Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтын жане уран кендери.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

7.4 Жұмысты дайындау.

1. Орындалған жұмысқа қысқаша баяндама беру.

2. Алынған нәтижелерді есептеп келтіру.

3. Қажетті қорытындылар жасау.

7.5 Қажетті құрал-жабдықтар және материалдар:

1. Әртүрлі веркблейдер;

2. Муфельдік пеш;

3. Шамоттық және цементтік тамшылар ;

4. Қысқыштар;

5. Қорғаушы қалқанша;

6.Сукно қолғаптары, халаттар;

7. Резенкелі төсеніштер.

7.6 Бақылау сұрақтары

1. Металдарды дистилляциялаудың мәні.

2. Металдарды буландыру әдісімен өңдеудің қолдану аймағы.

3. Қорғасынсыздандыру үдерісінің сатылары .

4. Осы жұмысты орындау кезіндегі қаупсіздендіру шаралары.

8 – ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

АСЫЛ МЕТАЛДАРДЫҢ АФФИНАЖЫ

8.1 Жұмыстың мақсаты: Студенттерге алтын аффинажның бір әдісімен – алтынды күмістен азот қышқылында ерітумен бөліп алуды таныстыру.

8.2 Жалпы мәліметтер

Аффинаж – асыл металдарды қоспалардан тазалау және асыл металдарды бір – бірінен айырып, оларды таза күйінде алу. Жоғалымдарды азайту негізінде аффинаж арнаулы зауыттарда атқарылады. Аффинаж зауыттарының өңдеу шикізаты ретінде қолданылатын : түп шайма (шлих) сап алтын; амальгамалық қара алтын; мыс электролиз шламдарынан және қорғасын рафинациясынан алынған “Доре” металы және т.б. Аффинаж зауыттарына түсетін металдардың құрамы 8.1 – кестеде келтірілген.

8.1 – кесте. Аффинаж зауытына берілетін металдардың құрамы

Материал

Сынамалар үлгісі

алтын

күміс

платиноидтар

лигатура

Мыс электролиттік зауыттарының қорытпалары

20-100

850-950

0,55

30-60

Қорғасын – мырыш зауыттарының қорытпалары

1,0-35

95-995

0-0,11

10-20

Металлургияның сынықтары, тиындар

0,1-1,0

500-850

-

150-600

Екіншілік алтын

950-900

10-30

-

10-30

Азот қышқылымен атқарылатын алтын аффинажы күмісті таңдамалы түрде ертінділеуге негізделген. Күмістен алтынды толық айыруға қажетті жағдай, ол қортпадағы күмістін үлесі алтын үлесінен екі есе артық болуы қажет. Сондай-ақ осы үдерісте күміспен қоса Cu, Pb, Pt, Cd – де ертіндіге өтеді. Ертіндіге өткен күміс хлорид түрде шоктіріледі , металдық темірмен немесе мырышпен тотықсызданып, сонан соң құймаметалға балқытылады. Алтын қалдығы шайылып, кептіріледіде сонан соң құйма металдарға балқытылады. Алтын сынамасы – 998 – ші.

Қортпаларды ертінділеуде қойылтылған (концентрированный) күкірт қышқылды қолдануға болады, егерде қортпадағы мыстың үлесі 7,5 % - дан және қорғасынды 25 % - дан төмен болса, өйткені осы жағдайда құрылған CuSO4 және PbSO4 қортпаның бетіне отырып, қышқылдың өтуіне қиындық туғызады.

Қыздыруда күміс және асыл металдар ертіндіге өтедіде, ал алтын ерімеген қалпында қалады. Алтын сынамасы – 996,990, ертіндідегі күміс – металдық мыспен шөктіріледі. Күкіртқышқылды ерітінді суытылумен кристалдану негізінде күмістің күкіртқышқылды түзына Ag2SO4 айналады.

Аналық ертінді (ертінділеуден қалған ертінді) жаңа күкірт қышқылымен күшейтіліп қайтадан қортпаларды ертінділеуге қолданылады. Ag2SO4 кристалдары ыстық суда ерітіліп, сонан темірмен тотықсыздандырылып , ал алынған шөгінді ыстық сумен шайылып кептірілген соң балқытылады. Күміс сынамасы – 980,990.

Аффинаждың қышқылдық әдістері, асыл металдарды ақырғы аффинаждың алдында бөлуде және аспапты (прибирный) талдауда қолданылады. Ақырғы аффинаж электролиттік әдіспен жүргізіледі.