Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tarikh_1

.docx
Скачиваний:
113
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
369.68 Кб
Скачать

2- жауап

19-Сұрақ .Моғолстан мемлекеті ХIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке – батыс және шығыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мауереннахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекті орнады. Моғолстан мемлекеті алғаш құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі – Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына көнетін әлі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды. Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның жерлері кірді. Мемлекеттің шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатыр. Сонымен ХIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Орталығы – Алмалық қаласы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізіг қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы – Тоғылық-Темір хан (1340-1362жж.). Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, баириндер, арлаттар, барластар және т.б. Моғолстаннның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттыра түсу үшін ислам дінін қабылдаған. Және ислам дінін халық арасында насихаттаған. Ол Мәуеренахрда Шағатай әулетінің билігін қалпына келтірмекші болып, Мәуеренахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. 1358 жылы ол астыртын кісі жіберіп Қазағанды өлтірді. Бір жылдан соң үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше иеліктерге бөлініп кетті. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, ХVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Тоғылық-Темір қзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққын Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-161 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мәуереннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір қаза болады. Өзінің мұрагерлік құқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелділікті амалсыздан мойындап жүрген Әмір Темір енді Мәуереннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс-Қожа ханнның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші "Батпақ шайқасы" болады. Жазба деректерге қарағанда, кескілескен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси-феодалдық бытыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық тартыстың құрбаны болады. Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салды. ХIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көрсетпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта – 1375-1377 жылдары Оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, Жетісудың Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен аттанған. Сонымен Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 ж) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416жж.) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен Ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбектің пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен Есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулетімен Әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталды. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абд ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.

20-Сұрақ .Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)ХV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеәіп шығып, 1428 жылы хан сайланады. Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ұлысы Орал тауының бөкутеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерінің бойында, Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған. Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтеріледі. Тарихи жазба деректерде бұл жаңа құрылған хандықтың аты "Өзбек ұлысы", "Өзбек хандығы" немесе "Шайбани ұлысы", "Әбілқайыр ұлысы" деп аталады. Әбілқайыр хандығы батысында – Жайық (Орал), шығысында – Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде – Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Хандықтың алғашқы кездегі халқының құрамы Батый ханның Шайбани ханға найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын қосып беруінен түркі тілдес болғандығы байқалады. Сондай-ақ Әбілқайырды хан сайлағанда жиырмадан астам тайпалардың өкілдері қатысқан. Олардың ішінде атақты қият, маңғыт, өкіреш, найман, үйсін,қоңырат сияқты басқа да көптеген түркі тілдес тайпалар болған. Ал "Тоқсан екі баулы өзбек" деген шежіреге қарағанда, Өзбек ұлысы немесе Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуы бойынша, бұл хандық негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар еді дейді. Әбілқайырды көптеген ру-тайпалардың өкілдері қолдап, хан сайлағанмен, оның құрған хандығының ішінде әлі де болса жер үшін, ел үшін, билік үшін талас-тартыс күшейіп тұрды. Сондықтан ол алдымен өзінің қарсыластары Махмұд-Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп өзіне қаратады. ХV ғасырдың 40-жылдарында Балқаш өңірінің терісік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігерін жұмсаған жер Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандары – Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған. Бұл аймақта Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандардың биліктері берік болған еді. Сұлтандарды Тоқа-Темір тұқымдары да қолдап отырған. Сондықтан Әбілқайыр хан бұларға қарсы жорыққа көп әскери күш жинап, жақсы дайындалған. Оның әскерінің құрамына он бестен астам ірі ру-тайпалардың әмірлері қосылған. Олардың ішінде қоңырат, ұйғыр, үйсін, өкіреш наймандардың көргнекті өкілдері болған. 1431 жылы Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді. Хан көптеген дүние-мүлік олжалайды. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда-базарды бағындырып, оны өзінің орталығы етеді. Оған дейін астана Тура қаласында болған. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді. Бұл жеңістен кейін Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент сияқты экономикалық жағынан маңызды қалаларды басып алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын өзінің орталығы етеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы – саудаға ыңғайлы жер болған.Әбілқайыр ханның бұдан кейінгі алдына қойған мақсаты Орта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісу а ймағындағы Моғол хандығының жеріне шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске асырыла бастадйы. Алайда Әбілқайыр хандық құрған кезде оның халқының арасында әлеуметтік-экономикалық теңсіздік шиеленісе түсті. Хандық біртіндеп әлсірей бастады. Әбілқайыр 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап, Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады. Өзі күмәнданған щонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады. Өзіне бағынбай, Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы ойымен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылады.

21-Сұрақ .ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан экономикасы мен мәдениеті ХIV-ХV ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың өмірінде бір хандықтар тарап, екінші хандықтар құрылып, шексіз өзгерістер болып жатқанына қарамастан, халық ертеден келе жатқан ата кәсібі – мал шаруашылығымен дәйекті шұғылданған. Оның отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі түрлері болды. Отырықшы мал шаруашылығы оңтүстікте, Сыр бойының күнгей беттерінде дамыды. Маңғыстау, Арал аймақтарын мекендеген ел бүкіл жыл бойы жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүрген. Мал шаруашылығының кең тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан шаруалар ішінара егін егіп, малдың қысқы азығын дайындауды әдетке айналдырды. Көп жерлерде қой мен жылқы өсіру басты орын алса, оңтүстік пен оңтүстік шығыстағы отырықшылық жерлерде табындап мүйізді ірі қара өсірілді. Малдан түсетін өнімдер көшпелілердің киім мен тұрмыс заттарына сұранымын қанағаттандырып отырды. Кейбір жекелеген қолөнер шеберлері аса күрделі бұйымдарды – аттың ер-тоқымының металл әшекейлерін, қару-жарақ : семсер, сүңгі, садақ, оқ, арба және т.б келістіріп жасады.ХIV-ХV ғасырларда өндіргіш күштердің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде ескі қалалардың қалпына келтіріліп, жаңа қалалардың пайда болуына, мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Оңтүстіктегі ірі қалалардың бірі – Тараз, елдің экономикалық мәдени тұрмыс тіршілігіне елеулі ықпал жасады. Онда күмістен теңге құйылып, әшекейлі бұйымдар, өрнектелген ыдыс-аяқтар жасалды. Сырдария мен Арыс алқабында жиырмадан астам қала болған. Сырдың сол жағасында Асанас, Үзкент, Аққорған, Сүткент сияқты қалалар бой көтерді. Ақ Орданың астанасы Сығанақ ірі сауда-егіншілік орталығы және мықты бекінісі бар қамал ретінде көзге түсті. Түркістан, Батыс Моғолстан және Темір ұрпақтары мемлекетінің тоғысқан жеріндегі Сайрам қаласы ірі сауда, қолөнер орталығына айналды.Орталық Қазақстанда Сарысу, Кеңгір, Торғай өзендерінің алқаптары мен Бетпақдаладағы ХIV-ХV ғасырларда өзіндік ерекшеліктері бар Алаша хан, Жошы хан, Болған-ана мазарлары да өздерінің көркемдік стилімен ерекшеленеді. Осы тұста жаңа архитектуралық стильдің қалыптасуы, құрылыста жаңа әшекей өрнектер түрлерінің, қаптама материалдарының пайда болуы көптеген қалаларда көрнекті ғимараттардың бой көтеруіне мүмкіндік берді. Солардың бірі – Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің мазары. Отырар, Тараз, Сауран, Жент және басқа қалаларда салынған медрессе, мешіттер Сығанақ маңындағы Шайбани тегінен шыққан дала хандарының әшекейлі мазарлары өздерінің қайталанбас бітімімен көз тартатын құрылыстар.ХIV-ХV ғасырларда Қазақстанда сауда-саттық кеңінен дамыды. Мұнда Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтайға және Моңғолияға баратын сауда жолы маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен Византия, Қырым арқылы өтіп, одан әрі Танға (Донның төменгі ағысы), Еділ бойындағы Сарайға, Әмудариядағы Үргенішке, Қызылқұм арқылы Отырар мен Сайрамға баратын, сол жерде ежелгі "Жібек жолына" келіп қосылатын сауда жолы да, экономикалық қарым-қатынас пен сауда-саттықтың өркендеуіне зор әсерін тигізді. Моңғолдар үстемдік еткен кезде Дешті Қыпшақ түркі әлеуметінің дамуына Алтын Орданың Еділ жағалауындағы, Хорезмдегі, Қырымдағы мәдени ошақтардың маңызы зор болды. Жошы ұлысының шығыс бөлігінен шыққан белгілі ғалым, әдебиетші Ахмет Хорезми өзінің "Махаббат наме" деген шығармасын жазды. Өзбек хан тұсында, ХIV ғасырдың 30-жылдарында Алтын Орданың түркі тілді әдебиетінің әйгілі ескерткіші – Құтыбтың "Хұсрау мен Шырын" поэтикалық шығармасы жарық көрді. ХIII-ХV ғасырларды ауызекі шығармашылығы күшті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрік тайпаларының өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздің нағыз шебері болған Сыпыра жырау мен Қодан тайпашы (ХIVғ.), Асан қайғы мен Қазтуған (ХV-ХVI ғғ.) жыраулардың шығармашылығы кеңінен танылып, олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтін батырлар жыры халық зердесінде сақталды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ халқының тарихын бейнелейтін "Ер тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Едіге батыр" және басқа жырларды солардың қатарына жатқызуға болады. Сол тұста туған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" лирикалық эпосы да халықтың рухани қазынасындағы шығармалардың бірі. Бұл кезде Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы отырықшы халықтар арасында ислам басты дінге айналды, "Яссауйя", "Нахшбандия" сопылық ағымдарының әсері күшейді. Сонымен бірге, көшпелі халықтар ішінде ескі шамандық пен ата-бабалар рухына табыну қалдықтары да сақталып қалды.

22-Сұрақ Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері. ХIV-ХV ғасырлар аралығында қазақ жеріндегі ру-тайпалар халық болып қалыптасудың барлық кезеңдері мен заңдылықтарын толық бастан кешті. Алайда ол ру-тайпалар Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан сияқты тағы да басқа хандықтардың саяси билігінде бытырап жүрді. Мұндай бытыраңқылық олардың біртұтас халық болып қалыптасуына мүмкіндік бермеді.Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады. Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.

23.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды. Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

24- Сұрақ ХYI ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия,Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]