ұлықтауда ерекше көзге түскен азаматтарға ғана берілсе;

2.105 жылдығына орай республика деңгейінде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу;

3.Ж. Тәшенов атында Петропавл, Алматы, Ақтөбе қалаларының бірінде спорттың бір түрінен республикалық не халықаралық турнир ұйымдастырылса немесе қазір өтіп жатқан турнирлердің бірін Ж. Тәшенев атымен атаса. Оның жеңімпаздарына Тәшеневтің бейнесі салынған медальдар табыс етілсе.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Ж. Тәшеневтің азаматтық ерлігі және қазіргі кездегі патриоттық тәрбие. Жинақ. –Астана: «Тархан принт». ЖШС. 2012. -149 бет. 67 бб.

2.Тоқабаев Қ. Майдан мен еңбек жолында. -Астана. - ЗТБ «Аманат» 2005. -87 б. 4-б.

3.“Қазақстан энциклопедиясы” 8-том, Алматы, 2006 ж

4.Моргун Ф.Т. Хлеб и люди. –Москва. 1973. С. 79-80.

5.ОҚОММ. 1324-қ, 1-т., 243-іс, 1-9 пп.

77

2. ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ: ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ/ВСЕМИРНАЯ ИСТОРИЯ: НОВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ИЗУЧЕНИЯ/ WORLD HISTORY:

NEW RESEARCH DIRECTIONS

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА КЕҢЕС ӘСКЕРІН ЖАБДЫҚТАУДАҒЫ МЕЦЕНАТТЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ

Серкебай Д.М.

1 курс магистранты, e-mail: serkebay96d@mail.ru

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Т.ғ.к, доцент, Мухажанова Т.Н., e-mail: tolknym3010@qmai.com

Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, КСРОдағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.

Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің, бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.

Біз қарастырып отырған соғыс уақытындағы мәселелер Т.Балақаевтың еңбегінде кең қарастырылған. Оның «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945жж)» еңбегінде Отан қорғау қорына үлес қосқан еркектер мен әйелдердің қажырлы еңбектері сипатталған [1].

Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды рөл атқарғандығы Қ.Нұрғалиевтің еңбегінде қарастырылған [2]. Бұл жайында К.Алдажұмановтың еңбегінде де жан-жақты көрсетілген [3].

Совет патриоттары танк және самолет жасауға өз қаражатынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берген. Социалистік Отанның тағдыры шешіліп жатқан қиын кезеңде Советтік патриотизмнің тасқын күшінің жауды женуге орасан зор әсері болғандығы Қазақ ССР тарихы кітабында кеңінен сипатталған [4].

Соғыс жылдарындағы Кеңес әскерінің жабдықталуы Соғыстағы жеңісіміздің маңызды факторының бірі совет халқының майданға көрсеткен

патриоттық көмегі болды. Сол бір қиындық жылдарда әрбір совет азаматының ой-ниеті майданға қолдан келгенше көмектесіп, қайткенде де жауды тез жеңуге бағытталған болатын. Социалистік Отанға қауіп төнген кезде халықтың қалың ортасында туған патриоттық өрлеу бұрын-сонды болып көрмеген дәрежеге жетіп, бүкіл елімізді қамтыды [1,18-б].

Майданға көмек көрсету жолындағы патриоттық қозғалысының алдыңғы қатарындағы Қазақ КСР- і еңбекшілері де болды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап еліміздің ішкі өмірі мен эканомикасын майдан талабына сай қайта құруға және Қызыл Армияның қорғаныс қуатын арттыруға байланысты еңбекшілер тарапынан көптеген шаралар іске асырыла бастады. Солардың біріқорғаныс қорын жасауға байланысты өрістеген патриоттық бастамалар мен қозғалыс еді [1,19-б].

Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығыасамаңыздырөлатқарды. 1941-1942 жылдарыжаудыңқоластындақалғанаудандардан айдалып әкелінген 1,2 миллион бас ірі қара Республиканың жер-жеріне орналастырылды. [2,22-б]. Соғыс жылдары Қазақстан мемлекетке 4,8 миллион тонна нан, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкеніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта шикізатын берген. Бұлар соғыстан бұрын елде өңдірлен өнімдердерден анағұрлым көп көрсеткіштер еді [3, 103-б]. Қазақстанда оған Шымкент темір жол торабының комсомолецттері инициаторы болды. 1942 жылдың қыркүйегінің өзінде-ақ комсомолецтер мен жастар танк колоносына 11 650 сом жинады, сөйтіп көп кешіпей майдан «Қазақстан комсомолы» деген белгісі бар 45 ұрыс машинасын алды [4,124-б].

78

Совет патриоттары танк және самолет жасауға өз қаражатынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берді. Социалистік Отанның тағдыры шешіліп жатқан қиын кезеңде Советтік патриотизмнің тасқын күшінің жауды женуге орасан зор әсері болды. Ал солардың бірі қазақ палуаны Қажымұқан Мұнайтпасов болды. Ол өзінің 100 мың рубль ақша сомын қорғаныс қорына аударған. Бұл самолет Ленинград майданында соғысып, бұл сомолетті Қажымұқан Амангелді Иманов есімімен атауды ұсынған. Сондай-ақ Алматы комсомолының қаржысына алынған, Совет Одағының екі мәрте батыры атанған Сергей Луганскийге арнайы сомолет тапсырылды.

Еліміздің қорғаныс қуатын нығайтып, Советтік әскери экономикалық зор үлес қосқан Қазақстан еңбекшілері соғыс жылдарында төрт мемлекеттік заем бойынша сол кездегі бағамен 3,2 млрд сомнан астам қаражат берді. [4,19-б]. Қорғаныс қорларына жекеленген адамдар өз қаражаттарымен бірге, артық азық-түлік өнімдерінде берген. Мысалы, Темір ауданының «Путь к социализму» колхозының трактор бригадасының жетекшісі Ә.Карабалин 200 пұт астық, 3000 сом берген [5,3п]. Ал Мартук ауданының Сталин атындағы артелінің колхозшысы С.Г.Зинченко танк колоннасын жасау қорына 30 мың сом, Қызыл армия қорына 30 пұттық астығын сыйлаған. Осы ауданның тұрғыны 70 жастағы М.Ордабаев зейнеттік шағына қарамастан ұжымшарда жұмыс істеп қорға 30 мың сом ақша аударған. [5, 1п].

Танкколоннасы мен самолет эскадриясын жасақтау үшін100 және150 мыңсом көлеміндеқаражат аударған колхозшылар қатарында Гурьев облысы Новобогат ауданы «Қызыл балық» ұжымшарының төрағасы Б.Құрмашев, сол облыстың «Ракуша» колхозының төрағасы Ж.Наурызбаев және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Сталин атындағы колхоз меңгерушісі К. Каналиндер тағы басқа болды [6, 6п]. БатысҚазақстаноблысы Чапаев ауданы«Талпын» колхозының төрағасы ЖүсіпқалиОразбеков 75 мың сом, Гурьев облысы «Алғабас» балықшы ұжымшары партия ұйымының хатшысы Сағым Аппатанов және Ақтөбе облысы Алға ауданы Крупская атындағы ұжымшары төрағасы Д.Жиенқұлов 60 мың сомнан ақша аударды [1, 186-б].

Жоғарыдағы деректерге сүйенсек негізгі көп көлемде ақша аударған колхоз төрағаларымен немесе партия ұйымының хатшылары болды. Сол уақыттағы саяси жұмыстар бойынша ұжымшар басшылары халыққа үлгі-өнеге көрсетуі тиіс болғанымен, кейбір партия ұйымы тарапынан көзбояушылықтарда болып отыры. Мәселен, Ақтөбе облысы Степной ауданында танк колоннасына қаржы жинауда аудандық партия комитетінің кадр бойынша хатшысы Б.Сармановтың тарапынан болған көзбояушылық беті ашылып айыпталған [7, 29-30пп]. Мұндай әрекеттер тек Батыс өңірде ғана емес, Республиканың басқа аймақтарында да болғаны туралы деректер мұрағат қорларында кездеседі.

Қазақстан диқаншылары әр шаруашылыққа берілген егістік көлемін ұлғайтып қана қоймай, қоғаныс қорына қосымша егін екті. Мұны ауыл еңбекшілері «Отан қорғау гектары» немесе «Қорғаныс гектарлары» деп атап, оған ерекше күтім жасады. Мұндай егін танаптары көбінесе құнарлы жерлерге егілді. Қорғанысгектарларықарттар, әйелдер, мектепоқушыларыменпионерлерарнайықамқорлыққа алды [5, 1п].

Республиканың белгілі әдебиет, қоғам және өнер қайраткерлері де бұл істін ұйтқысы болды. Ақтөбелік ақын Нұрпейіс Байғанин ел аралап, халық арасында айтқан жырларында Отанды қорғауға, бүкіл халық болып қорғаныстын сарқылмас қорын жасауға шақырды. Ақынның жырлары көпшіліктің жүрегіне жол тауып, осындай кездесулердің нәтижесінде Ақтөбе облысының диқандары мен малшыларықорғанысесебіне56 689 сомақша, 24 315 сомдықоблигация, 14 басмал, 150 цастықберсе, майданға кеткен 3 жауынгердің әкесі, 63 жастағы колхоз құрлысының ардагері Ш.Берсиев бүкілхалықтық 20 мың сом ақша, 100 пұт астық, ал Қызыл армия қорына 250 пұт астық берді. [8, 120-б].

Сондай-ақ, медицина қызметкерлеріні еңбегі де әрі игі, әрі құрметті болды. Дәргерлер жауынгерлердіңөміріменсаулығын сақтау үшінжанқиярлықпен күресті, тылда жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуге көмектесті. Соғыс жылдары санитарлықбақылау пунктерінің кең жүйесі ұйымдастырылды, жаңа моншалар мен дезинфекция камералары салынды, дәрі-дәрмек шығару ұлғайтылды. Жергілікті партия және Совет өызметкерлері қолда бар емдеу-санитария мекемелерін нығайту және олардың жаңаларын салу жөнінде қамқорлық жасап, көптеген күш-жігер жұмсады. Заводтарда медициналық -санитариялық бөлімдер ұйымдастырылды. Армияға кеткендердің орнына медицинақызметкерлерініңжаңакадрларыдайындалды. ССС-діңҚызылКрестжәнеҚызылЖартыай қоғамы халық арасында көп пайдалы жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, қоғам көптеген мың санитариялық жасақтар мен медицина сестраларын даярлады. Соғыс кезінде өзінің қанын берген адамдардың патриоттығын Отанымыз ешқашанда ұмыпайды. Мәскеудің С.П. Боткин атындағы клиникалық ауруханасы жанында ұйымдастырылған қан құятын бір станцияның өзі ғана күн сайын 200 қан беруші адамды қабылдап, майданға 40-50 литр қан жіберіп отырды [9,215-б]. Бұқаралық сипат

79

алған донорлық советтік патриотизмнің ең бір жарқын көрнісі болды. 1941 жылдың 23 маусымында Алматының бір топ патриот доноры Республика еңбекшілеріне «Өз қанымызды Отан қорғауға берейік» деп үндеу арнады. Мыңдаған жұмысшылар, жұмысшы әйелдер, колхозшылар мен колхозшы әйелдерөздерініңқаныңҚызылармияжауынгерлерініңөміріменденсаулығынсақтапқалу үшінберді

[4,130-б].

Тылбұл да шайқасушы халық. Ол армияға адам резервін беріп, қару -жарақпен, соғыс техникасымен, қажетті заттың бәрімен қамтамасыз етіп, оны рухани жағымен қолдады. Майдандағылардың жауынгерлік жеңісі тылдағы еңбеккерлерді қуантса, тылдағы еңбек табыстары жауынгерлерді қаһармандық жаңа жеңістерге жетуге жігерлендірді. Майдан мен тыл бір жерден қол шығарып, біртұтас жауынгерлік лагер құрды. Отанымыздың қаруланған қорғаушыларыныңдаңқты жауынгерлер мен партизандардың ерлігінен тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық еңбегі бірде-бір кем түскен жоқ. Жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың, интеллегенцияның, тамаша әйелдердің, барлық республикалар жастарының қаһарман ерлігі арқасында соғыстың барысында қару-жарақ пен соғыс техникасын негізгі түрлерін өндіруден СССР Гитлершіл Германияны басып озды [10,11-б].

Қортындылай келе айтқанда, Жеңіс тек майданды емес, тыл да шыңдалды. Соғыс жарияланған күннен бастап бейбіт еңбек, бейбіт мамандық деген жойылып, бүкіл ел болып Отанды қорғауға жұмылды. Ендігі жерде жеңісті шыңдайтын нәрсеазамтатардың да, кәрінің де, жастың да, еркектің де, әйелдің де қажырлы еңбегі, олардың ұйымшылдығы, тәртіптілігі, қырағы да сақ болып жүріп, Отан қорғау қорына қомақты үлес қоса білуі болды. Міне, партия ұраны, партия шақыруы Совет адамдарынан осыны талап етті де, жүзеге асырды. Соның негізінде Кеңес әскері жеңіске жетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Т.Балақаев, Қ.Алдажұманов. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945жж).-Алматы:Ғылым,1985. –

320 б.

2.Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. Алматы: Қазақ университеті,1999.-212 б.

3.Алдажұманов К.Сельские механизаторы Казахстана на фронтовой вахте. 103 // Казахстан в Великой Отечественной Войне. Оточественный ред. Т.Б.Балақаев. Алматы: Казахстан,1974.-344 с.

4.Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.-Алматы: Ғылым,1984.-728 б.

5.Ақ.О ММ. 13-қор, 11-тізбе, 220-іс, 1п.

6.ҚР ПМ. 708-қор, 1-тізбе 172-іс, 6п.

7.ҚР ПМ 708-қор, 7/1-тізбе, 751-іс, 29-30 п.

8.Аманжолов К. Ерліктің жарқын беттері.-Алматы: Қазақстан,1980.-46 б.

9.Совет Одағының Ұлы Отан соғысы 1941-1945ж. Алматы:Казахстан,1972.-450 б.

10.Қашқынбаев З.Ш. Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында. Алматы: Казахстан,1970.-44 б.

ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХТАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУДІҢ МАЗМҰНЫ, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Бекетай Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В011400-Тарих мамандығының 4 курс студенті,

Ғылыми жетекшісі: Т.ғ.к, доцент Қ.Қ.Құнапина

Алғы сөз Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең

басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезімімізбен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. ...Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан/ 2017 ж.

Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның әлеуметтік сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі және де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны дамыту үрдісі - қиын әрі көп уақытты қажет ететін процесс. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]