Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsionny_komplex.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

1 Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңіндегі құқықты түсіну мәселелері

2 Ұлттық құқықтың нысандарының ұғымы және оны салыстырмалы құқықтануда қолдану

3 Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы және оның құқық нысанының ұғымымен арақатынасы

1 Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңіндегі құқықты түсіну мәселелері. Қазіргі уақытқа шейін отандық және шетелдік заң ғылымында құқық туралы ортақ түсініктің өңделмегені туралы және бұл құқыққа қатысты көптеген мәселелерді шешуге кедергі келтіретіндігі көп заңға қатысты және қатысты емес адамдарды таң қалдырады. Бұл жөнінде көптеген мемлекеттердің мемлекеттік – құқықтық ортада жүргізілген зерттеулер дәлел.

Осылайша, XVIII ғ. соңында неміс классикалық философиялық негізін қалаушы И.Кант өзінің «Метафизика нравов» деген жұмысында (1797ж.) былай деп айтқан: «құқықтанушыны жаңылдырады – егер ол тавтологияға немесе жалпы шешімнің орнына түскісі келмесе, онда ол қандай да бір елдің қандай да болмасын заңдарына сілтеме жасауы қажет».

XIXғ. соңы мен XX ғ. басында жүзжылдық өткеннен кейін, өзге неміс ғалымы, белгілі заңгер Р.Иеринг, құқықты түсіну мәселесін қозғай отырып, құқықты талдаған кезде пайда болатын түсініксіздіктер мен жеткіліксіздіктерге назар аударған. Жалпы алғанда, құқық термині екі мағынада қолданылады: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада құқық – ол мемлекетпен қорғалатын бүкіл құқықтық жағдайлардың жиынтығы, өмірдің заңдық тәртібі. Субъективтік мағынада – тұлғаның нақты бір құқық қабілеттігіне абстрактілі ережелерді нақты қолдануы.

Кейінгі кезеңде де шетелдік авторлар осындай тәрізді құқықтың түсініксіздігі және жетістіктері, одан туындайтын мәселелер туралы айтқан. Бұл мәселелер XX ғ. бойы көптеген таластар туғызған және қазіргі кезде де бұл мәселелер маңызды болып тұр. Бұған басылып шығарылған көптеген монографиялар, кітапшалар мен мақалалар дәлел болады.

Әртүрлі құқықтық және ұлттық құқықтық жүйелердің ұқсас жерлерін табу және зерттеу тек қана сондай мәселелерді шешу үшін емес, сонымен қатар құқық туралы ортақ түсінікті зерттеп дайындау үшін маңызды болып табылады. Отандық және шетелдік авторлар қолдаған ұлттық құқықтың мынадай ерекшеліктері мен белгілері бар: а) жүйеге және тәртіпке келтірушілік; б) нормативтілік; в) императивті, билік етуші сипатта; г) жалпыға міндетті және жалпыға танымал; д) формальдік анықтама; е) жалпылық масштабы және барлық индивидтерге қатысты теңдік; ж) реттеуші маңызға ие; з) жан-жақты қамсыздандыру (мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың көмегімен) және кепіл беру.

Құқықтың қиындығын, жан-жақтылығын және қарама-қайшылығын ескере отырып, аталып өткен белгілердің мәңгілігі мен сұрақ туғызбайтындығы туралы айту қиын. Соған қарамастан, олар құқық туралы жалпы және нақты түсінік беріп, салыстырмалы құқықтануда туындаған дәстүрлі мәселелерді шешуге көмектеседі.

2 Ұлттық құқықтың нысандарының ұғымы және оны салыстырмалы құқықтануда қолдану. Салыстырмалы құқықтану құқықтық нормалар жүйесінің және ұлттық құқықтық жүйенің аналогы болмаса да, бұл олардың түсініктерін кеңінен қолданады. Бұл сондай-ақ «құқық», «құқықтық қатынас», «құқықтық шығармашылық» және басқаларға қатысты. Ұлттық құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі бола отырып, бұл терминдер салыстырмалы құқықтануда қолданылады. Бұл айтқанымыз тек қана кейбір терминдер мен түсініктерге ғана емес, жалпы ұлттық құқықтық жүйенің түсінік беру аппаратына тән. Бұл «нысан» немесе «құқықтың қайнар көзі» термині мен ұғымының мазмұнына қатысты.

Осы терминдер қандай мағында қолданылады, олардың әртүрлі құқықтық жүйелердің мағыналары ұқсас па, - осыдан әртүрлі жүйелерді салыстыру тәуелдігі туады.

Қазіргі кезде «құқық нысаны» және «құқықтың қайнар көзі» терминдердің мағыналарын салыстыру сияқты екінші деңгейлі сұрақтар бойынша құқықтың қайнар көздерінің мәселелерімен айналысатын көптеген ғалымдар арасында ортақ ой-пікір жоқ. Белгілі бір құқықтық жүйедегі оның нысаны мен қайнар көздерін қарастырғанда, бұл терминдердің мағынасын түсіну үшін және кейін шатастырмас үшін оларды бөлек алып қарау керек.

Алдымен, «құқық нысаны» терминінің мазмұнына талдау жасаймыз, ал бұдан кейін «құқықтың қайнар көздері» терминінің мазмұнын ашып, оның «құқық нысаны» терминімен арақатынасын қарастырамыз.

Құқықтың ортақ түсінігін зерттеп шығару мәселесін шеше отырып, құқық теориясымен өңделген және заң тәжірибесімен бекітілген келесідей постулаттарға сүйену қажет. Біріншден, құқық нысаны құқықтың өзі сияқты көпжақты және көпмағыналы екенін ұмытпау қажет. Құқықтың әр нысаны жеке философиялық, әлеуметтік, құрамды – заңды және өзге де аспектілерге ие.

Екіншіден, құқық нысаны басқа да құбылыстардың нысаны сияқты өзі жеке, әлеуметтік – класстық сипатқа және мазмұнға ие болғаннан кейін, бұл нысан белгілі бір мағынаға ие болады және әлеуметтік мағынадағы феноменге айналады. Мұнсыз нысан ешқандай мағына бермейтін абстракция болады.

Үшіншіден, құқық нысанының түсінігін анықтаған кезде, ол әдістемелік мағынада ажырамастай байланысты, теоретикалық және тәжірибелік мағынада мазмұнға жұп категория ретінде келетіндігін ескеру қажет. Бұл дегеніміз, басқа философиялық және құқықтық категориялармен салыстырғанда, нысан мен мазмұны бір-бірімен тығыз, диалектикалық байланыста болады және бір-бірін толықтырады.

Төртіншіден, құқық нысаны, мазмұны сияқты әрқашанда даму барысында болады және динамикалық құбылыс болып табылады.

«Құқық нысаны» категориясының өзі құқықтың сыртқы сипаттамасы және ішкі ұйымдастырылуының (қабылдау, құрал-жабдық) тәсілі, сондай-ақ нақтырақ айтқанда, құқық нормаларында бар тәртіп ережелері сияқты анықталуы мүмкін.

3 Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы және оның құқық нысанының ұғымымен арақатынасы. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және оның құқықтың нысанымен арақатынасы туралы отандық және шетелдік авторлардың көп жылдар бойы толғандыратын мәселе. XX ғ басында И.В. Михайловский жазған: «қайнар көз» термині осы кезеңге дейін әртүрлі мағынаға ие және бұл жөнінде көптеген талас-тартыстар болып жатыр. Егер де олар көптеген жерлерде ғылым қолданатын терминнің «түсінігінде келіссе, мәселе шешілер еді». Автордың пікірінше, терминнің «құқықты жасау» мағынасына ғалымдар келіседі, ал таластар «құқықжасаушы факторлар» жөнінде басталады. Автор бұл мәселелерді жақын уақытта тез шешілуіне сенімді болды. Бірақ автор қателесті не болмаса тарих өзгеше шешті.

XX ғ. 40 ж.ж. құқықтың қайнар көздерінің ұғымының мәселелеріне қатысты дискуссиялар құқықтың қайнар көзі ретінде «мемлекеттік билікпен жалпыға міндетті күш беретін тәртіп ережелерінің тәсілі» немесе кең мағынада құқықтың қайнар көздері ретінде «жұмыс классының диктатурасы, яғни кеңестік билік», ал арнайы мағынада «заң шығарушылық нормалар» түсінілген жағдайларда болып өтті.

Кейінгі жылдарда да бұл мәселе әрқашан өзекті болған. Берілген фактіні талдай отырып, Ф.С. Кечекьян былай деп жазған: осы ұғым «құқық теориясындағы түсініксіздер қатарына жатады». Бұл жерде жалпы қабылданған түсініктің жоқ болуымен қатар, «құқық қайнар көздері» сөзі анықталатын мағынаның өзі талас туғызады.

Бұл ежелдегі ғана емес, қазіргі әдебиеттерде де көрсетілген. Қазіргі күнге дейін де кейбір авторлар отандық әдебиеттерде жалпы қабылданған «қайнар көзі» терминінің жоқ екенін айтады.

Бұл терминнің көп мағыналылығын ескере отырып, «құқықтың қайнар көзі» деп түсінуге болады: а) құқықты жасайтын күштер. Мысалы, құқықтың қайнар көзі ретінде Құдай еркін, халықтың еркін, құқықтық сана-сезімді, мемлекеттік билік және әділдік идеясын түсіну қажет деп бекіткен жағдайда; б) «заңнаманың негізіне салынған» материалдар. Мысалы, рим құқығы германдық азаматтық кодекстің, ағартушы-ғалым Потьенің еңбектері Наполеон кодексінің, Литалық статут Алексей Михайловичтің Уложениясы үшін қайнар көз ретінде болғанда; в) бұрын қолданыста болған құқықтық маңызға ие тарихи ескерткіштер. Мысалы, «Русская Правда» жұмыстары бойынша және т.с.с. г) қолданыстағы құқықтың танылуының құралы. Мысалы, «құқықты заңнан тануға болады» деп айтқанда.

Сонымен қатар, бұл термин философиялық және құрамды-заңды тұрғыдан қарастырылады. Философиялық тұрғыдан қарағанда, ең біріншіден, құқықтық жүйенің қандай философиялық идеялар негізге алынды, қандай философиялық конструкцияға сүйеніп жасалынғанына назар аударылады.

Ал, құрамды-заңи тұрғыдан қарағанда, құқықты ішкі ұйымдастыру құралдарына, сыртқы білдіру нысандарына назар аударылады. Бұл жерде құқықтың қайнар көзінің мәні «құқық нормаларды объективтік шындыққа бола алатын идеялар ретінде рәсімдеу және бекіту» және «заңгерлер позитивтік құқық туралы білім алатын жер».

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік әдебиеттерде құқықтың қайнар көзі туралы мәліметтер кеңінен таралған және көп қолданбалы болып табылады. Ежелден заң ғылымында шынайы қайнар көздерден құрамдыға апарып жеткізуі қалыптасқан. Оның да жақсы жақтары бар. Құрамды түсінік басқаларымен салыстырғанда үнемі тәжірибелік қолданыста болады, анықтамасы ашық дәл болғандықтан, оның тәжірибелік маңызы зор.

Қайнар көздің түсінігі, мазмұны және жүйесі туралы сұрақты қарастыра отырып, құқықтың қайнар көздері ұғымының құқық нысанының ұғымымен арақатынасының теоретикалық және тәжірибелік маңызды мәселелерін қозғамай болмайды. Бұл мәселе отандық және шетелдік авторлармен әрқашанда шешілді және қазіргі уақытта бірдей болып шешіле бермейді. Осы сұрақты шешудің бір-бірімен байланыспайтын және бір-бірінен ерекше айырмашылықтары бар екі маңызды нұсқалары бар:

  • оның ішінен біріншісінің мәні мынада, құқықтың қайнар көздерінің құқықтың нысанымен толық сәйкестігімен, құқықтың қайнар көздерінің құқық нысанына ұқсатумен және, керісінше, құқық нысаны – құқықтың қайнар көздеріне қатысты;

  • құқықтың нысаны мен қайнар көздерінің арақатынасының мәселесін шешуге екінші беталыстың мәні мынада жатыр, олардың ұғымы бір-бірімен толығымен сәйкес келмейтін, ал олардың терминдері – бір-біріне теңдікте емес екендігі ретінде қарастырылады.

Әдебиеттер: 2, 7-18б; 3, 249-323б.; 4, 4-11б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Салыстырмалы құқықтанудың ұлттық құқықпен байланысы немен сипатталады?

  2. Салыстырмалы құқықтану мен ұлттық құқықтың дамуы үшін құқықты қолдану мәселелерін шешудің маңыздылығын анықтаңыз.

  3. Ұлттық құқық пен оның белгілерінің ұғымын ашыңыз.

  4. Ұлттық құқықтың нысанының түсінігін және оны салыстырмалы құқықтануда қолданылуын анықтаңыз.

  5. Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы қандай және ол құқық нысанының түсінігімен қалай қатынасады?

5 тақырып «Салыстырмалы құқықтану және халықаралық құқық»

Мақсаты: салыстыру әдісі көмегімен халықаралық және ұлттық (мемлекет ішіндегі) құқықтың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің сипатын ашу

Жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]