Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтын жане уран кендери.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

2.3 Жұмысты орындау

Алтынды циандау тәжірибелерін жүргізу үшін массасы 250 г , ірілігі 20-10 мм және 10-5 мм құрайтын екі кен өлшендісі алынады. Олар сыймдылығы 1л – ге тең склянкаларға салынады да, үстінен 500 мл дайындалған ерітінді құйылады, қосымша 2 г – барий асқын тотығын, 0,5 г – әк қосып склянкаларды бөтелкелі агитаторға қояды. Белсенділеу 6 – 24 сағат аумағында жүргізіледі.

Белсендіру уақыты аяқталғаннан кейін алтын құрамды ерітінділер құрғақ стаканға қағаз сүзгі арқылы сүзіліп, ал шөгінді склянкада қалады. Титерлеумен ерітіндідегі цианид және бос сілтенің концентрациясы анықталады. Бұл келесідей атқарылады. Сынамаға, цианид концентрациясы анықталған соң, 0,5 мл азотқышқылды күміс ерітіндісі (6,523 г/л) және 2 – 3 тамшы фенолфталеиін қосылады. Сынама ерітіндісі қызыл күрең түске боялады. Бос сілті концентрациясын анықтау үшін сынаманы титерлейді. Титерлеу щавель қышқылы (6,5 г/л) ерітіндісімен сынаманың өңі түскенше жүргізіледі. Щавель қышқылының 1 мл ерітіндісі, 4 мл NaOH немесе 2,8 мл CaO сәйкес келеді. Сілті концентрациясы келесі формулалармен есептеледі.

NaOH үшін C=г/л, (9)

CaO үшін C= г/л, (10)

мұнда а - тиерлеуге шығындалған щавель қышқылы ерітіндісінің көлемі.

Цианидті ыдыратуға скалянка бетіндегі шөгіндіге пульпаның бастапқы көлеміне дейінгі су құйылады және ерітіндіге калий перманганатын қосып оның түсін қызғылттайды. Пульпаны араластырып сонан шөктіреді де ертіндіні сүзуге жібереді. Шаю 3-4 рет бояу кеткенше жүргізіледі. Сонан қалдық сүзгіге түсіріледі, сұйық сүзілген соң шөгінді сүзгішпен бірге кептіріледі. Аспапты (пробирлі) талдаумен қалдықтағы алтын үлесі анықталынады.

2.4 Жұмысты дайындау

  1. Орындалған жұмысқа қысқаша сипаттама беру.

  2. Алынған нәтижелерді есептеу және келтіру.

  3. Қажетті қортындыларды жасау.

2.5 Қажетті құрал жабдықтар және материалдар:

  1. Алтын құрамды кен .

  2. KCN бойынша 0,1-0,15 цианидық ерітінді.

  3. Барий асқын тотығы.

  4. Әк.

  5. Азотқышқылды күмістің (6,523 г/л AgNO3) ерітіндісі.

  6. Йодтық калий (5% KI) ерітіндісі.

  7. Шавель қышқылының ( 6,3г/л C2H2O4·2H2O ) ерітіндісі.

  8. Фенолфталеиннің ерітіндісі.

  9. Өлшемді цилиндр (1 л).

  10. KMnO4 ерітіндіс.і

  11. Сыймдылығы 1 л колба.

  12. 10 мл пипетка.

  13. Білікті лабораторияалық диірмен.

  14. Сыймдылығы 1 л-лі скалянка.

  15. Шыны құйғыш (2 дана).

  16. Шыны стакан (сыймдылығы 0,1-0,2 л).

  17. Қағаз сүзгілер.

2.6 Бақылау сұрақтары

  1. Au және Ag – нің циандық ерітінділерінде еру реакцияларын жазып беру.

  2. Цианидтерде Au және Ag еруіне оттегінің атқару міндеті.

  3. Au және Ag циандауда әктің атқару міндеті.

  4. Цианидтермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

  5. Циандық ерітіндімен уланғанда не істеу қажет?

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Ерітінділерден металдарды цементациялаумен шөктіру

    1. Жұмыстың мақсаты: Студенттерді ерітінділерден металдарды бөліп алудың бір әдісімен – цементациялаумен таныстыру

    1. Жалпы мәліметтер

Түсті металдардың гидрометаллургиясында металдарды ерітінділерден бөліп алудың бірнеше әдістері белгілі: электролиз негізінде металдарды ерітінділерден катион түрінде катодқа шөктіру, теріс электірлі металл бетіне шөктіру–соңғының еруінде, активтелінген көмір немесе ионалмасушы шайыр бетіне катиондардың адсорбциялануы. Аталған әдістердің ішіндегі ең қарапайымы, ол еріген металдың аса теріс электірлі металмен цементациялануы.

Алтынды циандық ерітінділерден мырыш немесе алюминиймен шөктіруге болады. Негізінде ол үшін көбінесе мырыш қолданылады. Шөгу үдерісі келесі реакциямен жүреді:

2KAu(CN)2 +Zn = K2Zn(CN)4+2Au (11)

Алтынның мырышпен шөгуінде ерітіндіде бос цианид болуы керек. Әйтпесе шөгінді пайда болу негізінде алтын ластанады:

K2Zn(CN)4Zn(CN)2+2KCN (12)

Осы жағыдайда мырыштың бір бөлігі келесі реакциямен ериді:

4KCN+Zn+2H2O = K2Zn(CN)4+2KOH+H2 (13)

Бөлініп шыққан сутегі, мырыш бетін пассивациялап алтынның шөгу жылдамдығын азайтады. Осы құбылыс әсерін төмендету үшін мырышты қорғасындайды, ол үшін үдеріске қышқыл сіркелі қорғасын Pb(CH3COO)2 қосылады:

Pb(CH3COO)2+Zn = Pb+ Zn(CH3COO)2 (14)

Алтынның мырышқа шөккенін электрхимиялық үрдіс ретінде қарастыруға болады.