Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

тереңдете, молықтыра түскен ақын С. Торайғыров», – деуі, ақын поэзиясындағы азаматтық сарынды, әлеуметтік әуенді қалтқысыз танудан туған [36, 332].

Қазақ халқының рухани өміріндегі ірі тұлғалар Сұлтанмахмұттың Абайға жақындығы туралы айтқан жазушы Ә. Кекілбаевтың сөзінде: «Шындықтың ала жібін аттамайтын әділ көзқарасы жағынан, халқының қамын ішінен қан жылап отырып ойлайтын адал махаббаты жағынан, онсыз да көп адасқан аңғал қауымды әр саққа бір далақтатпай, тура бағытқа, жемісті жолға бастай алар көсем пікірлігі жағынан, ұлттық ойлау жүйемізді басқалармен тайталаса алар рухани естиярлыққа көтеріп берген ұстаздығы жағынан Сұлтанмахмұт Абайға ерекше жақын тұр, ерекше етене тұр. Ендеше, қазақ рухының кеңістігінде Абай екеуінің орны бір төбе», – делінген [44, 213]. Сұлтанмахмұттың халқының қамын жеп, шындықты іздеуі, жалпы рухани жағынан Абайға ерекше жақын тұрғандығын осы сөзден аңғаруға болады. Абайдың «улы сия, ащы тілмен» түйреген айналасындағы опасыз, надан, жағымпаз, сөзі жылмаң, екіжүзді адамдардың мі- нез-қылықтары Сұлтанмахмұт өлеңдерінде де кездеседі. Соқыр сопы, мақтаншақ төре, шұбар қожа, дүниеқоңыз байлар – өлеңдерінің негізгі кейіпкерлері. Олардың іс-әрекеттерін сынап, ел ішінде етек алып отырған надандық пен пасықтықты, өтірік пен өсекті, жалқаулық пен жатыпішерді өткір түйрейді. Екіжүзді, жағымпаз, жылпос, жорға мінезді адамдарды қоғамға дерт әкелуші, ірітіп-шірітетін індет деп қарайды. «Төре көрсе, жалаңбас шұлғып, билеп» атты төрт тармақтан тұратын шағын өлеңінде жағымпаздықты қатты сынайды:

Төре көрсе, жалаңбас шұлғып, билеп, Бәйек болып әулиедей ізін сүймек. Елге келсе, өтірік мақтанатын:

«Қорқайын ба, ұлыққа айттым сүйдеп» [40, 45].

Ұлыққа жағамын, көңілін аулаймын, тілін табамын деген жандарды Сұлтанмахмұт әжуа етеді. Олардың осындай әрекеттерімен ешқандай нәтижеге жете алмайтындықтарына ешбір күмән келтірмейді. Бұл өлеңдегі жағымсыз мінездер Абай поэзиясында әшкереленген бірнеше ұнамсыз типтерді еске түсіреді.

21

Абайдың «Болыс болдым мінеки», «Сегіз аяқ», «Дүтбайға» «Бойы бұлғаң», «Көжекбайға» т.б. өлеңдерінде ұнамсыз типтердің жағымсыз мінез қылықтары ащы сынға ұшырайды.

Абайдың дін адамдарының да ұсқынсыз кескін-кейпін сықақ етіп жазған өлеңінде:

Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр,

Бүркіттен кем бе, жем жесі?! [42, 182].

Молданың жағымсыз түр-тұрпаты мен жиіркенішті іс-әре- кеті Сұлтанмахмұт өлеңдерінде де барынша қатты сынға іліккен. Соның ішінде:

Мынау төрде ишандар, Аузы-басы қисаңдар. Ат, тоныңмен жұтады,

Аузына егер сисаңдар [40, 60].

Ақын молданың кескін-кейпін, қимыл-әрекетін бейнелегенде, бет-жүзінің сипаты арқылы оның тұлғасын өзіндік мінез-құ- лық өзгешелігімен тұтас әкеп көзге елестетеді. Бет-жүзіндегі бір ғана қозғалыс-белгіні алып, сол арқылы есте қаларлықтай көрнекті бейнесін жасап береді.

Сұлтанмахмұт өлеңдерінде лирикалық қаһарманның әртүрлі көңіл күй сырлары да шертіліп жатады. Ақын тағдырының ауыртпалығы, сол кездегі заман, уақыт күрделілігі оның өлеңдерінен айқынсезіліптұрады. Сұлтанмахмұттымұңғасалған– халқыныңауыр тағдыры мен өз басының қайғысы. Бұл екі жақтан қысқан қайғы келіп, ақынның басын тығырыққа тірейді. Ақын ішіндегі астаңкестеңболыпжатқанкөңілтолқынынөлеңіндебылайдепбереді:

Көңілім, неге жасисың? Миым, неге ашисың? Ой түбіне жете алмай,

Жүректі тырнап қасисың [40, 77].

Бұл ақынның қатты қиналған кезінде жазған жан сырына ұқсайды. Себебі «тұрмыстың ұзын құрығы, бұрды ма түсіп

22

мойынды», – деп Сұлтанмахмұт өз тұрмысының ауыр жағдайынан мәлімет береді. «Көзім неге таласың, үмітсіз қарап барасың?» – деуіне қарағанда, сол кездегі науқасқа ұшыраған халінен хабардар етеді. Ақын жанын ауыртқан осы бір жазылмас індет оның көңілі мен жүрегіне тікен болып жабысады. Жан төзгісіз қайғыға батқан ақын осыдан шығатын жолды іздейді де, ой түбіне жете алмай қиналады. Өзінің ұстазы Абай сияқты күңіреніп, «жүрегі» мен «көңіліне» үңіледі. Абайдың:

Жүрегім, нені сезесің Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, көңілім, кезесің,

Тиянақ жоқ па, қой, тоқта! [42, 287] –

деген өлеңіндегі оймен сабақтасып жатыр. Абай өз ортасынан түңіліп, жалғыз қалған сырын осылай ақтарады. Ақын өз басының мұң-шерін, қайғы-қасіретін айтып, өзімен өзі сырласады, шерін тарқатады. Ал көңілге тиянақ тауып, тоқтауды қалайды.

Сұлтанмахмұт өмірдің қилы кездерін айтып, жанының азапқа түскенін толғайды. Пәк сезімді адал иесі жанын жаралаған мұндай азапқа төзе алмайтынын айтып, Абай ақынша күңіренеді.

Өмірде неше түрлі уды іштім, Неше түрлі азапқа, жаным, түстің. Ағайынның ішінен ала шықса,

Жау ішінде бар ма екен сонан күштің, [24, 44] –

дейді ақын.

Абай өзайналасынан көрген қиянатынайтып, қиындық көрген тұстарын еске алып, одан сырт айналады. Бұл қиянатқа қарсы тұрып, қашпайтынын да білдіреді. Өмірдің көп соқпағын басынан кешкенінайтып, «Мен ішпегену барма?» – деп мұңын шағады.

Тағы сене бастаймын Күнде алдағыш қуларға. Есім шығып қашпаймын,

Мен ішпеген у бар ма? [42, 271].

Абай мен Сұлтанмахмұт поэзиясының сабақтастығы туралы айтқанда, екі ақынды ұқсатып, бірін-бірі қайталау, еліктеуден

23

ғана туған деген ой тумауы керек. Сұлтанмахмұт – ақындық тұлғасы мүлде басқаша, тек өзіне ғана тән дарыны бар суреткер. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы Абай дәстүрі туралы сөз болғандықтан, екі ақын өлеңдеріндегі тақырып, сарын жағынан, идея сабақтастығы, жеке сөз үлгілерінің ұқсастығына арнайы назар аударылды. Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін ілгері дамытып, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа айшықты өрнегімен, өз жаңалығымен артынан соны із қалдырған ақын деген қорытынды жасаймыз.

Қазақ әдебиетіндегі тағы бір ірі құбылыс – Шәкәрім шығармашылығы. Ол – Абайдың жақын інісі болумен бірге, Абайдың тікелей шәкірті. Мұхтар Әуезов 1934 жылы жазған «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында атап көрсеткен: «Мұндай ақын – төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия – Абайдың балалары... Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен қарасөздерін әрі оқушы, әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған» [45, 19]. Шындығында да Шәкәрім – Абайдың ең дарынды әрі мол мұра қалдырған шәкірті.

Абайдың ақын шәкірттері деп Абаймен күнделікті өмірде ті-келей араласып, ақыл-кеңесін тыңдаған әрі ақын мұрасын таратуға атсалысқан өнер саңлақтарын айтамыз. Ал бұлардан кейінгілер Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар деп аталады.

Абайдың ақын шәкірттерінің ішінде Шәкәрімнің орны бөлек, ол Абай шәкірттерінің ішіндегі бас шәкірті деп аталады. Өйткені оның ақындық өнерімен қоса ойшылдық тереңдігі, философиялық толғаныстары өз заманы үшін теңдесі жоқ қайталанбас рухани құбылысқа айналды. Абайды терең танып білгендер ғана Шәкәрімнің ойшылдық табиғатына адаспай кіріп, жол таба алмақ.

«Шәкәрім Абай шәкірттерінің ішіндегі ең ұзақ өмір сүргені ғана емес, артында ең мол мұра қалдырғаны да. Оның поэзиясы шын мәнінде Абайдың ақындық дәстүрінде туған. Құнарлы топырақтан нәр алған қуатты поэзия» [46, 111]. Шәкәрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам болмысын танудағы ізденісін, адамның адам болып қалу жолындағы имандылықты, ар-ұяты,

24

адамгершілікті уағыздау өнегесін, білім мен өнер шашпақ үлгісін, теңіздей терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты. Осы құбылысты анықтап дер кезінде айтқан Ж. Аймауытұлы: «Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да ішкі мағынасымен еліктеген кісі – Шаһкәрім. Мінді, кемшілікті айтқанда жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын Шаһкәрім өле-ңінде шанышпа, ащылық бар», – деген [21, 130].

Шәкәрім – Шығыс әлеміндегі аса ірі көрнекті қазақ әдебиетінің классигі. Ол – ХХ ғасырдың басында қазақ елінің арасында данышпандығымен айналасына танылған адам. Сонымен бірге жаңа қалыптасып келе жатқан қазақтың зиялы қауымы Шәкәрімді танып, ерекше құрмет тұтып, санасып қана қоймай, оның идеясымен терең сусындады.

ХХ ғасыр басында ағартушылық-демократтық бағыттың өкілдері әр салада белсенділік танытты, шығармашылық өмірлерінде қазақ халқының сол замандағы әлеуметтік өмірі сияқты күрделі мәселелерді қозғады. Негізінен, Шоқан, Ыбырай, Абайлар салған осы бағыттың ХХ ғасыр басындағы ілгері бастырушысы, көш басшысы, көсемі Шәкәрім болды. Белгілі шәкәрімтанушы ғалым Қ. Мұхамедхановтың пікірінде: «ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетітарихындаАбайдан кейінгі еңірі ақынымыз – Шаһкәрім. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шаһкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген», – деп баға береді [47, 6]. Туған халқының әдебиетінен сусындап, Абай даналығынан тәлім алған, Көне түркінің жазба қадым кітаптарынан нәр алып, Шығыс пен Батыстың пәлсапасын көңіліне тоқыған Шәкәрім қазақ поэзиясының ілгері дамуына елеулі үлес қосып, қазақ лирикасына көп жаңалықтар әкелді. «Қазақ поэзиясының Абай қалдырған дәстүрін ілгері созып, көп жаңалықтармен байытқан Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы туған әдебиетіміздің елеулі белесінен саналмақ», – деген әдебиеттанушы ғалым М. Базарбаевтың пікірі ақынның әдебиеттегі орнын нақтылай түседі [48, 55]. Өзінің ұстазы – Абайдың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», – деген өсиетін берік ұстаған Шәкәрім өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын айқындап, ашып айтып, халқының алдынасерт бере:

25

Адамдық борыш, ар үшін Барша адамзат қамы үшін, Серт қылғам еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін, –

дейді. Ақын осы айтқан сертінен өле-өлгенше танған емес. Шәкәрім – заманы, халқы, елі үшін қам жеген, зар шеккен,

қорлық көрген ақын. Оның артында қалдырған өлмес мол мұрасы бүкіл адамзатқа ой тастар, ортақ асыл қазына.

«Өзге халықтардың классиктері сияқты, Абай мұрасы да, ең алдымен, өз заманының шежіресі болды. Ал Абай заманы, әсіресе ХІХ ғасырдың соңғы ширегі, патша әкімшілігінің қазақ даласындағы отаршылдық саясаты өзінің шырқау шыңына көтеріліп, барынша шамырқана ширығып тұрған кезең болатын. Абай осы саясатқа тікелей, ашық түрде қарсы шықпаса да, оның ауыр зардаптарын қаны сорғалаған ащы шындықпен әшкерелеп суреттеп кетті», – деген ғалым Ж. Ысмағұловтың салмақты ойы көпшілікке үлкен қозғау салады [37, 26]. Қазақ халқының ұлттық мүддесі, елдің азаттығы, тәуелсіздігі үшін отаршылдыққа қарсы күрес – Алаштың ақын-жазушылары шығармаларына ортақ тақырып болды. Ресейдің патшалық отарлау жүйесінің қазақ сахарасына жүргізген саясатына қарсы болған Абайдың қоғамдық қайраткерлік үнінен бастау алған азаматтық сарын ХХ ғасыр басындағы Алаш қаламгерлерінің шығармаларында жалғасын тапты. Соның ішінде Абайдың өнегесін көп үйреніп, тікелей тәрбиесін алған, Абай дәстүрін ілгері дамытқан бас шәкірті – Шәкәрім. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп халқына жар салып, қамын ойлаған Абайдың ұлтжанды ұлы жүрегінің ізін әрі қарай жалғаған шәкірті Шәкәрім Алашының тағдыры үшін жанын құрбан етті.

Қоғамдық, әлеуметтік шындықты батыл, анық айтып, реалистік тұрғыда суреттеуде Шәкәрім поэзиясы Абай өлеңдерімен сарындас. Абай мен Шәкәрім поэзиясының үндестігін арнайы зерттеген ғалым Әбдіғазиұлы: «Осы реалистік дәстүр, шынайы халықтық арна Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Шәкәрімнің шығармашылығының да негізгі идеялық-көр- кемдік нысанасына айналды. Оның реализмі, әсіресе саяси, азаматтық лирикада айқын көрінді. Азаматтық асқақтық, поэтикалық пафос оның өлеңдерінің қазығына айналды», – деп, Абай

26

дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығында жалғастық тапқанын ғылыми негізде дәлелдейді [35, 34]. Яғни Шәкәрімді өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу парасатты азаматы ретінде көрсетіп, халқының, бүкіл қоғамның басындағы нақты жағдайды көре білетін, кемшілік-кеселдердің тамырына балта шабудың жолдарын іздейтін азамат ақын ретінде танытады.

Қазақ халқының даналары Абай мен Шәкәрім ғұмыр кешкен уақыт отаршылар билеген ауыр заманмен тұстас келеді. Бұл дәуір қазақ халқы үшін аса күрделі кезең еді. Өйткені қазақ жері түгелдей патшалық Ресейдің құрамына кірген болатын. Патша өкіметі қазақ даласына билік жүргізудің бірнеше заңдарын шығарып, үлкен реформалар жасады. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі рулық жүйені жойып, оның орнына территориялық принципке негізделген ел билеу жүйесінің жаңа тәсілін ойлап тапты. Міне, осындай сырттан ендірілген ел билеу жүйесіндегі берекесіздік пен болыстық сатылы сайлау кезіндегі талас-тартыс болған қайшылығы мол әлеуметтік ортада Абай мен Шәкәрім, өмір сүрді. Өз кезіндегі қоғам өміріне сын көзімен қарап, барлық қайшылықтарын арқалай жүріп, олар асау ағынға қарсы шықты да. Елінің іштей іріп, рухани тозып бара жатқанына қатты қиналды. Халқының мұң-мұқтажына, ой-арманына үңіліп, елінің тағдырын ойлап қай-ғырды.

Абай халқының басындағы ауыр тұрмыс пен ел ішіндегі кері кеткен кесел мінез қасиеттерін жүрегі ауыра отырып ашына жырлайды. Сол алыс-жұлыспен өткен дүлей өмірдің рухани қысымынан көп уайым шегеді. Халқының ауыр тағдырына көз жібере отырып, ақын жұртына қарата былай дейді:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртымда» ақын өз халқының сол кездегі тарихи трагедиясын айта кеп дерттенді. Жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны «қалың елі, қазағы» [49, 93]. Қалың елі қазағының халін ойлап, қамығып, қайғы шеккен шерлі ақын ұзақ толғаныстардан кейін «бірі – қан, бірі – май боп, енді екі ұртың...» деп жан жүрегімен ширыға түседі.

27

Абай өлеңінде көтерілген мәселелер Шәкәрім поэзиясында да сөз болады. Ұстазы Абай сынды Шәкәрім де «халқым», «қазағым», «елім», «жұртым» деп сөйлейді. «Қазақ» атты өлеңінде:

Мінеки, естісеңіз елдің жайын, К...інен кейін кетті басқан сайын. Қайран елім, қазағым, қалың жұртым,

Көп айтып, а, дариға, не қылайын!.. [50, 96].

Бұндай сөзді халқын бар жанымен сүйетін, халқының қамын жеген Абай мен Шәкәрім сияқты қамқор ұлтжанды азаматтар ғана айтпақ. Шәкәрімнің «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ» деген өлеңдерінде Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп келетін өлеңдегі ой, идея дамытылады», – дейді профессор М. Базарбаев [48, 69]. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен Шәкәрімнің өлеңіндегі ой өзегі өте ұқсас. Мәселен:

Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар, Қой терісін жамылған жандар да бар. Жазасызды жазалап атақ алып

Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар [51, 142].

Абай өлеңіндегі ой сарыны өзгермей сол қалпында қолданылады. Тек Шәкәрім «бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар» деп көпшілік мағынаға алмастырып, өлеңге сатиралық мән туғызады. Қазақ халқының дәл сол тұстағы тұрмыс-ахуалын, жайкүйін нақты байыптайды. Абай бедерлеген өмір суретін кеңейте, айқындай түседі.

Шәкәрім шығармаларында халық тағдыры терең сөз болады. Бұл жағынан ол Абайдың азаматтық қоғамдық пікірімен үндес шыққан. Елінің отаршылдықтың бұғауынан шыға алмай, тығырыққа тірелген халін айтып қайғырады. Қырсық пен қыңырлықтан арылмаған халық тағдырын айтып, елдің ар-намысын оятуға күш салады.

Досың қайсы, қимастай елің қайсы? Ел салмағын көтерер белің қайсы? Аузың темір татиды, бәрін танып, Жалғанда қимайтұғын жерің қайсы?

28

Халқына досының кім екенін, елінің кім екенін айтып түсіндіреді. Жерінің қайсы екенін сұрап, ел басына түскен күнді көтеретін белің қайсы деген халықтың көкейіне терең ой салар сұрақтарды тікесінен қояды. Елі мен жерінің тағдырына алаңдап, оған арашашы болар азаттықты аңсайды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы Абай мен Шәкәрім шығармаларында өзінің барлық бітім-болмысымен шынайы суреттеледі. Халықты зарлатып отырған жуан содырлардың жүгенсіздігін сынап, ұрылар мен екіжүзді алаяқтардың ел ішінде қаптап кеткенін айтып, олардың мінез-қылықтарын өлеңдерінде «улы сия, ащы тілмен» өткір түйрейді. Бұл жағдайды туғызып отырған қазақ елінің бірлігі мен тұтастығын бұзуға негізделген патша өкіметінің болыстық сайлауды шығарған территориялық принципке бағытталған ел билеу саясатына қарсы шығады. Партия шығып, елді әуре-сарсаңға салғанын айтады. Қолында билігі бар партия басшысының пара алып, малмен елді сатып алатын озбыр әрекеті мен қарсы келген адамды қағып тастайтын қатігез мінезін ащы шындықпен әшкерелейді.

Партияның басшысы, батырың осы, Қайраты мол, ішкені ант, шашқан пара...

Малмен сатып алған соң ел де онікі...

Қарсы келсең басыңды қағып тастар, Болмасыңа амал жоқ сен де онікі. Қанға тойған көп итке қарсы келсең,

Жаның қалар, тақсыр-ау, сен де білсең [51, 71].

Шәкәрімнің «Жуандар» деп аталатын өлеңі Абайдың «Болыс болдым мінеки» атты өлеңіндегі болыстың ішкі-сыртқы психологиялық іс-қимылы мен ел ішіндегі келеңсіз жағдайды еске түсіреді. Қазақ халқының бірлігінің кеткенін, пысықтар мен қулардың, екіжүзділердің ел ішінде етек алып бара жатқанын Шәкәрім ашына жырлайды. Ұрлық, ұрыс, араздықтың жұрт арасында белең алғанына налып, елінің кері жаман қылықтарға бой ұрып бара жатқанына ыза болады. Азамат ақын жұртын бар жүрегімен сүйеді, халқының тағдырын ойлап күңіренеді.

Ойда жоқ: «өнер, білім, жол табайын», Жалмауға жалықпайды өз маңайын.

29

Мұның түбі не болар деген жан жоқ, Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын... [50, 95].

Шәкәрім өзі өмір сүрген дәуірдің кертартпа кесір-кесапатын көре білді. Оның қаншалықты зиянды екенін сезіне де білді. Өз ортасынан озып туған тұлға ретінде әлгі кесапаттан құтылудың емін іздеді. Сол ой ақын жанын жегідей жеп, жүрегінің тереңінен шыққан кемел ойларын шығармашылық толғанысқа айналдырды. «Бай мен қонақ», «Партия адамы» «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы да сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» т. өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді.

«Ей, көп халық, көп халық» атты өлеңінен сол кездегі саяси жағдайдың ұшқынын көруге болады. Халықтың топтасып жиналып, партияшыл болғаны сөз болады. Өкімет орнап жатқан кездегі аумалы-төкпелі кезеңде халықтың қай жаққа сенерін білмей, оң-терісін байқамай сасқалақтаған күйін көрсетеді. Таласты көрсең басыл, кемдігін көрсең қосыл, желікпе, ойлан деген ақылмен басу айтады.

Адалдың әділ жолына Ақырын басып жет, халық, [50, 77] –

дейді. Талан-таражға батып отырған кезде халыққа тура жолды тауып, адалдың әділ жолына түс деген озық идея тастайды. Азаттық алу жолында халықты береке-бірлікке шақырады.

Елдің басына қиын-қыстау күннің туып тұрғаны «жауға – қатын, жақыны – жалмауыздар» деген ақын сөзінен анық байқалады. Бұғауда жатқан халықтың еңсесінің көтерілмей, «көк малтасын» езіп жүрген арқандаулы тағдыры аянышты суреттеледі. Өз ортасынан әділетті өмір таппаған Шәкәрім айналасынан түңіліп, елден безіп кеткені туралы сыр шертеді.

Жапанда жалғыз жаттым елден безіп, Жалықсам, аң қараймын тауды кезіп. Оңашада жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп, [50, 86] –

дейді. Ақын сол уақыттағы билеушілердің халыққа көрсетіп отырған зорлық күші мен қиянат қылығынан «Елімді ел қылма-

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]