Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsionny_komplex.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

1 Үндіс қауымдастығының құқығы

2 Үндіс құқығының қайнар көздерінің жүйесі

3 Үндістанның ұлттық құқығы

1 Үндіс қауымының құқығы. Діни - дәстүрлік құқықтың екінші жүйесін өте беделді, және қоғам мойындайтын Үндістік құқық құрайды.

Үндіс құқығы – бұл Үндістан құқығы емес, мұсылмандық құқық сияқты емес, мұсылмандық тұрғындары бар мемлекеттердің құқығы. Үндіс құқығы – Үндістан мен оңтүстік шығыс Азия елдерінде Индуизмді уағыздайтын қауым құқығы.Ислам секілді индуизм де өзінің жақтаушыларын тек сенімге ғана міндеттемейді, сонымен қатар басқа әлемді түсінуге итермелейді. Бұл түсінік ерекше қоғамдық құрылым мен ерекше өмір сүруді ұсынады. «Жеке статуспен» байланысты қатынастарды негізгі роль атқаратын доктринаны Үндістан тұрғындарының көпшілігі уағыздайды. Сонымен қатар Үндістанда ағылшын түсінігіне негізделген қоғамдық қатынастардың белгілі ортасы жалпы ұлттық нормаларымен. Регламенттелінген. Үндістан өркениеті Ислам мен Христиан өркениетінен ерекше. Мұсылмандар мен еврейлерге негізгі қағида киелі жазулар болады. Ол жазуларға сәйкес барлық адамдар жаратылысы бойынша құдайдың алдында тең. Индуизм бұл батыстың фундаментальдік концепциясын білмейді. Оған «адам »-қарапайым абстракция; оларға туғаннан әлеуметтік иерархиялық категорияларға бөлінетін «адамдар» ғана бар. Әрқайсысы өз құқық жүйесі мен міндеттерге сонымен қатар моральға ие.

Адамлардың мінез-құлқын мінездейтін нормалар шастра атанған оқулықтарда көрсетілген.

Үш түрлі шастра.

  1. Құдайға пайда болу үшін адамды үйрететін, өзін-өзі қалай ұстайтының дхарма-шастра үйретеді.

  2. Ерекше мамандықты пайдалана алу үшін, бай болу үшін артха-шастра үйретеді.

  3. Рахаттану ғылымын жетілдіру үшін кама-шастра б.т.

Барлық үш шастралар дхарма, артха және кама өзіне сәйкес міндеттер мен белгілі бір тәртіпті қажет етеді. Сондықтан да әр тұлғаның қандай кастаға жататыны өз әлеуметтік деңгейіне қатысты болуы керек. Дхармаға сәйкес брахмандар, билеуші мен сатушы (саудашы) – артхамен, камамен - өз бетімен өлу күні мен өмір жолы болмайтын әйелдер тиесілі болады.

Үнді философиясы дхарма артынан белгілі приоритетті таниді, бірақта артха мен каманың оған бағынуы туралы сөзде жоқ. Дхарма өз құрамында Үнді халқының барлық көлемдегі моралін бейнелемейді, сондықтанда оның фикхтан ерекшелігі айқын, өйткені мұсылман қауымында фикхқа сөзсіз бағыну түсінігі орнатылған.Фикхтан өз мөлшерде жалпы алғанда ол өзі “құқық” сөзі ретінде қаралуы мүмкін. Былайша айтқанда дхарма қарапайым реализм мен шыдамдық белгілерін растайтын болғандықтан индуизмнің ерекше белгісі болып көрінеді.

2 Үндіс құқығының қайнар көздерінің жүйесі

Әдет-ғұрып. Әлемдегі өмір әлде де реттелмеген және бір ғана дхармамен реттелуі мүмкін емес. Егер де дхарма өмірлік ақиқатты белгілесе, басқалары яғни артха мен кама адамның сана сезімін, тәртібін, пайдалы және рахаттың бағасын беретін анықтамаларды қарастырады.Сауатты адам өз бойында жақсылықты рахатпен және қызығушылықпен жасаса ол нағыз адам бірақта барлық адамдардың мінезі өмірлік көз қарасы дхармаға сәйкес болады деп ойлауға болмайды. Сондықтанда дхарманың өзі әдет-дәстүрге жол береді.Егер де қоғам текстердегі тәртіпке бағынбайтын болса, оны басқа алмайтын болса Яджнавалкья және Ману зандарына сәйкес одан бас тарту қажет деп көрсетілген. Құқықтық нормалар көбінесе жағдайлар мен орнына қатысты пайда болады сондықтан да дхарма негізінде жатқан жазылмаларға байланысы жоқ. Былайша жалпы алғанда Үндік құқығы жалпы құқық болып, оның құрамында діндік доктрина яғни индуизм басшылық етеді. Ал бұл басшылық мінез-құлықтың нормаларын анықтайды, соған қарап әдет-дәстүрлер де өзгеріп анықталып жатты. Дәстүрлер әртүрлі болып келген. Әр каста өз дәстүріне бағынады.Касталар жиналысы (панчаят) өз көлемі билігінде жиналып, барлық қиыншылықтар мен даулар қоғамның шешіміне тіреледі.

Заңнама. Индуизмде қайнаркөз болып не дхарма не доктрина саналмайды.Билеушілерге заңнама етуге рұқсат беріледі. Бірақта басқару және бұқаралық құқық институты дхармаға емесе артхаға негізделген. Дхарма өз негізінде басшылардың бұйрықтарын тез арада және сөзсіз орындауға итереді бірақ өз билігі шегінде оған басқарушылардың бұйрықтары ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да сот алдында заң да тұрса ол оған ритористикалық жол бермей қандай да болсын әдістермен әділеттікпен билікті татуластыруға мүмкіншілік жасауы керек.

Сот практикасы. Заңнама да сияқты, әділет ұйымы да артха саласына жатады. Үнді заңы сот шешімдері негізінде құрылған жоқ. Нақты сот шешімдері, бір жағдайларға сүйеніп шешілсе, дхарма сот өкілдеріне, бастапқы яғни басшылыққа алып, саналы себептермен дхарманың негізіндегі жатқан қағидаларына ешқандай зиян (қара түсірмес) деген ойда ұстанған.

Сот шешімі өз бетінше яғни табиғи көз қараста импирикалық түрде болып келген сондықтанда ол міндетті прецедент болып қаралуы мүмкін емес, оның беделі нақты шешіммен көзделген. Соған қарамастан Үнді құқығы колониалдық қатынаста болғандықтан кей өзгеріске де ұшырады. Жекеменшік және дәстүрлік құқық міндеттері «жалпы құқық» нормаларына айналған. Ал отбасылық және мұрагерлік құқық сонымен қатар басқада дәстүрлер ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. 1864 жылға сот прецеденттері толып кетті. Сондықтан да сот прецеденттерінің тәртібі Үнді дәстүрлер құқығынан мүлдем алшақтап кеткен. Оның кейбір институттары мадификацияға және кейбір жаңартуларға ұшыраған, бірақ соған қарамасатан Үнді құқығының толық ығыстырылуы болған жоқ. Бұдан «Англо-Үнді» құқығы пайда болды. Оның құрамында Үнді регулятивті мағына сақталып қалған, бірақта ол өз пайдалануында шектелген.

Доктрина. Мұсылмандық және Батыс құқықтарына қарағанда дхарма құқығының нормалары басқаша нысанданып, топтастырылған. Діндік және құқықтық жазбалар өз пайдалануында араласып кеткен. Көбінесе құқықтық қатынаста көзделген нормалар дхармаларда орналастырылған, бірақ атауын алып қарасақ ол дінге қарай жақынырақ болып келген. Бұл кітап құқыққа тікелей арналса да Батыста оның түсінігі Виавахара деп аталады. Оның басында сот әділдігі және іс-жүргізу туралы айтылып, одан кейін 18 дау түрі баяндалып онда жеке және қылмыстық құқығы көрсетілген. Бұқаралық құқық норамалары дхарма да кездессе оның ғылыми басқаруы артхада айтылған.

Қазіргі авторлар Үнді құқығы туралы баяндайтын болса, олар Батыс жағынын моделін негізге салып қарастырады. Дхарманың нормаларға деген негізгі назарын баяндамай қазіргі кездегі Үнді халқының қолданыстағы жүрген қатынасты көрсетеді. Бұл кітапта Батыс көз қарасынан дінге жататының бәрі сонымен қатар Үнді құқығының территориясына кіретіндерінің бәрі алынып тасталған. Ал қалғандары мемлекеттегі барлық халықтарына оның қандай дінін ұстануына қарамастан қолданылады. Бұл кітапта Үнді құқығы мынадай бөлімдерді көздейді: туыстық, әрекет қабілетсіздік, асырап алу, некеге тұру және ажырасу, отбасылық жекеменшік, мұрагерлік діндік институттар. Бөлімдердің атауын алып қарасақ Үнді құқығының түпнұсқасы туралы ерекше жасалды деп айтуға болмайды. Бірақ та қандай да кітапты алып қарасақ онда терминдердің молшылығын көріп және олардың аударылмағаны, Батыстағы құқық ұқсастығының жоқ болғанын байқаймыз. Мысалы, Үнді құқығында 8 түрлі некеге тұру түрі белгілі, ал олардың отбасылық меншікті бірге иемденуінің күрделі түрде бізге танылуы байқалады.

3 Үндістанның ұлттық құқығы. Қазіргі кезде Үнді құқығы Үнді елінде мүлдем басқаша белгілерге ие. Ол Үндістанның тек индустік бөлігіне ғана қолданылатын құқығы болып қалады. Дегенмен оның біркелкілігін бұзатын әдет-ғұрыптар жойылды. Бұрынғы өткен уақытқа қарағанда бұл Үндістанда алғашқы нәтижелі өзгеріс. Дхарма түрлі сатыдағы өркениеттегі әлеуметтік топтарға бейімделуі керек. Өзінің жаратылысы бойынша ол түрлі уақытша жеңілдіктер жібереді, егер оны әдет-ғұрып немесе заңнама талап етсе. Осының барлығы мұсылмандық құқықтан ерекшеленеді. Қазіргі Үнді басқарушылары дхарманың құқық моделінен ауытқи алады. Олар Үндістік өркениетке бейілділігін нақтылау мүмкіндік бермейді. Дәстүрге адал болуға ұмтылу, барлық трансформациялардан байқалады, сондықтан үндістік құқық қазіргі әлеуметтік реттің фундаментальдік концепциясы болып қалады.

1947 жылғы Үндістанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Үндіс құқығын жаңарту және унификациялау ешқандай кедергісіз дамуға мүмкіндік алды. Барлық сот жүйесін жаңа орган Үндістанның жоғарғы соты басқарды. Жоғарғы сот Британдық билік ету уақытындағы қабылданған сот шешімдерін алып тастау немесе нақтылауға құқық алды. Осындай жолмен Үндістік құқықтың кейбір ретке келтіру және унификациялау жұмысы жасалды.

Заңнама жоспарында Үндістан құқығына қандай заңнамалық реформаларды еңгізу қажет екенін анықөтайтын арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссияның еңбегі нәтижелі болды. Ескі құқықтың маңызды қағидасының барлығы да бұл заңнамамен қаралды.

Үндістік құқық - бұл брахманизіммен біріктірілген қауымның құқығы. Қазіргі күнде бұл құқықты азаматтардың дініне байланысты емес ұлттық құқықпен алмастыруға ұмтылуда. Үндістандағы қазіргі тенденция діндік құқықтың дәстүрлі концепцияларын ауыстырады. Үндістанның бұл ұлттық құқығын индустік құқықтан ерекше Үнді құқығы деп атайды. Ұлттық құқық Үндістанның тәртіп бойынша жалпыға танымал қолданысын енгізеді.

Территориялық құқық Үндістанда ағылшындық басымдық кезінде дами бастады. Мұндай құқықты жасау әртүрлі діни қауымдастыққа жататын адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің ең жақсы тәсілі ретінде қаралды.

1859-1882 жылдары заңнаманың дамуында белсенді қозғалыстар байқала бастады. Осы кезеңде бірқатар кодекстер мен ірі-ірі заңдар қабылданды. Осының арқасында ағылшын құқығын ығыстыра бастаған үнді құқығының мықты ғимараты құрылды. Бұл қозғалыс ақырындап қалды, бірақ та түгелімен мүлдем тоқтап қалмады.

Кодекстер мен ірі-ірі заңдар үнді құқығының маңызды деген элементтерін сипаттады. Үндістанда 1859 жылы Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданды. Ірі-ірі заңдар Үндістанның жалпы құқығына енгізілгенімен кодекстер деп аталмады. Олардың қатарына 1865 жылғы Мұрагерлік туралы заң (1925 жылы өзгертілген), 1872 жылғы шарттар туралы заң, 1872 жылғы дәлелдемелер туралы заң, 1881 жылғы бағалы қағаздар туралы заң, 1882 жылғы меншіктің ауысу тәртібі туралы заң (1929 жылы толықтырылған) және т.б.

Ағылшындық заңгерлермен өңделген, аталған заңдарды қабылдаудың нәтижесінде, Үндістанда ағылшындық құқықты алып қолданудың өзі болып жатты. Үндістанның кодекстері мен заңдары, британдық басымдық кезіндегі, ағылшындық құқықтың тұжырымдамаларына негізделді. Бірақ та олар қарапайым консолидацияның өнімі болып табылмайды.

Үндістанда жүйеге келтіру кезінде, әрине, елдің ерекшелігі еске алынды. Бұған дәлел ретінде, Қылмыстық кодекспен қарастырылған қылмыстың құрамын алып қарауға болады.

Үндістан өзінің құқығының тұжырымдамалары мен техникасымен ғана жалпы құқықпен байланысты емес. Ол бұл құқықтың отбасымен және сот әділдігі органдарының қызмет етуінің жүйеленуін түсінумен байланысты. Ол өз кезегінде сотқа жіберу, тиісті сот әділдігін іске асыру, сондай-ақ «құқықтың басымдығына» көңіл бөледі. Үндістердің есептеуі бойынша, істің мән-жайы бойынша дұрыс шешімдерді шығару ағылшын үлгісімен құрылған, дұрыс сот процедурасына байланысты келеді.

Үндістанда да Англиядағыдай, сот билігіне көп көңіл бөлінеді. Ол өз кезегінде құқықтың жеке және жария құқыққа бөлінуіне әкеледі. Соттар талап қоюшының – жеке тұлға немесе әкімшіліктің өкілі ме, оған қарамастан, барлық істерді шешкенде жалпы бақылау жүргізуі қажет.

Бірақ та, Англия мен Үндістанның құқықтық жүйелерін айтарлықтай көлемде ерекшелейтін әртүрлі элементтердің бар болғанын және әлі де қалып оытрғанын айта кету қажет. Мысалы, Үндістанда Англиядағыдай құқықты жеке және жария құқыққа бөлу қарастырылмаған. Үндістандағы заттық құқық аумағында ағылшындық құқықтың терминдері сақталып қалған. Ағылшындық атауға ие терминдердің өздері де Англияда да және Үндістанда да әртүрлі болып қолданылады.

Әдебиеттер: 2, 330-354б.; 6, 272-273б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Үндіс құқығының анықтамасын беріңіз.

  2. Үндіс құқығының қайнар көздерінің жүйесін ашып көрсетіңіз.

  3. Үндістанның қазіргі ұлттық құқығының ерекшеліктерін анықтаңыз.

12 тақырып «Қиыр Шығыстың құқықтық жүйелері»

Мақсаты: Қоғамның ерекше типі ретінде Қытай мен Жапонияның – Қиыр Шығыстың ұлттық құқықтық жүйелерінің тарихи дамуынының және қазіргі қызмет етуінің заңдылық ерекшеліктерін анықтау

Жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]