Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтын жане уран кендери.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

Қауіпсіздік техникасының нұсқауы

Зертханада келесі жұмыс тәртібін сақтау қажет

  1. Жұмыс істеу алдында әдістемелермен танысу.

  2. Сабақ жүргізетін оқытушының рұқсатынсыз жұмыс істеуге болмайды.

  3. Заттардың дәмін татуға болмайды.

  4. Құрғақ заттарды қолмен араластыруға және ертінділерде қолды суландыруға болмайды, әсіресе қолда жарақат болатын болса.

  5. Жұмыс алдында газ жүретін жүйені тексеру керек.

  6. Арнаулы киімсіз және жекешелік қорғау құралдарынсыз жұмыс істеуге тыйым салынады.

  7. Басқарушының рұқсатынсыз, нұсқауы қарастырылмаған жұмыстарды істеуге үзілді – кесілді тыйым салынады.

  8. Жұмыс істеу кезінде және жұмыс орнында ас қабылдауға мұлдем болмайды.

  9. Химиялық ыдыстардан су ішуге болмайды.

  10. Зиянды газдармен буларды шығаратын барлық жұмыстар арнаулы желдеткіштермен жабдықталған, ауа соратын шкафтарда жүргізіледі. Осындайда шкаф ішіне басты сұғуға тыйым салынады. Жұмысты бақылау терезе жармасының әйнегі арқылы атқарылады.

  11. Ішінде ыстық немесе күйдіргіш сұйықтықтары бар ыдысты алып жүргенде, оны өзіңнен алыс ұстау керек, резинелі қолғап киген қолмен оның мойынан ұстап, ал ыдыс түбіне орамалды төсеп, екінші қолмен оны сүйемелдеу қажет.

  12. Қатты қыздырылған тигельдерді тасу арнаулы темір төсенішпен (противень) атқарылады, мұнда оны алыстау ұстаған жөн.

  13. Ішінде балқыған тұздары бар тигельдерді сумен салқындатуға тыйым салынады, оны алдын – ала балқыма қатқанша ауада салқындату қажет.

  14. Затты иісінен анықтауда, ыдысты бетке жақын ұстауға болмайды. Ыдысты қашықтау ұстап, сонан қолмен ауаны өзіне бағыттау қажет.

  15. Сілтілерді (сілтілі металдарды, олардың тотықтарын және тотықтар гидраттарын) ашық қолмен алуға болмайды, текқана резинелі қолғаптармен және осы жағдайда пинцетті, шпательді, фарфорлы қасықты ж.т.б қолдану қажет.

  16. Сүзглерді қыздыруда және буландыруда, оларды алдын – ала мұқият араластырады, өйткені шаюшы сұйықтықтың жоғарғы және төменгі қабаттарындағы тығыздықтардың айырмашылығына қарасты, сұйықтық қайнап кетуі мүмкін.

  17. Қыздыруда немесе буландыруда қатал тыйым салынады:

– колбадағы суытылмаған тұздарға ыстық немесе суық суды құйюға;

– бейтараптандыруда ертіндіні тез құйюға;

– моншадан ертіндіні резинелі жапсармасыз алуға. Колбаны бүйір жағынан ұстау қажет.

  1. Жұмыстың соңында ыдысты босату және сумен шаю. Ертінді қалдықтарын арнаулы ыдысқа құйю.

  2. Қышқылдың (қышқыл, азот) шөгілу жағдайында, шалшықты құммен немесе ағаш үгінділерімен (ас, плавик қышқылдарын) жауып, сонан қышқылды құммен немесе ағаш үгінділерімен бірге, шелекке қалақпен жинау керек. Еденді сода қосқан сумен жуу қажет.

  3. Сынамаларды пешке және плиткаға жайғастыру және оларды сонан шығару электрлі аспаптарды тоқтан айырудан кейін атқарылады. Электрлік кернеуде тұрған аспаптарды үшін шаңнан сүртуге тыйым салынады. Оларды токтан айырғанда ғана шаңды тек кебу шүберекпен сүрту керек.

  4. Денеге қышқылдар немесе сілтілер тигенде, жарақаттанған орынды көп мөлшердегі сумен 3 – 5 мин аралығында мұқият жууып – шаю керек.

  5. Әйнекпен жарықтану жағдайда алдында жара орнында әйнектің қалмағанын білген жөн,сонан соң жараланған жерді йодпен жағып, стериленген бинпен байлау қажет.

  6. Зертханада темекі шегуге қатаң тыйым салынады.

  7. Балқымаларды араластыруға және қожды түсіруге арнаулы араластырғыштармен, қырғыштарды қолдану жөн және олардың ұстайтын жерлері (қолы) оқшаулайтын материалмен (эбонит, текстолит, органикалық әйнек, винипласт, ағаш және басқалар) жабдықталған.

  8. Әр бір қондырығыны жөндеуде таратушы қалканшадағы жалпы тек айырғыш “ҚОСПА! БАҒЫТТА ЖҰМЫС ЖАСАЛЫНЫП ЖАТЫР!” деген ескерту ілу керек

1 – ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС