Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Затты ы - аз.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

2.9. Глоссарий

Меншік құқығы– субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы– мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы– мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз ету.

Билік ету құқығы– мүліктің заң жүзіндегі тағдырые белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Стратегиялық объектілер– Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасның ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүліктер.

Шаруашылық жүргізу құқығы– мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын Азаматтық кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.

Оралымды басқару құқығы– меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады.

Ортақ меншік– екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болуы.

Сервитут– бөтеннің мүлкін шектеулі түрд мақсатты пайдалану.

Реквизициялау – дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін.

Тәркілеу – Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мүмкін.

Виндикациялық талап- меншiк құқығын немесе өзгеде заттық құқықты тану;

Негаторлық талап- мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап ету бұл бұзушылықтар иелiктен айырумен байланысты болмаса да меншiк құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бұзуды жою.

2.10. Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялау әріптік баға

Баллдардың цифрлық баламасы

Оқу пәнін игерудің % - дық мазмұны

Линиялық оқыту жүйесі бойынша баға

А

А –

4,0

3,67

95 – 100

90 – 94

Өте жақсы

В +

В

В –

3,33

3,0

2,67

85 – 89

80 – 84

75 – 79

Жақсы

С +

С

С –

2,33

2,0

1,67

70 – 74

65 – 69

60 – 64

Қанағаттанарлық

D+

D

1,33

1,0

55 – 59

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны былай анықталады:

Р 1 + Р 2

И % = ------------ х 0,6 + Э х 0,4

2

Р 1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р 2 – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны

Студенттің бірінші рейтинг және екінші рейтинг баллдары қосылып, 2-ге бөлінеді де 0,6-ға (яғни, 60 пайыз) көбейтіледі.

Емтихан баллы 0,4 көбейтіледі де, шыққан балл рейтингтер баллына қосылады. Осы кезде студенттің пән бойынша алған семестрлік қорытынды бағасы анықталады.

Пән бойынша дайындалу үшін қажетті сұрақтар тізімі:

  1. Заттық құқықтар ұғымы.

  2. Заттық құқықтар түрлері.

  3. Меншік және меншік құқығы.

  4. Меншік құқығының мазмұны.

  5. Меншік құқығының формалары мен түрлері.

  6. Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері м ен туындау негіздері.

  7. Меншік құқығының субъектілері.

  8. Азаматтардың меншік құқығының объектілері.

  9. Азаматтардың меншік құқықтарының мазмұны және оны жүзеге асыру.

  10. Заңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы.

  11. Заңды тұлғалардың меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны.

  12. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы.

  13. Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы.

  14. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері.

  15. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны.

  16. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері.

  17. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру.

  18. Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері.

  19. Ортақ үлесті меншік құқығы.

  20. Ортақ бірлескен меншік.

  21. Жай серіктестік ұғымы.

  22. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны.

  23. Меншік иесі емес адамдардың заттық құқықтары.

  24. Заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу құқығы.

  25. Табиғи ресурстарға заттық құқықтар ұғымы.

  26. Табиғи ресурстарға меншік құқығы ұғымы.

  27. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы.

  28. Табиғи ресурстарға басқадай заттық құқықтар.

  29. Жерге заттық құқық.

  30. Жер қойнауына заттық құқық.

  31. Тұрғын үйге меншік құқығы және өзге де заттық құқық.

  32. Тұрғын үй кондоминиум қатысушысының заттық құқығы.

  33. Кооператив мүшесінің өз пәтеріне заттық құқығы.

  34. Тұрғын үй-жайды жалдаушының заттық құқығы.

  35. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды иеленудің және олардың тоқтауының негіздері.

  36. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғау ұғымы және тәсілдері.

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып №1 Заттық құқықтар тУралы жалпы ұғымдар, олардың белгілері

  1. Заттық құқықтың түсінігі және белгілері

  2. Заттық құқықтардың негізгі топтары.

1 сұрақ. Заттық құқық ұғымы жиі қолданылғанымен, олар заң саласында жеткілікті деңгейде талданбаған. Заңнаманың өзінде заттық құқықтың жекелеген түрлері нақты талданбаған. Себебі, заң әдебиеттерінде зерттеушілер заттық құқықтың түрлерін ұсынғанымен, ториялық тұрғыда олар әлі дәлелденбеген. Кеңестік дәуірде осы заттық құқық деген ұғым азаматтық құқықтан ығыстырылып шығарылған болатын. Себебі, ол дәуірде заттық құқықты тіптен мойындаған жоқ болатын. Тек қана меншік құқығы абсолюттік құқық ретінде теориялық тұрғыдан дәлелденген.

Ал, қазір заттық құқықтарды азаматтық құқық зерттеушілерінің барлығы мойындайды. Және бұл ұғым заңнамада жаңа институт ретінде көрініс тапты. Мысалы, ҚР АК 2-бөлімі «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» деп аталады. АК-ке меншік иелері болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарына арналған арнайы баптар енгізілген, заттық құқықтардың жекелеген түрлері реттелуде.

Алайда заң әдебиеттерінде заттық құқықтар ұғымы мен олардың белгілері анық шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытқа дейін құқықтар санаттарын бөліп көрсету қажеттігіне күмән келтіреді.

Қазақстандық цивилистердің пікірі бойынша заттық құқық дегеніміз – ол заңмен бекітілген абсолюттік мүліктік құқық, оның объектісі – дара анықталған зат; арнайы заттық-құқықтық қорғау құралдары бар; бұл құқық иелерінің иелену, пайдалану немесе билік жүргізу (барлығы толық түрде немесе әр қайсысы бөлек, толық мөлшерде немесе жартылай) өкілеттігі бар; құқық иесіне затқа тікелей әсер етү мүмкіндігін беретін, ілесе жүретін және артықшылық сипаттамалары бар құқық.

Қазақстандық ғалымдар заттық құқықтардың тоғыз белгісін атайды, ал азаматтық құқық теориясында - кепіл құқығын да, аренда құқығын да заттық құқықтарға жатқызу жөнінде әртүрлі даулы пікірлер айтылады. Заттық құқықтардың қалыптасқан белгілері:

  1. олар заңда көзделгендігі, яғни міндеттемелік құқықтар заңда көзделмеген жағдайда да пайда болса, заттық құқық міндетті түрде заңда көзделген болуы тиіс. Басқаша айтқанда, олардың мүліктік құқықтар санатына жатқызылуы және заң актілерінде көзделуі де жеткілікті. Мысалы, кепіл АК-те «Міндеттемелік құқық» ретінде қаралғаны оны заттық құқық деп тануға кедергі болмайды.

  2. Заттық құқықтар мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше мүліктік құқықтар болып табылады.

  3. абсолюттік сипаты, бұл сипаты заттық құқықтарды зияткерлік меншік құқығымен біріктіреді де, міндеттемелік құқықтан ерекшелендіреді. Заттық құқықтардың иесіне баршаның және әркімнің осы құқықтарды жүзеге асыруға кедергі келтірмеу міндеті қарсы тұрады. Яғни заттық құқықтың абсолюттік сипаты оның қорғау құралы болып танылады.

  4. ілесе жүру құқығы. Заттық құқық заттың соңынан ілесе жүреді. Мүлікке меншік құқығының басқа адамға өтуі мүлікке басқа заттық құқықтардың тоқтатылуына негіз бола алмайды. Бұл ереже РФ Азаматтық кодексінде тікелей бекітілген (216-баптың 3-тармағы). ҚР Азаматтық кодексінде мұндай жалпы норма жоқ. Мұнда жекелеген заттық құқықтарға қатысты нормалар баянды етілген: кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға көшуі кезінде кепілдің сақталуы (АК-ның 323-бабы), жалға берілген мүлікке меншік құқығының, шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы кезінде мүлік жалдау шартының сақталуы (АК-ның 559-бабы);

  5. артықшылық құқығы - заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс.

  6. объектілері ретінде тек жеке дараланған заттар болуы, мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар мүліктік қүқықтар болып табылады. Егер затты дараландыру мүмкін болмаса, онда осыған байланысты заттық құқықтық қатынас емес, тек міндеттемелік құқық пайда болады.

  7. затқа нақты билік етілуі, яғни затқа тікелей, үшінші жақтың ара ағайындығынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі немесе затқа құқығын жүзеге асыру үшін ол басқа тұлғалардың делдалдығына мұқтаж емес дегенді білдіреді.

  8. Әдебиеттерде заттық құқықтың тағы бір белгісі, атап айтқанда, Қазақстан Республикасына тән бір белгісі аталмаған: заттық қүқықтар иесінің иелену, пайдалану, билік ету өкілеттiгi болуға тиіс. Оның үстіне, құқық иесінің заттық құқық түрлеріндегі өкілеттігі әртүрлі болады.

  9. Тағы да басқа белгілер.