Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tarikh_1

.docx
Скачиваний:
113
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
369.68 Кб
Скачать
  1. жылғы 21 тамыз – кеншілер еңбегіне үдемелі- кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.

1942 жылғы 24 тамыз – Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндірудің арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады.

Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу.

Қарағанды облысындағы ФЗО желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы 18 мың адам кенші мамандығын алды. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды.

Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді.

Атырау мұнай өңдеу зауытын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастылды.

Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.

Соғыс жылдары салынған қырылыстар. Мақат-Қосшағыл темір жолы , Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі, Пешной аралы Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты, «Комсомол» кәсіпшіілігі т.б.

  1. жылғы қазан –Ақтөбе ферроқорытпа зауытының біріші кезегінің іске қосылатын мерзімі белгіленді.

  2. жылғы ақпан – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қрсылды.

1943 жылғы сәуір – қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылданды.

1944-1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп объектілері.

Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі.

Белоусов байыту фабрикасы.

Атырау мұнай өңдеу зауыты.

1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, шахта салынды.

59-Сұрақ 1946-1964жж. Қазақ КСР – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж). Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшілік-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.Адамның табиғи құқығынан шектеу,ұлттық мүддені ескермеу,мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты.Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКПб Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы *Звезда*және *Ленинград* журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады.Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді. 1948ж *космополитизммен*,яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері - Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев ұлтшылдар ретінде қудаланды.Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев*Едіге батырға*алғысөз жазғаны үшін *ұлтшыл*атанса,М.Әуезов 1945ж жарық көрген *Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі*еңбегінде Абайды *феодалдық ақындар Шортанбай,Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегіні үшін* қудаланды.Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,Мәскеуге қоныс аудару мәжбүр болды.Сонымен қатар 1946ж А.Мәметованың *Абай Құнанбаев*атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып,басылымнан алынды. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады.Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих,археология,этнография институтын,Кеңестік жазушылар Одағын *ұлтшылдардан*тазалау саясаты тоқтатылды.1953ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар ,жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі,Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегіндегі алғашқы пікірлер айтыла бастады.Кезінде ОГПУ,НКВД-ні басқарып,әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді.*Үштіктер*,*Бестіктер*,*Ерекше кеңес* жойылып,ГУЛАГ МҚК-не берілді.Л.П.Берияның қылмыстық іс әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.Бірақ бұл-әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын. 1956ж 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп,талдау жасауға тырысты.Н.С.Хрущевтың XX сьездегі *Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерлеу*туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989ж жарық көрді. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстаға берілді.Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды.Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арсында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,бүркемеледі.Осылайша Теміртаудағы толқу-тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.1963ж Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып *Жас тұлпар*атты ұйым құрды.Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Н.С.Хрущев мемлекеттің *коммунизмге өтуіне байланысты* жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін,1961ж Конституциялық комиссия құрылды. Конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады.ҚазКСР Жоғары Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Конституция тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокуратура органдары да орталыққа бағынды.Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді.Дауыс беру тек іс жүзінде жүргізілді.Депутатарды халық таңдамады,жергілікті әкімшілік органдар*тағайындады*.Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды. Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964ж қазан айында аяқталды.КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланса,ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланды.

Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшілік әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды.40-50 жылдары әміршіл әкімшіл жүйе нығая түсті.

Адамның бостандығын аяққа басу,адам құқығын елемеу.

Еңбекшілерді өндіріс құралдарынан ажырату.

Еңбекшілерді саясаттану мен мемлекеттік басқарудан шеттету.

Жеке басқа табыну үстемдігі.

Бұл жүйенің жетекші күші болған Коммунистік партия органдарының қоғам өмірінің барлық салаларына басшылық етуі партияның жетекшілік рөлі деп қабылданды.

40-50 жылдардың басы сталинизм идеологиясы шырқау шегіне жетті. Социализм құру ісінің аяқталуына байланысты коммунистік қоғам құруға көшу басталады деген қағида.

1946 жылғы наурыз Жоспарлау Комитетінің төрағасы Н.А. Вознесенский 4-бесжылдық жоспарды жасауда қағиданы жетекші партиялық бағыт деп жариялады.

Күнделікті ақпарат құралдары 20 жылдық мерзімде кеңес халқыт коммунизмнің көкжиегін көреді дегенді насихаттаумен болды.Коммунизмге өту проблемасы

-Ғылымға жат,тұрпайы пікірлермен алмастырылады.

-Өнеркәсіптің кейбір салаларында белгілі сандық көрсеткіштерге жету негізге алынды.

Социализм дамыған сайын тап күресі күшейе түседі,деген сталиндік қағида идеологиялық шиеліністерді асқындыруға негіз болды.20-30 жылдарда басталған саяси қуғын соғыстан кейін де жалғастырылып, халық жауларына,социализм жауларына қарсы күрес үздіксіз жүргізілді.

Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді.Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына,Батыс және Шығыс Сібіргет орналастырылды.КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша,күштеп жер аударылғандар саны-2млн.463940.Қазақ халқы сталиндік зорлық зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

40-жылдардың екінші жартысы-50жылдардың басы кеңес адамдарының басым көпшілігі үшін ауыр кезең. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері сол жылдарды алтын ғасыр деп атайды.

1947жылғы желтоқсан ткарточка жүйесі және еңбекшілерді азық түлік, өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз ету жойылды.

1947 дыл ақша реформасы жүргізілді.

Негізгі өнімдердің,нан және наннан жасалған өнімдердің,еттің өнеркәсіп өнімінің бағасы арзандады.

Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағасы төмендеді.

Баға 3рет арзандатылып,далақы қсірілді.

Карточка жүйесін жоюдың алдында азық түлік бағасы қымбаттатылды.Бағаның жалпы деңгейі 3есе жоғары болып, бағаның кейін төмендеуіне мүмкіндік берді.Жұмысшылар мен қызметкерлердің айлық жалақысы 1,5есе ғана өсіп,64сом болды.Колхозшылардың айлық жалақысы-16,4сом.Еңбекшілердің тауарларды сатып алу мүмкіндігі төмен болып қала берді.

Еңбекшілер ерікті түрде бір айлық жалақы көлемінде мемлекеттік заем алуға міндеттелді.

Арзандату саясатының ауыл есебінен жүргізілгендігін анықтайтын белгілер;

  • Колхозшы жалақысы жұмысшы мен қызметкер жалақысынан 4есе кем.

  • Колхозшыларға уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін ақы және зейнет ақы төленбеді.

  • Ауылшаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды.

  • Нан,ет,сүт өнімдері жетіспеді,аштық зардаптары байқалды.

60-Сұрақ Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономиялық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады.Осыған байланысты 1954ж 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов,2-хатшы Л.И.Афонов босатылып,олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды.Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап,үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды. Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды.Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан,тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса,1955ж соңына қарай олардың саны 631-ге жетті.Ал 1958ж ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға,МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады.Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640мың адам көшіріліп әкеленіп,Қазақстанда 18млн га.тың жер,немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп,республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті.Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып,Ленин орденімен марапатталды.Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті.Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады. Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX сьезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет-астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.Осыған сай 60-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25млн гектар,а жетті.Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60өжырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын,осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса,1961-1964ж-6,1ц.,ал 1964ж-3,1ц.ғана астық алынды.Осы кезден бастап еліміз АҚШ,Канада,Франциядан астық сатып алуға кіріседі. Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ,астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1ц.өсірсе,бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,-деген пікірде.Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демокрафиялық жағдайы одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де,Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,ал біздің республикамызда керісінше,өсіп отырған болатын.Осы ерекшеліктер ескерілмей,онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді.Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы 1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158 мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді. Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз,1966ж.мамыр пленумдарында ашылып,оларды жоюдың шаралары белгіленді.Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау,жоспарларды жақсарту,колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,еңбектің моральдық және материалдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.1966-1970ж республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5млрд сом қаржы бөлінді.Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп,Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды.Мемлекеттік өорға республикадан әрбір 4- тонна жүн,12- тонна ет және 5- тонна астық түсті. Азық тулік тапшылығын шешу,астық өндіруді арттыру мақсатында тыңжәне тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.Тың жерлер игерілген аймақтар:Қазақстан,Сібір,Урал,Солтүстік кавказ,Еділ бойы.1954-1955 жылдары млрд 100 млн 1млрд 200 млн пұт астық алу белгіленді.Қазақстандағы тың жерлерді игерген аудандар:Қостанай,Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Торғай,Павлодар облыстары.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд сом жұмсалды.1954-1962 жылдары республикаға 2 млн-ға жуық тыңгерлер көшіп келді.1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі:

-КСРО-да-13.4 млн га

-Қазақстанда-6,5 млн га

Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар,ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушылары келді.1954 жылы 20 мыңнан астам адам келді.Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды.1954жылы Қазақстан тыңында 120-дан астам совхоз құрылды.1954 жыл тың жер астықтың жарпы түсімінің 40% берді.Тың игеру жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.Алайда табысқа алғашқы жылдары ғана қол жеткізді.Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді.Жайылымдармен жем,шөп дайындайтын жерлер тарылды.Топырақ эрозиясы күшейіп,жердің құнарлы қабаты желге ұшты.Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Тың жерлерді игеру саясатының жағымды құбылыстары:Қазақстан КСРО ның негізгі астықты аймағына айналды,көп ұлтты республика болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолддар мен елді мекендер көбейді.Жағымсыз құбылыстары:экологиялық жағдай ауырлады,мал шаруашылығы төмендеді,жер,су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.

61-Сұрақтар 1965-1985 жылдардағы Қазақ КСР-нің әлеуметтік- эканомикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.

1965-1985 ж.зуспубликаның өнеркәсібі өсті. Оны дамыту үшін 40 млрд. Қаржы жұмсалды. Химия,мұнай саласы 3 есе,машина жасау 5 есе өсті. 70-80- ж.Қаз-да шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп,орындар болды. Тауарлардың 60 пайызға жуық Қаз-ға басқа республикалардан әкелінді. Қаз-нан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1млрд.700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Қаз-ғы өнеркәсіптердің 50 пайызға дейін орталықтағы министірліктерге бағынды. Одақтық министірліктер Қаз-ның әлеуметтік дамуына,ұлттық кадрлары дайындауға көңіл бөлмеді. 70 ж-дан бастап экономика,мәдени-саяси өмірде тоқырау құбылыстары белең алды. 1965-1985 жж Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы,дағдарыс құбылысы. КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді. 60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.

62-Сұрақтар Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).

Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде (1985-1991 жж.). 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылдады.Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде ғана болды.Іс жүзінде ол Кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті.Оны Қазақстанның партия,кеңес органдары қызметінен байқауға болады. Тоқырау жылдарында одақтың барлық ауқымында ,оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық,парақорлық,рушылдық,жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.Бұл жылдары ұлт саясатында,әлеуметтік экономикалық және кадр мәселесінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кеің өріс алды. Михаил Горбачевтың реформаларына байланысты демократияландыру қадамдары кезінде қазақ қоғамында тәуелсіздік идеясы қайта жанданды. Айта кету керек, Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның өз уыстарынан біртіндеп шығып бара жатқанын түсінген Мәскеу басшылары Ю.Андропов, одан кейін М.Горбачев бұл республикаларға қарсы науқан ашу, олардағы саяси элитаны жаппай ауыстыру арқылы Орталықтың бақылауын қайта қалпына келтіруге тырысты. Ал осындай кезде мәскеулік орталықтың республикамызға бірінші басшыны тағы да сырттан әкеліп таңуы - отқа май тамызғандай болып шықты. Тұмшаланып ұсталған өткір проблемалардың жиынтығы уақыты келгенде еріксіз сыртқа атқылады. Желтоқсандықтардың империялық Орталықтың алдына қойған негізгі мәселесі саяси талаптар болды. Ол шеруге шыққандардың көтерген транспаранттарынан анық байқалды: «Ешқандай ұлтқа артықшылық болмасын!», «Ұлт саясатында Лениндік принциптерді сыйлауды талап етеміз!», «Қазақстан жасасын!». Басқаша айтқанда, қозғалыс әлеуметтік талаптар ауқымынан шығып, айқын саяси сипат алды. Бұл 1917 жылы алаш автономиясы туын көтерген қайраткерлерден кейін, біраз уақыт салып ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік мәселесінің қайта көтеріліп, ашық түрде қойылуы еді. Бұл бір қалалық немесе аймақтық құбылыс емес, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала - Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ, желтоқсанның 17-25 күндеріндегі Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы толқуларға 30 мыңдай адам қатысқан. Қазақстандағы наразылықтың кең ауқым алуынан үрейленген империялық Орталық оны күшпен басу жолына түсті. Алматыға арнайы даярланған әскер күштерін әкелді. Бұған да қанағаттанбай, шерушілерге қарсы мыңдаған дружинниктердің қолына темірден жасалған сойылдар берді. Қарулы әскер мен дружинниктердің қолынан ондаған қазақ жастары қаза тапты. Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және басқа да ұл-қыздарымыз халқымыздың жадында мәңгілік орын алатыны сөзсіз. Көтерілісті аса қатыгездікпен басып-жаншу әлем жұртшылығының ашу-ызасын тудырып, көптеген елдерде «желтоқсандықтарға» қолдау қозғалысы өрістеді. Қазақ халқы Желтоқсанның ызғарлы бір-екі күні ішінде саяси тәрбиенің үлкен мектебінен өтті, ұлттық сана-сезімін шырқау шыңға жеткізді. Қазақ жастарының ерлігі әлем жұртшылығына аян болып, ұлттық рухты биікке асқақтатты. Желтоқсан көтерілісінен көп ұзамай, қол жеткізген тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан ғасырларға бергісіз жолды еңсеріп, әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, абыройлы, айбынды елге айналды. Бұл - аңсаған азаттықты көре алмай кеткен ата-бабаларымызға, желтоқсан құрбандарына қойылған басты ескерткіш.

63-Сұрақтар 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [1] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Тарихи маңызы: Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]