Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтын жане уран кендери.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

8.3 Жұмысты орындау реті

Күміспен алтынның үлесін анықтау үшін алынған қортпа бөлегі (королек) азот қышқылында ертінділеді (пісіріледі), HNO3 – дің концентрациясы: HNO3 : H2O = 1 : 7. Ертінділеу реакциясы (Au, Ag) + 2HNO3 = AgNO3 + Au + H2O + NO2 .

Қортпаны еріту үшін HNO3 ертіндісі кіші тигельге, оның биіктігінің 2/3 – не қүйылады. Тигель электрплиткаға қойылып 80 – 90 °С - та қыздырылады (бу шыққанға дейін) сонан соң қыздырылған қышқылға пинцетпен королек түсіріледі. Қайнау басталып, королек қарая бастайды. Күміс ерітіндіге өтеді.

Ерітінділеудің соңы көпіршіктердің шығуының тоқталуымен анықталады. Қажет болғанда қышқыл тигельге қосымша қүйылады.

Ерітінділеу аяқталғанда қышқылды шыны таяқшамен ақырындап ағызумен тигельден шығарылады. Тигельде алтын королегі қалады. Оны ыстық дистилляцияланған сумен 3 - 4 рет жақсылап шайып, шайылған суды декантациялап және оны тигельде жайлап кептіріп, сонан электроплиткада сары түске келгенше дейін қыздырады. Алтын королегі, сары түсті болуы керек. Егерде королек түсі жарқын күміс түсті болса,онда күміс толығымен ерімеген болғаны. Күмістің толық еруінде алтынмен күмістің қатынасы (3 - 29):1 болуы керек, егерде королек ерімесе онда шеріктеу (квартование) жүргізу қажет. Королекке қажетті қатынаста күміс қосылып,оны муфель пешінде аспапты қорғасынмен капельдерге балқытады.

Ширектеу келесі операциялардан тұрады:

  1. Королекті қорғасын қаптамасында күмісті қосумен қорғасындау;

  2. Азот қышқылында қайтадан еріту.

Королек, шаюдан кейін қыздырылып өлшенеді.Күмістің және алтынның үлестері (г/т) есептелінеді.

8.4 Жұмысты орындау реті

  1. Орындалған жұмысқа қысқаша баяндама беру.

  2. Алынған нәтижелерді есептеп келтіру.

  3. Қажетті қорытындылар жасау.

8.5 Қажетті құрал-жабдықтар және материалдар:

  1. Королек ( Au және Ag ) қорытпасы.

  2. HNO3 қышқылының ерітіндісі HNO : HO = 1 : 7.

  3. Дистилляцияланған су (ыстық).

  4. Су шайығыштар.

  5. Фарфор тигельдері.

  6. Электроплитка.

  7. Резинелі төсеніштер, халаттар.

  8. Аспапты таразылар.

  9. Пинцеттер.

8.6 Бақылау сұрақтар

  1. Асыл металдар аффинажының мақсаты?

  2. Аффинаждың қышқылдық әдістерінің мәні?

  3. Жұмысты орындау реті?

  4. Жұмысты орындауда қауіпсіздік шаралары?

Әдебиеттер тізімі

  1. Масленицкий И.Н., Чугаев А.В. Металлургия благородных металлов. – М .: Металлургиздат, 1972.

  2. Меретуков М.А. Орлов А.М. Металлургия благородных металлов. Зарубежный опыт. – М .: Металлургия, 1991.- 415 ;

  3. Меретуков М.А. Активные угли и цианитый процесс. – М.: Руда и Металлы, 2007. – 284 б.

  4. Громов В.В. Уранның химиялық технологиясына кіріспе. - Алматы: Бастау, 2004-358 б.

  5. Шаутенов М.Р Алтын мен уран кендерін және олардың өнімдерін өңдеу (студенттік пәндік оқу әдістемелік кешені) ҚазҰТУ, 2013.

21