Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
электр.docx
Скачиваний:
279
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
3.77 Mб
Скачать

113В-сурет

                                                                                                                      

     поляризация дәрежесі:

                                               (275)

мұндағы  – анализатордан өткен жарықтың максимал интенсивтігі;

– анализатордан өткен жарықтың минимал интенсивтігі.

     малюс заңы: поляризатор мен анализатордан өткен жарық толқынының интенсивтігі олардың бас жазықтықтарының арасын-дағы бұрыштың косинусының квадратына пропорционал болады.

                                       (276)

 

     екі  мөлдір изотропты диэлектриктің шекарасында жарықтың шағылуы және сынуы.  екі ортаның шекарасынан шағылған және сынған жарық  ішінара поляризацияланады.                                                            

            

                     114а-сурет                                                    114б-сурет

 шағылған сәуледе жарықтың түсу жазықтығына перпендикуляр тербелістердің, ал сынған сәуледе жарықтың түсу жазықтығына параллель тербелістердің үлесі көп болады (114а-сурет).  

 

брюстер заңы:  екі  мөлдір изотропты диэлектриктің шекарасына түскен табиғи жарық сәулесінің түсу бұрышының тангенсі екінші ортаның бірінші ортаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткішіне тең болса,   шағылған жарық толық поляризацияланады.

 

                                ,                                                      (277)

мұндағы  – брюстер бұрышы, –екінші ортаның бірінші ортаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіші. шағылған сәуледе жарықтың түсу жазықтығына перпендикуляр тербелістер ғана орындалады (114б-сурет).    сынған сәуле максимал (толық емес) поляризацияланады және шағылған сәулеге перпендикуляр таралады.

            жарықтың қосарланып сынуы – анизотропты заттардың түскен жарықты әртүрлі фазалық жылдамдықпен екі бағытта таралатын және өзара перпендикуляр бағыттарда поляризацияланған жарық сәулелеріне жіктеу қабілеті.

     заттың анизотропиясы – заттың физикалық қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі.

     кристалдың оптикалық осі – оптикалық анизотропты затта жарық сәулесінің қосарланып сынбай таралатын бағыты.

     бір осьті және екі осьті кристалдар – жарық сәулесінің қосарланып сынбай таралатын бір және екі бағыты болатын заттар.

     бір осьті кристалдың бас жазықтығы – кристалдың оптикалық осі  мен жарық сәулесінің бағыты арқылы өтетін жазықтық.

     бір осьті кристалда жарықтың қосарланып сынуы – кристалға түскен жіңішке жарық шоғының кристалдан шыққанда параллель екі сәулеге  жіктелуі. кәдімгі сәуле (о– ordinairo )  түскен сәулемен бір түзу

                                                       115а-сурет                                       115б–сурет

 

бойында,   өзгеше сәуле (е– exstraordinairo) басқа жазықтыққа тарайды (115а- және 115б-сурет). о– және е–сәулелер өзара перпендикуляр жазықтықтарда толық поляризацияланады. дұрыс пішінді кристалға тік түскен жарық шоғынан экранда о және е екі ашық дөңгелек шығады (116а-сурет). егер кристалды о–сәулемен бағыттас ось маңында айналдырса, экрандағы о-дөңгелек қозғалмай орнында қалады, ал е-дөңгелек  шеңбер бойымен оны айналады. айналу кезінде екі дөңгелектің қиылыспайтын бөліктерінің жарықтылығы өзгеріп отырады. егер экранда о–сәуле максимал жарықталса, е–сәуле «жоғалады» (күңгірттенеді) және керісінше (116а- және 116б-сурет). тек олардың қиылысқан бөлігінде ғана жарықталу өзгермейді.

    

116-сурет

жарық  векторының тербелісі кәдімгі сәуленің кез келген бағытында кристалдың оптикалық осіне перпендикуляр болады, яғни о–сәуле барлық бағытта бірдей    жылдамдықпен тарайды. сәйкесінше оның толқындық беті – сфера (117-сурет). е–сәуленің әр бағыттағы жылдамдығы әртүрлі . ерекше е–сәуленің толқындық беті – эллипсоид (118-сурет). тек оптикалық ось бойында екі сәуленің жылдамдықтары бірдей болады , ().

117-сурет                                            118-сурет

 

     кристалдың ішінде берілген бағытта    өзгеше сәуленің жылдамдығы кәдімгі сәуленің жылдамдығынан кем болса , осы бағыттың сыну көрсеткіші өзгеше сәуле үшін  кәдімгі сәуленің сыну көрсеткішінен артық болады  осы шарт орындалатын кристалл оң кристалл деп есептеледі. теріс кристалда керісінше болады, яғни ,