Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsionny_komplex.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

1 Құқықтық жүйелердің жіктелуінің қажеттілігі мен маңыздылығы

Дүниежүзінің құқықтық картасы нақты бір мемлекеттің барлық құқықтық шындықты әрқайсысы сипаттайтын көптеген халықаралық жүйені қосады (доктринаны, құрылымды, қайнар көздерді, атақты институттар және салаларды, салт-дәстүрді, құқықтық сана-сезімді, құқықтық тәртіпті, құқықтық мәдениетті және т.б.).

XX ғасырда ұлттық құқықтық жүйенің саны үш есе арта түскен, қазіргі күні екі жүзге жақындады. Бұл жерде сөз, ұлттық құқықтық жүйелердің санында ғана емес, сондай-ақ құқықтық дамудың әртүрлі сатысында бірігуін негіздейді.

Заң типологиясы дүниежүзінің құқықтық карталарының әртүрлі, жан-жақты диференцияланған талдаудың қажетті алғышарттары бірі ретінде белгіленеді. Философиялық жоспарда ол жалпының (құқықтың тарихи типін), ерекшенің (құқықтық отбасының) және жалғызілікті (нақты ұлттық құқықтық жүйенің) бірліктерін көрсетеді.

  1. Ұлттық құқықтық жүйе – жіктелудің негіз салушы объекті: ұғымы және элементтері. Заңды типологияның негізгі объектісі болып «құқықтық жүйе» категориясы танылады, ол «құқық жүйесі», «құқықтың тарихи типі», «құқықтық жүйелердің отбасы» сияқты концептуалдық ұғымдармен тығыз байланысты.

Тар мағынада, құқықтық жүйе ретінде «ұлттық жүйе» ретінде белігленетін нақты бір мемлекеттің құқығы түсініледі.

«Құқықтық жүйе» ұғымы «құқық жүйесі» ұғымының синонимі емес, өйткені соңғы ұғым құқықтың салаларының құрылуын және өзара қатынасын, өзара байланысын ашатын, институттық ұғым болып табылады. Құқықтық жүйе - құқыққа қарағанда өте кең ұғым. Ол құқықтың жүйесімен қатар өзіне қоғамның құқықтық өмірінің бірқатар өзге компоненттерін қосады. «Құқықтық жүйе» ұғымында «құқық жүйесіне» қарағанда, құқықтың салаларының тек қана ішкі келісімі ғана сипатталып қана қоймайды, сондай-ақ олардың дербес құқықтық білімдері сияқты автономдығы сипатталады.

«Құқықтық жүйе» ұғымы «құқықтық отбасы» категориясымен тығыз байланысты.

Құқықтық отбасы – бұл заң ғылымының ұғымдық-категориялық аппаратының, құқықтық қолдану, құқықтық институттар мен салалар, құқықтың бір типі шеңберінде ұлттық құқықтық жүйенің кең жиынтығы. Кез келген мемлекеттің кез келген ұлттық құқықтық жүйесі өзінің ееркше ішкі құрылымына, өзінің ерекшелейтін ішкі құрылысына ие.

Ұлттық құқықтық жүйенің типтік элементтері ретінде бөліп шығаруға болады:

- құқықты;

-құқықтық сана-сезімді;

- құқықтық мәдениетті;

- заңды тәжірибені;

- доктринаны.

3 Құқықтық жүйелердің жіктелуінің критерийлері. Заңды типология шеңберінде келесі жіктелулер ұлттық құқықтық жүйелердің тарихи және заңды-техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, мүмкін және мақсатты болады. Жіктелу құқықтық жүйелердің деңгейінде және құқықтың басым салалары деңгейінде мүмкін болатындығын ескере кету қажет. Осы екі түрі бір-біріне қайшы келмейді. Салалық жіктелудің айырмашылығы дүниежүзінің құқықтық картасына дифференцияланған беталыстық міндетпен анықталады. Әр жеке жағдайда бір немесе екі критерийлер жеткілікті

Мұндай болып ерекше құқықтық институттар, құқықтың қайнар көздері, құқықты қолдану сферасы және т.б. көрінеді.

Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуін құқықтық отбасылардың құрылымы бойынша, құқықтық топтардың және жеке құқықтық жүйелердің құрылымы бойынша қарастыру қажет. Әр құқықтық отбасының ішінде одан да ұсақ бөлінетін жіктелулер қарастырылуы мүмкін, яғни оны бірнеше құқықтық топтарға бөлу. Мысалы, - романо-германдық құқықтық отбасында француздық (романдық) және германдық құқық топтарын бөледі;

- жалпы құқықтың отбасында – ағылшын құқығының және америкалық құқықтың және т.б. топтарын бөліп шығарады.

Сөйтіп, жіктелудің критериялары болуы мүмкін:

- біріншіден, ең кең немесе ең тар географиялық орта;

- екіншіден, географиялық емес, тарихи сипатқа ие болуы мүмкін;

- үшіншіден, критерийлер ретінде өзіндік заң институттары мен құқық салалары болуы мүмкін.

4 Қазіргі құқықтық жүйелердің негізгі жіктелуі. Құқықтық жүйелердің жіктелуі қанша ғалым заңгерлер бар болса, олар да сонша болып келеді.

Бірақ та көзқарастар мен ой-пікірлердің көптігіне қатысты қазіргі құқықтық жүйелердің жіктелуінің негізгі екі бағыттарын бөліп шығаруға болады. Олардың әрқайсысы өз кезегінде, белгілі бір ерекшеліктерге ие бірнеше түрлерге бөлінетін болады.

Бірінші бағыт атақты француз ғалымы Р.Давидтің еңбектерінде анық көрсетілген. Ол триотомия идеясын бөліп шығарды – үш «құқықтық отбасын» бөлу:

- романо-германдық;

- англо-саксондық;

- бүкіл қалған заңи әлем, «діни және салт-дәстүрлік» деп аталған және планетаның бестен төрт бөлігін алып жатқан жер.

Р.Давидтің жіктеуі қазіргі заң ғылымында танымал. Мысалы, Франция университеттерінде «Қазіргі негізгі құқықтық жүйелер» оқу курсын беру.

Екінші бағыттың ең көрнекті өкілі болып батыс-германдық заңгер К.Цвайгерт табылады.

Оның пікірінше, жіктелудің негізгі критерия ретінде «құқықтық стиль» (құқық стилі) 5 факторды есепке алатын ұғым алынған:

  1. құқықтық жүйенің пайда болуы мен дамуы;

  2. заңи ойлау қабілетінің өзіндік белгілері;

  3. ерекше құқықтық институттар;

  4. құқықтың қайнар көздерінің табиғаты мен оларды талқылау тәсілдері;

  5. идеологиялық факторлар.

Осы негізде Цвайгерт 7 құқықтық топтарды ерекшелейді: романдық; германдық; скандинавиялық; англо-американдық; социалистік; ислам құқығы; үндістік құқық.

Әдебиеттер: 2, 18-29б.; 3, 433-457б.; 4, 4-11б.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Жіктелу» термині бойынша не түсініледі?

  2. Қазіргі құқықтық жүйелердің жіктелуінің маңыздылығы мен қажеттілігі немен негізделген?

  3. Құқықтық жүйелердің жіктелуінің негізіне қандай критерийлер жатқызылуы мүмкін?

  4. Жіктелу процесіне саяси, идеологиялық және мәдени факторлар қалай әсер етеді?

7 тақырып «Романо-германдық құқықтық отбасының ерекшеліктері мен сипаттық белгілері»

Мақсаты: бұл тақырыптың маңыздылығы әлемдегі кең тараған және ескі түрі – романо-германдық құқықтық отабсы туралы терең көрініс берумен сипатталады.

Жоспары:

  1. Романо-германдық құқықтық отасының пайда болуы мен дамуының тарихы

  2. Романо-германдық құқықтың ерекшеліктері

  3. Романо-германдық құқықтың қайнар көздері

  4. Нормативтік-құқықтық актілер: ұғымы және түрлері

  1. Романо-германдық құқықтық отбасының пайда болуы мен дамуының тарихы. Қазіргі кезде, біз жиі кездесетін, алғашқы отбасы – романо-германдық құқықтық отбасы болып табылады.

Романо-германдық құқықтық отбасы ұзақ тарихқа ие. Ол Ежелгі Рим құқығымен байланысты, бірақ та мыңжылдық дамудан астам кезеңді құқықтың тұжырымдамасының өзіне берді. Романо-германдық құқықтық отбасы римдік құқықты жалғастырушы ретінде қарастыруға болады, олар оның дамуының нәтижесі, бірақ та оның көшірмесі болып саналмайды.

Қазіргі уақытта романо-германдық құқықтық отбасы барлық жерлерде кеңінен таралды. Ол рим империясының шегінен алысқа шықты және бүкіл Латын Америкасына, Африканың айтарлықтай бөлігіне, Шығыстың, Индонезияның елдеріне таратылды.

Романо-германдық құқықтық отбасы өзінің дамуында ұзақ дамуы жолынан өтті. Зерттеушілер оның дамуының үш негізгі кезеңін бөліп шығарады.

Романо-германдық құқықтық отбасының қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі ХШ ғасырға дейін оның дамуымен байланысты. Ғалым-заңгерлердің ойы бойынша, XIII ғасырдың дәл өзін «ғылыми көзқарастан романо-германдық құқықтық отбасы пайда болған кезең» деп санау қажет. Осы уақытқа дейін тиісті материалдардың жиналуының процессі жүрді.

Романо-германдық құқықтық отбасының дамуының екінші кезеңі XIII ғ. бастап XVIII ғасыр аралығымен анықталады. Ол тікелей XIII — XIV ғ.ғ. аралығында Италияда алғашқы болып байқалған, кейін бүкіл Батыс Европаға Қайта өркендеу және Ренессанспен таратылған.

Романо-германдық құқықтық отбасының дамуының үшінші кезеңі айтарлықтай көлемде шынайы құқықтың мектебімен дайындалған, европалық елдерде заңнаманың мықты дамуымен және жүйеге келтірілуімен көңіл бөлінеді. Осы кезең, қабылданған хронолгия бойынша, қазіргі уақытта да жалғасын табуда.

  1. Романо-германдық құқықтың ерекшеліктері

Романо-германдық құқықты оқып-білу кезінде тек қана оның қалыптасу және дамуы, оның мағынасы, мазмұны және оның пайда болуының сыртқы және ішкі нысаны туралы сұрақтар туындамайды, сондай-ақ осы құқықтық отбасыға тән ерекшеліктер мен белгілер туралы сұрақтарда пайда болады екен.

Романо-германдық құқықтың барлық ерекшеліктерін қамтымай, тек оның мазмұнымен сипатын нақты анықтайтын мән бойынша ең қажетті дегендеріне тоқталамыз.

Романо-германдық құқықтың ерекшеліктерінің арасынан мыналарды бөліп қарау керек:

  • біріншіден, оның рим құқығымен органикалық байланысын, оның рим құқығының негізінде пайда болуы және дамуы;

  • екіншіден, басқа концептуалдық және доктриналдық құқықтық отбасыларымен салыстырғанда анық сипатталған;

  • үшіншіден, құқықтың қайнар көздерінің жүйесіндегі заңның ерекше маңыздылығы;

  • төртіншіден, құқықтың жария және жекеге бөлінуінің ашық сипатталған сипаты;

  • бесіншіден, ашық сипатталған жүйеге келтірілген сипаттама.

  1. Романо-германдық құқықтың қайнар көздері

Романо-германдық құқықтық отбасында қалыптасқан құқықтың қайнар көздерінің теориясын ашып көрсету – оңай іс емес.

Романо-германдық құқықтық отабсыны құрайтын құқықтық жүйелер көп түрлі және олардың әрқайсысы өзге белгілермен салыстырғанда өзінің ерекшеліктеріне ие.

Бірақ біз, классикалық жоспарды негізге аламыз және заңның, салт-дәстүрдің, сот тәжірибесінің, доктринаның және жоғары қағидалардың рөлдерін қарастырамыз.

1. Заң – бұл біздің уақытта романо-германдық құқықтық отбасы елдерінің құқығының алғашқы деңгейлі және тіпті жалғыз қайнар көзі.

2. Әдет-ғұрып – романо-германдық отбасы елдерінде әдет-ғұрыптың рөлі мен мағынасына қатысты көзқарастардың екі жүйесі бар:

- сөйтіп, социологиялық доспарға сәйкес, әдет-ғұрып құқықтың негізі болып табылады;

- көрсетілген тұжырымдамаға қарама-қарсы позитивтік мектеп әдет-ғұрып рөлін жоққа шығарады.

3. Сот тәжірибесі. Романо-германдық құқықтық отбасы елдерінде сот тәжірибесінің рөлі заңның рөлін анықтағаннан кейін болуы мүмкін. Барлық елдердің заңгерлерінің заңға сүйенуге тырысуын ескере отырып, сот тәжірибесінің шығармашылық рөлі әрқашанда заңды талқылаудың көрінісінен ғана ашылады.

4. Доктрина. Доктрина ұзақ уақыт бойы романо-германдық құқықтық отбасының негізгі қайнар көзі болып табылды, өйткен XIII- XIX ғғ. Университеттерінде құқықтың негізгі қайнар көздері өңделген болатын. Демократия және жүйеге келтіру идеясын жеңумен жақын өткен жылдарда ғана доктринаның біріншілігі заңның біріншілігімен ауыстырылды.

5. Жалпы қағидиалар. Құқықты қолдануда ғана емес, сондай-ақ құқықты өңдеуде заңгерлердің қызмет етуі романо-германдық құқықтық отбасында заңгерлер заңның өзінде табатын, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды заңнан тыс таба алатын, кейбір «жалпы қағидаларды» қолданумен байқалады.

4 Нормативтік-құқықтық актілер: ұғымы және түрлері. Нормативтік – құқықтық актілер жазылған құқықтың қайнар көзі ретінде романо-германдық құқықтың барлық жүйесінде де және оны құрайтын басқа да құқықтық жүйелерде де белгілі бір рөл атқарады. Заңдылық күшіне байланысты көптеген нормативтік – құқықтық актілерді заңдарға және заңға бағынышты нормативтік – құқықтық актілерге бөлуге болады.

Заң бұл ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен немесе референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заңдылық күші бар нормативтік акт.

Заңдардың жіктелуі әртүрлі негіздер бойынша өткізілуі мүмкін:

- олардың заңи күші бойынша (Конституция, консти­туциялық заң, заң);

- заң шығарушылықтың субъектісі бойынша (референдум немесе заң шығарушы орган нәтижесінде қаьылданған);

- құқықтық реттеу пәні бойынша (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және т.б.);

- қызмет ету мерзімі бойынша (тұрақты заңдар және уақытша);

- сипаты бойынша (ағымдағы және төтенше);

- қызмет ету сферасы бойынша (жалпыфедералдық және аймақтық);

- мазмұны бойынша (экономикалық, бюджеттік, әлеуметтік, саяси және т.б.);

- жүйелендірілу деңгейі бойынша (қарапайым және жүйеге келтірілген, өзге сөзбен айтқанда, органикалық – ҚР АК, ҚР ҚК және т.б.);

- оның құрамындағы нормалардың маңыздылығы бойынша (конституциялық және қарапайым);

- реттеу көлемі бойынша (жалпы және арнайы) және т.б.

Заңға бағынышты актілер бұл құрамында заңи нормалары бар, заңдардың негізінде және заңдарды орындау үшін шығарылған актілер. Заңға бағынышты актілер заңдарға қарағанда заңдық күші аз болады және оларға негізделеді. Қоғамдық қатынастарды нормативтік құқықтық реттеуде басты және негізгі орынды заң алатынына қарамастан, заңға бағынышты актілер де көмекші және ұсақ көмекші құрал рөлін ойнай отырып, кез келген қоғамның өмірінде маңызды сипатқа ие.

Заңға бағынышты актілердің түрлері:

1) жалпы заңға бағынышты құқықтық актілер (мысалы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің Қаулысы, ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы және т.б.);

2) ведомстволық заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілер (бұйрықтар, нұсқаулықтар, ведомствалардың, министерліктердің ережелері, мемлекеттік комитеттердің ережелері, ережеге сай, осы атқарушы құрылымның шегінде бар қоғамдық қатынастар);

3) жергілікті мемлекеттік билік органының актілері;

4) ішкі ұйымдық заңға бағынышты актілер (мысалы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).

Әдебиеттер: 1, 32-33б.; 3, 481-584б.; 4, 22-38б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Романо-германдық құқықтық отбасының пайда болуы мен дамуының тарихи кезеңдерін атаңыз.

  2. Романо-германдық құқықтың ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.

  3. Романо-германдық құқықтың қайнар көздеріне сипаттама беріңіз.

  4. Нормативтік-құқықтық актілердің анықтамасын беріңіз.

  5. Нормативтік-құқықтық актілердің критерийлері қандай?

8 тақырып «Англосаксондық құқықтық отбасы. Жалпы құқықтың жүйесі»

Мақсаты: жалпы құқық отбасымен тікелей байланысты англотілді және өзге елдердің айтарлықтай тобының құқықтық жүйелерді тереңдеп білу.

Жоспары:

  1. Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуы: негізгі беталыстары

  2. Англия шегінен тыс жерлердегі жалпы құқықтың экспансиясы

  3. Жалпы құқықтың негізгі қайнар көздері: ұғымы, түрлері

  4. Прецедент - жалпы құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде

1 Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуы: негізгі беталыстары. Бұл құқықтық отбасы әлемде кең таралғандардың бірі болып табылады. Жер шарының тұрғын халқының үштен бір бөлігі, аталған құқықтың қағидалары бойынша өмір сүреді.

Жалпы құқықтық жүйе Англияда нормандтық жаулап алудан кейін жалпы айтқанда, королдік сотттар қызметінің процесінде пайда болды.

Жалпы құқықтың отбасы ағыошын құқығынан басқа, барлық ағылшын тілді елдердің құқықтық жүйесін қосады. Жалпы құқықты меңгеру ағылшын құқығын меңгерумен басталу керек. Жалпы құқық – бұл, оның тарихи ізі бар жүйе, ал XVIII ғасырға дейінгі тарих – ағылшын құқығының тарихы болып табылады.

Расында, ағылшын құқығы жалпы құқық отбасында басты орын алады. Жалпы құқық тек Англияның өзінде ғана емес, сондай-ақ көптеген елдерге де үлгі болып келеді.

Ағылшын құқығының тарихында 4 негізгі кезеңді бөліп қарастыруға болады:

1 кезең – 1066 жылғы нормандық басып алумен өтті;

2 кезең – 1066 жылдан бастап (1485ж.) Тюдоров билігін орнатқанға дейінгі жалпы құқықтың құрылу кезеңі;

3 кезең – 1485 жылдан бастап 1832 жылға дейінгі «Жалпы құқықтың» гүлденуі;

4 кезең – 1832 жылдан бастап біздің заманымызға дейінгі – заңнамаға қатысты жалпы құқықтың бейімделу кезеңі.

  1. Англия шегінен тыс жерлердегі жалпы құқықтың экспансиясы (өктемдік жүргізуі). Құқықтың Англиядан тыс таралу процессінің ерекшеліктерін, АҚШ құқықтық жүйесінің қалыптасуын мысалға ала отырып, бақылауға болады.

Ағылшын құқығының жүйесінің негізгі белгілері колониализм жағдайында 17-18 ғасырларда пайда болды және көптеген өзінің алғашқы ерекшеліктерін әлі күнге дейін сақтады.

АҚШ-тың құқықтық жүйесінің құрылу мен кейінгі даму процессіне ағылшын құқығы үлкен әсер етті. Ол Солтүстік Америка территориясына Англиядан қоныс аударушылармен әкелінді. Осы жер шарының бөлігінде болған 13 британдық колонияның әрқайсысында бір уақытта ағылшын заңдары және жалпы құқық нормалары қолданылды. Бірақ, олардың іс-әрекеті шектелмеді. Ағылшын заңдарын қолдану жергілікті органдардың актілерімен шектелді және XVII ғасырдың аяғныда XVIII ғасырдың басында пайда болған британ колониясының заңнамалық актілер жинақтарымен шектелді. Теңіз арқылы әкелінген ағылшын құқығы жергілікті жағдайларға сай болуы керек еді. Бұл жерде әңгіме, жергілікті нормативтік актілер, әдет-ғұрып және салт туралы болып отыр. Өзінің жиынтығы бойынша олар жеке колониялардың ерекше құқық жүйесін қалыптастырды және қоғамдық қатынаста белсенді реттеуші ретінде қатысты.

АҚШ-тың күш жинаған құқықтық жүйесі, егер оның территориясында өмір сүрген испандық, голландтық, француздық және өзге де колониялардың әртүрлі құқықтық жүйесін еске түсіретін болсақ, одан әрі анық болады.

Олардың барлығында тек жергілікті саяси және әлеуметтік – тұрмыстық колорит қана емес және әртүрлі метрополит заңнамасынан да із қалды.

Осылайша қазіргі Луизиана штатында, мысалға – 1803 жылы АҚШ-қа қосылған испан және француз колонияларының құқықтық жүйесін қалыптастырған заңнамалық актілердің әсері айрықша болды. Әсіресе, бұл Наполеон кодексіндегі тұжырымдар мен жағдайлардың күшті әсерінен пайда болған азаматтық құқыққа қатысты.

Бір кездері Мексикадан шеттетілген, территорияда орналасқан Нью-Мексико, Невада, Техас және басқа да штаттардың заңнамасына испанның құқық жүйесі әсер еткен.

Айтылғандардың барлығы АҚШ-тың құқықтық жүйесінде және бөлек штаттарында шетел құқық жүйесі басты орын алады дегенді білдірмейді. Бұрынғы британ колониялары тәуелсіз деп жарияланғаннан кейін өзінің «ағылшын өткендерімен» күресе отырып, ағылшын құқықтық теориясымен тәжірибесі өзінің негізгі постулаттарын ағылшындандыру жолының біршама жетістіктеріне жетті.

Осы жолдағы негізгі кезең болып ағылшын конституциясы табылды. Ол тек қана қайта құрылған елдің мемлекеттік және қоғамдық-саяси ретін ғана бекітіп қоймай, оның алдағы дамуына бағыт бағдар жасады. Америкалық Конституция-бұл тек заңдық емес сонымен қатар, саяси, әлеуметтік және идеологиялық құжат. Онда мыналар белгіленеді және мемлекеттік органдардың жүйесі заңнамамен бекітіледі: саяси қоғамның институттары, азаматтардың бостандықтары мен Конституциялық құқығының жиынтығы, билікті бөлу қағидасы және т.б. мемлекеттік-құқықтық қағидалар. АҚШ-тың барлық құқықтық жүйесі, сонымен қатар 50 штаттың құқықтық жүйесі АҚШ Конституциясымен реттеледі.

3 Жалпы құқықтың негізгі қайнар көздері: түсінігі, түрлері. Ежелгі Вестминстерлік сотпен және концелярлық сотпен шығарылған Ағылшын құқығы өзінің шығу тегі бойынша ған сот тәжірибесінің құқығы емес. Континетке қарағанда Англияның университеттердің әсер етуімен доктриналардың беделі төменірек болды. Жалпы құқытың қарастырылуы заңнамамен кодификация ретінде жүзеге асырылған жоқ, ағылшын құқығы құқықтың қайнар көзіне қатысты өзінің алғаншы қалпы мен құрылымын сақтап қалды. Бұл қарапайым прецеденттік құқық, оны оқып білуді сот тәжірибесін оқып білуден бастаған жөн.

Сот прецеденті.

Аналогиялық жұмысты шешудегі әкімшілік немесе басқа сот шешімі. Басқа сөзбен айтсақ бір уақытта шығарылған шешім келесі аналогиялық жұмыстарға міндетті норма болып табылады.

Заң.

Сот тәжиребесінің қатарындағы Ағылшын құқығының екінші қайнар көзі заң болып табылады. Заң сот тәжиребесінің талаптарының әсерінен қалыптасты. Бізге белгілі болғандай Англияда жазылған Конституция жоқ, ал олардың Конституция деп санайтындары билікті шектейтін азаматтардың негізгі бостандықтарына кепілдік беретін заңнамалық нормалар кешені. Классикалық теория заңда қосымша қайнар көз тараптарын көреді. Осы теорияға сәйкес сот тәжиребесімен жасалған құқыққа тек бір қатар толықтырулар мен өзгертулер енгізеді. Тәуелсіз орган - Парламентпен шығарылған заңдар толық құрметті қажет етеді және судьялармен дәл қолданылуы қажет. Осы жерден Парламент актісі өздері сот прецедентіне айналатын сот талқылауын қажет етеді. Делигироваланған заңнаманың жоғарғы нысаны болып корона мен құпия кеңесінің атынан шығарылатын Үкімет актісі-«кенестегі бұйрық» саналады. Көптеген делигироваланған заңнамалар министерстволармен және басқа басқару органдарымен Парламенттің өкілеттігі бойынша шығарылады.

Әдет-ғұрыптар.

Сот тәжиребесі мен заң қатарында Ағылшын құқығының үшінші қайнар көзі-бұл әдет ғұрып. Әдет-ғұрыптың мағынасы қосымша болып келеді. Ағылшың құқығы қарапайым құқық емес. Англияда қарапайым құқық болғанымен, ол жалпы құқық пайда болғанға дейін ғана қолданыста болды, ал жалпы құқық – бұл сот тәжірибесінің құқығы. Қазіргі уақытта әдет-ғұрып ағылшын құқығында шектелген мағынаға ие. Қазіргі замаңға дейін қолданылып жүрген 1265 жылғы заң 1189 жылға дейінгі заңдар ескі заңдар екенін нақтылайды. Әдет-ғұрыптардың ескі болу талаптары жергілікті әдет-ғұрыптарды ғана қамтиды, сауда әдет-ғұрыптарына бұл тәртіп қолданылмайды.

Доктрина.

Континентке қарағанда Англияда доктрина мағынасы бағаланбайды, себебі Ағылшын құқығы судьяларға қарағанда ғалымдарға міндетті. Дегенмен кейбір судьялармен жазылған доктриналдық еңбектер беделді кітап квалификациясын алды: Кок, Литлтон, Глэмвилла шығармалары үлкен жетістіктерге жетті. Олардың өз дәуіріндегі құқық мазмұны соттарда беделге ие болды. 19 ғасырда доктрина ролі өзгеріп, арта бастады. Заңгер студенттер қазіргі кезде университеттерде білім алады. Олар құқықты, заңгер тәжірибешілердің жұмыстарымен танысқанынан гөрі, көбінесе ғалымдардың еңбектерін оқып, дәрістерін тындап, оқулықтармен жұмыс жасап құқықты оқиды. Сондықтан доктринаға жаңа қатынас пайда болады.

4 Прецедент жалпы құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. Басқа құқықтық отбасылардан жалпы құқытың отбасының ерекшелігі: Сот прецедентінің танылуы. Прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде тануы сотқа фактілік түрде құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Прецедент тәртібі Англияда дәстүрлі түрде «қатыгез» деп қаралды.

АҚШ-қа қарағанда сот инстанциясы бұрынғы жасалған прецеденттен бас тарта алмайды. Ол жоғары тұрған инстанциямен немесе Парламент актісімен ғана өзгертіле алады.

Жоғарғы инстанцияның өзі, Лордттар палатасының өзі 60 жылдардың ортасына дейін бұрынғы өздері шығарған шешімдермен байланысты болды, нәтижесінде кей кезде бұл жағдай амалсыз жағдайға әкеп соғып тұрды.

1966 жылы лордттар палатасы бұл қағидадан бас тарты. Прецедент тәртібі судьяны шектейді деген, көбіне алдамшы болды. Кейбір жұмыстардың толық сәйкес келіп қалуы жиі кездеспейді, осындай жағдайда ұқсастығын судья өз қарауына шешеді. Сондықтан қай прецеденттік норманың қолданылуын судья шешеді.

Судья осындай жағдайлардың ұқсастығын бірінші қарағанда, көрінбесе де анықтай алады. Тіпті, ол қандай да болмасын ұқсастықты да таба алмауы мүмкін және егер статуттық құқықтың нормаларымен реттелмеген болса, онда судья өзі прецеденттің құқығының нормаларын жасайды, яғни заң шығарушы ретінде танылады.

Сот шешімінің құрылымы.

Сот шешімі әдеттегідей ашылған және өзіне қосады:

  1. дәлелдеме қорытындысын;

  2. даулы фактілері бойынша судьялардың ойы;

  3. сот шешімін шығарғанда қолданылатын себептер;

  4. сонымен, құқықтық қортындылар.

Шешім негізделген сот шешімінің құқықтық жағдайы ғана прецедент болып табылады. Тек ол ғана міндетті сипатқа ие, сот шешімінің қалған бөлігі міндетті түрінде қаралмайды.

Әдебиеттер: 1, 33-34б.; 3, 613-721б.; 4, 11-22б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы құқықтың қандай негізгі ерекшеліктері мен белгілері оған айырмашылық сипат беерді?

  2. Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашып көрсетіңіз.

  3. Англияның шегінен тыс жерлерде жалпы құқықтың экспансиясының процесінің ерекшеліктерін айтып өтіңіз?

  4. Жалпы құқықтың қайнар көздерінің жүйесіне сипаттама беріңіз.

  5. Сот прецедентімен не түсініледі, оның жалпы құқықтағы рөлі қандай?

9 тақырып «Социалистік құқықтың отбасы»

Мақсаты: осы тақырып социалистік елдердің құқықтық жүйелермен қамтылған әлемнің заңды географиясының маңызды бөлігін тереңірек оқуға бағытталған.

Жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]