Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

тұратын ғұрыптық орнынан археологиялық жәдігерлер табылғаман. Зерттеу нәтижесінде бұрыштары дөңгелене келген төртбұрыш пішінді құрылыс екені анықталған. Сыртқы тас қалаулар бір қатар етіліп, жалпағынан қойылған, сыртқы беттері өңделген плиталармен жасалған, ішкі қоршаудағы қалаулар платформа үстінен бастап үш-төрт қатардан, бес қабат етіліп жасалған. Храмның оңтүстік жағынан дәліз тәрізді құрылысқа кіру орны болған [4]. Құрылыс ішінен жануарлардың сүйектері мен әртүрлі жәдігерлер: қола айнаның, төрт қыш ыдыстың сынықтары, үш үшқырлы жебенің ұштығы, қола және тас моншақтар, темір қанжар мен бір аяғында қасқырдың басы бейнеленген сарматтардың құрбандық тасқатасының бір бөлігі және т.б. табылған.

Тасастау ІІ – Тасастау құдықтарының солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Орташа көлемді ғұрыптық нысан екі сатыдан тұрса да, күмбезді төбенің белгілері сақталмаған. Сыртқы қабырғасы өңделген плиталармен қапталған. Құрылыстың оңтүстік жағынан бөлмеге жіңішке дәліз – дромос орналасқан. Ғибадатхананың ішінен бірнеше адамның шашылған сүйектері, қыш ыдыстардың сынықтары мен жануарлардың сүйектері кездескен. Ғибадатхананың ішкі пішіні сопақша келген. Ішкі қабырғаның қаландылары өте тығыз және мықты орналасқан [4].

Тасастау ІІІ – Тасастау ІІ ғұрыптық кешенінен шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Диаметрі 10 м, жер бетінен 0,2-0,3 м биіктікте сақталған бұл обаның айнаасын тереңдігі 0,15-0,20 м, ені 7- м ор қоршап жатыр[4]. Қазба барысында әртүрлі тереңдіктен ұсақ малдың сүйектері, темір және қола заттардың сынықтары мен адамның шашылған сүйектері есепке алынған.

Терең ғибадатханасы – Маңғыстау территориясындағы Үстірт бекетінен оңтүстік-шығысқа қарай 29 км жерде, Терең құдықтарынан 1,5 км жердегі шөгінділер шыңында орналасқан. Ғибадатхананың негізгі құрылысының түрі шоғырлы шеңбер-қабырғалар ретінде жасалған. Ғалымдардың алдын ала болжауы бойынша, б.з.д III-II ғғ бой көтерген бұл ғимараттардың іші қоса жерленген ақыреттік заттар және құдай тамақтың қалдықтары – жылқы сүйектерінен тұрады [5].

Қызылүйік – б.з.д. І мыңжылдықтың ортасына –соңына жататын сармат-сақ бірлестігінің Күн мен От құдайларына табыну ғұрпын жасайтын мәдени-тарихи ескерткіш. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан. Қызылүйік ғибадатханасы зерттеуге дейін биіктігі 5 метр диаметрі 50 м құрайтын дөңгелек тасқұрылысы болған. Абыздардың әртүрлі ғұрыптарды іскеасыратыннегізгі орны болғандықтан ішкі бөлік кеңінен зерттелінген. Тайпалық одақ дәрежедегі жалғыз ескерткіш болып саналады [6].

Зерттеужұмыстарыныңнәтижесіндеаталмышғибадатханалықорындарата-бабааруағындәріптеп, оларға табыну культі болғанын дәлелдейді. Ерекше таным орны болған Арал-Каспий өңіріндегі сарматтардың ғұрыптық кешендері әлі де зерттеу жұмыстарын талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ольховский B.C., Галкин. Культовый комплекс на Устюрте (предварительное сообщение) // CA. 1990. - № 4. - С. 196

206.

2.Ольховский В.С., Яценко С.А. О знаках-тамгах из святилища Байте III на Устюрте (предварительное сообщение) // Археология, палеоэкология и палеодемография Евразии (Отв. ред. В.С. Ольховский). М.: 2000. С. 295-315.

3.Ольховский B.C. Древние святилища Устюрта: контакт и конфликт культур // Наука в России. 1997. - № 6. - С. 67-

75.

4.Ольховский В.С. Монументальная скульптура населения западной части евразийских степей раннего железа. - М.:

Наука, 2005. - 296 с.

5.Самашев З., Кушербаев К., Аманшаев Е., Астафьев А. Сокровища Устюрта и Манкыстау. – Алматы, 2007. – 400 с.

6.Самашев З., Онгар А., Оралбай Е., Киясбек Г. Храм-святилище - Кызылуийк. - Астана: Издательская группа ТОО

«Археология», 2011. – 200 с.

АНТРОПОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН

Жумабаев Н.

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: Сихымбаева К.Б.

Антропология ғылымының қалыптасу тарихы тереңде жатыр деп айтсақ қателеспеспіз, өйткені барлық ғылымдар сияқты антропология өте улкен қажеттілікпен әлем ғалымдарымен зеріктеліп қырсырыанықталған, бугінгікүндемаңыздырөлатқарыпкеледі.Антропологиясөзіжалпыгректілінен алынған аудырмасы «адам туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.Антропология ғылымының негізгі зеріктеу аймағы адам туралы болғандықтан, оның ұқсас келетін бірнеше басқа ғылымдармен көршілес болуыда айқын. Мысалы биология ғылымына өте жақын десек болады,оған бірнеше

171

ұқсастық далелдерде бар. Биология ғылымы адам анатомиясын зеріктейтін бірде бір ғылым, сол сиякты антропология да адамнын анатомиялық бөлігін білмей ғылымды түсіну мүмкін емес. Антропология ғылымы адам ағзасын оның мүшелерін тереңірек зеріктеп келе адамның рассалық бөлігін жанжақты қарастырып анықтайды. Адам баласы он екі бастапқы мушеден тұратын болса сол мушелердің өзіне тән өлшемдері де бар, олардың әрқайсында өзіне белгілі әр турлі қырлары ойпатары ерекшелктерідеболады.Осыерекшеліктерадамбаласыныңрассалықарымқатынасыноныңбетәрпетін белгілеуге себеп болып келеді.Антропология ғылымы ары қарай бірнеше бөлктерге бөлініп өз тарихында қазақ даласында зеріктеп келген оған далел мына мағлұматтар бар.

Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. 19 ғасырдың ортасынан, антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі – 18 ғасырдағы Франция ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамның тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал 2-көзқарас – адамныңденеқұрылысыерекшеліктерініңуақыт, кеңістікбойыншаөзгерісінеерекшемәнберу. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі – антропометрия, яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т.б. әдістер де пайдаланылады. Антропология ғылымына Поль Брока, Рудольф Мартин, Луис Лики, Анатолий Богданов, Дмитрий Анучин, Виктор Бунак, Яков Рогинский, Валерий Алексеев, т.б. ғалымдар ерекше үлес қосты. Орыс ғалымы Николай Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» (1889) деген антропологиялық очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропология типі еуропеоид және монғолоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. 20 ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық материалдар қазақтардың ежелден автохтон халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропология типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді.

Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георг Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркіхалықтарыантропологиялықтұрғыданүштопқа(кіндіказиялық, алтайлықжәнеоралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек, 1950 жылығанасоңғы2 топтыңантропологиялықтипіараласекені, яғниөздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947 –1948 ж. КСРОғалымдары Дебец, Михаил Левин, т. б. арнаулы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде «Қазақстанның антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы көрсетілді. Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән морфологиялық ерекшеліктер біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 8 ғасырларда Қазақстанның солтүстік аймақтарында қалыптасқанын анықтады. Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы 1960-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропологиялық және этнографиялық мұражайына тапсырды. Ол ұзақ жылдар (1977 – 1996) зерттеулер жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық деректер жинап, құнды еңбектер жариялап келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі еуропеидтік әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді.Тарихта антропология ғылымын зеріктеген қаншама ғалымдардың еңбектері жинақталып өскелнң ұрпаққа өнеге болып білімін толықтырып келуде. Қазақ даласы тарихқа толы жұмбағымен ашылмай жасырын әр түрлі әр қилы сынға түсіп, бүгінгі күнге барлық сырымыз жұмбағымыз шешімін тауып келуде. Мұның барлығыныңарқауболғанкүліқазаққаарманболғанегемендікелболыпөзтағдырымыздыөзімізшешу еді.

172

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАСЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІН РЕСТАВРАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Зия А.

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Тургунбаев Е.М.

Қазақстан мен Орта Азияда көпшілікке кеңінен мәлім тарихи қалалардың бірі – Отырыр болып табылады. Ертедегі араб, парсы, түрік саяхатышлары мен тарихшыларының жазбаларында үнемі кездесетін бұлқаланың орнында қазіргі кезде құмыра мен қыш сынықтарына толы үлкенді-кішілі төмпешіктер жатыр.

Отырар VIII ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. VIII ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар IX ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. X ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады.

Отырарда ғылыми негіздегі алғашқы қазба жұмыстары 1904 жылыА. Краленің басшылығымен жүргізілді. Археологиялыққоғам300 сомқаржыбөліп,төбеніңбесжерінентраншеяқаздырады. Әрине, бұл алып қаланың көне тарихын археологиялық тәсілдермен танудың тұңғыш қадамы еді.

Көп жылдық үзілістен кейін Отырарды зерттеу А.Н. Берштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция мүшелерінің үлесіне тиді. Отырарды кең түрде зерттеу жұмыстары 1969 жылы басталды. Кемел Ақышев басшылық еткен комплексті экспедицияның ширек ғасырдан астам уақыт жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырар Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы ең көпзерттелгенкейінгіортағасырлыққалаболыптабылады. Көнеқаланыңархеологиясынақатыстыүш монография, жүздеген ғылыми мақалалар жарияланды.

Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңтүстік жағы – 380 м, оңтүстікбатысы– 145 м, батысы– 400 м, солтүстік-шығысы– 380 м жәнешығысы – 350 м. Төбеніңеңбиікжері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солтүстік-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орталық қақпа оңтүстік жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.

1-қабаттан (б.з. I-VI ғасырлары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды;

2-қабаттың (VII-VIII ғасырлар) қалыңдығы 3 м-ге жуық;

3-қабаттан (қалыңдығы 1 м-дей, 9-10 ғасырлар) қабырғалары шикі кірпіштен (42 22 10 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды;

4-қабатқа(қалыңдығы1,5 м, XI-XIII ғасырдыңбасы) қайтажоспарланып салынғанқұрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды;

5-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, XIII-XIV ғасырлар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24 24 4 см) қаланғанқұрылыстардыңорны, іргесінентандырдың, шаруашылыққаарналғаншұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды;

6-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, XV-XVI ғасырлар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды;

7-қабатының қалыңдығы 0,7-0,8 м (XVII-XVIII ғасырлар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.

1971-74 жылыаралығындаОтырараумағыныңбестенбірбөлігі(4 га) аршылды. Бойлықжәнеендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды. Көшелердің ені 2-3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі. Жалғыз немесе орталық бөлменің көлемі 20-35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен (30 20 9 см, 27 1 6 7 см) жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биіктігі 20-30 см үй жылытатын тандыр

173

салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық сақтайтынхұмдарменқұмыралар, ұралар, шаруашылыққаарналғаншұңқырларкездеседі. Көпбөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс кешендері 16-18 ғасырларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын нумизмат материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде өрт болғандығыбайқалады, кейбірбөлмелердеөртіздерісақталған. Ыдыстардыңтүбіндетамғалыбелгілер салынған. Ыдыстардыкүйдіргенгедейінсалынғанмұндайбелгілероныңтектүбіндеғанаемес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес келеді. Отырарда археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр

Отырар қалашығындағы көптеген археологиялық зерттеу жұмыстары Отырар мемлекеттік археологиялық-қорық музейінің аясында жасалды. Ортағасырлық қаладан табылған барлық ескерткіштер Отырар музейіне реставрациялық жұмыстарға беріледі. Қаланы зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан бастап қарқын алғанымен Мемлекеттік музей ХХ ғасырдың ІІ жартысында құрылды. Толыққанды қазба жұмыстары тәуелсіздік жылдарынан соң қарқынды жүргізілді.

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАС МҮСІНДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Қарабек Л.С.

«Тарих» мамандығының 3 курс студенті, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ

Ғылыми жетекшісі: Бесетаев Б.Б.

Ертеде түркі халқы батырлары мен көсемдерінің, бабалары мен абыздардың бейнесін, мүсінін жасап, тас мүсіндерге олардың кім екенін, өмірбаянын, тарихын қашап жазып кеткен. Мысалы, «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы жырлар тасқа қашап жазылғаны белгілі. Бұл ескерткіштер түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениеті мен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүниелері болып саналады.

Тас мүсіндер археологиялық маңызы зор ескерткіш, олар негізінен Орталық Азияның таулы, далалы жерлерінде көптеп тараған. Атап айтқанда Моңғолия, Тыва, Оңтүстік Алтай, Қазақстан, Қырғызстан территорияларында көптеп кездеседі. Қазақстан аумағында тас мүсіндер орнатылған қорымдар қазіргі Орталық, Оңтүстік, Шығыс Қазақстанда, Жетісу далаларында көптеген түрлі ескерткіштерікездеседі. МұндайтарихиескерткіштерОрталықҚазақстандаөтежиіжәнежүйелітүрде кездеседі, Торғай өзенінің бойы Ұлытау бөктерінде, Сарыарқаның күншығысына қарай Алтай мен Тарбағатай тауларының төңірегінде де аз емес. Ал оңтүстікте Қаратау мен Қырғыз Алатауының жоталарында Шу, Іле алқаптарында, Хантау мен Жамбыл маңындағы жазық далаларда да жиі ұшырасады.

Қазақ жеріндегі тас мүсіндер жөнінде алғаш әлемге ХІХ ғасырда паш еткен орыс ғалымдары В.Бартольд, И.Аничков, В.Каллаур, И.Кастанье, А.Бернштам, Э.Новгородова, Д.Грач, Я.Шер, А.Чариков, Ф.Арсланова, Л.Ермоленко, А.Досымбаева және т.б. ғалымдар болды.

БелгілішығыстанушығалымВ.Бартольд1894 жылыОңтүстікҚазақстанғаұйымдастырғанғылыми экспедициясы Шу мен Талас аңғарларында көптеген археологиялық ескерткіштермен қатар тас мүсіндерді де зерттеді.

1897 жылы И.Анчиков Меркі жеріндегі Сандықтас тау шатқалындағы тас мүсіндерді зерттеді. Ол СандықтасжайлауындағыШөлжайлауданбірнешетасмүсіндердікездестірген. Ғалымөззбарындабұл ескерткіштерің көбінің мүжіліп, құлап қалғанын тілге тиек етеді. Оның тас мүсіндер туралы жазғандары Түркістан археологиялық қоғамының 1898 жылғы 11 желтоқсандағы есебінің хаттамасында жарияланған [1].

Әулиеата уезінің бастығы болған В.Каллаурдың осы саладағы ғылыми еңбегін ерекше атау қажет. Ол 1897 жылы «Әулиеатадағы тас мүсіндер» деген көлемді хабарламасында өлкенің әр жерінен табылған тас мүсіндер жөнінде қызықты деректер келтірген. Бұрын көрмеген ескерткіштерге қызыққаны сонша ол В.Бартольдқа тапқан таңғажайыптары туралы хабарлап, оны Әулиеата жеріне шақырған. Атақты шығыстанушы Әулиеата жеріне келіп, тас мүсіндерді көріп, таңғалған және танымдық еңбектер жазған [2].

174

Тас мүсінерге қатты қызығушылық танытқан А.Н. Бернштам зерттеу зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлді [3].

Қазақ жеріндегі көне тас мүсіндерді ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеген ғалым – Ә.Х. Марғұлан. Оның Ұлытау төңірегіндегі осындай ескерткіштерге арналған еңбегі қазақ тілінде жазылғандықтан, көп ғалымдардың назарына ілікпеді. Ежелгі көне түркілер өз ата-бабаларына сыйынып, олардың әруағын еске алу үшін осы тас мүсіндерді қойып, оларды қоршауды дәстүрге айналдырды. Осы тас қоршаулар туралы Ә.Х. Марғұлан: «Тас шарбақтар тарихи адамдардың жерленген қабірі емес, тек оларды еске түсіру үшін ас беріп, ат шаптыратын жерлерге қойылған белгілер», – деп айтқан [4].

Меркедегі зерттелген ғибадатханалар ескерткіштерінің сипатталған типі әдебиетте «мүсіндері тереңшұңқырғатүсірілген», половецтердің«жасырын ғибадатханасы» ретіндебелгілі. Мұныменқоса, мүсіндер бірге көмілген қорғандар да зерттелген. С.А. Плетнева пікірі бойынша XI ғасырдың бірінші жартысы және XIII ғасыр басы болып белгіленген, ал үйіндіге орнатылған тас мүсіндер оны жасыруға ұмтылғандықтан деуге болады, бұл «половецтердің өз күшіне және шығыс еуропалық далалардағы болашағына сенбегендіктерін көрсетеді» [5]. Орталық Қазақстанда зерттелінген және зерттеушілер мерзімін ХІІ ғасыр деп белгілеген осыған ұқсас ескерткіштер қыпшақ ғибадатханаларының таралуы туралы мәліметті толықтыра түсті. Л.Н. Ермоленко «қыпшақ және половецтер ғибадатханасының жалпы мазмұнының бірегейлігін» мойындайды [6].

С.Г. Федоров-Давыдов половецтердің арасында әйел мүсіндері де басым тас келіншектерінің шығу төркіні туралы мынадай пікір айтқан болатын: «тас мүсіндерге табыну, бәлкім, әйел құдайға табынуға байланысты болар, Низами қыпшақтардың алғашқы мүсіні әйелдердікі еді деп бұлыңғыр болса да хабар бермейді ме?». Автор сондай-ақ, жауынгерді бейнелейтін ерлер мүсіні бар көне түркілік типке жататын ғұрыптық құрылыс-қоршаулар мен половецтік мүсінді қорғандар, немесе мүсіндердің өзін көмуарасындағыайырмашылық«...Жетісуда-ақтуған» дегенойтастаған. Соңғысынабайланыстыеске саларлық нәрсе, мәселені зерттеу, тас мүсіндері бар ғұрыптық дуалдар типтес ескерткіштерді жіктеу мәселесімен де тікелей байланысты. Жамбыл облысындағы аңғарындағы, Жайсан даласында 2001 жылы жүргізілген дала жұмыстары барысында дуалдың шығыс жағынан қос қолымен ыдыс ұстаған тас мүсіндері бар дәстүрлі көне түркі ескерткіштерін ашқан. Сипатталған фактінің археологиялық әдебиетте Орталық Азияда көне түркілер мекендеген мәдениетінің ескерткіштері туралы қалыптасқан ойға қайшы келетініне басты назар аударған жөн [7].

Орталық Азиядағы көшпелілердің көне және ортағасырлық өнерінің білгірі, тамаша ғалым, ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Жетісудың Қырғызстан мен Қазақстан мұражайларындағы тас мүсіндер коллекциясын талдауға өз еңбектері мен зерттеулерін арнаған Я.А. Шер, қос қолдап ұстаған ыдыстары бар мүсіндердің генезисі барынша ерте заманнан бастау алатынын алға тартқан. Автор көнетүркілік мүсіндер типі мен қыпшақ-половец типті мүсіндердің мезгілдік үйлесімдігінің мүмкіндігін көрсеткен. Кейіндері, бұл типті мүсіндер половецтік, монументтік өнерде өзінің шақықтау шегіне жетеді. Көне түркіжәнеқыпшақ-половецтікекімүсіндертипініңөзарахронологиялықайырмасындөпбасыпбілген Я.А. Шердің пікірін түркі көшпелі әлемінде екі типтің қатар өмір сүруін негіздеген Л.Н. Ермоленко да қуаттайды [6,8].

Тас мүсіндерді, олар орналасқан ғұрыптық құрылыстарды, әртүрлі типті ескерткіштер кешенін мәдени-хронологиялық жағынан талдауға арналған, түркі және т.б. тас мүсіндерінің семантикасына арналған әдебиеттер өте көп. Жеке мақалаларда берілген түркілердің монументтік өнері ескерткіштерін зерттеу мәселесінің тарихнамасын әлі де зерттеу қажет деп санаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Аничков И.В. О каменных бабах в окрестностях Мерке. – Ташкент, 1897.

2.Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью. – Спб., 1897.

3.Бернштам А.Н. К исторической топографии Чуйской долины// ВДИ, – М., 1940. – №2.

4.Марғұлан А.Х. Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер // Ежелгі мәдениет куәлары. – Алматы, 1966. – Б. 8–52.

5.Плетнева С.А. Половецкие каменные изваяния. – М.: Наука, 1974. – 200 с.

6.Ермоленко Л.Н. Средневековые каменные изваяния казахстанских степей (типология, семантика в аспекте военной идеологии и традиционного мировоззрения). – Новосибирск: ИАЭТ СО РАН, 2004. – 132 с.

7.Досымбаева А. Западно-Тюркский каганат. Культурное наследие казахских степей. – Алматы, 2006. – 168 с.

8.Шер Я.А. Каменные изваяния Семиречья. – М.-Л., 1966. – 140 с.

175

СОРТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ: ОРНАЛАСУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Қаражан Г.А.

«Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ

Ғылыми жетекшісі: Тәжекеев Ә.Ә.

Қызылорда – мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен қазақ тарихында өзіндікүлкенрөлатқаратынтарихиқала. АлаштыңанасыатнағанСырбойындағысақзаманынанбергі қалалар легі Ұлы Жібек жолының бойындағы өз алдына бөлек керуен іспеттес. Осы керуен көшіндегі ерекше тарихи орындардың бірі – Сортөбе (Ордазы) қалашығы.

VIII-IX ғасырлармен мерзімделетін ортағасырлық қалашық бүгінде республикалық санаттағы археологиялық ескерткіш. Қалашық Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен батысқа қарай 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Жергілікті халық қаланы әртүрлі атайды: «Сортөбе», «Төрткүл», «Төбе», «Қалашық».

Жаңадан табылған қалашықтың батыс қабырғасы 80 м, оңтүстік қабырғасы 70 м ұзындықта сақталған. Биіктігі 3,5-4 м шамасында. Сортөбенің солтүстік және шығыс қабыр¬ғаларын Сырдария өзені толық шайып кеткен. Оның өзен шайып кеткен солтүстік-шығыс бөлігінің оңтүстік-шы¬ғыстан солтүстік-батысқа қарай ұзын¬дығы 120 м, осы бө-лігіндегі мәдени қаба¬тының қалыңдығы 3,5-4 метрге дейін жеткен [1, 93 б]. Қалашықтың ішінде ауданы 30-50 м2 болатын шаршы пішінді шағын тұрғын үй құрылыстарының іздері байқалады.

Қуаңдария, Ескідария және Сырдария өзендерінің Арал теңізіне құяр маңы, яғни Жанкент қалажұрты оазисі көне заманнан тұрақты сауда, евразия аудандары көшпенділерінің мәдени және этникалық қарым-қатынас, сонымен қатар, көшпенділер өркениеті мен Орта Азиялық отырықшы оазистерінбайланыстырғанаймағыболған. Осыжер¬деатақтысаудажолдарымен(әсіресеҰлыЖібек жолы) бірге, тарихи миграция жол-дары және олардың өзіндік тоғысулары осы Сортөбеден бой көрсеткен.

Осы тұста Сортөбе қаласының өзге өңірлермен байланысын және пайда болуын нақтылау үшін тарихқа шолу жасалық. Әуелі Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы, оның ескі арнасы Қуаңдарияның бойында б.д. І мыңжылдығында тұрақты, өзін¬дік ерекшелігі бар Жетіасар мәдениеті өркендеген. Жетіасар І және ІІ кезеңдерінде (б.д. І мыңжылдықтың жартысы) ортаңғы Сырдария аудандарындағы мәдениет¬терден (Отырар-Қаратау, Қауыншы) басқа көршілес аймақтармен тығыз байланысты болғандығын көреміз. Халық санының көп болуына, өмір сүруге ыңғайлы фактор¬ларға байланысты, сол уақытта жергілікті жерді, яғни Сырдарияның төменгі алқабын мекен етіп қалуы мүмкін. Сол уақытта Жетіасар мәдениетінің территориясы ба¬рынша ұлғайып, Әмударияның оң жағалауы мен Сырдария өзені арасындағы аудандарды қамтып, Жетіасарлық халықтың үлкен бөлігі осы аймақтарға көшкен екен. Ғалымдардың пікірінше, Жетіасар ІІІ кезеңінде (VI-VII ғғ.) Жетіасар шатқалын¬дағы ескерткіштердің ба-сым көпшілігі өмір сүруін тоқтатады.

Сонымен үшінші кезеңнің аяғында Жеті¬асар шатқалы шөлге айналып, Жетіа¬сар мәде¬ниеті Сырдарияның төменгі ағы¬сында жоғала бастайды. Алайда, Шығыс Жетіасар қалалары¬ның тобы (қазіргі Жала¬ғаш, Сырдария аудандары аумағы) және Же¬тіасар шатқалының солтүстігінде, қазіргі Сырдарияның сол жағалауындағы Сортөбе І, Сортөбе ІІ сияқты қалалар өмір сүруін жалғастырып, Арал теңізінің шығыс маңында Кескен-күйік қала, Күйік қала, Жанкент сияқты Оғыз қалалары қалыптаса бастаған болатын [2, 396 б].

2004 жылғы жарияланған «Мәдени мұра» бағдарламасы ел тарихына тың серпін берген, дер кезіндеқолғаалынғанигілікті ісболды. «Мәдени мұраның» жолға қойылуы көптеген жаңалықтарды ашып халқымыздың тарихына жаңа беттер қосты. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бастау алған Қармақшы ауданындағы Шірік-рабат, Қазалы ауданындағы Жанкент және Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашықтарына жүргізілген зерттеу жұмыстары Сортөбе қалашығымен жалғасты.

СортөбеІескерткішіне2007 жылыЖ.ҚұрманқұловтыңбасшылығыменШірікрабатархеологиялық экспедициясының археологиялық барлау отряды (отряд жетекшісі Ә.Тәжекеев) және "Археолог" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы" (директоры М.Елеуов) жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңархеологиялықтобыСортөбедеболып, оныңжобасынсызып, суреткетүсіріп, сужайып жатқан құлама жарқабағында тазарту жұмыстарын жүргізіп, судың жағасында, суда жатқан заттарды жинап, олардың суретін салған.

Алғашқы жұмыстар легі осылай басталып, қазіргі таңда Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттің университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы, Шығыс музейі (Ресей), Измир университеті (Түркия),

176

Кемерова университеті (Ресей), ҚР Ұлттық музейі (Астана), Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі және Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің мамандары арнайы жасақталған құраммен жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінже тың ақпараттар табылуда.

2017 жылы Жалағаш ауданындағы Жент, Қармақшы ауданындағы Сортөбе қалашықтарына және Арал теңізінің кепкен табанындағы Кердері кесенесіне қазба жұмыстары жүргізілді. Соңғы жылдардағы қарқынды археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде бұл керемет ескерткіштегі жаңа ғылими ашуларға қол жеткізілуде. Ғимарат толығымен қазылған жоқ, алайда қазіргі уақытта оның Арал өңірінің шектес аумақтарындағы, әсіресе Хорезмнің ауылдық тұрғын үй-жайларына ұқсастықтары бар екендігі анықталған.

Ескерткіштің керамикалық кешені өте бай. Онда VII-VIII ғғ. мерзімделетін бүйірі иінді, қабырғасы бүйірінен ернеуіне сыртқа қарай иілген тостағандар (қызыл ангоб) Жетіасар ІІІ кезеңімен мерзімделетін жәдігерлер арасынан және Отырар қаласынан табылған заттарда осында кезіккен. Соныменқатар, ЖанкентқазбаларынантабылыпжүргенІХ-Хғғ. мерзімделетінүстіндеойыпсалынған сызықты өрнектері бар қақпақтар, ернеудің сыртындағы жапсармаға қатты затпен батырып салынған өрнегі бар ыдыстар және әртүрлі мақсатта пайдаланылған «қошқар» бейнесіндегі культтік бұйымдар молынан табылған. Сортөбе (Ордазы) Қорқыт ата қоры¬мына ең жақын Оғыз қалашығы болып табылады. Қорқыт ата қорымы мен Сортөбе қалашығы бір кезеңмен мерзімделеді. Оның үстіне бұған дейін ешбір жерден табылмаған қобызға ұқсас тас осы Сортөбеден табылған. Тас қобызға қарап және Қорқыт ата қорымының тым жақын болуына байланысты бұл қалашық Қорқыт ата өмір сүрген мекен болуы да әбден мүмкін. Сырдарияның сол жағасына б.з. VII-VIII ғасырларда бекіністі қоныстың салынуыСырөңірітарихытереңдежатқанындәлелдепбергендей. Сортөбеәлізерттелуүстінде. Мұнда айтылған деректерден бөлек тағы да тереңнен тамыр тартатын, қарға тамырлы қазақтың тарихын айшықтайтын жәдігерлер табылып қалуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Елеуов М., Құрманқұлов Ж. (2008) Сортөбе. Жанкент және Жент / Түркістан: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Тұран баспаханасы. 2008. 93 бет.

2.Левина Л.М. (1996) Этнокультурная история Восточного Приаралья. I тысячелетие до н.э. – I тысячелетие н.э. Москва: Издательская фирма Восточная литература РАН, 1996. 396 с.

ЭЛИТАРЛЫ САҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ

Куралова З.С.

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Төлеубаев Ә.Т.

Сақтардың элитарлы скерткіштерінің архитектурасы археологтардың көкейтесті тақырыбына айналған. Көшпелілердіңескерткіштерініңішінентабылғанерекшеескерткіш(артефактілерден) бөлек, ескерткіштердің қалай салынғаны да қазіргі таңда өте өзекті.

Бірыңғайархитектуралықтұтасүшқұрамдасбөлігіфункция, конструкция, форма. Осыүшбірліктің формуласы: «төзімділік, пайда және сұлулық» [1, 14 б]. Әрбір қорған сыртқы жағынан ғана емес ішкі құрылымының күрделілігі бойынша тұтас архитектуралық ғимарат болып табылады [2, 27 б].

1960 жылы қазылып алынған қорған, номері 5-ші. Бұл қорған дұрыс дөңгелек формада болған. Диаметрі-66м., биіктігі-6м. Қорғанды қазу барысында жер қабатының бір бөлігінің ерекшелігіне байланысты тоналғаны белгілі [3, 13 б].

Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архиттуралық құрылыс болды және оны тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған [4, 184 б].

Бесшатыр үймесі – күрделі ағаш конструкциясы. Ол үш бөліктен тұрады: дәліз(дромос), қосымша құрылыс және жерлеу камералары [2,35 б].

Бесшатыр құрылыстарын салуға қажетті бөренелер оба орналасқан орыннан шамамен 200-500 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен, Іле Алатауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде, ағаш кесілген, бұтақтары мен бұрандаларынан тазартылып, жасалған кертпелер арқылы оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге жеткізілген. Бұл орада қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген арқандар пайдаланылған [4, 170 б].

Жерлеу рәсімін орындағаннан кейін камераға кірмеуі үшін дәліздің бөліктерін ең жоғарысына дейін тас әне қиыршықтаспен үсті-үстіне салған [2, 39 б].

177

Шілікті обасы б.з.б. VIII-VI ғасырлар аралығында салынған. Бұл Қазақстанның солтүстік далаық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық оба» және Еуразия аймағындағы патшалық обаларының бірі. Мұнда Еуразия далалаындығы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бүгулі бұғы, шиыршықтала бүктетілген қабылан,басы бұрулы бүркіттер)сақ-скиф дүниесі өнерінің үлгілеріне жатады [4, 184 б].

Бесшатыр обаларын қоғамдағы материалдар Жетісудың сақ тайпалырының мәдениеті туралы түсінікті байыты түседі. Бұдан Жетісу сақтары «таза көшпелі» болған жоқ,олар жылдың жылы маусымында ғана көшіп, суық түскенімен қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығада. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, қамыс, бұта сияқты материалды пайдаланған [4,171б].

Пайдаланылған дебиеттер тізімі:

1.Гутнов А.Э. Мир архитектуры: язык архитектуры/ худож. М.Розенбург, М.: Мол.гвардия, 1985. 351с.

2.Акишев А.К., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или.-Алма-Ата, 1963. 320с.

3.Черников С.С. Загадка Золотого кургана.-М.1965.187с.

4.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі күнге дейін). Бес томдық. І-том-Алматы: Атамұра. 2010. -544 бет

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҮТІРТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ-ТОПОГРАФИЯСЫ

Нұрман Б.

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: Елеуов М.Е.

Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-топографиялық құрылымы жайлы қазіргі күнде нақты пікір айту қиын, себебі қос өзектің аралығында орналасқан бұл қала бізге қатты бұзылған күйінде жетіп отыр. Осы қалада 1971 және 1974 жылдарда зерттеу жұмыстарын жүргізген. Өзбек КСР ҒА Археология институтының Шаш-Илак археологиялық тобының есебінде жарияланған мақалаларында оның құрылымы, олардың аттары туралы әртүрлі мәлімет берілген. 1972 жарияланған мақалада қаланың құрылымы туралы: “Памятник занимает территорию свыше 60 га между в падающими в Сырдарью небольшим руслами реки Узяк и состоит из трех площадей разделенных рвами и валами” - деп жазылған [1, 523 ].

Тұран археологиялық экспедициясы 2009-2010 және 2014-2015 жылдарда Үтіртөбеде зерттеу жүргізубарысындаортағасырлыққаланыңтарихи-топографиялыққұрылымыменжан-жақты танысып , оның 2009 жылы (қолмен), 2015 жылы (инструменттік) жобасын түсірді [2,32].Түсірілген жобаны 1971, 1974 және 2004 жылдарда жүргізілген зерттеулерде көрсетілген қаланың бөліктірмен салыстыра отырып қазіргі күнде ортағасырлық қаланың тарихи-топографиялық құрылымынан шахристанның, рабадтың, ауыл шаруашылық аймағы мен қалалық зираттың қалдықтары сақталғанын және қаладан шығыста, солтүстік-шығыста, солтүстікте ортағасырлық каналдың ескі арнасы жатқанын анықтады (сурет).

Ортағасырлық қаланың шахристан мен рабад орналасқан орталық бөлігі жобасында үшбұрышқа ұқсас, онысолтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысжәнебатысжағынан Сорөзекшайыпжатыр,алоңтүстікбатысын жиектеп Сорөзектен шыққан шағын өзек ( оңтүстікшығыстан солтүстік-батысқа қарай аққан ) қоршап жатыр. Орталық бөліктің қабырғаларының сақталған ұзындығы солтүстікте 450 м, оңтүстік-шығыста 240 м, батыста 80 м, оңтүстікбатыста 350 м. Орталық бөліктің шығыс жағында орналасқан шахристанның сақталған қабырғаларының ұзындығы солтүстікте 160 м, оңтүстік-батыста 120 м, оңтүстік-шығыста 130 м. Оңтүстік-шығыс қабырғаның ортасындағы қақпаның ені 8-10 м. Қақпадан басталған көше мен оны көлденең кесіп өткен көше шахристанды бірнеше бөлікке бөліп жатыр.

Шахристанның оңтүстік-батыс жиегінен басталған рабадтың қабырғаларының сақталған ұзындығы: солтүстікте 290 м, оңтүстік-шығыста 110 м, оңтүстік-батыста 230 м.

Біз суреттеп жазған қаланың орталық бөлігінде цитадельдің орны сақталмаған. Соған қарағанда шахристанның солтүстік бөлігінде орналасқан цитадельді су шайып кеткен болса керек.

Қаланыңшаруашылықаймағыорталықбөлікті оңтүстік-батысжағынанжиектепаққанөзектің сол жағасындаорналасқан. Оныңқұрылыстарынанөзектіжиектейорналасқантөбементөрткүл сақталған. Барлық жағын су шайып бұзылғантөбенің ұзындығы 200 м, ені 110 – 150 м, биіктігі 0,5-1,5 м. Төбеден оңтүстік –батыстағы төрткүл солтүстік –батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған көлемі 190

178

х 110150 м, оны қоршап жатқан ені 15 м, биіктігі 0,8 -1 м жалдың оңтүстік-шығыс қабырғасында (оңтүстік бұрышқа жақын жерде ) қақпа орналасқан.

Қала зираты. Зират шахристаннан оңтүстік-батыстағы көлемі 2,5 га төбеде орналасқан , ондағы адам жерленген молалардың саны 4000-ға жуық болған. 2015 жылы қала зираты орналасқан төбенің жобасы түсірлді. Қазіргі күнде қала зираты орналасқан төбе су шайып бұзылған. Жүргізілген зерттеу барысында барболғаны35-40 әртүрлікөлемдегішұңқырлардыңорныбайқалдыбірнеше жерде ретсіз жатқан күйдірілген кесектің сынықтары кездесті.

Ортағасырлық канал. Орталық бөлікті оңтүстік-шығыс жағынан қоршап жатқан Сорөзектің оң жағасынан (өзектің солға бұрылған жеріне жақын ) басталған каналдың орташа ені 7-8 м, тереңдігі 1-1,2 м ( оның кей жердегі ені 10-12 м, тереңдігі 1-1,5 м ) 0,5 км аралықта оңтүстік-батысқа, онан әрі шығысқа, солтүстік-шығысқа солтүстікке бұрылған. Каналдың басы Үтіртөбеден 3 км солтүстік– шығыста Сырдария өзенінің қазргі арнасынан басталған. Ортағасырлық каналдың бірқатар жері ХХ ғасырда қайта қазылған. Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы Шардара суқоймасының шайуына байланысты жылма – жыл шайылып, бұзылып жатыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Буряков Ю.Ф., Ростовцев О.М. Роботы в Ташкентской области// Археологические открытия 1971 года// Археологические открытия. – М., 1972. – С. 523 – 524.

2.Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы. Ғылыми – зерттеу жобаның 2015 жылғы есебі. – Жетісай – Алматы, 2015. – 42б.

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАНКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУЛЕР

Сәбитұлы Е.

«Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ

Ғылыми жетекшісі: Тәжекеев Ә.Ә.

Жанкент қалашығы Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Өркендеу ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан.

Қаланың көлемі 415х230 м (шығыс бөлігінде 320 м). Ескерткіш формасы «Т» әрпі тәріздес, шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан. Ескерткіштің шығыс бөлігі батысына қарағанда кеңірек болып келеді және сыртқы қорғаныс қабырғасы да осы бөлікте жақсы сақталған. Қаланың цитаделі қаланың солтүстік-батыс бұрышын алып жатыр. Көлемі 100х100 м.

Ортағасырлық Жанкент ескерткішіндегі жаңа зерттеулер (2014-2018 жж.) Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау» мемлекеттік мекемесі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арасында келісім-шарт негізінде жүргізілуде.

Жанкент қалашығындағы 2018 ж. зерттеулер 2005 ж. басталған кешенді жұмыстардың жалғасы болды. Осы аралықта ескерткіштің 2500 м² жуық бөлігі зерттелді. 2017 жылы қазба жұмыстары негізінен екі нысанда жүргізілді: №1-қазба – қалашықтың шығыс бөлігінде орналасқан бірнеше бөліктен тұратын ірі тұрғын жайда; №2-қазба – қалашықтың солтүстік қорғаныс қабырғасы мен цитаделінің шығыс қабырғасы қиылысатын ішкі бұрышындағы қазба және солтүстік қорғаныс қабырғасындағы қима.

Керамика кешені мен жануарлар сүйектерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар жүруде. Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан оғыз қалаларының тарихы жайлы аса қызықты деректер жинақталды. Біртіндеп ескерткіштің күрделі құрылымы, өмір сүрген кезеңдері мен тоқтаған уақыты анықталып келеді.

Бүгінде кешенді қазба жұмыстарының нәтижелері бойынша төмендегі маңызды қорытындыларды айтуға болады:

- Ерте ортағасырлық кезеңге жатқазылатын тұрғын үйлердің ішкі дизайны, қалашықта мекендеген халықтардың құрылыс салу техникасын жақсы меңгергенін көрсетіп берді. Көпшілік бөлмелердің едене толықтай күйдірілмеген саз кірпіштер төселген, бөлмелерді жылыту жүйесі де жақсы салынған, атап айтқанда әр жанұя бөлігі 2 немесе 3 бөлмеден тұратын «үй жайларда» орналасқан, орталық бөлмеде тандыр пеш болған, ал бөлменің ортасында өлшемдері 100х60 см болатын ашық ошақтар қойылған. Ошақтардың алдыңғы бөлігінде (кіре беріс жағы) міндетті түрде қошқар бейнесінде жасалынған терракоталық тұғырнамалар қойылған. Сірә бұлай жасау қошқар бейнесіндегі бұйымның тіл-көзден, жаманшылықтан сақтап тұратын қорғаушы қасиеті бар деген сенімде болса керек;

179

-Солтүстік қорғаныс қабырғаға көлденеңінен салынған қималық қазба қалашықтың қорғаныс қабырғалары, үлкен пахса блоктардан бірнеше сатылы болып тұрғызылғанын анықтап берді Блоктар астына жіңішке қамысты қабат төселген. Пахсалық блоктардан төмен бірнеше қабатты нығыздалып, ара-тұра құрғақ топырақпен (саз) тегістеліп отырған, күл аралас ылғал күйінде құйылған саз топырақ қабаттары аршылды. Бұл мәдени қабаттар арасы көптеген тұрмыстық қалдық заттарымен толтырылған. Қабырғаның қималық көрінісі көптеген күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде қалашықтыңқорғанысжүйелерібірнешесатыдантұратынкүрделіконструкциялыққұрылыстарекенін байқатты.

-Жанкент керамикалық кешенінің арасында жасалу технологиясы, пішіні, өрнектелуі және құрамы бойынша көршілес Сыр өңірі мәдениетері және Әмударияның мәдениеттері бұйымдарымен ұқсас жәдігерлер көптеп табылады. Жанкент қалашығы қыш ыдыстар кешенінен Сыр өңірідегі мәдениеттердің түгелге жуық түрлері кездеседі. Басқаша айтқанда бұл жерде бірін-бірі толықтырып тұратын керамикалық бұйымдар жасау дәстүрінің үш типінен тұратын бірыңғай (бірегей) хорезмдік, жетіасарлық және оғыздық симбиоз қалыптасқан;

-Қала халқы қазіргі кезеңмен салыстырғанда қоршаған ортасы өмір сүруге қолайлы болған;

-Топырақ құрамындағы батпақта, өзен мен көлдер жағасында өсетін қамыс пен құрақтық көп кездесуі қаланың тіршілік еткен мерзімінде мол су қорының болғандығын көрсетеді;

-Далалық және шабындық өсімдіктерінің қалдықтарының жиі кездесуі қуаңшылықтың аз болғанын және мал шаруашылығына жайлы ландшафты-климатты жағдайды көрсетеді.

-Қазба барысында табылған он мыңдаған сүйектерге жүргізілген остеологиялық зерттеулердің нәтижесі қала халқы жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі, есек, ит, құлан, ақбөкен, қарақұйрық, қоян, аққу, жайын, сазанды әр түрлі жағдайда тұтынғандығын көрсетеді.

Сақтау, уақытша бекіту және тұмшалау жұмыстары.

Жанкент қалашығында 2018 жылы жыл сайынғы тұмшалау жұмыстарымен қатар, аршылған нысандар бойынша сақтау, уақытша бекіту іс-шаралары жасалынды. Бұл жұмыстар 2016 жылы басталған болатын.

Өткенқазбамаусымдарындааршылған№1-қазбанысандарыныңүстіненағашжәнетеміржабынды құрылыс материалдарынан аршылған тұрғын-жайларды сақтау және жауын-шашыннан қорғау мақсатында 2016 жылы ауданы 100 шаршы метр, 2018 жылы 168 шаршы метр болатын шатыр жабындымен жабылды. №1 қазба сыртынан темір қоршаумен қоршалды. Ал 2017 жылы №2 қазбаның үсті толық жабылды. Жабынды көлемі 115 шаршы метрді құрады.

Бұл іс-шаралардың түпкі мақсаты аршылған нысандардың ашық аспан астындағы музейге айналдыру жолындағы алғашқы қадамдар болып табылады.

Жабындымен жабылған қазба бөліктерінен 3 бөлмеден тұратын 3 тұрғын үйде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазба барысында анықталған құрылыс қабырғаларының сақталған іздерін негізге ала отырып, жергілікті топырақтан құйылған сақ кесектермен қабырғалары қайта қалпына келтірілді. Ежелгі қабатпен бүгінгі кесек қаландыларының арасын бөліп тұратын арнайы тор көздері 5х5 мм серпянка сетка төселді. Бөлме интерьері қалпына келтіру мақсатында суфасы, бөлме ортасындағы екі басты қошқар бейнесіндегі тұғырнамасы бар ашық ошақтар және тандыр пештердің көшірмелері дайындалып өз орындарына қойылды.

Далалық семинар және кадр дайындау ісі. 12-14 қыркүйек аралығында Германияның Тюбинген университетімен бірлесіп Жанкент қаласында «Ұлы Жібек жолының солтүстік аймағындағы көшпенділер мемлекетініңқалыптасуыжәнеурбанизациялануы: Ертеортағасырдағы Жанкентқаласы (Арал теңізі аймағы, Қазақстан)» атты халықаралық далалық семинар және дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға отандық ғалымдармен бірге Германия, Испания, Ресей, Украина, Франция, Англия, АҚШ келген урбанизм тарихының мамандары қатысты. Қалалық мәдениет төңірігіндегі мәселелерді сөз еткен семинарда кадр дайындау ісі талқыланды. «Археология және этнография» ҒЗО жас ғалымдары Г.Т. Амиргалина «Жанкент керамикасы аймақтық контексте» ал Ж.К.Сұлтанжанов «Жанкенттің ішкі архитектурасы: дамуы, қызметі және ұқсастығы» тақырыбында Тюбинген университетінің докторантурасында оқитын болады. Оған 2018-2020 жж. аралығында Германияның (DFG) неміс гуманитарлық зерттеулер қоры 27 млн. теңге қаржы бөлінетін болады.

Сонымен қатар, «Археология және этнография» ҒЗО ғылыми қызметкерлері С.Ө.Білалов «Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар: қорғаныс жүйесі мен құрылымы» тақырыпбы бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жолдамасы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасында білім алуда.

Соңғы жылдардағы қарқынды археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде бұл керемет ескерткіштегі жаңа ғылими ашуларға қол жеткізудеміз. Біздің ескерткіштің ерте дәуірлердегі мәдени

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]