Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsionny_komplex.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

2 Салыстырмалы құқықтану идеясының орта ғасырларда дамуы

V ғасырда Батыс Римдiк империяның құлауымен ежелгi әлемнiң жоғары жетiстiгiн бiлдiретiн антикалық өркениет, онымен қоса сол кезеңде негiзгi болып табылған саяси және мемлекеттiк-құқықтық институттар да артта қалды. Осы дәуiрдiң орнына Орта ғасырлар келдi, зерттеушiлердiң әдiлеттi ескеруi бойынша, батыс европалық қоғам «өте көпке кейiнге қалдырылды және примитивтiк протомемлекеттерден iрi конгломеративтiк “варварлық” хандыққа жаңа беталыс жасауы қажет болды, ал соңында – орталықтандырылған ұлттық мемлекеттерге ауысуы керек деп есептелдi”.

Алайда, Батыс Рим империясының құлауы антикалық әлемнiң аса бай рухани құндылықтарынан ұзақ уақыт бойы айырылуға әкелгенiмен, оны мемлекеттiк-құқықтық идеялардың, салыстырмалы-құқықтық әдiстердiң, институтар мен жалпы адамзаттықты қоса алғанда, дамудың тарихындағы регресс ретiнде қарастыруға болмайды. Рим империясының құлауы Орта ғасырларда “экономикалық, әлеуметтiк және саяси өмiрдi ұйымдастырудың тарихи, өте маңызды нысандарын өзiнiң белгiсiз Шығыс елдерiне және антикалық әлемге” жасауға мүмкiндiк алған әрi римдiктерге саясат және құқықтық мәдениет жағынан орын берiп, Батыс Европаның саяси аренасына жаңа адамзаттық қауымдастықтың, этностардың және халықтардың шығуына мүмкiндiк бердi.

Айтылғандардың барлығы, толық көлемде салыстырмалы құқықтануға жатады, - оның идеяларына, әдiстемесiне, институттарына және мекемелерiне. Оның ертерек пайда болған құбылыстарынан, мысалы, Ежелгi Римде болуы мен қызмет етуi сияқты халықтардың құқықтары немесе антикалық дәуірдің аяқталуымен гректiк мемлекет-қалалардың салыстырмалы-құқықтық зерттеулерiн өткiзу, сөзсiз артта қалды. Бiрақ та олардың орнына, тiптi кейде олардың дамуына жаңа, бұрын танымал емес салыстырмалы құқықтанудың көрiнiс табуы мен нысандары келдi, салыстырмалы-құқықтық зерттеулердiң аумағында жаңа идеялар қалыптасты, салыстырмалы әдiстi белсендi түрде пайдалану сферасы мен географиясы кеңейтiлдi.

Рим империясы құлағаннан кейін салыстырмалы – құқықтық зерттеулер тек қана Жерорта теңіз бассейннің елдерінде ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азия, кейін Солтүстік Америка елдерінде кеңінен қолданды және белсене жүргізілді.

Аталып кеткен кезеңдегі салыстырмалы құқықтық идеялардың, құбылыстардың, институттардың ерекшелігі, олар белгілі бір кезеңдегі меншіктің негізінде емес, сонымен қатар рецепция негізінде, басқаша тілмен айтқанда, рим құқығының жаңа тарихи жағдайларға, жаңа мемлекеттік – құқықтық ортаға бейімделу негізінде қалыптасып, дамыды.

Рим құқығының рецепциясының даму тарихы бүкіл салыстырмалы құқықтанудың даму тарихының ажырамас бөлігі екенін атап айту қажет. Бұл тезис тек қана ортағасырлық салыстырмалы құқықтану дамуына ғана емес, жалпы мемлекет және құқықтың даму тарихына дұрыс болып табылады.

Бірақ салыстырмалы құқықтану идеяларының даму тарихы ортағасырларда және кейінгі жылдарда тек қана рим құқығының рецепциясымен шектеліп қоймайды. Салыстырмалы-құқықтық идеялар ұлттық құқықтық жүйелер негізінде дамыды және қолданылды. Қоғамның мемлекет және құқықтың, мемлекеттер арасындағы сауда және басқа да қатынастар даму процессінде сол кездегі қолданып жүрген рим құқығының институттары және қағидаларымен қатар, жаңа кезеңдегі, яғни ортағасырлық және кейінгі кезеңдегі құқықтық нормаларымен институттарын қолдану қажеттілігі туды.

Мұндай қажеттілік құқықтың кейбір саласының жүйеге келтірілуі және бірыңғайлануынан кейін туындады, әсіресе, ол азаматтық құқықта қатты сезінді. Бір құқықтық жүйенің немесе оның бөлек актілер мен институттардың басқаларға әсер етудің үлгісі ретінде Францияның 1804 жылы қабылданған Азаматтық кодексі немесе оның басқаша атауы, Наполеон кодексін келтіруге болады.

Қарастырылып отырған кезеңдегі салыстырмалы құқықтану тек қана рим құқығының рецепциясында және бірқатар мемлекеттердің заңнамасының практикалық дамуында ғана емес, сонымен қатар көптеген ғылыми зерттеулерде өз көрінісін және дамуын тапқан.

Салыстырмалы құқықтанудың ортағасырлардағы Еуропада дамуына хрестоматиялық әдебиет ретінде XV ғ. ағылшын зерттеуші – компаративист Фортескьюдің еңбектері болды. Ол алғаш рет Англия мен Франция заңдарын салыстырып көрді («Англияға билік ету» және «Ағылшын заңнамасын мақтау» еңбектері).

XV – XVI ғғ.Англияда басқа да көптеген авторлар құқықтық жүйелер мен институттарын салыстырып көрген. Х. Гермейннің «Доктор және студент» атты кітабы кеңінен таралған. Бұл еңбекте автор ортақ және канондық құқықтарды таразға салған жалпы, канондық және азаматтық құқықтарды салыстырған В.Фулбеке еңбектері белгілі.

Жаңару кезеңінде көбі Вольф пен Неттельбладтың еңбектеріне сүйенген. Сол кездегі Еуропадағы басым болған табиғи құқық теориясының жақтаушылары болғандықтан, олар құқықты салыстырумен айналысқан.

Табиғи құқық теориясын кейінгі жақтаушылары – Монтескье, Гроций, Пуффендорф және басқалары сияқты тұлғалар шынайы құқықтың жақтаушыларының кейінгі жолын қуушылары бұл салыстырмалы тәсілді табиғи құқық теориясының доктринасына тек қана түсінік беру үшін қолданғанын ескеру қажет.

Ортағасырлық салыстырмалы құқықтану тарихын зерттеген кезде Бэконның «О достоинстве және приращении наук» атты еңбегі көзге түседі. Бұл еңбекте автор ұлттық құқықты аша отырып, оның игілігін білуіміз қажет деп айтқан.

Қарастырылып отырған кезеңдегі салыстырмалы құқықтанудың дамуында неміс философы Лейбництің кейбір еңбектері («Құқық қолдану ортасы» трактаты) және басқа да көптеген авторлардың еңбектері маңызды рөл атқарған.

3 Салыстырмалы құқықтанудың қазіргі кезеңде дамуының ерекшеліктері. Қазіргі салыстырмалы құқықтанудың пайда болу уақытына қатысты оның «қазіргі» санағы басталатын уақытқа тоқталатын болсақ, онда бұл жағдайда ой-пікірлердің дуализміне жол берелік.

Бұл кезеңнің басталу уақыты жөнінде көптеген пікірлер мен ойлар бар. Кейбір авторлар бұл кезеңнің басталуы 1990ж. деп санайды. Бұл жылы алғаш рет әлемде Халықаралық салыстырмалы құқықтану конгрессі өтті. бұл конгресс салыстырмалы құқықтанудың ғылымы мен тәсілдерінің алға қарай дамуына себеп болды. Мұнда талқыланған дискуссия құқықтанудың бұл жаңа саласында қазіргі өнімді зерттеулер үшін негіз салды.

Кейбір авторлар қазіргі салыстырмалы құқықтану кезеңі XIXғ. II-ші жартысынан басталды деп атайды. 1869 жылы әлемде алғаш рет Англияның – Оксфорд және Кембридж университеттерінде «салыстырмалы юриспруденцияны» оқу және зерттеу құжырасы және Францияда салыстырмалы заңнаманы зерттеу қауымдастығы пайда болды.

Бірақ қазіргі заманғы салыстырмалы құқықтану ғылымын терең оқып-зерттеу үшін оның пайда болған басқа кезеңдерден айырмашылығы маңыздырақ болып көрінеді.

1869 жылы салыстырмалы құқықтанудың пайда болуы, алғашқы кездегідей, өзі-өзінен дамып отыратын сала ретінде танылды. Алайда, осыған қарай, кейбір көзқарастар да қалыптасты: салыстырмалы құқықтану ғылымының «жеке академиялық пән» ретінде, «құқықтық ғылым щеңберінде пайда болған білімнің жаңа саласы» және т.б. ретінде ғана толық тану туралы айтылды.

Басқа да өзге кезең сияқты, жаңа салыстырмалы құқықтануды терең әрі жан-жақты зерттеу үшін оның дамуының, оның пайда болуының нақты күнін анықтау, оның аяқталуының ешқандай маңыздылығы жоқ. Салыстырмалы құқықтанудың дамуының әр кезеңдері өздерінің пайда болуы мен дамуының даталарымен ерекшеленеді.

Дж. Майда салыстырмалы құқықтық зерттеу облысындағы маман, қазіргі заман салыстырмалы құқықтанудың дамуының төрт сатысын келтіре отырып және оларға түсінік бергенде, олардың хронологиялық күндеріне емес, сатылардың құрамы мен мазмұнына назар аударады.

Сөйтіп, XIX ғ. II-ші жартысынан - XX ғ. басында пайда болған бірінші сатысының ерекшелігі, ол «Құқықтың халықаралық бірыңғайлануына» себеп болды.

XX жүзжылдықтың 20 – 40-шы жылдарды алып жатқан екінші кезең ғалымдар – компаративистер пікірінше, салыстырмалы құқықтану – жеке бөлек ғылым емес, жеке білім саласы емес, ол тек қана ерекше, зерттеудің салыстырмалы – құқықтық әдісі.

40-50 ж.ж. шеңберімен хронологиялық шектелетін үшінші сатының ерекшелігі, бұл оны практикалық түрде оқып-зерттеуге бет алған, сонымен қатар, әсіресе Еуропа мен Америкада салыстырмалы-құқықтық білім беруге көп назар аударған.

Ендігі кезекте, соңғы сатыны қарастыратын болсақ, 60-шы жылдарда басталған төртінші сатыда бірқатар елдердің компаративистермен, бірінші кезекте белгілі француз ғалымы Р.Давидпен ойлап шығарылған «Ұлы жүйелердің» доктринасы - құқықтық жүйе ерекше маңызға ие.

Салыстырмалы құқықтанудың қазіргі кезеңі салыстырмалы құқықтану және мемлекеттанудың ғылымның жеке саласы ретінде және академиялық пән ретінде қалыптасу процесінің соңғы кезеңімен сипатталады. Салыстырмалы құқықтанудың дамуының қазіргі кезеңінің, оның бүкіл өмір сүру жылдарындағы, сипаттық ерекшелігі болып оның таралу және ықпал етуінің сферасы мен географиясының кеңеюі, сондай-ақ оның глобализациясы, біртіндеп институттануы және оның институттық рәсімделуі табылады.

Әдебиеттер: 2, 7-18б.; 3, 61-138б.; 4, 4-11б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ежелгі әлемдегі салыстырмалы құқықтанудың идеяларының туындауының негізгі жолдары мен нысандарын ашып көрсетіңіз?

  2. Орта ғасырлардағы салыстырмалы құқықтанудың дамуының қандай ерекшеліктері бар?

  3. Қазіргі кезеңдегі салыстырмалы құқықтанудың таралуының және ықпал етуінің сферасын және географиясының кеңею сипатын ашып көрсетіңіз?

4 тақырып «Салыстырмалы құқықтану және ұлттық құқық»

Мақсаты: салыстырмалы құқықтанудың ұлттық құқықпен органикалық байланысын көрсету: оның ұғымымен, нысанымен, қайнар көздерімен, тағайындауымен, қызметтерімен, мазмұнымен.

Жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]