- •2. Мемлекет және құқық теориясының заңгер-құқықтанушылар, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тәжірибелік маңызы.
- •Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары.
- •6. Мемлекет ұғымы және оның белгілері.
- •7. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар.
- •8. Мемлекеттің типологиясының формациялық және өркениеттік көзқарастары.
- •9. Мемлекет нысанының (құрылысы) түсінігі, оның элементтері.
- •10.Басқару нысаны: түсінігі және түрлері.
- •Республика белгілері :
- •11. Мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі және түрлері.
- •12. Мемлекеттік (саяси) режим :түсінігі , түрлері.
- •13. Демократия : түсінігі және оның нысандары.
- •14.Мемлекеттің міндеттері және функциялары: түсінігі, мазмұны және жіктелуі.
- •Мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру нысаны – бұл оның функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қызметінің түрлері.
- •Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
- •Мемлекеттің сыртқы функциясы – алдында тұрған ішкі мақсаттарын орындаумен байланысты мемлекет қызметінің негізгі бағыты.
- •16.Мемлекеттің сыртқы функциялары. Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
- •17.Мемлекеттің функциясын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының ішкі істер орғандарының рөлі.
- •18. Мемлекеттік аппарат түсінігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппарат құрылымы.
- •19.Мемлекеттік орған: түсінігі және белгілері.
- •20.Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратын ұйымдастыру қағидалары және қызметі.
- •21. Қазақстан Республиканың ішкі істер органдарының мемлекет аппаратындағы орны.
- •22. 1994 Жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының реформалануы.
- •24. Қазақстан Республикасының заң шығару билігі.
- •27. Саяси жүйе: түсінігі және құрылымы.
- •28. Құқық түсінігінің негізі тұжырымдары.
- •29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.
- •30. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың түрлері.
- •31. Құқық нормасы: түсінігі және белгілері
- •32. Құқық нормасының құрылымы.
- •33. Құқық нормасы мен нормативтік акт баптарының ара қатынасы
- •34. Құқық нормасының жіктелуі
- •35. Құқықтың нысандары (қайнар көздері)
- •36. Құқықтық әдет – ғұрып.
- •37. Сот (әкімшілік) прецеденті
- •38. Келісім шарт құқық қайнар көзі ретінде
- •39. Нормативтік - құқықтық акт: түсінігі және түрлері
- •40. Заң: түсінігі, белгілері және түрлері
- •41. Нормативтік актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша әрекет етуі.
- •42. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 24.03.1998 жылғы заңына жалпы сипаттама
- •43. Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығының түсінігі
- •А. Заңнамалық актілерге және заңнамаға мыналар жатады:
- •44. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің нормативтік – құқықтық негізі.
- •45. Қоғамның құқықтық жүйесі: түсінігі мен құрылымы. Құқықтық семья
- •46. Романо – германдық құқықтық семья
- •47. Англосаксондық құқықтық семья
- •48. Мұсылман құқығы
- •49. Құқықшығармашылық: түсінігі және түрлері.
- •50. Заңшығарушылық үрдіс: ұғымы мен кезеңдері.
- •51. Нормативтік актілерді жүйелеу: ұғымы мен түрлері.
- •52. Құқық жүйесі: ұғымы және элементтері.
- •53. Құқықтық институт.
- •54. Құқық саласы.
- •55. Құқықтың реттеу пәні.
- •56. Құқықтық реттеудің әдістері.
- •57. Материалдық және процессуальдық құқық
- •58. Құқықтық қатынас түсінігі.
- •59. Заңды факт
- •60. Құқықтық қатынас құрамы (элементтері)
- •61. Құқықтық қатынас субъектілері
- •62. Құқықтық қатынас объектілері
- •63. Құқықтық қатынас мазмұны
- •64. Құқықты іске асыру: түсінігі және нысандары
- •65. Құқықты қолдану.
- •66. Құқықтық нормалар қолдану актілері: түсінігі, түрлерінің ерекшеліктері
- •67. Құқықтағы ақаулық және оның орнын толтыру әдістері
- •68. Құқықтағы мирасқорлық және жаңару. Құқық рецепциясы.
- •69. Құқық нормасын талқылау
- •70. Талқылау әдістері (тәсілдері)
- •71. Субъект бойынша талқылау түрлері
- •72. Құқықтық сана түсінгі, құрылымы және түрлері
- •73. Құқықтық сана, құқықтық тәртіп және құқықтық мәдениет
- •74. Құқықтық нигилизм түсінігі және нысандары
- •75. Заңдылық түсінігі және қағидалары
- •76. Заңдылық жағдайына әсер етуші факторлар.
- •77. Заңдылық және тәртіп. Тәртіп түрлері.
- •78. Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп түсініктері, олардың қатынасы.
- •79. Құқықтық мінез-құлық түсінігі, оның түрлері.
- •80. Құқықбұзушылық түсінігі, оның белгілері, түрлері.
- •81. Құқықбұзушылық құрамы
- •82. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және қағидалары.
- •83. Заңды жауапкершілік түрлері.
- •85. Мемлекет пен құқық, олардың арақатынасы.
- •86. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.
- •87. Азаматтық қоғам: ұғымы мен құрылымы.
- •88. Азаматтық қоғам және Қазақстандағы мемлекет.
- •89. Құқықтық мемлекет: ұғымы және негізгі тұжырымдамалары.
- •90. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауындағы мемлекет және құқық мәселелері
50. Заңшығарушылық үрдіс: ұғымы мен кезеңдері.
Парламетте жүзеге асырылатын заңшығарушылық процесс мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халықтың еркі қалыптасуын білдіреді және заңшығару қызметінің сатылары арқылы көрініс табады. Біздің Республикамыздың Парламентіндегі заңшығарушылық процессі Конституция (61,62 баптары), 1995 жылы 16 қазанда қабылданған «Қ.Р. Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның III тарауымен және «Қ.Р. нормативтік құқықтық актілері туралы» заңмен (1998 жылы 24 науырызда қабылданған) реттеледі және оның төмендегідей сатылары қарастырылған:
заң шығару бастамасы;
заң жобасын талқылау;
заңды қабылдау;
заңды жариялап, күшіне енгізу.
Заң шығару бастамасы – заң шығару бастамасына құқығы бар субъектінің Парламент қарауға міндетті заңдар жобасының мәтінін ресми енгізуі. Заң шығару бастамасы құқығы Парламент депутаттары мен Үкіметке тиесілі және тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады.
Заң жобасының Парламентте талқылануы.
Заң жобасының Мәжілісте қаралуы.
Мәжілістің қаулысының негізінде оның тиісті тұрақты комитетері заң шығару бастамасы субъектісінің енгізген заң жобасын алдын ала талқылайды.
Мәжілістің заң жобасы бойынша пленарлық отырысы ол жөнінде осы комиссияның қортындысы болған жағдайда ғана өткізіледі.
Мемлекеттің кірісін қысқарту немесе мемлекеттік шығындарды ұлғайтуды қарастыратын заңдардың жобалары Үкіметтің оң қорытындысы болса ғана енгізіледі. Заң актілерінің жобаларын қарау кезектілігін Парламент, оның Палатасы және Конституцияның 61 бабының 2 тармағына, «Қ.Р.Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 17 бабы 2 тармағына сәйкес заң юобалары жедел қаралуының басымдығын айқындауға, жариялауға құқылы (бұндай жағдайда Парламент оны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауға міндетті) Президент анықтайды. Парламент Президенттің бұл талабын орындамаған жағдайда ол жаңа заң қабылданғанға дейін әрекет ететін заң күші бар жарлық шығаруға құқылы.
Мәжіліс бюросы заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру жөнінде шешім қабылдайды. Мұнда заң жобасы бірнеше рет, әдетте, екі рет, кейде одан да көп рет пысықталады (Конституциялық заңдардың жобасы).
Мәжіліс депутаттары қарастырып және жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы, сонымен қатар осы палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен мақұлданған конституциялық заңның жобасы Сенатқа беріледі.
Заң жобасының Сенатта қаралуы. Сенатта Мәжіліс берген заң жобасы оны алған күннен бастап 60 күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналып, Президенттің қол қоюына беріледі. Егер заң жобасы тұтастай Сенат депутаттарының көпшілік дауысымен құпталмаса, ол Мәжіліске қайтарылады. Егер жобаны Мәжіліс депутаттары жалпы сандарының үштен екісінің дауысымен қайтадан мақұлдаса, ол Сенаттың қайта қарауына беріледі. Егер заң жобасы Сенатта қайтадан мақұлданбаса, ол сол сессияда қаралмайтын болады. Сенат депутаттарының көпшілік дауысымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен итолықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер төменгі палата ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға (депутаттардың көпшілік дауысымен) келіссе заң қабылданған болып саналады, ал келіспеген жағдайда Мәжіліс пен Сенат арасындағы заң жобасы бойынша қайшылық келісімдік әдістер арқылы шешіледі. (Конституцияның 61 бабының 5- тармағы, «Қ.Р. Парламент депутатарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 18 бабының 2- тармағын қара).
Егер Үкіметтің енгізген заң жобасы қабылданбаса Премьер – Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім білдіру жөнінде мәселе қоюға құқылы.
Бұл мәселені дауысқа салу 48 сағаттан кейін жүргізіледі. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Конституцияда белгіленген қажетті дауыс санын жинамаса, заң жобасы дауысқа салусыз қабылданған болып саналады. Үкімет бұндай құқықты жылына екі реттен артық емес пайдалана алады.
Заң шығарушылық тәжірибесінде бұндай жағдай 1996 жылы «ҚазССР- да азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚазССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын талқылағанда қолданылған болатын.
Конституцияның 72 бабының 2 - тармағына сәйкес Конституциялық Кеңес Президент қол қойғанға дейін Парламент қабылдаған заңның Қ.Р: Конституциясына сәйкетілігін қарайды.
Заңды қабылдау. Бұл сатының заң жобасын талқылау сатысымен тығыз байланыстығын ескерген жөн. Жоба Сенат депутаттарыжалпы санының көпшілік дауысымен қабылданғаннан кейін заңға немесе осы палата депутаттарының үштен екісінің дауысымен қабылданса Конституциялық заңға айналады. Алайда, заңның қабылдануы оның заңды күшіне енуін білдірмейді.
Парламентпен мақұлданған заңдар оның әр палатысының төрағаларының қолымен, егер заң жобасын Үкімет енгізсе, Премьер – Министрдің қолымен бекітіліп, 10 күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Президент 15 күннің ішінде ұсынылған заңға қол қойып, оны жариялайды немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта қарап дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады. Егер 15 күннің ішінде заң Парламенке қайтарылмаса, қол қойылған деп саналады. Егер заң Парламент сессиясының жабылуына дейін қайтарылмаса, ол кезекті сессияның бірінші күні Парламентке қайтарылады. Республика заңдары оған Президент қол қойғаннан кейін ғана заңды күшіне енеді. Дегенмен, бұл Президенттің жоғарғы заң шығарушы органның уәкілеттігін пайдаланады деген сөз емес. Президенттің вето құықығы тек заңның күшіне енуін тоқтата тұрады, өйткені Парламент заңды екінші рет қабылдауға құқылы. Бұл – биліктің бөліну қағидасы «тежеу» жүйесінің қолданылуын білдіреді.
Президенттің қарсылығын тудырған заң немесе оның баптары бойынша қайта талқылау мен дауысқа салу қарсылық жіберілген күннен бастап бір айдың ішінде жүргізіледі. Бұл мерзімді сақтамау Президент қарсылығының қабылдануын білдіреді. Егер Парламент оның әр палатасы депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын өздері қабылдаған заңда толығымен немесе оның жекелеген баптарын қолдаса Президенттің қарсылығы жоққа шығарылады.
Бұндай жағдайда заң немесе оның тиісті баптары Парламентпен бірінші рет мақұлданған редакциясында қабылданған болып саналып, Президент оған жеті күннің ішінде қол қояды (Парламент .....туралы Конст. Заңның 20 бабының 5- тармағын қара).
Егер Парламент дауысқа салу нәтижесінде Президенттің қарсылығын еңсере алмаса заң қабылданбаған немесе егер Президент қарсылығында заңның, оның жекелеген баптарының жаңа редакциясы ұсынылған болса сол редакцияда қабылданған болып саналады (Конституцияның 53 бабы, 3 тармағын, «Парламент..... туралы» Конст. Заңның 20 бабы, 5,6 тармақтарын қара ).
Заңдарды жариялап күшіне енгізу.
Заңдарды жариялау процессі және олардың күшіне енуі «нормативтік құқықтық акт туралы » 1998 жылы қабылданған және 2002 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңмен реттеледі. Біздің Республикамыздың заң актілері Парламент жаршысында жарияланады. Заңдардың күшіне ену мерзімі – аталмыш заңның 36 бабы 1- тармағына сәйкес, егер сол актіде немесе оны күшіне енгізу жөніндегі актіде өзге мерзімдер көрсетілмесе олардың ресми жарияланғанынан 10 күнтізбелік күн болып табылады.