Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

ғой! Тіпті арқама шейін тоңазып кетті! – деп, өздері болыс болмаса да, бір жуанның шылауында қошеметші боп жүретін билер, атқамінерлер тыным ала алмай тұр.

Сонан ары осы жарылған топ тап ортасында, көптен күткен ұлық қонақтар көрінеді. Үлкен шендер, крест, медальдар таққан, жарқыраған, сәнді тобы шыға келді. Жандармдар қатарынан шыға бере оң жақтан бастап, қазақ болыстарына знакты адамдарының бәріне жағалай қол бере амандаса бастады» [36, 271]. Жазушы шеберлігі соншалық, «Тіпті арқама дейін тоңазып кетті!» деген сөз тыным ала алмай тұрған бар болыстардың беймаза халіндегі характеріне тура дөп баса айтылады.

Абайдың болыстарға арналған сатиралық өлеңдерінен, әсіресе ерекше шыққан, бүкіл болыстардың психологиялық характерін ашатын «Болыс болдым, мінеки» өлеңін атауымызға болады. Осы өлең жөнінде академик М. Әуезов былай дейді: «Ақын сатиралық ең бір өтімді, дәлелді және өмір шындығына ерекше жақын, төте жолын алады. Жауыздығын өз аузымен тегіс түгендеп өзіне айтқызу Абайдың жаңадан дәлбасып тапқан шебер әдісі» [49, 139].

«Мәз болады болысың», «Болыс болдым, мiнеки» өлеңдерiнде ақын жаңаша сапа, сипат танытып, «роман, повестiң iшiнде берiлетiн жанды образдардың бар мүсiн кейпiн» қапысыз қамтыған деуге болады. Суретшiлдiк, сыншылдық, мысқылшылдық жағынан да Абай болыстың өз тiлiмен, бiрiншi жақтан сөйлетiп, психологиялық автопортрет жасату арқылы өзгеше үлгi, өрнек қалдырған» [87, 131].

Мәселен:

Болыс болдым, мінеки Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Сөйтсе-дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім

Орнықпайды суылдап [88, 71].

81

Расында да, осы өлең жолдарынан пара беру арқылы болыс болып, ендігі жерде елге тізесін батырып, күштілердің алдында құрдай жорғалайтын екіжүзді, өтірікші, жағымпаз болыстардың бейшара халдерін көреміз. Абайдың болыстардың автопортретін беретін «Болыс болдым, мінеки» өлеңін М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында проза тілімен мына эпизод арқылы дәл көрсетеді:

«Ұлыққа ең алғаш қол созған болыс Керей – Рақыш еді. Ол шошақ төбе, қара елтірі тымағын кеудесіне басқан. Өзі жотасынан оқ тигендей шұғыл бүгіліп, иіле қалыпты. Екі аяғы тыным таппай, қозғалақтап, өбектеп кетті. Орта жасты адам болса да, құрақ ұшты. Тілі де күрмеле береді. Бар аузына түскені «здрәсти, тақсыр!» деген сөз болды.

Одан кейінгі болыстардың да ақыл тоқтатып, ес жиғаны болған жоқ. Бұлар да тыпырлап тымақтарымен немесе бөріктерімен, кеуделерін, қарындарын басады. Иіле бүгіліп, өбектеп, бейшара боп қалды. Бейне бір іштері ауырған кісідей тыным-ты- ныштығынан айырылып, құдайына жазып, жорғақтап тұр» [84, 272].

Осы эпизод пен Абай өлеңінде болыстардың қорқақ, жағымпаз, надан, топас сұрықсыз бейнелерi әшкереленеді. Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңіндегі болыстың автопортреті мен эпопеядағы келтірілген үзіндідегі болыстың іс-әрекетінің ұқсастығы көсемшелердің қайталануы арқылы болыстардың образдарының сәтті жасалуы болып саналады. Ал «Абай жолы» эпопеясындағы осы бір көрініске зер салып отырғанымызда, жазушының да Рақыштай болыстардың күлкілі образдарын, әртүрлі көсемшелер арқылы сомдау әдісіне көзіміз жетеді.

Абайдың өлеңдері мен М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы өзінің барлық бітім-болмысымен сипатталады. Ақын да, жазушы да халықты сорлатып отырған жуан содырлардың, ұрылардың, пысықтардың елге көрсетіп отырған зиянды қылықтары мен кесел мінездерін өткір сынайды. Өз халқының басынан кешіп отырған осындай кертартпа, кереғар мінездерін ашына отырып түйрейді.

Абай:

Атшабар келді лепілдеп: «Ояз» шықты, сыяз бар,

82

«Ылаң» деп, «үй» деп дікілдеп Сасып қалдым, күн тығыз Жүрек кетті лүпілдеп, –

дейді.

Абай атшабардың бейнесін өте күлкілі етіп береді. Атшабар келгенде елді дүрліктіріп, «лепілдеп» келеді. Сөйлегенде асығыс, шошыта «дікілдеп» сөйлейді. Атшабардың сөзіне болыстың жүрегі «лүпілдей» қалады.

«Бұл көрініс – әкімшілік системасын мысқылдап, өте нәзік жасалған сатиралық эпизод. Сықақ бейне тудырып тұрған атшабардың «дікілдеуі», болыстың жүрегінің «лүпілдеуі» өлеңнің ұйқасымен ғана күшті емес, мысқыл, сықақ арқылы типтік тұлға жасалумен де күшті» [89, 146]. Абай өлеңіндегі көрініс «Абай жолы» эпопеясындағы мына оқиғаға өте ұқсас келеді. Айталық: «Бірен-саран жақын танығаны болса, онымен ерін ұшымен ғана амандасады, «ұлық», «ұлық», «жандарал», «ояз», «біздің ояз», «әлгі біздің нашәндік» десіп, тыным ала алмай іштерінен пысып тұр» [84, 271].

Бұл көріністе жазушы болыстың съезд десе, ұлық десе, ояз десе ішінен тыным ала алмай қатты қорқатын үрейлі бейнесін көрсетеді. Қарамола съезіне келе жатқан ұлықтардың бір топ өкілдерін көргендегі болыстардың қатты қорыққан үрейлі жүздерін өте нанымды етіп суреттейді. М. Әуезов ұлықтар тобының құрамына жеке-жеке тоқталып, оларға сипаттама беріп, патшалық империяның қазақ даласына жүргізіп келген саясатының, ел билеу жүйесінің, болыс сайлауының мән-жайынан толық мәлімет келтіреді. Ұлықтар тобының құрамын таныстырғанда, облыстың үстінен қарайтын жандарал – «Жандарал болса, өз жүрісін салтанатпен, мықтап келістіре білетін аса мәнді, бапшыл адам» деп ерекше тоқталады. Одан кейін облыстың полицмейстер кеңсесі жай пристав, урядник, стражниктерден басқа әлденеше жандарм офицерлерін, арнаулы полицейлерін қосқан деп таныстырады. Тілмаштар мен кеңсенің хатшылары, әр дәрежелі советник, тайный советниктер бар деп, осынша салтанатпен әрі үрейін шашып, айдын, айбатпен келе жатқан топтың жайын түсіндіреді. Әкімшілік жүйенің орнатқан осындай тәртібіне наразылығын білдіріп, автор «Абай жолы» эпопеясында шындықты

83

бүркемелемей ашық айтып, сынға алған. «Патшалықтың осындай бюрократтық, шеншіл шұбар тобы, Қарамоладай кішкене жәрмең-кенің атырабын селдей басты» [84, 270].

Сол кезеңдегі әкімшілік жүйені орнатып отырған отаршылдық мүдденің қазақ даласына енгізген саясатын Абай мен М. Әуезов шығармаларында қатты сынға алған. Абайдың болыстық сайлау жайынан мәлімет беретін «Антпенен тарқайды» атты өлеңінде:

Антпенен тарқайды, Жиылса кеңеске Ор қазып байқайды, Туа жау емеске.

...Аз адам шаршайды, Ебіне көнбеске. Басы ыңғай қайқайды, Амал жоқ өлмеске.

«Тұрағұлдың айтуына қарағанда, болыстар мен билер сайлауы кезінде, 1894 жылы жазылған. ...Ел арасындағы пысықтардың байды жарлыға, биді байға атыстырып, ебін тауып, екі асап жүргендерін, бірін-бірі аңдыған өңкей қанды ауыз жемдестердің ақырында бет жыртысып, «таласып тарқайтынын» ащы мысқылмен түйрейді» [90, 88]. Болыс сайлауының алдында жуандардың жиылып, кеңес құрып, бір-біріне ант беріп, ақырында бір-біріне ор қазып, өкпелеп, таласып тарайтын бірлігі кеткен бейберекет елдің жайын Абай айтады.

Дәл осындай жағдайды М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында көрсетеді. «Қапада» тарауында Базаралының ел арасындағы жағдайды айтқан бір әңгімесін Абайдың еске алуы тұрғысынан баяндалады: «Олар Базаралының айтуынша жиылады, топ қасқырдай бастарын бір араға түйістіріп тұрып, қан құмар тұмсықтарын «е» дескендей бір сәтте, тегіс аспанға көтеріп, ұли жөнеледі. … Мыналар да сондай ұялас, қанды ауыз дәніккен бөрілер. Алыстан жемін аңдып алып, бас қосқанда анттасып, баталасып бірін-бірі қайрайды. Жауыздыққа, жаулыққа баталасады. Жазығы жоқ жақынды, жалғыз бен жалқыны желі етуге анттасады. Сол үшін өздеріндей бүліктен, бұзықтан көмек жияды. Біреуді еліктіріп алады, біреуді қорқытып ертеді» [84, 413].

84

Қазақ халқының табиғатына тән боп кеткен ең кесел ауру – іштарлықтың төркінін де Абай өз өлеңдерінде қозғайды. Күншілдіктің қазақ арасындағы көріністерін жеріне жеткізе мысқылдайды.

Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін алты бақан ала ауыз [88, 47].

Абай өзі өмір сүріп отырған замандағы кеселдің бәрі осы елді басқарып отырған басшыларынан, яғни болыс-билерден басталатынын айта келіп:

«Бас-басына би болған өңкей қиқым Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын», – дейді [88, 20].

М. Әуезовтің шеберлігіндегі болыс-билердің образдарын сомдаудағы ерекшелігін айта келіп, ғалым Майтанов былай дейді: «Ол пенде атаулының көбінде кездесетін жанаярлық, өзімшілдік, опасыздық сырын айтады. Абай күресетін қырқаяқ қауымының жүз құбылған зымиян сұрқы белгі тастайды» [91, 103].

«Абай жолы» эпопеясының құрылым-жүйесінде Абайдың көркемдік дәстүрлері зор эстетикалық қызмет атқарады. «Абай поэзиясын оның замандастарының образын жасауда басты түпнұсқа етіп пайдалана отырып, М. Әуезовтің алдымен сол кезде болған, ақын шығармаларында бейнеленген адамдарға берілген поэтикалық сипаттама мен бағаны көркемдік жағынан ашып көрсетті», – деген Л.М. Әуезованың пікірі жазушының тарихи шындықты көркемдік шешіммен беретін шеберлігін танытады

[79, 215].

М. Әуезов Абайдың бастан кешкен қайталанбас өмір жолындағы ақын санасына өз таңбасын қалдырған әртүрлі әлеуметтік ірі оқиғалар тарихымен тереңірек танысқан сайын, олардың ақын шығармасындағы көрінісін аша түсуге ерекше ден қояды. Әлеуметтік әділетсіздіктерді әшкерелеуде Абай да, Әуезов те халқының арасында болып жатқан күнделікті көзге түрткі болып көрінетін кемшілік, қайшылық, керітартпалықты ашына көрсетеді. Осы орайда ғалым-сыншы А. Нұрқатовтың сөзі еске түседі: «Абайдың болыстар мен билерді, атқамінерлерді өлтіре әжуалайтын, олардың жексұрын бейнесін жалаңаштап көрсе-

85

тетін басқа да сатиралық шығармаларының қалай туғандығы да романда шынайы суреттелген», – деп, М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы суреттелген болыс билердің образдарының түп төркінін анықтап береді [8, 146]. Демек, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сол жуандардың психологиясын дөп басу реализмі, Абай реализмінде жатқанына көзіміз жетеді.

Абай халқының басындағы ауыр тұрмыс пен ел ішіндегі кері кеткен кесел мінез қасиеттерін жүрегі ауыра отырып, ашына жырлайды. Эпопеяның бүкіл сюжеттік желісінде М. Әуезов Абайды: «Атаның баласы емес, адамның баласы» болып туған, «Қалың елі, қазағы» үшін қамыққан азамат ердің бейнесін даралап көрсетеді. Сондай-ақ, эпопеяның барлық өн бойынан байқайтынымыз – халықтың тағдыры жөніндегі ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің сазы естіліп тұрғандай әсер беретіні.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңін эпопеяда жазушы бірнеше жерде қолданып, оқушыға оның мағынасын жан-жақты түсіндіріп, терең мазмұн береді. Ақынның халқының қамын ойлап, жоғын жоқтап, «елім», «жұртым», «халқым» деп жар сала айтқан қасиетті сөзі «Абай жолы» романэпопеясының өн бойынан табылып, толғана айтқан үні естіліп таралып жатады. Мәселен, М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының «Кек жолында» тарауында: «Ешқашан да қоймаймын, өйткені «қалың елім, қазағым, халқым» дегенім – сол жоқ-жітік, ел-көпшілік …

– …Ата жолы көпке зорлық, қастық болған соң, мен ата баласы болмай халық досы боламын дегенмін» [84, 92].

Келесі «Қарашығын» тарауында былай делінген: «…Халқым, қазағым, жұртым сол. Соның күйі қалың сор… Соған мен не көмек, не басшылық еттім?…» – деп, біраз

үндемей қалды [84, 130].

Сондай «Абай жолы» эпопеясының «Түн-түнекте» тарауында: «Өлең жазып, өсиет таратып жүрмін», «халқым үшін қам жеп жүрмін», – дейтін Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңiнің негізгі идеясын жазушы осыған ұқсас эпопеяның көптеген тұстарында қолданады. Осы жөнінде Е. Лизунованың «Современный казахский роман» деген монографиясындағы зерттеуіне көңіл бөлсек: «Ұлы ақынның бейнесін жасауда-

86

ғы М. Әуезовтің көркемдік әдісінің ерекшелігі оның эпопеясында тарихи фактілер Абай поэзиясының мазмұнымен тығыз байланысты. Автор өз алдына прозалық баяндауға енгізілген өлеңдер арқылы ақын шығармашылығының психологиясын жанжақты ашу міндетін қойды. Сол себепті М. Әуезов ақынның басынан кешкенін және оның поэзиясында көрініс тапқанын негізге алды», – дейді [81, 302 ]. Яғни М. Әуезовтің Абай образын сомдау үшін ақын өлеңдерін эпопеяда барынша пайдаланғаны айтылған. Эпопеядағы тарихи деректер мен Абай поэзиясының мазмұны сабақтас екенін нақтылай түседі.

Қалың қазағының халiн ойлап қамығып, қайғы шеккен шерлі ақын ұзақ толғаныстардан кейін «Бірі – қан, бірі – май боп, енді екі ұртың…» деп, жан-жүрегімен ширыға түседі. Абай дүлей өмірдің рухани қысымынан көп уайым шегеді.

Осындай «соқтықпалы, соқпақсыз заманда өскен, тас қараңғы далада үйірлі наданмен жалғыз алысқан» Абай шығар жол таппай, тығырыққа тіреліп:

Атымды адам қойған соң Қайтіп надан болайын, Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын? [88, 169] –

дейді. Ақынның басындағы қат-қабат, шытырман шындықты М. Әуезов эпопеяда шебер көрсете білді. Абайдың осы өлеңіне ұқсас эпопеяның «Қақтығыста» тарауындағы мына үзіндіге көңіл бөлсек:

– «Өмірді неден бастасам, әлі сол орында тұрғандаймын. Залым жауызбен алысқан сайын, жеті басты жыландай. Бір басын шапсам тағы біреуі туады. Қайда, қайда бұл шығар жол!? Енді қашан елдік сәулесін көрем? Өткені ме осымен қу өмір? Кеткені ме ұшығына жеткізбей мол арман? Жұртым деуге ұялудан ары-

лам ба, жоқ па?» [84, 200].

Осы үзіндіні М. Әуезов Абайдың монологі ретінде ақын өлеңіне өзектес етіп береді. Айналасындағы залым жауызбен алысқан ақынының жан толғанысын осылай өкініш, арман толқынында көрсетеді.

Қоғамды бұзып отырған екіжүзді, жалған пысықтар мен ессіз дүмшелерден түңілгенкемеңгертұлғаөмірдесүйенер тірек таппай:

87

Ағайын бек көп, Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ, [88, 85] –

деп ағайын-жақынның бәрінен түңіледі.

«Абай жолы» эпопеясының құрылым-жүйесінде Абайдың көркемдік дәстүрлері зор эстетикалық қызмет атқарады. Мұхтар Әуезовтің өз сөзімен айтсақ: «Сөздік жағынан менің романдарымның Абай өмір сүрген тарихи дәуірге сәйкес ерекшеліктері мол», – дейді [82, 111]. Эпопеяның тақырыбы мен идеясы, ұлттық даралығы мен халықтық сипаты, тілі, сюжеті, образдар жүйесі осылардың қай-қайсысына да суреткер Абайдың әдеби мұрасын, оның заманынан асып туған асыл ой-мұратын негіз етіп алады.

М.О. Әуезов белгiлi тарихи деректерге сүйене отырып, Абай өмiрi мен заман ерекшелiгiн терең түсiну арқасында бар құбылысты ойша дамытып, одан мүмкiн деген табиғи қорытындылар шығарады, сюжет желiсiн, мiнездер құбылысын, өзгерiсiн белгiлейдi. Ал сюжет пен композицияға келетін болсақ, мұнда да Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер үнемі өрбу, өсу үлгісінде көрінеді.

Жоғарыда сөз болған мәселелерді қорытындылай келіп, айтарымыз: М. Әуезов Абай заманында дүниеге келіп, сол уақытта өмір сүрген жоқ. Бірақ Абай ғұмыр кешкен әлеуметтік ортада жасап, ақын өмір сүрген дәуір болмысын көзімен көріп, іштей сезініп өсті. Сол кезеңнің заңды жалғасы – саяси көрінісін, патша өкіметінің қазақ даласына жүргізген отаршылық езгісін, ел басқару жүйесін біліп өсті. Абай өмір сүрген ортаның керітартпа қайшылықтарын, келеңсіз оқиғаларын, патша өкіметінің чиновниктері мен қазақтың болыс-билерінің жағымсыз әрекеттері туралы хабардар болды.

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ деген халықтың ХІХ ғасырдағы өмірін, жалпы табиғи болмыс-бітімін,

88

ұлттық психологиясын, саяси ахуалын танытатын шығарма. Қазақтың біртума ғалымы Қ. Сәтбаев «Абай жолы» роман-эпопея- сына: «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс-тұрмысын бар қырынан жан-жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопедия», – деп баға бергендей, бұл шығармадан халқымыздың өткендегі тарихы мен дәуір келбеті, бүкіл тыныс-тіршілігі жайлы мағлұмат алуға болады [92, 35].

«Абай жолы» роман-эпопеясы – сол дәуірдің, яғни ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қоғамының шындығын кеңінен қамтитын энциклопедиялық кең көлемді туынды. «ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, өз дәуірінің алып тұлғасы, халық ақыл-ойының асыл діңгегі іспетті болған ұлы Абайдың өмір жолын, өнер өрнегін таныту үшін жазушыға оның туған топырағы мен өскен ортасын да жан-жақты көрсету қажет болады. Ал өз дәуірі мен өз ортасының барлық өзгешелік, ерекшелігін, өз халқының барлық тұрмыс болмысын, тағдыр-тарты- сын бар қайғы-қасіреті мен арман ардағын арқау еткен ақын шығармалары жазушы алдына сол заман мен қоғам өмірінің бар табиғаты мен болмыс ерекшелігінің шын қалпын, айқын суретін жайып салады», – деп, ғалым К. Сыздықов эпопеяның негізгі идеясы мен мақсатын айқындап береді [87, 152].

Бұл туындыны қазақ қоғамының түрлі тап өкілдерінің өміртіршілігін, сан алуан адамдардың адамгершілік қасиеттерін, олардың түрлі сезім күйлерін паш ететін өмірлік деректер галереясы деп бағалауға болар еді. Жазушы оқиғалар мен деректерді суреттей отырып, өмірлік қақтығыстарды бейнелеуге, оның әлеуметтік жағын кеңінен ашуға тырысады, сол себепті қажет болған жағдайда өзінен қосып, өзгертіп, тіпті кейбір оқиғаларды алып тастайды. Шындығына келсек, эпопеядағы көптеген кейіпкерлердің тағдырларының басым бөлігі жазушы қиялынан туындап, тарихи жағдайлармен ұштастырылып отырған. М. Әуезов тарихи шындықтың негізін өзгертпей, өмірлік құбылыстарды суреттеуге өзіндік үн қосып отырады. Сол белгілі бір оқиғаны тереңінен бейнелеп көрсету үшін кейде тіпті кейіпкерлерді де ойдан шығарып, өзінің идеялық-көркемдік ой өзегін жандандыруға тырысады. Әсіресе эпопеяның кең ауқымдылығы, жеке тұлғалардың тағдырларының сан алуандығы оқырмандарды таң

89

қалдырады, сондай-ақ қоғамдық өмір құбылыстарының күрделілігі мен жан-жақтылығы, қарапайым адамдардың ауыр бағынышты жағдайы, ішкі феодалдық қақтығыстар, жер үшін күрес, көшпелі өмір салты мен тұрмыс-тіршілігі, мәдениет, білім т.б. мәселелер белгілі бір тарихи дамудың жалпы көрінісін суреттеп берді.

«Абай жолы» роман-эпопеясы халыққа мазмұн тыңдығымен, қазақ халқының жарты ғасырдан астам өміріндегі елеулі құбылыстардың терең сырын ашып беруімен құнды. Бұл шығарма қазақ әдебиетіне көптеген жаңалық қосты. Солардың негізгілері қатарында шығарманың реализмі, қаһарманның мінез-құл- қын, даралық келбетін нақтылы көрсету шеберлігін айтамыз. Әлеуметтік құбылыстарды адам характерінің ерекшелігімен тығыз байланыстыра көрсетеді. Осы өрнектерді мол да жүйелі дәстүрге айналдырып, жазушы әдебиеттің дамуында тұтас бір дәуір тудырды.

1.3. Қарасөздердегі дүниетанымдық ой-түйіндердің М. Әуезов көсемсөздерінде жалғасуы

Ұлттық әдебиет пен мәдениеттің, әдебиеттану ғылымының туын ұстаған дарынды топтың ең көрнектілерінің бірегейі Мұхтар Әуезов болды. Көркем шығармаларды ерте бастаған қаламгер алғашқы жазушылық сапарын 20-жылдары бастап, 30-жыл- дарда да қоғамдық, саяси өмірдің әртүрлі маңызды мәселелерін қозғайтын публицистикалық мақалаларды көп жазды.

М. Әуезовтің таланты көсемсөздерден ерекше байқалады. Ол әлеуметтік өмірдің күрделі проблемаларына бой ұрып, прогресшіл көш басшы ойлар айта алады. Саяси мектептен өту, кеңес үкіметі үшін күресу, кеңес мекемелерінде істеу Әуезовтің ой-сана жағынан толысып, білім, эрудициясының айрықша байып, кейін әлемге даңқы жайылған жазушы болуына ерекше ықпал жасаған шешуші факторлардың бірі еді.

«Жас таланттың алғашқы сапары байлау мен пікірді ашық, жарып айтуды талап ететін публицистикадан басталады. 1917 жылы «Сарыарқа» газетінің 5 қыркүйектегі 12 санында жария-

90

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]