Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтын жане уран кендери.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

3.3 Жұмысты орындау

Жұмысты орындауға алынған алтын құрамды ерітіндідегі еріген алтынның үлесін, оны мырыш шаңында шөктіру әдісімен анықтайды.

Дәл өлшенген ерітінді мөлшері, әдетте ол 200-300 мл, литрлік колбаға құйылады. Оған 5 мл KCN-нің күшті ертіндісі, 3 г мырыш шаңы және бірнеше тамшы 10% қышқыл сіркелі қорғасын ерітіндісі қосылады. Егер ерітіндідегі цианид концентрациясы 0,03 % - дан кем болса, онда оған цианид қосылады.

Колбаны құм моншасына орналастырып, жиі араластырумен 80 0С температураға дейін қыздырады. Сосын 40 см3 10 % - ды қышқыл сіркелі қорғасын ерітіндісін қосып, мұқият араластырумен қыздырады. Сынаманы қайнағанға дейін қыздырып, сонан соң аздап салқындатып оған 25 мл 20 % - дық ас қышқылы құйылады( желдеткіш камерада). Осыдан соң, сынамадағы металдық мырыш толығымен еріп, ерітінді әбден таза болғанға дейін қыздыруды қайтадан жалғастырады. Қорғасын, ерітіндіден қайнату кезінде бір тұтас борпылдақ кеуекті масса түрінде, яғни кеуекті қорғасын түрінде бөлінеді.

Ерітінді қағаз сүзгімен сүзіліп, сонан ыстық сумен, одан кейін суық (дистилляциялық) сумен шайылады. Сүзгі шөгіндімен бірге алынып кептіріледі.

3.4 Жұмысты дайындау

  1. Орындалған жұмысқа қысқаша түсініктеме беру.

  2. Алынған нәтижелерді есептеу және келтіру.

  3. Қажетті қортынды жасау.

    1. Қажетті құрал-жабдықтар және материалдар

  1. Алтын құрамды ерітінділер.

  2. KCN-ның күшті ерітіндісі.

  3. Қорғасын шаңы.

  4. 10% - дық қышқыл сіркелі қорғасынның ерітіндісі.

  5. 25% - дық ас қышқылының ерітіндісі.

  6. Құмдық монша.

  7. Сыймдылығы 1 л конус түрлі колба.

  8. Шыны құйғыш.

  9. Дистилляциялық су.

    1. Бақылау сұрақтары

  1. Металдарды ерітінділерден айыру әдістері, реакциялары?

  2. Орындалған жұмыстың мазмұны, келтірілген реакциялар?

  3. Алтынды мырышпен отырғызғанда неліктен ерітіндіде бос цианид болу керек?

  4. Жұмысты орындау да қауіпсіздік шаралары?

  5. Алтынды цементациялауда цементтік шөгіндіге қандай металдардың қоспалары кіреді?

4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Металдарды ерітінділерден сорбциялаумен шөктіру

    1. Жұмыстың мақсаты: Кендерден металдарды сорбциялық үрдіспен бөліп алу.

    1. Жалпы мәліметтер

Ерітінді металдарды ерітіндіден иондық алмасумен және сорбциямен бөліп алуға болады. Адсорбция негізінде атқарылатын иондық алмасу сорбция деп аталады.

Алтын металлургиясында ерітіндідегі алтынды бөліп алуда ион алмасу шайырлар, активтенген көмірлер қосылады.

Ионалмасушы шайырлардың матрицасы жоғары молекулалы, суда ерімейтін бөліктен тұрады, оның түйіндерінде орнықталған нақты белгілі иондар орналасқан. Олардың заряды қозғалмалы кері зарядты иондармен теңделінеді. Асыл металдардың комплекті аниондарын сорбциялауда аниониттер қолданылады, олардың кері ионы- хлор немесе гидроксил ионы, әрекеттесу реакциялары:

KCL+Au(CN)2=R Au(CN)2+CL (15)

ROH+Ag(CN)2=R Ag(CN)2+OH (16)

Шайырлар асыл металдардың комплексті иондарымен қатар, қоспа металдардың иондарын Ca(CN)2- , Zn(CN)42- , Fe(CN)64- және сондайақ CN-, OH-, CNS- ж.т.б сорбциялайды. Бұл шайырдың сыймдылығын төмендетеді. Сорбциялық үрдіс, ион алмасушы шайырлардың жоғары бағасына қарамай, асыл металдарды ерітіндіден бөліп алуда басқа әдістермен бәсекелесе алады, өйткені регенерациялауда ионалмасушы шайырлардың технологиялық шығыны өте аз мөлшерде болады. Шламды және сазды кендерді өңдеуде, сорбциялық үрдіспен өңдеу технологиясы, қойылдыру және сүзу операцияларын алып тастауға мүмкіндік береді және кейбір жағыдайларда бірғана болатын үдеріске жатады.

Шайырларды ерітінділерден (пульпадан) айырғанда асыл металдар, тиомочевиналардың ас қышқылды ертінділерімен HCL+CS(NH2)2 немесе родианистілі аммонийдің сілтілі ерітінділерімен NaOH+NH4CNS десорбцияланады.

Шетелде анионалмасушы шайырлардың орынына кокос жаңғағының қабыршағынан жасалған активтелінген көмір қолданылады.

Активтелінген көмірге алтын молекулярлы және иондық түрде сорбцияланады.

Көмір сумен жанасқанда оның беті тотықсызданып гидроксид түзіледі, сонан соң ион алмасу реакциясы атқарылады.

Көмірлердің бетінде карбонил түзілуі мүмкін. Ондай жағыдайда алтынның сорбциясы келесі реакциямен атқарылады.

2NaAu(CN)2+2CO+2NaCN+2H2O+O2=2Au(CN)·CO(CN)2+4NaOH (18)

Ірілігі 1,2 – 2,4 мм тең активтелінген көмір кен пульпасынан тор арқылы оңай бөлінеді. Пульпадан көмірді бөліп алуға флотацияны қолдануға болады.

Активтелінген көмір қоспаларды сорбцияламайды деп айтуға болады. Алтынды көмірден десорбциялау үшін үлесі 0,1 – 0,2 % NaCN және 1 – 2 % NaOH құрайтын ерітінді қолданылады. Үдеріс аяқталған соң көмір регенерацияланады.

Ионалмасу шайыр немесе активтелінген көмір бетінен десорбцияланған ерітіндіден алтынды электролиз арқылы бөліп алады.