Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
570
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

55. Құқықтың реттеу пәні.

Құқықты салаға бөлу үшін екі критери қолданылады: құқықтың реттеу пәні мен әдісі.

Құқықтық реттеудің пәні болып әрқашанда құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Қоғамдық қатынастардың көп түрлілігі осы қатынастарды реттейтін құқық нормалардың әртүрін, жиынтығын анықтайды. Яғни, қоғамдық қатынастар өзінің түрлеріне сәйкес қандай да бір белгілері бойынша салаларға немесе топтарға бөлініп, тиісті белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен, тобымен реттеледі. Мысалы, еңбек қатынасы – белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен реттелетін қоғамдық қатынастың бір саласы. Сол сияқты отбасы қатынастары, мүліктік қатынастар бөлек құқық нормаларының жиынтығымен реттеледі. Сонымен, құқықтық реттеудің пәні – құқықпен не реттеледі? деген сұраққа жауап береді. Бұл құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық реттеудің пәні құқық салаларын бір бірінен айыратын негізгі критерия, негіз болып табылады.

56. Құқықтық реттеудің әдістері.

Құқықтық реттеудің пәні – «құқық нені реттейді?» деген сұраққа жауап берсе, әдіс – «қалай реттейді» деген сұраққа жауап іздейді. Егер құқықтық реттеудің пәні материалдық критерия болса, әдіс – формальді – заңи болып табылады.

Құқықтық реттеудің әдіс – біртекті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын заңи құралдардың жиынтығы.

Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері бар:

  • императивтік – тыйым салу, жазалауға негізделген биліктік өкім ету, субординация әдісі, императивтік әдіс құқықтық өкімдерден бас тартуға жол бермейді. Бұнда құқықтық қатынастың пайда болу негізі мемлекеттік – биліктік бұйрық болып табылады: соттық үкім, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы; ол көбінесе әкімшілік және қылмыстық құқыққа тән болады.

  • диспозитивтік – ерік беруге негізделген, тараптардың теңдігі кодификация әдісі. Бұл әдіс құқықтық қатынасқа қатысушыларға өзара қатынастарын өз қалауларынша реттеуге құқық бере отырып, белгілі дәрежеде дербестік береді. Бұл әдіс азаматтық, отбасылық құқықтарға тән. Оған «егер заңда өзгеше көзделмесе» деген қаратпа тән болып келеді.

  • қолдау әдісі – қандай да бір лайықты мінез құлығы үшін мадақтау әдісі; ол көбінесе еңбек құқығында кездеседі.

  • ұсынбалы әдіс – қоғам мен мемлекет үшін нақты пайдалы кеңес беру әдісі. Ол кәсіпкерлік құқыққа тән.

Құқықтық реттеудің әдісі оның пәнімен анықталады. Мәселен, әкімшілік құқықтағы императивтік әдіс мемлекет басқару саласындағы субъектілерде болатын билік және бағыну қатынастарының сипатынан туындайды.

Егер әр құқық саласында өзінің реттеу пәні болса, онда құқықтық реттеу әдісі бірнеше құқық саласына тән болуы мүмкін (жоғрыда қара).

57. Материалдық және процессуальдық құқық

Құқық мемлекеттің белгілі бір даму сатысында оның міндеттері мен функцияларына сәйкес қоғамдық қатынасты реттеуге бағытталған. Қоғамдық қатынасты реттеу нысанына байланысты құқық мазмұн мен нысан ретінде яғни, материалдық және процессуальдық болып бөлінеді. Материалдық құқық нормасы сол қоғамдық қатынастарды реттейді. Материалдық құқық сала жүйесінінің дамуымен анықталады. Оған мыналар жатады: азаматтық, еңбектік, отбасылық, әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық құқық. Демек, азаматтық құқық – әртүрлі мүліктік және осымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейтін, құқық жүйесінің ішінен ең көлемді сала. Азаматтық құқық нормалары сан алуан меншік нысандарын қорғайды және бекітеді, мүліктік қатынастағы тараптардың құқықтыры мен міндеттерін анықтайды, өнер, әдебиет және т.б. шығармаларын жасаумен байланысты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық арқылы азаматтың мүліктік емес құқықтары – ар намыс, абырой қорғалады. Еңбек құқығы адамның еңбек қызметі үрдісіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін сала. Еңбек құқығы өндірістік қызметте жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланудан туған қоғамдық қатынастар., яғни еңбек қатынастары мен олармен тығыз байланысты еңбектік емес қатынастар жатады, соңғыларына а) ұйымдық басқару қатынастары; ә) қызметке орналасу мен қызметті қамтамасыз ету қатынастары; б) өндірісте мамандарды тікелей дайындау; в) зиян орнын толтыру; г) еңбек дауларын қарау бойынша процесуальдық қатынастар; д) еңбекті қорғау және еңбек заңын сақтау бойынша қатынастарды реттейді. Қылмыстылықты және іс-әрекеттердің жазалылығын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, жаза жүйесін, оны тағайындау тәртібі мен шарттарын, сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату негіздерін анықтайтын, мемлекеттік жоғары органдарымен бекітілген заңдық нормалар жинағы қылмыстық құқық деп аталады.

Қылмыстық құқық қылмыстың жасалуымен байланысты туатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Процессуальдық құқықтық нормалар материалдық құқық нормалардың көрінісі және іске асыру нысаны болып қызмет атқаралы. Үрдіс дегеніміз заң өмірінің нысаны. Процессуальдық нормалардың басты ерекшелігі – олардың субъективтілігі, сонда ғана материалдық норма объективті болып табылады. Процессуальдық құқық материалдыққа қарағанда екінші кезекте. Процессуальдық құқықтың құқықтық реттеу пәні өзгеше. Егер материалдық құқық сол қоғамдық қатынасты қарастырса, ал процессуальдық құқық материалдық құқық нормаларының іске асуын қарастырады. Процессуальдақ құқық нормалары құқық бұзылған сәттен немесе құқықта дау туындаған жағдайдан бастап әрекет етеді.

Процессуальдық құқық салаларына қылмыстық-процессуальдық және азаматтық-процессуальдық құқық жатады. Азаматтық-процессуальдық құқық азаматтық, еңбектік және отбасылық дауларды сотта қарастыру үрдісінде туындайтын қатынастарды реттейді. Азаматтық-процессуальдық құқық нормалары әділсотты жүзеге асыру барысындағы соттардың құқықтар мен міндеттерін, әділсот міндеттерін анықтайды; азаматтық процеске қатысушылардың құқықтық жағдайын бекітеді, сот талқысының барысын регламенттейді. Басты нормативтік-құқықтық акт – Азаматтық процессуальдық кодекс. Қылмыстық-процессуальдық құқық қылмыстық іс бойынша өндіріс тәртібін бекітетін нормаларды біріктіреді. Қылмыстық-процессуальдық нормалар анықтама, алдын ала тергеу, прокуратура, сот органдары қызметі және істі соттық тергеудегі, қылмыстық істі шешудегі олардың азаматтар мен қарым-қатынасын реттейді. Бұл саланың негізгі нормативтік-құқықтық акт – Қылмыстық процессуальдық кодекс.

Айтылғандар басқа да құқықтық салаларда құқықтың процессуальдық нормаларының бар екендігін жоққа шығармайды. Олар бар да, қолданылуда, бірақ материалдық құқықтармен бірге бір нормативтік-құқықтық актілердің құрамдас бірлігінде. Мысалы келтірсек, азаматтықты алу тәртібін бекітуші нормалар Конституциялық құқықта, істің әкімшілік шешілу тәртібі ҚР әкімшілік құқығында.