Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tarikh_1

.docx
Скачиваний:
113
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
369.68 Кб
Скачать

а) генотиптік діндер жүйесі;

ә) сырттан қабылданған, «кірме» діни жүйелер;

б) ислам.рып жүйесін қалыптастырды. Бұл сипатта діннің ритуалдық қызметінің маңызы зор.

71-Сұрақ Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Бұл аймақ әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық (көпшілігі несториандық пен яковшілер), буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен таралды. Ислам мәдениеттің дамуына айтарлықтай әсер етті. Орат Азияда ислам ілімі игі істердің жүзеге асуы арқылы нығая түсті. Аймақтың тұрғындары мұсылман қауымының ажырамас бөлшегіне айналды. Ислам құндылықтарының орнығуы халықтың әлемдік діннің гуамнисттік дәстүрлерін қабылдауына өз ықпалын тигізді. Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды. Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты. Әмір Темірдің Ясауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV ғғ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынды, қазіргі таңда бұл тарихи жәдігер тек Қазақстандағы ірі мұсылмандық сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады. XIII-XIV ғғ. Исламның таралу ерекшеліктері. XIII ғасырда Орталық Азия мен Қазақстан жерлеріне бағытталған монғол шапқыншылықтары мен олардың дәстүрлі діни сенімдерін ұстанатын тайпаларының (монғол және түркі) қоныстана бастауы салдарынан исламның таралуы біраз уақытқа дейін бәсеңдеді. Осы шапқыншылықтар кезінде көптеген қалалар жойылды, ғылым мен мәдениет орталықтары тоналды, мешіт пен медреселер қиратылды. Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттыққа ауқымды зиян келтірілді. Алайда, уақыт өте келе қайта өркендеу басталды. Монғол басқыншылары мен ел билеушілері ислам діні мен түркі тілін қабылдай бастайды. Бұл жағдай ортағасырларда ислам дінінің көшпелі дала өңіріне қайта таралуына кең ықпал етіп, басқа да бұқара халық топтарын өзіне тартуға мүмкіндік берді. Монғол билеушілері өздерінің діни сенімдерін мұсылмандарға күштемей, діни төзімділік танытты. Алтын Орданың ханы Берке (1255-1266) және басқа да хандардың (Өзбек, Түдеменгү) мұсылмандықты қабылдауымен исламның орны нығая түсті. Мысалға, Өзбек хан тұсында (1312-1342 жж.) Алтын орданың астанасында 13 мешіт қызмет етіп, ханның өзі күніне 5 рет намаз оқыған. Дін әртүрлі тайпаларды біріктіруші құралдың біріне айналды. Көшпенділер арасына исламды мақсатты түрде тарату басталды. Дін уағызшылары далалы өңірге Орталық Азиядан, Еділ өңірлері мен мұсылман әлемінің басқа да аудандарынан ағыла бастады. Миссионерлер арасында суфийлік бағыттың өкілдері де аз болмады. Сопылықтың нақышбандия мен ясауия тариқаттары билік пен қоғамдық санаға айтарлықтай ықпал еткен, сол себепті билік өкілдері сопылық тариқаттардың жетекшілерімен санасып отырған. Сонымен қатар, сопылар мешіттер мен медреселерді өз иелігінде ұстап, барлық діни рәсімдерге қатысып отырған. Монғол шапқыншылығы кезеңінен соң қазіргі Қазақстан жерінде пайда болған мемлекеттерде (Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан) исламдану үдерісі әртүрлі өтіп жатты. Қарапайым халық арасында ескі сенімдердің (тәңіршілдік, шаманизм) қалдықтары сақталып қалды. Ислам XV ғасырда Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының ресми идеологиясы болыпжарияланды. Ислам діні жоғарғы хандық биліктің нығайуы мен түрлі қазақ тайпаларының бір этникалық қауымға біргіуне ықпал еткен идеологиялық факторлардың бірі болды. Қазақ хандығының халқы исламның сүнниттік бағытының ханафи мазхабын ұстанды, алайда қоғамдық және жеке өмірде исламның тәңіршілдік пен шаманизмнің элементтерімен өзіне тән синтезі пайда болды.

72-Сұрақ .Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2014 жж). Қазақстан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Қ. Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шара/ын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күш/ді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін құрылған «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды. 2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсат/ы: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау. Қазіргі кездегі ШЫҰ мүшелері: Қ, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы статусына ие елдер: Монғолия (2004 жылдан бастап), Үндістан, Иран және Пәкістан (2005 жылдан бастап). 2009 жылы маусымда Екатеринбургте өткен саммиттте қабылданған шешім бойынша Белоруссия мен Шри-Ланка сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған әскери блок емес және жабық альянс та емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсат/ы: өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық мен қауіпсіздікті қолдау, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.ШЫҰ жоғары органы ШЫҰ-ға мүше мемлекет/дің мемлекет басшы/ының кеңесі болып табылады. Кеңес басымдылық/*ды белгілеп, Ұйым қызметінің негізгі бағыт/ын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеу негізгі мәселе/ін шешеді, басқа мемлекет/мен және халықаралық ұйым/мен қарым-қатынасын реттейді, сонымен қатар халықаралық өзекті мәселе/ді қарастырады. Кеңес жылына бір рет жиналады. Мемлекет басшы/ының кеңесін ұйымдастырған мемлекет басшысы мемлекет басшы/ының кеңесінің отырысында төрағалық етеді. Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының өтетін жері, әдетте ШЫҰ-ға мүше мемлекет/дің мемлекет атау/ының орыс алфавитінің ретіне сәйкес белгіленеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекет/дің Үкімет басшы/ының кеңесі (премьер-министрлер) Ұйым шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мәсел/ін қарайды және шешеді, Ұйым бюджетін қабылдайды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министр/інің кеңесі Ұйымының ағымдағы қызметінің, мемлекет басшы/ының кеңесінің отырысына дайындық, халықаралық проблема/ бойынша Ұйым шеңберінде консультациялар өткізу мәселелерін қарайды. Қажет жағдайда Кеңес ШЫҰ атынан мәлімдеме жасай алады.ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесі өзара ықпалдастықтың нақты салаларындағы ынтымақтастық мәселлерін қарайды. Сыртқы экономикалық және сауда қызметі, көлік, білім беру, мәдениет, қорғаныс және төтенше жағдайларға жауапты министрлер жүйелері бойынша үйлестіру тетіктері жұмыс істейді. Ұйымға төрағалық 1 жылдық кезең ішінде жүзеге асырылады, кезекті саммит аяқталғаннан кейін басталып, төрағалық етуші мемлекеттің аумағында ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кезекті отырысын өткізумен аяқталады. 2010 жылы 10-11 маусымдағы Ташкентте өткен саммитке дейін Ұйымға Өзбекстан төрағалық етті. 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін ШЫҰ-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді. 2011 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы онжылдығының Астана декларациясы. ШЫҰ-ның бас хатшысы -Мұратбек Иманалиев.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланыстыОрталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.

73-Сұрақ Н.Ә. Назарбаев –тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы және ұлт көшбасшысы Қазіргі әлемдегі мемлекеттер арасында да, және олардың ішінде де қалыптасқан қарым-қатынас орнатылғандай болып, түбегейлі қайта қаралуға ұшыраған ахуалмен қақтығысты, бұл өсіп бара жатқан тұрақсыздыққа және жалпы болашақ әлемнің айтарлықтай айқын көмескі келешегіне әкеп соқтырды. Ешнәрсе, әсіресе жаһандық ауқымда болып жатқан үрдістер маңызды себептерсіз жүзеге аспайды. Және де бүгінгі күні ұлттық даму проблемасы, этносаралық қарым-қатынас мәселелері, дін мәселесі өте өзекті болса, адамзатқа ұдайы өзінің белгілі бір даму сатысында бұрын-соңды шешілген проблемаларды қайта шешуге тура келетінін белгілейді.  

Бір жақтан, таңданатын еш нәрсе жоқ: жаңа халықаралық контекст, жаңа қауіп пен қатерлер немесе діни конфигурация – бұның барлығы жаңа әдіс-тәсілді қажет етеді. Алайда, екінші жақтан, тарихтың ілгері қарыштайтын қадамы кейбір проблемаларды айтарлықтай анықтықпен шешуі тиіс, және де жаңа міндеттер пайда болған кезде тарихи тәжірибеге сүйенуге болар еді. Өткеннің тәжірибесі құнды да өзекті, алайда оны қолдану саласы үлкен емес, себебі қазіргі кездегі реалийлер кешенділігімен, ғаламдығымен және тереңдігімен ерекшеленеді.   

Бұл этносаралық және дінаралық қатынастың саласындағы проблемаларға толық байланысты екенін атап өту керек. Бұл ретте, осы проблемалардың халықаралық, және де ел ішіндегі деңгейі туралы сөз қозғауға болады. Жаһанданудың өлшемдері көп, соның ішінде бұрын-соңды байқалмаған көші-қон көлемі, бір-бірімен өркениетті қабылдамау және де бір уақытта жақындасу, дін алаңының кеңеюі және де оның қоғамдық мәртебесінің төмендеуі және т.б. Заманауи уақыттың феномендерінде этностар мен діндер арасындағы қатынастар бар, ал кейде басым да болады.  

Мемлекеттер діни бірлестіктермен – зайырлыдан теократиялық қатынас түріне қарамастан, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты құруға мәжбүр болады, бұл жерде мемлекеттік органдар діндердің мемлекет үстіндегі сипатына барып тірелетін, әдетте, қиыншылыққа душар болады. Діндер халықаралық өмірдің елеулі факторына айналып, мемлекеттік шекараның сыртынан әрекет етеді. Этностық әр түрлілік пен этносаралық қатынасқа қатысты осындай сәйкес жағдай қалыптасқан. Бір елде басым болған этнос, басқа елде этностық азшылық қатарында болуы ықтимал. Көп этностық мемлекеттер үшін кейде этносаралық келісімді сақтау жіті мәселеге айналуы мүмкін.   

Қазіргі заманның айтарлықтай барша жанжал-шиеленістің негізінде ұлттық немесе дін факторлары жатыр, деп белгілейді зерттеушілер. Дін еркіндігі қазіргі әлемнің құқықтары мен бостандықтары арасында басымдылықты алды және де қазіргі уақытта айқындаушы болмаса да, маңызды деңгейге жетті. Олардың артып келе жатқан рөлімен дамушы мемлекеттер де, экономикасы дамыған және тұрақталған демократиялық саяси жүйелері мен институттары бар мемлекеттер де түйіседі.

Әлем қоғамдастығы, сарапшылар мен талдаушылар конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынас саласындағы проблемалардың нысаны мен оларды шешу тәсілдеріне зер салып қадағалайды, оған түрлі елдердің басшылары мен үкіметі сүйенеді, жалпы алғанда қоғамдық құрылымдар мен азаматтық қоғамдардың тәжірибесін жинақтайды. Сол себептен дінаралық және этносаралық қарым-қатынасты құрудағы оң тәжірибе мен жаңашыл табыстарға жете көңіл бөлінеді.   

Қазақстан Республикасы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты сәтті құра алатынын, этносаралық келісімді қолдап, дамыту және сонымен қатар мемлекеттік құрылыстың проблемаларын шеше алатынын бүкіл әлемге көрсете алды, бұның барлығы жаһандану процестерінің тереңдеген және әлемдегі жалпы тұрақсыздықтың үдей түскен, қауіп және қатердің ескісі қайта көрініп, жаңаның қалыптасқан кезінде көрініс тапты. Әрине, әлемде осы проблемалардың шешілуінің өзге де оң мысалдары бар, алайда Қазақстан халқының көп этностық және көп конфессиялық құрамына, еуразиялық географиялық және геосаяси жағдайына, бірқатар әлемдік және өңірлік державалардың келіспейтін және тіпті қарама-қайшы келетін ұлттық мүдделерінің қатты қысымының зарын тартатын жағдайға, әлемдік қаржы жүйесінің негізін тітіреткен, жаһандық экономикалық дағдарысқа келетін болсақ, Қазақстан Республикасы халық пен басшылықтың табандылығын, күші мен даналығын паш етеді.   

Осы жайтты мемлекет көшбасшылары, халықаралық шенеуніктер, сарапшылар мен түрлі елдердің қарапайым халқы айқын көріп отыр. Сол себептен, Қазақстанмен өткізілетін ірі форумдар бастамашылығына белсенді үн қосады, мысалға Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі (2003, 2006, 2009 жж.) немесе сыртқы істер министрлерінің деңгейінде өтетін «Общий мир: прогресс через разнообразие» атты халықаралық форум (2008 ж.). Қазақстан Республикасының бастамашыл етуімен БҰҮ Бас Ассамблеясының 62-сессиясы барысында 2010 жылды «Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы» деп атау туралы қарар қабылданды. Сонымен қатар, АӨСШК, ШЫҰ, ЕЭҚ, Ислам Конференциясы Ұйымы қызметінде Қазақстанның атқаратын рөлі зор екені мәлім.

Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық келісімді қолдап, дамытуда, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде және халықаралық аренада әрекет етуші бастамаларды ортаға салудағы табыстылығы, 2010 жылы әлемдік қоғамдастықпен  ЕҚЫҰ төрағалық ету ұсынылғанына және 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымында төрағалық етуіне әкелді.

Елдің табыстылығы әрқашанда оның Президентімен байланысты болады, кейде ол толықтай оның еңбегінің арқасында іске асырылады. Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтардың көңілінен түсіп қана қоймай, мемлекет көшбасшыларының және де заманауи әлемнің түрлі елдерінің қарапайым адамдарың құрметіне бөленді. Ел басқарумен байланысты оның күнделікті жұмысы стратегиялық мақсаттарды, тұжырымдамалар мен Қазақстанды дамыту бағдарламаларын әзірлеумен айрықша табыстылықпен үйлеседі.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев этносаралық және конфессияаралық тыныштық пен келісімді қолдамаған жағдайда, келісім сақталмайтына, Қазақстан Республикасында ішкі саясат тұрақтылығын сақтау міндеттеріне әрдайым көңіл аударады. Сол себептен Қазақстанда ұлттық бірлік пен діни бейбітшілікті сақтау міндеттері Қазақстан Президенті үшін басымды міндет болып табылады. Өзінің зерттеулерінде, кітаптарында, Қазақстан халқына Жолдауларында, Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларында, әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезінде сөйлеген сөздерінде, мақалаларда, сұхбаттарында Н.Ә. Назарбаев этносаралық және конфессияаралық келісім тақырыбына, рухани келісімді бекітудің өзекті проблемаларына тұрақты түрде оралып, Қазақстан Республикасының үкіметі, жергілікті мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар, жастар ұйымы үшін түйінді болып табылатын осы мәселелерді қолдау қажеттілігінде зейін аударады.

Қазақстандық және әлем жұртшылығының назарына ұсынып отырған кітапта құрастырушылар түрлі деңгейлер мен маңыздағы материалдарды жинады. Оларды Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынас тақырыбы біріктіреді, және де Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы қазақстандық қоғамда тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі және этносаралық пен конфессияаралық келісімнің қазақ моделінің негізін салушысы екені күмәнсіз.   

74-Сұрақ Қ.И. Сәтбаев-көрнекті ғылым және ғылымды ұйымдастырушы

Қаныш Сәтбаевтың ғылыми зерттеулері негізгі геология, тарих және мәдениет сияқты салаларды қамтиды. Геология саласында Сәтбаев көрікті еңбегінің бірі, ол И. С. Яговкин, В. К. Котульский, А. А. Гапеев және тағы басқалар сияқты ірі мамандар қатарымен келіспеуіне қарамастан, Жезқазған ауданында зерттеуді жалғастырды және 1930 жылы Ұлытау-Жезқазған мыс рудасы қазбасын ашты, осы ашылу сәтіне дейінгі болжамдалатын қор бойынша әлемдегі ең ірі болып табылатын. Сонымен бірге Сәтбаев еңбектеріне, оның тапсырмасы бойынша және оның басқаруы бойынша 40-шы жылдары Қазақстанда Жездіде марганец кеңі қазбасы ашылды және жетілдірілді, Ұлы Отан соғысы жылдарында Совет Одағына Грузиядағы украин Никополь және Чиатурск қазбаларын жоғалтқанына қарамастан, бронды болатты шығаруды жалғастыруға мүмкіндік беру жатады. Соғыс жылдары КСРО-ның марганец кеңі 70,9 пайызы белгілі кең орында алынды. 1950-ы Сәтбаевпен жасалған «Комплексный метод формационного металлогенического анализа и прогноза месторождений» дәлдігі бойынша мемлекетте ең жақсы болды, және КСРО-да комплексті металлогенді зерттеу үшін негіз болып қызмет етті. 1935 жылы Жезқазған облысын зерттей отырып, Қаныш Сәтбаев қазақ даласына жорыққа шығу уақытында, 1391 жылы Тамерланмен қалтырылған жазбасы бар тасты тапты. 1936 жылдың күзінде осы тас Эрмитажға жіберілді. 1919 жылдан 1924 жылға дейінгі кезеңде Қаныш Сәтбаев 1642 беттен тұратын алгебрадан оқулық жазды. Осы еңбек қазақ тіліндегі алгебрадан алғашқы мектеп оқулығы болып тарихке кірді. Сәтбаев өзінің өмірінде 640 ғылыми жұмыстан астам жұмыс жазды.

75-Сұрақ Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарихы Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – еліміздегі алдыңғы қатарлы Жоғары оқу орны болып саналады. Оның құрылуы мен дамуы тарихын бес кезеңге бөліп қарастыруымызға болады: Университет 1934-1960- жылдары Тау-кен-Металлургия институты болып құрылды.

Университет 1960-1994- жылдары Қазақ Политехникалық Институты болып аталды.

1994- жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие болды.

1999- жылы Университетке инженерлік – техникалық мамандарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың аты берілді. 2001-жылы 5 шілдеде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың жарлығымен университетке ерекше мəртебе берілді.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетті тарихы Қазақстандағы инженерлік білім берудің бастауы ғана емес, мемлекетіміздің мәдени тарихымен астасып жатқандығын көрсетеді.

ХХ-ғасырдың 30-жылдарында ауылшаруашылықта тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәселесі алда тұрды.

1933-жылдың 20-қазанында СССР дағы Халық Кеңесі Комиссарлар «Қазақстанға кадрлар даярлау» Қаулысымен Тау-кен-Металлургия институты мен оның екі Қазақстандағы Тау және Түсті металл факультеттері Алматы қаласынан ашылды.

1934-жылдың 19- қыркүйегінде Қазақ Тау-кен-Металлургия институтында тұңғыш оқу жылының қоңырауы соғылды.

Тарихта Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетті тарихы техникалық жоғары білім жүйесінің бастауы ғана емес, қазақ мәдениетінен де өзіндік орын алады.

Қазіргі кезде Университет құрамына 8 салалық институт, қашықтықтан білім беру институты жəне əскери-істер институты, Excellence PolyTech жоғарғы оқу орнынан кейнгі білім институты кіреді.

76-Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- ту, елтаңба, әнұран

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]