Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tarikh_1

.docx
Скачиваний:
113
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
369.68 Кб
Скачать

34-Сұрақ ХIХғ Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді.Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып ,олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды.1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген.

35-Сұрақ Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жертапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті. Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлыныңжасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікіріменсанасу керектігін түсінді.

36-Сұрақ Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батыллығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалай күрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынан танбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір ортамықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган – өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Ресей императоры Кенесары бастаған көтерілісті басу мәселесін ұдайы ерекше бақылауда ұстады. 1843 жылы ол қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды. Ханның басына 3 мың сом мөлшерінде сыйлық жарияланды. Көтерілісшілерге қарсы старшина Лебедев басқарған 300 солдаттан тұратын жазалаушы отряд жіберілді. 1843 жылдың тамыз айында сұлтандар А. Жантөреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екінші әскер жабдықталды. Онымен бір мезгілде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты. Патша үкіметінің әскерлері жергілікті жер жағдайын нашар білді. Оның үстіне, дала сарбаздарына қарсы ұрыс жүргізудің ерекше әдісі қажет еді. Мүның бәрі де патша үкіметі жазалаушы әскерінің сілесін қатырды.Туған өлкенің жер жағдайын жақсы білетін Кенесары жауға қарсы шабуылды одан әрі үдетті. 1844 жылы шілденің 20-сынан 21-іне караған түні Кенесары хан Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында Жантөре сұлтанның әскеріне күйрете соққы берді. Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкіметіне елеулі шығын келтірді. Сондықтан 1845 жылдың ақпан айында Орынбор басшылығы Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшілік жіберуді қажет деп тапты. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты.

37-Сұрақ Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері 19 ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей және т.б рулар қысты Сырдарияның төменгі жағында тек малшы көшпенділер ғана емес, сонымен қатар егіншілікпен айналысатын отырықшы қазақтар да тұрды. Бұлардың көпшілігі кедей жатақтар, олардың негізгі кәсібі суармалы егән шаруашылығы еді. Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери күштерді пайдаланды. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды. Шекті рулары басшыларының бірі Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде данққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түсті. Оның жасақтары Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын корғауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып қала коменденты Бабажанды өлтірді. 1843 ж Жанқожа батырдың жасақтары қуандария бойындағы хиуалықтар тұрызған қамалды талқандады. Ал 1845 ж осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген 2 мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. Осыдан кейін Сырдария қазақтарымен Хиуа билеушілерінің арсындағы күрес күшейе түсті. 1847 жылы Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды егістікпен және пайдалы мал жайылымынан айыру үшін Қуандария өзенін бөгеп тастады, сөйтіп олардың қазақ жеріндегі озбырлығы одан ары қарай жалғасты. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша әскерлерімен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Бұл кезде Жанқожаның әскерінің саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске басқа рулар да, соның ішінде құмды аймақтардағы көшпелілер де қатысты. Нәтижесінде көтерілісшілер саны ең әуелі үш мыңға , ал 1857 жылдың қаңтар айында бес мың адамға жетті. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды. Кө терілістің кеңінен таралуы Орынбор генрал губернаторлығы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Оның құрамында 300- казак-орыс, 320 жаяу әскер, үш зеңбірек және екі ракеталық зеңбірек кірді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек мылтықпен жақсы қаруланған Фитинговтың әскеріне қарсы Жанқожаның ақ туын көтерген көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден алып ығып қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілісшілерді жеңген Фитингоф қазақтарың 212 үйін өртеп 20 мыңнан астам ірі қарасын тартып алып кетті. Жанқожа бастаған көтерілісшілер Сырдарияның оң жағалауына ондағы Хиуа хандығының жеріне өтуге мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшп кетті.жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара, Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтас іздеді бірақ оның бұл саясатынан ештеңе шықпады. Жанқожа бастаған көтеріліс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі –Есет Көтібарұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің шығуының басты себебі Арал теңізінің басты жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз ж/е Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті руына түтін салығы салынуы және жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының күшеюімен байланысты еді. 20ғ 50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы орыстардың отарлауына қарсыбелсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. 1855 ж жазында Көтерілісшілер ме патша әскерлерінің арасында қырғын шайқастар жүрді. 8-шілде күні Есеттің жасақтары күтпеген жерден А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, сұлтанды және он-шақты би старшындарды өлтірді. Аайда оқ дәрісі мол мылтықтармен қаруланған патша әскерлерімен көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды. 1858 ж қыркүйекте Бородин басқарған патша әскерлері Есет батыр бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады. Сөйтіп, патша үкіметінің отарлау саясатына және жергілікті бай шонжарларға қарсы бағытталған кіші жүз қазақтарының Есет батыр бастаған тағы бір көтерілісі сәтсіздікпен аяқталды.

38-Сұрақ ХIХ ғ. 60 – жж. Ортасында қазақ жерлерін Ресей империясының жаулап алуының аяқталуы және оның зардаптары.

Қазақ жерлерін Ресей мемлекетінің жаулап алуының аяқталуы.

1859ж.Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып,Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан поковник Циммерман тобы шабуылдап,1860жылы 26тамызда Тоқмақты ,4қыркүйекте Пішпекті (Қоқанның Жетісудағы тірегі)алды.Қоқан ханы Верный бекінісіне 22мыңдық әскер жіберді(орыстардан он есе көп).Қазақ феодалдары екіге бөлінді:Кенесарының баласы сұлтан Садық тобы Ресейге қарсы шықты;Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.

1860жылғы 19-21қазан-Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді.Ұзынағаш шайқасының маңызы:Жетісудың Қоқан озбырлығынан құтылуына зор ықпал етті. Патша үкіметінің жеңістері: 1863жыл-Ресей құрамына 4мың шаңырақ Қоңырат,5мың шаңырақ Бестаңбалы рулары кірді. 1864жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын,Мерке,Әулиеата,Түркістан бекіністерін алды. 1865жылы шілдеде Ташкентті үш күндік шайқастан кейін алды. 1866жыл Бұқар хандығын орыс әскерлері жаулап,1867жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді. 1868жылғы қаңтар-Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп,Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылады.

1873жыл-Хиуа хандығының жеңілістері Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі XVIIIғасырдың 30жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылды.

Бұл оқиғаның пргресті жағы:

-Шаруашылық,саяси,қоғамдық қатынаста феодалдық-патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.

-Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.

ХІХ ғасырдың басында Ресейде егіндікке жарайтын 140 млн. десятина жер болды. Соның 70 миллионын 30 мың помещик өзара иеленіп алды. Ал, қалған 70 млн. десятина жер ондаған млн. мұжық-шаруаға жетпеді. Мұжықтар бұған наразылық танытып, помещиктерді өлтіріп, бүлік көтеруге дейін барды. Сібір казак әскері 5 млн. десятина, Орал казак әскері – 6 млн. десятина, Жетісу казак әскері – 610 484 десятина жерді бауырына басты. (С. Асфендияров. «История Казахстана», Алматы, 1993, с.187). Ресейлік отарлау ісін зерттеуші маман М.А.Терентьев 1906 жылы жарық көрген еңбегінде, жергілікті халықтың жерін тартып алған казактар оны немқұрайлы пайдаланып, орман-тоғайын жоқ етті де, келесі жақсы жерді тартып алып отырды, дейді. (М.Қойгелдиев. «Алаш қозғалысы», Алматы, 1995, 27-бет) Бұл қазақ жерін отарлаудың бірінші тәсілі. Екінші тәсіл – Ресейдің ішкі өлкелерінен қазақ даласына кедей шаруаларды көптеп қоныстандыру жұмысы қолға алынды. Мемлекет қоныстанушыларға түрлі жеңілдіктер беріп, артықшылықтар жасап отырды. 1906-1912 жылдары 17 млн. десятина жер орыс шаруаларына иелік етуге берілді. Ресей үкіметі шаруаларға агрономиялық көмек деген желеумен 1908-1909 жылдары 550 мың сом қаржы бөліп, қоныстанушылардың орнығып отыруына барлық жағдайды жасады.Отарлық қоныстандыру басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша шенеунігі С.Н.Велецкий «жергілікті түземдіктерге (қазақтар) деген адами жанашырлық болмауы тиіс және аяусыз жаныштап, күш қолдану қажет» деп ашық мәлімдесе, (ҚР. ОМА, 19-қ., 1-т, 41-іс, 21-п.) патшаның құпия кеңесшісі, сыртқы істер министрі болған Нессельрод патшаға жасаған мәлімдемесінде: «Шекаралық шепті ішке қарай жылжыту арқылы егін егетін жердің көлемін барынша ұлғайтуға болады. Ол үшін осы арада көшіп жүрген қазақтарды жоқ қылу қажет» деп ұсыныс жасайды.Қысқасы, кең көсіліп жатқан қазақ даласын заңсыз нормалап, баса көктеп иеленіп алған от­арлаушылар бұрын-соңды болмаған қарқынмен талауға кірісті. Профессор С.П.Швецовтың мәліметіне сүйенсек, жоғарыдағы Щербина экспедициясы 4,4 млн десятина қазақ жерін бөліп алып, орыстарды қоныстандыру қажет деп тапқан. Атап айтқанда, 1870-1905 жылдар аралығында сырттан келетін 169 603 адамға арнап жаңа қоныс даярланса, 1906-1909 жылдары бұл сан 197 232- ге жеткен. Тек Жетісу өңірінде жаңадан пайда болған орыс селолары 1900-шы жылдардың басында-ақ 100-ден асып кеткен. Дала генерал- губернаторы Шмит 1910 жылы орталық үкіметке жолдаған ресми хатында: «Соңғы 16 жылда қазақ жеріне қоныстанған орыстардың саны 15 есе өсті» деп мақтанышпен баяндайды. (М.Қойгелдиев, «Алаш қозғалысы», Алматы, 1995 ж. 45-бет) Жерімізді баса көктеп отарлаудың нәтижесінде, жергілікті қазақ халқының саны күрт азайды1990-шы жылдардың басында Канадада жарық көрген «Әлем қалалары» атты кітапта: «Алматы дейтін қалада 83,5 пайыз орыс ұлты тұрады, қалғаны басқа халықтар» деп жазғанын білеміз.Отарлаушылар ең алдымен отарлап алған жер атауларын өзгертуді қолға алды. Осы мақсатты көздеген «Түркістан ведомствосы» басылымы 1899 жылғы бір санында: «Қазақтардан тартып алынған жерлердің байырғы атауын өзгертіп, орысша ат қою керек. Жергілікті халықтың (қазақтардың) орыстарға сіңісіп кетуіне мұның ықпалы зор» деп жазған екен. (М.Мырзахметов, «Қазақ қалай орыстандырылды», Алматы, 72-бет).Патша ағзам отарланған жерлерге Романовтар династиясына қызмет еткен кінәздер мен отарлауды іске асырған әскери қолбасшылардың есімі берілсін деп тапсырды. Мысалы: Алматы бекінісінің алғашқы аты Омбы генерал-губернаторы Гасфорттың қызы Вераның құрметіне «Верина» деп аталып, 1867 жылы «Верный» деп өзгертілген. Қазақтар Кереку атап кеткен қалашықты, 1861 жылы ген-губ Госфорд ІІ Александр патшаның баласы Павелдің бір жасқа толу құрметіне орай «Павладор» (Павелге сый) деп өзгертті. Апостол Петр мен Павелдің құрметіне орай Қызылжар өңіріне салынған бекініске «Петропавловск» деп ат берді.. Отарлау ісінің бел ортасында жүрген генерал-губернатор Куропаткин жеке күнделігінде: «Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы қазақтардың көтерілісіне себеп болған басты оқиға – майдан шебіне азамат алу емес, жерлерін тартып алғандықтан болды», – деп ашық мойындаған. Өлкетанушы марқұм Баянбай Хұсайынұлы «Есіл өңірі: тарих және тағылым» атты жазбасында: 1916 жылғы көтеріліс кезінде көтерілісшілердің бетін қайтару үшін Ресей үкіметі переселендердің ішінен 32 адамды қаруландырып, қазақтарға қарсы айдап салғаны айтылады. атша үкіметі Ресейдегі жер шиеленісін қазақ жеріне орыс мұжықтарын қоныстандыру арқылы шешті. Олар көшіп келген орыс шаруаларын мемлекеттің әлеуметтік-саяси тірегіне айналдыру арқылы Орта Азияға плацдарм ашты; қазақтың жер байлығын тонап, елді шикізат көзіне айналдырды; орыстардың санын арттыру арқылы жергілікті халықты мәңгүрттендірді; сөйтіп, қазақ елі.Ресейдің түпкілікті отарына айналдыру мақсатын көздеді.Бұл саяси отаршылық көзқарас Кеңес Одағы орнағаннан кейін де толастаған жоқ. 1917 жылы Алаш Автономиясы жарияланғанда құрамында болған Алтай өлкесін 1920 жылы ҚазАССР- дің құрамынан бөліп тастады. Одан кейін де кеңестік отарлаушылар 1924 жылы Орынбор өлкесін, 1929 жылы Қарақалпақ Республикасын Қазақиядан бөліп алып, алғашқысын Ресейге, соңғысын Өзбекстанға қосып берді. 1955 жылдың 12 қарашасында Н.Хрущев қол қойған СОКП ОК Президиумының қаулысымен Бостандық және Мырзашөл аудандары Өзбекстанға өтті. 1965 жылы тағы да Қостанай облысының 1833 гектар аса шұрайлы жерін РСФСР-дің Челябі облысына қосты. Кешікпей Маңғыстау түбегін Түркіменстанға қосуды жос-парлап жатты. Бірақ, бұл қиянат Бас хатшы Хрущевтің тақтан түсіп қалуына байланысты іске аспады.Осылай Кеңес кезінде де қазақ жерін жырымдаудың сан түрлі айла-тәсілі жасалды. Сол замандардан шешілмей қалып, тәуелсіз Қазақстанға мұра боп жеткен шекаралық аймақтардағы жер дауының әсерінен соңғы жылдардың өзінде біршама территориядан айырылдық. Атап айтқанда, 1994 жылдың сәуір айында Қытайға аумағы 946 шаршы шақырымдық жерді бере салдық. 1997 жылы тағы да (Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан) шамамен 530 шаршы шақырым территория Қытайға өтті. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы жерінің бір бөлігін, Түркістан ауылын қосып, Өзбекстанға бердік…

39-Сұрақ ХIХ ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы... 1861ж Орынбор губернаторы қызметін уақытша атқарған генерал А.П.Безак Катениннің саяси бағытын жалғастырып, әскери министр Милютинді Орта Азия хандықтарына қатысты әскери шараны қолдау қажеттігіне сендірді. А.П.Безак Сырд өзені бойымен Ресей шекарасын құрудағы өзінің ұсынысын дәлелдеп, әскери қимыл/дың Орынбор мен Сібір линиясын тез арада қосуға бағытталуын айтты. А.П.Безак тек Түркістанды басып алумен шектелмей, Орынбор мен Сібір линиясын қосатын жер Ташкентті де басып алуды ұсынады. Бұл тапсырма/ды жүзеге асыруды ол Ресей үшін бірнеше пайдамен байланыстырды . Ресейдің Оңт Қаз-ы экспансиясы және де Ақмешітті, Түркістанды, Әулие-Атаны, Шымкентті қорғаушы/ды талқандауы ерекше қатыгезділікпен жүргізілді. Шымкент алынғаннан кейін орыс үкіметінде Орта Азияға қатысты әскери және саяси шара/ бойынша қарама-қайшылық күшейді. Континенттегі халықаралық жағдайдың шиелінісуін ескеріп, А.М.Горчаков Орт Шығ-ы Ресейдің бірдей саяси бағытын жүргізу қажеттігіне сенді. 1864 ж қарашада Сыртқы істер министрлікпен бірігіп патшаға ортаазиялық аймақтағы қимылдардың нақты бағдарламасы көрсетілген, арнайы баяндаманы дайындады. Орт Азиядағы орыс үкіметінің экспансиялық саясатын ақтап, екі министрлік те оның сипатын Ресейге бағынышты территориядағы көшпенді/дің шапқыншылық/ынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «қорғаныс» бағытында көрсетті. Сол уақыттағы баяндамада төмендегі жайт сенімді айтылған: басып алынған аймақта Ресей позициясын күшейту қажеттілігі, алдағы шапқыншылық/дан бас тарту, Орта Азиялық билеушілермен адал қатынасты сақтауға және о/ға орыс/ жағынан «ықпалдастықты» күшейту. 1864ж 21 қарашада екі министрліктің жоспарын патша мақұлдап, Орта Азиялық мәселе бойынша үкіметтік бағдарлама маңызға ие болды. Алайда ақырында Орынбор мен Омбыда жергілікті әкімшілік орган/ әскери топ/ Петербург кабинетінің «үнсіз келісуімен бірнеше рет бұл бағдарламадан бас тартып отырды». Ташкенттің болашақтағы құқықтық мәртебесі жөнінде көпке созылмаған пікір сайыс/дан кейін 1866ж жазда ІІ Александр оны Ресей құрамына қосу туралы ереже шығарды. Бір жылдан соң 1867ж шілде айында қайта құрылған Жетісу мен Сырд облыс/ы кірген орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы заң жариялайды. Оңт Қаз-а Ресейдің мем-к әкімшілік жүйесінің тарауы мен оны үлкен этникалық империя құрамына қосуға дайындалды. Содан бері Қаз-н Ресейдің отарлық шебіне айналды 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі. Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс (1868–1869 жж.) «Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды. Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды. Жа­зала­ушы­лар­дың неғұрлым ұйым­дасқан қимыл­да­ры 1869 жыл­дың көктемінен бас­та­лады. На­урыз айының ба­сын­да Орын­бордан Жем ауда­нына екі жүздік ка­зак от­ря­ды жіберілді. Бірақ да­лада ке­ле жатқан кезінде от­ряд үкіметтің әлі де ре­фор­ма енгізу­ге ба­тылы бар­май отырған Қоб­да және Елек өзен­дерінің бойын­да қимыл жа­сап жүрген «қазақтар қарақшы­лары­ның» ша­бу­ылы­на ұшы­рады. Көтерілісшілердің бұл то­бы біріне Ханғали Арс­ла­нов сұлтан, екіншісіне Ықылас До­сов бас­шы­лық ет­кен екі жа­сақтың біріккен күші болғаны анықтал­ды. Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.) «Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті. Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Граф­тың жос­па­рын­да «елдің ішіне те­реңдей еніп, он­да жергілікті адай­лар өздерінің көшуі үшін қажет болған кез­де ай­на­лып өте ал­май­тын­дай бекіністерді ал­дын ала ба­сып алып», сол арқылы олар­дың шегінетін жо­лына ке­дергі жа­сау, «бағынуға мәжбүр ету» көзделді. Орыс от­рядта­рының алуы үшін қолай­лы бекіністер ретінде Ку­та­исов Маңғыс­та­удың Кин­дері шығанағынан және Үстірт қыра­тының солтүстік бөлігінде, Орын­бор да­ласы­мен «көршілес» жатқан Сағым алқабы­нан жүз шақырым жер­дегі Бе­сақты шатқалын таңдап ал­ды. Граф­тың жос­па­ры сәтсіздікке ұшы­раған жағдай­да Орын­бор өлкесінің ге­нерал-гу­бер­на­торы Н. А. Кры­жановс­кий жергілікті тұрғын­дардың Үстіртке, «бейбіт ауыл­дарға өздерінің шегіне кірер жо­лын жа­уып тас­та­уды ұсын­ды». Қозғалыс же­текшілерінің Хи­уа хан­дығына оның та­рапы­нан сырт­тай қол­да­уды қам­та­масыз ету­ге үміт ар­тып де­лега­ция жібе­руі жергілікті өкімет орын­да­рын тағы да ма­засыз­дандыр­ды. Оның үстіне пат­ша өкіметі оңтүстік ай­мақты ба­сып алған­нан кейін Хи­уаның Ре­сей сияқты құдіретті әске­ри дер­жа­вамен жан­жалға ба­руы екіта­лай бо­латын. 1870 жыл­дың жел­тоқса­нын­да қозғалыс­тың же­текшілері До­сан Тәжи­ев, Ер­жан, Ертімбет Құлов­тар, Иса Тілен­ба­ев және олар­дың көпте­ген серіктері 3 мың шаңырақпен Хи­уа хан­дығының шегіне өтті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]