Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsionny_komplex.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

1 Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтық жүйенің жалпы және ерекше белгілері

2 Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтарының өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы

3 Қазіргі Қазақстандағы халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың өзара қатынасының ерекшеліктері

1 Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтық жүйенің жалпы және ерекше белгілері. Халықаралық және ұлттық құқықтың ортақ белгілері мен ерекшеліктері туралы сұрақ ертеден өзіне осы құқықтық жүйенің дербес сипатына қатысты танылатын авторлардың көңілін аударды. Алайда, олардың ортақтығына емес, керісінше ерекшелейтін белгілерін анықтауға назар бөлінді. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзара қызметтесу және өзара байланысы сұрақтарын қарастыру кезінде олардың ерекшелейтін белгілерін ғана анықтау емес, сондай-ақ оларда бар ортақ қасиеттерін анықтауға да назар бөлу қажет.

Ұлттық құқықтық жүйелер мен халықаралық құқықтың жүйелерінің мұндай ортақ және ерекшелейтін белгілерін қарастырған кезде, олардың төмендегідей ортақ және ерекшелейтін белгілеріне назар аудару қажет.

Біріншіден, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтық жүйелердің реттеушілік сипаты.

Екіншіден, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың мемлекеттік – еріктілік сипаты.

Үшіншіден, халықаралық және ұлттық құқықтың реттеу объектісі мен пәнінде ортақ белгілер мен ерекшеліктердің бар болуы.

Төртіншіден, халықаралық және ұлттық құқықтың субъектілеріне қатысты ортақ белгілер мен ерекшеліктердің бар болуы.

Бесіншіден, олардың қайнар көздерінде «салынған» халықаралық және ұлттық құқықтың ортақ белгілері мен ерекшеліктерінің бар болуы.

Осы аталып кеткен, халықаралық және ұлттық құқықты сипаттайтын ортақ және ерекшелейтін белгілерден өзге, осы құқықтық жүйелерге тән басқа да белгілерді бар.

2 Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтарының өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы. Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтарының өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы туралы сұрақты шешу кезінде тарихи жолмен үш әртүрлі беталыстар байқалады – дуалистік және монистикалық екеуінің өзара бөлектейтін нұсқаларымен. Олардың әрқайсысы әртүрлі уақытта заңи академиялық әдебиеттерде және қолданбалы ортада белгілі бір таралуға тән. Осы беталыстарда осы немесе өзге қоғамда және мемлекетте қалыптасқан, өзінің ұлттық құқықтары туралы ғана емес, сондай-ақ халықаралық құқықпен өзара байланысы және өзара әрекеттесу туралы ресми және ресми емес тәртiпте сипатталады.

Дуалистік беталыс мәні халықаралық және мемлекет ішіндегі құқық екі әртүрлі, дербес құқықтық тәртіп ретінде қарастырылумен сипатталады. Алайда, «бұл дуалистер халықаралық құқықпен мемлекет ішіндегі құқықтың байланысын байқамайтындығын білдірмейді». Олар халықаралық құқық өзінің міндеттерін орындай алуы үшін, олар «тұрақты түрде ішкі құқыққа жүгінуі тиіс, өйткені ол кейбір кездерде ұлттық құқықтың көмегінсіз кейбір мәселелерді шеше алмайтындығын» ескеруі қажет.

Монистикалық беталыстың мәні халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың жүйесінің дербес сипатын жоққа шығарудан тұрады. Монистикалық теорияның екі нұсқасын айыруға болады. Олар бір-біріне тек қана қарама-қайшы емес, сондай-ақ бір-бірімен кей жағдайда өзара байланысады.

1. Халықарарлық және ұлттық құқықтың өзара байланысы және өзара әрекеттесуі процессінде соңғысы алғашқысына қарағанда басымдау келумен бірінші нұсқа сипатталады. Ұлттық құқық белгілі бір қоғам мен мемлекеттің еркі мен мүддесін көрсетуші ретінде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына қатысты басымдықты иеленетін нормалардың жүйесі ретінде қарастырылады.

Монистикалық теорияның осы нұсқасы екі әртүрлі түрлерге бөлінеді: а) халықарарлық құқықты ұлттық құқықтың бір ажырамас бөлігі деп қарастырған ғалымдар пікірімен байланысты. б) осы нұсқаның екінші бір түрін қолдаушылар халықаралық құқық ешкіммен біріге алмайтын және ұлттық құқыққа қайшы келетін жүйе ретінде қарастырады.

2. Монистикалық теорияның екінші нұсқасы — халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа қатысын тану. Жалпыға танымал қағидалар өзге халықарарлық құқықтық нормалар сияқты бірқатар мемлекеттердің конституцияларында ұлттық құқықтық жүйенің бөлігі сияқты бекітілген. Конституцияларда және өзге де нормативтік – құқықтық актілерде халықаралық құқықтық нормалар мемлекеттің құқықтық жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады деп тікелей көрсетілмеген.

3 Қазіргі Қазақстандағы халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың өзара қатынасының ерекшеліктері. Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтарының өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы туралы сұрақ әрқашанда отандық зерттеушілердің көз алдарында болған еді. Бұл жөнінде осы тақырып бойынша жазылған біршама басылымдар, сондай-ақ осы төңіректегі ғылыми дискуссиялар куә болады.

Тәуелсіздік алғаннан сәттен бастап және дербес мемлекет құру кезінде Қазақстанның заңнамасы халықаралық құқықтың нормаларын есепке ала отырып қалыптаса бастады. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл беталыстар өз орнын тапты. Конституцияда Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын құрметтейді деп айтылған (8-бап). Конституциялық Кеңестің көзқарастары бойынша, бұл норма Қазақстан Республикасы мемлекет ішіндегі құқықты құру кезінде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын есепке алады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келуі тиіс, Қазақстан Республикасымен қол қойылған және танылған халықаралық шарттар ғана заңдардың алдында басым бола алады.

Осы бапты қабылдау халықаралық құқықтың мәнін тану және оның Қазақстанның ішкі құқығымен қатынасының сипаты туралы сұрақты шешу кезінде Қазақстанның эволюциялық жолмен өткені туралы куәландырады.

Әдебиеттер: 2, 7-18б.; 3, 348-398б.; 4, 4-11б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық құқықтың ерекшеліктері мен негізгі белгілерін ашып көрсетіңіз.

  2. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтық жүйелердің қандай жалпы және ерекше белгілері бар?

  3. Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың өзара байланыс пен өзара әрекеттесудің сипаты қандай?

4 Қазіргі Қазақстандағы халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың өзара қатынасының ерекшеліктері көрсетіңіз.

6 тақырып «Қазіргі ұлттық құқықтық жүйелердің жіктелуінің негіздемелері»

Мақсаты: осы тақырыпты қарастыру кезінде қажеттілігін, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйелердің жіктелуінің мәселесінің практикалық және теориялық маңыздылығын анықтау әдістемелік маңызды болып келеді.

Жоспары:

  1. Құқықтық жүйелердің жіктелуінің қажеттілігі мен маңыздылығы

  2. Ұлттық құқықтық жүйе – жіктелудің негіз салушы объекті: ұғымы және элементтері

  3. Құқықтық жүйелердің жіктелуінің критерийлері

  4. Қазіргі құқықтық жүйелердің негізгі жіктелуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]