Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

шабармандарының ылаңына, жауыздығына үнемі қарсы шығады, бірде ішінен тынса, жастау кезінде оязға қарсы қамшы жұмсауға дейін барады. Әділетсіздікті көргенде ол төзіп тұра алмайды. Халқының қамын ойлап, елдік үшін күрескен батырлармен қоса, бұған қарсы бай-жуандар мен атқамінерлер, болыстардың арам ниеттері, опасыз әрекеттері өте нанымды әшкереленген. Бұл көріністі оқып отырғанда, Абайдың қалың еліне қарата айтқан сөздері мен мына өлең жолдары ауызға оралады:

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда? Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

Абайдың дос санаған адамдарынан көңілі қалып, алыс-жа- қын қазақтан айналасында алдамаған пенде қалмағанын айтып түңіле отырып айтқан ішкі сыры осындай еді. Айналасында жарылып жатқан шіріген жұмыртқалар аз ба еді? Ақынның осынау өмірінің сұрғылт тартқан тұстарын бейнелейтін өлеңдегі ойлы сөздерін М. Әуезовтің «Қилы заман» повесіндегі мына үзіндіден кездестіруге болады.

«Серікбай Оспанды айтқанда қалың елдің ішіндегі шіріген жұмыртқа, сенімсіз жалғыз бұзақыны еске алғандай болып:

Оспан ағайыны ғой. Оған істесе, Жансейіт істейтіні рас» [107, 66]. Бұл үзіндіде жазушы қалың елін сатып жүрген Оспанды шіріген жұмыртқаға теңейді. Автор бұл жерде Оспанның ұлыққа жағынып, жемтік жағалаған құзғын сияқты елдің лайсаңынан пайда тауып жүрген қылығын айтып әшкерелейді.

«Жазушы «Қилы заманда» азғындық жолға түсіп, халқына опасыздық жасаған екі тілмашты жиіркене, жеркене суреттеген. Олар – Жебірбаев пен Оспан. Сырт көрінісінде айырмашылық болғанымен, олардың түп негізі бір, екеуі да ар-намыс, ұят-ож- даннан жып-жылмағай құнсыз жандар» [118, 308]. «Базар ортасында ұзын биік ағашқа аспандатып көтерген ақ жалауда екі басты самұрықтың суреті желкілдейтін. Бұл қомағай қарынды, жалмауыз тілекті ертегі обырының айқын тұрған белгісі еді. Обырды туғызған ана – жалмауыз түсті ұлық. Соның айқын таңбасы – ертегі айдаһарындай екі басты, жайын түсті самұрық.

131

Бұның жәрмеңке басындағы тірі жүрген қолдары, атқан оқ, шапқан қылышы жемқор, семіз қарынды пристав – «Ақжелке» Подпороков та, айналасындағы жорға құралдары: ұсақ төрешіктер, бұның ішінде қазақтан шыққан өңі жылтыр, қарны томпақ тілмаштар» [107, 12-13]. «Әуезов патша чиновниктерінің, қазақ тілмаштарының кейпін осылай суреттейді. Қазақ эпосындағы дәстүрлі әдісті – гиперболаны пайдаланған. Ұлықтар мен тілмаштардың есіл-дерті – баю. Ол үшін қандай қадамнан болсын тайынбас» [5, 101].

Абай заманында өмір сүрген болыс-билердің ұсқынсыз әрекеттері «Қилы заман» повесінде де жалғасын тапқан. Повесте патша заманы билеп тұрған заманның шындығы сөз болады. «Қазақ сахарасын билеуде патша үкіметі түрлі әдістер қолданып отырды. Абай өмір сүре бастаған кезде Қазақстан ішкі Россияға сәйкес административтік жүйеге сай бөлінген еді. ...Ал болыстан жоғары әкімшілік қазаққа берілмеген. Болыс үш жылда бір сайланатын. Оларды халық емес, елубасылар (әр елу үйден бір адам) сайлайды. Осы елубасылардың тасын алу үшін, бүгін сайлама салып үш жыл бойы талас жүргізілетін. Бұл жағдайлар Абайдың өлеңінде сықақпен айтылып отырады», – дейді М. Әуезов [70, 187].

Абай шығармаларында ащы тілмен түйрелген болыс-билер- дің жағымсыз бейнелері «Қилы заманда» да жиіркене суреттелген. Сол кездегі қазақ арасындағы болыстардың ұлықтарға жағымсыған екіжүзді мінездері мен халыққа көрсетіп отырған опасыз қылықтары ащы сыналады. Шығармада Рақымбай болыс, Түнғатар қажы, Дәулетбек байдың келіссіз кейіптері бейнеленген. Мысалы: «Рақымбай сияқты жағымтал, жорға болыстың тағы бір-екеуіне көзі түсіп еді, олар да алға түсетін, бой көрсететін сияқты» [107, 25]. Сызданып, зәрленіп отырған ұлықтың алдында бұғып, қорқып отырған болыстардың қылықтарын жазушы көз алдыңа нанымды елестетеді. Бұл ащы сын Абай өмір сүрген замандағы, өзі жырлаған сол ортадағы, болыстардың қорқақ, жалтақ, жағымсыз қылықтарын еске түсіреді.

Жалбарынып күн көріп, Жақынын сатып, жөн көріп.

132

Абайдың «Көжекбайға» атты өлеңінде «жалбарынып», «күн көріп», «жақынын сатып» деген сияқты ұтымды сипаттаулар болыстың жай-күйін, қимыл-қозғалысын әшкерелеп көрсетеді. Яғни етістіктердің қатар тізіліп қайталануы арқылы болыстың қылығына ащы сын үстемелеп беріледі.

«Қилы заман» повесінде тілмаштың патшадан келген: «Он тоғыз бен отыз екінің арасындағы азаматты қазақ елі әскер керегі үшін, тезінен жинап, өкімет қолына тапсыруға керек», – деген жарлығын оқып, жиналған жұртқа қазақшаға аударып тұрған сәтіндегі болыстардың сасқалақтап қорқып-үріккен әрекеттерін жазушы өткір тілмен шебер өрнектейді. Мәселен: «Барлық болыс ең аяғы жаңа ғана тұшталаңдап жүрген Рақымбайға шейін күн шартылдап жай түскеннің артындағыдай құп-қу болып, есеңгіреп қалған сияқты. Бәрі де көздері үлкейіп, аларып, тілмаш пен ұлыққа қарап, мелшиіп, қыбыр етпей, іштен тынып қатып, қадалып қалыпты. Жалғыз-ақ әр жерде сұрланған жүздер, алақтап сасқан көздер біресе Ақжелкеге, біресе тілмашқа кезеккезек, жалтақ-жалтақ қарайды» [107, 23]. Патша жарлығы оқылғаннан кейінгі болыстардың неше алуан құбылысқа еніп, алақтап сасқан жүздерінің түрлі түске бөленуін жазушы әсерлі суреттейді. Барлық болыстың әртүрлі жағдайдағы қалпын, әрекетін дөп басып бедерлеп, бейнелеп көрсетеді. Жазушының дәл осындай қылықты мысқылдап әшкерелеудегі сыншылдық тәсілі Абай дәстүрінен бастау алған. Ақынның «Сегіз аяқ» өлеңінде:

Жасқанып, қорқып, Жорғалап, жортып, Именсе елің баптанбақ, –

делінген. Абайдың болысты, оның мінез-құлқын, іс-әрекетін суреттеудегі асқан шеберлігін М. Әуезов жалғастырған. Қазақ поэзиясына үлкен жаңалық әкелген Абайдың белгілі «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңіндегі ақынның сыншылдық әдісі мен бейнелеу тәсілі М. Әуезовте проза тілінде өрнегін тапқан. Оның дәлелі ретінде «Қилы заман» повесіндегі болыстардың кескінкейпін, мінез-құлқын, іс-әрекетін суреттейтін жоғарыда келтірген үзіндідегі мысалда «тұшталаңдап», «құп-қу болып», «есеңгіреп», «көздері үлкейіп, аларып», «ұлыққа қарап», «мелшиіп»,

133

«іштен тынып», «қатып, қадалып», «алақтап» деген бейнелі сөздердің сипатталуы. Сондай-ақ: «Қайта орнығып, тыныштанып кеңесе бастағанда Рақымбай жорғақ қағып, Жәмеңке, Ұзаққа жалтақтап, жасып, тапталып, кішірейіп қалған екен» [107, 37]. Бұл көсемшелі етістіктер Абайдың «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңіндегі сияқты болыстың іс-қимылы мен мінез-құлқына ащы сын туғызып, бейнелілік қуат береді. Абай өлеңіне назар аударсақ:

Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап. Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап...

...Қайраттысып, қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп. Оңашада оязға Мақтамаймын елімді...

...Оязға жетсін деген боп, Боқтап жүрмін барқылдап. Кейбіреуге таяғым Тиіп те кетті бартылдап...

Елі жөнді болыстар Мақтанып жүр тарқылдап. Күлкісі жақсы қарқылдап, Үні бөлек сартылдап [42, 128].

Өлеңдегі «шыбындап», «қырындап», «суылдап», «жымыңдап», «барқылдап», «тарқылдап», «қарқылдап», «сартылдап» деген көсемшелерден түзілген сөздер еселеніп, еспелеп келіп отырады. Етістіктен жасалған эпитеттердің мол қолдануы «Болыс болдым, мінеки» өлеңіне ерекше әсер беріп, кейіпкердің іс-әре- кетін көз алдыңа елестетіп, ащы мысқыл туғызады. «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде қимыл-қозғалысқа толы, үнемі тынымсыз әбігерге түсіп жүретін болыстың іс-әрекеті көз алдыңнан тізбектеліп өтіп жатады. «Абайдың асқан суреткерлігі, ақындық шеберлігі болыстың психологиясын, мінезін, көңіл күйін, қи- мыл-әрекетін нанымды бейнелеуінен, ағынды жырдың үлгісінде

134

жазылған өлеңнің басынан аяғына дейін саулап құйылып тұрған, болыстың аузымен айтылатын ұтымды, ұтқыр сипатталған сөздерден айқын көрінетіндігін», – айтады академик З. Ахметов

[97, 67-68].

Патша өкіметі орнықтырған әкімшілік тәртіп бойынша қазақ арасынан сайланатын болыстар бас-басына би болып, өздері пара беріп сайланып, кейін арыз айтушыларды тыя алмай, ұлыққа жағынуға мәжбүр болған болыстардың мүшкіл халін ақын сол кездегі заман шындығы ретінде терең ашып көрсетеді. Ұлық пен оязға жағымсып,

Оңашада оязға Мақтамаймын елімді, Өз еліме айтамын:

«Бергенім жоқ – деп – белімді», Мақтанамын кісімсіп, Оязға сөзім сенімді [42, 128].

«Екі түрлі сөйлеп алдау – болыстың бас қорғау амалы. Ол оязды да, халықты да екеуін екі жақта алдап, өзі солардың арасында пайда таппақшы болады» [89, 147]. Абай өлеңіндегі ояз бен болыстың арасындағы жайт – «Қилы замандағы» болыстардың да қылықтарына тән нәрсе. Мәселен: «Бұлардың жүзінде «маған бірдеме деп ілтипат қылар ма екен» дегендей жалтақтап, құйрығын бұлғаңдатқан итше жағынған пішін бар. Ұлыққа тонның ішкі бауындай, мен өзіңдікімін дегендей қабақтары бар еді» [107, 26]. Абайдың өлеңмен әшкерелеген болыстарының әрекетін М. Әуезов қарасөзбен бейнелі түрде тым ащы тілмен түйрейді. Ақын өлеңіндегі болыстың жағымпаз мінезі Әуезовтің сипаттауында сарказмге ұласып, көз алдыңа картина туғызады. Мысалы, «құйрығын бұлғаңдатқан итше жағынған пішін» деген тіркес болыстың мінезіне образдылық мағына үстейді. Болыстың пішінін құйрығын бұлғаңдатқан итке теңейді. Жазушының сатира тілімен әшкерелеген бұл сияқты сипаттаулары шығармада молынан кездеседі. «Әйтпесе, ұлыққа көтін тығып, жемтік жағалаған құзғын сияқтанып елдің лайсаңынан пайда іздеп жүрген Оспан ешкімге де қолынан ат бермес» [107, 66]. Болыстың елді басқара алмай әбігерге түскені мен ел басқарудағы қайшылықтарды шеше алмайтыны туралы ақын:

135

Сүйегім жасық, буын бос, Біраз ғана айлам бар, –

дейді.

Ел басқарар шамасының жоқтығы, бар айла-амалының таусылғаны айтылған. Сүйегінің жасық екені белгілі жағдай. Себебі болыстыңжекебасындабилік жоқ, олпатшаөкіметіне басыбайлы.

«Қилы заман» повесінде болыстың басындағы бұл жағдай былай көрініс тапқан: «Болыс бұнда қайтушы еді? Қайратың, амал-айлаң болса бір сәрі...» [107, 36]. Ұлық айтқан жарлықты халықты көндіруге болыстардан талап етіп отыр. Патшаның жарлығын орындауды болыстарға жүктегенде, тағы да олар екі жақты солқылдақ танытады. Яғни болыс ұлық пен ояздан қорқады. Олардың айтқан үкімдерін халыққа орындату керек. Халықтан да қорқады. Себебі халық болса жиналып келіп отыр.

Патша өкіметінің енгізген территориялық принципке негізделген ел билеу жүйесі халықты әбігерге салғаны мәлім. Үш жыл сайын болыс сайлауы өтіп, болыс болу үшін ұлыққа пара беріп, болыстыққа таласты. Ел арасы жік-жікке бөлініп, партия деп жұлысты, атысты, ақыры шабысты. Абай өлеңдерінде қозғалатын осы шындықтың бетін жазушы «Қилы заман» повесінде Жәмеңкенің атынан былай деп айттырады:

Бәсе, соны айтсаңшы, біресе партия деп жұлысып, бірде ұлыққа пара беруге таласып, итшілеп жүріп күн өткізіп, енді мына күнге келгенде өлімтігін сүйреген бір қураған шал болып отырмыз [107, 92].

Жәмеңке қазақтың ынтымақ тілегі қосылып ел болам деп ту көтерген, ұран салған күнін көре алмай өтіп бара жатқанын айтып армандайды. Мысалы: «бұрын батыр болсаң да, сенің басың бұл күнде жерде жатқан қу тезек» депті-ау баяғының бір қызы...» [107, 93]. Жәмеңкенің арманды сөзіне М. Әуезов Абайдың «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» атты өлеңінен:

Мезгілі өткен, дәуренді қуалаған, Неғылсын бір қартайған қу сүйекті? –

деген аңызды мысал ретінде келтіреді.

136

М. Әуезовтің «Қилы заман» повесіне Абай мұрасының әсері барын шығарманы талдау барысында байқадық. Әсіресе ақын мен жазушының халықтың тағдыры жайлы қозғаған қоғамдық пікірлері мен азаматтық көзқарастарының сабақтастығына көзіміз жетті. Сондай-ақ Абайдың сөздік қоры шығармада молынан кездеседі. Абай өлеңдеріндегі әшкереленетін патша чиновниктері мен қазақ болыстарының бейнелері Әуезовтің «Қилы заман» повесінде ащы тілмен ұлғайтыла сыналады.

Жазушының жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетіндегі жаңа сапалық үлгідегі туындылары – «Қараш-Қараш оқиғасы» мен «Қилы заман» повесі. Осы шығарма жөнінде профессор Р. Бердібаевтың берген бағасына назар аударсақ: «Жазушының жиырмасыншы жылдардағы шығармаларының ішінен «ҚарашҚараш оқиғасы» повесі өзгеше мәнді орын алады. Мұның ерекшелігі – шығармада кемел көркемдік пен ілгерішіл, күресшіл дүниетанымның табиғи қабысқандығы, М. Әуезовтің суреткерлік сапарындағы жаңаша келіс, тың өріс, алғаш рет осы повестен айқын көрінді. Сондықтан «Қараш-Қараш оқиғасын» жазушының белес, этаптық туындысы деп қарауға болады», – дейді

[106, 176].

Қаламгердің алғашқы әңгімелеріндегі шығармашылық ізденісі «Қилы заман», «Қараш-Қараш» туындыларына дейінгі шығармашылық өсу, жетілу дәуірінің көрінісі болды. Жазушының сол кезеңнің өзінде-ақ дүниетанымындағы ірі жаңарулар мен шығармашылық ізденісін айқындайтын, көркемдік шеберлігін танытатын бұл туынды жиырмасыншы жылдардағы Әуезов прозасының шоқтығы болып табылады. «Абай жолы» роман-эпо- пеясына шығар баспалдағы іспетті «Қилы заман», «Қараш-Қа- раш» повестерімен-ақ Әуезов 20–30 жылдардың қазақ әдебиетіндегі жаңабетбұрыс, жаңаәдебиетініңүлгісін жасады» [119, 7].

Абай ғұмыр кешкен дәуір келбетінің шындығы, қазақ еліне жүргізген билік жүйесі М. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің сюжеттік желісінде жалғасып, тіпті үдей түскені білінеді. Жазушы Абай заманындағы болыстық, атысып-шабыс- қан партия тартысын қатты сынға алады. Партия тартысы туралы былай делінген: «Биылғы партия және бұрынғы-соңғылардан сонағұрлым үлкен болып, ауданы молайып, салғаннан-ақ көп

137

елді тұтас қоздырудан басталды. Мұндай партия әдеттегіше бірақ болыстың ішінде болып қоймайды. Биылғы қызуы, болыс тұрсын, бүкіл бір ояздың елін болмаса да, соның жартысын түгел қаптаған бір дерт болып келеді. Әркім өзді-өзі болысына айғыр болып жүргенін қанағат қылмай, көрші елдермен, бақасталас, бақ-күндестіктен бе, болмаса араласа отырған соң, бірінің пәлесі біріне жайылған ба, әлде шекара әңгімесі сияқты қыс – қыстау, жаз – жайлаудың дауынан ба, әйтеуір бірнеше болысты түгел қаптаған араздық, алалық келді» [107, 194].

Партия тартысының жұрт ішінің береке-бірлігін кетіріп, бақталас, күндестік туғызып отырғанын, бүкіл бір ояз елге дерт әкеліп отырғанын жазушы нанымды суреттейді. Ал бұл оқиға бұдан бұрын Абай өлеңінде жырланған еді.

Болды да партия, Ел іші жарылды, Әуремін мен тыя

Дауың мен шарыңды, –

делінген. Ел ішін алауыздық жайлап, жұрттың жік-жікке бөлінгенін, солардың арасындағы дау-шарды тыямын деп, өзінің көп әуре болғанын айтады. Партия өткізіліп, елдің ішіне іріткі салғанын көріп, ақын араздық туғызатын себептерге қатты наразылық білдіреді.

Елдің тыныштығын кетіріп, жауластыруға бастап отырған болыстық партия тартысы «Қараш-Қараш» повесінде нақты көрініс тапқан. Тарихи оқиға желісін арқау еткен жазушының аталмыш шығармасында қазақ халқының жылдар бойғы отаршылдық езгіде келген аянышты тағдыры, патша өкіметінің қазақ даласына жүргізіп келген саясаты, өздеріне қолшоқпар ретінде пайдаланып отырған қазақтың болыс-байларының әлсіздерге көрсеткен қорлығы шындықпен суреттелген.

М. Әуезов халық бойындағы осы ішкі бұлқыныстың сыртқа тепкен көрінісін, ашу-ызасын Бақтығұл арқылы көрсеткен. «Жазушы біреуге табынушылықтан ада, еркін, тәуелсіз бүлікшіл бейнені ала отырып, патшалық самодержавиенің отаршылдық саясатына, әлеуметтік әділетсіздік пен жеке бастың қорлануына қарсылық білдірген қазақ халқының өр мінезді, ер ұлдарының

138

бірі – Рысқұл бейнесін әдебиетке әкелді. Ол – қазақ даласында бостандыққа ұмтылған, халықтың ішінен шыққан «бунтарь», өз заманының аясына сыймаған тегеурінді тұлға» [120, 8] Бойын кернеген кек жолында бар өмірін қиюға даяр Бақтығұлды қиындыққа мойымайтын, әділетсіздікке қарсылық көрсете білетін ер мінезді өр тұлға ретінде бейнелейді.

Жазушы Бақтығұлдың мінезіне, іс-әрекетіне қатысты жайларды баяндағанда, үнемі Абайдың толық адам жайлы танымынан тарап жататын үш ұғымның ішінен «Қайрат» сөзін келтіреді. Шығармадағы Бақтығұл образы жайлы академик З. Қабдолов былай дейді: «Оның бар ықыласы Бақтығұл жағында. Бақтығұлдың жүректілігін, тапқырлығын, қайраттылығын, әсіресе оның кек алар кездегі қимылдарын автор іш тарта отырып су-

реттейді» [121, 69].

Абайдың өмір бойы аңсаған, мұрат еткен, поэзиясында ұзын арқаудай созылып жатқан толық адам бейнесіне ақын үш қасиетті белгілейді.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек, – [42, 146].

Бойынан осы үш қасиет табылған адам – Абайша айтқанда, рухани жан-жақты кемелденген адам. Абайдың осы үш танымының ішінен М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасындағы» Бақтығұл мінезіне «қайрат» сөзін қолданады. Мәселен: «Дөң жайлаудың кең белеңін өрмелеп келе жатқанда Бақтығұлдың бойына тың қайрат жиналды» [42, 166].

Абайдың өлеңдеріне назар аударсақ:

«Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!» [42, 123].

Немесе:

«Қайратқа сеніп қақтықпай, Жазасын тауып жауласар» [42, 183].

Немесе:

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [42, 249].

139

Абай 17-қарасөзінде өз ойын ақыл, қайрат, жүрекке жекежеке әрқайсысына тән ерекшеліктеріне лайықты бағасын ғылымның атынан береді. Соның ішінде қайрат туралы былай дейді: «Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды» [42, 453]. Ғылымның атынан айттырғанымен, бұл – Абайдың өз ойы, танымы. Адам баласының ғылымды ерінбейжалықпай оқып ізденуіне, дүниеде адал еңбек етіп өнер, мал табуына көмектесетін «қайраттың» қызметін айтып отыр. Адамды орынсыз нәрсеге үйір қылмай, бойын сақтайтұғын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратұғын ізгілік жолындағы ыстық қайраттың гуманистік астарына мән береді. Абай «қайрат» сөзінің негізгі мағынасын күш-қуат, адал еңбек ұғымы тұрғысынан түсіндіреді.

Абайдың дүниетанымдық ойларын М. Әуезов шығармаларында көркемдік тұрғыдан таратып сабақтай түскені аңғарылады. Жазушының «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін талдау барысында, Абай танымындағы «қайрат» сөзін көркемдік шеберлікпен жиі қолданып отыратыны байқалады. Мәселен: «Бір жылдан бері Бақтығұлды шын қиынға жұмсамай, қысталаң сын үстінде Бақтығұл ер қайратына табылатын адам деп сеніп келгенін сөйледі» [107, 197]. Бұл – Жарасбайдың Бақтығұлды ер қайратына табылатын адам деп сеніп келгенін айтып, барымтаға жұмсап отырған кезінде айтылған сөзі. Бақтығұлдың білекті күшіне, қайсар мінезіне қарап Жарасбай осындай қиын жұмысқа жұмсап отыр.

Жазушы «қайрат» сөзін әр сипатта береді. «Жайын суық қайрат иесі көк долы судан Бақтығұл көзін ала алмай, жартасты жағалап келе жатты» [107, 220]. Биік жартасты жарып таудан ылдиға ағып жатқан суды жазушы «суық қайрат иесі» деп жан бітіріп бейнелейді. Табиғаттың тілсіз жауы долы суды жазушы қатал ызғарлы сипатта танытады. Яғни суық қайрат иесі көк долы судан Бақтығұл рахымсыздықты, қаталдықты көреді. Шапшып долданып аққан асау өзеннің қатты тасқыны Бақтығұлдың атын ағызып әкетеді. Жануардың ағып келе жатқан сәтін жазушы былай суреттейді: «Кейде омырауға соғып жіберген толқын құлатуға айналып еңсеріп кетсе де, көзі шатынап, екі құлағын қайшыландырып, оттай ыстық қайрат жиып, жан айласын істеуден жаңылмайды» [107, 222].

140

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]