Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтын жане уран кендери.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

6.3 Жұмысты орындау

6.3.1 Шихтаны дайындау

Талданатын өнімдер (бастапқы кен, циандау қалдықтары және т.б.) шихталау алдында ірілігі 40 – 70 мкм дейін ұнтақталу қажет, сонан соң олар пакетке салынады да, шифрленеді (нұсқасы кестеде келтірілген). Әр өнімнен екі өлшенді алынады.

Алынған сынамалар клёнка бетінде аударумен мұқият араластырылады, содан кейін жайдақталып, аз қалыңдықты (8 – 12мм) диск пішініне келтіріледі. Одан кейін линейкамен ара қашықтығы 30 – 50 мм құрайтын квадраттарға бөлінеді. Әр квадраттан шахматтық ретпен бірдей массалы өлшенділер, қалақшамен (шпатель) шұқылып алынып біріктіріледі (қалақша клёнкаға дейін сұғылу керек). Глеттың сынамаланатын затпен жақсы әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін, шихтаны дайындаудың келесі тәртібі ұсынылады: келіге алдымен глет, кен және ұн салынады, олар мұқият араластырылады, сонан соң қоспаға шихтаның басқа элементтері (сода, бура және шыны) қосылып, бәрі қайтадан араластырылады. Дайындалған шихта калька бетіне төгіліп, сонан нөмірленген қағаз пакетіне салынады. Механикалық жоғалымды азайту негізінде келіге 8 – 10 г сода (ас қасығы) және 2 – 3г бура (шай қасығы) салынып келі тазаланады. Қоспа калькаға түсіріліп, сонан соң пакетке салынады. Бураның және соданың осы жоғары қабаты балқытуда жабқыш ролін атқарады.

Ескерту:

  1. Бір сынаманың екі параллельді өлшендісі бір мезгілде (екі келіде) шихталынады.

  2. Өлшенділер мен тотықсыздырғыш дәлдігі 0,01 г дейінгі болатын 1- ші кластық техникалық таразыда өлшену қажет, ал басқа компоненттер дәлдігі 1 г – ға дейінгі таразыларда өлшенеді.

6.1- кесте. Балқыту көрсеткіштері

Тәжірибе №

Сынама пакетінің

Атаулары

Өлшенді массасы

Шихта құрамы

Массасы

реактив

г

Верк-блей

Қоспа-лар

Алтын-күміс қортпасы,

мг

Алтын,

мг

Глет

ұн

Сода

бура

Шыны

селитра

Ж.т.б

6.3.2 Балқытуды жүргізу

Тиглдерді және горнды 600 – 700 0С дейін қыздырып, сонан пакеттелінген шихта тиглдерге арнаулы ұзын қысқыштармен салынады. Алдымен тақ нөмірлі сынамаларды балқытуды ұсынады, ал қорытпаны сауытқорамдарға (излоницы) құйған соң, сол тиглдерде сәйкесті параллельді өлшенділерді балқыту қажет.

Горндағы тиглдердің орналасуына қарай жоғарыдағы кесте құрастырылады. Балқыту аяқталынған соң (яғни осы жағдайда қождың (шлактың) беті біркелкі тыныш күйде және пештің температурасы 900 0С – да болуы керек), тигельді қысқыштар арқылы горннан шығарады. Қорғасын қортпасын жақсы шөктіру үшін тигельді үстелге 1-2 рет ақырындап қағып, сонан соң ондағы затты нөмірленген сауытқорамға құяды. Веркблейді және шлакты тигельден оңай шығару үшін, алдын-ала сауытқорамды бормен жағып сонан қыздырады.

Шлак қатқаннан соң сауытқорам аударылады да, ондағы шлак қорғасыннан бөлінеді. Алынған қорғасынды шлак (веркблей) шлактан тазартылады және оны төсте (наковальня) балғамен соғу-қалыптаумен куб пішінге келтіріп , сонан соң нөмірлеп өлшенеді. Осыдан кейін үдеріс аяқталды деп есептейді және алынған қорғасын қортпасы келесі операцияға-купеляцияға дайындалады.