Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Абай салған даңғыл жолды Алаш қаламгерлері жалғады. Ақынның қоғамдық үні олар үшін үнемі алдыға бастар бағдаршамдай болды. Ақын поэзиясының үні, өзекжарды мәселелері мен идеялық мақсаты олардың шығармаларында өрістеп дами түсті. Абайдың азаматтық үнінен қуат алған олар бүкіл алаштың басын біріктіруді міндет етті.

«...Абайдың «үміт еткен жасөспірім достары» ойланды және сол Абай аңдатқан рухани бостандықты ту етті де мұқым ұлттық мүддені «Алаш» деген ұранға біріктірді. ...Мұндай азаттық бостандыққа, рухани тәуелсіздікке ұшқын түсірген Абайдың ойлы сөзі еді. Азаттық жолына біржола түскен тұсында Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхамеджан Тынышбаев пен Міржақып Дулатовтың, Сұлтанмахмұт пен Мағжанның Абайды терең зерттеуі соған дәлел. Демек, Абай қазақтың ұлттық рухын өлтірмей, өсер ұрпаққа тірі жеткізген елінің ұлы ұлтжанды тұлғасы», – деген ғалым Т. Жұртбайдың сөзінің астарында терең тарихтың парақтары жатыр [23, 24].

«Алаш» партиясы, Алашорда өкіметі туралы күні кешеге дейін тарихи шындық бұрмаланып, бетіне қара таңба басылып, қып-қызыл өтірікке былғанып келді. Оларды өкіметтің қас дұшпандары етіп көрсетіп, есімдерін мүлде атауға болмастай қатаң тыйым салынды. Тәуелсіздіктің таңы атып, тарих парақтарының бет пердесі ашылған тұста, кеңес дәуіріндегі идеология үстемдігінің кесірінен бір буын ұрпақ қазақтың елді бастар нағыз көсемдері мен зиялы қауымынан қол үзіп қала жаздағанын түсінгендігін білді. Шындығына келгенде, Алаш азаматтарының басым көпшілігі ұлт мүддесі үшін аянбай күрескен, сол жолда жандарын қиған ерлер екеніне бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр. Олар қоғамдағы маңызды мәселелермен айналыса жүріп, қуғынсүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, журналистика, сын, ғылым, аударма салаларында бай мұра қалдырып кетті. Ел болашағы мен ұлт тағдыры жолында атқарған еңбектерінің тарихтағы маңызы мен қоғамдық-саяси қызметі жайлы тарихшы ғалымдар академик М. Қозыбаевтың «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» (1994.), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (1995), К. Нұрпейісовтің «Алашорда» (1995) атты еңбектерінде арнайы жан-жақты сөз болады.

11

Алаш арыстары – табиғатынан асыл туған, айрықша дарынды жандар. Бұл буын өкілдері қазақтың әдет-салтымен тәрбиеленген, мұсылманша хат танып, исламның иманды бұлағынан нәр алып, одан кейін жәдидше, орысша оқып, бірнеше тілді меңгерген жандар. Олар үлкен мәдени қалаларда білім алған өз заманының көзі ашық зиялылары, сондай-ақ сан салалы мамандық иелері екенін де ерекше айтуымыз керек.

ХХ ғасыр басындағы ұлттың ояну кезеңінің жаршысы, қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаштың ардақты азаматтарына жан даусымен Алаш деп ұран салады. Ол барлық ерлерді бостандық, еркіндік, ел қамы үшін күресуге, бірігіптізеқосуға, біртудыңастынабірігугешақырады.

Алаш туы астында, Біз – алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы. Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған, Қанымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Ерімізді айдаған, Елімізді лайлаған. Жерімізді шимайлаған, Өшті залым қарасы.

Жасасын, алаш, жасасын! [24, 6].

Ақынның бұрыннан бері ішінде қайнап жүрген бүкіл арманы осылай ұран болып шығады. Ол Алаш партиясының ұранын құптап, бостандық жолындағы алдағы күнге артқан үмітіне қосылады. Бұрынғы «ерімізді айдаған», «елімізді лайлаған», «жерімізді шимайлаған» «өшті залым қарасы» деп қуанады. «Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздайды, бірлікке, ел тұтастығы үшін күреске шақырады» [25, 125].

Енді ешкімнің алашты, Қорлығына бермейміз!

деп халқына жар сала, сеніммен уәде береді. «Шындықтың ауылын іздеп», туған елінің аспанында жарық күндей болып өнер шашуға талпынып, шиыршық атып үнемі толғанып жүрген ақын «бостандық», «теңдік» деген алаш үніне қосылады.

12

Аталған кезең әдебиетін «Алаш ұранды әдебиет» деп анықтаған ғалым академик Р. Нұрғали Алаш қозғалысына қатысып, «Алаш» партиясын құрысып, Алашорда үкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұғырлары шыққандығын көрсетеді. Олардың көздеген мақсаты мен ұстаған бағытын былай деп түсіндіреді: «Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз, демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл Алаш ұранының астына жиылған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет, сапалар еді» [26, 12]. Әдебиетші ғалым Р. Нұрғалидың Алаш ұранды әдебиетке, өнердегі ұлттық рухқа арнап 1997 жылы«Әуезов жәнеАлаш» дегенеңбек жазғаны белгілі[27].

Қазақ елінің азаттығын аңсаған, ұлттық мүддесін көксеген халқымыздың ардақты азаматтары аянбай еңбек етіп, сол жолда жандарын құрбан етті. Алаш қайраткерлері ішінен шыққан ақын-жазушылар, сыншылар, ғалымдар қазақ әдебиетінің іргетасын қалауға елеулі үлестерін қосты. Халқымыздың бай ауыз әдебиетінен, Шығыс пен Батыс әдебиетінің алып қазыналарынан нәр алған, Абай дәстүрін өнеге тұтқан Алаш қаламгерлері қазақ әдебиетіне озық идеялы, терең мағыналы туындыларымен артынан бай мұра қалдырды. «Алаш зиялылары күрделі кезеңде Батыс бағытын ұстанды. ...Бірақ оған көзсіз еліктеген жоқ. Саяси бағыттағы істерін сынай отырып, ғылым-білім мен әдебиеттегі жетістігін насихаттады. Әдебиетте көрінген милләтшілдік сарын – ұлтты ұйыстырудың, еңсесін көтерудің, жалпы дамытудың амалы еді. Ол елді оятты», – деп, қаламгерлердің ұстанған бағыты жайлы алаштанушы ғалым Д. Қамзабекұлы сипаттама береді [28, 269]. Жан-жақты терең білімді әлем әдебиетінің озық үлгілерін жетік білген Алаш қаламгерлері ұлт тәуелсіздігі үшін жанкешті қоғамдық-саяси істерге араласа жүріп, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған классикалық үздік туындылар әкелді. Олар қазақ халқының өткен тарихын, өмір тіршілігін шынайы бедерлеген, көркемдік эстетикалық биіктен көрінетін шығармалар тудырды. «Бұл идеялар қазақ әдебиетінде бұрыннан бар үлгілермен қоса жаңа жанрлық формалар арқылы жүзеге асырылып, роман, драма, сын, публицистиканың соны түрлері

13

туды. Әлем әдебиетінің классикалық шығармалары аударылды. Сөйтіп, әсіресе Абай сабақтарын нысана тұтқан, бұрынғы озық дәстүрлерді жалғастырған жаңа сапалы Алаш ұранды әдебиет рухани тарихымыздағы ерекше кезең болып табылады. Бұл толқын өкілдерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың шығармаларындағы рух, идея, нысана кейінгі әдебиетте жалғасын тапты» [26, 12]. Алаш әдебиетінің рухани тарихымыздағы ерекше кезең екені, ұлттық әдебиеттанудың алтын арқауы болғаны белгілі ғалым А. Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» [29] атты ғылыми еңбегінде және алаштың ардақты ардагерлерінің тарихтағы орны жайлы ф.ғ.д. профессор Т. Жұртбайдың құрастыруымен жарық көрген «Алаш ақиықтары» [30] атты кітабында жан-жақты қарастырылған. Ұлттық әдебиеттің жедел дамуына қосқан үлестерін салмақтап айтқан 2006 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты он томдық ұжымдық еңбекте ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткені кеңінен сөз болған. ХХ ғасырдан бастап жаңа қазақ әдебиетінің өркендеуіне Абай дәстүрінің әсері болғаны айтылады [31, 8]. Халықты мәдени өркендеуге, өнер-білімді, ғылымды игеруге шақырған Абайдың идеяларынан, Абай заманынан бастау алса, жаңа ғасыр басындағы қоғамдық жағдайда сол озат идеялар жалғасын тауып, жаңаша мағына алып, ұлттық ояну, азаттық үшін күресу идеясы ұлттық ұранға айналған болатын.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде Абайдың дәстүрін тікелей жалғастырған ақындарды академик З. Ахметов «ізбасар ақын» деп атап, оған Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет, Міржақыпты жатқызады. «...Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп, мысалы, Сәкен мен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсе, М. Әуезовті де, кейінгі атақты ақындардың қайсысын болса да алып қарауға мүмкін екені талассыз», – деп, ақындармен бірге Әуезовтің есімін де атауы тегін емес [32, 7071].

Абай өздігінен ұлы ақын болған жоқ. Ақынның өзгеден алған және өзгелерге берген нәрі де бар. Өзгеден алған нәрі туралы айтқанда, өскен ортасы, ақындық айналасы, сусындаған рухани қазына көздеріне терең үңілгеніміз жөн. Абайдың асқан ақындық және данышпандық қасиетке жетуіне себепші болған М. Әуезов атап көрсеткен «үш қайнар бұлағы» еді. Мәдениеттің,

14

өнердің, адамгершіліктің мол үш арнасы данышпан ұлы ақынның шығармашылығына рухани азық болады. «Мәдениеттің бұл айтылған үш саласын өзінің творчестволық ісіне пайдаланғанда, Абай оларға тек еліктеп қана қойған жоқ немесе кесек шығарманы ұсақтап, көшіріп алған жоқ. Ол өзінің сүйегіне біткен қасиеті, даналығы, дарындылығы, тілге бай көркем сөзге шеберлігі арқасында өткен дәуірдің әрбір шығармашылығына сын көзімен қарап, ең жақсыларын ғана іріктеп алды, өзінің идеялық-көркем шығармаларын, поэзиясын осылармен байыта отырып, оған жаңа түр, жаңа мазмұн берді», – деп, академик М. Әуезов Абай шығармашылығының нәр алған қазына көздерінің негізгі себебін түсіндіреді [33, 160]. Аталған үлкен үш арна Абайдың тек ақындық қабілетіне әсерін тигізіп қана қоймай, оған рухани азық болып, ой-өрісін, дүниеге көзқарасын өзгертіп, ақындық өнеріне жаңа жол ашты.

Абай, ең алдымен, халық даналығынан сусындайды, сөз байлығы, өнерпаздық үлгісінен нәр алады. Шешендік орамды сөз сөйлеу мен қисынды кесек ой тастауды өз ортасынан үйренеді. Тамыры тереңде жатқан халқымыздың бай ауыз әдебиетінен, бірнеше ғасыр бойы кеңінен қанат жайып өркендеген жыраулар поэзиясынан, өзіне дейінгі ақындар поэзиясынан үлгі алып, қанаттанады. «...анықтап айтатын нәрсе – Абай поэзиясының негізгі тірегі, қайнар көзі, ана сүтіндей нәрлендірген арнасы

– халық поэзиясы, қазақтың ақындық өнері, Абай поэзиясы қазақ топырағында өсіп-өнді» [32, 71]. Абайға Шығыс пен Батыс әдебиетінің ықпалы мол болған.

Жалпы ақын не жазушы, яғни өнер иесінің белгілі бір өнерге, ғылымға, ізгі жолға түсуіне әсер ететін, өнеге көрсететін мектебі болады. Әр ұрпақтың өткеннен алған өнегесі мен кейінгіге берер үлгісін дәстүр жалғастығы дейді. Бұл – табиғаттың заңдылығы. Ғалым-сыншы М. Қаратаевтың жалпы редакциялық басқаруымен 1980 жылы шыққан «Дәстүр мен жаңашылдық» атты еңбекте бұл категория туралы: «Дәстүр мен жаңашылдық дейтін проблема кең мағынасында – философиялық проблема. Себебі бұл – дүниежүзіндегі барлық даму атаулының тетігі. Мұнсыз өсу, өрбу, өзгеру жоқ», – деп анықтама беріледі [34, 4]. Философиялық тұрғыдан алғанда, дәстүр мен жаңашылдық құбылыстарының сабақтаса байланысынсыз өмір, тірлік болмақ емес. Ал:

15

«Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі дегеніміз – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани игілік», – деп анықтама береді академик Р. Нұрғали [5, 6]. Ғалым әдеби дәстүр мен әдеби даму – әдеби қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас қайнарлары екенін дәлелдеп береді. Оны меңгерудің жолдарын санамалап көрсетеді, яғни жаңашылдық ізденістерінің арнасы, ең алдымен, жүйелі дәстүрді игеруде жататындығын, табанды қаламгер үйрену, үлгі алу, тәжірибе жинақтау кезеңдерінен өтіп барып, соныға тартатындығын ескертеді.

Жалпы дәстүр, оның ішінде поэзиядағы дәстүр дамиды, өз- геріп-өседі, жаңғырып-жаңарады. Бірақ ол үшін көбінесе халықтың өмірінде, санасында, көркемдік дүниетанымында жаңа бетбұрыс, үрдіс, даму, өзгеше бір жайттар болуы қажет. Міне, осы талаптарға сай туындап, жалпы қазақ әдебиетіне келген ұланғайыр әлем, ерекше бір құбылыс – Абай поэзиясы, Абай әлемі, Абай дәстүрі болғаны айқын.

Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де ұланғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі деген тақырып – өте кең ауқымды әрі өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б. Әбдіғазиұлының пікірінде: «Абай дәстүрі – қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна», – делінген [35, 16].

Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай дәстүрі көп зерттелді. Әлі де зерттеліп жатыр. Ежелден күрмеуі қиын, алып тынысты, кең ауқымды сала болғандықтан, зерттеуін жалғастыра беретіні сөзсіз. Абай дәстүрі туралы М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Ы. Дүйсенбаев, А. Нұрқатов, Қ. Мұхамедханұлы, Ы. Мұстамбаев, Ә. Жиреншин, З. Ахметов, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, М. Мырзахметұлы, Ж. Ысмағұлов, Б. Әбдіғазиұлы,

16

Б. Ердембеков т.б. ғалымдар әр қырынан зерттеп, ақын салған сара жолдың кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына, әдеби үрдістің жалғасуына тигізген игі ықпалын көрсетті. Абай дәстүрінің кейінгі поэзияға әсері жөнінде арнайы монография жазып зерттеген ғалым А. Нұрқатов өзінің «Абайдың ақындық дәстүрі» атты еңбегінде: «Шын мәнісінде халықтық бағыттағы, таланты сау, ниеті таза, мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы да дәуір талабын батыл сезіну мен сол жайында толғануды, алға және алысқа көз тігуді Абайдан үйренді», – дейді [36, 153]. Ғалымның айтуынша, олар Абай дәстүрін дамыта отырып, оның поэзиялық халықтығын, өзекті принциптерін дәуір талабына сай өрбіте, тереңдете түскені көрсетіледі. Абайдың ізін басқан ақындар қазақ әдебиетін онан әрі өсіріп, оны жаңа тақырыптармен байытып молықтырғаны, сол замандағы өмір ағысы алға тартқан күрделі мәселелерді қозғап, шеше білгені – Абай дәстүрінің жалғастығының айқын айғағы еді.

Абай дәстүрінің сан салалы, өте күрделі екенін айта келіп, белгілі ғалым Ж. Ысмағұлов кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне Абайдың тигізген ықпалы жайында сөз қозғау мүмкін болмағанын ескертеді. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрінің алдыңғы шептен орын ала алмағанының бірнеше себебін түсіндіреді. Бұл тақырыпты арнайы қолға алып, артына көлемді еңбек қалдырған ғалым Айқын Нұрқатов екенін айтады. Абай дәстүрін жалғастырған Алаш қаламгерлері жайлы А. Нұрқатовтың жаза алмағанына Ж. Ысмағұлов өкініш білдіріп: «Бірақ, амал не, марқұм сол кездегі қатаң тәртіп жағдайында, Абай мұрасының ең етене мирасқорлары – Алаш әдебиетінің өкілдері, яғни ХХ ғасыр басындағы ең шұрайлы кезең туралы да, оның жаңағы аталған ұлы тұлғалары туралы да ауыз аша алған жоқ», – дейді [37, 33]. Сол кездегі билеп тұрған саясат кесірінен Айқын Нұрқатовтың бұл тақырыпты жаза алмағанын айтып, Ж. Ысмағұлов: «Бұл тақырып қазіргі Тәуелсіздік тұсында, біздің Әуезов институтында ғана там-тұмдап қолға алынып отыр», – деп зерттеудің ендіенді алына бастағаны жайын баяндайды.

Бұл тақырып «Абайдың кейінгі дәуірде қазақ әдебиетінде жаңаша сипат алып қалыптасқан биік қоғамдық-эстетикалық идеялар, мақсат-мұраттар ұлы ақынға ілесе шыққан Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет пен Міржақып сияқты қайрат-

17

керлердің шығармаларында әрқайсысының өмірдегі, өнердегі ұстаған бағыты, ізденістеріне орай өзгеше жарқын көрініс тапты. Қазақ мәдениетіне, әдебиетіне халықтың рухани өміріне шексіз мол жаңалық әкелген осы ақындардың әрқайсысы Абайдың ағартушылық, демократиялық озат ой-пікірлерін, өнерпаздық дәстүрлерін өзінше жалғастырды» [38, 7].

Абай дәстүрін жалғастырған Алаштың ардақты ақындарыШәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлы шығармашылығы жайлы арнайы сөз етпекпіз.

ХХ ғасыр басындағы қазақтың бірқатар көрнекті ақындары Абайдан үйренді, Абайды өздеріне ұстаз санады. Абай үлгісімен өлең жазды, халқының мұңын жырлады. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ ақын-жазушыларының бүкіл шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады. Осы кезеңді сөз еткенде, «Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғанын атап өту ләзім. Онсыз сол кездегі поэзияның даму барысын, көтерілген биігін аша алмайтынымызды басты назарда ұстаған жөн деп санайды ғалым Ө. Әбдиманұлы [39, 91]. Аталмыш ақындардың ішінде «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығуға» талпынған өршіл рухты Сұлтанмахмұт Абай поэзиясын оқып, тәлім алуға шақырады.

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең,

Жат тоқып ал көңілге [40, 157].

Сұлтанмахмұт асыл сөзді іздесең, адамдықты көздесең Абайды оқы, ерінбе деген өсиет айтады. Ақынның айтқан өсиеті бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін маңызы зор. Себебі Абай мұрасында асыл сөзбентереңойдың, адамдық қасиеттің барқазынасы жатыр.

Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін жалғастырушы. Сұлтанмахмұттың Абайды ұстаз тұтқандығы, алғашқы кезде еліктеп жазғандары оның өлең өлшеулері мен сөздіктерінен көрінеді. Абайдың оқу-ағарту, білім-ғылым саласындағы ойларын, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын, өз заманының шындығын өз өлеңде-

18

рінде өрбітіп дамытады. Сұлтанмахмұт Абай уағыздаған оқубілім, өнер, адалдық пен ар-намысқажастарды үндейді. «Елді азаттыққа, прогреске атой салып шақырады. Бұл өлеңдер өмір суреті ғана емес, өмір оқулығы, алға басудың ұраны еді. Сұлтанмахмұт өлеңдерінде, әсіресе ағартушылық сарын басым» [41, 242]. Оның шығармаларының тақырыптары түгелдей қазақ халқының шынайыөмірі, әдет-ғұрпыменмінез-құлқыәріхалықтыңарман-тілегі.

Шынында, ғылым артық мал мен бақтан, Ғылым болса қара су тасып аққан. «Оқу оқып не керек, мал таппай», – деп

Қазақтың айтқан сөзі надандықтан [40, 25].

Ақын ғылымның өмірдегі мәнін түсіндіріп, мал мен бақтан ғылым артық екенін айтады. Қазақтың надандығына қарсы болады. Абайдың да ең бірінші күресетіні – надандық. Сұлтанмахмұт өлеңінде айтылған ой Абай өлеңінің идеясына сәйкес келеді. Мәселен:

Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса мейлі, сол айтты – Ақылменен жеңсеңіз.

Надандарға бой берме [42, 93].

Абай «надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық көрінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етеді. Ақын халықты білімге, ғылымға, еңбекке үндейді.

Қызмет қылып ой таппай, Ғылым оқып ой таппай, Құр үйінде жатады [42, 107].

Ғылымды іздеп, оқып, құр жатпауға шақырады. Ақиқатты білмек үшін, даналық пен терең ойды үйрену үшін ғылымның керек екенін баса айтады.

Адасып алаңдамай жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық қамалмай.

19

Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай [42, 223].

Қазақ халқын түзу жолға түсіруді ойлайды. Жұртының қамын жеген ол «адасып алаңдамай», бір жерде «қамалып қалмай» өнерлі өзге халық сияқты білім-ғылым іздеп, еңбек етсең, дұрыс жолға түсесің деген келелі ойды алға тартады.

Сұлтанмахмұт – бостандық пен теңдік идеяларын уағыздаған ағартушы, демократиялық бағыттағы әдебиетіміздің аса дарынды өкілі. Ақын шығармашылығы жайлы профессор Кенжебаев: «...Сұлтанмахмұт шығармаларының көпшілігі қазақ халқын ояту, өнер, ғылым, мәдениетке шақыру, бостандық, теңдік алу үшін ұмтылуға үгіттеу болып келеді», – дейді [43, 109]. Халқының бақытын болашағынан күткен ақын теңдік пен азаттықтың жолына қанатын сермейді. Қазақ халқының көзін ашуды, келеңсіз жайлардың көзін жоюды ойлайды. Ел ішінде етек алған кемшіліктерді өткір сынап, өмір мен қоғам алдындағы көлденең тартқан мәселелерді жырлайды. Бұл жағынан ол Абайдың жолын дамытушы. Қалың елінің қамын жеген Абай сияқты Сұлтанмахмұт та жұртының тағдырына елеңдеп:

Қалың ел оянғанда көзін ашып, Азаттық, теңдік үшін ұрандасып. Бас тартқан дер кезінде басшылықтан,

Жігерсіз, қайраты неткен жасық?! [40, 157].

Сұлтанмахмұт та елінің ертеңі үшін қайғырып, халқының азаттық пен теңдік алуға, көзін ашып, биікке ұмтылуына шақырады. Ол – халқының қамын жеген, тағдыры үшін жанын салған ұлтжанды азамат ақын. Абай айтқан «қалың ел» мен елді бастар басшының «жігерсіз», «қайратсыз» мінезін ашына түйрейді. Заман бейнесін, уақыт шындығын азаматтық позициясымен қабылдап, саяси-әлеуметтік өткірлігімен танылады. Әдебиетші ғалым А. Нұрқатовтың: «Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократтық әдебиеті – сол кезеңдегі халық өмірінің, әлеуметтік сілкінулер мен жаңғырулардың, ұлттық ояну мен серпіліп, сергудің шежіресі іспетті. Сол әдебиет өкілдерінің ішінде Абай дәстүрлерін ең бекем ұстанған, оның реализмін

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]