Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsionny_komplex.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

1 Социалистік құқықтың пайда болуы мен ерекшеліктері

2 Социалистік құқықтың қайнар көздерінің ерекшеліктері

3 Социалистік құқықтың құрылымы

1 Социалистік құқықтың пайда болуы мен ерекшеліктері. Бүкіл 20 ғасырдың ішінде өзге де құқықтық отбасылармен қатар тағы да бір құқықтық отбасы дамыды. Қазіргі күнге дейін бірнеше – толық сыннан тануға дейін, реакция тудыратын социалистік құқықтық отбасы туралы сөз болып отыр. Социалистік құқықтың көптеген қағидаларының және ережелерінің сындық бағалануы, олардың романо-германдық құқықтық отбасымен ұқсастығы көрнекті ғалымдар үшін осы құқықтық топты салыстыруға жататын шынайы топ деп тануға кедергі келтірмеді.

90 жылдары КСРО құлағаннан кейін бұрынғы социалистік құқықтық отабсының құрылымында кейбір елдердің ғана (Қытай, Куба, Солтүстік Корея) ұлттық құқықтық жүйелері қалып отырды.

Романо-германдық, англосаксондық және өзге де құқықтық отбасылармен танылған, ұлттық құқықтық жүйелердің ортақ топтары соңғы кездері айтарлықтай және түгелдей өзгерістерге ұшырауға әкелді. Соған қарамастан, социалистік құқықтық отбасы кеңестік мемлекеттенудің қалыптасу және дамуының кезеңінде қалыптасқан, біртұтас білім ретінде сақталуда.

Қазіргі «социалистік лагерьді» құрайтын, Еуропаның, Азияның және Латын Американың социалистік жүйелеріне алғашқы социалистік құқықтық жүйе – кеңестік жүйе ерекше әсер қалдырды.

КСРО құқығы мысал ретінде, социалистік құқыққа тән, негізгі белгілерді қарастыруға болады.

Кеңестік заң ғылымында құқықтың социалистік типі құқықтың дамуының ең жоғары сатысы ретінде қарастырылды. Ол құқықтың типтерінің қисындық бас тартуын білдірді. Социалистік құқықтық жүйелерде алғашқы рет тарихта меншіктің ұжымдық меншігі, экономиканы мемлекеттік басқару, халық шаруашылығын жоспарлы жүргізу сияқты мұндай құбылыстар үшін заң нысандары өңделген болатын.

Социалистік құқықтық жүйелерде олардың әлеуметтік мақсаттары мен класстық сипаты орын алды, олар жұмыс класының, барлық еңбекшіл халықтың еркі мен мүдделерін бекіту және сипаттаудың құрал-жабдығының мәнін білдірді.

Социалистік құқықтық жүйелердің идеялық негізін марксизм мен ленинизм салды. К. Маркс, Ф. Энгельс және В.И. Ленин социалистік құқықтың негізгі сипаттамасын жасап берді: оның қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымымен, құқықтың класстылығы, оның саяси билігінің еңбек құралы ретінде; құқықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың дамуына ерекге кері әсер етуіне негізделуі. Олар социалистік қоғамда құқықтың қажеттілігінің экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттарын салды. В.И. Ленин осыған қатысты былай деп жазды: «...капитализмді бұра сала, адамдар қандай да болмасын құқық нормасының көмегінсіз қоғам үшін еңбек етеді және капитализмнен бас тартудан соң экономикалық алғышарттарды береді деп ойлауға болмайды».

Социалистік құқықтық жүйе басында еңбек классы тұрған, еңбек етушілермен мемлекеттік билікті революциялық жолмен алуымен сипатталатын, бейбіт жолмен бе әлде бейбітсіз жолмен бе, оған қарамастан, социалистік революцияның нәтижесінде ғана туындайды.

Социалистік революция жеке меншікке қол сұға отырып, қоғамның өмірінің экономикалық негіздерін өзгертті. Ескі құқықтық тәртіп пен ескі мемлекеттік билік органдарының өмір сүруін қорғаған және бекіткен барлық заңдарды жою және жарамсыз деп тану туралы сөз болып тұр. Құқықтық өмірдегі мұндай төңкеріс ескі құқықтан бас тарту ретінде емес, социалистік құрылыс мүддесінде қолданылған құқықтың жоғары тарихи типіне ауысу ретінде болды.

Ескі құқықты бұзу мемлекеттік машинаның нәтижесі мен құрамды бөлігі болып табылады. Саяси мекемелердің біртіндеп өзгеруі құқықтық мекемелердің жойылуына айтарлықтай кезек берді.

Социалистік құқықтық жүйе революциялық партиялардың әсерінен туындады. Маркстік-лениндік партияның жетекшілік және бағдарлаушы рөлі социалистік құқықтық жүйенің қалыптасуының басты шарты болып табылады.

Социалистік құқықтық жүйенің пайда болуы жолдары (нысандары) әртүрлі болып келді.

Кеңестік құқықтық жүйенің қалыптасуы 1917ж. ақпанда Петроградта қарулы күштің жеңісінен кейін басталып, мемлекеттік меншік экономикада бөлшектенбей қолданылған, құқықтық сана-сезімді қоса алғанда, қоғамның рухани өмірінде басым болған, 30-шы жылдардың ортасында аяқталады.

2 Социалистік құқықтың қайнар көздерінің ерекшеліктері. Социалистік құқық романо-германдық құқықтық жүйемен көрнекті ұқсастықтарды байқады.

Ол құқықтың қайнар көздеріне қатысты жеткілікті түрде сақталды.

Заң. Заң кең мағынада, кеңестің құқықтың негізгі қайнар көзін білдіреді. Бірақ та, романо-германдық отбасында заңның мағынасын құқықтың нормаларының сипатталу тәсілі ретінде көреді. Социалистік елдерде заңға қоғамда тез өзгеретін туралы басты рөл беріледі. Кеңестік құқықтың динамизмі салт-дәстүр және сот тәжірибесі сияқты құқықтың өте баяу дамуының факторына қарама-қарсы қойылатын заңды күшейтуге әкелді.

Сот тәжірибесі. Сот тәжірибесі үшін құқық нормасын құрушы рөлінде көрінуге мүмкіндік берілмеді және ол қатаң тәртіпте құқықты интерпретатор рөлінде ғана шектелген. Яғни, соттардың міндеті – заңдарды қолдану, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарды орындау үшін нұсқаулар, ұйғарымдар және жарлықтарды, сондай-ақ оларды қолдану үшін заңдарды талқылау.Сот тәжірибесінің тәрбиелік рөлінің өзіндік ерекшелігі кеңестік соттар заңдарды талқылап және қолданып қана қоймай, сондай-ақ үкіметтің саясатының жүзеге асырылуының сәттігін қамтамасыз етумен, яғни тұрғындарды тәрбиелеуге белсенді түрде қатысу арқылы байқалады. Сотпен шығарылатын шешім шешім негізделген заңдарды, сондай-ақ шешімнің әділдігі мен растығындағы процессті жеңгендер және соттталушының, бүкіл қоғамдық көзқарастарды сендіре алатындай болуы қажет. Кеңестік соттар елдің партиялық жетекшіліктің командалық жүйесінің ең басты элементі ретінде қарастырылды. Кеңестік соттар қылмыстық әділет жүйесінің ортасында бола отырып, сот әділдігі органы ретінде емес, қанау және репрессия органдары ретінде қызмет атқарды.

Салт-дәстүр. Салт-дәстүрге өте шектеулі рөлді бөледі. Салт-дәстүр КСРО-да заңның өзі салт-дәстүрге сілтеме жасай отырып, белгілі бір орын бөлген жағдайлар кездеседі және ол қажетті және пайдалы түрінде маңыздылығын сақтап қалды.

Доктрина. Социалистік құқық маркстік – лениндік доктринаны жүзеге асыру ретінде қарастырылады. Кеңестік авторлар өздерінің жұмыстарында марксизм-ленинизмнің негізін қалаушыларға (К. Маркс, Ф. Энгельс, В.Ленин), кеңестік жетекшілердің еңбектері мен сөздеріне, коммунистік партияның бағдарламалары мен шешімдеріне тұрақты түрде сілтеме жасалды. Партиялық бағдарламалар және шешімдер сипатындағы мұндай құжаттар, осы сөздің мағынасы бойынша құқықты құрамайды. Бірақ та, олардың доктриналық мағынасы, сөзсіз әртүрлі сұрақтар бойынша маркстік – лениндік теорияның мазмұнын ашумен байланысты. Кеңестік құқықты оқып-білу үшін осыларға жүгіну қажет.

3 Социалистік құқықтың құрылымы. Белгілі бір құқықтық жүйенің құрылымы үш аспектінің көзақарстары бойынша ашылуы мүмкін:

  • біріншісі оны негізгі құрамдық бөліктерге, маңызды институттарға бөлуді сипаттайды;

  • екіншісі құқықтың нормасының өзі сияқты түсінілетінді ашып көрсетеді.

Құқықтық норманы түсінуге тоқтаталын болсақ, кеңестік құқық ескі орыс құқығынан романо-германдық құқықтық жүйені түсінуге жақын, құқықтық норманың тұжырымдамасын қабылдағанын айта кету қажет. Осыған байланысты қандай да болмасын ерекше ескертулер жасаудың қажеттігі жоқ.

Кеңестік құқықтың жүйесі сыртқы түрі бойынша романо-германдық құқықтың жүйесі сияқты ұқсас келеді.

Кеңестік құқық бұрынғыдай, романо-германдық құқықтағы сияқты, салаларға бөлінген. Социалистік және социалистік емес мемлекеттерде әртүрлі мәселелер тұр, маркстік-лениндік ілім олардың жаңа көзақарастар бойынша қарастыруды талап етеді. Мысалы, конституциялық құқық үшін екі айырмашылық белгілер тән: - басты рөл коммунистік партияға беріледі; - билік пен басқару барлық деңгейдегі кеңестермен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, егер романо-германлық құқықтық отбасының азаматтық құқығы бірінші орынға жеке меншікті шығарса, ал кеңестік құқық – өзінің көңілін «социалистік меншік» сияқты жаңа ұғымға бөледі.

Кеңестік құқықтың қасиетінің бірі кеңестік құқықтың құқықты жеке және жариялық құқыққа бөлуден бас тарту, ол өз кезегінде романо-германдық құқықтық отбасында салт-дәстүрлі және негізін қалаушы болып табылады.

Әдебиеттер: 3, 746-868 б.; 4, 50-55б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Социалистік құқық отбасының қалыптасуы мен дамуына қатысты тарихи саяхат өткізіңіз.

  2. Социалистік құқықтың ерекшеліктері немен көрінеді?

  3. Социалистік құқықтың негізгі қайнар көздерін сипаттап беріңіз.

  4. Социалистік құқықтың құрылымының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

10 тақырып «Мұсылмандық құқықтың отбасы»

Мақсаты: мұсылмандық құқықтық отбасына кіретін құқықтық жүйелер туралы жалпы көріністі қалыптастыру, сондай-ақ осы ұлттық құқықтық жүйелерді әлемде өзгеріп жатқан экономикалық және саяси-әлеуметтік ортаға ынталандыру процесін бақылау.

Жоспары:

  1. Мұсылмандық құқықтың жалпы сипаттамасы

  2. Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері: түсінігі және түрлері

  3. Мұсылмандық құқықтың қазіргі әлемге ынталандырылуы

  1. Мұсылмандық құқықтың жалпы сипаттамасы. Мұсылмандық жүйе Азия және Африка елдеріне тән, діни - дәстүрлік құқық деп аталатын отбасына жатады.

Осы елдердің құқықтық жүйелері осының алдында сипатталып кеткен құқықтық жүйелерге тән бірлік деңгейін иеленбейтінін ескеру қажет. Бірақ та оларда шығу тегі мен нысаны бойынша ортақ белгілері көп, олардың барлығы бірдей батыс елдерде басшылық етілетін тұжырымдамалардан еркшеленетін, тұжырымдамаларға негізделеді. Әрине, осы құқықтық нормалардың барлығы бір кездерде батыстық идеяларға жақын келеді, бірақ та сол уақытта қалып қоюда, батыс елдерінде орындалатын функцияларды орындауға шақырылмаған және құқық өзгеше танылатын көзқарастарға сенімді келеді.

Осы құқықтық жүйелердің негізінде мұсылмандық дінге – Исламға негізделген және діни нысанда сипатталған нормалар жиынтығын білдіретін, мұсылмандық құқық жатыр.

Ол құқықтық реттеуге жататынды ғана емес, әлеуметтік өмірдің барлық сфераларын қамтиды.

Мұсылмандық құқық ғылымы немесе нақтырақ айтқанда, мұсылмандық заңдардың (фикх) доктриналдық сипатталуы 2 бөлімшеден тұрады:

  • ол «тамырды» зерттейді және құдай заңы, шариғатты құрайтын ережелер жиынтығы қандай қайнар көздерден тұратындығын түсіндіреді;

  • «мазмұны», яғни материалдық мұсылмандық құқықтың нормаларын құрайтын шешімдер.

  1. Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері: ұғымы және түрлері

Мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде бөлініп шығады:

  1. Құран ( б.д.д 570-632жж) – Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген киелі, мұсылмандардың ардақты кітабы.

  2. Сұнна – Мұхаммед пайғамбардың өмірлік қызметі туралы өсиеттері.

  3. Иджма – дінге сенушілердің міндеттері туралы сұрақ бойынша барлық мұсылмандық ұйымдармен қол жеткізген келімісі (барлық немесе тіпті бір мектептің құқықтанушыларымен бір кезде қабылданған ұсыныстары ереже ретінде саналады).

  4. Қияс – өмірде кездесетін мәселелерді Құранның ұқсас аяттарына сүйене отырып шешу (яғни Құран немесе Сұннамен бекітілген ережелерді жаңа ұқсас жағдайларда қолдану).

3 Мұсылмандық құқықтың қазіргі әлемге қабілеттілігі. Б.д. 10 ғасырда қалыптасқан мұсылмандық құқық қазіргі қоғам қажеттіліктеріне жарамсыз екені айқын. Онда кейбір институттардың регламентациялары жоқ. Сонымен қатар кейбір мұсылмандық құқық қазіргі нормаларға сәйкес келмей ғана қоймайды, сондай-ақ онымен танысқандарды таңқалдырады.

Барлық айтылғандар мұсылмандық құқық бұрынғы заманға жатады дегенді көрсетуі мүмкін. Дегенмен, ол олай емес: Мұсылмандық құқық қазіргі кездегі ірі жүйелердің бірі, ол 1 млрд мұсылмандардың құқығын реттейді. Мұсылмандық құқықты өзгермейтін деп қана емес, сонымен қатар жұмсақ құбылыс ретінде қарауға болады. Осылай мұсылмандық елдер қазіргі қоғам жағдайына қабілетті ету мақсатында заңнамалық реформалар қабылдады.

Бейімделудің негізгі әдістері:

  1. Әдет-ғұрыпқа негізделу - бір сену символы ретінде мұсылмандық құқықтың беделін көптеген қоғамдар мойындайды, олар ғасырлар бойы әдет-ғұрыпқа негізделіп өмір сүреді. Әдет-ғұрып мұсылмандық құқыққа кірмейді және құқық ретінде қаралмайды. Әдет-ғұрып фикхқа кірмесе де ол мұсылмандық құқықпен шеттетілмейді. Қағида бойынша: қызыққан тұлғаларға кейбір жағдайларға өздерінің келіспеушіліктерін құқықтың қатысуынсыз да шешуге жол берілген. Өз өзімен әрине барлық әдет- ғұрыптар бірдей қабылданып, мұсылмандық құқықпен реттелмейді. Кейбіреулері толығымен мұсылмандық құқықпен бас тартылады. Дегенмен, кейбіреулері бұл саланы кенейтеді және толықтырады. Осындай әдет-ғұрыптар қатарына төлеу әдістері мен мөлшері жатады «өзара сыйақысыз» бір су көздерінің жер билеушілерінің реттелетін өзара пайдалану жатады.

  2. Келісімдер жасасу – мұсылмандық құқық өте аз биліктік жағдайды өз бойында ұстайды және кең мүмкіншіліктерді ұсынады. «Заң жазған келісімнің аяқталуында ешқандай қылмыс жоқ» деп жазылған адаттардың бірінде. Мұсылмандық құқық ұсынатын нормаларға келісім нәтижесінде исламға адал болып қала бере өте үлкен өзгертулер енгізуі мүмкін. Бұрында, қазір де мұсылмандық елдер бар тәртіптен кейбір жағдайларда, мысалы: Неке отбасы жағдайы бойынша бас тартқан немесе қалыптасқан ережелерден бас тарту қатысты отбасы-тұрмыстық сұрақтарды шешу кезінде (тек күйеуінің ғана емес, әйелінің бастауы бойынша некені бұзу және т.б.).

  3. Заңи фикциялардың әдістері - әдет-ғұрыптар мен келісімдермен қатар басқа да мүмкіндік заңдық фикция болды. Шариат заңның әріптерін талап ете алады. Көптеген мұсылмандық құқық нормалары нәтижесінде айналып өтілуі мүмкін, бірақ ол тікелей мағынасы бұзылмауы керек.

Мұсылмандық құқықтың конондарының айналымының көптеген жолдары мен әдістері, және ол үшін әдет-ғұрыптарды пайдалану және т.б шынайы өмір этикалық, діни және заңдық догмалардан гөрі әлдеқайда күрделірек. Бірде бір елде мұсылмандық құқық сонымен қатар араб елдерінде, яғни негізгі діні дәстүрлі түрде ислам болып қалатын елдерде берілген құықтық жүйе ешқашан таза түрде болған жоқ. Әрдайым әдет-ғұрыптармен толықтырылып, өзгертіліп отырды.

Әдебиеттер: 2, 308-330б.; 3, 1021-1035б.; 4, 38-50б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мұсылмандық құқықтың ерекшеліктері немен сипатталады?

  2. Мұсылмандық құқықтың пайда болуы мен дамуының тарихын ашып көрсетіңіз.

  3. Мұсылмандық құқықтың қайнар көздерінің жүйесін сипаттап беріңіз.

  4. Мұсылмандық құқықтың эволюциялық динамикасын және оның қазіргі құқыққа ынталандырылуын ашып көрсетіңіз.

11 тақырып «Үндістан құқығы»

Мақсаты: үндістік қауымдастықтың құқығын кезекпен қарасытырып шығу, оның бастауларын оқу, содан кейін Үндістанның құқығын ұлттық мемлекеттің құқығы ретінде қарастыру

Жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]