Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

ақынның, тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек-талабын, мұңын ұға алды», – деп академик З. Ахметов Лермонтов шығармашылығына жан-жақты талдау жасады. [167, 381]. Лермонтов Абайға рухани жағынан жақын, ақындық құдіретіне дем беруші болды.

«Орыс классиктерінің ішінде Лермонтов Абайдың қатты сүйген ақынының бірі. Абайдың өз айтуынша, Лермонтов – «ерекше ызаның ақыны», «махаббаты ашумен уланған» ақын. Ашуы – қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған. Ол сол ашумен отырып, қоғамдық мін-мерезді жерлейді. Адамды ішкі ойына үңілтеді», – деген М. Әуезов сөзі Абайдың Лермонтов шығармаларын не себепті қадірлеп оқитыны жайын нақтырақ түсіндіреді [166, 21]. М. Әуезов Абайдың Лермонтовқа қатысын екі салада қарау керектігін ескертеді. Біріншісі, ең үлкені – Абайдың қоғам, заман туралы толғаныстары мен көңіл шеріндегі ішкі сезім сырларының Лермонтовпен үндестігі болса, екіншісі – Абайдың Лермонтовты аудару шеберлігі. М. Әуезовтен кейін бұл мәселені арнайы кең көлемде тереңінен зерттеген ғалым З. Ахметов болды.

«Абай и Лермонтов» деген тақырыпта 1951 жылы З. Ахметов кандидаттық диссертация қорғайды. Зәки Ахметов Абайдың, Лермонтовтың ақындық рухына іш тартатынын келісті дәлелдеудің үстіне, қазақтың ұлы ақынының аудармаларының жартысынан көбі Лермонтовтан екендігін атап көрсеткен. Бұл орайда 30 шығармаға текстологиялық, көркемдік-танымдық талдау жасайды. Оның ішінде 22 өлеңнің Қазақстанда бұрынырақ жарық көрген академиялық басылымда көрсетілгенін атап, олардың тақырыптарын орысша-қазақша нұсқаларымен тізбелеп өтеді. Абайдың аударма саласындағы шығармашылық даралығы өз алдына бір мектеп екендігі байқалады. Расында да, академик З. Ахметов талдауындағы Абай шығармаларының аудармашылық жаратылысы әдетте айтылып жүрген дәстүрлі аударма шарттарының бірде-біріне сәйкесе бермейді.

Зерттеуші мұнда өзіне дейін пікірталас тудырып келген кейбір аудармаларды анықтаумен бірге, Абай Лермонтовтан аударды деген үш өлеңнің Лермонтовтікі емес, басқа орыс ақындарынан аударылғанын анықтап, өз тарапынан соны пікірлер айтты. Сөйтіп, «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп», «Жүрек-

191

те көп қазына бар бәрі жақсы», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген Абай аудармаларының Лермонтовтан емес, «Жүректе көп қазына бар бәрі жақсы» Я.П. Полонскийден екенін, «Қал- қам-ай, мен үндемей жүремін көп», «И ты думаешь будто я хладен и нем» деген өлеңнің авторының белгісіздігін, ал «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген аударманың орысша мәтінінің В.А. Крыловтікі, ал түпнұсқасы неміс ақыны Р. Левенштейндікі екенін орыс әдебиетінің тарихын зерттеп, алғыр ізденімпаздықпен дәлелдейді.

З. Ахметов Абайдың Лермонтовпен шығармашылық байланысының нақты мәніне байлау жасай отырып, Абайдың өз өлеңдері деп жүрген «Ал, сенейін, сенейін», «Күлімсіреп аспан тұр», «Ғашықтық іздеп тантыма», «Күнді уақыт итеріп» деген өлеңдері Лермонтовтан аударылған деп есептейді. З. Ахметов М. Әуезовтің кезінде ескерткен: «Тегінде, Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармалары әлі сан рет нақтылап, тереңдеп тексеруді талап етеді», – деген шартын жадында ұстап, үнемі тынымсыз зерттеп ізденумен болғанын ғылыми еңбектерінен байқауға болады [49, 208].

Абай өзіне рухани жағынан Лермонтовты жақын тұтып, өлеңдерін аса қызығушылықпен аударса, сондай-ақ орыстың көрнекті мысалшысы Крыловтың шығармаларын да көп оқып, оған ерекше ықылас танытқаны белгілі. М. Әуезовтің сөзіне үңілсек: «Абайдың көп көңіл бөліп, тырысып аударуларына қарағанда, ол Крылов мысалдарын зор бағалаған. Бірақ сонымен қатар өзі дәл бұл үлгі, бұл жанрдың ақыны емес. Ол жалтартып, сипай қамшылап айту емес, Лермонтовша көзге шұқып, басқа ұра айтуды сүйетін ақын. Сондықтан мысалдар түрін бағалағанмен, оны көпке ұғымды, өтімді бір алуан көркем түр деп таныса да, өзіне үлгі етіп баурап алмайды» [33, 12]. М. Әуезов Абайдың Крыловтан жасаған аудармасын бесеуден артық емес екенін атап көрсетеді. Оларға: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден» сияқты мысалдарын жатқызады. Абайдың Крылов мысалдарынан орыс халқының Крылов заманындағы әлеуметтік жағдайларды әшкерелейтін жақтарын алмағанын, оның орнына қазақ оқушысына оңай, ұғымды боларлық, жалпы адам баласының барлығына тән, тұрмысына үйлесетін мысалдарды алып аудар-

192

ғанын М. Әуезов анықтап береді. Абайдың Крылов мысалдарын аударып, қазақ оқушысына лайықты ұсынудағы мақсатын М. Әуезов былай деп түсіндіреді: «Адам мінезіндегі, қоғам ішіндегі құнарсыздық, өрескел сорақылық жайларды ашуға үнемі талаптанған Абай мысалды сатиралық жағынан тағы да бір өтімді, қымбат құрал есебінде пайдалануға талпынған», – дейді [49, 216]. Абай қазақ қауымындағы кемшілік-кесапаттарды, жұрт ішінде бел алған жат қылықтар мен өрескел мінездерді әшкерелеу, ащы сынау үшін Крылов мысалдарын қуатты құрал есебінде аударып, халқына жария еткен.

Ал «Абай» энциклопедиясындағы Т. Рсаев берген мәліметке сүйенер болсақ, Абайдың Крыловтан он үш мысал аударғаны айтылады. Ғалым бұлардың барлығын бірыңғай таза аударма деу орынсыз екенін ескертеді. «Ақын көп ретте Крылов мысалының жалпы мазмұнын алады да, өзінше еркін баяндайды. Абайда дәл, көшірме-аудармадан көрі сарындас-аударма басым», – дейді Т. Рсаев [168, 292]. Абай Крылов мысалын еркін аудара отырып, қазақ халқының жағымсыз мінез-құлықтарын сынайды. Қазақ жұртының тұрмысына, ұлттық психологиясына лайық шенеу тәсілі арқылы өз жанынан мағына туғызып, мінез ерекшеліктерін әшкерелейді. Ары қарай бұл зерттеуге көз жіберсек, Абайдың Крыловтан аударған бес мысалын М. Әуезовтің ерекше бағалап, қалған сегіз мысалын қатты сынап, олар Абайдікі болмауы мүмкін деген күдік білдіргені жайлы деректі айтады. Бірақ Крыловтың он үш мысалын Абай аударған мысал ретінде М. Әуезовтің өзі дайындап бастырған 1933 жылғы жинаққа, одан кейін тікелей өз басшылығымен әзірлеген 1957 жылғы екі томдық толық жинағына енгізгені сөз болады.

Орыстың белгілі жазушысы, мысалшысы Крылов қазақ жұртшылығына алғаш Абай аудармасы арқылы танылды. Крылов мысалдары қазақ халқына ежелден өзінің төл тумасындай таныс, етене жақын болып кеткен. Қазақ арасында Крылов мысалдары соншалықты ұғымды, жақын, ұнамды мысалдар ретінде бағасын алды.

Абай туған қасиетті топырақта ақынның даналық ізін жалғастырып жазушы Мұхтар Әуезов дүниеге келді. Абай топырағы оның қаламына айрықша әсер еткен. Мұхтар Әуезовтің өскен ортасы, көз ашқалы көріп білген, иісі бойына сіңген табиғат дү-

193

ниесі: жер мен су, тау мен дала, ойпаты мен қыры жазушы болып қалыптасуына тарам-тарам сыбаға тартып, игі ықпал жасады. Тумысынан табиғи дарынды жас Мұхтар сөз өнері дәстүріне бай ортада өскен. Ол жақта ұзатылған қызға жасау ретінде Абай өлеңдерін көшіріп беретін дәстүр болған.

Ана сүті, ата тәрбиесін бойына сіңіріп өскен бала Мұхтар атасы Әуездің әңгімелерін естіп, санасына құяды. Атасы Әуез діни мағлұматы мол, мұсылманша сауатты, Шығыс әдебиетінен хабардар көзі ашық адам болған. Атасы Әуез діни кітаптары арқылы өз немересінің сауатын ашып қоймай, ауыз әдебиетінің небір көркем үлгілерінен айтып беріп отырған. Қарт Әуез Абаймен дос, сыйлас адам болған. «М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі атты еңбектегі» мәліметке сүйенер болсақ, былай делінген: «М. Әуезов 5 жасқа таяғанда атасынан арабша сауат ашады, алты жасында Абай: «атасының қоңыр қозысы екен ғой», – деп басынан сипап батасын беріпті. Мұхтарды әзірлеген Әуез оны алғаш рет 1904 жылы «Бұзылғантам» деген жерде оқуға береді. Құнанбай ауылы мекен еткен бұл жерге Зере өз баласының қара суықтан тоңбауы үшін ерсілі-қарсылы үш бөлмелі үй салдырған. (Ел көшкенде жылда жүргінші, ұры-қарылар бұза берген). Ең алғаш Абай осында оқыған. Мұхаң да сол арада Мүрсейіт Бікеұлынан сабақ алады» [169, 11]. Немересінің туғаннан зеректігін, алғырлығын байқаған атасы Әуез кішкентай Мұхтарға бес жасынан Абай өлеңдерінжаттатып, жадынасіңіріпоқытады.

М. Әуезов кейіннен өзінің өмірбаянын берген мәліметте былай деп еске алады: «Әлі күнге есімде. Көктемнің тамылжыған, ашық күні. Таңертең болатын. Қыстаудың алдындағы көгалда бұзаулар шапқылап, қозылар асыр сап жүр. Балаға одан артық қызық не бар! Ал аспанда әжем айтқан ертегідей ақ қанатты перілердей боп, күн нұрына шағылып аққулар тізіліп ұшып барады. Сыңқыл қаққан үндері сонау биіктен талып қана естіледі. Көктем күнінің осынау кереметі ұзаққа созылмай, ғайып болады: атамыздың тап-тар, аласа үйіне шақырады бізді. Қолындағы қолжазбаны көргенде неге шақырғанын біле қоям. Бұрынғыдан бетер ренжимін. Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса ше, бірінен бірі өткен қиын...

Бұл кітап – Абай өлеңдерінің жинағы. Абаймен дос болған әрі ақын талантына таңырқап ден қоюмен өткен Әуез өлеңдерін

194

кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады. Немерелері ұлы ақынның өлеңдерін жақсы көріп өссін деп те ойлайды» [170, 4]. Міне, байқап отырсақ, Мұхтарға балалықпен ерте қоштасуға Абай өлеңдері тікелей себепкер болған екен. Абай өлеңдері жас бала үшін түсініксіз, тілі ауыр, мағынасы күрделі болса да, атасының немересіне қара танытпақ болып, ақын өлеңдерін ерекше ықыласпен жаттатқаны М. Әуезовтің өз өмірбаяны туралы дерегінде зор шабытпен еске алынып жазылады.

Жас Мұхтар алғашында өз атасы Әуездің әңгімелерінің әсерімен, кейін данышпан Абай өлеңдері арқылы сөз өнеріне деген шексіз сүйіспеншілігі арта түседі. Абай мен Мұхтарды ортақтастыратын көп жағдайлар бар. Белгілі сыншы М. Қаратаевтың мына сөзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Мәселен: «...Абай мен М. Әуезовтің туған жері де, өскен ортасы да бір, алған тәрбиесінде де бірыңғайлық бар: Шыңғыстау, Тобықты руы, революциядан бұрынғы Құнанбай ауылы, ауыл мектебі, Семейдегі училище т.б. Ең ақыры, бала Мұхтар жасынан Абай өлеңдерін оқи өсіп, Абай поэзиясының барлық нәрін, нұрын, шырынын бойына сіңірді десек, оның әдебиетте Абай дәстүрін эстафета ретінде мирас тұтып, ілгері тартқанын да атап айту керек. Қысқасы, Мұхтар Әуезовті «екінші Абай» деу үшін дәлел жеткілікті, ұқсас белгі, қасиет мол», – деген пікірінде Абай мен Мұхтар әлеміндегі сабақтастықтың бірнеше факторларын атап көрсетеді [171, 8]. Мұхтар өскен Шыңғыс елінде Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой аттары ертеден таныс сіңісті болған есімдер еді. Абай ауылына Шығыс пен Батыс елдерінің әдебиеті, тарихы, салт дәстүр мұралары еркін жетіп жатты. Мұхтар Әуезов осындай ортада туып, ұлы Абай гүл еккен бақшада ер жетті. Абай мұрасына қанығып, Абай дәстүріне сүйеніп өсті. Сол арқылы халықтың бай ауыз әдебиеті, Шығыс пен Батыс әдебиетіне тереңінен бойлады.

Абайдың нәр алған тұнық қайнар бұлақтарынан Мұхтар Әуезов те сусындап, өзінің жазушылық, ғалымдық, суреткерлік дарынына азық етті. М. Әуезов шығармашылығының нәр алған көздері жайлы «Дәстүр мен жаңашылдық» атты еңбекте үш сала тұрғысынан көрсетіледі. Атап айтқанда: «...Мұхтар Әуезовтің өзі де үш сала әдебиет арнасынан нәр алып дәстүр дамытты,

195

оның ішінде атап айтқанда, әсіресе қазақ эпосына сүйенді, Абайдан, Тургеневтен, Лев Толстойдан, Шекспирден, Горькийден, Шолоховтан тәлім алды дегенде, олардан бірдеңені көшіріп алды деген ұғым тумайды, жаңа идеялық тұрғыдан өмір шындығын соларша қамтып, творчестволық әдісті соларша игерді...» [34, 10]. Бұл үш арна жазушының шығармашылық әлемін түгел қамти алмайды. Бұған қоса М. Әуезовтің үлкен ғылым ордалары Ташкент, Ленинград университеттерінде оқып, ірі қалаларда қызмет істеп, әдеби-мәдени кең орталықтарда жиі болып, шетелдерге іссапармен шығуына байланысты жазушының қайнар көздері ауқымының мол екенін, яғни бүкіл әлем әдебиетіне қатысы жағын да ескеруіміз қажет. Абай ақындығының нәр алған үш арнасын алғаш ғылыми тұрғыдан негіздеп берген М. Әуезов болса, ал М. Әуезов шығармашылығының қайнар көздерін Абай айналасы мен тағлымы арқылы М. Әуезовке бала кезден дарығанын ғалым Т. Жұртбай «М.О. Әуезовтің шығармашылық өмірі мен көркемдік әлемі» атты докторлық диссертациясында «үш тамырға» бөліп қарастырады [16]. Ғалымның архив деректері мен көзі тірі зиялы қауымның естеліктеріне сүйене отырып, М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық еңбек жолын, тағдыр қатпарларын жан-жақты ашып жазған «Бесігіңді түзе!..» атты ғұмырнама-толғауында былай делінген: «Олар ХІХ ғасырдың аяғында, ХХ ғасырдың басында қазақ сахарасының парасат университеті – Абай тәліміне сусындап өсті. Абайдың ұстаздық мектебі шын мәніндегі халық университетіне пара-пар дәрежеде әсер етіп, қазақ қауымының рухани Меккесіне айналды. ...Дүние жаратылғаннан бергі адамзаттың ақыл-ойының дамуы, тарихы, әдет-ғұрпы, көркемдік әлемінің айшықтары, философиялық әфсаналары Абай парасатының мәйегіне ұйыды.

Ол – үш үлкен тамыр арқылы «көкірегіне көп жұбаныш тауып, ой өлкесі оянды» [3, 14].

Абай ақындығының рухани нәр алған үш бұлағы жайлы М. Әуезовтің кезінде ұсынған тың пікірін Т. Жұртбай жалғастырып, енді Әуезов шығармашылығының қайнарларын осы Абай сусындаған арнаның айналасына топтастырады. Т. Жұртбай Абай мұрасының қазына көздерін үш тамырдан алып қарастырып, бұл құбылыс М. Әуезовке Абай даналығы арқылы үш тамырдан таралып берілгені туралы ғылыми көзқарасты береді. Бірінші

196

тамырға Шығыс даналығы мұрасы: шағатай, түрік, парсы, араб әдебиеті мен ежелгі грек, рим, египет, парсы, үндінің философиялық толғамдары, тарихи шежірелерін атайды. (Аристотель, Платон, Сократ, Гомер, Фирдоуси, Рудаки, Ғазнауи, Физули, Сағди, Хафиз, Омар һәйям, Яссауи, Бақырғани, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Низами, Баласағұн, Софы Алаяр, Науаи, Игүнеки, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылғазы Баһадүр, Жалаладдин Ауғани, Шаһабуддин Маржани). Екінші тамырға Еуропа классиктері (Гете, Байрон, Шиллер) мен Европадағы ой-пікірлердің даму тарихы: (Спиноза, Спенсер, Дарвин, Дрепер, Жан-Жак Руссо, Монтень т.б). Үшінші тамырға орыс әдебиетінің тамаша үлгілерін жатқызады. (Михаэлис, Гросс, Долгополов сияқты достары мен классиктер Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Чернышевский, Салтыков-Щедриндерді атайды).

Осы мәселелерге зер сала отырып, М. Әуезов шығармашылығының нәр алған арналарына біз мынадай қайнар бұлақтарын атар едік. Олар: туған халқының рухани қазыналар көзі, Абай тағлымы, Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті, Шығыс әдебиетінің жауһарлары мен ғұламалық еңбектері, Түркі халықтары әдебиеті, Орыс әдебиеті мен Батыс мәдениетінің үлгілері. Осы аталған Әуезов шығармашылығының қайнарларына зерттеу жүргізу барысында, Абайдың нәр алған қазына көздеріне де үңіліп, бірге алып қарастырып отырамыз.

Рухани қайнар көздерінің ішінде мол бөлшегі көшпелі халқымыздың бай ауыз әдебиеті, шешендік өнері, жыраулық дәстүрі бала кезінен Мұхтардың еркін сусындаған мөлдір айдыны болатын. Бала кезінен халықтың бай ауыз әдебиетін сүйіп өскен Мұхтар ауылына келген ақын-жыршылардың, ертекші-әңгіме- шілердің, шешендер мен билердің, айтыс ақындарының өнерлерін тыңдаудан ешқашан жалықпайды. М. Әуезовтің көшпелі халқымыздың әдебиетін сүйіп, оны мәңгілік санасына құйып өскені, өмір бойы оған мейлінше зор құрметпен қарағаны кейін ғалым ретінде ауыз әдебиетін жинап зерттеген қыруар еңбектерінен, сондай-ақ қаламгер ретінде көркем туындыларында ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланған жазушылық шеберлігінен анық көруге болады. М. Әуезовтің фольклортану саласындағы ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларындағы фольклоризм мәселелерін арнайы зерттеген ғалым Ә. Молдахановтың пікі-

197

рінде былай делінген: «Ғылыми жұмыстарында ғалым М. Әуезов қырық жылдан астам уақыт фольклорды жинап бастыру, ғылыми басылымдарын жүзеге асыру, оның түбегейлі мәселелерін үзбей зерттеумен шұғылданып келсе, көркем шығармаларында фольклорлық тақырып, сюжет, бейнелеу, суреттеу әдіс-тәсіл- дерді жаңғыртып, жаңа мазмұн-мағына беріп қолданды. Сөйтіп, фольклорды да, көркем әдебиетті де жаңа сапалы биік дәрежеге көтерді» [172, 3]. Жазушы өз шығармашылығына рухани азық еткен халық ауыз әдебиетін кейіннен екі салада дамытты. Біріншіден, фольклор үлгілерін жинап, бастырып, зерттеп, ғылыми еңбектер жазды, екіншіден, көркем туындыларында ауыз әдебиеті үлгілерін суреткерлік шеберлікпен пайдаланды.

Мұхтар Әуезовтің фольклорды зерттеудегі алғашқы ізденістері Ташкент, Ленинград университеттерінде оқып жүрген студенттік шағынан бастау алады. Түркістан баспасөздерінде жарық көрген әңгімелері мен мақалалары, әсіресе «Манас» эпосы жайлы жасаған тұңғыш ғылыми баяндамасы арқылы, Ташкенттің зиялы қауымына ол үлкен ой сала білді. «Мұхтар Әуезовтің жалпы жоғарғы оқу орындарындағы алғашқы шәкірттік дәуірі Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің қабырғасында басталады. Сол кездің өзінде-ақ ол тек оқумен ғана шұғылданбай ғылыми-педагогикалық, творчестволық жұмысқа, әсіресе баспасөз ісіне қызу араласып, атақты «Шолпан» журналын шығарушылардың бірі болды», – деген ғалым М. Мырзахметұлының дерегі бойынша, алғашқы студенттік кезінде-ақ ол оқумен ғана шектелмей, ғылыми зерттеу жұмыстарымен де айналыса бастағаны білінеді [2, 16]. Осы «Шолпан» журналының 1922 жылғы №2, 3 және 1923 жылғы №4, 5 сандарына «Қоңыр» деген бүркеніш есіммен М. Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деп аталатын тырнақалды ғылыми-зерттеу мақаласы жарияланады. 1924 жылы Ташкентте шығатын «Жас қайрат» журналының 3, 4 сандарына «Халық әдебиеті туралы» атты мақаласы, Семейде шыққан «Қазақ тілі» газетінің 1925 жылғы 23 сәуірдегі санында «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» деген мақаласы жарық көреді. М. Әуезов бұл мақалаларында сол кездегі фольклортану ғылымындағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылар міндеттерді атап көрсетеді. Бұл мақалалар сол уақыттағы фольклор саласында теориялық әрі проблемалық мәселелерді жанжақты қозғаған ғылыми құнды еңбектер болып табылады.

198

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін М. Әуезовтің Семейдегі бес кластық училищенің оқушысы болып жүрген кезінен жинай бастағанын, одан әрі осы қаладағы мұғалімдер семинариясында оқып жүргенде жалғастырғанын, ал Ташкент университетінің студенті болған уақытта ғылыми зерттеуге кіріскені туралы мәліметті ғалым Ә. Молдаханов архив материалдары мен естеліктерге сүйеніп мәлімдейді [173, 83].

«Мұхтар Әуезов 1924 жылы Ленинград университетінде оқып жүрген кезінде Семейдегі жаңа ұйымдастырылған қазақ педагогикалық техникумына қазақ әдебиетінен дәріс оқу үшін арнайы шақыртумен келеді. Ол туған елге оралысымен-ақ ұстаздық, ғылыми-творчестволық, әлеуметтік жұмыстарға қызу араласып, бар ынта-жігерімен беріледі» [2, 3]. Қазақ педагогикалық техникумында қазақ әдебиетінен дәріс бере жүріп, қазақ әдебиеті тарихынан оқыған лекцияларының негізінде, өзінің бұрыннан жинап жүрген материалдары бойынша «Қазақ әдебиеті тарихы» деп аталатын атақты монографиялық еңбегін жазады. Бұл кітап 1927 жылы Қызылорда қаласында жарық көреді. «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегі қазақ эпосы мен фольклорын тұтас алып зерттеген тұңғыш қазақ фольклортану ғылымындағы іргелі зерттеу деген бағаға бүгінде ие болып отыр. Автор фольклор шығармаларын жанрлық сипаты бойынша топтап бөледі.

М. Әуезов бұдан кейін де 30-, 40-жылдары фольклортану саласындағы ғылыми зерттеулерін жетілдіріп, тереңдете түскен. Орыстың жазушысы Л. Соболевпен бірігіп жазған «Эпос и фольклор казахского народа» атты ғылыми очеркінде қазақ фольклорын тегіне қарай алты жанрға бөледі. Олар: 1) халық поэзиясының шағын түрлері (үйлену салт жырлары: жар-жар, беташар, сыңсу, мұң-шер жырлары: жоқтау, көңіл айту, естірту, қоштасу); 2) ертегілер (қиял-ғажайып ертегілер, салт ертегілер, балаларға арналған ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар); 3) батырлар жыры: («Едіге», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын»); 4) ғашықтық жырлар: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»); 5) тарихи жырлар; 6) айтыс өлеңдер. М. Әуезовтің бұл классификациясы фольклор шығармаларын топтастырудың негізгі іргетасы әрі жақсы үлгісі болды деуге болады.

М. Әуезов шығармашылығының нәр алған қайнар бұлағы қанымен дарыған – халық ауыз әдебиеті оған ғалымдық және

199

жазушылық қызметінде өмір бойы таусылмайтын қазына байлық болды. Бұл қазынаны ғұлама ғалым көп іздеп, жан-жақты толықтырып, оны үнемі зерттеумен де ұзақ жылдар бойы айналысты. Халқының бай ауыз әдебиетінің бар құнарын бойына сіңірген жазушы әңгіме, повестерінде, драмалық шығармалары мен «Абай жолы» роман-эпопеясында өте шебер қолданып, жаңа қасиет туғызып оқырманға көркем суреттеп жеткізді.

Мұхтар Әуезов шығармашылығының ең негізгі өзек еткен арнасы, рухани ұстазы Абай тағлымында жатыр. Алып мұхиттан сусындаған Мұхтарға Абай тақырыбы оның өмірінің мағынасы мен мәніне айналды. Бес жасынан атасы Әуездің Абай өлеңдерін жаттатып, санасына мәңгілікке сіңіргені ақынға деген құрметінің алғашқы бастамасы еді. Жастайынан Абай мұрасына қанығып, ақын шығармаларының құдіретін сезініп өсті. Бұл жайды М. Әуезов былай деп еске алады: «Атамыз бізді өзінше оқытатын. Бұл оның өзіне оңайырақ соққан болар. Ал шәкірт байғұстың көз жасы тимей-тимей кетуші еді. Аздап қара таныған соң өлеңдерінің бірінен соң бірін жаттадым. Өлеңдер бір түрлі түсініксіз. Ара-арасында: Пушкин, Лермонтов, Крылов, Татьяна мен Онегин тәрізді бұрын құлақ естімеген, оқшау, өзгеше есімдер ұшырасып қалады» [170, 4].

Бала кезінен Абай шығармаларын санасына сіңіріп өскен Мұхтар ақын жайлы жазуды он тоғыз жасында-ақ армандаған болатын. Әйтсе де М. Әуезов Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ Абай мұрасының жиналуы мен зерттелуі туралы мәселеге қызу араласа бастаған еді. Әрі М. Әуезовтің Абай өмір сүрген ортада туып, жастайынан ақын шығармаларымен таныс болып өсуінің де белгілі дәрежеде мәні бар. Өйткені ол сол дәуірдің ірілі-ұсақты оқиғаларын, ұлы ақын туралы ел арасындағы сан қилы әңгімелерді ой дүниесіне тоқи жүргендіктен, Абай өмірінде кездескен көп оқиғалардың сырын Абай мұрасын зерттеушілердің көбінен әлдеқайда жетік білді. Бұл жағдай Абай мұрасын жинап зерттеудегі М. Әуезовтің орасан зор еңбегінің жемісті болып аяқталуына айтарлықтай септігін тигізді.

Мұхтар Әуезов алғаш рет ақын мұрасы жайлы мақала, деректерімен «Абай» журналында көрінді. 1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген нағыз зерттеушілік тұрғыдан жазылған мақаласында Абай мұрасы жайлы алғаш рет теориялық негізде батыл барлау жа-

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]