- •2. Мемлекет және құқық теориясының заңгер-құқықтанушылар, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тәжірибелік маңызы.
- •Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары.
- •6. Мемлекет ұғымы және оның белгілері.
- •7. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар.
- •8. Мемлекеттің типологиясының формациялық және өркениеттік көзқарастары.
- •9. Мемлекет нысанының (құрылысы) түсінігі, оның элементтері.
- •10.Басқару нысаны: түсінігі және түрлері.
- •Республика белгілері :
- •11. Мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі және түрлері.
- •12. Мемлекеттік (саяси) режим :түсінігі , түрлері.
- •13. Демократия : түсінігі және оның нысандары.
- •14.Мемлекеттің міндеттері және функциялары: түсінігі, мазмұны және жіктелуі.
- •Мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру нысаны – бұл оның функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қызметінің түрлері.
- •Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
- •Мемлекеттің сыртқы функциясы – алдында тұрған ішкі мақсаттарын орындаумен байланысты мемлекет қызметінің негізгі бағыты.
- •16.Мемлекеттің сыртқы функциялары. Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
- •17.Мемлекеттің функциясын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының ішкі істер орғандарының рөлі.
- •18. Мемлекеттік аппарат түсінігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппарат құрылымы.
- •19.Мемлекеттік орған: түсінігі және белгілері.
- •20.Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратын ұйымдастыру қағидалары және қызметі.
- •21. Қазақстан Республиканың ішкі істер органдарының мемлекет аппаратындағы орны.
- •22. 1994 Жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының реформалануы.
- •24. Қазақстан Республикасының заң шығару билігі.
- •27. Саяси жүйе: түсінігі және құрылымы.
- •28. Құқық түсінігінің негізі тұжырымдары.
- •29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.
- •30. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың түрлері.
- •31. Құқық нормасы: түсінігі және белгілері
- •32. Құқық нормасының құрылымы.
- •33. Құқық нормасы мен нормативтік акт баптарының ара қатынасы
- •34. Құқық нормасының жіктелуі
- •35. Құқықтың нысандары (қайнар көздері)
- •36. Құқықтық әдет – ғұрып.
- •37. Сот (әкімшілік) прецеденті
- •38. Келісім шарт құқық қайнар көзі ретінде
- •39. Нормативтік - құқықтық акт: түсінігі және түрлері
- •40. Заң: түсінігі, белгілері және түрлері
- •41. Нормативтік актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша әрекет етуі.
- •42. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 24.03.1998 жылғы заңына жалпы сипаттама
- •43. Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығының түсінігі
- •А. Заңнамалық актілерге және заңнамаға мыналар жатады:
- •44. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің нормативтік – құқықтық негізі.
- •45. Қоғамның құқықтық жүйесі: түсінігі мен құрылымы. Құқықтық семья
- •46. Романо – германдық құқықтық семья
- •47. Англосаксондық құқықтық семья
- •48. Мұсылман құқығы
- •49. Құқықшығармашылық: түсінігі және түрлері.
- •50. Заңшығарушылық үрдіс: ұғымы мен кезеңдері.
- •51. Нормативтік актілерді жүйелеу: ұғымы мен түрлері.
- •52. Құқық жүйесі: ұғымы және элементтері.
- •53. Құқықтық институт.
- •54. Құқық саласы.
- •55. Құқықтың реттеу пәні.
- •56. Құқықтық реттеудің әдістері.
- •57. Материалдық және процессуальдық құқық
- •58. Құқықтық қатынас түсінігі.
- •59. Заңды факт
- •60. Құқықтық қатынас құрамы (элементтері)
- •61. Құқықтық қатынас субъектілері
- •62. Құқықтық қатынас объектілері
- •63. Құқықтық қатынас мазмұны
- •64. Құқықты іске асыру: түсінігі және нысандары
- •65. Құқықты қолдану.
- •66. Құқықтық нормалар қолдану актілері: түсінігі, түрлерінің ерекшеліктері
- •67. Құқықтағы ақаулық және оның орнын толтыру әдістері
- •68. Құқықтағы мирасқорлық және жаңару. Құқық рецепциясы.
- •69. Құқық нормасын талқылау
- •70. Талқылау әдістері (тәсілдері)
- •71. Субъект бойынша талқылау түрлері
- •72. Құқықтық сана түсінгі, құрылымы және түрлері
- •73. Құқықтық сана, құқықтық тәртіп және құқықтық мәдениет
- •74. Құқықтық нигилизм түсінігі және нысандары
- •75. Заңдылық түсінігі және қағидалары
- •76. Заңдылық жағдайына әсер етуші факторлар.
- •77. Заңдылық және тәртіп. Тәртіп түрлері.
- •78. Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп түсініктері, олардың қатынасы.
- •79. Құқықтық мінез-құлық түсінігі, оның түрлері.
- •80. Құқықбұзушылық түсінігі, оның белгілері, түрлері.
- •81. Құқықбұзушылық құрамы
- •82. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және қағидалары.
- •83. Заңды жауапкершілік түрлері.
- •85. Мемлекет пен құқық, олардың арақатынасы.
- •86. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.
- •87. Азаматтық қоғам: ұғымы мен құрылымы.
- •88. Азаматтық қоғам және Қазақстандағы мемлекет.
- •89. Құқықтық мемлекет: ұғымы және негізгі тұжырымдамалары.
- •90. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауындағы мемлекет және құқық мәселелері
31. Құқық нормасы: түсінігі және белгілері
Құқық нормасы – мемлекетпен бекілілген және қамтамасыз етілетін және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальді анықталған мінез құлық ережесі.
Заңдық норма – құқықтың бірінші ретті торкөзі, оның жүйесінің бастапқы элементі. Сондықтан әрине, берілген нормаға негізгі әлеуметтік көрініс ретіндегі құқықтың негізгі белгілері тән.
Бұдан, «құқық» және «құқық нормасы» түсініктері бірдей деген көзқарас туындамайды. Олар өзара тұтастай және бөліктей сәйкестіндеріледі. Құқық нормасының белгілеріне мыналар жатады:
Жалпыға міндеттілік (адамдардың мүмкін және міндетті мінезқұлқына қатысты мемлекеттің биліктік нұсқауы ретінде көрініс табады);
Формальді анықталғандық (субъектілердің әрекеттерінің шегі анықталатын ресми құжаттарда жазбаша нысанда сипатталады);
Мемлекетпен байланысы (ол мемлекетпен бекітіледі және мемлекеттік әсер ету шаралары – мәжбүрлеу және көтермелеумен қамтамасыз етіледі);
өкілді – міндеттеуші сипатта (ол бір субъектіге құқық беріп қана қоймай, басқа субъектілерге міндет жүктейді, демек құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыруға болмайды).
Өкілді – міндеттеуші сипат барлық заңдық нормаларда бірдей көріністе емес:
ол ең алдымен реттеуші нормаларда айқын көрінеді (азаматтық, еңбек, неке және отбасы және т.с.с.) онда субъектілердің құқықтарымен қатар міндеттері де бекітілген;
қорғаушы нормаларда (қылмыстық, әкімшілік және т.б.) тыйымдар мен міндеттерді жүзеге асыруға үлкен назар аударылған;
декларативті және дефинитивті нормаларда өкілді – міндеттеуші сипат әлсіз сипатталған не олар нақты мінез құлық ережелері болып табылмайды.
Заңдық нормалардың өкілді – міндеттеуші сипатын қарастырғанда нормативтік актінің бір бабында әрқашанда құқықтар да міндеттерде болуы мүмкін емес екенін ескереген жөн.
Құқық бір бапта, ал міндет осы нормативтік актінің басқа бабында немесе басқа нормативтік актінің бабында бекілілуі сирек емес. Сондай – ақ, заңның бабында нақты тек құқықтар көрсетіліп, ал міндеттер заң мазмұнынан шығып, туындауы мүмкін. Керісінше де болуы мүмкін, онда тек міндеттер көрсетіліп, ал құқық содан туындайды.
Көрсетілген белгі құқықтың құқық және міндет бірлігі қағидасын сипаттау үшін көрініс тауып отыр. Міне неліктен сәйкесінше тұлғалардың шынайы міндеттерімен қамтамасыз етілмеген құқықтарды мақсаттық тілектер деп атауға болады.
Құқық нормасының түсінігін (құқықтық норма) заң шығарушы ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 1 бабының 3 тармағында бекітеді – нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез – құлық ережесі.
32. Құқық нормасының құрылымы.
Құқық нормасының құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті элементтердің реттелген бірлігі. Берілген құрылым норма қандай бөліктерден тұратынын және олар қалай өзара байланысқанын көрсетеді.
Мұндай бөліктер үшеу:
гипотеза – заңдық фактілерді бекіту жолымен анықталатын оның әрекетінің жағдайын көрсететін (уақыты, орны, субъектілер құрамы және т.с.с) құқық нормасының құрамдас бөлігі.
Гипотезаның түрлері:
қарапайым – бір жағдайды көрсетсе (ҚР азаматына төлқұжат алу үшін 16 жасқа толу қажет);
күрделі – бір уақытта болуға тиіс екі немесе одан да көп жағдайды көрсетеді (ІІО қызметкерлері зейнеткерлікке шығу үшін еңбектену, белгілі жасқа толу қажет);
баламалы – жағдайлардың біріне нұсқау жасайды (алдын алу шарасы қамауды қолдану төрт жағдайдың бірі болғанда мүмкін).
2) диспозиция – гипотезада көрсетілген заңдық фактілерден туындайтын құқықтар мен міндеттерді бекіту көмегіменсубъектілердің мінез құлқының моделін анықтайтын құқық нормасының құрамдас бөлігі; диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлігі, ядросы болып табылады;
Диспозицияның түрлері:
қарапайым – мінез құлықтың нұсқасын көрсетеді, бірақ оны ашпайды (Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады (ҚР Конституциясы 20 бап 1 тарм.));
сипаттаушы – мінез құлықтың барлық мәнді белгілерін түсіндіреді, сипаттайды (Президент – мемлекеттің басшысы, ең жоғарғы лауазымды тұлға (ҚР Конституциясының 40 бабы); кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру (ҚР ҚК 96 бап));
сілтеме – мінез құлықты көрсетпейді, танысу үшін басқа нормаға сілтеме жасалады (Конституцияның 53 бабының 4 пунктімен қарастырылғандай, Республика Президенті заңдар шығарады, ал Конституцияның 61 бабының 2 тарм. қарастырылған жағдайда заңдық күші бар жарлықтар шығаруға хақылы (ҚР Конституциясы 45 бап 2 тарм.); ҚР ҚК 106 бап «Тән ауруын келтірген, бірақ осы кодекстің 105-бабында көзделген зардптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерін жасау,-...» )
бланкеттік – сілтемесі заңның нормаларына емес нұсқауларға, ережелерге және т.б. жасалады ( ҚР ҚК 269 бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету » );
3) санкция – диспозицияны жүзеге асыратын субъект үшін салдарды қарастыратын құқық нормасының құрамдас бөлігі. Санкция сипатына қарай жазалау шарасы ретінде жағымсыз, қолайсыз, сондай-ақ жағымды жағынан көтермелеу шарасы ( жұмысшылар қызметттік міндеттерін абыройлы орындағаны үшін сыйақы беру ) болып табылады.
Көлемі және сипатына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
нақты жаза (қызметтен шығару, өлім жазасы) түрін қамтитын абсолютты-анықталған санкция;
жазаның (екіден бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, бір жылға дейінгі түзеу жұмыстары) шегін көрсететін салыстырмалы-анықталған санкция;
жазаның бірнеше түрі көрсетілген (бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары) оның қажеттісін құқыққолданушы таңдай алатын балама-санкция;
Аталған құрамдас бөліктердің кез келгені құқық нормасының құрылымында өз орны бар және маңызды рөлге ие, заңдық ғылымда қалыптасқан әділ пайымға келсек, гипотезасыз норма мағынасыз, диспозициясыз түсініксіз, санкциясыз қуатсыз дейді.
Құқық нормасының құрылымы әлі күнге дейін пікірталас тудыратын мәселелердің бірі. Кейбір авторлар құқық нормасы екі бөліктен – гипотеза және диспозициядан немесе диспозиция және санкциядан тұрады деп санайды. Заңгер ғалымдардың көпшілігі құқық нормасының құрылымы жоғарыда көрсетілген үш құрамдас бөліктерден (гипотеза, диспозиция және санкция) тұрады деген пікірді жақтайды. Құқық нормасының құрылымын қарастырғанда құқық саласының түрін де ескерген жөн. Егер бұл қылмыстық құқықтық немесе әкімшілік құқықтық нормалар болса, онда олардың құрамында диспозиция да, гипотеза да, санкция да болады. Гипотеза құқық нормасының құрамдас бөлігі ретінде онда көп жағдайда жасырын көрініс табады ( кері жағдайда қылмыстық кодекстің ерекше бөлмінің әр бір бабы «егер» деген союздан басталатын еді, егер ұрлық жасалса – бөтен мүлікті жасырын ұрлау (ҚР ҚК 175 бабы); егер адам өлтірсе (ҚР ҚК 96 бабы). Конституциялық құқықтық нормада көп жағдайда санкция болмайды, мысалы, Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асырады Республиканың ең жоғары өкілді орган (ҚР Конс титуциясы 49 бап).