Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

листік қоғамның орнау, қалыптасу дәуіріндегі қайшылықтарды, қателерді түсінуге және түсінбегендерін еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Ал әр сатыдағы кейіпкерлер әлемін тұжырымдап, түйіп бейнелеу қазақ әдебиетінде Мұхтардың еншісіне еселі сыбаға тартты» [3, 9]. Бұл – Әуезовтің дүние мәдениетіне қосқан парасат пайымы. Яғни М. Әуезов орыс және Батыс әдебиетінен сусындап, олардан өзіне керегін жаратса, кейін ғалым ретінде әлем әдебиетінің классикасы жайлы өмір бойы зерттеп, ғылыми еңбектер де жазған. Осы жөнінде айтқан ғалым Д. Ысқақовтың пікіріне ден қойсақ: «Ол орыс әдебиетінің көрнекті өкілдері И.А. Крылов, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, Н.А. Некрасов, В.Г. Белинский, Ф.М. Достоевский, А.П. Чехов, Н. Островский, М. Горький, А. Фадеев т.б. Творчестволарына арнап жеке мақалалар жазды» [187, 3].

М. Әуезовті орыс және Батыстың классикалық шығармаларын қазақ тіліне аударған шебер аудармашы ретінде де білеміз. Н.В. Гогольдің «Ревизор», комедиясы, В. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау» драмалары, И. Тургеневтің «Дворян ұясы» романы, сондай-ақ Л. Толстой, А. Чехов, Д. Лондонның әңгімелері, Н. Погодин, К. Треневтің пьесаларын аударған.

Қазақ жазушыларының ішінде Толстой шығармашылығына алғаш ден қойғандардың ішінде М. Әуезов болды. Ол отызыншы жылдардың бас кезінде Толстойдың «Той тарқар», «Булька» атты әңгімелерін қазақ тіліне аударды. «Мұхтар Толстой сияқты сом тұлға, ірі суреткердің мұрасына әншейін бара салған жоқ, оқу, үйрену, мектебі санағандықтан саналы түрде барғандығы хақ», – деген еді сыншы Сахариев [188, 3].

Қазақ топырағында бұған дейін Толстой кітаптарын ынта қойып оқыған, шығармаларымен жақсы таныс болған Абай екендігі мәлім. М. Әуезов зерттеуінде: «... Михаэлис Семейдің кітапханасынан Толстойдың кітабын сұрап тұрған Абайды көреді», – деген мәлімет береді [46, 50]. Абайдың Толстой есімін атап, қазақ жастарынаүлгі ететін«Интернаттаоқып жүр» атты өлеңінде:

Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой, [42, 100] –

221

деген сөзінен мәлім. Ақын қазақ балаларының қызмет үшін, шен алуы үшін оқымай, білім мен өнерге талпынып, халқына адал қызмет етуін талап етеді. Абай олардың санасында Салтыков пен Толтойды білу деген жоқ екенін айтып қынжылады.

М. Әуезовтің орыс мәдениетімен жете таныс болуы сонау Ленинградта оқып жүрген кездерінде басталған болатын. Университет қабырғасында атақты академик, профессорлардан дәріс алған М. Әуезов ғылым әлемінде де құлашын кеңге жайды. Мұхтар көптеген орыс жазушыларымен, ғалымдарымен достық көңілде, шығармашылық қарым-қатынаста болды.

Отызыншы жылдардың ортасында Ленинградтан Қазақстанға мәдени қамқорлық жасау ниетінде бір топ жазушыларды басқарып Леонид Сергеевич Соболев келеді. Қазақ халқының әдебиетімен, мәдениетімен жете танысу мақсатында келген Соболевтің М. Әуезовпен шынайы достық, шығармашылық байланысы орнайды. Соболев пен Әуезов арасындағы мызғымас достық кейін де шығармашылық жемісті жолда дамыды. Бұл жай туралы «М. Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғылыми қызметкері ғалым Т. Әкімов Соболевтің Әуезовке жазған хаттарынан мысалдар келтіре отырып, былай түсінік береді: «Мұның ақыры келе-келе «Қазақ әдебиетінің тарихының очеркі», «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деп аталатын көлемді мақалаларды бірігіп жазысуға әкеледі. Осыдан кейін «Абай» трагедиясын жазуға қатысқан Леонид Сергеевич атақты эпопеяның орыс тіліне аударылуына да көп күш, көп еңбек сіңіреді» [189, 52] М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы- ның орыс тіліне аударылып, әлем әдебиетіне танылуына Л. Соболевтің де еңбегінің зор екенін айту қажет.

М. Әуезовтің осы кезден бастап дос болған адамына Л.М. Әуезова Вс. Ивановты да атайды. «М.О. Әуезов Всеволод Ивановпен де өте жақын дос болды. Бұл достық та 30-жылдардан басталды», – дейді [190, 6] Мұхтар Әуезовтің орыс әдебиетінің көрнекті өкілдерімен шығармашылық қарым-қатынаста болған, танысқан, біліскен, араласқан дос-жарандарына ғалым-сыншы М. Қаратаев мына қаламгерлерді атап көрсетеді: «Соның тек елеулілері – А. Фадеев, К. Федин, М. Шолохов, Н. Тихонов, Вс. Иванов, Л. Леонов, А. Тренев, Н. Погодин, М. Шагинян, В. Катаев. Осылардың бәрімен де Әуезов таныс еді, жақын еді»,

222

дейді [191, 7] М. Қаратаев бұл жерде М. Әуезовтің достарының елеулілерін ғана атап отыр. Бұл тізімге өз тарапымыздан біз Павел Николаевич Кузнецовті арнайы атап қосар едік. Себебі М. Әуезовтің П.Н. Кузнецовқа жазған хаттарынан достық, сыйластық көңілі мен шығармашылық байланысын аңғаруға болады. Бұл деректі біз Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатта ақын, жазушы, аудармашы Павел Николаевич Кузнецовтің жеке архивінен таптық. Сол құжаттардың ішінен Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 1943 жылы 3 наурызда және 15 қазанда Павел Кузнецовқа жазған хаттары табыл-

ды [192, 44].

Бұл хаттар – сол уақыттағы қоғамдық жағдайдың көрінісінен деректер беріп, сол кезеңдегі мәдени өміріміздегі өзгерістерді көрсететін, әдебиеттің беталысын айқындайтын, ең алдымен Мұхтар Әуезовтің жазушылық шығармашылық жолын танытатын құжаттар. М. Әуезов пен П. Кузнецов арасындағы үлкен сыйластықты, рухани достықты білдіреді. Хат арқылы екі жазушының әдеби ортақ пікірлерін, шығармашылық байланыстарын көруге болады.

Павел Кузнецовтың есімі қазақстандық оқырмандарға кеңінен танымал. Ол – қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармаларын алғаш шебер аударғандардың бірі, Қазақстан ақындарының шығармашылығы жайлы жазған жалынды публицист, ақын-жазушы. «Герой Советского Союза И.В. Панфилов», «Фронтовая лирика» «Солдатская тетрадь» және «Пути

дороги» атты өлеңдер жинағының, «От Алма-Аты до Берлина» деректі әңгімелер жинағының, «Человек находит счастье» (1953) атты повестің және т. бірнеше еңбектердің авторы.

М. Әуезов хаттарында П. Кузнецовтың әрбір шығармасын оқып, әдебиеттегі жетістіктерін бақылап отыратынын айтады. Әсіресе «Правда» газетінің беттерінде жарияланған мақалаларын оқи отырып, публицистің жан-жақты шығармашылық деңгейде өсіп келе жатқаны туралы жақсы баға береді. Әуезов жазушының ең негізгі міндеті әдебиеттегі жетістігі, әдебиеттегі карьера емес екенін ескертеді. Жауынгер жазушыға тән шеберлік пен қаламгерлік тәсіл жайлы біраз кеңестер береді.

П. Кузнецовтың өлеңдер жинағының жарыққа шығатынын естігенін, оны өте жақсы құптайтынын таза көңілімен білдіреді.

223

«Оқырмандарыңа нағыз өз атыңмен, көрнекті өз бейнеңмен, жеке жинағың арқылы танылғаның дұрыс. Жинақ қолыма тисе, сен туралы әртүрлі ойларымды жазармын», – дейді М. Әуезов хатында.

Бұл хаттар М. Әуезовтің әдебиет жайлы салмақты ойларын, әлем әдебиеті туралы терең білімдарлығын, әдебиет пен мәдениет саласындағы ерен еңбектерін жете тануға мүмкіндік береді. Әсіресе жазушының шығармашылық лабораториясымен жете таныстырады. Соның ішінде, «Абай жолы» эпопеясына материал жинаған әрекеті, романмен қалай жұмыс істегені жөнінде деректер береді.

30 наурызда жазған хатында М. Әуезов таяуда Жазушылар Одағының пленумы болғанын, онда «Абай» романына ерекше көңіл бөлінгенін айтып өтеді. Пленумнан кейін маған «Абай» романының екінші кітабын аяқтап және ең алдымен ондағы күрделі нәрселермен жұмыс істеуіме үлкен тілек білдірді дейді. М. Әуезов П. Кузнецовқа алдағы жоспарын да атап көрсетеді. Одан кейін «Абай» романымен бір уақытта Семейдегі Алашорда ұйымының кезеңі туралы, Октябрьдің жеңісі туралы роман жазуды жоспарлап отырғанын жасырмайды. Жазушының аталған жоспарының ішінде Октябрьдің жеңісі туралы пьеса жазғанын білеміз, ал Алашорда туралы жазуға сол кезде билеп тұрған кеңестік әміршіл-әкімшілдік жүйе қайдан мүмкіндік берсін? Ол – тарихтан белгілі нәрсе.

Осы хатта пленумның шығарған қаулылары мен шешімдерін де жазушы атап өтеді. Яғни пленум жоспар бойынша өнімді нәтижемен әдеби шаруашылық жұмыс жүргізуді қарастырып, жақсы іскерлік көрсетуді тапсырады. Әдебиеттің жоспарлы болуы, оның шаруа- шылық-өндірістік өмірмен байланысы, оған партиялық қатал талаптың қойылуы сияқты сол кездегі саясаттың әдеби өмірге тигізген салқыныосыхаттағыМ. Әуезовсөзіненайқынтанылады.

15 наурызда жазған хатында М. Әуезов өткен жазда, шілде айында, бір айға жуық Абай ауданында болып қайтқанын баяндайды. «Абай» романының 2-кітабына материал іздеуге барғанын, қазіргі уақытта сол бойынша жұмыс істеп жатқаны туралы мәлімдейді. «Халық Абай туралы ойлар мен естеліктерді әлі де өте көп сақтайды екен», – деп ерекше атап көрсетеді.

М. Әуезов сонымен қатар өз хатында «Қоңыр әулие» үңгірі жайлы сыр шертеді. «Сол жердің тумасы болсам да әлі күнге

224

дейін бұл жерде болмаппын», – деп жазушы бұл жолғы сапарынан өте көп мәлімет алып қайтқанын жасырмайды. Бұл үңгірдің тек іші ғана емес, сырты да өте көп тас қорғандарымен қызықты. Көптеген тас қорғандар мен тас плиталарында ежелгі қазақ руларының таңбалары соғылған. Мұнда көмілгендер қайсыбір қан төгіс шайқастардың кезінде қайтыс болғандар, бұдан кейін ол адамдарды рулықтоптарбойыншажерлеген деген деректердіжазады.

Жазушы осы сапарының соңында ақындар слеті өткен Семей қаласында болғанын айтады. Облыста бұрын онша есімі танылмаған, қазірде белгілі болған аса ірі қарт ақын Төлеу жайлы таныстырады. Оның алтыншы аталарына дейінгі арғы тегі барлығы белгілі ақындар болғанын баяндайды. М. Әуезов Төлеу ақын жайын айта келіп: «Ал шешесі әйгілі Қуандық – Абаймен айтысқан және оның ғашығы болған. Ол менің романымның бірінші кітабында бейнеленген. Яғни қарт ақын арқылы мен өз кейіпкерімнің ұлын кездестірдім», – деп қуанышты хабарын жеткізеді.

Төлеудің ақындық өнері туралы М. Әуезов ойын жалғастырады. Басқа ескі ақындардан оның ерекшелігі: өлеңді жазып әрі әнін өзі айтатын, жазба ақындарға өлеңнің бірде-бір жолын өзгертуге рұқсат етпейтін. Олардың өздерінің жазғандарын қазақтың ақын-хатшыларына өңдетудің ешқандай қажеттілігі жоқ деген Төлеудің ойын М. Әуезов сабақтай түседі.

Хат соңында М. Әуезов Москва қаласында өтетін әдеби кешке қаламгерлер тобының баруы туралы Жазушылар Одағында сөз болып жатқанын жеткізеді. Мүмкіншілік болса, өзінің барып қалатынын да айтады. Желтоқсанның аяғында Белоруссия ССР-нің 25 жылдығы болатынын, Минск театры бұл онкүндікке өзінің «Абай» пьесасын апаратынын хабарлайды. П. Кузнецовқа егер сол уақытта Москвада жүрген жағдайың болса, осы спектакльге келіп, өз әсеріңді білдіруіңді сұраймын деп жазады.

М. Әуезовтің жазған хаттары – тарих қойнауынан сыр шертетін деректі, құнды дүниелер. Бұл хаттар оқырманды жазушының ішкі әлеміне бойлатып, жан-дүниесін түсінуге жетелейді. Павел Кузнецовқа жазған М. Әуезовтің екі хатының өзінен оқырман қаншама мол мәліметтер алып, әсіресе «Абай жолы» эпопеясының жазылу барысына қатысты деректер көзін тауып, рухани азық ететіні анық.

225

М. Әуезовтің орыс және Батыс әдебиетіне қатысы көптеген ғалымдар еңбектерінде арнайы сөз болады. Кезінде белгілі жазушы С. Мұқановтың Мұхтар Әуезовке берген бағасы оның әлем әдебиетіндегі биік орнын айқындап берген болатын. «....қазақ прозасын европалық дәрежеге көтерді» Мұхтар Әуезов – сонау жиырмасыншы жылдары-ақеуропалықпроза бигінекөтерілгенжазушы.

Әдебиет сыншысы М. Қаратаев М. Әуезов кейіпкерлерінің Шекспир, Гете, Роллан кейіпкерлерімен рухани жақындығына көңіл аударады. Ғалым З. Кедрина М. Әуезов пен Г. Мопассан, Дж. Лондон, Бальзак секілді көркем сөз алыптары арасында да жақындықтар барын көрсетеді.

Жазушының «Көксерек» повесін тұңғыш рет Чеховтың «Каштанкасы», Толстойдың «Холмстері», Лондонның «Ақ азу», Се- тон-Томсонның «Виннипег қасқырымен» салыстыра зерттеген ғалым академик Р. Нұрғали болатын [5]. М. Әуезов дәстүрінің кейбір бастаулары мен жалғасу жолдарын арнайы зерттеген ғалым Ж. Дәдебаев жазушының орыс әдебиеті өкілдерімен А.С. Пушкин, Л. Толстой, И. Тургенев, Ф. Достоевский, М. Шолохов шығармаларымен байланысын қарастырады [193]. Жазушы А. Кемелбаеваның ғылыми эсселері мен очерктерінде М. Әуезовтің әлем әдебиетімен байланысы сөз болады [194].

М. Әуезовтің әлем әдебиетіне қатысы таяуда «ЖЗЛ» сериясымен жазылып, оқырмандар қолына тиген Мәскеулік жазушы Н.А. Анастасьевтің «Мұхтар Әуезов: триумфатор трагедиясы» атты кітабында тереңінен қозғалады [195]. Кітапта ұлы жазушының ғибратты ғұмыры ғылыми дәйектілікпен, әдеби шеберлікпен жазылған. Профессор Н.А. Анастасьев М. Әуезов шығармашылығын әлемдік биік деңгейде қарастырады. Кез келген туындысын әлем әдебиетінің классикалық шығармаларымен шендестіре зерттейді. Әуезов шығармаларын әлем әдебиетінің үздік туындыларымен қатар қойып талдайды. Ең бастысы, автор бұл кітапта Әуезовті әлем әдебиетіндегі Р. Роллан, Дж. Голсуорси, У. Фолкнер, Э. Хемингуэй сияқты алыптар деңгейінде қатар қойып бағалайды. Н. Анастасьев «Көксеректі» Фолкнердің «Аюы», Дж. Лондонның «Ақ азуы», Л. Толстойдың «Холмстерімен» салыстыра жазады.

«Мұхтар Әуезовті, Балзакпен, Толстоймен, Гетемен, Достоевскиймен, Тургеневпен, Шолоховпен салыстыру жиі кездесе-

226

ді. Әлем әдебиетінің алыптарымен қатар қою жағынан алғанда бұл дұрыс та. Алайда әр классик – қайталанбас дара тұлға. Мұхтар Әуезов – қазақ халқының ұлы перзенті, қазақтың Әуезові, сонан кейін барып адамзаттың Әуезові», – деген академик З. Ахметовтің сөзін үнемі есте ұстауымыз қажет [1, 17]. Әлем әдебиетінің алыптары арасындағы әдеби байланыс, шығармашылық сабақтастық – ертеден әдебиет болған кезден бері пайда болып, қалыптасып, дамып келе жатқан үрдіс. Өнер иелерінің, суреткерлердің бір-біріне ықпалы, әсері, көркемдік жаңалықтарды игеруі – дүниежүзіндегі барлық әдебиетке тән заңдылық. Бір халық ашқан көркемдік жаңалық екінші бір халыққа игі ықпалын тигізеді.

Барлық халықтар әдебиетіне тән дәстүр мен жаңашылдық категориясы, әдеби байланыстар мәселесі, ұлылар үндестігі қазақ әдебиетінің алыптарына да қатысы бар. Абай мен Әуезовтің нәр алған қазына көздері мен әлем әдебиетіне қосқан зор байлықтарына үңіліп отырғанда байқағанымыз, алыптар әлемінің рухани іштей сабақтасып, шығармашылықпен тұтасып жатқанына көзіміз жетті.

Абайды «ізашар ақын» деп оның дәстүрін дамытып жалғастырған «ізбасар ақындар» шығармашылығы арасындағы байланыстар арнайы аталып зерттеліп келеді. Ал ақын мен жазушы арасындағы дәстүр жалғастығы мәселесі – әдебиет тарихында сирек кездесетін құбылыс. Біз зерттеп отырған ғылыми жұмыстың да басты ерекшелігі – ақын мен жазушы арасындағы үндестік пен рухани сабақтастық мәселесі арнайы қарастырылып, кең көлемде алғаш зерттеуді көздеп отырғандығында.

«Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп, мысалы, Сәкен мен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсек, М. Әуезовті де, кейінгі атақты ақындардың қайсысын болса да алып қарауға мүмкін екені талассыз», – деп академик З. Ахметов Абай дәстүрін М. Әуезовтің кейбір қырынан жалғастырғанын айтып, келешек зерттеушілерге терең ой салатыны бар [196, 392]. Абай дәстүрін Әуезовтің жазушылық шеберлікпен жалғастыруы – олардың туған жер, өскен ортасы, рухани нәр алған қазына көздері, дүниетаным өзектері, өмір сүрген дәуір болмысы, сөйлеу тіліндегі ұқсастықтар және сан сала қырынан келіп шығады. Екі алыптың ойшылдық, гуманистік, ағартушылық, сыр-

227

шылдық, сыншылдық, суреткерлік қырлары сабақтасқан, тұтасқан дүние деп қараймыз. Ұлылар дүниетанымының өзектері, эстетикалық танымдары, ой тереңдігі, сөйлеу тіліндегі рухани тұтастық – ақын мен жазушының рухани сабақтастығының басты белгісі. М. Әуезовтің ұстазы Абайдың рухани әлеміне өмір бойы тереңдеуі жазушы шығармашылығын тұтас бірлікте алып қарауды қажет етеді. Өйткені Абай мен Мұхтар әлемі – біртұтас әлем. Абай мен Мұхтар әлеміндегі рухани сабақтастық мәселесі ақын мен жазушының ой санасына, ішкі дүниесіне, сөйлеу тіліне үңілуді көздейді.

2.2. Абайдың «толық адам» танымының «Абай жолы» эпопеясында берілуі

Абай өз шығармаларында адам болудың талап-тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғысынан жастардың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Ақын шығармаларында өзекті желідей созылып, ғұмыр бойы танытуға ұмтылған, өмір бойы шарқ ұрып іздегені – толық адам. Абайдағы толық адам – жан-жақты дамыған, рухани жетілген, кемеліне келген адам. Абайдың толық адам жайындағы танымын ғылыми тілмен оқырманға тереңінен түсіндіріп берген ғалым М. Мырзахметұлының 1982 жылы жарық көрген «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты монографиясында алғаш Абайдың исламиятқа қатысы мен мораль философиясына қатысы зерттеліп, бір ізге түсіріледі. Ғалым сөзіне ден қойсақ былай делінген: «Адамзат қоғамы тарихында адамгершілік идеясы ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең басты мәселелердің бірі – жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келуде. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе – адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттары неден тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келді. Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір сүрген ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында ұлы ойшыл алдына да қойылды» [13, 230 ].

228

«Жалпы, діни-философиялық ойдың даму тарихында «адам» ұғымының алатын орны орасан десек те, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, тиянақты түсіндіруге көш басы болған философ – Сократ. Абайдың толық адам туралы танымы сол Сократтан басталатын Платон, Плотиндердегі сүюші сүйеніш, тірек еткен адам, қытайлардың дао іліміндегі әбден жетілген адам (совершенно мудрый человек), шығыс ойшылдары мен суфизмдегі камили инсани мен пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам және Ирандағы жауанмәртілікпен сабақтасып, туыстасып жатады. Абайдың адамгершілікті жырлаудағы ең басты жаңалығы да осы» [197, 259].

Абай адамның рухани жағынан кемелденіп жетілу жолында толық адам ұғымын адамшылық сатысының ең жоғарғы басқышына қояды. Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұратмақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы. Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ.

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [42, 249].

Абай адам баласына қажетті үш нәрсе ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен толғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. Абай іздеген толық адам осы қасиеттерден туындайтын талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген имандылық жолындағы абзал азамат.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек, [42, 146] –

дегенде Абай толық адам хақында ұстанған көзқарасына сай сипаттарды атайды. Осы үш ұғымнан туындайтын әділет, рахым, мейірім, ар-ұят, талап, еңбек, өнер сияқты қасиеттерге ерекше мән береді. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық туындыларында да, қарасөздерінде үнемі атап көрсетіп отырады. Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді аса жоғары бағалайды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

229

«М. Әуезов Абайдың мораль философиясына қарым-қатысы жайлы мәселеге ертедегі әрі соңғы жылдардағы зерттеулерінде ерекше мән бере қараған. Абай шығармаларындағы мораль философиясы туралы ойларының желісін сөз еткенде, М. Әуезов оларды өзі атап көрсеткен нравственная личность мәселесімен тікелей бірлікте, байланыста қарастырған» [13, 94]. Абайтану саласындағы зерттеулерінде М. Әуезов «нравственная личность», «гармоническая личность» деген терминдік сөзді беріп отырады. Абайдың қарасөздерін зерттеген еңбегінде бұл ойын былай деп береді: «Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол – толық сапалы адам болудың шарты, гармоническая личность жайындағы ойлар» [49, 227].

Бұл Абайдың отыз сегізінші қарасөзінде қолданылатын «толық адам» деп аталатын терминдік сөздің тікелей баламасына келеді. Кемел адам мәселесі мұсылмандық әлемнің сопылық ағымында ХІ–ХІІ ғасырда-ақ қалыптасып, шырқау биігіне жетіп, сол негізде 1069 жылы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Білік» дастанында толық баяндалып суреттелген болатын. Сопылық «хал ілімі» саласында негізі қаланып, даму жолына түскен сопылық адамшылық ілімді Абай өз заманы талабына орай дәстүрлік жалғастықпен дамыту арқылы қазақ даласында – адамшылықтың толық адам ілімі деп аталатын жаңа түрі дүниеге келді.

«Толық адам сопылық ілімнің адамгершілік негізінен туындайтын «камили инсани» деп аталатын ар ілімімен іштей сабақтасып жатқан қастерлі рухани құбылыс болатын-ды. Толық адам терминін М. Әуезов өзі жасаған алмағайып заманда бір тамыры жағынан, сопылық хал ілімінен туындайтын камили инсани (кемелденген адам) танымымен, Шәкәрім тілімен айтқанда ар ғылымымен ұштасатындықтан, өз қалпында, яғни Абай қолданған нұсқасымен атай алмады. Толық адам термині абайтану саласында тек қана 1963 жылдан бастап ғылыми айналымға түсе бастады» [111, 39]. М. Әуезовтің ғылыми шығармашылық зерттеулерінде Абайдың адамгершілік мұраттарының негізіне айналған өте күрделі ұғым мен танымнан тұратын толық адам мәселесі елеусіз қалыпта көркемдік тәсілмен беріліп отырады. Мұның сыры, жазушының өмір сүріп отырған қатал заманындағы

230

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]